Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе5

1 тарау. Жоспарды алдын ала дайындау10

1. 1. Мақсатты шарт талдау10

1. 2. Жұмыстың маңыздылығы12

1. 3. Желінің негізгі қажеттілігі және желіні қолдану тәсілдері15

2 тарау. Желіні жоспарлау18

2. 1. Желінің түрін таңдау188

2. 2. Кабельдер жүйесін таңдау244

2. 3. Желінің технологиясын таңдау266

2. 4. Компьютерлерді желіге қосу үшін арнайы құрылғылар29

2. 5. Желілік программалық қамтамасыздандыруды таңдау333

2. 6. Коммуникациялы протоколды таңдау355

2. 7. Желіде ақпаратты қорғау388

2. 7. 1. Желіні және ақпаратты қорғау тәсілдері388

2. 7. 2. Қорғаныштың әдістерін таңдау - антивирустық программлар400

2. 7. 3. Аутентификация. Авторизация. Қауіпсіздік тобы411

3 тарау. Желінің базалық бапталуы422

3. 1. TCP/IP протоколын баптау422

3. 2. Ортақ желілік ресурстар433

3. 3. Жұмысшы топты баптау455

3. 4. Active Dirесtory каталогтарының қызметтері466

4-тарау. Желіні кеңейту477

4. 1. Сыртқы каналдар арқылы берілетін ақпараттың көлемін анықтау477

4. 2. Байланыс каналдарын таңдау. Интернет провайдері түсінігі 49

§3. Модемді таңдау500

4. 4. Керекті жабдықтардың есебі және желінің монтажы522

4. 5. Желіні құру533

Қорытынды544

Пайдалынған әдебиет . . . 588

Кіріспе

ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Соңғы бір екі жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттілігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Президентіміздің білім саласын ақпараттандыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республиксының үкіметі мекемелерді техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлуде [5, 85 бет] .

Біздің еліміздегі мекемелерге программалау элементтерінің енгізілгендігіне отыз жылдай уақыт болды.

Адам өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлкеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Қазіргі кезде өзінің өнімділігімен, қолдану аймағы және функционалды мүмкіндіктері жағынан бір-бірінен өзгеше электронды есептеу құралдары көп. Осыған қарамастан, есептеу құралдарының бәріне ортақ және негізін құраушы фундаментальді принциптерді атап көрсетуге болады.

Компьютерлерді желіге қосудың мақсаты, қазірігі заманғы компьютерлік жүйелердің құрылу принциптері мен қызметі жайлы ақпарат береді. Компьютерлердің және байланыс құралдарының біріктірілуі компьютерлік жүйелердің ұйымдастырылуы принципіне үлкен әсер етті. Деректерді өндеуге қатысты барлық жұмыстың бір компьютерде орындалуын негізге алған үлгі озара байланысқан мыңдаған компьютерлерден тұратын үлгігіе орын береді. Осындай жүйелер компьютерлік желілер деген атқа ие болды. Компьютерлік желілер - бөлшектенген жүйелердің бір түрі. Желіде қолданушы нақты түрде бір машинаға тіркелуге, алыстағы тапсырмаларды нақты көрсетуге және желі жұмысын нақты білуі тиіс. Компьютерлердің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды [7, 250 бет] .

Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір және немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай озара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискжетек, принтер, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.

Бірінші локальды желілер. 70 жылдың басында компьютерлік компоненттерді өндіру облысында технологиялық өзгерістер пайда болды. Ол үлкен интегралды схемалардың пайда болуымен сипатталды. Олардың салыстырмалы орташа бағасы және жоғарғы функционалды мүмкіндіктері мини-компьютердің құрылуына әкеліп соқты. Мини-компьютерлер технологиялық құрылғылармен басқару тапсырмасын орындайды. Соның негізінде, барлық кәсіпорындар бойынша компьютерлік ресурстарды анықтау концепциясы және олардың өзара байланысы үшін керекті бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері пайда болды. Нәтижесінде алғашқы локальды есептеу жүйесі пайда болды. Олардың қазіргі заманғы локальды желіден айырмашылығы көп болды [27, 3 бет] . Біріншіден, өзінің стандартты емес тартылу құрылғысымен ерекшеленді.

Локальды желінің стандартты технологиясын құру. 80ж орта шенінде компьютерлерді Ethernet, Arcnet6 Token Ring желісіне біріктіру стандартты технологиясы анықталды. Олардың дамуына қуатты стимул атқарған дербес компьютер болды. Бір жағынан олар желілік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысы үшін толықтай қуатты болды. Екінші жағынан, дисктік массивті қымбат перифериялық құрылғыларды айыруды және қиын тапсырмаларды шешу үшін өзінің есептеу қуатын біріктіруді қажет етті. Сондықтан, дербес компьютерлер мини-компьютерлер мен мэйнфреймді ығыстырып, клиенттік компьютер ретінде ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу және сақтау орталығы ретінде де локальды желіні игере бастады.

Қазіргі заманғы тенденциялар. Бүгінгі таңда локальды желінің кабельдік жүйесінің сапасынан қалыспайтын, жоғары жылдамдықты территориялық каналдар байланысының пайда болуымен глобальды және локальды желі арасында айырмашылық күннен күнге азаюда. Глобальды желіде локальды желі қызметі сияқты ресурстарға тиімді және қолайлы қызметі пайда болды. Осындай мысалдар көп мөлшерде өте белгілі Ethernet глобальды желісінде көрсетіледі. Локальды желі де өзгерді. Компьютерлерді біріктіретін белсенсіз кабельдің орнына көп мөлшерде әртүрлі коммуникациялық құрылғылар - коммутаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар пайда болды. Осындай құрылғының арқасында өте күрделі құрылымы бар және мыңдаған компьютерді есептейтін үлкен корпоративті желіні құруға мүмкіндік туды.

Локальды және глобальды желіні бірдей дәрежеде қозғайтын тағы бір өте керекті тенденция пайда болды. Онда бұрынғы есептеуіш желісіне кірмейтін ақпараттар - дауыс, бейнесуреттер, суреттер өңделді. Бұл коммуникациялық құрылғылардың, желілік операциялық жүйенің және хаттаманың жұмысына өзгеріс енггізуді қажет етті.

Қазіргі кезде 130 миллиондаған компьютерлер бар және оның 80% көптеген аппараттық - есептеуіш желілерге біріктірілген, оның ішінде офистағы кішкентай желіден бастап глобальді Internet типті желісіне дейін [12, 169 бет] .

Сонда да, бірнеше уақыт желісіз де өмір сүруге болады. Бірақ, өзіңіздің көзіңізге елестетіңізші: қазіргі замаңғы офис, оның ішінде 3 компьютер (есепші, хатшы, басшы), ал маңызды файлдар дискета арқылы беріліп, оның үстіне жалғыз ғана лазерлік принтер мен сканерге жұмысшы мамандар үлкен кезекте тұрса. Меніңше, ол ыңғайсыз жағдай болады. ЖЕЖ - үшін аппараттық және программалық қамтамасыздандыру құрылғылары көп болғандықтан дипломдық жұмыста осы қарастырылып отырған желім менің ойымнан емес, яғни гипотетикалық желі емес, ал нақты Уәлиханов ауданында қарастырылып отырған желім. Осы желіні фирмаға құрастырғаннан кейін, өзім үшін болған тәжірибем, келешекте маған үлкен көмегін береді және жемісін көрсетеді деп ойлаймын. Дипломдық жұмыстың маңыздылығы, барлық кепілдемелер жүзеге асырылды да және біріктірілген желім жұмыс істеп тұр. Желі қалай жұмыс істейтінің және қандай жеміс беретінін, уақыт көрсетеді, ал желінің бар болғанына болатын дәлел 1-қосымшасындағы Акт.

1 тарауда желіні жобалау үшін жалпы өңдеулер қарастырылады. Сәйкесінше осы тарауда біз желі не үшін берілген, оның маңыздылығын, қажеттілігін, қолдану тәсілдері туралы қарастырамыз

2 тарауда желінің дұрыс қорытындысына келу үшін, желіні жаңғырту және оны әрі қарай дамыту үшін теориялық сатылы жоспар қарастырылады және де осы бөлімде желінің әр құрылғысына дұрыс программалық қамтамасыздандыруды, қорғаныш тәсілдерін, кабельдер жүйесін дұрыс таңдалуын анықтаймыз.

3 тарауда жалпы желінің базалық бапталуы, соның ішінде ортақ желілік ресурстары, жұмысшы топтың бапталуы туралы сөз қозғаймыз.

4 тарауда желіңі кеңейту үшін негізігі компоненттері, модемнің дұрыс таңдалуы, интернет туралы ақпарат аламыз.

Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау

Біздің уақытта көптеген желілердің классификациялары бар. Олардың территориалды. Осы классификацияның 3 түрі бар:

  • Локальді (Local area Network, LAN) -кішкентай аумақта тұрақталған абоненттердің бірлесуі. Мысалы, бір кәсіпорында, мекемеде. Бір ерекшелігі локальді желі шектелген географиялық аймақта тіршілік етеді.
  • Глобальді желі (Wide Area Network, WAN) -бір және әр түрлі қалада, елдерде, мемлекеттерде және континеттерде абоненттердің желіге қосылуы. Абоненттер байланысуы телефон, радио және спутник желісі арқылы байланысады. Ғаламдық есептеу желілермен жұмыс істеу үшін пайдаланушының тиісті ақпараттық және программалық қамтамасыз етуі болуы тиіс. Ақпараттық құралдардың қарапайым жағдайында телефон желісі бойынша байланыс жүзеге асуына жәрдемдесетін модемді қосымша орнату керек.
  • Қалалық желілер (Metropolitan Area Network, MAN) -олар қазіргі кезде ең дамыған болып саналды. Олар тек бертін ғана пайда болған. Олар үлкен қалаларға - мегаполистерге арналған. Локальді желілер қазірге кезде шағын шақырымға, ал глобальді желілер үлкен шақырымдарға арналған желілер.

1 тарау. Жоспарды алдын ала дайындау

1. 1. Мақсатты шарт талдау

Қарастырып отырған желіміз ең жаңа технологияларға сай болып, желі ақпараттық, программалық және желілік жабдықтаумен жабдықталу қажет. Кейінгі уақытта желіні дұрыс кеңейтіп, жаңа пайдаланушыларды қосуға мүмкіндік туғызу керек. Мекемеде Жергілікті Желінің құрылымы жеке қолданушыларға озара жеңіл және жылдам қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді:

  • құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
  • принтерлер, CD-ROMдискжетектері, қатты дискілер және қосымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық жабдықталуын) сияқты жоғарғы бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді;
  • глобальді желі арқылы басқа мекемемен байланысқа шығу және бүкіләлемдік Internet байланысына шығу;
  • мекеменің материалды жағын және қаражатын реттеу;

Ұйым 2 қабатты мекеменің 1-ші қабат бөлігінде орналасқан (1 сурет) . Бұл фирма «Агрофирма Кзылту НАН» атты фирмасы, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында орналасқан. Ол жақын мемлекеттер мен алыс шет елдерге астық өнімдерін сататын фирма. Осы фирмада бұрын желі болмаған. Менің мақсатым басшы берген бұйрықтан, 15 компьютерді сатып алып, оларды Жергілікті Желіге біріктіру және оған арнайы құрылғыларды сатып алу. Мекемеде 14 жұмысшы бөлімдер, 4 коридор, 2 тамбур, 2 әжетхана, 1 сатылы алаң, 1 электр алаң бар. Компьютерлер келесі бөлімдерге бөлінген:

1-ші бөлім (Президент бөлімі) - 1 компьютер; 1 интерактивті тақта; 1 КФҚ 1 ;

2-ші бөлім (Бас бухгалтердің бөлімі) - 1 компьютер; 1 факс; 1 КФҚ;

3-ші бөлім (Сәулетшілік жоспар бөлімі) - 1 компьютер; 1 КФҚ;

4-ші бөлім (Юрист пен менеджердің бөлімі) - 2 компьютер; 1 желілік КФҚ;

5-ші бөлім (Президентті қабылдау бөлімі) - 1 компьютер; 1 факс; 1 КФҚ;

6-ші бөлім (Техник-инвентаризатор мен инженердің бөлімі) - 2 компьютер;

13-ші бөлім (Диспетчердің бөлімі) - 1 компьютер; 1 факс; 1 КФҚ;

14-ші бөлім (Сервер бөлімі) - Сервер; Тоқтаусыз қоректену көзі; 1 HUB;

15-ші бөлім (Директор бөлімі) - 1 компьютер; 1 факс; 1 КФҚ;

16-ші бөлім (Бас маман мен кадрлар бөлімі) - 2 компьютер; 1 желілік КФҚ;

17-ші бөлім (Қабылдау бөлімі) - 1 компьютер;

18-ші бөлім (Администратордың бөлімі) - 1 компьютер;

19-ші бөлім (Асхана бөлімі) ;

22-ші бөлім (Архив) - 1 компьютер; 1 КФҚ;

1. 2. Жұмыстың маңыздылығы

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты «Агрофирма Кзылту НАН» атты фирма үшін компьютерлік желі негізінде Жергілікті Есептеуіш Желіні құру.

Адам өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің осы заманның экономикасын, техникасын, ғылымын одан әрі даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын.

Компьютерлерді біріктіретін беленсіз кабельдің орнына көп мөлшерде әртүрлі коммуникациялық құрылғылар - коммутаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар пайда болды. Осындай құрылғының арқасында өте күрделі құрылымы бар және мыңдаған компьютерді есептейтін үлкен корпоративті желіні құруға мүмкіндік туды.

Қазіргі кезде 130 миллиондаған компьютерлер бар және оның 80% көптеген аппараттық - есептеуіш желілерге біріктірілген, оның ішінде офистағы кішкентай желіден бастап глобальді Internet типті желісіне дейін.

Сонда да, бірнеше уақыт желісіз де өмір сүруге болады. Бірақ, өзіңіздің көзіңізге елестетіңізші: қазіргі замаңғы офис, оның ішінде 3 компьютер (есепші, хатшы, басшы), ал маңызды файлдар дискет арқылы беріліп, оның үстіне жалғыз ғана лазерлік принтер мен сканерге жұмысшы мамандар үлкен кезекте тұрса. Меніңше, ол ыңғайсыз жағдай болады. ЖЕЖ - үшін аппараттық және программалық қамтамасыздандыру құрылғылары көп болғандықтан дипломдық жұмыста осы қарастырылып отырған желім менің ойымнан емес, яғни гипотетикалық желі емес, ал нақты Уәлиханов ауданында «Агрифирма Кзылту НАН» агрофирмасында қарастырылып отырған желім. Осы желіні фирмаға құрастырғаннан кейін, өзім үшін болған тәжірибем келешекте маған үлкен көмек болады және жемісін көрсетеді деп ойлаймын. Дипломдық жұмыстың маңыздылығы, барлық кепілдемелер жүзеге асырылды да және біріктірілген желім жұмыс істеп тұр. Желі қалай жұмыс істейтінің және қандай жеміс беретінін, уақыт көрсетеді, ал желінің бар болғанына болатын дәлел 1-қосымшасындағы Акт.

Мекемеде Жергілікті Желінің құрылымы жеке қолданушыларға озара жеңіл және жылдам қарым-қатынас жасауға осындай мүмкіндіктерді береді:

  • құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
  • құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алу;
  • сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
  • сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
  • принтерлер, CD-ROMдискжетектері, қатты дискілер және қосымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық жабдықталуын) сияқты жоғарғы бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілдету;
  • глобальді желі арқылы бас мекемемен байланысқа шығу және бүкіләлемдік Internet байланысына шығу;
  • Қымбат құралдарды топпен қолдануды ұйымдастыру көмегімен ақшалай шығынды азайтады, мысалы, лазерлі принтерлердің, файл-серверлердің, модемдердің және т. б.
  • желіге қосылған компьютерді пайдаланушылардың мәліметтерді ұжымдық өңдеуін және осы пайдаланушылар арасында мәліметтер алмасу;
  • бағдарламаларды бірлесіп пайдалану;

Дипломдық жұмысымның берілген тақырыбы кәсіпорынның болашақта әрі қарай дамуына және жетілуіне үлкен әсер етеді. Осы күнге дейін локальды ақпараттық желілерді құру және ендіру ақпараттық технология облысында ең қызықты және маңызды. Ақпаратты берудің өзінде уақытқа сай жаңа технологияларды қолдануға тұтынушылық пайда болып жатыр. Қазіргі кезде әлемдік нарығындағы жаңа ақпараттық технологияларды қарқынды қолдану қуатты аргумент болып табылады.

Осы дипломдық жұмыс жұлдыз топология негізінде құрылған локальды желінің тек қана құрылымы мен жұмыс істеудің процесстерін қарастырды. Айта кететінім, топологиялар арасында нақ осы тополгия кеңінен қолданылады. Дипломдық жұмыстың маңыздылығы, жоғарыда барлық келтірілген кепілдемелер практика жүзінде енгізілді.

1. 3. Желінің негізгі қажеттілігі және желіні қолдану тәсілдері

Желінің негізгі қажеттілігі - барлық компьютерлердің қолданушыларға ресурстарды бірлесе қолдану мүмкіндігінің туғызуы болып табылады.

Мекемелерге есептеу желілерін қолдануға келесі мүмкіндіктерді туғызып отыр:

  • Қымбат ресурстарды бөлу;
  • Жаңа ақпаратқа қол жеткізу;
  • Қолданушылар арасында байланыс орнату;
  • Компьютерлік ресурстарды ортақ пайдалану;
  • Перифириялық құрылғыларды ортақ пайдалану;
  • Компьютерлердің желісін орталандыру;
  • Мәліметтер базасымен ортақ пайдлану;
  • Берілгендердің қолма-қол көшірмесін жасау;
  • Мәліметтердің жоғарғы қорғанышы;
  • Бүкіләлемдік желіге кіру.

Жоғары аталған мүмкіндіктер мекемелердің жұмыс көлемінің артуы, ұйымдарға кіріс көлемінің молаюына әкеледі. Егер де компьютерлерді желіге қосу, өндірістегі астықтың шығарылу мерзімі немесе тұтынушы тапсырыстарының қызмет көрсетулері - есептеу желінің қолданылуының қажеттілігін көрсетеді [17, 63 бет] .

Жергілікті желі - бұл компьютерлердің арасында ақпараттар жеткізу үшін кабельдер (кейде телефондық желілер немесе радиоарналар) арқылы өзара жалғастырылған бірнеше компьютердің тобы. Компьютерлерді жергілікті желіге жалғастыру үшін желілік жабдықтар мен бағдарламалық жасақтама қажет. Ең қарапайым желі кем дегенде бір біріне кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Жергілікті желі мыналарды жасауға мүмкіндік береді (1-сурет) .

Сондықтан бірден артық компьютері бар барлық фирмалар із жүзінде оларды жергілікті желіге біріктіреді. Алып жүретін компьютерді пайдаланушылардың көпшілігі не фирманың кеңсесіне келіп, не телефон арнасы бойынша арқылы фирманың компьютерімен жалғастыра отырып, жергілікті желіге қосылады.

1-сур. Жергілікті желінің қолданылу аймағы

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру үшін мыналар талап етіледі:

  • желіге қосылатын әрбір компьютерге жергілікті желіден компьютер ақпарат алуға және желіге мәліметтер беруге мүмкіндік беретін желілік адаптер (кейде желілік тақша термині пайдаланылады) орнату керек;
  • компьютерлердің, сондай-ақ желіге қосылған басқа құрылғылардың (принтерлердің, сканерлердің және т. б. ) арасында мәліметтерді жеткізу үшін оларды сымдармен жалғастыру керек. Желілердің кейбір типтерінде сымдар компьютерлерді (шырша гирляндісіндегі электр шамдары сияқты) тікелей жалғастырады, басқаларда кабілдерді жалғастыру арнайы құрылғылар - хабтар, қосқыштар және басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті желіде тұрған компьютерлердің тізімін қарап шығу үшін жұмыс үстеліндегі Желілік орта таңбашасында тінтуір пернесін екі рет шерту керек (2-cурет) .

2-сур. Желілік орта.

Ашылған терезенің оң жағындағы Жұмыс тобының компьютерлерін бейнелеу тармағын таңдау керек. Терезенің сол жағында желідегі атаулары бар компьютерлердің таңбашалары бейнеленеді.

Желі пайдаланушылары үшін қалтаға ортақ қатынас құруды баптау қалтаның мәтінмәндік мәзірі арқылы ашылады.

Басқа пайдаланушылар Сіздің Компьютеріңіздің белгілі бір қалтасынан файлдарды ашып, оқи алуы үшін мына әрекеттерді орындау тиіс:

  • Егер сіз басқалардың қатынас құруын қаласаңыз, онда қатынауға болатын қалтаны таңдаңыз да, оны тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған мәзірде Ортақ қатынас құру және қауіпсіздік әмірін таңдаңыз.
  • Қатынас құру қоймасына өтіңіз де, Желілік ортақ қатынас құру және қауіпсіздік бөлімінде осы қалтаға Ортақ қатынас құруды ашу жалаушасын орнатыңыз.
  • Егер өзге пайдаланушылардың осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын қарасаңыз, яғни, толық ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желідегі пайдаланушыларға файлдарымды өзгертуге рұқсат беру құсбелгісін орнатып, Қолдану батырмасын басыңыз [19, 421 бет] .

3-сурет. Қалтаға ортақ қатынасуды ашу.

2 тарау. Желіні жоспарлау

2. 1. Желінің түрін таңдау

Кез-келген компьютерлік желі:

  • Топологиясымен;
  • Хаттамаларымен;
  • Интерфейсімен:
  • Желілік техникалық және программалық құралдарымен сипатталады.

Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы құрылымдық баланысты көрсетеді.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді ортақ компьютерлік желіге біріктіретін әртүрлі құрылымдар.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарады және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.

Хаттамалар - желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін қағидалар.

Интерфейстер - желінің функционалдық элементтерін өзара қосатын құралдар. Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе программалық модульдер қолданылуы мүмкін. Сондықтан да, пограммалық және жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.

Локальдық желі деп бірнеше бөлек компьютерлік жұмыс орындарының (станцияларының) берілген хабарды тарату мақсатында бір арнаға келтіруді түсінеміз. Ең қарапайым желі бір-бірімен кабель арқылы жалғасқан ең кемінде екі компьютерден тұрады. Бұл оларға берілгенді бірлесіп қолдануға мүмкіндік береді. Барлық желілер (күрделігіне байланыссыз) осы қарапайым принципке сүйенеді. Берілгендерді бірлесіп қолданудың практикалық қажеттілігі - компьютерлік желілердің тууына себепші болды.

Локальдық есептеу желілері түсінігі - ЛЕЖ (Ағылшын Lan - local Area Network) географиялық шектеулер аппараттық - бағдарламалық жүзеге асыру құрылғыларына, яғни қарым-қатынас жасауға сәйкес тәсілдерінің көмегімен бір-бірімен байланысты бірнеше компьютерлік жүйелер ұғымымен анықталады.

Бұл байланыстың арқасында қолданушы бұл желіге қосылған басқа жұмыс станцияларымен байланыс жасай алады. Басқаша айтқанда, локальдық желі деп біршама шектелген аумақта орналасқан, бір-бірімен байланысқан топты айтады.

Локальдық желі бір бөлмеде немесе бірнеше станцияларынан, администрациялық мекеменің қабаттарына шашылған, сонымен қатар ауданның бірнеше мекемелерінен тұра алады.

Локальдық есептеу желілер басқа желілерден өзінің географиялық аумақтын бырыңғайлығымен еркешеленеді (бір бөлме, бір мекеме, бір аудан) . Өндіріс тәжірибесінде желілер басты рөл атқарады. Желілер арқылы бірлескен жабдықтар, бағдарламалық құралдар және ақпараттарды қолданатын шектелген көптеген жұмыс орындарында орналасқан персоналдық компьтерлерді білуге болады. Компьютердің негізгі бөліге Батыс елдердің басқа да жерлеріне кіріптіріледі. Тәжірибеде істен шыққан желілердің 80%-ына жуық желілер арқылы жеткізілетін ақпараттың желілері бір кеңсенің негізінде түйіседі [23, 20 бет] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Топырақтарды жіктеудің принциптері
МТҚ құрылымдық схемасын және абоненттік желілерді нөмірлеу жүйесін әзірлеу
Топырақтарды классификациялау
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Атырау қаласында кеңжолақты қатынау желісінің жобасын жасау
Машиналық оқыту алгоритмін құжаттарды топтау үшін қолдану
Компьютерлік желілер жайында мәліметтер
Байланыс желілерінің дамуы
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz