Биотехнологиялық процестерді мал шаруашылығында қолдану


Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрлігі
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті
Биология және ОӘ кафедрасы
Химия және биотехнология кафедрасы
«Қорғауға рұқсат беріледі»
Биология кафедрасының меңгерушісі
Ш. Н. Дүрмекбаева
«» 2009ж
«Қорғауға рұқсат беріледі»
Химия және биотехнология кафедрасының меңгерушісі
О. А. Аймаков
«» 2009ж
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Биотехнологиялық процестерді мал шаруашылығында қолдану
Мамандығы 050701-биотехнология
Диплом жұмысын орындаушы:БиоТК-42 тобының
студенті Г. А. Утекина
Ғылыми жетекші: аға оқытушы О. Т. Сокова
Көкшетау 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1. Малдың шығу тегі. Оның ішінде қойдың шығу тегі . . . 5
1. 2. Қой азықтандыру . . . 7
1. 3. Қой шаруашылығы . . . 10
1. 4. Қой мен ешкінің жалпы сипаттамасы . . . 13
1. 5. Қой тұқымдары . . . 14
1. 6. Қой аурулары және оларға қарсы күрес . . . 16
1. 7. Қойды қолдан ұрықтандыру . . . 21
1. 8. Қазақстанда жүн өндіру . . . 24
1. 9. Қой өсіретін зауыттар . . . 29
2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ . . . 34
2. 1 Тері сапасын анықтау тәсілдері . . . 34
2. 2. Терінің лабораториялық анализ тәсілдер . . . 35
2. 2. 1. Тері мықтылығын анықтау . . . 35
2. 2. 2. Қолдану, сыртын қаптау және сақтау . . . 36
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ . . . 37
3. 1Қойдың жалпы сипаттамасы . . . 37
3. 2. Терісапасын анықтау . . . 38
3. 3Күтіп-бағу және қойөсіру технологиясы . . . 40
3. 4. Еркек тоқтылардың етін дайындап күтіп-бағу технологиясы талдау. . 41
3. 4. 1. Тері классировкасының соңғы сатысы . . . 42
3. 5. Өсімдік тектес препараттарды тері илеуге пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдары . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика дамуының басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Республиканың Солтүстік аймағын алып жатқан орасан зор жер көлемінде мал шаруашылығының барлық салалары дамыған.
Қазіргі кезде қой шаруашылығы өнімдерін өндіру тиімділігін талдау қой еті мен Қызылту елтірісін өндіру шаруашылықтар үшін тиімді екенін көрсетіп отыр.
Бұрынғы ірілендірілген бордақылау кешендерінде малды етке қарқынды даярлау технологиясы жойылып, әртүрлі қожалықтар өзінше ізденіс жасап жатқан уақытта, қолда бар еркек тоқтыларды онша көп шығынсыз жайылым жағдайында семіртіп, етке өткізу - осы саламен айналысып жүрген қожалықтар үшін өте қажетті де, экономикалық тиімді жұмыс екені даусыз.
Қазақстанның кең байтақ табиғи жайылымдарында қойларды жайып семірту барынша кең тараған тәсіл. Бұл тәсіл малдарды семіртуге өте арзанға түсуімен қатар, өндірілетін экологиялық таза еттің сапасын арттырып, алынатын өнімнің мол болуына оң әсерін тигізеді.
Кейінгі жылдары елдегі экономикалық өзгерістерге байланысты қой өндірісі күрт төмендеді және қой шаруашылығында кәрі саулықтардан алынатын қой етін өнеркәсіптік жолмен алу тоқтатылды. Оның басты себебі жаңадан құрылған майда шаруашылық түрлерінің мүмкіндігі болмауы, жалпы мал басының азаюы. Қой шаруашылығындағы тағы бір толық зерттеуді қажет ететін бағыт - талынған қой еті мен қой терісін сапалы алғашқы өңдеудің тиімді технологиясын жасау және жетілдіру. Бұрыннан қалыптасқан өңдеу зауыттары тоқтап, елтірілерді алғашқы өңдеу іс жүзінде жекелеген өнім өндірушілердің еншісінде қалғандықтан, қымбат бағаланатын консерванттардың орнына пайдалануға болатын өсімдік тектес түрлерін тауып, олардың өнім сапасына тигізетін әсерін анықтап, өндіріске енгізу осы бағыттағы жұмыстардың маңыздыларғының бірі болып саналады.
Зерттеудің мақсаты - Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық процестерді қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері
- Еркек тоқтылардың етін дайындап күтіп-бағу технологиясын талдау
- Өсімдік тектес препараттарды тері илеуге пайдаланудың тиімділігін анықтау жолдары
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Мал шаруашылығы бойынша қазақ тілінде мәліметтер алғаш рет алынып талданды.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы материалдарлы жоғарғы оқу орындарында «Жануарлар биотехнологиясы» пәнін оқытуда қосымша материал ретінде қолдануға ұсынуға болады.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1. Малдың шығу тегі. Оның ішінде қойдың шығу тегі
Қазіргі қолда өсірілетін малдың барлық түрлерінің арғы тегі-жабайы хайуанаттар. Адам өзінің тіршілік қамы үшін олардың көптеген түрлерін қолға үйретуге ертеден-ақ талпынған, алайда олардың ішіндегі ең тиімдісін, пайдалысын ғана таңдап алды.
Жабайы хайуандарды қолға үйрету-күрделі және ұзақ процесс. Қазіргі уақытта тіршілік ететін сүт қоректілердің 8 мың түрінің алпысы үйретіліп, үй малына айналған. Мал өсіру тарихы адам тарихымен тікелей байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Жабайы хайуанаттарды қолға үйрету адамзаттың отыоықшылық тұрмысқа көше бастаған кезеңімен байланысты, ол біздің дәуірімізден 8-10 мың жыл бұрын басталған. Жабайы хайуандарды қолға үйрету, үй малын өсіру жер шарының бірнеше аймағында қатар жүрген. Ғалымдар ауыл шаруашылық малы алғаш қолға үйретілген алты орталықты анықтады:
1. Қытайлық кіші орталықта (Үндістан, Малай архипелагі) -қолға шошқа, енеке, үйрек, қаз, тауық үйретілген.
2. Үнділік орталықта -қолға енеке, таял, зебу, тауыс үйретілген.
3. Оңтүстік-батыс Азиялық орталықта (Кіші Азия, Кавказ, Иран) -қолға сиыр, жылқы, қой, ешкі, қоян, үйрек үйретілген.
4. Жерорта теңізі жағалауында-қолға сиыр, жылқы, қой, ешкі, қоян, үйрек үйретілген.
5. Андылық орталықта(Солтүстік Анды, Оңтүстік Америка) -қолға альпаки, иісті үйрек, күркетауық үйретілген.
6. Африкалық орталықта(Солтүстік-шығыс Африкада) -қолға түйеқұс, есек, шошқа, ит, мысық және мысыр тауығы үйретілген. /1/
Негізгі үй жануарларының(сиыр, шошқа, қой, ешкі, жылқы) алғашқы шыққан жері-Азия немесе Жерорта теңізі жағалауы. Жабайы хайуандарды үй малына айналдырудың ең ежелгі орталығы-Орталық Азия деуге Аннауда жүргізген қазба жұмыстары көптеген дәлелдемелер берді. Үй маланың жер шарының жаңа аудандарына таралуына халықтардың шығыстан батысқа қарай қоныс аударуы үлкен әсер етті. Елмен бірге мал да ауысып отырды. Қазіргі жүйелеу бойынша, жануарлар дүниесі 9 зоологиялық типке бөлінеді. Үй малы хордалы типтің омыртқалылартармағына жатады. Омыртқалылар жақ сүйексіз шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қос мекенділер бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүт қоректілер сияқты 6 класқа бөлінеді. Бұлардың ішінде негізінен жер бетінде тіршілік ететін екі класс қолға үйретілген. /1/
Қой-үй жануарларының ең көп тараған түрлерінің бірі. Қой малы басқа үй хайуанаттарымен салыстырғанда, қолға ерте үйретілген. Ғалымдардың соңғы цитогенетикалық зерттеулерінің деректері бойынша, үй қойларының арғы тегіне қазіргі уақытта кездесетін муфлон, арқар, артали сияқты жабайы қойлар жатады. Муфлон-жабайы қойлардың ішіндегі ең ұсағы. Мекендейтін жерлері-Жерора теңізінің Сардиния мен Корсика аралдары, күнгей Кавказдың таулы аудандары, Иран мен Түркия жерлері. Муфлонның салмағы-50 кг, биіктігі-65-70 см, құйрығының ұзындығы-10 см шамасында. Түсі- қара бурылтау, қылқыш жүнді, қылшығы ірі, түбіті-қысқа. Арқар-денесі ұзын, мәліш құйрықты, майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегідеп есептеледі. Аргали-құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қойлардың ең ірісі. Тірілей салмағы-180-200 кг, ірілерінікі 240 кг жетеді. /1/
1. 2. Қой азықтандыру
Қой да ірі қара секілді күйіс қайыратын мал қатарына жатады. Сондықтан оны азықтандыру негізгі ережелерге сәйкес келеді. Бірақ бірқатар биологиялық негізгі өнім түріне байланысты қойдың өз ерекшеліктері бар. Басқа малға қарағанда қой жайылым отын анағұрлым жақсы пайдалынады. Күйіс қайыратын мал болғанымен, ол ірі қарамен салыстырғанда клетчаткаға бай ірі азықты нашар жейді. Клетчатканы қорыту қабілеті ірі қарадан төмен; мәселен, гүлдене бастаған кезде шабылған жоңышқаның құрғақ затын 61 процент, ал гүлденгеннен кейін, қатайған кезде шабылған жоңышқаның құрғақ затын 51 процент қорытады.
Қойдан алынатын негізгі өнім-жүн. Оның көлемі мен сапасы азықтандыру деңгейіне байланысты. Мыңдаған жылдар бойы табиғи жайылым отымен азықтандырылып, сыртқы ортаның құбылыстарына бейімделген қой организміқоректік заттарды ең алдымен орталық жүйке жүйесіне, қан айналымына, жыныстық органдарға пайдаланады да, ең соңғы кезекте жүнге жұмсайды. Ал қоректік заттар жеткіліксіз болған жағдайда, жүндегі қоректік заттар организм қажетіне пайдалынады. Сондықтан қойды азықтандыру деңгейі қандай екенің жүн бітімінен дәл білуге болады. Азықтандыру деңгейі нашарлап, қой біраз уақыт ашықса, жүн өсіміне жұмсалатын қоректік заттар күрт азайып, жүн талшықтары жіңішкеріп, сұйылып кетеді. Ал азықтандыру жақсарған күнде де, бұл өз қалпына келмейді. Саулықтарды азықтандыру нормасын белгілегенде, олардың қоңдылығы, салмағы және организмнің физиологиялық күйі ескеріледі. Буаз саулықтарды алғашқы айларда қоңдылығы жақсарып, күйлілігін жоғалтпайтындай дәреже азықтандыру керек. Егер саулық арық болса, рационның мөлшерін 0, 2-0, 3 азық өлшеміне көбейтіп, қондылығы орташа дәрежеге жеткенше азайтпаған дұрыс. Сол сияқты жас, алғаш рет қоздайтын қойдың рациондағы азық өлшемін сақа саулықтармен салыстырғанда 15-20 процент жоғарылатқан жөн. /2/
Саулықтың роганизміндегі зат алмасу процесі буаздықтың соңғы айларында жеделдей түседі, сондықтан бұл кезде оған негізгі рационға қосымша азық беріледі. Буаздығының екінші жартысында тойдыра азықтандырылған саулықтардан денесі ірі, денесі қатпарлы, жүні қалың қозылар алынады және олар есейген кезде жүнді көп береді. Буаздығының бірінші жартысындағы тірілей салмағы 50-55кг саулықтардың қоректік заттарға деген қажеттілігін 2, 5-3, 0 кг сапалы шөп толығымен өтей алады. Бұл шөптің бір бөлігін сүрлем немесе пішендемемен алмастыруға болады/2/.
Тұқымдық қошқарларды азықтандыру . Оларды қарқынды пайдаланған кезде зауыттық кондицияларын (5-кесте) ұстау қажет.
Шағылысу кезеңінде құнарлы азықтандыру үшін тәулігіне 1, 2-2кг бұршақ тұқымдастар немесе астық тұқымдас-бұршақ тұқымдастар пішені, 1, 5-2, 0кг шырынды азықтар (20-25%) -сәбіз, қызылша, сүрлем; 0, 6-0, 8кг (40-45%) . /3/
1-кесте Жүнді және етті-жүнді тұқымның тұқымдық қошқарларын азықтандыру нормалары
Азық өлшемі, кг
Алмасу энергиясы, МДж
Құрғақ зат, кг
Шикі протейн, г
Қорытылатын протейн, г
Ас тұзы, г
Кальций, г
Фосфор, г
Магний, г
Күкірт, г
Темір, мг
Мыс, мг
Мырыш, мг
Кобальт, мг
Марганец, мг
Йод, мг
Каротин, мг
Д витамин, ХӨ
Е витамин, мг
1, 5
17, 0
1, 7
125
145
10
9, 5
6, 0
0, 85
5, 25
65
12
49
0, 6
65
0, 5
17
500
50
1, 8
20, 0
2, 05
252
165
13
11, 5
7, 2
1, 0
6, 15
78
14
60
0, 7
78
0, 6
23
615
60
2, 0
22, 0
2, 0
340
225
15
12, 1
9, 0
1, 0
7, 0
84
15
64
0, 8
84
0, 7
27
780
63
2, 3
25, 0
2, 5
380
255
18
13, 8
10, 5
1, 2
8, 1
95
18
73
0, 9
95
0, 8
42
900
75
2-кесте. Сақа қойларды азықтандыру нормалары
(бір қойға тәулігіне)
Азық өлшемі, кг
Алмасу энергиясы, МДж
Құрғақ зат, кг
Шикі протейн, г
Қорытылатын протейн, г
Ас тұзы, г
Кальций, г
Фосфор, г
Магний, г
Күкірт, г
Д витамин, ХӨ
Е витамин, мг
1, 3
14, 8
1, 6
182
117
15
7, 8
5, 2
0, 6
4, 5
10
585
1, 4
15, 0
2, 0
195
125
16
8, 4
5, 6
0, 7
4, 9
11
630
1, 5
17, 1
2, 4
210
135
17
9, 0
6, 0
0, 8
5, 2
12
675
1, 6
18, 2
2, 8
230
145
18
9, 6
6, 4
0, 9
5, 6
13
720
1, 7
19, 4
3, 1
240
150
20
10, 0
6, 8
1, 0
6, 0
14
760
1. 3. Қой шаруашылығы
Қой тұқымын асылдандыру ұйымдастыру . Асылдандыру жұмысы-малдың өнімін жоғарылатып, тұқымдық сапасын жақсартуға бағытталған зоотехникалық және ұйымдастыру шараларының жиынтығы. Осы бағытта жақсы нәтижеге жетіп, малдың жаңа, аса бағалы ұрпағын көбейту үшін қой өсірудің әр турлі тәсілдері, сұрыптау, жұп таңдау істері т. б. жүргізіледі. Бұл істердің нәтижелі болуы ең алдымен малды жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп-бағуға байланысты. Асыл тұқымды малдарды жетілдіріп, өз төлі есебінен көбейту үшін асыл тұқымды мал зоводтарының, шаруашылықтарының, тауарлы фермалардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Асыл тұқымды мал заводтарында, шаруашылықтар мен фермаларда жыл сайын төменгідей асылдандыру жұмыстары жүргізілуге тиіс:
-12-15 айлық ұрғашы және еркек тоқтылардың ішінде элита және 1-класқа жататындарын бөліп алып, элита саулықтардан және сапасы бойынша ұрпағы пайдалынған саулықтардан алынған малдарды түгел бағалау. Оларды толықтыру үшін қалдырылған барлық қошқарлар мен саулықтарды екі жасында бағалаудан өткізу;
-асыл тұқым тобындағы барлық малдар мен қошқарларды ұрпағы жағынан тексеру үшін пайдаланылған саулықтар тобын, сондай-ақ олардан өрбіген бір жастағы тоқтылардан қырқылған жүн мөлшерін жеке-жеке есепке алып отыру;
-тұқымдық қошқарларды көктемде қырқар алдында және күзде шағылысқа түсерде тексеріп, байқау тұқымдық әрбір қошқарды пайдаланудың нәтижесін анықтап, есептеп отыру;
-асыл тұқымды табынның саулықтарынан, сол сияқты қошқарларды, ұрпағы бойынша тексеру үшін пайдалынған саулықтардан алынған қозыларды енесінен айырар шақта бағалау;
-тұқымдық қошқарларды ұрпағынан сапасы бойынша тексеруді ұйымдастыру;
-алдағы уақытта осы мақсат үшін пайдаланылуы мүмкін деген саулықтар мен қозылардан отар ұйымдастыру;
-ұрықтандыру үшін тұқымдық қошқарларды элита саулықтармен топтап, ал кластарға жататын саулықтарды тобына қарай белгілеу;
-еркек тоқтыларды өз отарын толықтыру және сату үшін, сондай-ақ ұрпағының сапасы арқылы тексеру үшін сұрыптап алып өсіру;
-бекітілген формалар бойынша тұқымдық малдың есебін жүргізу; /4/
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстанда қой тұқымын жақсартудың шешуші түйіні-асыл тұқымды қойларды мейлінше пайдалану арқылы саулықтарды қолдан ұрықтандыруды одан әрі өрістете түсу. Қойды қолдан ұрықтандыру орындарын төлдің сапасына қарай сыналған, жоғары класты қошқарлармен қамтамасыз етіп отыру керек. Қошқарларға шыққан тегі, түрі және өнімділігі жөнінен қойылатын талаптың неғұрлым жоғары болғаны жөн. /4/
Өндірістік шаруашылықтар мен тауарлы фермаларда мал тұқымын асылдандырудағы мақсат-өнім өлшеміне келетін шығынды мейлінше аз жұмсай отырып, сапасы жоғары жүнді, етті, елтіріні, теріні және басқа өнімдерді барынша мол алу. Бұл шаруашылықтарда таза тұқымды мал өсірумен бірге будандастыру әдісі де қолданылады. Таза тұқымды мал өсіру үшін өзінің қошқарлары, сондай-ақ асыл тұқымды заводтар мен шаруашылықтардың жоғары өнімді қошқарлары да пайдалынады.
Шағылыстыруға пайдалынатын қошқарлар сол отардағы саулықтардан едәуір сапалы ұпақ ала алатындай дәрежеде, сондай-ақ жергілікті жағдайға бейімделген болуы тиіс. Малды асылдандыру үшін тауарлы шаруашылықтарда жыл сайын төмендегіде жұмыстар жүргізіледі:
-еркек қойлар 2-3 апталық жасында піштіріледі;
-енесінен айырар шақта барлық ұршағы қозылар жете тексеріліп, жақсылары өз тобын толықтыру үшін қалдырылады;
-барлық ұршағы тоқтыларды бір жсында кластық бағалаудан өткізеді;
-қойды қолдан ұрықтандыру кеңінен қолданылады;
-тұқымды қошқарларды көктем мен күзде жете қарап, өлшейді, асыл тұқымды басқс шаруашылықтардан жоғары өнімді қошқарлар сатып алуды ұйымдастырады; /5/
1. 4. Қой мен ешкінің жалпы сипаттамасы
Қой мен ешкілер иттен кейінгі үй хайуанаттарына айналған, шамамен 5-6 жыл біздің заманымызға дейін. Қойларды үй хайуанаттардың қатарына кіргізуген жерін нақты анықтауға болмайды, бірақ Еуропада, Солтүстік Африка және Алдыңғы Азия жерлері болуы мүмкін.
Үй қойларын жабайы қойлардың екі топтан:муфлон және аргали шықты деп санайды.
Қойлар-тез дамитын жануар, олардың жыныстық ер жетуі 5-6 ай жасында дами бастайды. Қойлардың ұрығы нәсілдерінің көпшілігі 120-150% құрайды, ал романовский нәсілдері-250-300 %. Жоғары тездамуы және қарапайымдылық тез арада салынған ақшаны қайтадан алуға мүмкіндік береді. Орташакүндік тірі массаның өсуі 250-300 г жетеді (кейбір кезде 600 грамға дейін жетеді) және 4 айдан кейін есейген малдың тірі массаның 50 %, ал 1 жыл жасында 80-90% құрайды. Қойдан алынатын негізгі өнімдері-бұл жүн, ет, сүт және тері. /6/
Қой еті-бағалы өнімдердің бірі, әсіресе 6-8 айлық қозылардың еті. Ақуыздың құрамы бойынша, керекті аминқышқылдар, дәрумендер және минералды заттар бойынша олар сиыр етінен кем емес, ал каллорий бойынша жоғары да болады (сиыр еті-1838 ккал, қой еті-2256 ккал) . Қой майында сиыр мен шошқаға қарағанда холестерині кішкене азырақ.
Қойларда еттен басқа көп май алынады. Майлықұйрықты және курдючты қойлар жақсы тамақтанған кезде құйырығында 15-16 кг және одан да көп май бөле алады. Қойдың майы жоғарғы қоректілік және көпке дейін сақталуымен ерекшелінеді. Қой сүті 18-20 % құрғақ зат және 7-10 % май құрайды, сондықтан ол қоректі және жақсы шикізат болып кетеді. Бірақ қой сүті әсіресе қозыларды өсіру үшін қолданылады. Сүттің жақсы болуына қарай қозылардың бірінші айларында жақсы дамиды. Сондықтан көптеген қой шаруашылығында сүт тағамдарына жақсы назар аударады. /6/
Қойлар әртүрлі жайылымдарда бағыла алады-жайылымда, жайлауда, таулы, сонымен қатар жартылай шөлді және шөлді жерлерде.
Ет-терілі және ет-сальді қой шаруашылығында өндірісті үлкейту үшін жоғары сапалы ет 1 жасқа дейінгі жаста қолданылады. Бір маткадан екі қозының тууы бір маткадан бір қозының тууына қарағанда 35-50% шығымы азаяды. Қойлар қимылдағыш және төзімді болвп келеді. Шошқа мен құстарға қарағанда өсімдіктермен қөректенгенде концентрлі тағамды қолдануда адаммен конкуренцияға түспейді. Алайда қойларды өнім алу үшін 5-6 жыл қолданылады, бірақ қойлардың өмір сүруі 15 жылдан асады. /6/
1. 5. Қой тұқымдары
Қойдың сыртқы жүнінің қасиетіне қарай биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қылқыш жүнділер, жартылай қылқыш жүнділер.
Негізгі тұқымдары
Линкольн, орыс ұзын жүнді, ромни марш, куйбышевті,
солтүстік кавказдыетті-жүнді
Биязы жүнді. Осы тұқымды қойлардың жүнінің беті бірдей жіңішке талшықтардан тұрады. Оның жуандығы шамамен 14-тен 25 мкм-ға дейін, штапельдің ұзындығы 6-10см. Осы қойларға мынадай қасиеттері тән: жүннің қоюлығы, талшықтардың біркелкілігі және және тағы да басқа техналогиялық қасиеттері тән. Биязды жүнді қойларда басқа қойларға қарағанда құрамында майтері бар, ол талшықтардың бағалы қасиеттерін сақтап қалады. /7/
Биязы жүнді қой шаруашылығында етті және майлы қатынастарына қарай үш бағытта ерекшелінеді: жүнді, жүнді-етті және етті- жүнді . 1. Жүнді бағытты. Жүнді бағытты қойларға грозненский, сальді және азербайджан таулы меринос жатады. Осы қойлардан жоғары бағалы мериносты жүнді қойы алуға болады. Олар жақсы жетілген тері және сүйектен тұрады. Жүнді бағытты қойлар терінің мойында, құрсағында және аяғында бірнеше қабатты болуымен ерекшелінеді. Осы тұқымның жүнінің орташа қырқуы құрайды:қойлардан-15-18кг, құрсақтан-6-8кг. Қойлардың орташа тірі массасы 80-95кг, құрсақтан-45-48кг . 2. Жүнді-етті бағыт . Осы типке келесі қойлар жатады:асканды, кавказды, алтайлы, забайкалды, қырғыз биязы жүнді, красноярлы, оңтүстік және солтүстік қазақ мериносы. Осы бағыттың түрлері жүнділерге қарағанда тамақты жақсы қабыл етеді. Биязы жүнді жүнді-етті қойлардың салмағы 90-100кг, құрсағы-56-65кг, жүні-6-7кг, жүннің сапасы 60-64%, қойлардың жүнінің ұзындығы 9-10см.
Жартылай биязы жүнді . Осы қойлар типі жоғары жүнді және етті тағамдармен сәйкес келеді. Олардың жүндері біркелкі, бірақ қылқыш және биязды жүнділерге қарағанда қоюлау болып келеді. Жартылай биязы жүнділердің жүнінің ұзындығы шамамен алғанда 16-20см және одан да көп; жүннің қалыңдығы 58-36, осы типті қойлардың еті жақсы дәмі мен дәмді қасиеттерімен ерекшелінеді. /7/
Жартылай қылқыш жүнділер . Осы типті қойлар орташа бойлы, жақсы дамыған сүйек, ұзын түзу бел және терең кеуде, түскен құйрық. Қойлардың салмағы 80-85кг, матка 55-60кг. қойлардың жүнін қырқу 3, 5-4кг, маткалардан 2, 5-3кг. Ересек қойларды 2 рет қырқады-көктемде және күзде. Жүні ақ жылтырлау келген. Кейбір малдарда түрлі түсті болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz