Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: «Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі»
На тему:
Мамандығы (050114) Тарих
Специальность
Орындады:
Выполнил : Дүкетбаев Ж. ___
Жетекші
Руководитель Шаймерденова Ж. К.
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Кушпаева А. Б.
Көкшетау 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . ……3
І ҚАЗАҚСТАНДА КӨППАРТИЯЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Қазақстанда көппартиялық жүйеге өтудің тарихи жағдайларының
негіздері . . . 8
1. 2 Қазақтан Республикасында көппартиялықтың қалыптасу мәселелері
және партиялық құрылыстағы биліктің ролі . . . 21
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДА КӨППАРТИЯЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДИНАМИКАСЫ
2. 1 ХХІ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси партиялар құрылысындағы
жаңа өзгерістер . . . 34
2. 2 Партиялардың тәуелсіздікке қосқан үлесіне сараптама . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 60
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Зерттеу жұмысы тарихи-саяси ғылымдағы ең өзекті мәселе Қазақстанда көппартиялықтың қалыптасуна арналған. Жұмыста саяси партиялық қозғалыстардың Қазақстанның тәуелсіздік алуында қосқан үлесі сарапталады және сайлау жүйелерін талдау негізінде көппартиялылықтың қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары ашып көрсетілген, саяси үрдістер серпіні мен саяси партиялардың дамуы тұрғысынан Қазақстанда болуы ықтимал партиялық жүйеге болжам баға берілген.
Қазақстан тарихында еліміздің мемлекеттік егемендігінің қалыптасуында тәуелсіздік кезеңі ерекше маңызға ие болды. Елбасшысы Н. Ә. Назарбаев 2009 жылдың 7 қыркүйегінде ғылым мен ғылыми саясат Кеңесінің мәжілісінде айтқан сөзінде: «Институттар Қазақстанның тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуын, біздің мемлекетіміздің халықаралық ролі мен статусын, қазіргі заман тарихын жан-жақты қарастырып және зерттеулері қажет » деген.
Көп партиялылықтың кемелденген мәдениеті болмайынша демократиялық, құқықтық мемлекет құру және жоғары парламентті мәдениетке жетуі мүмкін емес. Қазақстанның көп партиялылығы өзінің дамуын бір партиялылық мәдениеттің топырағынан бастады, ондағы насихатпен жұртшылықтың санасында мемлекеттік партияның беделі берік орнығып қалған еді.
Қазіргі кезде қазақстандық партиялардың тек аты ғана көппартиялы, өйткені қалыпты дамыған, демократиялық қоғамдағы партиялардың атқаруға тиіс міндеттерін олар әлі атқара алмай келеді. Республиканың саяси өмірінде партиялардың үкіметті құруға қатысу немесе үкімет құрамына енген өз мүшелері арқылы оның саясатына ықпал жасау жағдайы әлі күнге болған емес. Сайлау кезінде сайлаушылар кандидатқа жеке тұлға ретінде ғана баса назар аударады, партияларды сан алуандығын, олардың саяси бағдарламасының бүге-шігесін терең ұғына бермейді. Алайда Қазақстандағы көппартиялылық қазірдің өзінде саяси ақиқатқа айналды және өздерінің қалыптасу жолындағы ең қиын баспалдақтардан өтіп үлгерді.
Осы аталып өткен барлық мәселелер бұл тақырыптың өзектілігінің айқындаушысы ғана емес, сондай-ақ үнемі саяси үрдістің, өзіне партиялық плюрализмнің генезисін енгізген динамикасын сараптап және бақылап отыруы қажет. Партиялық моделдің қалыптасуы жәйлі айту ертерек, себебі қазақстандық партогенез тек ақырғы онжылдықтарда ғана бақылауда, алайда қалыптасып жатқан қазақстандық көппартиялық жүйенің контурларын байқауға болады.
Сондықтан зерттеудің өзектілігі партиялық жүйенің қалыптасу жолына және билікке халықтың қайта құруда ықпал етуіне сараптама жасау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Тәуелсіз Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу мәселелеріне деген көптеген мамандардың тұрақты қызығушылығы бұл феноменнің посттоталитарлы қоғамның саяси өмірінің аз зерттелуімен түсіндіріледі. Қазіргі кездегі пайда болып жатқан кітаптардың, статьялардың, баяндамалардың, оқу-әдістемелік құралдардың әзірше осы тақырыптың әртүрлі аспектілерінің теориялық және қолданбалы тапшылығын жоймауда. Бұл тақырып бойынша шетелдік әдебиеттерге назар аудару өзін-өзі ақтамауда, себебі механикалық түрде ежелгі демократиялық дәстүрі бар қоғамдық тәжірибені ауысытырып әкелу, өтпелі кезеңдегі қоғкамның партиялық плюрализмінің даму ерекшелігін түсіндіре алмайды.
Сонымен бірге, ТМД елдерінде бұрынғы КСРО республикалары ақырғы жылдары жинтақтаған көппартиялық жүйені қалыптастыру тәжірибесіне шолу жасалуда. Осы қарастырылып жатқан тақырыпқа арналған жалпы әдебиетте көппартиялықты қалыптастырудың терең сараптамасы бар, соның ішінде ұғым аппараты, зерттелініп жатқан құбылыстың ішкі құрылымы, оның сапалық сипаттамасы туралы еңбектер бар. Өте қызықты теориялық және жақсы эмпирикалық басылымдар Ресейде пайда болды. Олар қазақстандық көппартиялық ортада өтіп жатқан үрдістерді тереңірек салыстырмалы түрде зерттеуде құнды болып табылады, өйткені Қазақстан мен Ресейде дамыған жаңа саяси жүйелер және оны құрастырушы элементтерінде ерекшелік, сонымен бірге жалпы ұқсастықтары да бар. Қоғамдағы көппартиялық жүйені қалыптастыру мәселесіне арналған күрделі үлесті Ресейлік авторлар Бутенко А. П., Виноградова Д. И., Дилигенский Г. Г., Заславский С. Е., Лепехин В. А., Согрин В. В., Тимошенко В. И., Фарушкин М. Х., Холмский М. Р., Юртаев А. Н. және т. б. еңбектері қосты.
Тоталитарлық және авторитарлы режимдерден демократиялық қоғамға өтудің ерекшеліктеріне, жаңа әлеуметтік - жіктік құрылымның қалыптасуына, сайлау жүйесіне Андреев Э. М., Беленьковтің В. Х., Гордонның Л. А., Давыдованың Ю. П., Демидованың А., Загладиннің Н. В., Заславскийдің Т. И., Каменскийдің В. Г., Кожокинаның Е., Комаровскийдің В., Левчиканың Д. А., Мунтянаның М. А., Постникованың А., Резниканың Ю. М., Рукавишиникованың В. О., Фадееваның Д. А., Холодковскийдің К., Шарипованың Р., Шейнистің В. және т. б. еңбектері арналған.
Партогенездің динамикалық ұғымын түсіну үшін үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы, партиялық жүйе және партиялардың қызметтері мен қалыптасу мәселелерімен айналысатын келесі шетелдік ғалымдар Дюверже М., Михельстің Р., Сартори Дж., Лоусон К., Риггса Ф., Элдерсвелда С., Меркл П., Кротти У., Харкшорнаның Р., Санистебан Л. С. және т. б. еңбектерін атап өтуге болады.
Қазіргі уақытта қазақстандық саясаткерлер осы зерттеу мәселесіне байланысты көптеген жұмыстар атқарды, олар біздің республикадағы партиялық құрылыстың теориялық және тәжірибелік түсініктеріндегі ақтаңдақ беттерін толықтырды. Осы мәселенің әртүрлі аспектілерін қарастыруда қазақстандық ғалымдар Абдыгалиева Б., Аженова М. С., Аренова М. М., Аяғанова Б. Г., Бабакумарова Е. Ж., Булуктаев Ю. О., Гмыри С. В., Иватова Л. М., карсакова И., Кушербаева К. Е., Матвеенкова Л., Мустафина Т. Т., Машанова М., Нысанбаева А. Н., Пономарева В. А., Таракова А. және т. б. үлкен маңызға ие болды.
Қазақстанда бұрынғыдай сұраныстың болмағандықтан, республикалық партогенезбен байланысты үрдістердің теориялық ұғымы тек қазір ғана басталуда. Өкінішке орай, қазақстандық саяси әдебиетте республиканың болашақта саяси партиялары мен партиялық жүйесінің әрі қара даму сценариі мен варианттары бар салыстырмалы және болжамдық бағалар берілген, оның әртүрлі аспектілерін айқындаған, тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өту ерекшелігі, өтпелі қоғамның демократиялық бағыттарын, ерекшеліктеріне және сипатына байланысты күрделі еңбектер әлі де жоқ. Қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастыруға байланысты мәселелер де жаңа зерттеулерді қажет етуде. Постоталитарлық қоғамда көппартиялық жүйенің қалыптасуына ықпал ететін сайлау жүйесіне қатысты қарастырулар жеткіліксіз. Кейбір басылымдарда ешқандай негізсіз жуық уақытта американдық типтегі екі партиялық жүйе қалыптасады деген болжамдар және қорытындылар жасалуда. Соның ішінде трансформацияланған қазақстандық қоғамның күрделі және ерекше сипаты, өткізілген реформалардың мақсаттары мен әдістемелерінің мәселелерінің поляризациясы, оның полиэтникалығы, халықтың менталитеті, көп конфессияналдығы есепке алынбайды. Осы аталған мәселелердің зерттеу болашағы қарастырылып жатқан тақырыптың әрі қарай теориялық және қолданбалы аспектілерін ұғынуды талап етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Жоғарыда аталып өткен айтқандарға сәйкес жұмыстың негізгі мақсаты эмпирикалық фактілердің негізінде теория-әдіснамалық сараптама жасау, посттоталитарлық қоғамда көппартиялықты қалыптастырудың ерекшелігі болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда келесі міндеттерді шешу керек:
- тоталитарлық қоғамнан плюралистік қоғамға өту қажеттілігін көрсету;
- посткеңестік қоғамнан демократиялық қоғамға өту ерекшелігін ескеріп, біздің республикамызда партиялық және көппартиялықтың қалыптасу ерекшеліктерін айқындау;
- өтпелі кезеңнің қоғамдарындағы партиялардың әлеуметтік табиғатын негіздеу және ашу;
-демократия мен партиялық плюрализмнің өзара ықпалын, сондай-ақ қоғамда лояльді оппозицияның болу қажеттілігін көрсету;
- көппартиялық жүйенің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларын айқындау;
- әртүрлі елдердегі әрекет ететін салыстырмалы сараптаманың негізінде, трансформацияланған саяси үрдістердің динамикасының және саяси партиялардың даму көзқарасы бойынша тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесіне дұрыс жағдайларды таңдауды негіздеу;
-болашақ қазақстандық партиялық жүйенің моделіне теоретикалық сараптаманың көмегімен болжамдық баға беруге талпыну;
- өткізілген зерттеудің негізінде теориялық қорытынды және билік пен оппозиция арасында өркениеттілік диалогтың қалыптастыруға ықпал ететін әрекет етуші саяси партиялардың орнығуына бағытталған, олардың тезірек демократияға ұмтылған қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасуына тәжірибелік нұсқаулар қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Тәуелсіз Қазақстан қоғамының партогенез үрдісі, партияларды қалыптастырудың әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын зерттеу жолдары.
Зерттеу обьектісі: біздің республиканың саяси өмірінің жаңа субьектілері - саяси партиялар, сондай-ақ саяси жүйенің қалыптасуы, өтпелі кезеңдегі сайлау жүйесінің таңдау мәселесі.
Зерттеу әдіснамасы: Зерттеу обьектісі еліміздің қазіргі кезеңдегі саяси тарихы. Бұл зерттеудің мәселелерін қарастырғанда жалпы ғылыми зерттеу принциптері қолданылды: обьективті принцип, тұтастық, жүйелілік және тарихи принцип жіне сипаттау, тарихи-салыстырмалы, талдау-жинақтау әдістері қолданылған.
Ғылыми жаңалығы: көппартиялықты қалыптастыру мәселелерін қазақстандық қоғамның саяси трансформациялану контекстінде және оның қоғамдық өмірді демократизациялаудағы ролі, сондай-ақ партиялық жүйені одан әрі қарай дамытуға бағытталған теоретиялық тұрғыдан қарастыру. Осыған орай келесі мәселелер қарастырылады:
Өтпелі кезең қоғамының әлеуметтік табиғатына негізделген «саяси партия» ұғымы;
Тоталитарлық қоғамның демократиялық қоғамға міндетті өтуі;
Қазақстанда көппартиялықтың дамуының кезеңдеріне өзіндік көзқарастар;
Әлеуметтік зерттеулер негізінде парламентік типтегі күшті партияларды эффективті қалыптастыру үшін біздің қоғамымызда аралас сайлау жүйесі болып табылады;
Өтпелі кезең қоғамында ықпалды орталық қозғалыстардың іс-әрекеттері шектеулілігі көрсетілген. Сонымен бірге, табиғи жолмен қалыптасқан орталықтандырудың болашағы негізделген.
Дамыған елдердегі партиялық жүйелерді салыстырмалы сараптау негізінде, қазақстандық партиялық жүйенің үш мүмкін деген моделі қарастырылған, онда шектеулі плюрализмнің жүйесі республика үшін ең тиімді және ең мүмкін жүйе ретінде айқындалған.
Зерттеудің маңыздылығы сонда, зерттеу қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешуге ықпал етеді, қазақ мемлекетінің орнығуында қоғамдық қозғалыстардың ролін терең ұғынуға көмектеседі. Бұл материалды оқу құралы ретінде мектеп және жоғары оқу орындарында қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы кіріспден және екі бөлімнен, қорытындыдан құралады. Соңында сілтеме жасала отырып, пайдаланылған ғылыми еңбектер тізімі берілген.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, маңыздылығы, зерттеу деңгейлігі, мақсат, міндеттері қарастырылған.
Бірінші тарауда Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы, көппартиялық жүйеге өтудің тарихи жағдайларының негіздері, Республикада көппартиялылықтың қалыптасу мәселелері және партиялық құрылысқа биліктің ролі қарастырылған.
Екінші тарауда Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасу динамикасы және партиялардың тәуелсіздікке қосқан үлесіне сараптама жасалған.
Қорытынды бөлімі осы жұмыстың зерттеулерінің нәтижесіндегі жасалған қорытындылармен аяқталады.
І ҚАЗАҚСТАНДА КӨППАРТИЯЛЫ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 Қазақстанда көппартиялық жүйеге өтудің тарихи
жағдайларының негіздері
Саяси партиялар қазіргі қоғам өмірінде елеулі рөл атқаруға арналған. Осы негізгі элемент болып табылатын, саяси партиялардың тарихы ежелгі замандардан басталады. Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті ежелгі Грекияда болды. Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды, оларға қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына тарады. Алғашқы көпшілікті біріктірген бұқаралық партиялар Англияда (либералды -1861ж. ), Германияда (Жалпы Герман Жұмысшылар Одағы -1863 ж. ) пайда болды. XIX ғасырдың соңында бұқаралық партиялар негізінен социал - демократиялық бағыттағы партиялар Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты. Саясаттанушылар көпшілік саяси партиялардың пайда болуының негізгі екі себебін айтады:
біріншіден, саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен жалпыға бірдей сайлау құқығының таралуы;
екіншіден, тап тартысы, жұмысшы табының ұйымдық дамуы, ол өз партиясының құра бастады. Оған қарсы саяси партиялар да пайда болды. [4. 65]
Мемлекет мәселелімен айналысқан ойшылдарға саяси партияларды мемлекеттік-құқықтық жүйеге енгізу өте қиын болды, себебі партиялар қоғамдық-саяси құрылымдарды құрған. Тек Н. Макиавеллиден бастап, мемлекеттік өмірде партияның пайдалылығы және тиімділігінің пайдасына аргументтермен байланыстыбіртіндеп антипартиялық бағыттан бір партиялық бағыттан ауытқу басталды. Партия концепциясының дамуына Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Д. Юм, Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо, Дж. Вашингтон, Т. Джефферсон, А. Гамильтон, Дж. Мэдисон және т. б. үлкен үлес қосты. Ертедегі буржуазиялық және кейінгі либерализм дәуірлерінде партия, фракция, мүдде, топ, секта және т. б. ұғымдар бір-бірлерін ауыстырушылар ретінде қолданылды. Осындай интерпретацияда партия ұғымы өте аз позитивті мағынаға ие болған. Алғашқы болып партияға классикалық позитивтік мағынадағы анықтаманы ағылшын теоретигі Э. Берк берді. Ол партия деп бірыңғай принциптерін және біріккен күшпен жалпы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ететін адамдардың бірлестігін атаған. Іс жүзінде осы Э. Берктен қазіргі «партия» концепциясы басталады.
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіндегі саяси партиялар қоғамдық - саяси өмірдің қажеттігі институты болып қала беруін жалғастыруда. Тарихи уақыт өткен сайын қазіргідей көп санда бізге партиялар керек пе деген мәселе пікірталасқа айналды.
1994 жылы парламенттік сайлауға дейін бір ай бұрын Жоғарғы Кеңестің Ақпараттық орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеулер Қазақстан қоғамының әлеуметтік жіктелу үрдісін, біртіндеп олардың өзіндік корпоративтік мүдделерін саяси партиялар арқылы қорғай алатындықтары туралы түсініктерін, тұрғындардың әртүрлі өмірлік құндылықтарының барлығын көрсетті.
1994 жылдың 7 наурызындағы сайлау республикада көппартиялықтың қалыптасуының бастамасы болды. Тоталитарлық режимге тән бір партиялық жүйеден кетіп, Қазақстан Республикасының қоғамдық даму моделін радикальді өзгерту саяси жүйені интенсивті қалыптастыру басталды. Осының нәтижесінде елдің болашақ партия жүйесінің қоғамдық-саяси құрылымның маңызды бөлігі ретінде контурлары айқындала басталды.
Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасу тарихы өткен ғасырдан басталды. XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т. б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін - өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256- санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкіл қазақтың съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар. [6. 75]
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалады, « Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері [В. Григорьев, Г. Пахмурный, А. Сармузин] бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық - ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері [М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев] оны ұлттық - демократиялық партия деп санайды. [6. 97] Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрылғылары келді. Бұл буржуазиялық - ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» деген партия құрылды. Оның басшысы Қ. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясынан басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «орталықтың» отаршыл саясаты мен әкімшіл - әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін [1990 ж. мамырда] соның негізінде осы аттас партия құрылды. [9. 30]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz