Қопа көлі және балық шаруашылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ӘДЕБИ ШОЛУ . . . 6

1. 1. Қопа көлінің географиялық орны және физико-химиялық өлшемдері . . . 8

1. 2. Қопа көлінің Көкшетау қаласына тигізетін әсері . . . 12

2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ТӘСІЛДЕР . . . 16

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 22

3. 1. Қопа көлі және балық шаруашылығы . . . 22

3. 1. 1. Балық түрлері, олардың биологиясы . . . 23

3. 1. 2. Өсіп - даму ерекшеліктері . . . 34

3. 1. 3. Бүгінгісі мен келешегі . . . 41

3. 2. Қопа көлі және дем алу . . . 43

3. 3. Қопа суы - аурулар көзі . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ . . . 48

Кіріспе

Өткен ғасырдың аяғы мен үстіміздегі ғасырдың ортасында өркениетті даму келешегі мен оның одан әрі нәтижелі даму мәселелерінде қайшылықтар көрініс бере бастады, тіпті қазіргі қалыптасқан бағытымыз бен қарқынымыз қатер туғызуы мүмкін екендігі анықталды. Бір жағынан, халық санының көбеюі мен оны материальды - энергетикамен қамтамасыз ету, екінші жағынан табиғи экологиялық жүйелер мүмкіншіліктерінің шектелуі арасында қайшылықтар сипатталды. Осы шиелесулер биосфераны өзгертті, ауа мен су ластанды, топырақ құнарсызданды, шөлді және шөлейтті жерлердің аумағы жылдан жылға ұлғая түсті. Қорыта келгенде қоғамның өркениетті дамуна қатер туды.

Қоршаған орта туралы пікір алмасу ДБҰ Конференция жұмысында 70 - 80 («экология он жылдығы») жылдары басталған (Стокгольм, 1972) . Әлемдік, аймақтық ерекшеліктері бар талдауға, зерттеуге маңызды материалдар жиналды. Көптеген елдерде іске асыратын шаралар (экологиялық, заңдық, ұйымдастырушылық және т. б. ) жүйесі жасалды.

Өткен ғасырдың 80 - ші жылдары істеген шаралардың нітижелігіне қортынды жасалды, табиғи экололгиялық жүйелерге санда және сапалы баға берілді, өркениетті дамудың әлеуметтік-экологиялық даму бағыты анықталды. Осы мақсаттар ДБҰ Комиссиясына ұсынылды. Қоршаған орта туралы мәселелер ДБҰ Конференциясында талданды (Рио-де-Жанейро, 1992) . Оның қортындысы.

Біріншіден, көптеген үкімет бастықтары, оқымыстылар мен мамандардың баяндамасында ұлттық әлеуметтік-экологиялық жағдайлар, олардың бағыты мен барысы, «экологиялық он жылдықтың» не бергені туралы деректер келтірілді. Осы бағытта жүргізілген шаралардың тек шоғырланған жерлерде, аймақтарда жүргізілгені, оның аздағы туралы айтылды. Бұны әлемдік мөлшерде іске асырмасақ әлеуметтік-табиғи құрамның тепе-теңдік сипатының бұзылатыны ескертілді.

Екіншіден, өнеркәсібі дамыған елдер мен даму үстіндегі мемлекеттер аралық экологиялық қарама-қарсылық жұмсартылды. Ол әлем тұрғындарының көпшілігі әлемдегі табиғи-қор мүмкіншіліктерін аз пайдалатыны және әлем бірлестігіне тұрақты көмек көрсету қажеттігі ескертілді.

Үшіншіден, өнеркәсібі дамыған елдер жетістіктері әлемдік бірлестіктің келешекте дамуына үлгі ретінде ұсынылмайтын болды, себебі оны тарату барлық жерде биосфераны өзгертеді, тіпті тіршілікке қатер туғызады. Ендеше тіршілікті, қоршаған ортаны табиғи түрінде сақтайтын стратегия түрін жасау ұсынылды.

Төртінші, келешек стратегиясы ретінде өркениеттіліктің тұрақты дамуы концепциясы ұсынылды, онда тарихи қалыптасқан экологиялық жүйелер мен әлеуметтік-экологиялық дамудың өзара байланыстылығы ескертілді. Әлемдік бірлестікке «даму» және «өсу», «сапалы» және «санды» түсініктерінің ерекшеліктері айқындалды. Заманымыздағы итенсивті және экстенсивті өсу мен даму қазіргі және келешектегі ұрпақтарды толық қамтамасыз ету қажеттігі дәлелденді.

Бесінші, Рио - 92 құжаттарында тек тұрақты даму деңгейіне көтерілу қажеттігі ғана емес, оған жетуге жалпылай түсініктеме мен негізгі механизмдер көрсетілді. Тұрақты даму үшін оған халықтың негізгі топтары мен әлемдік бірлестіктің қоғамдық күштері қатысуы қажет, оған қажет болатын қаржы мен қорлар нақтыланды.

Алтыншы, Рио - 92 құжаттары әлемдік қауымдастыққа бағытталған ұран емес, керісінше нақтылы тезис пен ұлттық стратегия жасау қажеттігі болды, оған халықаралық концепцияға сай әлемдік тәсіл пайдалану анықталды.

Тұрақты даму феноменін теориялық-практикалық жағынан терең зерттеу Қазақстан жағдайында оның ұлттық концепциясы жасалды, онда Қазақстанның тұрақты даму, нарықтық экономикаға көшу бағыты анықталды, ол жалпы мемелекеттік дәрежеге ие болды. Қазақстандағы тұрақты даму бағытының ерекшеліктері.

Өткен ғасырдың 80 - 90-шы жылдары ТД түсінігі кең тарады. Оны ғылыми әдебиеттерде, үкімет және саяси қайраткерлер жиі пайдаланды. Дегенмен оған осы күнге дейін нақтылы анықтама жоқ. Ол талдайтын феноменіміздің күрделігімен байланысты. Біреулер ТД өсу сипаты десе, келесісі - дамығын және даму үстіндегі елдердің қарым-қатынасы, үшіншісі - жержүзілік процестерді әлемдік басқару, ал кейбіреулері оны тіршілік сапасының өзгеруі деп түсіндіреді. Талдаушылардың көпшілігі ТД өркениеттілікті қобалжытатын жан-жақты проблема, әсіресе әлеуметтік-экологикалық сипатты бар мәселе, себебі қазіргі даму кезңінде биосфера проблемасы ең маңызды деп түсіндіреді. Осы пікірлерге жалпылай үш жағдай бар, олар:

тарихи қалыптасқан тіршілік ортасын, жалпылай тіршілікті және оның ішінде адамзаттың дамуына қажет фактор ретінде биосфераның табиғи табиғат қорын сақтау;

«өсуге қарсы бағыт» ұранының жариалануы, ол тек өндіретік заттардың сан жағынан өсуі ғана емес (бұл биосфераны күйзеліске ұрындырады), ол тіршілікті, тұрмысты сапа жағынан өсіру;

әлемдік табиғи - қор мүмкіншіліктерін Солтүстік пен Оңтүстік; «байлар» мен «кедейлер» арасында әділ, тура, дұрыс бөлуіне жағдайлар жасау.

Тұрақты дамуды тар және кең талқылау өзара қатынаста болады. Тіпті тұрақты дамуды тек экологиялық тұрғыда талқыласақта, ол жан-жақты мәселелерді, іс-әрекеттерді талқылауға мажбір етеді.

Жоғарыда келтірілген деректер, айтылған пікірлер Тұрақты даму феноменін «кеңдікпен» талқыланды деуге болады. Тұрақты дамуды «жоғарыдан» талдау, оған сай деңгейлерді талдауды қажет етеді.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

«Экология - даму» шеңберіндегі қайшылықтарды шешу шоғырланған, ұлттық және жалпылай адамзаттық көлемде мәселелерді реттеуге көмегін тигізер еді. Нарықтық механизмдердің барлық іс-әрекет, оның ішіне табиғат қорғауда кіреді, бағытына енуі - заттармен, қорлармен, көмек түрлерімен кеңінен алмасу адам, қоғам және биосфера жүйесінде өзара қатынастарына қатал орталықтан басқаруды қажет етер етеді. Өткен ғасырдың 70 - 80 жылдары әлемдік бірлестіктің көптеген мемлекеттерінде ұлттық деңгейде әлеуметтік-экологиялық даму проблемаларын реттейтін орталық ұйымдар (комитеттер, агенстволар мен министерстволар) пайда бола бастады. Дамыған елдерде олар нәтижелі жұмыс істей бастады, ал даму жолына түскен мемлекеттерде қағаз жүзінде қалып ұлттық дамуды экологияландыра алмады. Дегенмен, қай жақта болсын бірінші қадамдар дасалып, жалпылай ұлттық рычагтар (экономикалық, заңдық, әлеуметтік-мәдениеттік және т. б. ) іске қосылып, шоғырланған және жалпыұлттық мұқтаждықтарды біріктірді.

Сонымен қатар, 80 - 90 жылдары нақтылы ұлттық шеңберде әлеуметтік-экологиялық қайшылықтарды шешу үшін ұлтаралық деңгейге шығу қажеттігі айқындалды. Ол үшін ұлтаралық басқару механизмідері жасалды - БҰҰ-ың қоршаған орта Конференциясының шешімі (Стокгольм, 1972) - жаңа арнайы БҰҰ - ЮНЕП (БҰҰ қоршаған орта Бағдарламасы), содан кейін БҰҰ-ың қоршаған орта және дамуға арналған Конференциясының шешімімен (Рио-де-Жанейро, 1992) Тұрақты даму Комиссиясы пайда болды, оған әлемдегі барлық мемлекеттердегі бірлестіктер кіретін болып шешілді. Бұл шешім тұрақты даму деңгейіне көтерілуде әлеуметтік-экологиялық кеңістікті әлем деңгейінде басқаруды қамьамасыз етеді, ұлттық және жалпы адамдық қажеттікті біріктіреді деп болжанды.

Бұл бағытта Қазақстанда да біраз мәселелер тындырылды. Алдымен, ұлттық нысана мен стратегия анықталды - 1997 жылы «Казақстан - 2030» ұлттық Стратегия жариаланды, онда орта және ұзақ мезгілге бағытталған даму мақсаты көрсетілді. Осы Стратегияда мекеме аралық қарым-қатынас нәтижелігін реттеу, стратегиялық жұмыс жоспарларының нақтылығы қаржы процестерін қалыптастыру, басқарудың әкімшілік жолдары және басқадай сұрақтарға жауап берілді.

Қазақстанның Тұрақты даму феноменінде кедейшілік пен табиғатты, адамды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше көңіл аударылды. Ол үшін 2000 жылы Кедейлік және Жұмыссыздықпен күресу Ұлттық бағдарламасы қабылданды. Кедейлікпен күресу жоспары 2003 жылы күшіне кірді. Қазір Орта мезгілге қарастырылған 2003 - 2007 жылдарға бағытталған Кедейлікті Азайту Стратегиясы Азия Даму Банкісі, Әлемдік Банкі және ПРООНың көмегімен іске асуда. Мұнда назар бес бағытқа ерекше аударылды: бала мен ана денсаулығы, ана мен баланың тамағы, білім беру, санитария және сумен қамтамасыздандыру және балаларды қорғау.

Тұрақты даму шеңберінде Құрғақшылықпен күресу проблемасыда еске алынды. Себебі Қазақстан жерінің барлығы іс жүзінде құрғақшылық аймаққа кіреді, ал жерінің үштен екісі әртүрлі құрғақшылық қасіретіне ұшыраған. Былайша айтқанда, құрғақшылық ашық түрде әлемдік экологиялық және әлеуметтік - экономикалық проблемаға жатады. Сондықтан Қазақстан 1997 жылы шілденің 7-де БҰҰ құрғақшылықпен күресу Конвенциясын қабылдап, оған қол қойды. Сонымен қатар, ҚР Конститутциясының (1995) 31 бабы - «Үкіметтің мақсаты қоршаған ортаны қорғау, адамдардың денсаулығы мен тіршілігіне қолайлы жағдай жасау» сүйене отырып төмендегі Заңдарды қабылдады:

- «Жер туралы» (2001) ;

- «Қоршаған ортаны қорғау» (1997) ;

- «Экологиялық қауіпсыздық Конвенциясы»;

- 2010 жылға дейін ҚР Жер қорын қорғау және оны нәтижелі пайдалану Конвенциясы;

- 2030 жылға дейін Қазақстандағы орманды тұрақты дамыту Стратегиясы және басқадай 20 артық Табиғатты қорғайтын 20 артық Халықаралық экологиялық Конвенцияларғы келісім беріліп қол қойылды.

Тұрақты даму феноменін талдағанда, барлық тіршілік саласында өзгерістерді аңғарамыз, ол адамдардың сана-сезімінің өскендігімен байланысты. Сонымен, бұл өзгерістер тұрақты даму принциптер жүйесін туғызады.

1. 1. ҚОПА КӨЛІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ ЖӘНЕ ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕРІ .

Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік батыс бөлігінде орналасқан, пішіні элипске ұқсас. Оңтүстік- шығыстан солтүстік батысқа қарай созылған. Ұзындығы 5 километр, ені 3, 4 километр шамасында. Қопа көлінің батыс бөлігінде су жинау ауданы 3860 км . Қопа көлінің батыс бөлігінде келіп құятын өзеннің бірі - Шағалалы өзені, ол көлдің шығыс бөлігінде Шортан көлінен басталатын - Қылшақты өзені келіп құяды. Қылшақты өзенінің Қопа көліне келіп құюы тұрақсыз, өйткені жаз айларының орта кездерінде Қылшақты өзенінің ағыны тоқтайды. Бірақ осы жағдай Қопа көлі режиміне әсер етпейді. Өйткені өкөлге құюшы Шағалалы өзенінің ағыны жаз айларында да үздіксіз Қопа көліне келіп құйып тұрады. Көл суының үлкен бөлігі - Шағалалы өзенінің үлесіне тиеді. Ал көлдің өз үлесіне болмашы ғана 80 км -тай бөлігі тиеді.

1972 жылы көл суы деңгейі үш бүтін екі метрге тең болса, ал 1993 жылы бұл көрсеткіш 2, 4 метрге жетті. Бұл көрсеткіштен көлдің түбі жылдан - жылға қоқысқа толып, су деңгейінің азайып, оның жоғары көтерілуіне әкеліп соғатынын көруге болады.

Көл беті жалпы алғандаашық болатын, ендігі кезде шөгінділердің жиналуы, оттегінің азаюы әсерінен, батыс - слотүстік жағалауларына дейін қамыс алып жатыр. Ол 1-3 км көлемді алып жатыр.

Бүгінгі таңда көл суының әсер етуші сыртқы факторлар саны көбейіп келеді. Көлге кліп құятын ағын сулар құрамындағы тас, саз, балшық көл түбіне шөгіп қалың қабаттар түзеді. Ол су деңгейінің жоғарлауына әкеліп соғады. Онымен қоймай завод, фабрикаларда қолданылған сулар көлге келіп құйылып, құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар көл түбіне шөгіп, оның гидрохимиялық режимін бұзады.

Қопа көлінің экологиялық жағдайы жыл сайын нашарлап келеді. Осыдан 30 жыл бұрын көл суы ішуге жарамды, балықтың бірнеше түріне бай болатын. Ал көлдің қазіргі жағдайы қандай? Шынында, Қопа көлінің экологиялық жағдайы жақсы күйге жетудің орнына, керісінше күйге келе жатыр.

Қопа көлінің түбінде қазіргі кезде бұлақтар көзін жапқан майда балшық, шөкпе топырақ, қиыршық тас қабаттары жыл сайын лайлай түсуде. Көл суының орталық бөлігінде шөгінді қабат 1, 5-2 метр болса, ал оңтүстік - батыс бөлігінде бұл көрсеткіш 2, 5 метрге жетеді.

Қопа көлінің ластануына әсер етуші факторлардың бірі - өнеркәсіп, оның үлесіне 50%-тей ластану тиеді.

Көкшетау қаласындағы фарфор жасау заводы, ет комбинаты, көлге жақын елді мекендер шаруашылықтары көл суын пайдаланып, ластанған суды қайта көлге құяды. Улы судан алдымен балықтар қырылады, өсімдіктер өспейді, жойылады. Көлде әр түрлі эпидемиялық ауру тудырғыш бактериялардың көбеюіне жағдай туғызады.

Жалғыз ғана Қопа көлінің жағдайы осындай мүшкіл халде емес. Көкшетау облысы территориясына кіретін басқа да көлдердің құрамында мұнай өнімдері қалдықтары, органикалық заттар, азот қалдықтарының мөлшерінің көрсеткіші жылдан-жылға артып келеді. Бұл жағдай су қоймаларындағы балдырлардың көбеюіне, ал олардың «гүлденуі» көлде оттегінің азаюына, көлдегі тірі ағзалар үшін қауіпті жағдай туғызады.

Қопа көлінің гидрохимиялық көрсеткіші. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде, бұл су қоймасы мәдени - тұрмыстық және балық шаруашылығының гидрохимиялық параметрлі нормативті қолдануға жарамсыз екенін көрсетті.

Қопа көлінің суының рұқсат етілген шектік шоғырлану жәрежесінен (ПДК) 2 градусқа немесе 5, 7%-нен де асып түседі, бұл Қопа көлінің жоғары дәрежеде екенін көрсетеді.

Судың тазалығы балық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілген шектік шоғырлану дәрежесі- 3, 9 мг\л-ге немесе 6, 2 есеге артты, мәдени тұрмысқа қолдану 4, 05 мг\л немесе 46 есеге артады. Осы көрсеткіштер Қопа көлінің рекреционды және балық шаруашылығында қолдануға жарамсыз екенін көрсетеді. Судың дәмі ПДК-дан 1 бал немесе 50% жоғары. Судың иісі нормативке сәйкес келеді.

Судың эколого-химиялық зерттелуі.

Қопа көлінің гидрохимиялық көрсеткіші.

Лабораториялық зерттеу нәтижесінде, бұл су қоймасы мәдени-тұрмыстық және балық шаруашылықтың гидрохимиялық параметрлі нормативті қолдануға жарамсыз екенін көрсетті.

Қопа көлінің суының түсі рұқсат етілген шектік шоғырлану дәрежесінен (ПДК) 2 градусқа немесе 5, 7%-нен де асып түседі, бұл қопа көлінің жоғары екенін көрсетеді.

Судың тазалығы балық шаруашылығында қолдануға рұхсат етілген шектік шоғырлану дәрежесі - 3, 9мг/л-ге немесе 6, 2 есеге артты, мәдени тұрмысқа қолдану 4, 05 мг/л немесе 46 есеге артады. Осы көрсеткіштер Қопа көлінің рекреционды және балық шаруашылығында қолдвнуға жарамсыз екенін көрсетеді.

Судың дәмі ПДК-дан 1 бал немесе 50% жоғары. Судың иісі нормативке сәйкес сәйкес келеді.

Құрамы 2147 мг/л су - тұз ерітіндісі бар. Ол ПДК-дан 647 мг/л-ге немесе 45, 1% -ке асты. Бұл судың жоғары тұздылығын көрсетеді. [19]

Хлор ионының құрамы 610, 5 мг/л, ал шаруашылық ішуге қолдану нормасы 350 мг/л, ал балық шаруашылығында қолдануда 1, 2 мг/л, яғни судың құрамындағы галегондар адам денсаулығына және судағы организмге үлкен қауіп төндіреді.

Сульфат ионының мөлшері орташа бағамен 456 мг\л, яғни балық шаруашылығындағы нормадан асады. Мұндай сульфат ионының мөлшері балықтың және су жәндіктерін және пайдалы микрофлораларды жойып жіберуі мүмкін.

Судың жалпы қаттылығы 1, 87 мг/- экв/л, ПДК-дан 5, 37 мг/экв/л немесе 76, 4%-ке жоғары. Осы жағдай Қопа көлінің рекационды маңызын төмендетеді.

Судың РН-ын анықтау.

Судың РН-ын универсалды индикатордың көмегі арқылы коллориметриялық әдіспен анықталады. Анықтауға алынған суды (2мл) форфор ыдысқа құйып, үстіне индикатор қосамыз. Содан соң РН -шкаласындағы үлгілермен судың түсін салыстырамыз.

Судың ортасының РН-8, 0, ол рұқсат етілген шектік шоғырлану дәрежесінен (ПДК) аспайды.

Оттегінің сіңірілуі.

Оттегінің 5 сағатта биологиялық сіңірілуі (БПК5) 0, 6 мг/л, рұқсат етілген шектік шоғырлану дәрежесінде 3 мг/л құрайды, яғни біз есептегенде БПК5 бұл объектіде оттекті сіңіру орталығы емес.

Ихтиофаунаның жоғалып кетуіне перманганаттың төмен тотығуына су объектісі - 0, 16 мг/л, рұқсат етілген шектік дәрежесі бойынша шоғырлану 3 мг/л болуына байланысты.

Су қондырғылар жүйесін жөндеу.

Қопа көлінің санитарлы - экологиялық тазалау. [7]

1. 2. ҚОПА КӨЛІНІҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ .

Көкшетау қаласының солтүстік-батыс жақ іргесіндегі Қопа көлінің экологиялық жағдайы қала тұрғындарын алаңдатқалы қай заман. Қопа көлін ең алғаш зерттеп жазған монография 1659 жылы «Тың аймағындағы жер үсті су қоймалары» деген атпен жарияланған. Мен Қопаның сол кездегі ахуалы мен бүгінгі таңдағы жағдайын салыстырып көрсем, көп айырмашылық бар екен. Ең бастысы, көл суының аумағы тарылған, тайызданған, судың сапасы кеміген.

Қопа көлінің айдынын толтыратын көзі атмосфералық жаңбыр, қар сулары. Әр көлдің осындай ағын су жиналатын аумағы болады. Қопа көліне ағын су құятын аумақтың көлемі 1959 жылғы деректер бойынша 3869 км квадрат. Ол аумақтың 80 пайызы Қопа көліне келіп құйылатын Шағалалы өзені мен Қылшақты өзенінің су жинайтын бассейіне жатады. Ал міне, осы ағынды су жиналатын аумақтың тарылуына байланыстыкөлдің деңгейі төмендеген. 1959 жылғы деректер бойынша Қопа көлінің айдыны - 300-470 млн, км куб, орта тереңдігі 2, 3-3, 4 км. Ал бүгінгі таңдағы көрініс басқаша, 1994 жылы көлдің көлемі 30 млн м - 19, 4 млн. текше метрге түсті. Орташа тереңдігі - 3, 2 метрден 1, 9-2, 0 метрге ауысқан. Бірақ көлдің тайыздануына қарамай оның көлемі 13, 6 метр кв, ұзындығы мен ені сол күйінде қалған. Оның себебі көл суының тайыздануы көл табанына жиналған Шағалалы өзені мен Қылшақты өзенінен келіп құйылатын лай-балшықтың көл түбіне тұнуымен байланысты. Тек 1994 жылдың зерттеу көрсеткіші бойынша көл табанына жиналған лай-балшықтың көлемі 22 млн м куб, яғни көлдің алып жатқан көлемінің жартысымен тең түседі. Осының салдарынан су деңгейі көтерілгенмен, тереңдігі азайып, көл суы жылынған. Бұл жағдай көлді қамыс -қоға басуына әкеп соқтырған. Қамыс-қоға басып биохимиялық ыдырауының, оттегі концентрациясының азаюы ихтиофаунаға қолайсыз жағдай туғызады, әрі концентрацияның көбеюінен метан газы, судың лайлануы т. б. көлдің санитарлық, рекреациондық (дем алу) қабілеті жойылады. 1959 жылға дейін Қопа көлінің беті таза, қамыс-қоғалар тек көлдің батыс, солтүстік жағалауында аздап қана кездескен болса, қазір көлдің 50 пайызға жуық аумағын алып кетуге жақын. Егер 1959 жылдары көлдің суы таза, мөлдір, тұщы делініп сипатталынса, қазір санитарлық сипаттамасы тіпті басқаша. Көкшетау қаласының санитарлық бақылау басқармасының деректеріне қарасақ, барлық көрсеткіштер нормадан асып жығылады. Гидрохимиялық көрсеткіштеріне сәйкес Қопа көлінің суы экологиялық нормалардан әлдеқайда асып кетіп отыр. Мысалы қатты қалдық- 1, 7 есе, хлоридтер 1, 4 есе, аммиак 3, 8-ден 7, 4 есеге, мөлдірлігі экологиялық нормадан 4, 6 есе кем, темір екі есе көп. Хлор, сульфат иондары қалыпты мөлшерден 10 есе асып кеткен. Судың жалпы қатқылдығы ПДК-дан 76, 4 пайызға асып түскен. Нитраттың мөлшері (судың органикалық ластанының көрсеткіші) 40 пайыз төңірегінде. Қазіргі Қопа көлінің химиялық құрамы балықтардың, басқа да жәндіктердің өмір сүруіне қауіп туғызып тұр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Қопа көлінің экологиялық ахуалы
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Табиғи сулардың химиялық құрамы
Көкшетау қаласының жалпы физико-географиялық сипаттамасы
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Ақмола облысы бойынша су ресурстарының экологиялық жағдайы
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Сібір өзендерін Қазақстанға бұру
Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz