Қазақ даласындағы құқықтық қатынастар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

І-тарау. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары 9
1. Қазақ халқының қалыптасуы және ондағы құқықтық қатынастар 9
2. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдет-ғүрып 18
3. Кәдімгі құқықтың бастауы ретіндегі би институты 26

П-тарау. ХҮ-ХУІН ғасырдағы қазақ халқының әдептік құқықтық
жүйесі 40
1. Қасым ханның қасқа жолы 40
2. Есім ханның ескі жолы 46
3. Тәукенің жеті жарғысы және билер соты 53
4. Абылай түсындағы қазақ мемлекеттілігінің құқықтық негіздері 72

Ш-тарау. ХІХ-ғасырдағы қазақ даласындағы
құқықтық
қатынастар 79
3.1. 1822-1824 жылдардағы реформалар және Қазақстан 79
3.2. XIX ғасырдың 60-90 жылдардағы патша үкіметінің қазақ даласында
жүргізген реформалары және оның қүқықтық салдары 90

Қорытынды 104
Сілтемелер 107
Қолданылған әдебиеттер 113
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Әлемде, оның
мәдени арналарында тарихи өлшем бойынша айтарлықтай маңызды, бірақ, соған
қарамастан адамзат үшін әлі де жұмбақ болып қалып отырған, лайықты деңгейде
бағаланбаған қүнды қүбылыстар көп. Олар көбіне-көп тарих қойнауынын
шырғалаң қатпарларында шырмалып, өркениет дамуының сарабдал жолдарынан
түрлі себептермен тыс қалып қойды.
Көшпелі өркениет адамзат тарихында болған десек, онда оның өзіндік
ерекшеліктерімен толастай түскен байтақ аймағы Үлы Дала аталатын, жер
шарының Орталық-Азиялық бөлігі саналмақ. Сол кездегі осы аймактағы елдердің
этникалық қүрамын негізінен түрік тектес халықтар қүрады, сондықтан да, бұл
даланы мәдени-этникалық мағынада Түран, Түркістан деп атаған. Қазақтың көне
қүқығы, үлан-ғайыр "еркін" аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі
еркениеттің төл туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мүрасы.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген халықтар өмірінде көптеген ғасырлар
бойы астаң-кестең оқиғалар және өзгерістер болды. Осындай қилы тарих
шырмауынан көне дәуірдің мүрасы ретінде үрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі
қүндылықты сақтап қалды, ол — Сөз Қүдіреті мен Заң Қүдіреті деп көрсетеді
академик Зиманов С.З [1].
Әдеттік-күқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне
негізделген қазақ қүқығы өзінің реттеушілік мәнін XIX ғасырға дейін, кейбір
жағдайларда XX ғасырдың басына дейін жоғалтпай сақтап келді. Қазақ
қүқығының бүлай үзақ өмір сүруін екі негізгі жағдаймен түсіндіруге болады:
біріншіден, көшпелі өркениеттің шаруашылық-түрмыстық, дүниетанымдық
негіздері Қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталды. Екіншіден,
казақ қүқығы халықтың тыныс тіршілігінің өзегімен қисындас болатын,
халықтың өзіне жақын-тәндес, жалпы адам баласының мәңгілік рухани бітім-
болмысына, талабына сай болатын, Қазақ қүқығы - - қазақ халқының және
барлық көшпелі өркениетінің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық, тарихымен
ерекшелігі және өміршендігімен адам еркіндігін жақтаған сипаттармен әлем
назарына ілінді.

з

Үлы Далада, көшпелі өркениеттің негізін құраған қыпшақтар даңқының
үстемділігінің ерте қүлдырауы, тиісінше, Қазақтың қүқықтық мәдениетінің
беделі мен рөлінің қүлдырауына соқтырмағандығы таңқаларлық жағдай. Бүл
қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланын "еркіндік" қабілетінің
сақталуымен, "оқшау" орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де,
ортағасырдағы қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы,
өркендеп өскен Ортағасырлық шығыс, оның ішінде түркі, қытай және монғол
жазбаларында, сондай-ақ, кейбір батыс және орыс жиһангерлерінің,
зерттеушілерінің және жаңа замандағы жергілікті қайраткер-лердін
енбектерінде біз Қазақстанда "Алтын ғасыр" дәуірі болды деген күжаттарды
жиі үшыратамыз. Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы
болған жоқ. Өз мәні бойынша ол қазақ даласын отарлап алғысы келгендер мен
оның еркіндігін аңсағандардың арасында болған үздіксіз күресті көрсеткен
тарихи сипаттады. ¥рпақтардың арманына айналған бүл аңсаудын негізінде әділ
төреші, ақыл мен арды тең үстаған әрі шешен, тарихи түлға "бидің" атымен
байланыстырылатын "әділетті тәртіп" идеясы жатыр. Би қазақ даласында хан
болған жоқ. Бірақ ол өзінің жеке қасиеттері мен әлеуметтік межелер биігінде
ханнан да жоғары түрды. Сондықтан да халық, арасында: "Ханда қырық кісінін
ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар" деген түсінік қалыптасқан.
Қазақтың әдеттік-қүқықтық жүйесі тарих бойы қалыптасқанын, оның әртүрлі
ғасырлар үнімен әуендестігін баса айтпаса болмайды. Бір жағынан алғанда,
оның консервативтік сипаты, екінші жағынан көшпелі өркениет аумағында әркез
қозғалыста, дамуда болғандығы сезіледі. Осындай өзгерісті қозғалыс
барысында би қазақтың қүқықтық дәс-түрлерінің сақтаушысы ретінде көрініс
тапқан. Бүл оның кәсіптік қызметінің міндетті қыры болып табылады. Сонымен
қатар, би — ¥лы Дала қүқығын еркін талқылаушы, әрі оның нормаларын қоғам
өзгеруіне сай қолданушы.

4

Тарихнама: Қазақ әдет-ғүрып қүқығын зерттеудегі осы күнге дейін істелген
істер бүл саладағы бастама ғана. ХТХ-ХХ ғасырдың ортасына шейін қазақ
қоғамындағы ежелгі әдет-ғүрып қүқығын танып-білуде ең алғашқы қадамдар
жасалды. Оның жалпы мәні кейбір аспектілері төңірегінде ой-пікірлер
айтылды. Яғни Кеңестік дәуірге дейін қазақ қоғамындағы заңдар ережесін
біршама зерттеген өз халкымыздың өкілі Х.Өскенбаев, өзге елдің өкілдері
А.И.Левшин, Д.Андре, Баллюзек, Сперанский т.б. ғалымдардың еңбегінде "Жеті
жарғы" туралы толымды ойлар айтылып, күнды пікірлер қалған. Әр жылдардағы
қалам тартқан ғалымдардың бірлі-жарым зерттеу еңбектерінен іріктелініп
алынған заңдар ережесі Ресей мемлекетінің мүрағат деректемелерінде "Тәуке
хан заңдары" деген атпен мәлім болған. Ережелердін пайда болуына
тоқталатын болсақ, бүл туралы екі түрлі көзқарастың орын алғандығын белгілі
заңгер ғалым З.Ж.Кенжалиев орынды ескертеді. Ол "...зерттеушілердің бір
тобы: Т.М.Күлтелеев, Ғ.С.Сапарғалиев, Н.Өсеров, т.б. болжам пікірінше
ережелер көшпелі қазақ қоғамына ежелден тән күбылыс. Сахара жүртынын
қүқықтык өмірінің тарихында Ережелердің алатын орны бөлек. Ережелердін даму
эволюциясы көшпелілердің қүқықтык мәдениеті тарихының кішігірім бейнесін
береді,.. десе, зерттеушілердің екінші тобы: С.З.Зиманов, С.С.Сартаев,
С.Созакбаев, Ш.Андабеков, т.б. Ережелер XIX ғасырдың ортасында ғана пайда
болган дейді. Яғни бүл Ережелер қазақтар Рссей империясының отары болған
дәуірінің туындысы мен көрінісі,"- деп түжырымдайтынын айтады.
Дегенмен де бүл саланың ақтандақтар өте көп. Сондықтан да, аталмыш
мәселелерді түбегейлі зерттеу бүгінгі таңда маңызды болып отыр. Өйткені, ол
қазіргі біздің мемлекеттігіміздің бекемдігіне, еліміздің қүқықтық
нормаларын жетілдіруге, тарихи ақтаңдақтарымызға көз жүгірте отырып, сот
жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға септігін тигізері сөзсіз.

5

Жүмыстың хронологиялық ауқымы: Зерттеудің хронологиялық шеңбері ХҮ-ХУІП
ғасырдағы қазақ халқының қалыптасуы мен ата заңдары, құқықтық қатынастар
мен дәстүрлі әдет ғүрыптар осы ғысырлар арасын қамтыты. Және осы ғасырларда
Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік қүрған
жылдары 1511-1523) саяси жағдайға және халық бүқарасы мен билер тобының
тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық, ереже-
тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса
отырып, "жарғы" заңын жасады. Қазақ хандығының кемелденген тұсы - "Қасқа
жолды" Қасым ханның мемлекет басқарған кезеңі (1511-1523 жылдар аралығы).
Есім хан қазақтарға 1598—1628 жылдары хан болған.
ХІХ-ғасырдағы 1822-1824 жылдардағы реформалар және 60-90 жылдардағы патша
үкіметінің қазақ даласында жүргізген реформаларымен аяқтау орынды болып
есептелді.
Зерттеудің ғылымы жаңалығы: Дипломның гылыми жаңалығы мынада: ХУ-ХХ
ғасыр арасындағы Қазақ мемлекеттілігінің қүқықтық негізі жөнінде ғылыми
зерттеулері, теориялық көзқарастары, ғылыми мүралары жайлы толық және
дәлелді еңбек болуында.
Дипломдық жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары: біріншіден толық тариха-
тарихнамалық талдаудан өткізілуі. Екіншіден, жүйелі түрде зерттелуі.
Үшіншіден, әдістемелік желісінде жаңаша көз қарас, шынайы ғылыми пікір
қалыптастыруға үмтылыс жасалынды.
Тақырыпты қарастырудың мақсаттары мен міндеттері: Ғылыми ойларды сонымен
қатар жеке факторларды да ескере отырып біз, әдет-ғүрып қүқығы баптарының
мәнін, салмағын, қазақ әдет-ғұрып қүқығы жүйесін оның жекелеген
иститутгарын және нормаларын танып-біліп, зерделеуді, көшпелі қоғамның
жалпы сипатын немесе оның дамуының түбірлі зандылықтарын білуді негіздей
отырып, сонымен бірге ондағы қоғамдық қатынастардың нақты салаларының және
қабаттарының даму түрлерін, деңгейлерін, шарттарын

6

және қырларын анықтауды ескердік. Осыған байланысты біз қазақ әдет-ғүрып
қүқығын қарастырғанда Ежелгі қазақ заңдарының жинақтарын және сақталған
қолжазбалардың зерттелген деректеріне, революцияға дейінгі қазақтың
қоғамдық қайраткерлерінің саяси көзқарастары мен олардын қүқықтық ой-
танымдарын, сонымен бірге әдет-ғүрып мекемелеріне деген ойларын да
саралауды мақсат еттік. "Дала заңдары" туралы орыс және шетел ғалымларының,
саяхатшыларының жазбаларын, пікірлерін, әдет-ғүрып қүқық институттарын,
олардың тарихын және даму эволюциясын қарастырды. Қазақ әдет-ғүрып
қүқығының институттары мен ережелерінің Кеңес өкіметі дәуіріндегі тағдырын
зерттеуді, оның негативті, күшін жою жолдарын, сондай-ақ кейбір әдет-ғүрып
қағидаларының әлі де күшінде екендігін анықтау, талдауды мақсат түттық.
Тарихымызда "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке
ханның "Жеті Жарғысы" атты қазақтың әдет-ғүрып заңдарының жинағы болғаны
әмбеге аян. Алайда, осы қүнге дейін бүл заңдардың түбі, мазмүны мен
қамтитын мәселелері ғылымда мүлдем белгісіз болып келген. Ешкім, ешуақытта
бүл мәселені арнайы зерттемеген. Сонымен бірге қазақ қоғамының қүқықтық
мәдениетінің денгейін сипаттауда маңызы зор екені белгілі. Аталған
мақсаттар мен міндеттерді негіздей отырып, біз тақырыпты қарастыруда біз
оны үш тарауға бөлуді жөн санадық І-тарау. Қазақтың ата заңдары және оның
бастаулары деп алынып, қазақтың қалыптасуы және ондағы қүқықтық қатынастар,
қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдет-ғүрып, кәдімгі қүқықтың бастауы ретіндегі
би институтын сараладық. П-тарау. ХҮ-ХУПІ ғасырдағы қазақ халқының әдептік
қүқықтық жүйесі талданып, яғни Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі
жолы, Тәукенің жеті жарғысы және Абылай түсындағы қазақ мемлекеттілігінің
қүқықтық негіздері қарастырылды. Ш-тарау. ХІХ-ғасырдағы қазақ даласындағы
қүқықтық қатынастарға ой жүгіртіп, 1822-1824 жылдардағы реформалар және XIX
ғасырдың 60-90 жылдардағы патша үкіметінің қазақ даласында жүргізген
реформалары және

7

оның қүқықтық салдары сараланды.
Сөз соңында нақты деректерге жүгіне отырып қорытынды
жасалып,
қолданылған әдебиеттер тізімі берілді.

8

І-тарау. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары. 1.1. Қазақ
халқының қалыптасуы және ондағы құқықтық қатынастар.
Қазақ халқының қалыптасу процесі екі жарым мың жылға созылды. Қазақ
этногенезінің дәуірлері 4 кезеңге бөлуге болады.
1) Бала қазақ дәуірі б.э.д.імыңжылдық б.ғ. Уғ. дейін.
2) Ата қазақ дәуірі б.з. УІ-Хғ.
3) Қазақ хандығының этникалық түр-тегінің қалыптасуы ХІ-ХІПғ.
4) Қазақ халқының қалыптасу процестерінің аяқталу дәуірі.
Моңғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде түрлі тайпалардың қоныс аударуы
олардың өзара бірігуін жылдамдатты.Оңтүстік,Орталық және Солтүстік Шығыс
Қазақстан территориясы Ақ Ордаға Жетісу өлкесі Моңғолстан қүрамына кірді.
Өзара қырқысу мүрагер таласу нәтижесінде ХУғ. басында Ақ Орда ыдырады. Ол
Ноғай Ордасына және Өзбек хандығына бөлінеді. Өбек халқының қүрамына:
арғын, барақ, жалайыр, қаңлы және т.б. кірді. Ноғай Ордасына: маңғыт,
найман, қыпшақ, алшын, қоңырат, қаңлы тайпалары кірді. Моңғолстан мен Ноғай
Ордасы ыдырағаннан кейін қазақ этнонимі Жетісу мен ПІығыс қыпшақтың Батыс
бөлігінің халқын қамтыды. Осы кезде қазақ этнонимі халық атау ретінде
Қазақтын үғымы оны мекендеген территорияның аты ретінде бекіді.
Халық дегеніміз шаруашылық тарихи территориялық, тіл, әдет-ғүрып, рухани
бірлікке негізделген адамдардың жиынтығы.
Тарихи археологиялық және лингвистикалық деректердің жиынтығы қазақ
халқының қүрылу үрдісін негізінен ХГУ-ХУғ. аяқталғандығын көрсетеді.
Әділгереевтің айтуы бойынша: "Қазақ халқы Батыс-Түрік
қағанаты", "кезінде яғни VI ғ. қалыптасты" деген пікір айтады.
Сәрсен Аманжолов "Қазақ халқы Х-ХІІІғ, яғни ерте түрік мемлекеті кезінде
қалыптасқан", "Шығыс зерттеушісі В.Зерновтың айтуы бойынша: Исследование о
касемонских царей и царевичах" еңбегінде қазақ халқының қалыптасуын ХГУ-
ХУғ. жатқызады. Осы кезең қазақ халқының қалыптасуына

9

әкелді дейді[2].
Көптеген этникалық және саяси шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде қазақ
жерінде негізінен 3 этникалық территориялық бірлестіктер пайда болды.
Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз деп аталады. Жүз дегеніміз-ірі тайпалық
бірлістіктерінің одағы, болмаса қазақ халқына қарасты тарихи дәстүр арқылы
бөлінген одақтар. Тайпалық одақтардың үйтқысы ірі-ірі тайпалар болды.
Мысалы ¥лы жүз-үйсін, Орта жүз-арғын, Кіші жүз-алшын аталуында осындай
болуы мүмкін.
Манаш Қозыбаевтің айтуынша: Қазақ елінің бір этнотерриториялық
бірлестікке бөлінуі қалыптасуы ғасырлар бойы жүріп жатты. Жүздердің табиғи
географиялық факторға сай көшпелі өмір сүрген ғасырлар бойы 3 аймақта ту
көтерген мемлекеттік дәстүр қалыптасқан ру тайпаның байланыс ықпал етуі
мүмкін деп көрсетілді. Сонымен қатар географиялық факторларда ролі ерекше
болды. Қазақ халқы Евразияның орталық даласында қалыптаты, ал
этнотерриториялық бірлестіктер жүздіктер отан қорғау мүддесіне де сай
келеді. Қазақ тарихындағы күрделі мәселелердің бірі жүздердің пайда болуы
нақты тарихи жазба-деректердің жоқтығынан қазақ жүздерінің пайда болуы әлі
күнге дейін жауулы болып отыр.

Жүз дегеніміз этнотерриториялық бірлестік.

¥лы жүз
Орта жүз
Кіші жүз

Территориясы 4
1
Алатаудың Батысынан Балқаш Шу өзенінің Солтүстік жағасына дейінгі
жерлер. Сырдариядан Жетісуды қоса алғанға дейінгі жерлер.
Тарбағатайдан Балқаш
көліне дейін Шу
өзенінің жоғарғы
жағынан Қаратаудың
жоталарына дейін яғни
Орталық Солтүстік
Қазақстан бір бөлігі.
1
Сырдарияның төменгі
ағысынан бастап Арал
теңізі жағалауынан
дейінгі жерлер Каспий
маңының Солтүстік
бөлігі Орал, Ембі,Тобыл бойлары өзендері.
ю

Жүздердің құрамына кірген тайпалар.

¥лы жүз Орта жүз Кіші жүз
үйсін, дулат, арғын,найман, Әлімүлы байүлы жеті ру
албан,суан, керей,
шапырашты, қоңырат,
қаңлы, ысты, қыпшақ,уақ,
жалайыр,сіргелі,қаржас,қара-
ошақты. кесек.
Кете Адай,алаша, Жағал байлы,
шөмекей, байбақты, төсеу ноғайлы
төрт алшын жаппас табын тама.
қара-кесек қызыл қүрт
шекті.
Қазіргі кездегі алып жатқан территориясы.
Алматы, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда,
Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе Батыс Ішінара Батыс,
Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан Қазақстан.
Торғай,Талды- Петропавл, Шымкент Өскемен
қорғанДшінара, Қостанай, Оңтүстік Шығыс
Қызыл-Орда, Семей,
Оңтүстік және Жезқазған,
Орталық Орталық,
Қазақстан. Солтүстік,
Шығыс
Қазақстан.

Жүздердің пайда болу туралы болжамдар қазақ тарихының тарихнамасыеда
өте көп. Солардың әр біреуіне шолу жасай отырып Әмірбеков зерттеушілердің
пікірін 5 топқа бөледі.
1-ші топқа: жүз сөзінің сандық үғымына, көңіл бөлгендер — Левшин
Чуловиников
2-ші топқа: жүзді әскери тайпалық үйымдастырушысы деп жүйелеуде
түсінгендер — Зуль, Востров, Муканов. 3-ші топқа: Қазақ
жерлерінің Шыңғыс хан үлысына бөлінуі мен

11

түсіндіретіндер —Тынышбаев.
4-ші топқа: Ежелгі Юз тайпаларының екіге бөлуімен байланыстыратын
зерттеушілер — Қытайдың қазақ тарихшылары Нығмет Мыңжани.
5-ші топқа: Жүздерге шаруашылық экономикалық және климаттық
географиялық жағынан бөлінген территориялар деп
қарайтындар—
Бартольд, Июдин, Қозыбаев, Зернов.
Осылай бөле келе Әмірбеков жүздердің пайда болуын қазақ мемлекеті
қалыптасқан кездерден бастап қарастырған дұрыс сияқты
деп
тұжырымдайды және үш жүздің қалыптасқан кезі Хақназардың түсында
болуы мүмкін деген пікір айтады.
Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алысқа көшіп-қону табиғи
географиялық жағдайлармен қатар халыққа негізінен түрақты егіншілік пен
қолөнер пайда болды.
ХУІ-ХУПғ. Қазақ қоғамында көшпелі және жартылай көшпелі негізінде
патриархалдық, феодалдық қатынастар жүйесі билік етуші жүйеге айналды.бұл
кезде Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекет, яғни хандықтар болды.
Олардың әрқайсысы сұлтандардың жеке ірі феодалдық иеліктеріне бөлінді.
Қазақ хандықтарының күрделі мемлекет аппараты болған жоқ. Басқару
мақсатында феодалдық қатынастарға бейімдөлген патриархалдар рулық
институттар пайдалануда. Сырт қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан
мемлекет басқарушы, қаулы күштердің басшысы және жоғарғы төре болды.
Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Хандықтың құрамына кіретін бірнеше руды
сүлтандар биледі. Қазақ хандықтарында әскери үйым күрделі емес еді,түрақты
әскер болған жоқ. Сырттан қауіп туған жағдайда ғана жасақ қүрылып отырды.
Шаруалардың экономикалық жағдайлары бірден болған жоқ.сондықтан феодалға
тәуелділік дәрежесі де әр түрлі болды. Шаруалардың кей бөлігі экономикалық
жағынан аз да болсын қамтамасыз етілген жай шаруа болды. Халықтың көп
бөлігі кедей шаруалар болды. Олардың көпшілігі тұрмыс құруға мүмкіндігі
болғандықтан отырықшылыққа ауысты оларды "жатақтар" деп атады. Феодалдық
қанау

12

көптеген салық салуды олардың непзгелері зекет және үшыр жинау. Малшылар
зекет төлем төледі, ал егіншілер үшыр төледі. Қазақтың хандық мемлекетінің
қажетіне керекті шығындар халықтың жиналатын феодалдық салықтардан басқа
соғыстан түсетін олжадан сот алымынан және қайырымдылық қорынан алып
отырды. Бүдан басқа әртүрлі салық түрлері болды. Ол соғым деп аталды,
сыбаға, әскерді қамту үшін таға деген салық алымды осы кезде қазақ
қоғамында праврның негізі әдет-ғүрып, адамгершілік өлшемдерден феодалдардың
келісімдерінен ханның хан төңірегіндегі билердің шешімдерімен, сот
кесімдерінен сондай-ақ билер съезінде қолданылатын ережелерден қүралды.
Осымен бірге жер дауы қылмысты анықтау қүқықсы феодалдық базиске
сәйкестіндірген өте қарабайыр болды.
ХУ-ХУПғ. қазақ қоғамының таптық қүрамы феодаодық жер иелену
ерекшеліктерін белгілеп берді. Қазақ қоғамындағы қүқықлық қатынастар
бойынша - топ: төрелер және қожалар бөлініп шықты. Қазақ қоғамы 2
антогонистік топқа бөлінді:
1. эксплуаторлар-хан, билер, сүлтандар, төре, қожалар, байлар, батырлар.
2. езлушішарулар, еңбекшілер, кедейлер, төменгейттер, қарашалар, жатақтар,
қүлдар.

1) хандар және сүлтандар - "төрелер" жоғары феодалдық арестократияны
қүрады. Тек осы төрелер ғана бүкіл қазақ жеріне билік жасап мемлекетті
басқара алды.Олардың жеке басына қүн бен айып төленді.
2) Билер-ең көп феодалдық сословия болды. Бүлардың түп атасы қазақтар
болды. Кейін бүл мүрагерлік арестократияларға айналды.Олар рудың жеріне
билік жасады.

3) Байлар-қарадан шыққан ірі мал өсірушілер.Олар өз қарамағындағы жерлерге
басшылық жасап қойған жоқ билердің,сүлтандардың ішкі және сыртқы саясатына
әсер етіп отырды.
4) Батырлар-әскери басшылар, батырлар, ақсүйек сүлтан, би, бай, қара
халықтан да шықты.

13

5) Мүсылман дін иелері-қожа, имам және молдалар болды.
6) Шаруалар: а) қонысшы шаруа б) егінші шаруа в) кедейлер, жатақтар,
рулар.
ХУ-ХҮШғ. Қазақ хандығындағы патриалхалды рулық қүрылыс сарқыншақтары
сақталған ерте феодалдық Монғолия болып сонымен қатар көшпелі шаруашылық
үйым мен бірге халықтын рулық үйымдарында сақталды. Алайда рулық ру мен
ешқандай қатысы болмады. 1-ден ол таптық қайшылықтармен бөлінді. 2-ден ол
қандық принципте және көршілік қауім негізінде қүрылды.
Қазақ мемлекетінің негізгі ерекшелігі үстемдік етуіне феодалдық таптың,
экономикалық және саяси қажеттіліктеріне жауап беру мақсатында үзақ даму
жолынан өтті. Кейіннен ру формалді түрде аталды, қазақтардың рулық үйымы
жүздіктерден, тайпалардан түратын 26 өте ірі рулық бірлестік болып
табылады.Қазақтардың негізгі маңызды экономикалық және саяси өмірінің
бірлігі ауыл болып табылады. Ауылда 10-15 жанүя түрады.
Қазақ хандығының мемлекттік үйымының бір бөлігі бола отырып әр бір ру
өз іштен ерекшеліктерін сақтады. Мысалы:
1) Әр бір ру мүшесі өздерінің 7 атасын білу керек болды.
2) Әр бір ру бүкіл руға берілген жерге көнгу керек және сол жерде түру
керек.
3) Әр бір ру мүшесі өзінің руластарын қорғау керек. Ал егер ру мүшелерінің
біреуі өлтірілсе, рудың басқа мүшелері жауап беру керек.
4) Руластар бір-біріне қажет болған жағдайда қүн, айып төлеуге көмектесу
керек.

5) Жесір әйел екінші рет түрмысқа өзінің бүрынғы күйеуінің руының
адамына ғана шығу керек.
6) Әр бір ру өздерінің қайтыс болған адамдарын жерлейтін қасиетті жері
болуы керек.
7) Әр бір рудың өзінің таңбасы болды.
8) Әр бір рудың өзінің әскери үраны болды.

14

Жүздерде рулардың үлкендігіне қарай силастық принципі сақталды.Көп жанды
бай және күшті үлкен рулар ру болып саналды. Кедей және әлсіз рулар үлкен
рулардың айтқанынан шықпауға тиіс болды. Халықтың руларға бөлу, рулық
тәртіпті сақтау, рулар арасындағы үлкендік, рулық қырқыс тағы да басқа кері
әсерін тигізетін. Қүбылыстардың белен алуына әкелді. Қазақ мемлекетінің
келесі бір ерекшелігі ішкі тәртіпті реттеу. Мысалға жайылымдарды белгілеу.
Қазақтар өздерінің ең негізгі байлығы мал деп санады, малды үнемі
далада бақты. Қазақ хандары батырлардың, сүлтандардың съезділеріне сайланып
отырылды. Хан Билігі қандай да заң,ережелермен шектелмеді. Негізінен хан
беделі оның байлығына қарай, ру ақсүйектерінің сыйлауына қарай анықталды.
Хандар жер мәселелерін реттеп отырды. Мысалы Қасым хан жер мәселесіне
көлгенде жорықтарын да тоқтатқан. Қазақ хандарының бірі Тәуке, әр бір руға
жер бөлісіп берді. Хан сыртқы саясатта да өзінің мемлекеттің атынан билік
жүргізді. Ол бүкіл хандықта билік жүргізетін жоғары судья болып
есептелінді. Қазақ ақсүйектерінің съездері болып табылатын сүлтандар,билер.
Олар жеке рулар мен адамдар тобын басқарды. Хандар билерді шетелдерге елші
етіп жіберіп отырды.
Тәуке ханның түсында олар руларды басқаруға бір жола сот істеріне
шешім айтуға көшті. Билер қазақтардың кәдімгі қүқықларын жетік білді
және олардың орталық дарындары болды. Қазақ хандығындағы әскер
мемлекет сияқты бытыраңқылық болып олар қаруланған 2 рудан түрды:
1) феодалдардың әскері. 2) халық жасағы.
Қазақ қоғамының қүқықсы үстемдік етуін таптардың мүддесін білдіруші
кәдімгі адат болды. Қазақтардың кәдімгі қүқықсы өздерінің
көнелігіне
қарамастан өзгертіліп отырды.
Қазақ кәдімгі қүқығына тән белгілері мынадай:

1) Оның консерватизмдігі, яғни ру ішіндегі көптеген патриархалды әдеттер
мен

15

ережелерін бекітілуі.
2) ескерген институттар мен ережелерінің көптігі.
3) Қылмыстық және азаматтық құқық бұзушылық
түсінігіндегі
айырмашылықтың әлсіздігі.
4) Саяси қылмыс институттарының болмауы.
5) Жерге жеке меншіктің болмауы.
Бірақ Тәуке ханның тұсында ғана бұл жұмыс іске асырылды. "Жеті жарғыны"
Тәуке ханның қабылдау мақсаты, хан өкіметі және феодалдар қазақтардың
кәдімгі құқық нормаларына қарапайым халықтың мүддесін білдіретін нормаларды
алып тастау болды. "Жеті жарғының" нормалары әлеуметтік теңсіздік
принциптеріне негізделді. Бұл жобаны жасаудың белсенді өкілдері Бай Батыр
тобы болып "Жеті жарғыда" халықтан алынатын салықтардың көлемі белгіленді.
Ханға хан деген кек шектелді. Құнның ең жоғары көлемі белгіленді. Айып
түрлері көрсетілді сонымен қатар сүлтандар мен билердің билік аясы
көрсетілді. Сотта шешімді билер шығарды, оны бидің билігі деп атады.
Ал екінші түрі билердің съездеріне қабылданатын ережелер болды. Сот
прециденттеріне қарай отырып кәдімгі қүқықғы шарият нормаларын енгізді.
Қазақтардың кәдімгі қүқығының деректері болып:
1) адат-әдеп ғүрыптары.
2) билер сотының тәжірбиесі-сот президенті.
3) билер съездінің ережелері саналды.
ХІХғ. дейін феодализм дәуіріндегі негізгі өндіріс әдісі жерге жеке меншік
болмады. Хандар, сүлтандар, билер ру басшылары өздерінің руларының
жайылымдарының тікелей басшысы болды. Меншік құқығында бүкіл мүлік 2
категорияға бөлінді: 1) мал 2) мүлік
Малға арнайы таңба салынатын болды. Қазақтардың кәдімгі қүқығы бойынша
ру мүшелерінің және ауыл қауымының бір біріне міндеткерлігі болды. Қазақ
қоғамында келісім шарттарының барлығында ауызша жасалып отырды.

16

Қазақтар арасында кең тараған келісім-шарт айырбас, қарыз, сауда болды.
Айырбас-малмен түрмысқа қажетті заттарды орыс және орта азиялық
саудагерлерден айырбас алу. Қарызға алу-қарызға мал алу. Ал малды
қайтарғанда өніммен өсімімен қайтарады.
Сауын-қарызға мал берудің екінші түрі.
Аманат мал-дегеніміз кедейленген туысқанына бай туысқанының көмегі.
Жылу-дегеніміз жағдайы нашарлаған ру мүшесіне,бүкіл ру көмек беру.
Асар-дегеніміз өзінің ауылдасына ауыл болып үй салуға және тағы да
басқа мәселелерде көмектесу.
Кәдімгі қүқық бойынша неке мүліктік шартар мен реттеліп отырды.Некені бүзу
мынадай жағдайларда ғана болды. 1) әйелі күйеуінің алдында жазалы болса. 2)
күйеуінің өзі әйелінің кінәсіз екеніне және неке бүзғысы келуі.
Қылмыстық қүқық қазақтар кәдімгі қүқығында қылмыскердің бақа да бір
материалдық және моральдік зиян келтіруін айтады. Қылмыс жасаған үшін
оларға жаза қолданды, яғни "кекке кек"деген түсінік қолданылды. Жаза бүкіл
рудың атынан жаслынды. Адамдардың өміріне,денсаулығына,мүлкіне жасалған іс-
әрекеттер, ХУІІІғ. ортасына дейін қылмыс деп есептелмеді.адам өлтіргенді
өлім жазасына кесті,немесе қүн төледі. Ал жеңіл діни жарақаттары болса айып
төлетті. Егер хан, сүлтан, батырларға қарсы сөз сөйлесе оған да айып
төленіп отырды.
Дін ерекше қүқыққа ие болды. Оны бүзғандар қатаң жазаланды. Қазақ
хандығында сот билігін хандар, сүлтандар,билер атқарды. Билер соты сот
билігінің негізі болды. Сот процесі шағынданушының сөзінен басталды.Сотта
әйелдер арызданушының және жауапберушінің жақын туыстары кәмелетке толмаған
балалар және есі түзу емес адамдар куәгер бола алмады.
Билер сотында 2 немесе 3 куәгердің болуы талап етілді.
Ал егерде куә табылмаса ант берілді.

17

1.2. Қазақ қоғамындағы дәстүрлі әдет-ғүрып
XV—XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани өмірі біздің кезімізге дейін
жеткен ертедегі халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы дәстұрлерін көрсетеді.
Олар түгелдей алғанда сол кезде қазақтарда үстем болған патриархаттық-
феодалдық қатынастарға негізделген. Қазақтардың көптеген әдет-ғұрпы олардың
әдеттегі құқығының ертедегі нормаларымен байланысты болды, олардың негізі
атақты қазақ хандары Қасым (Қасым ханның қасқа жолы) мен Есімнің (Есім
ханның ескі жолы) құқықтық ережелерінде салынған болатын, ал XVII ғасырдың
аяғында, билердің қатысуымен Тәуке ханның Жеті жарғы деп аталатын заңдары
жүйеге түсіріліп, құрастырылды.
Қазақтардың әдет-ғұрып дәстүрлі ережелері мен қүқықтық күші бар әдет-
ғұрып заңдары арасында үзілді-кесілді бөліп жатқан шекара, белгі жоқ, - деп
жазады академик, Зиманов С.З. Олар көп жағдайда шартты түрде ғана,
аналитикалық ойлау процесі нәтижесінде ғана бөле-жара қаралуы мүмкін.
Басқаша болуы мүмкін де емес, өйткені сол кездегі қазақ қоғамында әдет-
ғүрып заңдарын даралап белгілейтін арнайы атау болған жоқ. Ал, олардың
билеу, басқару қызметімен тығыз байланыста болғандығы, іске асуы
мемлекеттік органдардың араласуына сүйенгендігі аян3.
Дала қағидаларына, ережелеріне ортақ: "ескі әдет", "әдет-ғұрып", "ата-
баба салты" деген атаулар қолданылатын. Сонда да болса қоғам өміріндегі
маңыздылығын баса көрсету үшін қосымша атаулар да болатын. Айталық, "жора",
"жарғы", "жол", "жоба". Кейде бүл атаулар қосарланып "жол-жора", жол-
жоба"деп те айтылатын. Ал, "жарғы" атауы осы үғымдардаң ерекшелеу түратын.
Шамасы, "жарғы" деп мемлекеттегі ең жоғарғы билік органы бекіткен немесе
қабылдаған заң-ережелерді айтса керек. Не де болса осы талданған барлық
атаулар әдет-ғүрып заңдарына қатысты еді деп нық сеніммен айтуға болады.
Қазақтың әдет-ғүрып қүқығында демократиялық бастаулар, ел бірлігін
сақтауға бейімделген ережелер басым келеді. Хандардың өздерін көпшілік

18

қауым болып сайлау, оларды қолына қару үстауға лайық ер-азаматтар ғана
жиналатын халық жиналысында ақкиізге көтеріп сайлау дәстүрі көпке шейін
сақталып келгенді. Қоғамның саяси өмірінде билер кеңесі, ру басыларының
кеңесі, игі жаксылар кеңесі секілді үжымдардын, ықпалымен орны айрықша зор
келетін. "Халық үйғарса хан түйесін сояды" деген мәтелдің сыры да тереңде
жатса керек. Сот процесінің ашықтығы, қарапайымдылығы, әділдігі және
шешендік өнерге негізделуі, онда екі жақтың қолдаушыларының қатысуы, сот
шешімін орындау үшін қоғамдық пікірдің беделіне сүйену, бас бостандығынан
айыру, түрмеге қамау т.б. сол сияқты қылмыстық жазалардың болмауы қазақ
әдет-ғүрып күқына тән қасиеттер. Әдет-ғүрып ережелерінің демократиялық
бастаулары тек оның ерекшелігінің және кенжелей дамығандығының көрінісі.
Олар патриархалды-феодалдық қатынастардың және олардың иелерінің мүдделерің
қорғауға лайықты бейімделген.
Қазақтың халықтық әдет-ғүрпы мен дәстүрлері көбінесе көшпелі мал-шылардың
күнделікті шаруашылық қызметінде атқарылатын әр түрлі салт-жорасынан
көрінеді. Мәселен, көктемде қыстаудан көшкенде қыстау мен малды отпен
тазарту салты міндетті түрде сақталған. Бүл үшін қыстаудың маңынан екі
жерден от жағып, барлық малды солардың арасынан айдап өткен, мүның өзі
мүсылман дініне дейінгі от киесіне деген нанымға байланысты еді. Жазда
қоныс аударған кезде әрбір ауыл кеш керуенінің салтанатты безендірілуіне
ерекше көңіл бөлген. Бүл үшін алдыңғы түйеге қырғауылдың - үзын
қауырсынынан төрт басты қарқара орнатқан. Мүндай көш халық арасында
қарқаралы көш деп аталады. Қарқаралы түйені ауыддын ең қүрметті әйелі
немесе ең жас келіні жетекке алған. Халықтың түсінігі бойынша, қырғауылдың
әдемі қауырсыны көзі түскендердің назарын өзіне аударып, көш керуенін көз
тиюден және жол-жөнекей әр түрлі қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Жазғы жайылымдар (жайлау) арасында суаттары бар кешіп жүретін жолдар
болды және бұл жерлер әдетте, ешкімге тиесілі емес, яғни барлық

19

көшіп-қонушыларға ортақ саналды, соңдықтан олар алғаш барып кону қүқығымен
пайдаланылды. Бүл үшін суат басына жайылымның бос еместігін көрсететін
айқын із қалдыру жеткілікті болды.
Көктемде құн күркіремейінше, қазақтар өсімдік жемістерін жеуге рүқсат
етпеген. Ал қүн күркірегеннен кейін тау жуасын және басқа да жеуге жарам-ды
жемістерді жинауға рүқсат етілген. Халықтын түсінігі бойынша, қүннің
күркіреуі сауын малы сүтінің кәбеюіне жәрдемдесетін бүкіл өсімдіктер
дүниесінің пісіп-жетілуінің жаршысы болған. Сондықтан қүн күркіреген кезде
қымыз қүятын ағаш ожаумен киіз үй керегесін сыртқы жағынан абайлап соққан,
бүл халық ішінде ожау қағу деп аталған. Бүл ретте міндетті түрде Сүт көп
болсын, көмір аз болсын деп дауыстап отырған. Халықтың космотониялық
түсініктері бойынша, бұл наным сүт өнімдері молшылығына септігін тигізген.
Жаз басталар-басталмастан, жазғы жайылымдарға (жайлауға) жеткен соң
қазақтар қымыз ашытуға бие саууды үйымдастыру үшін қүлын байлайтын еді.
Осыған байланысты ауыл шеңберінде қазық майлау немесе бие мүрындық деп
аталатын шағын той-томалақ өткізілген. Бүл салт-дәстүрдің мән-мақсаты
қүлындар мен биелердің аман, қымыздың мол болуы еді. Жиналған ауылдастарына
қымыз беріп, ет тартқаннан кейін жол-жора қүлын байланатын желіге май
жағумен аяқталатын. Бүл орайда ақсақалдар жол-жораны үйымдастырушыларға
ізгі тілек білдіріп, батаның неше түрін беретін болған.
Мүсылман дініне дейінгі ырымдарға сәйкес көшпелі түрмыстың кейбір еңбек
қүралдары мен заттары киелі деп саналған. Мысалы, жылқы үстайтын қүрық,
қүлын байланатын желі, қозы көгендейтін көген, жүген, ноқта,
шаңырақ көтеретін бақан және т. б. сондай киелі болған, олардан әсіресе
әйелдерге аттап өтуге немесе оларды басуға қатаң тиым салынған.
Халықтық әдет-ғұрып қазақтардың отбасы-неке қатынастарында сақталатын әр
түрлі салт-жораларда мейлінше толық ашылды, оларда

20

ертедегі көптеген институттардың - топтық некенің (левират және сорорат),
туыстық экзогамияның, полигамияның көп некеліктің, патриархаттық үлкен
отбасының, қалыңмал мен жасау берудің және т. б. сарқыншақ белгілері жақсы
сақталды.
Қазақтар некенің әр алуан түрлерін білген, бірақ некенің ең көп таралған
және негізгі түрі қүда түсу және келінді қалыңмал беріп алу жолымен
үйлендіру болды. Қүда түсу салтын жастардың ата-аналары немесе жасы үлкен
туыстары жүзеге асыратын еді. Қүда түсу туралы келіссөзжүргізуден бүрын
күйеу баланың ата-аналары жорамалданып отырған қүда түсер үйдің жақсылы-
жаманды оң немесе теріс жақтарын дәлелдейтін барлық мән-жайларды біліп
алатын. Осындай қүпия барлаудан кейін ғана күйеудің әкесі ресми үсыныс
жасау үшін қыздың әкесіне өзінің сенім білдірген адамын жаушы етіп
жіберетін. Егер қыздың ата-анасы үсынысты қабылдаса, қүйеу жағынан
қүдалардың келу мерзімін белгілеп, жаушыға шеге шапан деп аталатын шапан
жапқан. Сонан соң қүйеудін әкесі белгіленген мерзімде қүдалар жіберіп, олар
қалыңмалдың келемі туралы, тойға жүмсалатын шығындар туралы, жасау-
жабдықтар туралы, қалыңмал төлеудің алдын ала белгіленген мерзімдері және
тойды өткізетін уақыттың өзі туралы ресми келіссөз жүргізген.
Күйеу мен қалындықтың ата-аналары алғашқы кездесуді еткізуге мүқият
дайындалатын. Қалыңдықтың туған-туысқандарына алуан түрлі көп тар-тутаралғы
беріп, күйеуге тәжірибелі жігіт (күйеу жолдас) бастаған 5-6 адамнан түратын
қошеметшілері еріп барған. Күйеудің қасына ерген адамдары үшін қалындықтың
ауылында арнайы үй тігіліп, үрын той жасалған. Қалыңдықтың жақын туысынық
үйінде келесі күні дәстүрлі қыз қашар кеші еткізілген. Кештің аяғына
қарай қалындық қүрбыларының қарсылығына қарамастан, жеңгелері оны арнайы
отау үйіне апарады, онда алдын ала төсек салынып қойылады. Жас жеңгелер
күйеуді сонда шақырады, ал басқа әйелдер күйеудің аяғының астына бақан
(киіз үйдің шаңырағын көтеруге арналған сырғауыл) тастап, оның алдынан
желі

21

(қүлын байлайтын арқан) тартады. Халықтың нанымы бойынша, бұлар -қасиетті
заттар, олардан аттап өтуге болмайды, ал бүл жағдайда одан ақы төлеп
айналып ету керек. Сондықтан күйеу бала жеңгелерге ақы (кәде) төлейді де,
олар күйеу баланың жолынан кедергіні алып тастайды.
Отау үйінің есігін ашқан егде әйел қызметі үшін арнайы тарту алады
(есікашар). Күйеуді үйдің өзінде қалындықтың анасы қарсы алады. Ол күйеудің
ошаққа аздап май қүюына көмектеседі (отқа май қүю), сонан соң жалпы ақ
деп аталатын сүттен жасалған әлдебір сусын қүйылған тостаған үсынады.
Сонан соң қалындықты ертіп көлген жас жеңгелері күйеуден шымылдық ашқаны
(шымылдық ашар), төсек салғаны (төсек салар), күйеудің қалындық қолын
үстатқаны (қол үстатар) немесе онын шашын сипатқаны (шаш сипатар) үшін сый-
тартуын алып, жастарды оңаша қалдырады. Бүл түні күйеу мен қалыңдықтың таң
атқанша сыбырласып сөйлесіп отыруына, тіпті бірге жатуына да болады, бірақ
олардың одан әрі жақындасуына болмайтын еді.Тан атар атпастан, атасы мен
енесі оянғанға дейін, күйеу өз үйіне кетуге тиіс болды. Осылайша дәстүр
бойынша алғашқы некелік түн өткізген сияқты болғаннан кейін күйеу
қалындықпен тура той болғанға дейін жасырын кездесіп жүре алатын (қалындық
ойнау).
Үйлену тойы басталғанға дейін күйеудің ауылында келінді күйеудің туған-
туысқандарымен салтанатты түрде таныстыру — беташар болады. Бүл үшін
ауылдың ең қүрметті адамдары жиналған күйеу әкесінің үйіне келінді толық
той киімімен әкеледі, ал енесі оның ошаққа май қүюына көмектеседі (отқа май
қүю). Осы рәсімнен кейін суырып салма ақын жігіт дәстүрлі түрмыстық жыр —
беташарды (келіннің бетін ашу) бастайды. Жырдың басында келін
таныстырылады, сонан соң келінге ақыл айтылады, сейтіп ол күйеудің үйде
отырған туған-туысқандарын таныстырумен аяқталады.
Әдет-ғүрыпқа сәйкес, жас келіннің алғашқы баласын туғанға дейін немесе
үзатылғанға жыл толғанға дейін өзінің ата-анасына баруға қүқығы болмаған.

22

Ал бала туғаннан кейін ол өзінің түңғышымен бірге ата-анасына барып
(төркіндеу), ерекше үлес (енші) алуға міндетті еді. Қүда түсу жолымен
некеге түруға байланысты барлық ғүрып пен жол-жора осы сапармен аяқталған.
Топтық некенің сарқыншақтары ретінде қазақтарда әмеңгерлік (левират) пен
балдыз алу (сорорат) орын алды. Топтық неке институты алгашқы-қауым-дық
қүрылыс кезінен жана уақытқа дейін қоғамдық қатынастардағы терең жаңарулар
салдарынан өзгерістерге үшырап, ертедегі қүқықтың сырт бейнесін ғана сақтап
қалды. Мәселен, таптық қоғамға дейін басқа рудың апалы-сіңлілі қыздарына
топтық неке қүқығы ортодоксалдық неке негіздерінің бірі болса, кейініректе
левират пен сорорат қалыңдықты қалыңмалға сатып алумен және мүлікті мүраға
алумен тығыз байланысты болды, яғни бүл дәстүрлер оның барлық экономикалық
қүрылысымен тығыз астасып кетті.
Мәселен, левираттық қүқық бойынша, қазақтарда жесір күйеуінің жылын
өткізгеннен кейін марқүм күйеуінің аға-інісіне немесе басқа бір жақын
туысына қосылуға тиіс болған. Оның өзімен бірге балалары мен мүлкі де
мүрагерлік бойынша жаңа күйеуіне көшкен. Егер жесір бүған келіспесе, қүштеп
қосатын, ең жақсы дегенде ол балалары мен мүлкін тастап, өзінің ата-анасына
кететін. Қазақтарда левираттық қүқық жесірлерге ғана емес, сонымен қатар
күйеу бала қайтыс болған жағдайда айттырылған қалыңдыққа да қолданылды.
Әйелі немесе қалындығы қайтыс болған жағдайда түл қалған еркектің немесе
күйеудің ғүрып бойынша марқүмның туған сіңлісіне үйленуге қүқығы болды,
бірақ левираттық қүқықпен салыстырғанда, сорораттық қүқықтың (балдыз алу)
сақталуы барлық жағдайда міндетті болған жоқ.
Сорорат пен левираттың генезисі алыста қалған ерте дүниеде жатқанымен,
сірә, қазіргі кезге дейін сорорат неғүрлым әлсіреп, өзін-өзі сарыққан түрде
жеткен болса керек. Мәселен, әйелі қайтыс болған жағдайда күйеуі марқүм
әйелінің айттырылмаған туған сіңлісіне (балдызына) ғана үйленуге тілек
білдіре алатын, ал қайын атасы еш қиналмастан, күйеу баласының
өтінішінен бас тарта алатын. Егер

23

левираттық құқық ағайындылардың үлкендерінің жесірлері мен кішілерінің
жесірлеріне қолданылған болса, сорораттық құқық қайтыс болған әйелдің
апаларына емес, тек сіңлілеріне ғана қолданылды. Сондықтан да қазақтарда
сорорат балдыз алу (әйелінің сіңлісіне қосылу) деп аталады. Егер
қалыңмалы толық төленіп қойған қалыңдық әкесінің үйінде өлсе, сорораттық
қүқық міндетті деп саналған.
Қазақтарда ертедегі туыстық экзогамия институтының қалдықтары ежелден
өмір сүріп келді. Экзогамиялық тыйым салу қазақтарда еркек тұқымы бойынша
ортақ ата-бабаның жеті үрпағы шегінде қатаң сақталды. Бүл — қазақтарда
қандас туыстық байланыстар жеті атаға дейін сақталып, ал сегізінші үрпақтан
бастап кәдімгі (құдандалық) байланыстар басталады деген сөз. Ортақ ата-
бабадан сегізінші және одан кейінгі үрпақтардан бастап некеге тұру тұрақты
болуы үшін ақсақалдар жиынға жиналып, құрбандыққа боз бие шалған, мінәжат
етіп, ортақ атадан тарайтын 8—9-ұрпақтың жас адамдарының бір жұбының
некелесуіне бата берген.
Үйленген үлдарына әкесі енші беріп, оларды отау етіп шығарған. Әкелері
қайтыс болғаннан кейін оның барлық шаруашылығы, үйі минорат дәстүрі бойынша
бөлініп шыңдаған кенже үлына тиесілі болған. Оның отбасы үлкен үй немесе
қара шаңырақ ретінде қүрметтеліп, барлық туыстарының қүрметіне бөленген.
Әке шаңырағының иесіне дәстүрлі тарту (сыбаға) үнемі беріліп отырған. Бүл
арқылы, біріншіден, ата-бабалардың аруағына қүрмет сезімі білдірілсе,
екіншіден, одан қүні өткен патриархаттық қатынастарды белгілі бір дәрежеде
сақтау тілегі аңғарылады.
Ертедегі діни нанымдарға байланысты ғүрып бойынша, әйелдер өлген адамға
үзақ уақыт бойы, ең кемі бір жыл бойы жоқтау айтқан, қайғысын білдіру
белгісі ретінде жесір өзінің бетін тырнаган (бет жырту), еркектер өлген
адам жатқан үйге жақындаған кезде атының басын жіберіп, ер үстінде оңды-
солды теңселіп, ой, бауырым деп барынша дауыс салған, сол арқылы қайғының
қабырғасына қатты батқанын білдірген. Өлген адамға қайтыс болғанынан кейін
жетінші қүні (жетісі), қырқыншы қүні (қырқы) және бір

24

жыл толғанда (жылы немесе асы) бата оқытылған. Жесір өлген күйеуін жыл бойы
аза түтқан.
Қазақтар 22-наурыздағы көктемгі қүн мен түннің теңесуіне сәйкес келетін
Жаңа жыл — Наурызды ежелден бері жыл сайын шат көңілді мереке етіп атап
өткен. Бүл көзге қарай әдетте қатулы қыс бітіп, табиғат ояна бастайды,
кектем туып, мал төлдеп болады, егіншілердің егіске дайындығы басталады.
Бүл қүні еркектер көршілерін қүттыктап барып, әйелдер салтқа сәйкес
дәстүрлі тағам — наурыз көже пісіреді, көлген адамдардың бәріне соны
ішкізеді. Наурыз көже қүрамы женінен қүрама болған, яғни міндетгі түрде 7
компоненттен (су, түз, ет, сүт, пияз, бидай және ақталған тары) түрған.
Еттен міндетті түрде қойдың басы немесе ірі қара малдың шекесі жене қысқы
соғымның сыбағасы асылған. Наурыз мерекеленетін күн халыкта Үлыстың үлы
күні деп аталды. Бүл қүні жасына, жынысына және әлеуметтік жағдай-ына
қарамастан, қыдыруға катысатын адамцардың бәрі тең саналады. Наурызға
қатысушылардың бәрі мерекеге лайық жасанып, мүмкіндігіне қарай үлттық жаңа
киім киінген, әсіресе әйелдер мен жастарға ешқандай шек қойылмаған. Жаңа
жыл — Наурыздың келуіне байланысты үлкендер жағы жан-тәнімен қуанып,
бүкіл мәз-майрам жүртка ізгі тілектерді аямайтын. Наурыз күні халыктың
жаппай келісімі туған, тіпті жауласушы жақтар арасында да Наурыз кезінде
татулық орнаған. ¥лы мерекенің қүрметіне адамдар бір-біріне ен ауыр деген
ренішін де кешірген. Мүны Ұлыстың үлы қүні алдыңа келсе, атаңнын қүнын
кеш деген халық мәтелі дәлелдейді.
Қазақтар арасында діни сипатта қүрбан шалатын ертедегі ғүрып — қүрбандық
шалу кеңінен қолданылды. Мүндай қүрбандыктар әр түрлі жағдайларда:
соғыстың аяқталуына, үлының үрыс майданынан аман қайтуына, зарыға күткен үл
тууына, ауыр науқастан сауығуына байланысты, қуаңшылық жағдайына, еркек
түқымы бойынша ортақ ата-бабадан тарайтын 8-үрпаққа экзогамиялық тыйым
салудың қүші жойылуына және т. б.

25

1.3. Кәдімгі құқыктың бастауы ретіндегі би институты.
Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағы
айрықша. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік қүрылымын тек қана
ғұрыптық қүқық емес, сол сияқты рухани- мәдени салт-дәстүр негізінде де
үштастыра әрі тендестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретінде
билер институты қазақтың дәстүрлі қоғамдық өмірінде орасан зор рөл
атқарады.
Ортағасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік
"Дала заңының" билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және
жүзеге асырушы қүші — билер болды[4].
Би, ең алдымен — сот (судья). Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры
халықтың, тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билік
қатарында болды. Ал хан билігін көпшілік бүқара әкім билігі деп таныды.
Қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерлерінің бірі жазғандай: "Мықты билер
тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынан куыршақша алып тастап
отырған"[5].
Би халықтың сана-сезіміне ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады.
Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік үрандарын келтіреді: "Шыннан өзге
қүдай жок", "Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы". Билердің
негізгі ісіне айналған Бүл үрандар бойынша адам үшін оның ар-ожданы мен
намысын, адамгершілік, әділ түрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір-қасиет деп
санаған. Бүл моральдық қүндылықтар әділ сот мәселесіне тікелей қатысты.
"Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" — деген нақты ережеден көрініс
тапқан.
Қазақ халқының әлеуметтік күрылымын сөз қылғанда, ерекше көңіл бөлетін
мәселе — би тұрғысы. Би — басқа лауазымдар мен атақтарға қарағанда біздің
халқымыз үшін өте байырғы, төл ресми атақ. Профессор Е.Бекмаханов би туралы
былай деп түжырымдайды: Тосподствующей социальной группой, выраставшей, в
противоположность султанам, непосредственно из недр кочевой общины, были
родовые старшины — бии. Они пользовались особыми правовыми и экономическими
преимуществами".

26

Демек, би — халықтың өз ішінен, өз әлеуметтік өмірінен шыққан лауазым. Мүны
халыққа сырттан алып келіп үсынбаған, телімеген[6].
Би болу, Әйтеке би айтқандай, "дүрыс, сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне
тоқтата білген" өнерлі адамның қолынан келген.
Бидің халықтық қасиеті осында жатыр. Би негізінен қарадан шыққан. Ол
туралы Е.Бекмаханов былай дейді: "Биями могли быть только представители
"черной кости", чингизиды не могли ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру
Саяси білімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы құқықтық жүйесі
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
ХIХ ғасырдағы Қазақстандағы саяси-құқықтық ойлар
Әдеттегі құқықтың көздері
Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әскери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас
Пәндер