КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмысТақырыбы: «КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»:

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: « КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ»

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. БАНКТЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТӘУКЕЛДІЛІГІ . . . 7

1. 1 Несиенің маңызы және рөлі . . . 7

1. 2 Несиенің мәні және оны бағалау . . . 12

1. 3 Банктің несиелеу бағдарламасын жетілдіру . . . 21

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ (Мысал ретінде «Каспийский Банк» АҚ, Көкшетау Филиалы ) . . . 23

  1. «Каспийский Банк» АҚ экономикалық-ұйымдастырылушылық

сипаты . . . 23

2. 2 «Каспийский Банк» АҚ несиелеу қызметінің негізгі бағыттарын талдау . . . 32

2. 3 «Каспийский Банк» АҚ несиелік саясатының мақсаты . . . 44

3. БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕУ БАҒЫТТАРЫН ЖАҢАШАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ

БАҒЫТТАМАЛАРЫ . . . 53

3. 1 Банктің несиелеу бағдарламасын жетілдірудегі ипотекалық несие жүйесің ерекшелігі . . . 53

3. 2Несиелеу барысында қарыз алушылар туралы ақпарат алу көзін арттыру жолдары . . . 61

3. 3 Несиелеуді жетілдірудегі несие тәуекелін басқаруды жетілдіру . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 72

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75

ҚОСЫМШАЛАР . . . 78

КІРІСПЕ.

Дипломдық жұмыста сөз болатын коммерциялық банктердегі несиелендіру проблемалары көптеген ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстанның өтпелі экономика кезеңіне тұспа-тұс келді деуге болады.

Қазақстан Республикасында 1995 жылдың қаңтар айынан бастап банк жүйесінде өзгерістер басталды, яғни республикада банк жүйесінің тұрақтылығы айқындалды. Мұның өзіне Ұлттық Банк талаптары және банктер арасындағы бәсекелестік негіз болды. Ұлттық Банктің негізгі міндеті-барлық банктердің сапалық қызметін көтеру және әлемдік стандартқа сай топтар құру.

Коммерциялық банктердің төлем жүргізуге мүмкіндіктерінің болмауын мен кәсіпорындарға ұзақ мерзіді несие бере алмауын қаржы жүйесінде бірқатар келеңсіздіктер туындатып қоймай, өндірістердің тұралауына әкелді. Экономиканың құлдырауы коммерциялық банктерге өзгеріс әкелді.

Қазіргі қоғамдық қатынастарға сәйкес нарықтық қатынастарға көшумен несиенің рөлі де өсті. Қазіргі уақытта банк кәсіпорындардың шаруашылық қызметін несие мен қамтамысыз етіп, нәтижесінде өндірістің ауқымы кеңейіп, оның жұмысы, қызметі, өнім де ұлғайды.

Банк несиенің маңызы да коммерциялық қызметті қосымша қаржыландыру мен жаңа мүлік құру бағытында ұзақ мерзімді инвестицияны жүзеге асыруда кәсіпорындардың құрылымы несие ресурстарын пайдалануында артады. Қарыздар несие функциясын атқара отырып, түрлі формаларға ие және алынған қаржыны дұрыс мақсатқа жұмсауға көмектеседі. Кәсіпорын қарызды өзіне қолайлы формамен-вексельдік формада немесе облигация түрінде ала алады.

Осы шартта бухгалтериядағы қарыздар мен несиенің дұрыс есебінің рөлі өсті. Несие есебінің дұрыстығы банк жетекшілігіне, оның көлемі мен құрылымына байланысты, мұның өзі алынған қаржыға анализ жасауға мүмкіндік береді. Несие операциялары банктік коммерциялық мекеме сияқты негізгі дәстүрлі қызметі болып табылады. Несие ұсыну оның кәсіпорын фирмалары, компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке тұлғаларды инвестициялық және тұтынушылық бағытта қаржыландыру басты экономикалық функциясы.

Банк негізгі кіріс көзін несие операцияларын табады. Бірқатар банктерге ссудалық операциялар 70 пайызға жуық кіріс әкелді. Банктердің несие функциялары олардың қызмет көрсететін аймақтарының экономикалық хал-ахуалына байланысты, өйткені банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың өсуі мен осы аймақтарда жұмыс орындарының артуы мен олардың экономикалық өміршеңдігін қамтамасыз етеді. Экономикалық тұрақтылықты орнамауынан Қазақстандық коммерциялық банктер несиені бірнеше жылдық қысқа мерзімге ғана береді.

Қарастырылатын мәселенің маңыздылығы мен деңгейі. Несиелердің формалары мен әдістерінің несие қатынастарын тәжірибеде ұйымдастыруға ықпалы зор. Банк нарықтық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің ресурстарына иелік етеді, ссудалар мен несие бойынша проценттік ставкалар ұсынады.

Несиелер банк пен клиенттің қарым-қатынасы негізінде қорытылады, яғни несие сомасы мен проценттік ставка өлшемі, оның ұсыну әдісі мен қайтару мерзімі несие келісім шарттарында айқын көрсетіледі. Несие тек несиені төлеуге мүмкіндігі бар тұлғаларға ғана беріледі. Қазіргі уақытта несие механизмінде несиелендіру банктік бақылау жасауда қатаң талаптар жоқ деуге болады.

Несие қатынастары негізінде клиент пен банк үшін пайдалылық жатыр. Несиелердің жаңа заманғы үлгісінің ерекшеліктері мынадай:

- клиент банкті өзі таңдайды, яғни ол түрлі банктерден ссуда алуға құқығы бар, мұның өзі банктер арасындағы бәсекелестікті дамытады. Несие клиенттерге және басқаларға да беріледі. «Басқалар» дегеніміз банкте есеп шоты жоқ жеке тұлғалар.

- банк өзінің ресурстарына иелік етеді, сондықтан да ол ссуда ұсынуда шарттар қояды.

-несиелендіру жеке тұтынушылық, бір реттік несие ретінде жүзеге асырылады.

-банк беретін несие көлемі банктің кіріс көлеміне байланысты. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі құқықтық нормативтерді, бір адамға берілетін несие сомасын бекітеді.

-дәстүрлі несиелендіру принциптері-жеделдік пен қамтамасыз ету өз қалпын сақтайды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу мақсаты Қазақстанда халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруді дамыту жөнінде маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие ғылыми негізделген ұсынымдар мен ұсыныснамалар оны шешуді қамтамасыз ететін ірі ғылыми мәселелердің жобасын әзірлеу.

Көрсетілген мақсаттарға жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қойылған:

1. Халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруін дамуының теоретикалық аспектілері мен әлеуметтік бағытын анықтау. Халыққа несиелік қызмет көрсету мен банк өнімдерінің теоретикалық мәнін негіздеу.

2. Халыққа банктік несие қызметін көрсетудің халықаралық тәжірибесі мен оны қазақстанда пайдаланудың мүмкін болатын перспективаларын қарастыру.

3. Халыққа несиелік қызметті ұсыну, бөлшек нарықтың ерекшелігі мен заңдылығын зерттеу жөніндегі коммерциялық банктердің отандық тәжіриебесін жария ету.

4. Халық пен коммерциялық банктер арақатынасындағы тәуекелдер факторлары мен оларды реттеудің жолдарын ашып көрсету.

5. Банк қызметіндегі халықтың қажеттілігін анықтауда әдістемелік тәсілдерді негіздеу.

6. Жеке тұлғалардың қаржылық жағдайын және оның несие қабілеттілігін талдаудың әдістемесінің жобасын әзірлеу.

7. Жаңа банктік қызмет көрсетулерді құру мен олардың бәсекелестік артықшылығы жөнінде банктің инновациялық саясатына маркетингтік тәсілдерді анықтау.

Банктердің жаңа несиелері мен қызметтерін құру жөнінде зерттеулердің әдістемелік жобасын әзірлеу, халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің қызметіндегі маркетингтік бағыт зерттеу пәні болып саналады.

Халыққа несиелік қызмет көрсету барысында республикадағы коммерциялық банктердің іс жүзіндегі тәжірибесі мен олардың халықты несиелеу мен несие тәуекелін басқарудың нарықтық стратегиясын құру зерттеу обьектісін құрайды.

Дипломдық жұмыс деңгейінде хылыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелендіруді дамыту мәселесін зерттеуде жұмыстың ғылыми жаңалығы анықталады.

Зерттеу барысында алынған біршама маңызды мәселелер және олардың ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:

• кешенділік, үзіліссіздік, әлеуметтік жағдайға бейімделу қағидаларына негізделген; несиелеуден шығатын, халыққа қызмет көрсету нарығында коммерциялық банктердің маркетингтік стратегиясын құрудың теориялық аспектілерін зерделеу.

• азаматтардың несие алу мүмкіншілігінің есебінен банктің несиелеу қызметіне халықтың әлеуетті сұранысын болжау мен анықтау жөнінде ұсыныс түрінде жоба әзірлеу.

• банктің несие саясатының негізделген жолын жүзеге асыру, несие және депозит нарығында, соның ішінде тұрғын үй құрылысын ипотекалық несиелеу жөнінде халыққа банктік қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізу.

Зерттеу нәтижесін жүзеге асыру мен тәжірибелік мәні. Халыққа несиелік қызмет көрсету нарығында банктік несиелеудің теориясы мен тәжірибесі саласында зерттеу нәтижелерін ары қарай өңдеу үшін алынған қортындылар мен ұсыныстарды жетілдіру.

1. БАНК НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 . Несиенің маңызы және оның қаржы нарығындағы рөлі.

Нарықтық қатынастар несиелік қатынастармен байланысты. Сондықтан да міндетті рынок шарттарын қалыптастырудың бірі-қаржы мен несиені түпкілікті жаңарту. Бұл реформаның басты міндеті-орталықтандырылған ақша ресурстарын тарату жүйесін қысқарту және қаржы рыногіндегі жаңа қозғалысқа көшу.

Қаржы нарығының құралуы ауыл шаруашылығын басқарудағы несие институттарын рөлінің өзгеруін, экономикалық қатынастар жүесіндегі несие рөлінің өскендігін көрсетеді. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуі несиеде ссудалық капитал қозғалысын, яғни ссудаға ұсынылатын ақша капиталын реттеді.

Несие ақша капиталы трансформациясын қамтамасыз етіп, кредиторлар мен несие берушілер арасындағы қатынаста көрініс табады. Оның көмегімен кәсіпорынның кірістері мен ақша капиталы ссудалық ссудалық капиталға айналды, ол уақытша қолданылыс төлеміне беріледі. Капитал өндіріс қаржысы түрінде бір саладан басқаға ауыса алмайды. Бұл процесс ақша капиталы қозғалысы формасында жүзеге асырылады. Сондықтан да несие рынок экономикасында ең алдымен бір саладан екінші саладағы кіріс нормаларын теңестіру үшін қажет.

Несие капиталдың бір сала өндірісінен басқаларға көшуіне және өндіріс капиталының тұрақтануына ықпал етеді. Ол жеке капиталдың шектелуін жүзеге асырады. Несие кәсіпорындарының қорын ұстауға, нарықтық қатынастар құрылымындағы маңызды шарттар-өндіріс тауарларыпроцесіне қызмет көрсетуге қажет. Үкіметтік кепілдік пен жеңілдіктер ұсына отырып, мемлекет банктердің кәсіпорындар мен салаларды несиелендіруіне мүмкідік береді.

Мемлекет несиені капиталдық салымдар үшін, тұрғын үй құрылысы, тауар экспорты, артта қалған аудандарды көтеру мақсатына қолдана алады.

Несиесіз шаруа қожалықтарын, шағын бизнес кәсіпорындарын құруды, ішкі, сыртқы экономикалық кеңістікте кәсіпкерлік қызметті енгізу мүмкін емес. Несиенің көмегімен түсім капиталының жедел процесі жүреді. Ол сондай-ақ кәсіпорындарды акциялау негізінде мемлекеттік және мунициапалды меншіктерді жекешелендіру бағдарламасыфн жүзеге асыруда рөл атқарады.

Несие жүйесі акция таратуда маңызды орын алады. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуін, оның фнукциясының көтерілуін, қажетті инфроқұрылымдардың құрылуын несие қатынастарының әрі қарай дамуы мен қолданылунсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. Несие нарықтық экономикада және несие қатынастарда қажеттілік туғызып отыр.

Несие латынның «kreditum» (ссуда, қарыз) сөзінен шыққан. «kreditum» аудармасы- сенім», «сенім білдіремін». Кең ауқымда несие сөзі-байлам, заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қарыз, ссудаға байланысты келісімі. Кредиторлардың бірі басқаға белгілі бір мерзімнен кейін қайтарып беруге ақша ұсынады. Несиеде қарыз келісімшарты шығады. Жаңа заман талабына сай ссудалар ақша несиесі түрінде ресімделеді, несиелік қатынастар барлық ақша қатынастарының бөлімі болып табылады. Несие формалары оның басқа құрылымдарымен тығыз байланыста, сондықтан да несиенің формалары мен түрлерін қарастырмас бұрын оның құрылымына көз жүгіртейік.

Несие құрылымы.

Құрылым-несиеде өзгермейді, тұрақты. Несие бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады. Бұл элементтер оның қатынастарының субъектілері болып табылады. Несиеде субъектілер кредитор ретінде орын алады. Кредитор ең алдымен тауар қатынасында көрініс табады. Тауарды сату-сатып алу процесінде сатушылар үнемі бірден ақша эквивалентін ала алмайды, сатып алущы үнемі тауарға бірден төлем жасай алмайды, төлем жасау белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асырылады. Осылайша сатушы кредиторға айналады, ал сатып алушы қарыз. Бұл жерде несиелендіру келісімшартын сөз еткен жөн. Келісімшартта оның құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Бұл келісімшарт екі жақты, онда бір жақтың құқығы екінші жақтың міндеттерімен сәйкес келеді.

Кредитордың міндеттері.

Несиелік келісімшарттың негізінде кредитор несие алушыға келісімшартта белгіленген шарттар бойынша ақша ұсына алады. Келісімшартта ақшаның көлемі мен берілу мерзімі көрсетілуі тиіс. Бұл шарттар жүзеге асатын болғандықтан, банкке заңды міндеттер жүктемеуге ықпал етеді. Кредитор ақшаны ұсынып, келісімшарт жасауға міндетті. Кредитор ақша беруде толық немесе жартылай беруге құқылы. Кредитор ақша беруде жауапты тұлға. Егер кредитор себепсіз несие беретін болса, онда ол несие алушының алдында міндеттерін орындамағанына жауапты болады. Кредитор несие алушыға ссуда шотын ашуға және бір мерзімде ақша беруге міндетті.

Несие алушының міндеттері.

Несие алушы несиені толық немесе жартылай алудан бас тартуға құқылы, бұл жөнінде кредиторға мәлімет жасап, келісімшартта, заң мен басқа құқылық актілерде көрсетілуі тиіс. Соған сәйкес несие алушы несие сомасын қабылдауға үнемі міндетті емес. Ақша алған күннен бастап несие алушы банк несиелендіруінің қағидаларын ұстанып, несиенің белгіленген мерзіміне сәйкес проценттеріне төлем жасап отыруы, банкке қажетті несие есебін бақылауға ұсынуы тиіс.

Несие алушыға активтерді сату немесе басқа кредиторларға ссуда бойынша беру рұқсат етілмейді.

Несиелендіру келісімшартында тағы екі субъектінің көзқарастары қаралады. Бірінші болып міндеттері орындауды қамтамасыз етуші қатысушы табылады, егер ол несие алушы болмаса. Бұл жерде гарант, сақтандырушы, тапсырушы, үшінші тұлға-кепілге алушы. Бұл тұлға ең алдымен міндеттердің орындалуын қадағалайды, егер міндеттер орындалмаса ол құқықтар мен міндеттерді өзіне алады.

Тапсырушының кредитор алдындағы міндеті тапсырушы келісімшартына байланысты. Егер келісімшартты немесе арнаулы нормативтік актілерде тапсырушы мен несие алушының қарыз екендіктері көрсетілмесе, онда кредитор тапсырушы мен несие алушыға талаптар қоюға толық құқығы бар. Толық орындалған немесе міндеттер ғана кредитордың талаптарын өтей алады. Егер жауапкершілік орнықса, онда кредитордың ең алдымен қарыз адамға талап қоюға мүмкіндігі бар. Тапсыру мерзімі келісімшартта көрсетілуі тиіс және ол негізгі міндеттердің қолданылуы мерзімінен төмен болмауы керек. Егер берілген мерзім көрсетілмесе, онда кредитор тапсырушыға талаптарын 1-2 жыл ішінде ғана ұсына алады.

Банк жүйесіндегі екінші субъект-құқық иеленуші. Банктік несиелендірудің басқа иелендіру түрлерінен айырмашылығы-ол тек банк есебімен ғана жүзеге асырылады. Сондай-ақ банкте және оның клиенттері болып табылатын салымшыларына осы ретте қосымша міндеттер туындайды.

Бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің бірі салымшылардың банк несиесіне деген қызығушылығын ояту болып отыр. Салымшылар мен банк жұмысының қиындығы сол, олар тұрақтылық жағдайын орнатуы тиіс.

Тауар айналымы кредитор мен несие алушы қатынасы туындауының бірден бір базасы емес.

Кредитор мен несие алушы үнемі бір жерден көрініс табады. Кредитор-ссуда ұсынатын несиелік қатынастар жағы. Ссуда ұсынатын, яғни шынайы түрде уақытшы қолданылысқа ұсынатын субъектілер кредитор бола алады. Ссуда беру үшін кредитор міндетті түрде белгіленген қаржыны өз орнымен тарата алатындай болуы қажет. Оның көздері-жеке жинақтар, ресурстар, басқа субъектілерден қарыз алу.

Қазіргі заманғы шаруашылықта банк-кредитор ссуданы тек өзінің жеке ресурстары есебінен емес, сондай-ақ өзінің шотында сақталған және акция мен облигацияларды тарату негізінде ұсына алады.

Банктердік құрылуымен несие концентрациясы пайда болады. Кәсіпорындар мен халықтың ақша ресурстарын тарта отырып, банкирлер ұжымдық кредиторларға айналады. Несие алушы несие алып, ссуданы қайтаруға міндетті несиелік қатынастар жағы. Қосымша ресурстарға тұтынушылығы өскен жеке тұлғалар несие алушылар болды. Банктердің құрылуымен кредиторлар концентрациясын ғана емес, несие алушылар тобының көбейгендігін айтуға болады. Банктер дәстүрлі түрде ұжымдық несие алушаларға айналады, олар өздеріне емес, басқаларға қарыз береді.

Біріншіден, несие алушы қаржының жеке иегері емес, ол тек оның уақытша иесі ғана, несие алушы өзіне қатысы емес өзгенің ресурстарын пайдаланушы.

Екішіден, несие алушы ақшаны өндірісте де қолдана алады (материал алудан, өндірісті кеңейтуге) .

Үшіншіден, несие алушы алған ақшаны өзі мақсат еткен шаруашылыққа жұмсай алады. Мұндай ақшаны қайтару үшін несие алушы өзінің қызметін ұйымдастыра білу қажет.

Төртіншіден, несие алушы қарызды қайтарып қана қоймай-ды, ссудалық процентке де төлем жасайды.

Бесіншіден, несие алушы кредиторға бағынышты, өйткені кредитор өз талаптарын орындайды.

Кредиторға тәуелділік несие алушыға алған ақшаны өз орнымен жұмсауға мүмкіндік береді. Алған ақшаны қайтарған күнде де несие алушы кредиторға тәуелді күйінде қалады, ол барлық ақшаны уақытында қайтару міндетті.

Кредитордан тәуелді қарыз беруші несиелік байламда біржақты тұлға болып қалмайды. Қарыз берушісіз кредитор да болуы мүмкін емес. Қарыз беруші уақытша пайдаланылған ресурстарды алып қана қоймай, оны

қолданып, өзінің қарызынан толығымен есеп айырысуы қажет. Бұл жерде қарыз беруші-ресурстарды қолдануды жүзеге асырады. Кредиторлар мен қарыз берушілерден кейін несиелік қатынастар құрылымының элементі

кредитордан қарыз берушіге берілетін объект болып табылады. Бұл жерде баға рөл атқарады. Ең алдымен, ол қолма қол бағаға ие. Несиелік қатынастар бағасы оның қозғалысымен көрініс табады. Несие тек

кредитор, қарыз беруші ғана емес, несиенің құрылымы оның элементтерінің бірлігін көрсетеді.

1. 2. Несиенің негізгі функциялары мен несиелендіру процессі.

Экономидағы несиелік қатынастар әдістемелік негізде, оның прициптерінің элементтері ретінде ссудалық операциялар рыногіндегі кез келген операцияларды тәжірибелік ұйымдастыруда қатаң қадағаланады. Бұл принциптер несие дамуының алғашқы сатысында көрініс тапты, одан әрі жалпы мемлекеттік несие заңнамасында көрініс тапты.

Несиенің қайтарымдылығы.

Бұл принцип кредитордан қаржылық ресурстарды қарыз алушы оны қолданғаннан кейін уақытында қайтару міндеттілігін көрсетеді. Ол сондай-ақ белгілі бір ссуданы несиелік ұйым шотына ақша аударуға сәйкес жүзеге асырылады. Ол банктің несиелік ресурстарын уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Несиелендірудің отандық тәжірибесінде орталықтандырылған жоспарлы экономика талаптарына сәйкес «қайтарымсыз ссуда» деген түсінік қалыптасты. Несиелендірудің бұл формасы кең тарап, әсіресе аграрлық секторда және мемлекеттік несиелік мекемелерге ссуда ұсынуда көрініс тапты, оның қайтару қарыз алушының қаржылық жағдайына байланысты жүзеге асырылды.

Қайтарымсыз ссудалар бюджеттік субсидиялардың қосымша формалары болып табылады, ол бюджеттің есеп бөлімінің тұрақты фальсификациясы болды. Рыноктік экономика талаптарына сәйкес қайтарымсыз ссуда деген түсінік «жоспарлы жеке кәсіпорын» түсінігіне сәйкес келеді.

Несиенің жеделдігі

Ол белгілі бір мезгілде, несиелік келісімшартта немесе құжатта көрсетілген мерзімге сәйкес жүзеге асырылады. Егер бұл талаптар бұзылса, қайтарым проценттері көбейеді, ал одан әрі талаптар бұзылса, қаржылық талаптарды ұсыну сот тәртібімен жүзеге асырылады. Оң қолдық ссудалар несиелік келісімшартта анықталмайды. Сонымен қатар оң қолдық несие туралы келісімшартта оның төлем жасау мерзімі көрсетілмесе де көрсетілген прициптерді қадағалау қамтамасыз етіледі.

Несиенің ақысы. Ссудалық пайыз.

Бұл прицип бойынша қарыз алушы банктен алған несиелік ресурстарды уақытында төлеуге, оны қолдану құқы беріледі. Несиеге төлем жасау қарыз алушы мен кредитор арасындағы қосымша шотқа байланысты қолдануға сәйкес жүргізіледі. Қарастырылған прициптерді орындауда үш негізгі функция бар:

-Жеке тұлғалар кірісі мен заңды тұлғалар кірістерін тарату;

-ссудалық капиталды сала, салааралық және халықаралық деңгйде тарату арқылы өндірісті ұйымдастыру;

-Экономика дамуының кризисті шартында-банк клиенттерінің ақша жинақтарын антиинфляциялық қорғау.

Ссудалық пайыз мөлшері.

Ол ссудалық капиталда алынған жылдық кіріс сомасы қатынастарымен анықталады.

Несиенің рөлін айқындай отырып, несие төлемі жоспарлы экономикада қолданылады, несиелік ресурстардың көп бөлігі мемлекеттік банк мекемелерінде уақытында, процентсіз негізде

төлем жасауға бағытталады.

Дәстүрлі механизмнен айырмашылығы-несие бағасы ссудалық капитал рыногінде сұраныстың көбейгендігін көрсетеді және ол бір деңгейдегі факторларға тәуелді:

-Нарықтық экономиканың дамуы (ссудалық процент көбейеді, бір уақыттарда төмендейді) ;

-Инфляциялық процесс деңгейі;

-Мемлекеттік несиенің бағыты, ол орталық банктің есеп саясаты арқылы коммерциялық банктердің жұмысын үйлестіру шаралары арқылы жүзеге асырылады;

-Халықаралық несие рыногіндегі жағдай;

-Жеке және заңды тұлғалардың ақша жинақтау динамикасы (олардың қысқаруына орай ссудалық процент көбейеді) ;

-Өндіріс динамикасы, ол потенциалды қарыз алушылар категориясына сәйкес несиелік ресурс қажеттілігімен анықталады; Несиенің қамтамасыз етілуі.

Бұл прицип бойынша кредитордың мүлкін қорғау несиені ссуда немесе қаржылық кепілдік арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы экономикалық тұрақсыздық, отандық талаптар негізінде актуальді.

Несиенің бағыттық маңызы.

Кредитордан алынған несиелік операциялардың көп түрлері таратылады. Несиелік келісімшарт бөліміне сәйкес тәжірибелік көрініс табылады, ол берілген ссуда бойынша негізі бағыт бекітіледі. Сондай-ақ бұл шарттарды қадағалау банктік бақылау жасау процесінде көрініс

табады.

Берілген міндеттеменің бұзылуы несиені мерзімінен бұрын төлеу немесе айыппұл негізінде көрінеді.

Несиеннің дифференциалды жағы.

Бұл принцип несиелік ұйымдардың потенциалды қарыз алушыға дифференциалды қатынасын анықтайды. Оны тарату негізі банк арқылы жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
ҚР коммерциялық банктерінің несиелік процесін жетілдіру жолдары
Казақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы мен коммерциялық банктерді ұйымдастыру принциптері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Банкаралық несиелерді ресімдеу
Банкаралық несие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz