КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 компаниядағы ақша қаражаттардың теориялық аспектісі 8
1.1 Кәсіпорынның ақша қаражатының экономикалық мыңызы 8
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны 12
басқарудың түрлері
1.3 Кәіпорынның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері22
2 КХП АҚҚАЙНАР АҚ - НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ 30
2.1 КХП Ақайнар АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы 30
мен құрылымын талдау
2.2 КХП Аққайнар АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – 33
жабдықтардың көрсеткіштерін талдау
2.3 КХП Аққайнар АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін 34
талдау
3 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ КӘСІПОРЫННЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН 38
АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Корпорацияны қаржыландыру амалдары 38
3.2 Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқарудағы шетелдік тәжірибе 43
3.3 Қазақстан Республикасындағы қаржылық менеджменттің жүргізілуіндегі48
негізгі көрсеткіштер
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік
қызметті жүргізуде, капиталды тарту мен пайдалануды қамтитын әртүрлі
нысандары мен тәсілдері бар. Кәсіпорын келесі нышандары: шаруашылық
қызметтің түрі, меншік нысаны, сандық көрсеткіштер, маңызы мен аумақтық
орналасуы, ұйымдық-құқықтық түрлері және басқа да нышандары бойынша
сараланады. Кәсіпорын –экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып
табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және
қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін
өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -
әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар
белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін,
әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру
және пайда табу мақсатында құрылады.
Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі
мен олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда.
Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы тез жоғарылауда.
Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының
басқарылуы, бөлінуін және қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады (1(.
Мұндай талдаудың нәтижесі біріншіден меншік иесіне, сонымен қатар
кредиторларға, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлар мен салық
қызметтеріне қажет. Осы жұмыста кәсіпорынның қаржылық талдауы меншік
иесінің көзқарасы жағынан жүргізілген, яғни ішкі қолдану мен қаржыны
оперативті басқару үшін қажет.
Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің
абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып
кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері
табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін,
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық
қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен
бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы
міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең
негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық
жағдайының деңгейін сипаттайды (12(.
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде
сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен
шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтықтық қатынастар жағдайындағы
кәсіпорынның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен
міндеттері және оларды басқару ерекшеліктерін анықтау және оларға сипаттама
беру.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесідей міндеттер қарастырылды:
кәсіпорынның ақша қаражатының экономикалық мыңызын сипаттау;
кәсіпорынның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың
түрлерін жіктеу;
КХП Ақайнар АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен
құрылымын талдау;
КХП Аққайнар АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал – жабдықтардың
көрсеткіштерін талдау;
кәсіпорындағы ақша қаражаттарының жағдайына сипаттама беру.
Диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы жоғарыда берілген анықтамалар
қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың
әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды
тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай
көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы,
өзіндікқұн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді
есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу
негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз
және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын
және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы кәсіпорынның қаржы жағдайы осы
кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оның өз
шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін
уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде КХП Аққайнар акционерлік қоғам
қарастырылған.
Диплом жұмысының пәні - КХП Аққайнар АҚ - ның қаржы-шаруашылық
қызметінің нәтижелерін сипаттау.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның
іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін
бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың
еңжақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мен бұл диплом жұмысымда негізінен нарықтық экономика жағдайындағы
байланысты кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалыптасу ерекшеліктері мен
даму жағдайы, оның экономикалық мәні, олардың қызметтері мен міндеттері
және басқаруды жоспарлауды, яғни компанияның ақша қаражаттарын басқаруды
қалыптастырудың экономикалық механизмдерін дамытуы мен оны жетілдірудің
жолдарын қарастырдым.
Сондай ақ дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізіне
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік және қаржылық есеп туралы Заңы,
Қазақстан Республикасының СК, Аудиторлық қызмет туралы Заң және басқа да
ҚР нормативті актілері, КХП Аққайнар АҚ құжаттары, сондай –ақ дипломдық
жұмыстың теориялық базасына Родостовец В., Кеулімжаев К. Назарова В.
еңбектері және әдістемелік нұсқаулары жатады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей әдістер қолданылды: шот
әдісі, екі жақты жазу, қарржылық есеп беру, түгендеу, калькуляциялау,
баланстық әдіс, бағалау, құжаттау, салыстыру, талдау және жалпылау
әдістері.
Диплом жұмысыың құрылымы – кіріспе бөлім, екі тарау, алты бөлім,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КОМПАНИЯДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі
бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және
модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде
кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық
жауапкершіліктерін шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің
өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық
өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы
тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық
қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды
себептерінің бірі экономиканың нақты секторындағы реформаның тежелуі (3(.
Кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресурстарын
тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені
кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен
процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің
өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке
әкелмейтіндгігі анықталады және бәсекелестіктердің пайда болуы дәстүрлі
пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда
пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Компанияның ақша қаражаттарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды
төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін
кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын
мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын
қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын
есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу
көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен
қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу
диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорындарда әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың
күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік
беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі
де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз
қызметінің ерекше салалық , өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне
ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз
жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы
ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін
мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін
таңдауды анықтады (4(.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің тәжірибесі шағын кәсіпорынның қаржы
ресурстарын қалыптастыру проецесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы
ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы
мәселелерге қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов
А.М., Жуйриков К., Ильясов К.К., Сатыбалдин А.С., Отаров Э.К. және т.б.
Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы
түсінігімен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын
басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың
тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан да нарықтық экономика
жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық
механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді және талдауды талап етеді.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты
кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, үкіметгің қаржылық және үйымдастырушылық жағынан қамқорлығында
болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік -бір ғана адам айналысатын
бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай
алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген
салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің
шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір
немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін
жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу
тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.
Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның мівдеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана
жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ
жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген.
Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша
өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың
қорытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында
олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артъщшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім
ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады,
экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында
қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті
серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы
мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін
толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді)
қамтиды.
Артықшылығы: баскаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды
қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, түрмыстық
қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың
ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар - бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен
тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне қүқық акциялар бойынша бөлінген,
сондықтан корпорация иелері акция үстаушылар, ал корпорация акционерлік
қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам - бүл акция шығарып және оны сату арқылы
көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы
қүралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында
немесе алдын ала белгіленген адамдар арасывда ғана бөледі.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің
қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция үстаушыларға дивидент түрінде
төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының
бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының болігі
ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың
ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бүндай фирмаларға 8 корпорациялары
(зтаіі Ьизіпезз согрогаііоп) стахусын алуға болады. Бұл кезде корпорация
табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы
алынады (5(.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік
тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай
анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен
құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын
бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет
түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында
жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар
жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі
фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді
тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады,
нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда
мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер
бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар:
жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық
бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды.
Мұнда бизнестің франчайзингтік және венчурлық формалары кең тараған. Біздің
республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті
жатқызуға болады.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға қүқық алу
үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау
үшін келісім шарт жасайтын үсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны
төмендетуге, тауарды жеткізуге, қүрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға
көмек түрінде жеңілдіктері бар. Франчайзингтік қатынастардьщ 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің
өнімін өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи қүқығын береді.
2. Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен
сату бойынша франчайзи құқығын береді.
3. Франчайзер - көтерме саудагер, фрачайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша
күқық береді (6(.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек,
басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің
шектеулілігі, келісім-шарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір
ғана франчайзермен жүмыс жасау мүмкіндігі.
Шағын бизнестің қалыптасуының келесі жолы - бір жанүя мүшелерінің
күшімен қүрылған және қызмет істейтін жанұялық бизнес. Жанүялық бизнестің
басты артықшылығы бизнесті жүргізуге көмектесетін туысқандық байланыстардың
болуы. Тағы бір артықшылығы ірі корпорациялармен салыстырғанда
жүмысшылардың жағдайына жоғарғы дәрежеде көңіл бөлінеді. Жанүялық бизнес
кәсіпорындары кәсіпорын мөлшері, өнім мен қызмет түрі бойынша әр түрлі
ерекшеленеді.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын
коммерциялық үйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Қазақстанда
кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен
анықталған. Соған сәйкес барлық үйымдар (заңды түлғалар) коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалар шаруашылық
серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік
және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативтері, қоғамдық жәнедіни
ұйымдар, қайырымдылық қорлар формасында құрылады.
Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет
тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары
мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бүл кәсіпкерлікпен шүғылдану үшін
қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз
капиталын да қолдануға болады. Алайда, қарыз капиталы пайданың белгілі бір
бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің
экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз - жоспар немесе
болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда, табыс алмаудың немесе зиян
шегудің ықтималдығы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз
байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін
қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз
қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен
ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес,
сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады.
Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі
дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты –кәсіпорындарының қаржы ресурстарын
басқарудың қазіргі заманғы жағдайын жүйелі - кешенді зерттеу және осы
сферадағы негізгі мәселелерді анықтауға негізделген қаржы ресурстарын
басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша
ұсыныстар жасау жыне талдау жүргізу болып табылады (7(.
1.2 Кәсіпорынның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны
басқарудың түрлері
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен
өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді?
Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану
қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының
жеткілікті болуы деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншіктіжәне қарыз
қаражаттырының байланысы деп жазады.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және деөз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық
субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады.
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: Қаржылық
тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану
арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М.Радионова мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) Пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
2) Нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
3) Құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
4) Әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдасьтыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды
атап көрсетуге болады:
Кәсіпорынның салалық топқа жату;
Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік
пен қаржы ресурстарының жағдайы;
Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері,
қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс
және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты,
кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық
байланыс және т.б. жатады (8(.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестіктік, оларды
таратудағырационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
Кәсіпорынның активтерін және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу ;
Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және
қорлар есебі;
Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлеу
қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
Кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді
болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдаудың қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған
мыналар жатады:
Кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
Кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық
динамикасын талдау;
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
Баланс өтімділігін талдау;
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау(9(.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен
жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен
мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік
ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға
тигізетін әсері сипатталады.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және
басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды
қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық
субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: Қаржы ресурстары деп –
шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге
асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын
жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер.
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол
төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның
кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден
түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады,
қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншік акцияны және
облигацияны және қасқа да құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу
тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар,
концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай
жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар (10(.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі,
қаржы – несие жүйесі алдандығы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды
материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге
асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру
толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде:
кез келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе
одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің
жоқ екендігін және барлық қаржы ресурстарының айналымға салынғандығын
сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының
көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың
теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың
арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені,
стандартты есептілікке қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері –
міндеттемелер мен капитал сипатталады.
Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының,
оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар
көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі,
оларды шағын кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге
асқан кезде пайда болады.
Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін
қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы
ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше:
Қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
Мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
Кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
Қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
Қаржы ресурстарының сақталуы (11(.
Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы
түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген
элементтерінің қатынассын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының
жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.
Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі
принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта
бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма амортизациялық
аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі,
тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар
айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек.
Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің
есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық
қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың
қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудың алынатын қаражаттар; ашық
және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен
орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері
басқа заңды қайнар көздер. Мәселен, кәсіпорындардың, ұйымдардың
азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары (12(.
Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен
шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты
тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі
де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналды тұрғын үй, жолаушылар
транспорты, ауыл шауашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да
кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі
кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән
және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде экономикалық реформаны сәтгі жүзеге
асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады, ол Қазақстанның 2030
стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты
роль ойнайды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік алғашқы рет шағын
кәсіпорындар түрінде 1992 жылы пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті
құрады. Олардың үлесіне республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар
санының 6%-і және ЖІӨ-нің 7%-і тиді. 1992 жылы шілде айында "Жеке
кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" жаңа Заң қабылданды. Осы заңда
жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері
бекітіліп, мемлекетгің жеке кәсіпкерлікке тікелей араласуына тыйым салатын
құқықтық нормалар қамтылды. 1994 жылы жеке кәсіпорындардың саны 15,7 мыңға
жетіп, осы кәсіпорындарда жалпы 164 мың адам жүмыс істеді (13(.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады,
оларда негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен
кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға қызметтерівде еркіндікті қамтамасыз
ететін кепілдемелер көрсетілген. Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде бизнесті
қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулылар қабылданды.
1997 жылы шағын кәсіпорындар саны 123 мың бірлікті құрады. Заңды және шағын
кәсіпкерлік тұлғаларының тез көбеюіне 1997 жылы шыққан ҚР Президентінің
Жарлығы үлкен ықпал жасады: "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен
дамуын белсендіру шаралары туралы", "ҚР-да аймақтық шағын кәсіпкерлікке
қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және басымдықтар туралы" және
шағын бизнестің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешу үшін қабылданған
бірқатар заң және нормативті актілер. Осылайша Қазақстанда елдегі
калыптасушы нарықтық экономикаға қажетті деңгейде кәсіпкерлік қызмет
еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін шағын
бизнестің берік қүқықтық базасы қүрылды. Қазіргі кезде кәсіпкерлердің саны
жылдан-жылға есш отыр.
Кәсіпкерлік қызметтің табысты болуының критерийі бүл кәсіпорынның тек
өз шығындарын жауып қана қоймай, сондай-ақ рндірісті кеңейтуге мүмкіндік
беретіндей жеткілікті түрде пайда мен табысқа қол жеткізу қабілеттілігі
болып табылады. Қарама-қарсы жағдайда ол банкротқа ұшырауы мүмкін. Фирма
қызметінің тиімділігін бағалаудың басты критерийлерінің бірі - оның
нарықтағы орнының болуы. Нарықта түтынушылардың қажеттіліктері сапалы
деңгейде қанағаттандырылатын кәсіпорын ғана тиімді болып саналады. Нарық
қүрылымы нарықтағы фирмалардың саны, өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемі,
жүмыстар мен қызметтердің әр түрлі деңгейі, нарыққа кіру шарты,
түтынушылардың саны, еңбек ақы төлеу шарты, өнімге сұраныстың ауытқуы және
оның бағаға ықпалы сияқты элементтерден тұрады. Жаңадан ашылып келе жатқан
нарықтар үлкен артықшылыққа ие, өйткені мұнда бәсеке деңгейі жоғары
дәрежеге жетпейді. Өсу стадиясында болатын салалар да тартымды, өйткені
мұнда да нарықта кәсіпорын өз орнын таба алады. Екінші жағынан бизнес
сферасына енгенде өнімдер мен қызмет көрсету үшін қатаң бәсекелік күрес
жүріп жатқан кәсіпорындар жоғарғы шоғырланған аймақтарды, сондай-ақ
дағдарыс стадиясында түрған салалар бар аймақтарды тартудың қажеті жоқ.
Бизнесті үйымдастыру үшін ең дүрысы сыйымды және тез өсіп келе жатқан
нарықтарды іздеу керек. Мүндай нарықтарды иемдену өндіріс келемінің жыл
сайынғы өсімін қамтамасыз етеді. Екінші маңызды мәселе - нарық потенциалы,
яғни саладағы фирмалардың, тұтынушылардың өспелі қажеттіліктерін
канағаттандыру. Бүл жағдайда бастысы уақыт факторы болып табылады. Егер
фирмалар толық қуаттылықпен жүмыс істейтін болса, онда мүндай нарық
тартымды болып келеді (14(.
Қызмет көрсету нарығының да үлесі маңызды мәнге ие. Шетелдік тәжірибеде
нарықтағы үлесі 20 және одан да көп пайызды құрайтын кәсіпорындар тиімді
саналады. Тауарлар мен қызметтер нарығының жоғарғы үлесі тек ғана өндіріс
көлемінің өсімін қамтамасыз етпейді, сондай-ақ шамасы фирманың меншікті
капиталынан асатын кәсіпорынның бағалық қүнын әсіреді. Егер фирманың
потенциалы 5 пайыздан кем нарық мөлшерімен бағаланатын болса, бүл нарықтың
аз ғана үлесін білдіреді, сәйкесінше мүндай фирмалар шағын болып
есептеледі.
Бәсеке деңгейін көрсететін көрсеткіштерге бағаға бақылау, шығындар мен
өткізу каналдарын бақылау, салаға енудегі кедергілер жатады. Баға мен
өзіндік күн, өткізу каналдарын бақылау дәрежесі көп жағдайда бәсекелік
күрес сипатымен анықталады. Негізгі бәсекелес 40-50%, тіпті 60% ие қызмет
нарығы салаға жаңа фирмалардың енуі үшін кедергі болып табылады. Бизнес
тиімді жағдайда болады, егер ол қазіргі заманғы технология, прогрессивті
материалдар мен конструкцияларды пайдаланатын болса, сондай-ақ онда
патенттік қүқық, лицензиялық артықшылық немесе жүмыстар мен қызметтер
орындауға қүқық алу мүмкіндігі болса. Мүндай артықшылықтардың болуы өте
маңызды, өйткені олар салаға басқа бәсекелестердің енуі үшін кедергілерді
тудырады (15(.
Шетелдік авторлар қазіргі бизнестің менеджерлердің жоғары
хвалификациялык тобынсыз мүмкін еместігін баса айтады. Тек қана жаңа
жағдайларға қарай стратегия жасап қоймай, оны өмірге ендіретін жоғары
квалификациялы менеджерлерді ешкім ауыстыра алмайды.
Салада жұмыс істеу тәжірибесі де бизнесті ұйымдастыруда маңызды мәнге
ие. Технологиялық жаңалықтарды ендіру, өндірісті ұйымдастыру, күрделі
нарықтық жағдайда жұмыс істеу бірден бола бермейді, сондықтан инвесторлар
бизнес-жоспарларды зерттегенде салада жүмыс істейтін команда мүшелері
жүмысының тәжірибесіне аса көңіл бөледі және бүл фактор капитал ендіру
сферасын анықтағанда шешуші болып табылады.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар
құрылымында қалдық және старттық шығындар туады. Фирманың түрақты
шығындарына құрал-жабдықтар жалға беру ақысының салықтардың, әкімніл
басқару шығындары кірегініп еске түсірейік. Тұрақты шығындар шығарылған
онім көлеміне тәуелді болмайды.
Қoғамдық ұйымдар-өнімді енгізу мен өндірістің болатын тұрақты
шығындардың бөлігі.
Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзайған сайын фирмада
жұмысшы күшін жалдау мен гимараттарды жаңа беру туралы түрлі шарттар мен
келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен жөне өнімді өткізумен
байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу кемемдері өзгермегенде өзгермейтін
болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуметін арттыру керек болса (техника мен
жүмыскердер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті
секірісі болады.
Осылайша, "түрақты шығындар" түсінігі-салыстырмалы, ондіріс псп
өткізілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі
мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Озғермелі
шығындар жүмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін
есімізге түсірейік. Бұл шығындар өндіріс пен өнім еткеру колемінің
өзгеруімен өзгереді.
Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі
шығындар құрылымында пропорционалды прогрессипті, дегрсссивті шығындар
пайда болады.
Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс пен өнім откеру иропорциясына
қатысты өзгеретін шығындар.
Прогрессивті шығыңдар-өндіріс пен өнім откеруге қарағанда көп деңгейде
өзгеретін өзгермелі шығындар.
Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне карағанда
салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.
Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша
көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уакытта
дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың
экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру
және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен материалдар алынады.
Бірақ та, белгілі бір сәтте, шаруашылық қызмет тиімділікке жету, арзан
шикізат пен материалдарды жақсы қолдану мен сатып алу мүмкіндіктері
таусылатын деңгейге жетеді. Фирма өзінің толеуетін төлық пайдалану
деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шыгындар прогрессипті шығындар сипатына
еніп, олар ондіріс колемі өсуден де тез өсе бастайды. Бұл мынаумең яғни
жұмысшы күші осы немесе басқа себептерден қымбаттайды, онімнің бірлігіне
есептегенде шығындар өсе бастайды, жұмыстардың қарқыны ақаудың пайызын
көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті шығындар басшылар үшін
фирма шаруашылық қызметінің тиімділігінің барометрі болуы тиіс.
Фирманың шаруашылық кызметінің тиімділігі туралы шығындар күрылымыпың
басқа өзгерістері де болады. Шығындар қүрылымы деп жалпы шығындардың
барлық көлемінде фирманың өзгермелі және түрақты шығындардың пайыздық
қатынасын түсінеміз.
Егер А және В екі фирмалардың жалпы шығындары мына түрдс келтіріледі:
А В
өзгермелі шығындар 70% 40%
түрақты шығындар 30% 60%
жалпы шығындар 100% 100%
Осыдан олардың құрылымы өзгеше деп қөрытынды жасауға бөлады.
А фирмасында еңбекті төлеуге көп шығыпдардың болуы, өсы фирмада қол
еңбегінің үлесі көп екендігін көрсетеді. Оған керісіншс В фирмасында
ондірістің жөғары деңгейлі автоматтандырылуына сәйкес жоғары түракты
шығындар мен еңбек ақысында аз озгермелі шығындар.
Өңдіріс шығындары құрылымы қазіргі жағдайда айтарлықтай өзгерді. Жаңа
технологияларды қөлданудың өсуіне байланысты қүрлымында инженер-
электронщиктер, ииженер-программистер, инженер-механиктер олара сәйкес
еңбек ақылары мен басым жөғары мамандықты жұмыс күшіне қажеттілік өседі.
Осы себепнен өнімнің жалпы қүқығында еңбек ақы үлесі айтарлықтай өсті. АҚШ-
нда өнеркәсіп жүмысшыларының еңбек ақысы 2%-дан 10%-қа ості. Фирманың
маркетинтік қызметіне байланысты шығындар 20%-дан 40%-ға өсті, осыдан фирма
стратегиясында пайданы көбейтуде жаңа мәселелер пайда болады (16(.
Пайданы көбейтуде мынандай теориялар мен моделдер болады.
Пайданы көбейтудің дәстүрлі моделі. Дәстүрлі модель мына әдістерге
сүйенеді:
-статистикадық әдіс, өңдіріс пен откізудің бүрынғы көлемдері кезінде
алынған максималді пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;
-экспериментті әдіс, өңімнің көруге арналған партиясының өндірісі мен
өткерілуіне және да осыдан түскен максималді пайдаға негізделеді;
-эксперттік баға әдісі, өндіріс пен откеру көлемдерінің және шығындар
көлемінің эксспорттық баға негізінде максималді пайда алу мүмкіндіктерін
талдауға сүйенеді.
Менеджерлік теория және пайданы ұлғайту моделі.
Осы теорияға келіссек нарықтың тускен жағдайында қатаң бәсеқелестін
ортада фирманың одан шығуға үмтылуында пайданы үлғайту мен тек қана аз
уақытта ғана емес, сонымеп бірге ұзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.
Практика көрсеткендей, осында осы немесе басқа фирманың сайланған
басшыларының тәртіптеріне байланысты мәселе туады.
Сайланған басшылар өздерін жүмыста уақытша сезініп, пайданы үлғайтуды
өздері орынынан кеткенше жақсы сыйлық алуға үлгеру үшін тек қана аз уақыт
кезеңінде жүзеге асыруға ден қояды.
Ірі фирмалардың контракты бойынша сайланған басшылары, сайланған
басшылар емес, максималды пайданы алудың бағдарламасын тек қана аз уақыт
кезеңінде ғана емес, сонымен қатар үзақ уақыт кезеңінде де жасайды.
Маржиналды теория және пайданы көбейтудің моделі.
Осы теория шекті табыс және шекті шығындар тепе-тендігінде пайданы
кобейту туралы тезиске сүйенеді. Шекті шығындар мен шекті табыс есептері
көрсеткендей, олардың тепе-теңдік үш өнім өндірісінде ғана болуы мүмкін.
Шекті табыс - фирманың қосымша өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған
косымша табыс.
Шекті шығындар - әрбір қосымша өнімнің бірлігінің өндірісімен
байланысты косымша шығындар.
Шекгі табыс - шекті шығындар жағдайы фирма жұмысы үшін жетілген және
жетілмеген бәсеке жағдайларында да қолданылады.
Осымен қатар осыпнда мыналарды есепке алу керек:
- жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар тек қана бір
параметріне - ондірілгеп өнім көлеміне бақылау жүргізе алады;
- жетілмегеін бәсеке жағдайында фирмалар екі параметрлерге – өндірілген
онім қөлемі мен олардың бағаларына бақылау жүргізе алады. Бұл мына
жағдаймен түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету
мүмкіндігі бола түрынп максималды пайда беретін өндіріс ақысы 2%-дан 10%-қа
өсті. Фирманың маркетинтік қызметіне байланысты шығындар 20%-дан 40%-ға
өсті, осыдан фирма стратегиясында пайданы көбейтуде жаңа мәселелер пайда
болады (17(.

- статистикалық әдіс, өндіріс пен откізудің бүрынғы көлемдері кезінде
алынғап максималді пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;
- экспериментгі әдіс, өнімнің көруге арналған партиясының өндірісі мен
откерілуіне және да өсыдан түскен максималді пайдаға негізделеді;
- эксперттік баға әдісі, өндіріс пен откеру көлемдерінің және шығындар
көлемінің экспорттық баға негізінде максималді пайда алу мүмкіндіктерін
талдауға сүйенеді.
Менеджерлік теория және пайданы үлғайту моделі.

уақытта ғана емес, сонымен бірге үзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.
Пракгика көрсеткендей, осында осы немесе басқа фирманың сайланған

Сайланған басшылар өздерін жұмыста уақытша сезініп, пайданы үлғайтуды

Шекті табыс - фирманың қосымша ондірілген өнімнің әр бірлігінеп алыпғап

Шекті табыс - шекті шығындар жағдайы фирма жүмысы үшін жетілген және

Осымен қатар осында мыналарды есепке алу керек:
- жетілген бәсеке жағдайында жүмыс істейтін фирмалар тек қана бір
параметріне - өндірілген өнім көлеміне бақылау жүргізе алады;
- жетілмеген бәсеке жағдайында фирмалар екі параметрлер-өндірілген онім
қөлемі мен олардың бағаларына бақылау жүргізе алады. Бұл мына жағдаймен
түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету
мүмкіндігі бола түрын максималды пайда беретін өндіріс көлемі мен
бағалардың оптималды үйлесуіне табуы керек (18(.
1.3 Коспанияның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері
Қаржылық жоспарлау – бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның
барлық кірістері мен ақшалай қаражатарының шығындалу бағыттарын жоспарлау
болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен
объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды
құру көмегімен жүргізіледі.
Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсатты әртүрлі кәсіпорындарда әр
қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне
кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін:
Бюджет экономикалық болжау ретінде,
Бюджет бақылау негізі ретінде,
Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі,
Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте
кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар
осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді құру
бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып
алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар
бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлемшелерде болашақта жасалуы
мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады.
Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста
жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тиімділігі) мен
қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет ( жоспар)
пен қаржылық жоспар ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып
табылады.
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz