Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ бірінші ширегіндегі Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялылары.
1. 1 Х1Х ғасырдың соңы мен ХХ ғ бірінші ширегіндегі өлкедегі қоғамдық - саяси жағдай . . . 9
1. 2 Өлкедегі ұлт зиялыларының қалыптасу ерекшеліктері . . . 15
II Көкшелік ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресінің тарихынан.
2. 1 Көкшелік тарихи тұлғалар - Науан Хазірет және Шәймерден Қосшығұлов . . . 29
2. 2 Мәмбетәлі Сердалин, Айдархан Тұрлыбаевтың қоғамдық-саяси қызметі . . . 46
2. 3 Өлкедегі ұлттық- демократиялық интелигенция мәдениет саласындағы қызметі . . . 56
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Кіріспе
Ұлт зиялылары олардың Отан тарихындағы орны мен ролі туралы сөз қозғағанда бүгінгі таңда ол азаматтардың жалпыұлттық Алаштық ұлт- азаттық күреспен байланысын айналып өтуге болмайды. 2007 жылы Алаш қозғалысының 90 жылдығын ғылыми қауым мен жұртшылық кеңінен атап өтуге ұмтылыстар жасалғаны белгілі осыған орай ғылыми конференциялар мен жаңа басылымдардың тұсау кесер рәсімдері жасалынды. Ғасырлар тоғысындағы ұлт- азаттық қозғалысы сол кезеңдегі қазақ қоғамының сан қырлы әлеуметтік, мәдени, саяси проблемаларын қамтып жатты, бүгінгі күнде сол зиялы қауым күн тәртібіне қойған діл тәрбиесі, білім, ұлттық шаруашылық экономика мәселелері өзінің өткірлігін жоя қойған жоқ, керсінше тәуелсіздік кезеңде ол мәселелер жаңаша мән мен мазмұнға, мақсат - мұратқа ие болуда.
Тақырып өзектілігі: Қазақ қоғамының дамуының тәуелсіздік кезеңінде, рух пен діл, тіл халықтың әл-ауқат негізі шаруашылық-экономикалық мәселелерін тарихи таным тұрғысынан жаңаша ой-пікір мен көзқарастарды қалыптастыруда тарих ғылымының бүгінгі ролі жоғары. Отандык тарихнамада тарихшылар осы мәселелерді соңғы бес-алты жылда жүйелі түрде қойып келеді. Өткен ұрпақтың осы жолдағы күресінің интелектуальдық теориялық табыстарын қайта бағамдамайынша бүгігі ұлттық идеологиямыздың негізін қалыптастыру мүмкін еместігіне қоғам танушы ғалымдар үнемі назар аударып отыр.
Зерттеушілерге XIX ғасырдың екінші жартысымен XX ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен катар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да, экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. Сондай-ақ Ресейде парламеттік жүйенің өмірге келуі, қазақ даласы өкілдерінің 1 және 11 Думаға депутат боп сайлануы ұлт зиялыларының саяси сана мен тәжиірбесінің жетілуіне ықпал жасады. ) Қазақстанның солтүстік- шығыс өңірі Ресейде жүріп жатқан қызу саяси үрдістің ықпалында дамып, жергілікті ұлт өкілдері мемлекеттік - саяси процестерге тартылғанын Шаймерден Қосшығұлұлының екі мәрте мемлекеттік Думаға мүшелікке сайлануы, 1906 бүкілресейлік мұсылмандар фракциясына қатысып оның бағдарламасын жасауға қатысуы үлкен саяси маңызы бар оқиға еді, Айдархан Тұрлыбаев сынды алаш қайраткерінің Алаш Орда үкіметінің -Ұлт Кеңесінің мүшесі болғанының өзі-ақ көрсетеді. Сондай-ақ көкше өңірінен шыққан ұлт мүддесі үшін күрескен қайраткердің бірі ол Мәмбетәлі Шөбекұлының шаруашылықты оның ішінде егіншілікті қазақ жерінде дамыту жөніндегі идеялары өзінің өзектілігін әлі күнге жойған емес. Немесе Науан Хазіреттің діни- рухани тұтастығымыз үшін күресі соңғы кезде елімізге жауыннан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кеткен түрлі секталардың шабуылына қарсы күресушілер үшін үлгі болаларлықтай. Оның үстіне сол кезде де дін мен діл ұлттық білім беру жүйесіндегі мәселелермен тығыз байланыста болғанын байқаймыз.
Кеңес өкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу қүқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында қажырлықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасаған болса тәуелсіздіктің алғашқы жылдары алаштың ардақтыларының ұлт-азаттығы жолындағы күрестегі тарихи орнын қалпына келтіруге ұмтылғанымен ұлт зиялылары күресін бүтіндей бағамдауға ғылыми әділ қөзқарастың жеткіліксіздігі айқын байқалды. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллиғенциясын қалыптастырудағы үлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХғ. екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жаңа легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері, зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйытқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары «халық жаулары» деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да, жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған «ақтаңдақ» беттерін саралау бүгінгі күн гарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі.
Интеллигенция тақырыбы әрбір дәуір тынысы, оқиғалардың ықпал-әсерімен қоғамтанушылар еңбектерінде әр қырынан карастырылып келді. Интеллигенцияның пайда болуы, қалыптасу тарихына, қызмет ету механизміне, қоғамдағы рөліне арнап шетелдік тарихшылар да, кеңестік ғалымдар мен бүгінгі зерттеушілер де бірқатар еңбектер жариялады. Кеңестік тарих ғылымында интеллигенцияның қогам дамуындағы рөлін бағалауда ғалымдар белгілі бір әдістемелік қүрсау шеңберінен шыға алмады. Қазақстандық тарихнамада 20-30 жылдары кеңестік болмыс өктемдігі салқынын тигізген бірқатар ғылыми еңбектер жазылып, оларда күні бүгінге дейін кесімді шешімін таппаған проблемалар, атап айтқанда қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасу жағдайлары қарастырылды. Халқымыздың біртуар үлы Т. Рысқүлов қазақ интеллигенциясының тарихи тағдырына зор коңіл бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуының хронологиялық ауқымын XIX ғасырдың аяғына жатқызды. Ол қазақ интеллигенциясы окілдерінің қызметін саяси, әлеуметтік, үлттық бағдарды негізге ала отырып саралаудың дәйектілігін атап өтті. Қазақстандағы тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі С. Ж. Асфендияровта өлкеде интеллигенцияның қалыптаса бастауын XIX ғасырға жатқызады.
Алайда, қатаң таптық методологияға негізделген кеңестік тарихнамада революцияға дейін қазақ интеллигенциясы болғанын
теріске шығаратын түжырымдама берік орнықты. Ұлттык интеллигенцияның пайда болуы мен қалыптасуын қарастыратын арнайы еңбектің атының өзі осыны дәлелдейді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 60-жылдардың орта шеніне карай отандық ғалымдардың еңбектерінде Қазақстандағы социалистік құрылыстың түрлі кезеңдерінде интеллигенцияның қалыптасуын, даму мәселелерін, олардың қызметі мен атқарған рөлін неғұрлым кең ауқымда талдаушылық сипат алды. Ұлттық интеллигенция тақырыбын зерттеудің 70-жылдардан бастап едәуір жандана түскені байқалады.
Проблемалардың жекелеген қырларын зерттеуге арналған, қазақ интеллигенциясы өкілдерінің өмірбаяндық деректеріне, олардың саяси және дүниетанымдық көзқарастарына тереңірек бойлаған еңбектер шықты (Қ. Бисембиев, С. Бейсенбаев, Қ. Жаманбаев т. б. ) . Солардың ішінен Р. Б. Сүлейменовтың орыс тілінде жарық көрген «Мәдени революцияның лениндік идеялары және олардың Қазақстанда жүзеге асырылуы» деген іргелі еңбегін атап өткен жөн, оның екінші тарауы Қазақстанның революцияға дейінгі мәдени мүраларына арналған.
Қазақ интеллигенциясы қалыптасуының күрделі проблемаларын жаңаша зерделеудің егеменді еліміздің тарихнамасындағы айтулы кезеңі 80- жылдардың соңынан басталады. Осы жылдары жарияланған басылымдарда «интеллигенция» үғымы мен оның тарихы бір қырынан, коғамды жаңғыртудағы интеллектуальдық еңбектің рөлі екінші қырынан екі басқа айқындама түрғысынан қаралып, интеллигенция мен өкіметтің, интеллигенция мен халықтың өзара қарым-қатынасы туралы мәселелер көтерілді.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның қоғамдық өміріне арналған В. З. Ғалиевтің еңбектерінде қазақ арасынан шыққан алғашқы оқыған, көзі ашық, білімді азаматтар-зерттеушілер, мен публицистер, аудармашылар мен жол нүсқаушылар хақында күнды мәліметтер кеңінен қамтылған. Х. М. Әбжанов пен Л. Я. Гуревич өз зерттеулерінде қазақ интеллигенциясының, оның мәні мен атқарған қызметінің бірқатар проблемаларын қарастырды, интеллигенцияның қалыптаса бастаған кезеңі туралы жаңсақ айтылған пікірлерді сынға алды. Соңғы жылдары интеллигенция тарихының қадау-қадау проблемаларын жаңа тарихи таным мен методология түрғысынан саралауда қыруар істер тындырылды. Академик М. Қ. Қозыбаев өз еңбектерінде интеллигенция тарихындағы «ақтаңдақты» беттердің сырын ашып, оның жазықсыз жазаға үшыраган қайраткерлерінің мүрасын зерттеудің бағыт-бағдарламасын айқындап берді. Белгілі ғалым К. Н. Нүрпейісовтың дәйекті зерттеулері қазақ интеллигенциясына таңылган қатал, әділетсіз бағаның ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіруге арналган. Егеменді еліміздің жаңа тарихи танымын қалыптастыруда тындырымды ізденістерімен танымал М. Қойгелдиевтің докторлық диссертациясында және соның негізінде жарияланған монографиясында қазақ демократиялық интеллигенцияның XX ғасырдың алғашқы 20 жылындағы қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты терең қамтылған. Д. Аманжолованың «Казахский автономизм и Россия» жуырда шыққан «Алашорда на изломе ХХ века» атты монографиялар аталған тақырыпты жаңа пайымдаулар тұрғысынан қараумен ерекшеленеді әсіресе деректемелік базаның ауқымдылығымен көзге түседі. Ж. Б. Әбілхожиннің еңбектерінде үлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің қазақтың әлеуметтік-экономикалық өмірін зерттеуге қосқан үлесі тиісті бағасын алған. Көкшелік айтулы ұлт тұлғаларын зерттеуде көп еңбек сіңіріп, бұрындары көпшілікке беймәлім боп келген алаш азаматтарының қызметін, саяси-қоғамдық келбетін танытудағы профессор Қ Әбуовтың еңбектерінің орны ерекше, ғалымның: Сұлтанғазы Уәлиханов, Мәмбеталы Шөбекұлы, Науан Хазірет, Шәймерден Қосшығұлов, Айдархан Тұрлыбаев турасында жазған мақалалары мен кітаптары қазіргі алаштануға қосылған өзіндік үлес болып табылады.
Сондай -ақ күнделікті баспасөз соның ішінде Өмірзақ Озғанбайдың «Егемен Қазақстан »газетінде «Ресей Думасындағы қазақтар» атты көлемді мақала жарияланып онда көкшелік алаш азаматтары Айдархан Тұрлыбаев, Шаймерден Қосщығұлов турасында біраз материалдар көпшілікке танымал болды.
Зерттеуші ғалымдар мен публицистердің шығармашылық ізденістері баспа жүзінде жарық көрді.
Зерттеу жүмысының негізгі проблемалары. Солтүстік өңірдің тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Айтса айтқандай, осыған дейінгімізді ой елегінен өткізгенде халқымыздың тарихында елеулі із қалдырған, туған елі, жері үшін бар ғүмырын сарп еткен талай арыстарымызды әлі де тани алмай, бүгінгі үрпаққа насихаттай алмай жатқанымыз шындық. Солардың ішінде XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген Көкшелік жерлестеріміз, ғүлама ғалымдар, табанды қоғам қайраткерлері, алаштың азаттығы үшін самүрық бейнелі байрағы бар айбарлы жүйемен ымырасыз күресе білген Наурызбай Таласұлы, халқы оны сүйіспеншілікпен Науан Хазірет деп атаған, Мәмбетәлі Сердалин, Айдархан Тұрлыбаевтың өмірі мен қызметі онан әрі зерттеуді талап етеді.
Науан Хазірет Таласұлының есімі зиялы қауымға кеңінен мәшһүр. Оның Көкше өңірінде сіңірген ағартушылық қызметі ерен. Ұзақ уақыт Науан Хазірет есімі тарихта өзінің әділ бағасын алмай келді. Осы ақтаңдақтардың орынын толтыру мақсатында кейінгі кездерде бірқатар игі шаралар атқарылуда.
Мәмбетәлі Сердалин (Шөбеков) - Қазақстаннан шыққан алғашқы білікті де білімді экономистердің бірі. Сонымен бірге ол әдебиет пен тарих саласында да жан-жақты ізденістер жүрғізіп, ірілі-үсақты ғылыми еңбектер жазған озық ойлы, оқымысты адам.
Айдархан Тұрлыбаев - алаш қозғалысының ірі қайраткері Ұлт кеңесінің мүшесі Ақмола облысындағы алаш қозғалысының көшбасшысы соңғы кезге дейін Қазақстан тарихнамасында есімі еленбей келген көрнекті қайраткер алаш қозғалысының бүтін бейнесін осы тұлғаларсыз елестету мүмкін де емес деп білеміз. Өйткені осы азаматтар қажырлы еңбек еткен аймақ Қазақстанның ең бай өлкелерінің бірі боп саналып, отаршылдық ең бір өрістеткен аймаққа айналған болатын. Міне осындай дүлей күшке ақылымен, саяси-қарым парасатымен қарсы тұра білген қайраткелердің күрескерлік жолын зерттей түсу уақыт талабы.
Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы. Аталған уақыттың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де, эр алуан жаңалықтардың қазақ қоғамының өміріне ене бастауы, әрине Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардың XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллиғенциясының жаңа легінің пайда болуы мен оның нақты іс-әрекетіне әсерін тигізді. Зсрттеудің географиялық шеңбері қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарын қамтиды.
Зсрттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұлт зиялыларының қалыптасу үрдістерін саяси-қоғамдық процестермен байланыстыра қарастыру сондай-ақ әліде болсада алаш қайраткерлері оның кейбір белсенділерінің өмірі мен қызметін зерттей түсуге назар аудару. .
Зсрттеу жұмысының мстодогиялық негізі Ұлт азаттығы қозғалысын объективті көзқарастар тұрғысынан қарастыру принципі алынды. Мәселе нақты тарихи қажеттілік, тарихи тағылым түрғысынан қарастырылды.
Зсрттеу жұмысының дерекктік негіздері біршама архивтік күжаттарды, шолуларды, қазіргі таңдағы баспасөз жарияланымдарын, мәліметтерін біріктіріп отыр. Қарастырылып отырған кезеңдегі үлттық интеллигенция жайлы біршама маңызды архивтік деректер Омбы облысының мемлекеттік архивінің қорында топтастырылган. Омбы мүрағатындағы мәселеге қатысты қүжаттар: 27, 65, 151 қорларда жинақталған. Мәселен, оларда М. Сердалиннің өмірбаянына қатысты материалдар бар. Омбы техникалық училищесінің директоры Добраховка губернатор міндетін атқарушы Ливенцовтың, уезд бастығы Коноваловтың хаттары, Далалық генерал-губернатордың кеңсесіне жазылған хаттар, Омбы архивінде «Жасырын бақылауда жүрхен қырғыз (қазақ) М. Сердалин туралы жазба қатынастар» деп аталатын «іс» сақталған. Омбыдағы Смағұл оқыған оқу орнына қатысты архив қорында, оның қай күні құжат тапсырып, неден емтихан бергеніне дейін тіркеліпті. Тақырыпқа қатысты тың мәліметтер беретін деректік қүжаттардың шоғырланған жері Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мүрағаты. Онда мәселете байланысты қүжаттар 81, 369, 929 қорларда сақталуда. Зерттеуде «Жүлдыз», «Ақиқат», «Парасат», «Арка ажары», «Егеменді Қазақстан», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Солтүстік Қазақстан» атты газет-журналдарға назар аударылды. Зсрттеу жүмысының қолданбалық маңызы. Зерттеу жүмысын Қазақстан тарихынан жоғарғы оқу орындарында, арнайы курста, жалпы коғамдық ғылым саласындағы еңбектерде, мектепте пайдалануға болады.
I. ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ бірінші ширегіндегі Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялылары.
с
1. 1 ХIХ ырдың соңы мен ХХ ғ бірінші ширегіндегі өлкедегі қоғамдық - саяси жағдай.
ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің қоғамдық саяси өмірінде елеулі оқиғалар болды. Соның ішінде елдің саяси өмірін либерализациялауға бағытталған өзгерістер болатын. Ресей мемлекеттік Думасы және Қазақстан зерттеуінің авторы Өмірзақ Озғанбайдың пікірінше «Сол дәуірдіңдегі ең ірі саяси-әлеуметтік оқиға Мемлеттік Думаның шақырылуы еді» дегенді. [1] Бұрындары бұратана «инородцы» деп аталынған Ресейдің Түркістан мен Қазақ өлкесіндегі жұрт азаматтық-саяси құқтан жұрдай болатын. Ресейдегі революция Азиядағы езілген халықтардың оның ішінде қазақ халқының саяси санасының жетілуіне елеулі ықпал етті. Айта кететін бір жайт бұл кезеңде әлемдегі отар елдерінің ояну процесі жүріп жатқан болатын бұл үрдістен Ресей қол астындағы қазақ өлкесі де шет қалған жоқ. Бұрындары ел мен жерінен айырылғанда еш бір жөнді қарсылыққа дәрмені болмай келген халықтың енді жерде заңды түрде өз талаптарын қоюға мүмкіндігі болды. Өлкедегі жағдайға келетін болсақ патша өкіметінің қоныстандыру саясатының негігі орталығының біріне айналған Ақмола-Көкшетау өңірінде жер -су мәселесі, оқу. дін мәселесі ушығып тұрған еді Думаға сайлау кезінде өлке халқы өз өкілдеріне зор үміт артып, қоғамдық белсенділік танытты . Профессор М. Қойгелдиевтің сөзімен айтқанда, 1905-1907 жылдары отарлық бұғаудағы қазақ қоғамында таптық санадан гөрі ұлттық сананың тезірек пісіп жетілуіне қолайлы алғышарттар басым түсті[2] Дала өлкесіндегі оның ішінде Көкшетаудағы әлеуметтік- саяси жағдайға келетін болсақ 1905 жылғы жаз айларындағы түрлі жәрмеңкелер мен жайлаулардағы мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен бсқосулар, оларда қабылданып, тиісті үкімет орындарына жіберілген саяси-әлеуметтік рухани- демократиялық талптар қойылған петициялар қабылданды. Бұл ретте қазақ даласында әйгілі қарқаралы петициясына қабылдануы үлкен қоғамдық саяси оқиға болды, оған қол қойған 44 азаматтардың қатарында Айдархан Тұрлыбаев, Шаймерден Қосшығұлов тағы басқалары болғандығын атап өткен ләзім. Қарқаралы петициясында мынандай сөздер кездеседі «Күллі Ресей өмірін түгелімен қайта өзгерту керектігін мәлімдеп жатқан тұста тағдыры Ресеймен тығыз байланысты қазақ даласында ел басынан өтіп жатқан оқиғалардан тыс қаламастан, өзінің пісіп-жеткен тілектерін жеткізу қажет деп танып отыр» - делінген [3] Шындығында да Ресейден бастау алған демократиялық қозғалыстың қазақ даласына әсер етуі заңды да еді. «Орыстандыру саясатының салдарынан қазақтар, соңғы кезде өздерінің діни рухани тұрғыдағы і сстерінен қағажу көргені сонша әкімшіліктің рұқсатынсыз бір қадам жасай алмайтын болды. Мешіт салуға, мұсылман мектептерін ашуға, Меккеге қажылыққа баруға және басқаларға рұқсат беру не бермеу құқы заң бойынша тек әкімшілік билігіне берілген. »[4] Осы қарастырып отырған уақытқа дейінгі Қазақстанның оның ішінде Көкшетау өңірінің мәдениетінің көтерілуіне объективті түрде әсер еткен жағдайлар ол Ресейдің ғылым-білім қайраткерлерінің қызметі болатын.
XIX ғасырдың екінші жартысы Россияның кұрамына енген ұлт аудандары, оның ішінде Қазақстан жедел игерілген уақыт болды. Өлкеге оның географиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеу үшін ғалымдар мен саяхатшылар келіп жатты. Аса көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тянь-Шанский, А. А. Северцов, И. В. Мушкетов, В. В. Радлов Г. Потаниннің және басқалардың есімдері Қазақстанмен байланысты. Олар өздерінің шалғайдағы өлкелерді зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтардың тарихы мен этнографиясының проблемалары пәрменді түрде зерттелді. Бүл зерттеулермен Бас штабтың көптеген офицерлері Россия әкімшілігінің көрнекті чиновниктері, әрі текті интеллигенция, саяси себеппен жер ауып келгендер шүғылданды. И. Гейердің («Сырдария облысын шаруалардың отарлауы», «Түркістандағы қаңғырулар»), А. К. Гейнстің («Қырғыз очерктері», «Әдеби еңбектердің жинағы»), Л. Мейердің («Бас штаб офицерлерінің география мен статистика үшін жинаған материалдарында» басылған «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы») Повлодар мемлекеттік университетінің ғылыми орталығы шығарған «қазақ этнографиясының кітапханасы» сериясымен шыққан еңбектердің ғылыми-танымдық мәні зор ол еңбектердің анықтама материалдар ретіндегі маңызын күні бүгінге дейін жойған жоқ. [5]
Әсіресе Г. Потаниннің өмірі мен қызметі оның саяси көзқарастары болашақ алаш қозғалысы қайраткерлеріне елеулі әсері болғанын алаш жетекшілерінің өздері де назар аударған болатын. Алаш қайраткерлері бастамасымен ол кісінің
мерейлі датасын атап атап өтуі жай ғана құрмет емес ол кісінің қоғамдық маңызды ролін мойындаған еді.
XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе реформадан кейінгі дәуірде Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуында ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері үлкен роль атқарды. Қазақстан жерінде пайда болған біршама ірі ғылыми қоғам 1868 жылы құрылған Географиялық қоғамның Орынбор бөлімі болған еді. Оның толық мүшелері облыстың көрнекті чиновниктері, сондай-ақ жекелеген атақты сұлтандар болды. Қоғамның корреспондент-мүшесі болған ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин Географиялық Қоғамның Орынбор бөлімінің 1870 жылы шығарған бірінші жинағында «Орынбор ведомствосы қырғыздарының өлікті жерлеу мен ас беру, бата оқу кезіндегі әдет-ғұрыптарының очеркі» деп аталатын екі зерттеуін жариялаған болатын. Орыс географиялық қоғамының жергілікті бөлімдері мен бөлімшелері Қазақстанның басқа облыстық қалаларында да ашылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz