Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы көркем шығармаларды талдау жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе бөлім . . . 3

Негізгі бөлім

І. Көркем шығармаға берілген анықтамалар және көркем шығарманы талдау мәселелері . . . 5

ІІ. Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы көркем шығарманы талдау жолдары . . . 10

2. 1. Көркем шығарма талдау жолдары және әдіс-тәсілдері . . . 10

2. 2. Прозалық шығармаларды талдау . . . 25

2. 3. Поэзиялық шығармаларды талдау . . . 44

2. 4. Драмалық шығармаларды талдау . . . 59

ІІІ. Көркем шығарма талдаудың тәрбиелік мәні . . . 68

3. 1. Көркем шығарма талдау арқылы ерлікке тәрбиелеу . . . 68

3. 2. Көркем шығарма талдау арқылы экологиялық тәрбие беру . . . 70

3. 4. Көркем шығарма талдау арқылы еңбекке тәрбиелеу . . . …74

Қорытынды бөлім . . . 80

Қолданылған әдебиеттер . . . 82

Қосымшалар

Кіріспе бөлім

Тақырып өзектілігі: «Әдебиет ықшамдалған әлем» болса, әдеби шығарма сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі. Ол - өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық. Ақын-жазушылардың шығармаларын оқимыз, тұшынамыз, тағы оқимыз, ойланамыз. Жалықпаймыз. Әр оқыған сайын бұрын байқамаған жаңа, соны сыр ұққандай боламыз. Шын мәніндегі шынайы өнер туындысы оқырманға осылайша әсер етуге тиіс. Ал, көркем шығарманы талдау - шығарманың күллі құны мен қасиетін түсіне отырып, тек жақсы қасиеттерді өз бойына жинау.

Зерттеу мақсаты : Мен таңдаған «Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы көркем шығармаларды талдау жолдары» атты дипломдық жұмыстың мақсаты - оқушыларға көркем әдебиеттегі шеберлік пен үйлесімді терең танытуға, шығарманың әсемдік ерекшеліктеріне сауатты талдау жасауға негізделеді. Талдау жасай отырып, оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке, әдептілікке, әсемдікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері : 1. Әр түрлі ғалымдардың көзқарастарына талдау жасау.

2. Көркем шығарманы түрлі әдіс-тәсілдер арқылы талдай отырып, оқушылардың тілін, ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларға көркем шығарманы талдата отырып, оларды адамгершілікке, ерлікке, табиғатты сүюге, қорғауға, еңбек етуге тәрбиелеу. Өмірге деген көзқарастарын өзгерту.

4. Шығармаларды талдата отырып, оқушының шығармашылық қабілеттерін шыңдау;

5. Көркем шығарма оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;

Ғылыми болжам : Егер оқушылар қазақ әдебиеті пәнінен жақсы білім алып, көркем шығарма көп оқып, оған сауатты талдау жасай білсе, болашақта біздің еліміз міндетті түрде алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына енеді. Себебі, көркем шығарманы сауатты талдай білетін адам ерінбей еңбек ететін, Отанын сүйіп, оны қорғауға әрқашан дайын болатын, адамгершілігі мол, табиғат-Ананы сүйе білетін азамат болып шығатыны сөзсіз.

Зерттеу әдістері : библиографиялық әдіс, зерттеу әдіс.

Зерттеу орны: Қарағанды қаласындағы №86 өнер мектебінің 5 «А», 5 «Б», 11 «А», 11 «Б» сыныптары. (2008-2009 оқу жылы) .

ІІ. Көркем шығармаға берілген анықтамалар және көркем шығарманы талдау туралы басты мәселелер

Өнер туындысы кең ұғым, мұның түрлері де өте көп: Х. Наурызбаевтың Абайы - мүсін өнерінің туындысы болса, Қ. Телжановтың Жамалы - кескін өнерінің туындысы дегендей . . . Ал осы жолғы дәл біздің айтып отырғанымыз - сөз өнерінің туындысы - көркем шығарма.

Көркем шығарма - нағыз суреткерлік әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма - бір жазушы көлеміндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға деуге болады.

«Көркем шығарма бітімі бөлек бір ерекше айна іспетті. Бұл айнадан екі нәрсе қатар көрінеді: онда бейнеленген өмір шындығы және оны бейнелеген суреткер» деп жазды М. С. Каган. Қазақ ғалымы М. Қаратаевтың пікірі де осы арнадан шығады: «Өнер шығармасы өмір шындығының айнасы болумен бірге өнер жасампазының да рухани дүниесінің айнасы болып табылады».

Көркем шығарма - ақиқат өмірдің айнасы. Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрінеді. Сонымен қатар өнерде даралық та бар. Ол жазушының өз дүниетанымынанан туған. Онда оның жүрек лүпілі, өз ой-сезімі бар, көргені, тоқығаны бар. Өнер адамы өмір жайлы өз толғанысын, ой-сезім түсінігін бейнелейді. Шығармада жазушының бүкіл жан дүниесі ашылады, сүйініш-күйініші көрінеді. Әдебиет зерттеуші белгілі ғалым В. Новиков: «Суреткер өзінің ерекше әлемін жасайды. Ол әлем өз бойына шындықтың барлық қасиетін сыйғызған, ол жарылуға әзір буырқана қайнаған құштарлыққа, қайшылықтарға толы. Оларда қайталанбас бейнесімен сомдалған тірі геройлар әрекет етеді. Оның үстіне, бұл әлем суреткердің жан жарығымен сәулеленген, оның жан сезімімен суарылған және де шындық туралы жай тарихи баяндаудан гөрі әлдеқайда жарқын әсер етеді»'ٰ - деген ғылыми тұжырым айтады.

1. Новиков. В. «Художественная правда и диалектика творчества», «Советский писатель», М., 1971, стр. 18.

Көркем әдебиеттегі шеберлік пен үйлесімді оқушыларға терең таныту шығарманың әсемдік ерекшеліктеріне талдау жасауға негізделеді. Онсыз әдебиеттен оқушыларға терең де сапалы білім беру қиын. Оқушылардың әдеби білімі олардың көркем шығарманы оқи және оған талдау жасай білуінен айқын байқалады. Әрбір зейінді, зерделі оқушы - әдебиеттің болашақ мәдени оқырманы. Ондай қабілет пен пайымдылығы қалыптасқан оқушы әдеби шығармаларға ой жүгірте алады, өзінің талғамын, түйсік-сезімін жеткізе алады, шығарманы жан жүрегімен, зердесімен қабылдайды. Міне, сондықтан да көркем шығарманы талдау - көркем әдебиетті мектепте, жоғары оқу орындарында оқытудың - кілті, өзегі. Әдеби білімнің екі жағы - оқу және талдау - өзектес, бірінсіз бірін жүзеге асыру мүмкін емес.

Көркем шығармаға талдау жасаудың әлі де болса, құпия жайлары көп. Әсіресе, қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдістемесінде бұл мәселе әлі де талай зерттеулерді қажет етеді. Рас, соңғы кездерде әдебиеттану саласындағы біраз еңбектерде шығарманың эстетикалық табиғатын, көркемдік ажар бояуларын танытуға ұмтылыс бар. Мұғалімдерге жәрдемі тиер, қолғабыс болар ғылыми зерттеулер, сол сияқты әдістемеде де көркем шығармаға талдау жасауға арналған еңбектер жарық көре бастады. Мұның бәрі мектепте әдебиетті оқыту сапасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

Дегенмен, көркем шығарманы талдау мәселелеріне арналған еңбектер әдебиеттану ғылымында, әсіресе әдістемеде әлі де аз. Мәнісі - мұның толып жатқан қыр-сыры, қиындығы бар. Шығарманың қат-қабат ішкі құрылымы, астарлы, бейнелі көркем ойы, образдар жүйесі, жазушының таланты - осының әрқайсысы бір-бірімен байланысты, бір- бірінен туындайтын үлкен жүйе. Ал бейнелер бітіміне тереңдеп енбейінше

шығарманың мағына-мазмұнын толық ала алмаймыз. Бұл тақырыпты зерттеудің күрделілігі де, міне, осында.

Шығарманы тұтас, жүйелі қабылдау - талдау әдісіне байланысты академик М. Б. Харапченко өз еңбектерінде жүйелік-құрылымдық талдаудың тиімділігін ғылыми жағынан дәлелдейді. Сол сияқты белгілі дидактик Ю. М. Лотман: «Өнердің құрылым диалектикасы мен қызметіне іштей енбейінше, олардың өзара қатынасын біз түсіне алмаймыз»ٰ, - деген ғылыми байлам айтады. Жүйелік-құрылымдық талдау әдісі шығарманы жан-жақты құрастыруды көздейді, тек шығарманың түрін ғана емес, сол түр арқылы бейнеленген әдеби шығарманың мағыналық - әсемдік мазмұнын да ашуды мақсат етеді. Өйткені бұл түрді біз белгілі бір мазмұнды, жазушының эстетикалық мұратын білдіретін көркем айшықтары деп қараймыз.

Көркем әдебиет - бейнелер жүйесінен құралатыны мәлім. Көркем шығарма - бір бүтін дүние. Ал сол бүтін жеке бөлшектерден, штрих-детальдардан құралады. Ендеше бүтінді тану үшін оны құрап тұрған жекелерді танып болу керек, сол жекелер арқылы үлкен оқиғалар өрбіген, ой түйілген, кесек тұлғалар сомдалған. Демек, көркем шығарма - образдар жиынтығы, ал образдар жеке элементтерден жасалған. Олай болса, бүтін мен бөлшек арасында ажыраспас диалектикалық байланыс бар. Олардың бірінсіз бірін түсіну, тану мүмкін емес.

Мектепте әдебиетті оқыту сапасын жақсарту оқытудың педагогтік және көркемдік мәдениетін арттыру әдебиетті зерттеу ғылымының заңдылықтарын, теориясын, әдіс-тәсілдерін көркем шығарманы талдауға бірізгілікпен қолдану сабақтас, соған тікелей байланысты.

Шығармаға талдау жасағанда ондағы көркем элементтерді бүтіннің бөлім-бөлшегі ретінде қарастыру керек. Бүтін мен бөлшектің арасындағы диалектикалық бірлікті үнемі сақтаған орынды. Табиғаттану саласындағы ғалымдардың әлем кеңістігінің, материяның микроқұрылымына енгенін-

дей, біз де өзіміздің талдауларымызда көркем шығарманың микроқұрылымына батыл енуіміз керек. Бұл - көркем шығарманың бітіміндегі жаңа сапаларды ашуға қажетті кілт. Көркем әдебиетте ой мен өрнек ажыраспас бірлікте. Екеуі егіз, бірінсіз бірі жоқ.

Ғылыми әдістеме әдебиетті оқытуды сол көркем шығармаға ғылыми, эстетикалық талдау жасау мәселесінен оқшау ала алмайды. Өйткені тек эстети-

1. «Вопросы литературы». журнал, М., 1962, №10, стр. 177.

калық талдау арқылы ғана мұғалім сол шығармадағы жазушының ой-сезіміне шәкіртті ортақтастыра, толғанта алады.

Ал баланы шығармадағы кейіпкерлер тағдырына ортақтастыра білудің тәрбиелік мәні өлшеусіз. Өйткені шәкірт көркем шығармадағы кейіпкермен бірге қайғырып, бірге мұңайып, бірге армандап, бірге кектеніп, бірге қуанса, ол оның жанына жақсы әсер етеді, ізгілік пен ерсілікті, жамандық пен жақсылықты, жауыздық пен зұлымдықты айыра біледі, жамандықтан бойын аулақ салып, жақсылыққа ұмтылады. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылым-дар академиясының корреспондент-мүшесі, үлкен ұстаз В. А. Сухомлинский-дің мына бір парсатты пікірі ойға оралады: «Жан еңбегі дегеніміз, - дейді ғалым, - адамның, ең алдымен анаң мен әкеңнің, апа-қарындастарыңның, атаң мен әжеңнің жан күйініші мен қасіретіне ортақтаса, қайғыра, дерттене білу деген сөз, сәби жанды қайғы мен қасіретке ортақтастырудан сескенбеңіздер, өйткені сол қайғы-қасіреттер - ізгі дүниелер. Тоғыз жасар бала анасының немесе әкесінің қасында көз іліндірмей түні бойы отыратын болсын, өзгенің жан қасіреті оның жүрегінің бүкіл түкпір-түкпірінен орын тебер болсын. Баланы сүйіспеншілік еңбегіне үйрету - педагогикадағы ең азапты қиын дүниелердің бірі»ٰ.

Көркем шығарманың кішкентай клеткасы - сөз. Шығарма шаңырағы сөз арқылы көтеріледі. Жіптен кілем тоқыған шебер сияқты, кірпіштен зәулім тұрғызған сәулетшідей, әр түрлі бояуды үндестіре пайдаланып, сурет салған қылқалам шеберіндей, гипстен монументті ескерткіш тұрғыз-

ған мүсіншідей, сан алуан әуен-саздарды үндестіріп, тұтас бір музыкалық туынды шығарған сазгердей жазушы да сөзді кәдеге жаратып, көркем шығарма түндігін көтереді. Сол сөз образы бейнелі сөйлем құрылымына апарады, ал сөйлемдер барып белгілі бір оқиғаны құрастырады, ситуация жасайды, сол оқиғалар бір-бірінен өрістей барып, шығарманың тұтас бітімін құрайды, осы өрілімдер, оқиғалар өрісінде адам бейнесі жасалады, олардың характерлері

1. «Комсомольская правда» газеті, 1971, 4-наурыз

қалыптасады, шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұны ашылады. Қалыпты сөздер шығарманың көркем құрылымына ену арқылы бір-бірімен іштей кірігіп, эстетикалық қарым-қатынасқа түсу арқылы өнер әлемін туғызады.

ІІ. Оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы көркем шығарманы талдау жолдары

2. 1. Көркем шығармаға талдау жасаудың әдіс-тәсілдері

Қазіргі әдістеме көркем шығармаға талдау жасаудың үш түрлі әдісін: образ бойынша, мәселелік, тұтас талдау әдістін ұсынады. Демек, талдау әдістерін түрлендіру арқылы шығарманың мазмұнын да эстетикалық табиғатын терең ашуға болады.

Образ бойынша талдау - ежелден келе жатқан дәстүрлі әдіс. Ол мектеп іс-тәжірбиесінде көптен қолданылып келеді, қолданыла да береді. Мұның ұтымды жағы - бұлай талдауда оқушылар назары адам образына аударылады, оның бойындағы адамгершілік қасиетті ашуға талпыныс жасалады. Оқушы-ларды кейіпкердің жақсы мінезіне сүйсіндіріп, ерсі қылықтарынан аулақтатады.

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты оның түрлері де әр алуан.

Мектеп оқушыларына әдебиет пәнінің мұғалімдері қашаннан бері образдың екі-ақ түрін атап, түсіндіріп келеді. Олар - жағымды образ және жағымсыз образ. Әрине, бұл түрлердің белгіленуінде әжептәуір логика бар: суреткердің өз шығармасындағы әр образды жасау ыңғайына қарап, әр образдың мінез-құлқына, кескін-кейпіне, іс-әрекетіне қарап, оны не ұнатамыз не ұнатпаймыз. Мысалы, Амантайды, Ботакөзді, Асқарды ұнатсақ, Итбайды, Мадиярды, Кулаковты ұнатпаймыз. Осыдан келеміз де алғашқыларын - жағымды, соңғыларын - жағымсыз образдар деп ап-айқын, екі топқа оп-оңай бөле саламыз.

Ал енді дұрысын айтар болсақ, образдарды дәл осылай топтастырудың өзі аса ірі эстетикалық сауаттан немесе талғам мен талаптан туған нәрсе емес. Мектеп оқушыларының ұғымына оңайырақ болу үшін, әрине, әлі де болса жағымды, жағымсыз деген анықтағыш сөздер қолданыла тұрар, бірақ жоғары оқу орындарында бұл секілді жағдай, жайдақ ұғыммен місе тұтуға болмайды.

Оның себебі - алдымен, осынау жағымды, жағымсыз деген ұғымның өзі ерсі. Образ дегенді біз тірі адам деп ұғар болсақ, ойлап қараңыз, өмірдегі адам атаулының бәрін жағымды, жағымсыз дегендей екі топқа дәлірек айтқанда, екі сортқа бөлуге бола ма? Осының өзі тіпті мүмкін бе? Ылғи ғана жағымсыз мінез-құлықтан құралған адамдық бітім не болмыс бола ма? Жоқ, бұл қиын: әлдебір дайындау мекемесінің елден жиған тері-терсегін сортқа бөлгені тәрізді өмірдегі тірі адамдардың жағымдысын бір бөлек, жағымсызын бір бөлек іріктеп, сорттап шығу мүмкін емес. Өнерде де солай. Айталық, Құнанбай. Ол ұнамсыз тип. Бірақ талдау кезінде Құнанбайдың жағымсыз іс-әрекетін үнемі тере беру дұрыс па? Оның ұстамдылығы, ақылы, керек десеңіз, қайсарлығы туралы неге дұрыс пікір айтпасқа? Эпопеяда Құнанбай жан-жақты суреттеледі, оны ұмытуға болмайды.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше факторлары бар. Көркемдік әдіс тұлғасынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ және реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жалпы жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрге бөлінеді: юморлық, фантастикалық, трагедиялық, сатиралық, геройлық образ т. б. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекше-ліктері бар, оны білу әрбір әдебиет пәнінің мұғаліміне ауадай қажет.

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірде болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.

Қазақ әдебиетіндегі романтикалық образдың ежелгі түрі ертегілері мен аңыздарында, батырлық дастандар мен тарихи жырларында жасалады. Сонау Желаяқ пен Көрегеннен, Саққұлақ пен Таусоғардан бастап Алдар көсе мен Асанқайғыға дейін, Тарғын мен Қамбарға дейін қазақ фольклорындағы романтикалық образдың небір ғажайып үлгілерін көруге болады. Абайдан бергі жаңа, жазба әдебиетімізге келетін болсақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы мен Мағауия Абайұлының, Мұхамеджан Сералиннің, Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Мағжан Жұмабаевтың поэма дастандарында да талай тамаша романтикалық образдар жасалған. Сәбит Мұқановтың «Сұлушашы» мен Жұмағали Саинның «Күландасы», Әбділда Тәжібаевтың Абылы мен Қасым Аманжоловтың Абдолласы - қазақ әдебиетіндегі көптен көп романтикалық образдардың үлгісі.

Романтиклық образ - қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі қалыптасқан түрі. Бір ғана Ғабит Мүсіреповтің өзі прозадағы аналар бейнесінен драматургиядағы Ақаны мен Ақтоқтысына дейін романтикалық образдың алуан түрлі әсем типтерін айта қалғандықтай шеберлікпен жасап берді.

Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында; бұл-кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын әрқашан бұрын-соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айрықша мағыналы, мәнді түрі де осы - реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы - романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес қолмен ұстап, көзбен көргендей нақты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық-тәрбиелік мәні де, қоғамдық-өзгертушілік күші де айрықша үлкен.

Реалистік образ - нанымды образ: оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға . . . бәрі өлшеулі, бәрі мөлшерлі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды, өзін-өзі меңгеріп, қажетті жерге ылғи іркіп отырады.

Реалистік образ - типтік образ. Ол бізге күнде көріп жүрген етене таныс секілденгенмен - «таныс, бейтаныс» көптің бірі көрінгенмен - бірегей. Өйткені өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан ғана көшірілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып және шығармашылық қиялға суарылып шығарылған.

«Семантикалық карта» арқылы Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан» атты шығармасын талдап көрейік:

Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.
Шыңғыс:

Шыңғыс

Шоқан:

Шоқан

Жақып:

Жақып

Мысық:

Мысық

Анасы:

Анасы

Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: 1. Сен істей ғой, шебер болсаң.
Шыңғыс:
Шоқан: +
Жақып:
Мысық:
Анасы:
Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: 2. Ә, жарайды бара ғой, екі айтпаған жақсы.
Шыңғыс: +
Шоқан:
Жақып:
Мысық:
Анасы:
Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: 3. Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші.
Шыңғыс:
Шоқан:
Жақып:
Мысық:
Анасы: +
Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: 4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығындай.
Шыңғыс:
Шоқан:
Жақып: +
Мысық:
Анасы:
Кейіпкерлер. Шығармадан үзінді.: 5. Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?
Шыңғыс:
Шоқан:
Жақып:
Мысық: +
Анасы:

Дегенмен, реалистік образдарды романтикалық образға қарсы қоюға болмайды. Маңдай алды прогресшіл әдебиетте образдың жоғарыда айтылып кеткендей екі түрі бірін-бірі толықтыра, бір эстетикалық мұрат мақсатында егіз-қатар өмір сүруге тиіс.

Эпикалық образ - кескін-кейпі, мінез-құлқы, іс-әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал тәсілдері, әсіресе, эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр-түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан-жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.

Лирикалық образ - сыншыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл-күйінен - нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда эпикалық образдағыдай ұзақ кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кескін кейпі де, қым-қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс-әрекеті мен қимыл-харакеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез-құлқы, жан тынысы айрықша әсем айшық табады.

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырындағы Баян образы - лирикалық образға жатады. Баян образын «Екі жақты күнделік» тәсілі арқылы ашып көрсетуге болады:

Өлең жолдары: Өлең жолдары
Оқушының түсінгені: Оқушының түсінгені
Өлең жолдары:

Бұралған тал шыбықтай ол Баян қыз,

Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қыз.

Оқушының түсінгені: Баян сөз жеткісіз сұлу, көркімен жұртшылыққа аян.
Өлең жолдары:

Аппақ көрік маңдайлы, қылығы наз,

Малың түгіл басыңды берсең де аз.

Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,

Көңілі қош болмайды баймен араз.

Оқушының түсінгені: Баянның ажары ақылына сай. Оған ғашық жігіттер мал емес басын беруге дайын.
Өлең жолдары:

Тоқсан байдың баласы тоқсан сері,

Сыртынан көзі көрмей ғашық болған.

Оқушының түсінгені: Сыңғырлаған үнін естіп, сол даусына жігіттер ессіз ғашық болады екен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
білім алушылардың тілдік дағдыларын, көркемдік көкжиегін дамытатын, шыңдайтын драмалық шығармаларды түсіндіру мен оқытудың ең тиімді шарттары мен әдістерін, инновациялық технологияларын анықтау
ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
Балаларға әңгіме айтып беру
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Бастауыш сыныпта көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
ВИЗУАЛДЫ ӨНЕР, ГРАФИКА ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ДИЗАЙН МАМАНДЫҚТАРЫНДА КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Мектептің басқа пәндерінің арасында әдебиеттің орны қандай екенін анықтасақ
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz