ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ
: 3
: 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
:

1. 1 Қазақстан Республикасындағы қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

1. 2 Қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздардың түрлері

1. 3 Ќазаќстан Республикасыныњ ќор биржасындаѓы баѓалы ќаѓаздар бойынша ж‰ргізілетін операциялар т‰рлері

: 6
:

10

20

: 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ТАЛДАУ
:
:

2. 1 Қазақстан Республикасында қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығының даму жағдайы

2. 2 Бағалы қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткіштері

2. 3 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың іскерлігін талдау

: 26
: 33
: 40
:

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Ұлттық қор нарықтарын аймақтық және дүниежүзілік қор нарығының орталықтарына айналдыру

3. 2 Қазақстан Республикасындағы қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары

:

44

44

57

: ҚОРЫТЫНДЫ
: 65
:

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

: 68

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік кезеңі экономикадағы нарықтық реформалармен, әлеуметтік - экономикалық, құқықтық және саяси жаңартулармен, демократиялық процестердің дамуымен мінезделеді.

Бүгінгі күні айдан анық мәселе: Қазақстанның экономикасының нақты секторын көтермей болашақ болмайды. Ал, экономиканы көтеру инвестициясыз іске аспайды. Инвестициялық сұранымның жандануы, экономиканың құрылымдық қайта құрылуы, оны күрт технологиялық жаңарту, тиімді технологиялық институттар жасау, ішкі нарықты қорғау, экспортты қолдау - мұның бәрі өткізіліп жатқан реформаларға қызмет көрсетуге тиісті.

Көптеген он жылдықтар бойы, шын мәнінде, жоспарлы - әкімшілік жүйенің басқару күшіне байланысты қаржылық нарық, оның инфрақұрылымдары: жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары және т. б. болмады. Елде тауар өндірушілер мен қызмет ұсынушылар, соның ішінде қаржылық түрлерінің арасында, қоғамдық прогрестің қозғаушы күші ретіндегі бәсеке мүлдем болған жоқ. Нарықтық экономика, өзінің маңызды өсу көзі болып саналатын қаржылық нарықтың потенциалды мүмкіндіктерін пайдалануды қажет етеді. Құрылымы бойынша елдің қаржылық нарығы құрылымы бойынша үш өзара байланысты және бірін бірі толықтыратын нарықтардан құралады: ақша, несие және бағалы қағаздар нарығы.

Тұрақты және дамыған қаржылық нарықты қалыптастыру бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың және әлемдік жүйеге сәтті интеграцияланудың маңызды факторы болып отыр. Бірақ, еліміздің экономикасының дамуына теріс әсер беретін проблемалар жеткілікті. Біріншіден, экономиканың өңдеуші секторына отандық қаржы институттарының инвестицияларын көтеретін қоздырғыштар жоқ. Екіншіден, өңдеуші өнеркәіспке шетелдік инвесторлардың экономикалық қызығушылығы өте төмен дәрежеде. Үшіншіден, инструментарилардың жетіспеушілігі және эмитенттердің санының өте аз болуы бағалы қағаздар нарығының төмен капитализациясына себеп болды.

Еліміздің Президентінің 2003 жылдың 17 мамырында № 1096 санымен бекітілген «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы» жоғарыда аталған проблемаларды шешуге арналған еді. [1]

Қазақстанның қатал орталықтанған жоспарлық экономикадан мемлекет реттейтін нарықтық жүйеге көшуі, елде қалыптасқан экономикалық жағдайда қаржылық нарықтың және оның кіндік тізбегі - бағалы қағаздар нарығын шапшаң және ғылыми негізде дамытуды талап етеді. Ал, ол өз кезегінде ұлттық шаруашылықтың құрылымын жедел реттеуге және өндірістің ең болашағы зор салаларын дамытуға қабілетті болады.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы, салаларды әртараптандыру, ресурстарды тиімді қайта бөлу және қатысушылардың әлеуеттік жағдайын көтеру жолымен, еліміздің тұрақты дамуына ықпалын тигізеді. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан қаржыгерлерінің IV Конгресіне сөйлеген сөзінде: «Қор нарығы ауадай қажет. Әсіресе қазір экономикалық приоритеттің бірі елдің индустриалдық - инновациялық дамуы болып тұрған жағдайда керек. Бастысы, енді не істеу керек - акциялар нарығын жіберу қажет, бағалы қағаздардың жаңа түрлерін шығару үшін мүмкіндіктерді кеңейту керек» -деп атап көрсеткен.

Дипломдық жұмысыты зерттеу дәрежесі. Қор нарығы - нарықтық экономикадағы көптеген стихиялық түрдегі процестедің реттеушісі. Бұл бірінші кезекте капиталды инвестициялауға қатысты болып отыр. Бағалы қағаздар нарығы капиталдың анықталған формаларына, несие берушілерді де, қарыз алушыларды да қанағаттандыратын бағасы бойынша, нақты жобаларды іске асыруға арналған қажетті құралдарды жедел шоғырландыруға және сатуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын зерттеу барысында Үмбетәлиев А. Д., Керімбек Ғ. Е., Мельников В. Д., Байдуйсенов А. Д., ІлиясовҚ. Қ., Құлпыбаев С., сияқты экономист - ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін және іскерлігінің тәжірибесін талдау болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттер қойылды және шешілді:

- Бағалы қағаздардың мәнін және түрлерін қарастыру, сол сияқты Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуын зерттеу;

- Бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына талдау жүргізу;

- Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының негізгі проблемалары анықтау және даму болашағына шолу жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайын зерттеу, және оның одан әрі дамуының негізгі бағыттарын анықтау.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі Қазақстандық заңнамалық - нормативтік актілер, ел басының жарғылары және т. б. құжаттар. Жұмыс барысында отандық және шет ел ғалымдарының еңбектері, Казақстан Республикасының заңдылық-нормативтік актілері мен статистика агеттігінің ақпараты, ҚР Қаржы министрлігінің мәліметтері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері - жұмыс барысында жалпы - ғылыми, статистикалық және экономико - математикалық тәсілдері қолданылған.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы және практикалқ маңызы - Қазақстанның бағалы қағаздарының нарығының қазіргі кезеңдегі жағдайы мен дамуын талдау негізінде, және жаһандық дағдарыс жағдайында әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, аталған отандық нарықты жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні, зерттеу әдістері қарастырылды.

Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қор нарығының ұйымдастырылуы мен дамуының теориялық негіздемесі қарастырылған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасының қор нарығының ұйымдастырылуына талдау жүргізілген.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасының қор нарығының ұйымдастыру формаларын жетілдіру жолдары қарастырылған.

Жұмысты зерттеу нәтижесінде жоғарыда аталған үш тараудың негізінде қортынды жасалған.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстан Республикасындағы қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы

Қор биржасындағы кәсіпқой-инвесторлардың қызметі газет конкурсы сияқты, олардан жүздеген фотографиялардың ішінен ең жақсы алты қатысушыны таңдап алу талап етіледі және жүлде оған қатысушылардың барлығының орташа талғамына сәйкес келетінге беріледі. Сөз таңдап алушының шын пікірі бойынша ең келбетті адамды таңдап алу, тіпті шынында да орташа талғамды қанағаттандыратын тұлғаны табу туралы нарықтарының даму кезеңі басында біздің қабілетіміз олардың мәні орташа пікір қандай болса, салыстырмалы орта пікір сондай болады деген анықтауына қатысты және оны алдын ала білуге бағытталған. Ал кейін мұны «бағалы қағаздар нарығының мәні көзқарастардың айырмашылығында болады» деген пікірмен американдық онлайндық биржаның ойыншысы Кристофер Фаррел қолдады.

Қазақстандағы қор нарығының пайда болуы мен даму тарихын келесі қалыпта көруге болады:

  • Бағалы қағаздар нарығының айналымын қамтамасыз ету үшін нормативті-құқықтық базаны құру;
  • Тауарлы, валюталық, қор биржаларының пайда болуы;
  • Брокерлік-дилерлік қызметтің пайда болуы;
  • ҚР бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия құру;
  • Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығының пайда болуы;
  • Биржаларда туынды қаржылық институттардың пайда болуы [2] .

1990 жылға дейін Қазақстанда қор нарығы мүлдем болған емес, бірақ азаматтық заңнамамен бағалы қағаздар айналымына жол берілген. Қазақстанда оның экономикалық саласының барысы жоқ болған.

Қор нарықтары туралы қандай да кекесін пікірлер болғанымен, олардың объективті қажеттілігі экономикалық үдерістермен дәлелденген, өйтені олар өте маңызды міндетті атқарады - басыңқы салаларды инвестициялау үшін уақытша басы бос қаражаттың шоғырлануын қамтамасыз етеді. Бұл көптеген әлсіз жалғасымдарға тән болатын өтпелі экономика уақытында ерекше маңызды. Өзгерілетін шаруашылық жағдайында бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын үйлесімді дамыту қажет, мұндай жағдайда бар инвестициялық мүмкіндіктер мен инвестициялық ойды ойдағыдай жүзеге асыру қамтамасыз етіледі. Оның қызметін екі маңызды бағытпен анықтауға болады: бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелділіктерді басқару және операция жүргізудің меншікті құнын төмендету.

Инфрақұрылым бағалы қағаздар нарығының өз дамуымен қатар дамиды: бағаға айналымдарының артуымен, оған қатысушылардың және пайдаланылатын құралдардың сипаттарымен дамиды. Нарық мәмілелері мен айналымдарының шамалы мөлшері кезінде оның инфрақұрылым мағынасы қымбаттай бастайды, сондықтан да тиімсіз. Айналымдардың арту шамасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сатудың жеке кезеңдерін жүзеге асыру дербес бизнес сияқты бола бастайды. Мұнда шығындар мәміле тараптарының аударымдары есебінен бизнестің берілген түрі өзін қаржыландыруға қабілетті болуына мүмкідік туады. Дүние жүзінің жетекші елдеріндегі ұқсас құрылымдарының даму тәжірибесінің міндеті, негізінен, бағалы қағаздар нарығының әрбір қатысушысына өзі шеше алатын сол тәуекелділіктерді және сол мөлшерде қабылдауға мүмікдік беруде екенін көрсетуде, ал қалғандарын инфрақұрылым өзіне қабылдайды. Мұндай жағдайда, әрине, тәукелдік азая түседі, табыстылық та азаяды, яғни айырмашылығы инфрақұрылымды ұстауға бағытталады. Шын мәнінде, бағалы қағаздардың нарық инфрақұрылымы - бұл субъектілер арасындағы экономикалық қатынастардың жүйесі.

Қазақстанда бағалы қағаздардың нарығы бастапқыда ұйымдастыру мен реттеудің банкіге жатпайтын (американдық) үлгісімен дамыды. Оны мемлекеттік реттеудің негізгі органы құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия (ҚҚЖҰК) болып есептелді, ол осы саладағы барлық саясатты жүргізді. Бірақ американдық нысанды көшіріп алу бағдарландырылған нәтижелерді бермеді, нәтижелі қаржы органдарын біріктіру пайдасына дәлелдер пайда бола бастады: қаржы ведомстволардың іс-әрекеттерінің үйлеспеушілігі реттеуші қызмет пен пруденциялық қадағалауды іске асырған кезде қарама-қайщылықтарға, қайталану міндеттерінің пайда болуына әкелді. Сондықтан 2003 ж. ҚҚЖҰК таратылды - оның міндеттері уақытша ҚР Ұлттық банкке берілді. Қаржы нарығында көрсетілетін қызметтің әр түрін ұсынатын ұйымдардың қызметін реттеу - банк, сақтандыру, БҚН көрсететін қызметтерді - ҚР ұлттық банкі іске асыра бастады. Қазіргі кезе елімізде қаржы институттарының қызметтерін мемлееттік реттеудің бірегей дүйесі қалыптасуда, ол ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мамандандырылған орган - ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі шеңберінде барлық қадағалау және бақылау қызметтерінің бірігуін қарастырады [3] .

Қазақстанда іс жүзінде құнды қағаздар нарығын реттеудің банкке жатпайтын (американдық) үлгісінен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудің біріңғай үлгісіне көшу жүзеге асырылады. Бұл қаржы нарығы секторларын өзара үйлестіруге және оған барлық қатысушылардың өзін-өзі реттейтін ұйымдардың (ӨӨРҰ) бірігу қажеттілігіне айналды. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы қызметке біріңғай стандарттарды шығару, өзінің кәсіпқой мүдделерін қорғай, ақпарат алмасу, басқа мәселелерді шешу енеді.

Қазақстанда қор нарығын қос деңгейлі реттеу жүйесі белгіленген, олар шындығында, келесі себептермен толық қанды жұмыс істемейді:

  • өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құқықтары мен міндеттері нақты көрсетіліп, айқын жетілдірілген заңдардың болмауы;
  • мемлекеттік реттушілік мен өзін-өзі реттейтін ұйымдардың атқарымдарын шектеудің болмауы;
  • өзін-өзі реттейтін ұйым қызметтерінің біріңғай стандарттарының болмауы.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың іс жүзінде реттеуші органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық базаны жетілдірушіге, заңдар мен басқа маңызды құжаттар жобаларын талқылауға белсенді қатыспайды. ӨӨРҰ-ды белсенді кәсіпқой қызметке араласу үшін олардың қызмет етуін реттейтін заңдарға түзетулер мен өзгерістер енгізу қажет. 2003 ж. Қабылдаған «Құнды қағаздар нарығы жөніндегі» ҚР заңы қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертті. Саны көп өзін-өзі реттейтін ұйымдардың орнына әрбір кәсіпқой қызмет түрлері бойынша бірегей ұйымдар құрыла бастады. Қазір нарықта активтер мен тізілім иесін басқаратын өзін-өзі реттейтін ұйымдар бар. Алайда «Құнды қағаздар нарығы жөніндегі» заңда берілген өзін-өзі реттейтін нарық қағидаларының барлығы әлі де жеткілікті мөлшерде іске асырылған жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанның қор нарығы серпінді дамуда. соңғы 5 жыл ішінде мәмілелер көлемі шетел валютасмен 4, 5 есе, МБҚ - 35, МЕБҚ 96 есе өсті (2-кесте және 2 сурет) .

Мәмілелер құрылымында 01. 01. 2005 жылғы жағдайы бойынша МБҚ- мен жасалған мәмілелер басым - 79% және шетел валютасымен - 16%. Бұдан басқа, корпорациялық облигациялар секторы серпінді дамуда, басқа мәмілелердің үлесі шамалы болып қалуда.

БҚН инфрақұрылымының қызмет ету тетіктерін жетілдіру мыналарды талап етеді:

  • нормативтік құқықтық актілерді әзірлеген кезде АОБ өзін өзі реттейтін ұйымдардыбелсенді тартуды, сондай ақ қадағалау шараларына, мысалы, нарықтың кәсіпқой қатысушыларына ӨӨРҰ өтініш ету негіздемесінде лицензиялар беруді;
  • акционерлердің құқықтарын сақтауды және эмитент компаниялар басшыларының жауапкершіліктеріне бақылауды қатайтуды;
  • корпорациялық басқару қағидаларының сақталуын, қазақстандық компаниялардың директорлар кеңесі жұмысының тәртібін қадағалауды және өздерінің корпорациялық басқару іс тәжірибесі жөнінде ақпарат беруін.

Сондай ақ ақпараттық ашықтыққа қол жеткізу үшін эмитенттердің құнды қағаздарының инвестициялық сапасына елеулі әсер ететін олардың қызметіндегі кез келген өзгерістерді міндетті түрде жариялау қажет, акционерлік қоғамдардың құжаттарды одан әрі оларды Интернет сайтта электрондық түрде орналастыруға беру, құнды қағаздар эмитенттерінің қор нарығындағы рейтигілік бағалауды енгізу, АБҚ субъектілерінің іс әрекетіне мониторинг пен бақылау жүргізетін мамандандырылған ішкі бөлімшелерді құру, олардың міндеті ӨӨБҰ мүшелерінің заңсыз әрекеттері жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау [4] .

Қор нарығының ағымдағы күй жайын талдай отырып, оның кемшіліктеріне, сенімді қаржы құралдарының тапшылығына, акциялар нарығының жоқтығына, туынды қаржы құралдары нарығының жоқтығына, туынды қаржы құралдары нарығының дамымауына тоқталған жөн.

Акциялар нарығының жоқтығы компания акционерлерінің қаржы нарығына шығуға мүдделі еместігімен байланысты. Капиталды тартқылары келетін компаниялар үшін листинг шарттарын орындау қиын болып шығады.

Қазақстан қор нарығындағы акциялар нарығы борышқорлық қаржы құралдарының нарығынан едәуір қалып қоюда. Алайда мұның себебі, құралдарының болмауынан емес, мысалы, А листигінде 24 эмитенттерідің, В листигінде, эмитенттердің 25, онда жалпы капиталдандыру - шамамен 4 млрд долл., нарыққа қатысушылардың сақтығында. Әрі эмитенттер де, әрі инвесторлар да дамудың берілген кезеңіндегі мұндай сегменттің сапасына сенбейді. Ол инвесторлар үшін тартымсыз, өйткені бір жағынан эмитенттер қажет ақпаратты ашу керек деп санамайды, екінші жағынан - дивиденд саясатындағы белгісіздік мүдделерін арттырмайды.

Әзірге эмитенттер капитал тарту қажеттілігін және бизнесті тұрақтандырады - көрер көзге бір қалыпсыз жүйенің пайда болғанын байқаймыз.

Туынды қаржы құралдары нарығының дамымау себебі - салық салу, бухгалтерлік есеп, заңдық қызмет көрсету заңдар базасының жетілдірілмеуінде.

Құнды қағаздар нарығының деңгейіне қаржы есептемесі ашықтылығының төмендегі әсер етеді. Экономиканың нақты секторы тек 2005 жылдан бастап есеп берушіліктің халықаралық көшті.

Атаулы қағаздарды иеленудің заңдық талаптары мен шарттары ЕурАзЭЫ шеңберінде қайта қарауды талап етеді. Ресей Федерациясының заңдарында Ресейдің бағалы қағаздарын атаулы иелену бойынша бейрезиденттердің қызметін іске асыруға тиым салынған. Сондықтан, бұл қағаздар Қазақстанның қор нарығында олардың айналасына және Қазақстанның депозтарлық қағаздарын шығару бағдарламасына тікелей рұқсаттама (допуск) жоқ. өз кезегінде, «құнды қазадардың орталық депозитарийі» Ақ Ресейдің бағалы қағаздарына атаулы иелік ете алмайды. Ресейдің құнды қағаздары Қазақстанның қор нарығына қатыспайды. Қазақстан қор нарығының инфрақұрылымы қалыптасқан деп айтуға болатына қарамастан, алайда ноың өтімділігі тиімсіз пайдалануда. Әрі отандық, әрі шетелдік инвесторлардың қор нарығына мүдделігін күшейту үшін тетіктер мен шарттар қажет. Оның одан әрі дамуына жаңа қаржы құралдарын, қор биржаларының қосымша бөлімшелерін енгізу, инвесторлар үшін жеңілдікті шарттар жасауға мүмкіндік береді.

Қор нарығын жандандыру мына шараларды жүргізуге мүмкіндік туғызады:

  • инвестициялаудың ұжымдық нысандарын дамытуға, яғни инвестициялық және венчурлық қорларды құруға;
  • акция нарығын дамытуға;
  • жаңа борышқорлық құралдарды енгізуге және инвесторлар мүдделерін қорғау үшін коммерциялық құнды қағаздарды жеделдетіп шығаруға;
  • эмитенттерді нарыққа қатысуға ынталандыруға «А» және «В» санаттары бойынша листнгілік талаптардың жіктемесі, зейнетақылық актив нормативтерін өзгеруіне;
  • ЖИҚ-ды кеңейту үшін ЖШС-тың бағалы қағаздарын саудасы жөніндегі ұйымдасқан нарық алаңшасын құруға;
  • Туынды қаржы құралдарының нарығын дамытуға;
  • Ұлттық рейтигілік параметрлерді кұру (тәуелсіз рейтингілік агенттіктердің рейтигілік бағалауларына арналған) ;
  • Ресейдің құнды қағаздарына Қазақстанның қор нарығы айналасында рұқсат беретін заңдық өзгерістерді жүргізуге;
  • Қаржы нарығында эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылардың трансакциялық шығындарын төмендетуге, оның ішінде салық салу есебінде;
  • Инвестициялық қорлар үшін шетелде активерге инвестициялау рәсімін жеңілдетуге;
  • Қазақстанның қор баржасына шетелдік және Қазақстанның қаржы құралдарымен ұйымдасқан сауда және маркетигілік, әрі нормативтік бөліктерін сәйкес келтіру үшін шетелдік кәсіпқой қатысушыларды тартуға;
  • Жоғары санатты листигіге қатысуға ұмтылатын эмитеннттер үшін халықаралық рейтигінің міндетті түрде болу талабын енгізуге;
  • Мониторийлер құқықтарын қорғау үшін пәрменді тетіктерді құруға;
  • Корпорациялық басқару жүйесін барлық акционрлік қоғамдарда міндетті түрде ұйымдастыру жөніндегі талаптарды белгілеуге, бұл жариялылықтың жалпы танылған халықаралық стандарттары бойынша қызметіне, ақпаратты ашуға және акцияны еркін айналымына көмектеседі;
  • Мемлекеттік құнды қағаздар нарығын кеңеюіне және оларды орналастыру тиімділігін арттыру бойынша проблемаларды шешуге;
  • Жасалды деп танылған мәмілелер критерийлеріне қатысты қолданыстағы заңдарға, олармен айла шарғыны болдырмау үшін өзгерістер енгізуге [5] .

Бұл жоспарды үдемелі еңгізу қор нарығы сегменттерін отандық қаржы нарықтары анықтайтын ішкі де және ТМД елдерінің қаржы институттары басым болатын сыртқы да кеңеуіне әкеледі. Қазақстанның қор нарығының алеуеті айтарлықтай зор, әсіресе егер мұнда бүгінгі күні ЖІӨ-ге акция нарығы капиталдандыруды ескерсек, Еуроодақ елдеріне қарағанда 20 есе төмен, ал борыш бойынша - 45 есе төмен.

1. 2 Қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздардың түрлері

Қор нарығында сатып-алу сатудың объектілері айрықшылықты тауарлар-ақша және бағалы қағаздар болып табылады.

Қор нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады.

Қор нарығы нарығы-шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді. Қор нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процестеріне қатысты [6] .

Қор нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осылай тәуелсіз меншік иелері ғана қор нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық биржа
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Корпоративті бағалы қағаздар
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Қор нарығы
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz