Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы. Тың жерлерді игеру және оның нәтижесі мен зардаптары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . 3

І тарау . Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы.

  1. Көкшетау облысының құрылуы, тарихи және әлеуметтік алғышарттары . . .
  2. Соғыстан кейінгі облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуы, жаңа өндіріс салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығындағы жағдай . . . ……. .
  3. Соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси жағдай, мәдениеттің дамуы . . .

ІІ тарау . Тың жерлерді игеру және оның нәтижесі мен зардаптары

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі Көкшетау облысының дамуы…. … . . . …… . .
  2. Тың жерлерді игерудің жетістігі мен экологиялық және демографиялық зардаптары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . ……. . …… . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, әлемдік деңгейдегі саяси-экономикалық қатынастарға белсенді араласуы, қоғамдағы өзгерістер процессінің жүруі, халқымыздың сана-сезімі жаңа деңгейге көтеріліп, тарихқа, соның ішінде Отан тарихына деген қызығушылығы күннен-күнге арттырды. Ұлттық сана-сезімнің дамуы, қазіргі уақыттағы тарих ғылымының дамуына байланысты. Соның нәтижесінде бұрыннан жазылып келген тарих беттері қайтадан қарастырылып, бүгінгі заман талабына сай ақиқатты зерттеуге бастау салынды. Кез-келген өркениетті мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардың санасына енгізуге жағдай жасайды, өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, баға жетпес асыл қазынасы. Қоғамның прогрессивті дамуы үшін тарихи тәжірибені сыни көзқарас тұрғысынан қарастыру керек. Болашақта әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, саяси нәтижелерге жету үшін, тарихи тәжірибені қазіргі уақытта терең әрі жанжақты сараптау керек. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу кезеңінде оның жаңа талапқа сай тарихы болуы шарт, алайда халқымыздың өткен тарихы Ресейдің империялық тарихнамасының ықпалымен, кейін коммунистік идеологияның қағидаларына сәйкес бұрмаланып, мүлдем теріс бағаланып келді. Қазір еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін отандық тарихшылар еліміздің өткен тарихын ұлттық көзқарас тұрғысынан зерделеп, ақтаңдақтар орнын толтыруда. Өткенді, қазіргі уақытты, болашақты синтездеу қоғамның тарихи танымын оятады. Халқымыздың нақыл, қанатты сөздерінің бірі «кешегісіз бүгінгі жоқ, бүгінгісіз ертеңгі жоқ» дегендей әрбір саналы азамат, ең алдымен өзінің туған елі мен жерінің төл тарихын жақсы білуі қажет.

Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстан жан-жақты дамыған мемлекет ретінде, жарқын болашаққа деген үлкен сеніммен, өзінің төл тарихын қастерлеп те ардақтап, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде басты құрал ретінде сақтап қалуы керек. Себебі тарихи білімсіз толық, жан-жақты жетілген саналы азамат болмайды, тек осы білім негізінде қарапайым адам бойында азаматтық қасиеттер тәрбиеленіп қалыптасады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан белсенді дамуы оның азаматтарының кәсіби, адамгершілік және шығармашылық даму белсенділігінің артуымен тығыз байланысты. Қоғамдық прогресстің негізгі күші - адам, оның шығармашылық қабілеті, білімі, ойлау жүйесі.

Қазіргі таңда ақиқатты, әрі заман талабына сай зерттеуді талап ететін кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі - аймақтар мен тарихи кезеңдер тарихын зерттеу болып табылады. Осы орайда тәуелсіз Қазақстанның белгілі тарихшысы М. Қ. Қозыбаев: « Қазақ халқының өзіндік тарихын ресми идеологияның доктринасы формациялық негізге салып, схемалық түрге ие болды, маңызды фактілер мен оқиғалар, атақты тарихи тұлғалар аты жазылмады. Халықтың трагедиясы айтылмады. » деп жазады.

(Самобытная история казахского народа подгонялась под общие закономерности формационного характера, схематизировались, из нее выпадали важные события и факты, выдающиеся исторические личности, деятельность которых не укладывалась в доктринальные установки официальной идеологии. Замалчивались трагические страницы истории народа. ) [1, 4б. ] .

Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы, оның ішінде аймақтарды зерттеу тарихнамасы тек қызыл империя ұсынған ресми шеңберде жазылды. Отандық тарихшылар көптеген мәселелерді идеология бөлімі ұсынып, бақылаған тұжырымдамада жазды. Сондықтан да ХХ ғасырдағы Отан тарихын тәуелсіздік кезеңіндегі жаңаша тұжырымдама объективті зерттеу тарих ғылымының міндеті. Әлеуметтік-экономикалық, мәдени тәжірибені сараптау арқылы қазіргі және болашақ дамуындағы міндеттерді жобалай аламыз. Осындай маңызды сұрақтардың қатарында Қазақстанның жекелеген аймақтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму тарихы жатады. Соғыс жылдарында құрылған Көкшетау облысының даму ерекшелігін қарастыру өзекті болып табылады. 1944-1964 жж. аралығындағы Көкшетау облысының даму ерекшелігі, кейін 60-70-80 жж. Облыстың қарыштап дамуына негіз болды. Сонымен қатар, тақырыптың өлкетанушылық яғни «локальді тарихи» танымды арттыруы маңызды. 40-50 жж. мемлекеттік органдардың жұмысты ұйымдастыруы, олардың функциялары, жұмылдыру мүмкіндіктері т. б. қазіргі уақыттағы тәжірибеде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы:

Еліміздің алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарынан көрінуі, экономикалық еркін аймақты құруға ұмтылысы, білім беру жүйесінің Болонья декларациясына сәйкес әлемдік білім кеңістігіне кіруі біздің алдымызға үлкен міндеттерді жүктейді. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттік тұрғыда ғана емес. Әлемдік деңгейде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау тұрғысынан қарастырылады. Ал осы патриотизмді өсіп келе жатқан ұрпаққа сіңірудің ең тиімді жолы, туған өлке тарихын оқыту, білу. Өзінің туған өлкесінен бастау алған отаншылдық, махаббат, туған еліне деген махаббатты қалыптастырады. Осы орайда дана халқымның «Отан отбасынан басталады» деген мақалы еске түседі. Қазақстан тарихында тәуелсіздік алғаннан кейін өлкетануға көңіл бөліне бастады. 1944-1997 жж. аралығында Қазақстан территориясында үлкен аумақты алып жатқан Көкшетау облысы өмір сүрді [2] . Сұрапыл соғыс жылдарында пайда болған Көкшетау облысы соғыстан кейінгі дамуында, әсіресе тың игеру жылдарында Қазақстан тарихында алар орны ерекше. Өйткені, Көкшетау облысының тарихы Қазақстан тарихының бір бөлігі еді [3, 5б. ] . Кеңестік кезеңдегі туған өлке тарихын зерттеу қашан да өзекті. Облыс тек экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік салада, мәдени салада үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан мемлекеттің тарихы мен аймақтың тарихын, оның ерекшелігін, тұлғаларын білу де маңызды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі, тарихнамасы. Ұлы Отан соғысынан кейінгі Көкшетау облысының тарихы жайлы тарихи әдебиеттер, арнайы зерттеулер кездеспейді, ал егер де қандай бір мәліметтер болған уақытта онша көп ғылыми мәлімет айтылмайды. 1997 ж облыс Қазақстан республиуасы Президентінің жарлығымен таратылды да, территориясы Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының құрамына енді [указы ] .

Кеңестік тарихшылар көбінесе үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, шиелініскен таптық күресті, саяси қақтығыстарды сипаттап жазды. Кеңестік уақытта аймақтардың тарихын ғылыми зертттеудің аса маңызды болған жоқ. Өлке тарихын В. А. Терещук «Маршрутами Кокшетау» атты еңбегінде тың игеру кезіңдегі Көкшетау облысының жетістіктерін журналист әдебиетші ретінде жазды [4, 4б. ] .

Кеңестік кезеңдегі Көкшетау облысы жайлы А. П. Егоровтың «Природа и человек Кокшетауской области» атты монографиясында көптеген мәліметтер келтіріледі. Көкшетау облысының физико-географиялық сипаттамасы (облыс климаты туралы мәліметтер), табиғи жағдайлар, жалпы көрсетілген. Монографияда өзендер, көлдер, орман мен орман байлығы туралы айтылып, қазіргі заманғы экологиялық ахуалдың өршіп тұрғанын жазады. Өзендердің тайыздануы, көлдердің түбінің былғануы, әсіресе курортты аймақтағы көлдердің жағдайы алаңдатыны байқалады. Монографияның 1994 жылы басылып шыққанын ескерсек, қазіргі экологиялық жағдайдың да мәз емес екені байқалады. Тұрғын халқы бөлімінде ол жергілікті автохтонды халықтың келімсектермен (переселенцы) кейін тың игерушілер мен тату-тәтті өмір сүргенін жазады. 1994 жылы Қазақстан тарихындағы қазақтар мен басқа келімсек халықтармен қарым-қатынасы мәселесі әлі де кеңестік идеология шырмауынан шықпағанын көреміз. Ауылшаруашылығы бөлімінде ол әсіресе тың игеру жылдарындағы астық өсіруді, 1992-93 жылдардағы астық өндірумен салыстырады. Сонымен қатар мал шаруашылығның дамуын жалпылай айта келіп, әр түліктің 1941, 1946, 1965 жылдардағы өсу-кему процесін жазады. Ол соғыстан кейін мал шаруашылығының қиын жағдайда болды деп жазады. Облыс тұрғындарының өсу динамикасын А. П. Егоров бұл өсім тек келімсек тың игерушілер ғана емес, сонымен қатар облыс тұрғындарының табиғи өсуінің нәтижесі дейді. Ол «1961 жылы елімізде мың - 24 бала туса, ал Көкшетау облысында - 41 бала туды» дейді. Бірақта тың игерушілердің легі 1954 жылы келгенін, және олардың көбі комсомол жастары екенін айтады. Осы комсомол жастардың негізгі легі славян ұлттарының өкілдері екенін ашық айтпайды. Міне осы кезеңде облыста қазақ халқының үлес салмағы кеми түседі. Нәтижесінде 1970 жылғы санақ кезінде облыстағы ұлт құрамы: орыстар - 237062, қазақтар - 133701, немістер - 75485, украиндар - 64712, поляктар - 27062, белорустар - 23979, татарлар - 10555 және басқа ұлт өкілдері. Қазақтар 1959 жылы - 26, 3% болса, 1970 жылы - 22, 7% болды [5, 13, 15, 18, 53б. ] . Сонымен қатар Егоров ауылшаруашылығы бөлімінде облыстың ауылшаруашылығындағы жетістіктері жайлы, алдыңғы қатарлы кеңшарларды, олардың жетекшілері жайлы жазады. Осы жетістіктерге жеткен тыңгерлер, малшылар, егіншілер, Еңбек ерлерінің елеулі жетістіктерін жазады. Облыстың өндірісінің 40 жылдардағы ауыр жағдайын, кейін осы өндіріс салаларының даму процессін қарастырады. Көлік саласының дамуының облыс экономикасына өзгеріс әкелгенін, оның ішінде теміржолдың көптеп салынуын, автомобиль тас жолдарының көптеп салынуын, осының барлығы Көкшетау облысында 50-60 жылдары үлкен өзгерістер Көкшетаулықтардың тек болашаққа ұмтылғанын көрсетеді.

Тың игеру кезеңін қамтитын тарихнамада, сол кезеңдегі публицистика, үгіт, ғылыми көпшілік, документальды және ғылыми-зерттеу әдебиеттерінде, сол заманның бейнесі көрініс табады.

Облыстың ғана емес, жалпы тың игеру кезеңіндегі Солтүстік аймақтардың экономикалық жағынан Д. А. Қонаевтың өзінің «О моем времени» атты кітабында айтылады. Бірақ автордың зерттеуші тарихшы емес, мемлекет қайраткері ретінде мемуар жазып жатқанын ескерсек, облыстағы теріс жағдайларды жазбағанын көреміз. Бірақта автордың сол кездегі КСРО басшылығының тың облыстарына үлкен қаржы құйғанын, әрдайым көңіл бөліп отырғанын ескерсек, Көкшетау облысының экономикасының дамуына олардың (Н. С. Хрущев, А. Микоян т. б. ) да еңбек сіңіргенін көреміз [5, 164б. ] . Осы жылдар аралығында жергілікті баспасөз беттерінде көптеген мәліметтер, арнайы статистикалық маңызы бар мақалалар шықты.

Берілген тақырыптың ғылымилық деңгейін сипаттай келе, 1946-1965 жж. Көкшетау облысының тек экономикалық жағынан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, мәдени жағынан даму процесі туралы қолда бар ғылыми әдебиеттерге талдау жасау арқылы мәселенің әлі толықтай зерттелмегені туралы байлам жасауға болады.

Деректемелік базасы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі Көкшетау облысының даму барысының ерекшелігін жаңа концептуалдық көзқарас тұрғысынан зерттеу. Соғыстан кейінгі кезеңдегі тарихын зерттеп, жан-жақты сипаттау. Облысымыздың тарихын мүмкіндігінше шындыққа жақын тұрғыдан зерттеу.

- Облыс дамуындағыфакторларды айқындау,

- Басқа зерттеушілердің қандай мәселеге көңіл бөлгенін анықтау,

- Облыстың экономикалық дамуында пайда болған қиыншылықтарды анықтау, және оны шешу жолдарын қарастыру.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дисертацияның кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, тарихнамасы, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, жұмыстың ғылыми жаңалығы мен құрылымы беріледі. Негізгі бөлімінде облыстың 1946-1965 жж. қалыптасып дамуы айқын көрініп дамытылған. Қорытындыда аталған тақырып бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері тұжырымдалып, әрбір тарауға қорытындылар шығарылады.

І тарау Көкшетау облысының Ұлы Отан соғысынан кейінгі дамуы.

  1. Көкшетау облысының құрылуы, тарихи және әлеуметтік алғышарттары

Көкшетау облысының құрылу тарихы Ресей империясының Қазақстанды өз отарына айналдыра бастаған кезеңінен бастау алады. Патша үкіметі Орта жүз территориясын бөлшектеп, әкімшілік өзгерістер енгізу жолында 1822 ж «Сібір қырғыздары туралы жарғысын» қабылдайды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында, 1824 жылдан бастап, сыртқы округтер ашу көзделеді [абуев, 14б] . Жарғы бойынша округте - 15-20 болыс, ал болыстар - 10-12 ауылдан, ал ауылдар - 50-70 шаңырақтан тұрды. Округті сайлау жолымен билікке келген, аға сұлтан басқарды, әкімшілік басқару аппараты - округ приказы болды.

1824 жылы Көкшетау округі ашылып, Ғұбайдолла Уәлиханов округтің аға сұлтаны болып сайланады. Көкшетау округінің орталығы кейін, Ғұбайдолла Уәлиханов басқарған қазақтардың өтінішімен, басқа аймаққа ауыстырылады. 1824 жылы Бұқпа тауының етегінде Көкшетау қаласының негізі қаланып, кейін 1827 жылы қазіргі Көкшетау қаласы орналасқан жерге көшіріледі [абуев, 24б] . Округ құрамындағы 15 болыста - 13810 шаңырақ, 41450 адам (кей деркетерде 56918 адам) тұрды [абуев, 27б] .

1867-1868 жылдары Ресей империясы Қазақстан территориясын басқаруда жаңа өзгерістер енгізеді. Қазақстанның негізгі территориясы үш генерал-губернторлыққа бөлінеді. Солтүстіктік аймақтар Батыс Сібір генерал-губернатолығының территориясына енгізіледі. Батыс Сібір генерал-губернаторлығы құрамында Семей және Ақмола облыстары кіреді. Ақмола облысы құрамында Көкшетау уезі кіреді, Көкшетау қаласы оның орталығы болады. Көкшетау уезі құрамында 9 болыс кіреді [абуев, 39б] .

1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін, Кеңес үкіметі орнады. Азамат соғысы жылдарында Орынбор қаласында Қазақ революциялық комитеті құрылады. Қазревкомның басты міндеттерінің бірі қазақ жерлерін біріктіру және қазақ кеңестік автономиясын құруға дайындық жұмыстарын жүргізу болды. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылып, қазақ жерлері кеңестік мемлекеттілік құрамында біріктіріле бастады. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) Кеңес Автономиялы Социалистік Республикасы құрылғанда, Сібір ревкомының құрамында болған жерлер кейін Қазақ АКСР-іне қосылды. Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуы алаш қайраткерлерінің табандылығының арқасында жүзеге асты. А. Байтұрсынов пен М. Сералин Қазақстанның солтүстік облыстарының, соның ішінде Қостанай облысының ежелден қазақ жерлері екендігін және оны Қазақстан құрамына қосу қажеттілігін дәлелдеген хаты негізінде бұл мәселе 1920 жылы 20 ақпанда Лениннің қатысуымен РКП(б) Орталық Комитетінде қаралды, оны шешу Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің әкімшілік комиссиясына берілді. Дегенмен Сібір ревкомы Ертіс бойындағы және қоныс аударылғандар тұратын территорияларды беруге қарсы болды [6, 228] .

Көкшетау уезі территориялық бірлестік ретінде Ақмола облысының құрамында болды. Кейін 1928 жылы Автономиялы Республикадағы әкімшілік-территориялық өзгерістерге байланысты Көкшетау уезі таратылып, Көкшетау ауданы құрылады, ал оның территориясы Қарағанды округінің территориясына кірді, кейіннен Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді [абуев, 60б] . КОКП ОК 1932 жылы қаңтарда Қазақстанда облыстар құру қажет екенін түсіндірді [мейірбеков, 73б] .

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Соғысты бастаған фашистік Германия Кеңес Одағын, біздің сол кездегі Отанымызды жоюды мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елін, мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу керек еді. Сондықтан да осы соғысты жеңіспен аяқтау үшін бүкіл ел, бүкіл халық жұмылдырылды. Соғыс туралы хабар Қазақстанның барлық жеріне, маусымның 22-сі күні жетті. Қалалар мен ауылдардың бәрінде жиналыстар мен митингілер өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысның құрамдас бөлігі болған Көкшетау ауданында да митингілер мен жиналыстар өткізілді. 22 маусымда Көкшетау қаласында болған митингіде 5 мың еңбекшілер қатысып, аудандық комитеттің І хатшысы К. Т. Кантарбаев: Еңбекшілер өз орнында табылып, еңбек тәртібін нығайту, Қызыл Армияға көмектесуге шақырды. Жиналысқа қатысқандар неміс фашистерінің елімізге опасыздықпен шабуыл жасағанын айыптады. Отанымызға астық, ет қанша керек болса, сонша береміз деген үндеу қабылдады [архив, 84б] .

Бүкіл ел біртұтас әскери лагерьге айналды, шаруашылықтың барлық саласы майдан қажеттігі үшін қайта құрылды. Жергілікті партия органдары өз жұмысын соғыс қажеттілігіне қарай құра бастады. Тұрғын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Көптеген өнеркәсіп орындары соғысқа қажетті өнімдер шығаруға кірісті. Әскери комиссариаттрға еріктілерден өтініштер түсе бастады. 16 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар арасында әскери іске үйрету, резерв дайындау, кейін әскерге жіберу жұмыстары жүргізіле бастады. Осоавиахим, Қызыл Ай мен Қызыл Крест, денешынықтыру, спорт ұйымдары ішінде оқыту жүргізілді. Майданға қажетті пулеметші, снайпер, автоматшы, сапер танк жоюшы т. б. мамандықтар дайындалды. Ұлттық құрамалар құрыла бастады. Партия мен комсомол комитеттері ұлттық құрамалар үшін арнайы мобилизация жүргізді. Әскери құрамалардың резервтерін дайындау, оларды майданға жіберу соғыс жылдары үздіксіз жүргізілді. Соғыс жылдарында әскер резервін дайындау бірінші мәселе қатарына жатқызылды. Соғыс жылдарында Красноармейск ауданында екі авиация полкі - ауыр бомбалаушылар полкі мен жоюшы авиация полкі жасақталды [абуев, 59б] . Партия, комсомол, кәсіподақтар мүшелерінің көбі әскерге кетті. Қызыл Армия қатарында олар саяси жетекшілер, комиссарлар қызметін атқарды. Майдан даласында фашистерге қарсы, деректер бойынша 60 мың көкшетаулық шайқасты [абуев, 58б] .

Қысқа мерзім ішінде көп адамды, көптеген зауыт, фабрикалардың жабдығын, азық-түлік қорларын, малды және мәдени құндылықтарды шығысқа, соның ішінде Көкшетау қаласына көшірді. 1941 жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласына Подольск тігін машиналар зауытының құрал-жабдықтары мен жұмысшыларының эшелоны келді. Бір айдан кейін Орджоникидзе қаласынан - кооперативтік аяқ киім мен тігін фабрикалары эвакуацияланды. 1942 жылы Подольск зауытының жұмысшылары майданға алғашқы өнімдерін: жарықшақ және фугас миналар, гранаталар, әскери құрамалар үшін тігін машиналарын жіберді [абуев, 59б] . Зауыттарды көшіріп, жаңа жерлерге орналастыру қиын шаруа еді. Орналасқан зауыттар енді майдан қажеттігі үшін қару-жарақ шығара бастады. Зауыт пен фабрикаларды көшірген жұмысшылар 13-14 сағат жұмыс істеді, олар асығыс салынған үйлерде, жертөлелерде тұрды [армянин, 41б] . Қыстың жақындап қалғанын, ал эвакуацияланған халықта өзіне қажетті заттардың, киімдердің жоқ екенін ескерген Эвакуация Кеңесі майдан шебіндегі халықтың біраз бөлігін ауа райы жылы өлкелерге - Орта Азия мен Қазақстанға орналастыруға тырысты. Соғыста жеңіске жетуде тылдағы күрделі жағдай қалыптасты, жұмысшылардың басым бөлігі майданға кетті. Олардың орнына келген әйелдер мен жас өспірімдердің өндірістік тәжірибесі жоқ болатын, бірақ жеткілікті түрде бастауыш білімі болды. Олар қысқа уақытта білікті мамандарға айнала бастады. Зауыттар мен фабрикаларға көптеген зейнеткерлер қайтып оралды. Кеңес халқының соғысты жеңіспен аяқтауда эвакуация факторы да шешуші роль атқарды. Милиондаған адамның өмірі сақталып, тылдығы өндірістік күшті жұмылдыруда жұмыс күшімен толықтырды. Шетелдік зерттеушілер Шығысқа көшірілген зауыт-фабрикалардың тез іске қосылғанына таң қалды. Эвакуацияланған зауыттардың көбі Солтүстік Қазақстан территориясына көшірілді. Себебі, облыс индустриалды аймақ саналатын Челябинск, Магнитогорскіге жақын, арзан жұмыс күші ретінде арнайы көшіріп әкелінгендер (спецпереселенцы), сотталғандар және жергілікті тұрғындар пайдаланылды. 1941 жылы алғашқы партияны Москва, Қырым АССР, Ростов, Харковь, Запорож, Рязань, Чернигов, Краснодар, Смоленск, Ленинград, Орлов, Винница, Сталинград, Одесса, Ивановск, Николаев облыстарынын тұрғындары құрады. Республика милионнан артық адамдарды қабылдаса, 120 мыңы Солтүстік Қазақстан территориясына қоныстандырылды. Көкшетау қаласында соғыс жылдары №239, 621 зауыттары, балалар үйі, Грозный қаласынан драмалық театр орналасты. Макинка темір жол бекетінде Мичуринск қаласынан 1942 ж тамыз айында келген «Автотрактордеталь» (кей деректерде Мурманск қаласының «Автотранспортдеталь») зауыты орналасты. Қазан айында зауыт алғашқы өнімін берді. Соғыс жылдарында зауыт ұжымы танктерге, трактор паркіне қажетті 50 млн поршень шығарды [пришимя, 46б] . Щучье қаласында сода мен шыны шығаратын зауыттар жұмыс істеді. Зауыттарда эвакуанттармен қатар сотталғандар да жұмыс істеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар)
Қазақстан терең дағдарыс жолында (1965-1991 жж.)
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Тың және тыңайған жерлерді игеру
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда
Қазақстанда тың жерлерді игеру шаралары
Қазақстанның тарихы жайында сқрақтар
Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz