КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН СИПАТТАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі : ол - Елбасымыздың сөздерімен айтқанда отандастарымыздың төрттен үш бөлігі сапасыз ауыз суды пайдалануда. Су ластануының көрсеткіші біздің мемлекетімізде әлі күнге дейін үлкен проблема. Қалалық «Көкшетау Су Арнасының» басшыларының айтуы бойынша бүгінгі пайдаланып жүрген суды тазалау құрылғыларына және құбырларымызға 30 жылдан астам уақыт болған екен, яғни олардың пайдалану мерзімі істен шыққан.
Облыстық Санитарлы эпидемологиялық станциясының мәліметтеріне жүгіне отырып облысымыздың орталығында ауыз судың сапасы күрт төмендеп кеткенін байқауға болады. 2010 жылдың мәліметтері бойынша, микробиологиялық тексерулер нәтижелер көрсеткіші жалпы алынған 440 үлгілердің 63-і талаптарға сәйкес келмеуін көрсетті. Осы орайда қалада гепатит А, энтерит деген жұқпалы аурулардың жоғары деңгейі байқалады. Ол аурулар көбінесе су арқылы таралады. Энтерит жұқпалы аурумен (100, 000 тұрғындарға 400-500 ауыратындар саны келеді) және Гепатит А жұқпалы аурумен (100, 000 тұрғындарға 200 ауратындар саны келеді) бұл көрсеткіштер Қазақстандағы орташа сәйкестерге сәйкес келеді (350-400 және 250-300, сәйкесінше) бірақта, бұл көрсеткіштер халықаралық көрсеткіштерге сай келмейді.
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі - су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Планетамыздағы организмдердің тіршіліктері үшін, оның ішінде адамның өмірі және денсаулығы үшін, судың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес. Сол себептен адам қоғамында судың орны ерекше, сондықтан планетамыздағы су, халықтың негізгі байлығы деп түсінуіміз керек.
Жер бетінің 77, 5% су алып жатыр. Сөз жоқ, біз үшін тұщы судың маңызы үлкен. Олардың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулар қоры гидросфера ресурсының 1 % да жетпейді. Қазақстан Республикасы да тұщы су қоры тапшы елдер қатарына жатады. Еліміздің су қорлары өзендерден, көлдерден, бөгендерден, жер асты сулардан, мұздардан, мемлекеттік шекараға кіретін теңіздерден және теңіз жағалауындағы территориялық сулардан құралады. Көп жылдық мәліметтерге қарағанда өзендердің жылдық ағын мөлшері 64, 8 км 3 шамасында. 1 км 2 -ге бөлгенде секунтіне 0, 8 литрден келеді. Бұл Орта Азия елдеріндегі ең төмен көрсеткіш. Су қорлары мемлекет меншігіндегі бүкіл халықтың байлығы болып табылады. Қазақстан Республикасының су кодкесі 1993 жылы наурыз айының 31 жұлдызында қабылданды. Кодексте қойылған негізгі міндет - су қорларын ластанудан, таусылудан қорғау, зиянды әсерлерді болдырмау, суды пайдалануда заңдылықты күшейту, халықтың экономика салдарының қажетін өтеу үшін суды ұтымды пайдалану.
Жұмыстын мақсаты: Ауыз судың сапасының нашар болуының себебі неде? Біріншіден, Ақмола су қорларының экологиялық жағдайын зерттеу қажет және екіншіден, тазарту станциясының тиімділігін бағалау қажет.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
-Республикадағы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайымен танысу.
-Ақмола аумағығы су қорларының сипаттамасымен, экологиялық жағдайымен танысу.
-Су тазарту станциясының суды тазалаудағы мүмкін әдістерімен танысу.
-Қазіргі кездегі Көкшетау қаласының суды тазалау станциясының жұмыс жасау тиімділігін бағалау және ауыз су сапасымен танысу.
-Ауыз су сапасын жақсарту мақсатында ұсыныстар жасау.
Ғылыми жаңалығы: Ғаламдық тұрақты- дамуға лайықты үлес қосу және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын тұрақтандырудың ұйымдық -экономикалық негізін қалау.
Практикалық маңызы: Халықтың 68% ғана суды орталықтандырылған жүйеден алады. Ал 7% халық ауыз суды тасып ішеді, не ашық су көзінен пайдаланады. Жер асты және жер үсті ауыз суларын мониторингтік бақылау, байқау қалыс қалған. Су құбырлары ескіріп, тозып кеткен. Жалпы ауыз су жүйелерінде санитарлық жағдай қалыпты емес. Осыдан барып эпидемиялық ауру көп тарайды. Атбасар, Қорғалжын, Целиноград. Шортанды аудандарда, Көкшетау, Степногорск қалаларында вирустық гепатит көп болды. Жылдың өткен 9 айындағы инфекциялық ауру өткен жылғыдан көбейіп кеткен.
Облыста 7 ірі өзен, 140 көл бар. Басты су көзі Есіл өзені болып табылады. Соңғы жылдары бұл өзеннің ластануы біршама азайды. Ал көлдердің тайыздалып, ластануы тоқталмай отыр. Өзендер мен көлдердің ластануына кір ағынды сулардың үздіксіз құйылуының, жағалауларына орналасқан нысандардың көң-қоқыс тастауының да әсері мол.
Қопа мен Қотыркөл көлдерінің тағдыры да алаңдатпай қоймайды. Екеуінде де қорыс - батпақтың қалыңдығы 1, 5-2 м жетіп қалған. Қопаның жағдайы жыл сайын нашарлап барады. Қопаның тазарту жобасына обылыстық бюджеттен қаржы бөлінуі қажетті-ақ.
Ағынды суларда тазарту мәселесі Көкшетау қаласында да толықтай шешілген жоқ. Канализациялық жүйенің жалпы ұзындығы 214, 6 км. Канализациялық тазарту қондырғыларының қуаты тәулігіне 32 мың текше метр су тазартуға жетеді. Алайда тазартылған су мен тазартылмаған ағынды сулардың араласып кететін жағдайлары да болады. Сөйтіп әліде ағынды суларды тазарту мәселелері күні осы уақытқа дейін тиімді шешімін таппай отыр.
Жұмыстын жобасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден,
6 тараудан, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бетте жазылған, кестеден, суреттерден тұрады.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ СУДЫҢ ҚОРЫ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ЖАҒДАЙЫАуыз сумен қамтамасыз ету жағдайы мен мәселелері
Әлемде 1, 4 млрд адамның ауыз суға қолы жетпей отыр. 2, 4 млрд адам керекті санитарлы талаптарға сай келмейтін суды қолдануда. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету Қазақстан үшін де ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан қалаларының сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі дамуы 1960-70 жылдары болды. Қазір рентабельділіктің аз болуы, сумен қамтамасыз етудің жоғары шындылығы банктердің қазіргі ставкалары шарттарында сумен қамтамасыз ету қоршаған ортаның өздігінен дамуы мүмкін емес. Су Арналарының негізгі құралдары өте ұзақ пайдаланғандықтан және уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізбегендіктен көп қалалар мен елді-мекендерде қатты тозған. Сонымен еліміздің сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайы шектен тыс шыққан болып отыр. Республиканың тек 13 облыстық орталықтарында жалпы қалалық тазалау станциялары бар. Атырауда тазалау құрылғылары қаланың оң жақ бөлігіне ғана қызмет етеді. Ал Қызылорда және Тараз қалаларында тазалау станциялары мүлдем жоқ.
Қазіргі су тазалау станциялары қайта құруды, жаңашылдықты, технологиялық процестің қосуын, жаңа химиялық реагенттердің қолдануын талап етеді. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылға дейін жоспарланған, 115, 1 млрд теңгеге бағаланған «Ауыз су» бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама бойынша ауылды жерлерді сумен қамтыландырулар жүріп жатса, жергілікті бюджеттен ақша қаражаттар аз бөлінеді немесе мүлдем бөлінбейді. Су арналарының қазіргі шығыны құрылымына су жүйелерінің қайта - құруы және дамуы кіргізілмейді. Капиталды жөндеу жұмыстарына жалпы табыстың 7-10% ғана бөлінеді. Бұл қалалық су жүйелерін қалпына келтіруге мүлдем жеткіліксіз. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда отандастарымыздың төртен үш бөлігі сапасыз ауыз суды пайдалануда, оның салдарынан адамдардың денсаулықтары нашарлауда аймақтың дамуы кідіруде. Қазіргі уақытта тұщы соның ішінде ауыз суы жетіспеушілігі Қазақстан өлкесінде (аймақтарында) ең бір маңызды проблемаға айналды. Дәл қазіргі уақытта көрсеткіштерге жүгінсек 100 км 3 , басқа көрсеткіштерде 85 км 3 , 15 жыл бұрын бұл цифрлер 105 км 3 құраған болатын. Еліміздің сулы-өзенді бассейнінің төмендегені айқын.
2002 жылдан бастап Қазақстанда «Ауыз су» атты сапалы бағдарлама аймақтардың сумен қамтамасыз етуін анық жақсартуда. Бағдарламаға жүгінсек, 2010 жылға Қазақстанның 7660 елді-мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жетісу, Талдықорған өңірінде су проблемасы жоқ деп ойлаған болса ол қателеседі. Көптеген өзен көлдерге қарамастан, ауданда таза ауыз суы жеткіліксіз. Бір орталыққа бағындырылған сумен жабдықтандырылған 418 елді мекен бар. Бірақ көптеген су құбырлары 30 жыл бұрын құрылған, оларды техникалық қайта жабдықтандыру және қайта құру қажет. Ал 376 ауылдарда жақсы деген суды колонкалардан құдықтардан кейде ашық көлдер мен өзендерден алып пайдаланады. 12 ауылда адамдар басқа жерден әкелінген суды пайдалануда. Жалпы 2001-2005 жылдары «Ауыз су» бағдарламасы бойынша 2140, 2 млн тенге көлемінде инвестиция жасалынды. Бұл уақытта
94 елді-мекен сумен қамтамасыз ету жақсарды, бірақ бұл шараларда жеткіліксіз болып шықты. «Ауыз су» бағдарламасы бойынша бөлінген ақша проблемалардың тек жартысын шешуде, ал шешілмеген проблемалар көлемі азаймайды. Сонымен мысалға алдында атап өткен 418 елді-мекендегі су құбырларының көпшілігі 25-30 жыл бұрын құрылған, сондықтанда техникалық жөндеуді қайта құрылуды қажет етеді. Мамандардың айтуы бойынша Алматы облысын түгелдей сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттен қаржыландыруды 1, 5 млрд. тенгеге жеткізу керек. Қазір де 600-650 млн. тенге ғана бөлінуде.
Астананы қамтамасыз ететін негізгі артерия Есіл өзені және Вечеслав су қоймасы болып отыр. Астана бойынша су құбырлар магистралі сумен қамтамасыз етудің ең маңызды проблемасы болып саналады. Олардың тозуы шегіне жетті, тек үш жыл бұрын қолданған шаралар бұл мәселені тұрақтыландырды. Жыл сайын ондаған километрлі ескі су құбырлары жаңаларына ауыстырылды. Сонымен қатар жаңа қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған фильтрленген станция құрылады. Бұл мақсаттарға арнайы жапондық басшылықтан 215 млн доллар көлемінде қаржы бөлінген.
Алматы бүгінгі күнде «Ауыз су» аймақтық бағдарламасы көлемінде Алматыда 2500 км су қамтамасыз ету жүйесі қайта құрылды, бұл 5 қалалық микроаудандарды сумен қамтамасыз етуін жақсартты. Соңғы жылдары оңтүстік астана шекарасы маңызды түрде үлкейді. Қазір Алматы 31900 га құрайды.
Петропавловск «Ауыз су» бағдарламасын іске асырудағы жауапты орталықтардың әрдайым табысты есеп берулеріне қарамастан Солтүстік Қазақстан облысының жалпы жағдайы күрделі. Облыс әкімі Таир Мансуров 2006 жылдың 9 қарашасында Мамалютка және Тайынша аудандарын тексеріп, бұл жерлерде сапалы ауыз суы мен қамтамасыз ету мәселесі өте күрделі және тез арада қажетті шешім қабылдауды қажет ететінін атап өтті. Қазіргі уақытта елді-мекенінде ауыз су бағасы 1м 3 125 тенге. Сондай-ақ басқа жерден әкелінген ауыз суды әркім сатып ала алмайды. Бұл жағдай кей ауыл тұрғындарын сапасы төмен көлдер мен батпақтардың суын пайдалануға мәжбүр. Солтүстік Қазақстан облысында 131, 261 км магистралдық топтық су құбырларын салып және 14, 473 км су құбырлар жүйесін, сондай-ақ 7 скважиналық су бекетін енгізуді қарастырады. Бұл мақсатқа , 6 млн. тенге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен - 1958 млн. тенге, облыстық бюджеттен - 264, 6 млн. тенге. Су құбырларының суының сапасына да көптеген талаптар қойылуда. Петропавловск қаласынан 10 км жерде орналасқан Қызылжар ауданының Якорь ауылы тұрғындарының айтуы бойынша кейде краннан ауыз сумен бірге жаңбыр құрттары жүзіп шығады. Сонымен бұл ауыл тұрғындары су үшін ақыны петропавловск тұрғындарынан да көп төлейді.
Өскемен «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыруда 4991 млн. тенге маңайында қаржы сондай-ақ облыстық бюджеттен - 2520 млн. тенге республикалық бюджеттен - 2104, 98 млн. тенге, шаруашылық субъектілерден - 366, 95 млн. тенге бөлінді. Бағдарламаны жүзеге асыру облыста түгелдей жасалуда. 19 қалалармен аудандарда жағдайлар әртүрлі болып отыр. Сондықтан ауыз су және қаржы мәселесінің проблемалар әртүрлі шешілуде. Өскемен және Семейде күрделі жағдай бақылануда. Канализация дюкерлері әр уақыттада жарылады, бұл жағдайда Ертістен ағып Ресейге жететін су тасқыны біздің көршілес мемлекеттерді қуанта қоймас.
Қарағанды облысында жөндеуді қажет ететін 311 объектілерден, су құбырларының 60 толық жөнделіп, ал 57 елді-мекен су тұрақты түрде беріледі. Жалпы Қарағанды облысында «Ауыз су» аймақтық бағдарламасына қарасты құрылысқа қайта құруға және су құбырларының жүйесін күрделі жөндеуге кеткен қаржы 1366, 7 млн. тенге құрады. Қарағанды облысы негізінен ауыз суды жер асты су көздерінен яғни, Токрау жер асты орны, Жартас су бөгеті және тағы басқалары. Биыл ЖШС «Қарағанды Су» жаңа арнайы техниканы сатып алуға көптеген қаржы жұмсады. Сондай-ақ кәсіпорын Сортировка және Пришахтинскта су құбырларын ауыстырып, күнделікті апаттарды шешуге ат салысуда. Егер ортша авария саны жылына 3000 құраса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 2000 төмендетілді. СЭС қызметкерлерінің айтулары бойынша биылғы жылдары су сапасының кейбір көрсеткіштері жақсарған.
Қызылорда: Арал өлкесінің байырғы тұрғындары судың жаңа дәміне құмарлары қанар емес. Бұл жерлерде өмірлік ылғал әрдайым тапшылық еді. «Аралды сумен қамтамасыз ету» жобасына жалпы - 16, 41млн. доллар құрайды.
Шығынның көп бөлігін араб экономикалық дамуында Кувейт қоры өз мойнына алды. Мемлекет бюджетінен - 2, 17 млн доллар жұмсалды. Көршілес Қазалы ауданында экологиялық апат эпицентріне тұрғындары енді ғана таза ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Қызылорда тұрғындарында крандарынан аққан судың сапасын мақтаныш ете алмайды. Республикалық бюджеттен биыл 2, 6 млн тенге бағытталған.
1. 2 Мемлекет бойынша ауыз су қорларының экологиялық жағдайы
Ауыз судың радиактивті элементтердің қалдықтарымен ластануы - адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселенің бірі болып есептелінеді . Кейінгі жылдары ауыз сулардың радиоактивті элементтердің, қалдықтарымен ластануы адамзат баласына айтарлықтай қауіп төңдіруде. Ауыз сулардың әр түрлі радиактивті элементтердің қалдықтары - стронций - до, цези- полоний - уран және тағы басқа улы қосылыстар жыл өткен сайын көбейе түсуде.
Сондай - ақ суда неше түрлі нитраттар, фосфатидтер, гербицидтер, дефолианттар, десиканттар және басқадай неше түрлі улы қосылыстардың мөлшерден тыс көбейгені соншалық кейбір, өзен мен көл суларын ауыз су ретінде пайдалануға болмайтыны анықталып отыр . Олардың зиянды әректтері жаңадан дүниеге келген сәбилердің 20 - 30 % кемтар болып туатыны анықталды .
Радиоактивті элементтердің қалдықтары термоядролық сынақ процестерін өткізген жерлерде өте көп мөлшерде болатынын ғалымдар толығымен анықтап шықты. Әсіресе бұл проблема халық өте көп және жиі орналасқан аймақтарда үлкен қалалардың маңайында жинақталған елді мекендерде тым үлкен орын алып отыр.
Радиоактивті элементтер өзен сулары мен көл, теңіз, мұхит сулардың мөлшерден тыс ластайтыны кейінгі кезде толығымен анықтайды, тұщы сулардың ластануы - қоғам алдында тұрған өзекті мәселе .
Планета халқының үштен бірі қазірдің өзіне - ақ су тапшылығына ұшырап отыр. Су таза товарға айналып отыр. Германия суды Шведциядан сатып алады. Гонког ауыз суды Қытайда түтік құбыры арқылы алады. Тасымал сумен тұтас бір мемлекет - Алжир тіршілік етіп отыр . Судың ластану дәрежесі ел өнеркәсібінің даму деңгейіне тікелей байланысты . Америка Құрама Штаттарында мәселен жер бетіндегі судың ластануы 1900, жылмен салыстырғанда 1960 жылға қарай 6 есеге жуық өскен, 60 жылдың ішінде тұрмыстық ағын сулармен - 10 еседей артқан.
Тіршілік иелері - қаншама әлсіз болса биосфераның жалпылай әрекеттестігі де соншама әлсіз экологиялық жүйе екені байқалады, су техникалық прогрестің жедел дамуы тез сезіледі.
Суға түскен органикалы заттардың ыдрауы ең алдымен аэробты (ауамен) тыныс алатын микроорганизмдердің қатысуымен іске асады . Ол үшін суда еріген көп мөлшерде оттек қажет.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сонымен бірге ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробты Микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосылыстары пайда болып су борси бастайды . Оттектің азаюымен тіршілік ететін организмдердің, балықтардың қырылып қалуына әрекет жасайды . Су өсімдіктері де жойылып кетеді. Ең ақырында судың ластануының зардабын адамзат баласының бүкіл тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін және тіршілік иелері үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндіру артық, сондықтан да қазіргі уақытта барлық елдерде суды тазрту бірінші кезекте қолға алынған.
Қазақстан бойынша 2008 жылы зерттеген су көздерінің ішінде таза дегеніне тек 10 өзен, 4 көл, және 2 су қоймасы жатады. Орташа ластанған су көздеріне - 25 өзен, 6 су қоймасы және 3 көл енеді. Ластанған деген класты су көздеріне 2 көл лас және өте лас - 3 көл, ал төтенше ластанғандарға - Ертіс бассейн 3 көлі кіреді. Республикамыздың негізгі су артерилері транс шекаралы тасқындармен ластанады. Ертіс, Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендері шектес (іргелес) территорияда орналасуы нәтижесінде, біздің республикамызға ластанған күйінде келеді. Құрамы бойынша жоғары негізгі ластаушы заттарға нитриттер, мыс қосылыстары және мұнай өнімдері, цинк фенолдар жатады. [1, 11]
Ақмола облысы су қорлары. Ақмола облысымыздағы су көздерінің соңғы жылдардағы жағдайының жайсыз халде екендігі баршаға мәлім.
Облыс аумағында Есіл, Калутон, Жабай, Сілеті, Нұра, Шағалы, Қылшақты сияқты жеті ірі өзен ағады. Ал ірі көлдер саны 140, өзгесі шағын-шағын көлшіктер. Ең ірі көл Теңіз. Оның су айдынының көлемі 1590 шаршы км. Одан кейінгі аумақтысы Қорғалжын көлі. Көптеген көлдеріміздің тереңдігі орташа есеппен 1-1, 5 метр ғана жетеді. Соңғы жылдары өзен суларының оның ішінде Есіл суының ластануы азайғандай. Алайда кейбір тұстарында ластану деңгейі нормадағыдан жоғары.
Екінші ірі өзен Нұра суының нитратпен, сульфатпен, темірмен, мыспен, фенолмен, мұнай өнімдерімен және сынаппен ластануы жоғарырақ.
Бурабайдағы Үлкен Шабақты, Шортан және Зеренді көлдерінің ластану деңгейлері бір-бірімен шамалас, ластану индексі 3-класты. Ал Кіші Шабақты мен Көкшетау түбіндегі Қопа көлдерінің табандарында қорыс та көп, негізінен бұлар лас көлдер қатарына жатады. Екеуінің ластану индексі 5 класты. Қотыркөл көлінің жағдайы бұдан да нашар, ең лас бұл көлдің ластану индексі 6-класты. Тұзды Майбалық көлінің ластану да нормадан көп жоғары, 6-класты ластану индексіне жатады. [2]
Шағалы өзеніндегі Шағалы су қоймасы 1969 жылы Көкшетау қаласынан батысқа қарай орналастырылып құрылған. Оның мақсаты жергілікті су ресурстарын максималды қолдану. Су қойманың көлемі - 28 млн. м 3 , су бетінің ауданы - 660 га. Көктемде су көтерілген кезде өзеннің артық суы бөгеттің су ағызулары арқылы төгіледі. Соңғы 10 жылда жыл сайын 21 млн. м 3 су төгіліп отырған. Гидротехникалық құрылыс МКМ «Көкшетау су арнасына» тиесілі.
Қазіргі уақытта Шағалы су қоймасы Көкшетау қаласының орталықтанған сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады. МКМ «Көкшетау су арнасы» мәліметтері бойынша су қоймадан су алу 01. 01. 2003 жылға 21. 7м/тәу. немесе суды қолданудың жалпы көлемінің 80. 4% құрады.
Шағалы су қоймасы сумен қамтамасыз етудің екінші класына - жоғарғы қабатты көздеріне жатады. Сонымен қатар, керекті сапалы суды алу үшін тұндыру, фильтрлеу, каогуляциялау және залалсыздандыру процестерін жүргізу керек. 2008-2010 жылдар кезеңінде су анализі бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмейтін судың үлес салмағы
2, 8 %-дан 3, 12 %-ға дейін құрады, органолептикалық қасиеттеріне қарай 8, 3 %-дан 18, 2 %-ға дейін. Әсіресе көктемгі су тасу мен жаз және күз маусымдары кезінде судың сапасы күрт бұзылады. Қанағаттандырылмайтын су анализдерінің үлес салмағы 15-19 %,
органикалық - 40-45 %.
Өзен және су бекеттерінің үстіңгі сулармен қоса, пунктерді сумен қамтамасыз етуге кейбір ұсақ төбешікті территория бөлігінде орналасқан көлдердің де қосымша сулары қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz