КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға рұқсат берілді:

кафедра меңгерушісі

з. ғ. к., доцент

Жолумбаев М. К.

«___» 200_ г.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ

ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Мамандық шифрі
Оқу түрі
Курс
Мамандық шифрі: 050301
Оқу түрі: сырттай
Курс: Ю-2в/в

Диплом қорғаушы: Жумагулов К.

Жетекшісі: ТАСЫМ Ж. К.

з. ғ. к., аға оқытушы

Кеңесшілер: Тлеубердина У. Т.

аға оқытушы

КОКШЕТАУ, 2008

Абай Мырзахметов атындағы Кокшетау университеті

Факультеті

Мамандығы

Кафедра

Диплом жұмысын (жобасын) орындауға арналған тапсырма

Студент

Диплом жұмысының (жобасының) тақырыбы

200_ж. «___» ЖОО № бұйрығы мен бекітілген

Диплом жұмысына (жобасына) арналған мәліметтер

Диплом жұмысына (жобасна) қатысты сұрақтар тізімі және диплом жұмысының (жобасының) қысқаша мазмұны:

А) Б) В) Графикалық материалдар тізімі (қажетті сызбалары белгіленген

Пайдаланылған негізгі әдебиеттер

Диплом жұмысы (жобасы) бойынша диплом жұмысының (жобасының) тараулары көрсетілген кеңестер.

Тарауы
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарауы:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарауы:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарауы:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарауы:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:

Диплом жұмысын (жобасын) дайындау кестесі

Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі
Ескерту
№:
Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары:
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі:
Ескерту:
№:
Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары:
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі:
Ескерту:
№:
Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары:
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі:
Ескерту:
№:
Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары:
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі:
Ескерту:
№:
Тараулардың атаулары мен қарастырылатын сұрақтары:
Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімі:
Ескерту:

Тапсырма беру мерзімі

Кафедра меңгерушісіқолы

Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі

Тапсырма орындауға студенталды.

АҢДАТПА

Дипломдық жұмыс қазіргі кезде ҚР конституциялық құқығының маңызды институттарының бірі болып табылатын конституциялық құқықтық нормалардың ұғымын, белгілерін, ерекшеліктерін зерттеп, қарастыруға арналған.

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының құқықтық нормалардың ұғымын, ерекшеліктерін, түрлерін белгілеумен анықтауға бағытталған.

Екінші бөлімде конституциялық құқықтық нормалардың жіктелуі, негіздемелері, Конституциялық-құқықтық нормалардың нысандары және

кепілдіктері зерттелген .

Үшінші бөлімде конституциялық құқықтық нормаларды талқылау және олармен байланысты қоғамдық қатынастарды жетілдіру жолдары, конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандары

және кепілдіктері көрсетілген.

АННОТАЦИЯ

Дипломная работа посвящена рассмотрению и исследованию проблем регулирования конституционно-правовых норм, их понятию, признакам и особенностям.

В первой главе представлена характеристика конституционно-правовых норм, регулирование конституционно-правовых отношений.

Вторая часть содержит анализ конституционно-правовых норм, их классификацию, порядок использования, а также особенности применения.

В третьей части представлены виды, порядок толкования конституционно-правовых норм, особенности функции, а также формы и методы толкования конституционно-правовых норм.

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР МЕН ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 7

1КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР 9

1. 1 Конституциялық-құқықтық нормалардың түсінігі және

олардың ерекшеліктері 9

1. 2Конституциялық-құқықтық нормаларды топтастыру 21

2 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ

АСЫРУ 30

2. 1 Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асырудың

мәні, ерекшеліктері 30

2. 2 Конституциялық-құқықтық нормалардың нысандары және

кепілдіктері 35

3 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 45

3. 1Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандары

және кепілдіктері 45

3. 2 Конституциялық-құқықтық нормаларды талқылау тәртібі 54

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР АК - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі

ӘМ - Әділет министрлігі

БИМҰ - Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы

БСҰ -бүкіләлемдік сауда ұйымы

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі Конституция нормаларының кешенді түрде зерттеленбеуінде жатыр. Қоғамның және мемлекеттің маңызды саяси-құқықтық құжаты ретіндегі Конституцияның рөлін түсініп, оның ережелерінің нормативтік сипатын талдау, конституциялық ережелердің түрлерін ажырату көкейтесті мәселелерге жатады. Бұл зерттеуде басты назар құқықтық нормалардың бір түрі ретіндегі конституциялық нормалардың түсінігіне, негізгі ерекшеліктеріне, құрылымына, атқаратын қызметтеріне, топтастырылуына аударылды. Сонымен бірге мұнда конституциялық-құқықтық нормалардың конституциялық принциптермен, идеялармен байланысы мәселесі қарастырылды.

Конституцияны талқылау оның мызғымастығының баламасы болып табылады. Оның қажеттілігі Конституцияны қайта қарау, өзгерістер мен толықтыруларды енгізу рәсімнің күрделі екенінен білінеді. Бұған қоса, Конституцияға көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізу оның беделін түсіретіні аян. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Конституцияны талқылауға байланысты тәжірибесінің молаюы оны жүзеге асыру механизміне, барлық билік органдарының, қоғамдық бірлестіктердің және азаматтардың қызметіне ықпалының өсуін білдіреді. Осының барлығы Конституцияны талқылауға байланысты теориялық мәселелерді қарастыру, Конституциялық Кеңес қызметіндегі талқылаудың тиімді іс жүргізу үлгісін бекіту қажеттілігін тудырады.

Мәселенің зерттелу деңгейі Зерттелініп жатқан мәселені ашуға құқықтық нормаға байланысты теориялық сипаттағы еңбектердің маңызы зор. Олардың авторлары С. С. Алексеев, В. К. Бабаев, В. К. Байтин, В. М. Баранов, И. И. Вопленко, П. Н. Галанза, И. Я. Дюрягин, О. С. Иоффе, С. В. Кабышев, Д. А. Керимов, А. П. Коренев, В. Н. Кудрявцев, Р. З. Лившиц, П. Е. Недбайло, Е. М. Пеньков, А. С. Пиголкин, Н. Н. Рыбушкин, Ю. Г. Ткаченко, Ф. Н. Фаткуллин, М. Д. Шаргородский, Б. В. Щетинин.

Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері Дипломдық жұмыстың мақсаты - тақырып мәселелеріне қатысты материалдарға сүйене отырып, конституциялық-құқықтық нормалар теориясын тәжірибемен байланыстырып талдау жасау.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленді:

  • Конституцияның нормалары туралы түсінікті анықтау, олардың ерекшеліктерін толығырақ ашу;
  • конституциялық-құқықтық нормалардың түрлерін жіктеу;
  • конституциялық нормалардың конституциялық принциптер мен идеялардың өзара байланысын айқындау.

Зерттеудің объектісі Қазақстан Республикасының Конституциясы нормаларының, идеялар мен принциптерінің түсінгі, олардың түрлері, ерекшеліктері, конституциялық нормаларға байланысты қабылданатын құқықтық нормаларға әсері.

Зерттеудің пәні. Тақырыпқа байланысты жиналған теория мен тәжірибе, нормативтік-құқықтық негіздер, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Конституцияны талқылауға байланысты қызметі.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы

Жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жаңа саяси және экономикалық нақтылық жағдайындағы Конституция нормалары туралы теориялық жұмыстарды елеулі түрде толықтыруынан көрінеді. Диссертацияда жасалған тұжырымдар конституциялық-құқықтық нормалар мәселесін ары қарай зерттеуде ескерілуі мүмкін, сондай-ақ, оқу құралдарын жасауға көмектеседі.

Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР

1. 1 Конституциялық-құқықтық нормалардың түсінігі және олардың ерекшеліктері

1991 жылдың желтоқсанында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. КСРО-ның құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. Кеңестік Социалистік Қазақ Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң, 1993 және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды заңдастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында былай жазылған: "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасын орындаудың басты нәтижесі қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттік институттардың жаңа жүйесін бекіткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшін "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негізін құраған өзге де заң актілері қабылданды" [57] .

Республикамыздың қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі қазіргі түбегейлі өзгерістер, жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформа еліміздің әрбір азаматынан құқықтық сауаттылықты талап етеді. Еліміз демократиялық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бекем бел байлады. Адам құқықтары аяқ асты етілмей, заңсыздық пен жемқорлық жайламай, мемлекетіміз нығаю, дамуы және көркеюі үшін заңның талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң үстемдігі болмаған жерде құқықтық мемлекет те болмайды, Тіпті ежелгі дүние адамдары да еркіндікті аңсағанда заңның үстемдігі арқылы бостандыққа жетуге болады деп топшылаған екен. Ежелгі Римнің әйгілі ғұлама ойшылы Марк Тулий Цицерон: "Біз заңның құлы болғанда ғана еркін бола аламыз" деп әсерлі айтқан екен. Әділеттік, ізгілік қағидаларын жүзеге асыру, қоғамды және мемлекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыру заңның үстемдігі арқылы қамтамасыз етіледі.

Демократиялық құқықтық мемлекет құрамыз деген қоғамдағы әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, заң саласынан мағлұматы болуы қажет. Сондықтан еліміздің әр -азаматы республикамыздың Конституциясымен, соған сай келетін заңдармен, өзге де нормативтік-құқықтық актілермен жете танысуы тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев былай деді: "Құқықтық қызмет тек құқық шығару және құқық қолданумен шектеліп қалмайтының ұмытуға болмайды. Оның үлкен саяси мәні бар. Азаматтардың құқықтық хабардарлығы, сауаттылығы деңгейін арттыру, олардың құқықтық мәдениетін өсіру мақсатында кешенді шаралар белгілеу қажет. Жалпыға мәлім, қоғамның құқықтық мәдениетінің деңгейі жоғары болған сайын, халық заңдарды жақсырақ білген сайын, заңдарды орындау сатысында проблемалар да азырақ болады" [2],

Ерте кезеңде "конституция" термині "мемлекеттік құрылыс" және "мемлекет билігін ұйымдастыру" сияқты ұғымдармен байланыстырылған (Ежелгі Рим және Греция), Орта ғасырда "конституция" ұғымы мемлекеттің жоғары заң күші бар "негізгі заңы" ретінде түсіндіріле бастады. Конституцияның тарихи бастамасының маңызды кезеңі ретінде XVII-ғасырда Англияда қабылданған, монархтың шексіз билігін шектейтін актілер (1679 ж. Хабеас корпус акт; 1688 ж. Құқықтар туралы Билль) екені аян. Дүние жүзіндегі ең алғашқы Конституция АҚШ-та (1787 ж. ) және Францияда (1791 ж. ) қабылданды. 1831 жылы Бельгия тұңғыш Конституциясын бекітті. XVIII-ғасырда Латын Американың бірқатар елдерінде (Венесуэла, Мексика, Чили, Аргентина, Перу, Бразилия, Уругвай) Конституциясы дәйектенді. XVIII-ғасырдың екінші жартысында Жаңа Зеландия мен Канада да Конституцияға ие болды. Қазақстанда Кеңес Одағы кезінде үш (1920 ж. Қазақ АҚСР-нің Декларациясы, 1937 ж. және 1978 ж. Қазақ КСР-нің Конституциялары) және тәуелсіздік алғаннан кейін екі (1993 ж. және 1995 ж. Конституциялар) Негізгі Заң қабылданған.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы негізінде жаңа конституциялық құқық түзілді, оған сәйкес біздің мемлекетіміз үшін неғурлым қолайлы президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік біртұтас биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен-күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды [57] .

Конституция қоғамның, мемлекеттің ең маңызды және басты мәселелерін қарастыратын, құқық жүйесінің негізін құрайтын, құқықтық тәртіпті нығайтатын ең жоғары заңи күші бар маңызды саяси-құқықтық құжат. Конституция азаматтың шешуші құқығы мен бостандығын, қоғамның экономикалық негізін, мемлекеттің кұрылымын жүйелейтін Негізгі Заң. Конституция мемлекет органдарының сайлануын, тағайындалуын, құрылуын айқындап, олардың негізгі өкілетін анықтайды. Конституция мемлекеттің құқық жүйесінің арқауы болғандықтан, әрбір нормативтік-құқықтық акті соған сәйкес жасалуы тиіс. Конституция тек негізгі қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, ал олар, өз кезегінде, өзге де қатынастардың пайда болуын мөлшерлейді. Осыдан жалпылап жинақтаудың жоғарғы деңгейі Конституцияның сипаттық жағын құрайтыны көрінеді. Бірсыпыра конституциялық ережелердің реттеушілік ықпал етуі ағымдағы заңнамада бекітілген басқа да нормалармен біріккенде ғана толық көлемде ашылады.

Конституцияға нормативтік реттеудін жалпы мақсаты, яғни қоғамдық қатынасты реттеу, жалпы ережелерді белгілеу арқылы әлеуметтік өмірге тұрақтылық енгізу тән. Конституцияның нормативтік сипаты тәртіптің, реттіліктің ұзақ мерзімді және бірыңғай жүйесін қалыптастыруынан байқалады. Конституция қоғамдық қатынастардың ұйымдасуын тәртіптеудегі және қамтамасыз етудегі басты мәселелерді шешуге тиіс. Ол қоғамдық қатынастардың қажетті, орынды реттеуіші болып табылады. Конституцияның нормативтілігі оның мінез-құлықтың үлгілі өлшемінің бірыңғай, тұрақты, жалпыға міндетті жүйесін қалыптастыруында орын табады. Конституцияның нормативтігін мойындау - бұл заңдылық режимін орнатудың және қолдаудың қажетті шарты болып табылады. Нормативтікті мойындамау Конституцияны жете бағаламаушылыққа, оның реттеушілік мүмкіндіктерін кемітуге, қоғамдық қатынастарға ықпал ету тиімділігін төмендетуге әкеп соғады [25] .

Конституциялық ережелерді талдау үшін, алдымен олардың нормативтік сипатын қарастыру қажет. Нормативтік дегеніміз адамның мінез-құлығын, қоғамдық өмірін тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі қалыпқа келтіру. Кейбір конституциялық ережелер құқық нормасы ретінде танылмайды. Оларға құқық принциптерін бекітетін, негізгі құқықтық түсініктерді анықтайтын және т. б. конституциялық ережелер жатады [58, 78 б. ], [59, 21 б. ] . Сонымен қатар, "кейбір конституциялық ерёжелер қоғамдық қатынасқа қатысушылардың мінез-құлықтарын басқа нормалар арқылы және сол нормалармен үйлесіп реттейді" деген пікірлер де бар [60, 67 б. ], [61, 85 б. ], [62, 13 б. ] . Яғни, бұл конституциялық ережелер қоғамдық қатынастарды тікелей реттемейді деген пікір. Шынында да, барлық конституциялық ережелер реттейтін қатынастардың қатысушыларына нақтылы құқықтар мен міндеттерді белгілемейді. Міне, осыдан "Мұндай конституциялық ережелер нормативтік сипатқа ие бола ма?" деген орынды сұрақ туады. Конституцияның заңи табиғатының ерекшелігін және оның құқықтық реттеу механизмдегі орнын ескере отырып, бұл ережелер нормативтік сипатқа ие болады деген пікір шындыққа сәйкес келеді деп ойлаймыз. Құқықтағы еріктің жалпылық сипаты қоғамдық реттеудін құқықтық нысанының нормативтілігі ретінде айқындалады. Конституциямызда көрсетілгендей, халықтың еркін мемлекет те білдіреді. Бұл Конституцияның заң ретіндегі маңызды белгісінің бірі.

Конституцияда, сол сияқты жалпы құқықта, мінез-құлық өлшемі әлеуметтік негізділікке, қажеттілікке сай және мемлекет мәжбүрлеу мүмкіндігіне байланысты тиісті жақтарға және ұйымдарға міндетті болады. Сонымен бірге, құқықтың, демек Конституцияның да нормативтілігі мінез-құлық ережесінің жалпылылық және міндеттілік сияқты қасиеттері бірлігінде айқындалады.

Дара (дербес) құқықтық акт дегеніміз құқық нормасына негізделіп, белгілі бір дара жаққа (тұлғаға) қатысты бірреттік акт. (Мысалы: нақтылы бір іс бойынша шығарылған сот үкімі; сыйлау шарты)

Жалпы сипаттағы нормативтік емес актілер бірқатар құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оны іс жүзіне асыруда көп субъектілер қатысса да, бұл актілер бірреттік атқаруға жатады. (Мысалы: өкімет органының азаматтарға рақымшылық жасау туралы шешімі)

Құқық нормасының міндеттілік сияқты өзіндік сипаты оны басқа әлеуметтік реттеуіштерден ерекшелейді. Құқық нормасын бұзған жағдайда заңи жауапкершілік пайда болады. Құқық нормасы қоғамдық қатынасқа қатысушылардың біреуіне мемлекеттің мәжбүрлеу (ықтиярсыз) шараларымен қорғалатын тиісті мінез-құлықты белгілесе, басқасына - мемлекет тарапынан кепілденген болуы мүмкін мінез-құлықты белгілейді, біреуіне міндет жүктесе, басқасына құқықтар береді. Мысалы, азаматтың зейнетақысын алу құқығына әлеуметтік қамсыздандыру органның зейнетақыны тағайындау және төлеу міндеті сәйкес келеді.

Құқық нормалары адамдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады. Сонымен, құқық нормасы (құқықтық норма) дегеніміз нормативтік құқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі [65] .

Конституциялық норма да құқық нормасының бір тұрі болып табылады және ол құқықтық норманың барлық белгілеріне ие болады. Конституциялық-Құқықтық нормалар реттейтін қатынастардың субъектісіне, алдымен, әлеуметтік бірлестіктер - халық, таптар, ұлттар, топтар, ұжымдар және жеке тұлғалар жатады. Сонымен қатар, конституциялық-құқықтық нормалар реттейтін қатынастардың субъектісіне әлеуметтік бірлестіктердің саяси-Құқықтық қызметін жұзеге асыратын ұйымдық құрылымдар жатады. Солардың ішінде басты орын мемлекет пен басқа да саяси ұйымдарға беріледі. Әртұрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымдары да конституциялық норма реттейтін қатынастардың субъектісі болып табылады. Әрине, ұйымдардың барлығы тек конституциялық-құқықтық норма реттейтін қатынастардың субъектісі ғана емес, олардың көпшілігі ағымдағы заңдардың нормаларына сәйкес қызмет атқарады. Конституциялық-құқықтық норма солардың саяси және экономикалық жүйедегі орнын анықтайды. Конституциялық-құқықтық норманың, басқа құқықтық нормаларға қарағанда, реттейтін қатынастар ауқымы кеңірек және объектілері өзгеше. Конституциялық-құқықтық норма мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық норма басты мемлекеттік органдардың мәртебесін, құзіретін, азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының құқықтық жағдайының негізін реттейді, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызмет істеу қағидаларын белгілейді және олардың өзара қарым-қатынас жасау негізін бекітеді. Конституциялық құқықтан өзге құқық салаларының нормалары қоғамдық қатынастарды реттеу барысында ықпал етудің нақтылы түрлері мен әдістерін қолданады. Мысалы, әкімшілік құқық саласында - әрекет жасауға ұйғарымды қолдану, әрекет жасауға сендіру немесе көндіру және тыйым салу шараларын қолдану; қылмыстық құқық саласында - тыйым салу нормаларын қолдану. Ал, конституциялық-құқықтық нормалар - құқықтық жүйенің ірге тасы, негізі және бүкіл құқықшығармашылық қызметтің берік белгісі ретінде де, қоғамдық қатынастарға ықпал етудің тікелей жолы ретінде де құқықтық реттеудің жалпы бағытын ұстанады.

Құқықтың бір бөлігі бола тұра, конституциялық-құқықтық нормалар оның негізгі қасиеттеріне және барлық әлеуметтік нормаларға тән жалпы жүйелік белгілерге ие болады. Олар жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерін қалыптастырады. Конституциялық-құқықтық нормалардың міндеті қоғамдық қатынастарды реттеуден, өлшеуден және бағалаудан тұрады. Конституциялық-құқықтық нормалар әлеуметтік субъектілердің мінез-құлық, құқықтары және бостандықтары өлшемдерін және қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу өлшемін белгілейді. Олар әлеуметтік құндылықтарды және жауаптылықты өлшеудің, әлеуметтік игілікті үлестірудің және қорғаудың ерекше құралы болып табылады. Конституциялық-құқықтық нормалар құқық субъектілерінің мінез-құлықтарын бағалауда біркелкілікті ұстанады және олардың жалпыға бірдей талаптары заңи теңдіктің маңызды алғы шарты болып табылады [25, 20б. ] .

Конституциялық-құқықтық нормалар, жалпы алғанда, мемлекетпен ерекше байланыста болады. Өйткені оларды белгілеу және жүзеге асыру мемлекетсіз мүмкін емес [67, 103 б. ] . Конституциялық ұйғарымдардың көптеген жағдайларда ерікті түрде орындалуы, олардың мемлекеттік-мәжбүрлеу сипатынан айырылатынын білдірмейді. Яғни, олар әртүрлі қоғамдық құралдардың негізінде жүзеге асырылуымен қатар, мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен де қорғалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Құқықтық Мемлекеттің концепциясы
Нормативтік - құқықтық акт
Шетелдердің конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі жайлы
Халықаралық құқық нормалары Үкіметтің демократиялық ұйымын қолдау
Конституциялық-құқықтық нормалар, институттары мен қағидалары
Құқық нысанының түсінігі
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Конституциялық құқық ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz