6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің ППК 3 курс студенті Садвакасова Әсемгүлдің «6-7 жастағы балалар қорқыныш сезімінің пайда болуы және алдын алу жолдары» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысына
Рецензия
Қазіргі таңда кішкентай оқушылардың оқу барысына қорқыныштың тигізетін кері әсері анықталған. Ол барлық мұғалімдер қауымын толғандырып жүрген мәселелердің бірі. Ал бұл мәселенің алдын алу жолдары Садвакасова Әсемгүлдің дипломдық жұмысында айқын көрсетілген.
Кіріспе бөлімінде қорқыныш феноменінің теориялық түсініктемелері, психологиялық ғылыми мектептердегі қорқыныш мәселелерін зерттеу қарастырылған. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері қарастырылған және оқу барысына қорқыныштың тигізетін кері әсері анықталған.
6-7 жастағы балалар қорқынышын анықтау үшін қолданылған шаралар:
- жобалық әдістеме «Үй. Ағаш. Адам».
- (Ч. Д. Спилберг, Ю. Л. Ханин) реактивтік және өзіндік қорқыныш
деңгейіне берілген бағаның шкаласы.
- Филипстің мектептік қорқынышының тестілері
- Аяқталмаған сөйлемдер әдісі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық мағынасы бар. Онда мұғалімдер мен ата-аналарға қорқынышы жоғары деңгейдегі балалармен жұмыс туралы түсіндірмелер берілген, сондай-ақ түзете-дамыту бағдарламасы берілген, ол қорқыныш деңгейін төмендетуге бағытталған. Қорытынды бөлімінде Әсемгүлдің өз іс-тәжірибесі, көптеген мысал, мәліметтермен бекітілген. Зерттеу жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі өте көп, бұл оның тақырыптың мазмұнын кеңінен зерттегенін отандық және шет елдің педагог психологтарының еңбектерімен толық таныс екенін байқатады.
Жалпы диплом жұмысы мазмұнды.
Дипломдық жұмыста жинақталған материалдар бастауыш сынып мұғалімдері үшін қызығушылық тудырады, әрі мектеп психологтары үшін де маңызы бар.
Оқу бөлімі бойынша
директорының орынбасары: Шаимов Ж. Ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 1-3
1. Тарау. «Қорқыныш» түсінігінің теориялық сипаттамасы . . . 4-15
- Психологиялық ғылыми мектептерде қорқыныш мәселесін зерттеу . . . 4-10
- Кішкентай шәкірттердің психологиялық даму
ерекшеліктері . . . 11-15
2. Тарау. 6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде . . . 16-30
2. 1. Бала қорқынышының түсінігі, оның пайда болу себептері және
шығу формалары . . . 16-22
2. 2. Мектептегі қорқыныш . . . 23-27
2. 3. 6-7 жастағы қорқынышқа бейім балалармен жұмыс бойынша ұсыныстар . . . 28-30
3. Тарау. 6-7 жастағы балалардың қорқыныш деңгейін төмендетуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған түзету жаттығуларының әсерін тәжірибелік зерттеу . . . 31-52
3. 1. 6-7 жастағы балалардың қорқыныш деңгейін айқындауға бағытталған психодиагностикалық зерттеу . . . 31-38
3. 2. 6-7 жастағы балалардың қорқынышын төмендетуге бағытталған, түзете-дамыту сабақтарының жүйесі . . . 39-47
3. 3. Бақылау тәжірибесі . . . 48-52
Қорытынды . . . 53-54
Қолданылған әдебиеттер . . . 55-56
Қосышалар.
Кіріспе
Психологиялық әдебиетте «үрейдің» әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ көптеген зерттеушілер оны дифференциалды түрде - ситуациялық жағдайда және ауыспалы күйдегі өзіндік мінездеме мен оның динамикасы түрінде қарастыру туралы пікірге тоқталған.
А. М. Прихожанның анықтамасы бойынша, « үрей - бұл эмоционалдық дискомфорттың уайымы, ол қандайда бір жамандықтың болуымен әрі болатын қатерді сезінумен де байланысты».
Қазіргі уақытта педагогтар мен психологтардың ойынша бұндай балалар санының өсу тенденциясы байқалады, олар жоғары тынышсыздықпен, сенімсіздікпен, эмоционалды тұрақсыздықпен, төмендетілген өзін-өзі бағалаумен ерекшеленеді.
Қиын балалар өздерінің сәтсіздіктеріне өте сезімтал болады, қатты қайғырады, ондай қиындық тудыратын жағдайлардан бастарын тартуға дайын тұрады.
Үрейде жақын көрінетін жас шамасы ескерілген специфика бар, ол оның бастауларынан, мазмұнынан, байқалу пішінінен және қорғануынан байқалады.
Үрей психикалық күйде баланың кішкентай мектептегі кезінен осы уақытқа дейін теориялық негізі жағынан да, сондай - ақ практикалық жағынан да жеткілікті қаралмаған.
Кішкентай мектептік жас - бұл позитивтік өзгерістер мен қалыптасудың кезеңі. Бұл жас шамасындағы балалардың психологиясында осы жас кезеңінде дамитын көптеген мүмкіндіктері мен терең өзгерістер болады. Бұл кезең барысында жаңа сапалық деңгейде баланың беделді субъект ретінде даму потенциалы қалыптасады, ол айналаны, қоршаған ортаны және өзін біледі, сонымен бірге өзінің тәжірибелерін қалыптастырады.
Кішкентай балалық шақ сензитивті болып табылады:
- қалыпты үйренушілік қажеттіліктер мен қызушылықтардың дамуы үшін, оқу мотивін қалыптастыру үшін;
- оқу жұмысын білу және продуктивтік қабылдауының дамуы, «оқи білу»;
- индивидуальдық ерекшеліктер мен қабілеттерінің ашылуы;
- өзіндік бақылаудың дамуы, өзіндік басқару мен өзіндік қалыпқа келтірудің дамуы;
- өзін - өзі адекватты бағалаудың қалыптасуы, өзіне және айналасындағыларға деген көзқарастың дамуы;
- әлеуметтік нормаларды білу;
Барлық психикалық даму сфераларында маңызды жаңа қалыптасулар болады: интеллект қалыптасады, жекешелену, әлеуметтік қатынастар.
Сондықтан бұл жас кезеңіндегі әрбір баланың жетістіктерінің деңгейі әрине маңызды. Бұл жаста бала қуанышты сезінбейді, оқи білуді керек қылмайды, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін де білмейді, сол себепті оған әрі қарай бұларды орындау өте қиын әрі аса жоғары жан және физикалық күштерін жұмсауды тілейді.
Қорқыныш баланың психикалық және интеллектуальдық дамуына, оның әлеуметтік қалыптасуы мен оқу жағдайына кері әсерін тигізеді. Бірақ үрей оқу жағдайына ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен бірге жеке структураларды бұза бастайды.
Осы себептерге байланысты кішкентай мектептік жастағылар үшін қазіргі психологиялық зерттеулердің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: 6-7 жастағы балалардың қорқыныш және оны жеңу жолдарының психологиялық жақтарын білу.
Зерттеу міндеттері: 1. Ғалым педагог - психологтардың қорқыныш туралы көзқарастарына талдау жасау және жүйелеу. 2. 6-7 жастағы балалардың қорқыныш тудыратын себептері мен жағдайларын және ерекшеліктерін анықтау 3. Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышын төмендетуге арналған арнайы ұйымдастырылған коррекциялық, дамытушылық әсерлерді білу.
Зерттеу объектісі: Баланың психологиялық дамуында қорқыныш деңгейлерінің ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: кішкентай оқушылар қорқынышын төмендетудің түрлері мен жолдарын белгілеу.
Зерттеу болжам: Кішкентай оқушылардың қорқыныш себептері анықталып, психокоррекциялық жұмыстар комплексті орындалса, мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық - педагогикалық ұсыныстары ескерілсе, онда қорқыныштың алдын-алуға және деңгейлерін төмендетуге болар еді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар, қорқыныш деңгейін төмендетуге ата - аналар мен мұғалімдерге арналған нақты практикалық жаттығулар мен нұсқаулар.
1 тарау. «Қорқыныш» түсінігінің теориялық анықтамасы.
1. 1. Психологиялық ғылыми мектептерде қорқыныш мәселесін зерттеу.
Психологияда үрей мен қорқыныш мәселесі көбіне талданатындардың бірі. Бірақ қорқыныш түсінігі статусының өзіне қатысты немесе онымен белгіленетін нақты құбылысқа, көптеген авторлар біркелкі пікірге келмейді.
Қорқыныш пен үрей мәселелері көптеген психологиялық ғылыми мектептердің зерттеу облысы болып табылады. Онымен айналысқандар:
З. Фрейд, А. Адлер, К. Хорни, Э. Фром, К. Роджерс. Балалық үрейді зерттегендер К. Хорни, М. Раттер, А. Прихожан, Е. Новикова және т. б.
Қорқыныш түсінігі психологиялық теорияларда және зерттеулерде маңызды орын ала бастады, Фрейд оның рөлін шалығу кезінде ерекшелеген еді. Психоанализ негізін қалаушы З. Фрейд, адамның жүріс-тұрысының қозғаушы күші болып табылатындықтан, адам бірнеше туа пайда болған әсерлерге - инстинкке ие болатын, оның көңіл-күйін анықтайтынын бекітті. З. Фрейд табиғи құмарлық пен әлеуметтік шектеулердің соқтығысу нәтижесінде қорқыныш пен мазасыздану туады деп есептеген. Бастапқы инстинкт адам өсе келе жаңа түрге ауысады. Балалық шақта қауіп объектілерді жоғалтумен байланысты. Фалий фазасының дамуында (балалық шақ) - бұл қиялды қауіптің қастрациясы. Суперэгоның дамуынан кейін әлеуметтік қорқыныш (ұлт пен қорқыныш, қорқыныш пен ұялшақтық арасындағы байланыс) сыртқы қорқыныш үшін ішкі алмасуға айналады, ал имандылық қорқыныш (қорқыныш-кінә түріндегі құрлысы) толық ішкі - жекеше феномен ретінде дамиды.
Тұлғаның психикалық өмірінің драмасы туғаннан бастап, өмір бойы жалғасады. Фрейд бұл жағдайдан шығу жолын «либидиозды-қуатының» сублимировалаудан көреді, яғни қуатты басқа өмірлік мақсаттарға бағыттау:өндірістік және шығармашылық. Сәтті сублимация адамды қорқыныштан босатады.
Жеке психологияда А. Адлер мазасызданудың пайда болуына жаңа қозқарас ұсынған. А. Адлердің пікірінше, мазасыздану негізіне келесі механизмдер жатады, қорқыныш, өмірден қорқу, қиыншылықтан қорқу, және де белгілі бір адамдар тобына кіру, қандайда бір себептермен, әлеуметтік жағдайлаға және дара ерекшеліктерге жете алмау, яғни анық көрініп тұрғыны, мазасыздану негізінде жағдайлар жатыр, адам бұдан басқа немесе басқа да жағдайларға байланысты күшінде, сол немесе өзге мөлшерде үрей сезімін сезінеді.
Қорқыныш мәселесі неофрейдистердің арнайы зерттеулерінің тақырыбына айналды, әсіресе К. Хорнида.
Хорнидің теориясында мазасыздану мен үрейдің басты көздері тұлғаның негізделетіні даудама мен биологиялық әсерлері арасында емес, теріс адамгершілік қатынастарының нәтижелері болып саналады.
Хорни «Біздің заманымыздағы невротикалық түлға» атты кітабында 11 невротикалық қажеттіліктерін жинаған:
- Бауыр басу және ұнату, басқаларға ұнау, жақсы болу невротикалық қажеттілігі.
- Жалғыз қалудан қорқу, барлық тілектерді, күтулерді орындайтын, «серіктестің» невротикалық қажеттілігі.
- Өз өмірін тар шектеуде ұстау, көзге түспеуге тырысу невротикалық қажеттілілігі.
- Болжау арқылы, ақыл арқасында басқаларды басқару невротикалық қажеттілігі.
- Басқаларды қанау, олардан ең жақсыны алу невротикалық қажеттілігі.
- Әлеуметтік танылу немесе беделдің қажеттілігі.
- Даралық қадір тұру қажеттілігі
- Өзінің жетістіктеріне невротикалық талаптанудың, басқалардан асып түсі қажеттілігі.
- Ешкімге тәуелді болмау, өзіндік қанағаттандыруға және еркіндікке невротикалық қажеттілігі.
- Махаббаттың невротикалық қажеттілігі
- Асқандықтың, мүлтіксіздіктің невротикалық қажеттілігі.
К. Хорнидің пайымдауынша, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру арқасында, адам қорқыныштардан арылады, бірақ та невротикалық қажеттіліктер қандырылмайды, сондықтан қорқыныштан арылу жолы жоқ.
Көп жағдайда К. Хорнидікі С. Салливенге жақын. Ол «тұлғааралық теорияның» жасаушысы ретінде белгігі. Тұлға басқа адамдардан, тұлғааралық жағдайлардан бөлектене алмайды. Бала дүниеге келе бірінші күннен бастап адамдармен өзара қарым-қатынасқа түседі, ең алды анасымен. Тұлғаның әрі қарай дамуы мен тәртібі тұлғааралық қарым-қатынастарымен кесімделген. Салливен былай деп санайды, адамда тұлғааралық қарым-қатынастың өнімі болып табылатын, үрей, бастапқы мазасыздану бар.
Салливен ағзаны энергетикалық жүйе ретінде қарастырады, белгілі шектер арасында - тыныштық күймен, әлсірегендік (эйфория) және жоғары деңгейінің жанталасуы ауытқиды. Ағза қажеттіліктері мен үрей жанталасу бастауы болып табылады. Қорқыныш қауіпсіз адамға шын және алдамыш қауіп-қатерлермен тудырады.
Салливен дәл сол Хорни сияқты қорқынышты тек қана тұлғаның ең негізгі бір қасиеті ғана емес, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де, қарастырды. Жастайынан пайда болып, жаманат әлеуметтік ортамен өзара жанасу нәтижесінде, үрей адамда өмір бойы үнемі және өзгеріссіз болады. Мазасыздану сезімнен арылу тұлға үшін «орталық қажеттілігіне» және оның мінез-құлқының анықталатын күшіне айналады. Қорқыныш пен үрейден құтылу әдісі болып табылатып, адам түрлі «динамизмдерді» ойлап шығарады.
Қорқыныш түсінігіне Э. Фром өзгеше қарайды. Салливен мен Хорниға қарағанда, Фром психикалық қолайсыздық мәселесіне қоғамның тарихи даму позициясы жағынан қарайды.
Э. Фром есептейді, ортағасырлық қоғам дәуірінде өндіріс әдісімен және таптық құрылыммен адам еркін болмады, бірақ ол бөлектенген және жалғыз болған жоқ, капитализм кезінде сияқты, осындай қауіпте өзін сезінген емес және де сондай үрейді сезген жоқ, өйткені ол адамдардан, табиғаттан, заттардан ажыраған емес., адам әлеммен бастапқы байлыныстармен қосылғанды, алғашқы қауымдықта бар «Табиғи әлеуметтік байланыстар» деп Фром атаған. Капитализмнің өсуімен алғашқы байланыстар үзіледі, еркін жеке адам пайда болды, табиғаттан, адамдардан үзілген, соның нәтижесінде ол әлсіздікті, күдіктенуді, жалғысыздықты және қорғаншықтың терең сезімдерін бастан кешірді. «Негативті бостандықтан» туындаған үрейден құтылу үшін, адам өзінің осы еркіндігінен құтылуға ұмтылады. Одан жалғыз шығу жолы еркіндіктен қашуды көреді, яғни өз өзінен қашу, ұмытуға ұмтылу және осымен өзінде үрей күйін басып тастау.
Фром, Хорни және Салливен үрейден құтылудың әр түрлі механизмдерін көрсетуге тырысады.
Фромның пайымдауынша, осы барлық механизмдер, оның ішінде «өзіне қашу» үрей сезімін тек қана тасалайды, бірақ одан тұлғаны толығымен құтқармайды. Керісінше, бөлектену сезімі күшейеді, өйткені өзінің «мен» дегенін жоғалту өте сырқат күйін құрайды. Психикалық механизмдер еркіндіктен қашу ироционалды болады, Фромның пікірінше, олар қоршаған жағдайға реакция болмайды, сондықтан үрей мен жәбірлеу себептерін жоя алмау күйінде.
Сонымен, одан мынадай қорытынды шығаруға болады, қорқыныш қорқу реакциясынан негізделген, ал қорқу ағзаның тұтастығын сақтаумен байланысқан белгілі бір жағдайға туа пайда болған реакция болады.
Авторлар қорқыныш пен мазасыздану арасында айырмашылық жасамайды. Екеуі де жамандық болар алдында пайда болатыны, ол бір күні балада қорқынышты тудырады. Үрей немесе мазасыздану - күткендей қорқыныш тудыруы мүмкін.
Анализдей және жүйелей келе, қарастырылған теорияларды үрейдің бірнеше негіздерін көрсетуге болады, авторлар өздерінің жұмыстарында белгілеген:
- Үрей - потенциалды физикалық зиянынан. Мазасызданудың бұл түрі кейбір стимулдарды, физикалық сәтсіздікпен, қауіппен. Қатерлі аурумен бірлесу нәтижесінде пайда болады.
- Қорқыныш махаббаттың жойылуынан (анаға деген махаббат, құрбылардың сенімі)
- Қорқыныш кінәнің сенімінен туындауы мүмкін, әдетте ол 4 жастан кейін көріне бастайды. Ал үлкен балаларда кінә сезімі өзін-өзі кеміту сезімімен, өзіне ызалану, өзін елеусіз ретінде уайымдау сипатталады.
- Үрей - қоршаған ортаны меңгере алмау қабілетсіздігінде. Егер адам орта шығаратын мәселені шеше алмайтынын сезсе, ол болып жатады. Қорқыныш сапалы сезіммен байланысты, бірақ оған ұқсас емес.
- Фрустрация күйінде де қорқыныш пайда болуы мүмкін. Қатты қажетсіну немесе тілеген мақсатына жетуге кедергілер кезінде пайда болатын фрустрация уайымдау сияқты белгіленеді. Фрустрацияға жол беретіндермен де, үрей күйіне әкелетіндер де, жағдайлар арасында толық тәуелсіздік жоқ (ата-ана махаббатын жоғалту және т. с. ) және авторлар осы түйсіктердің арасындағы анық айырмашылықтарын бермейді.
Роджерс эмоциялық көңіл күйді керісінше қарастырады.
Ол ұлғаны адамша тәжірибенің даму өнімі ретінде қоғамдық мінез-құлқын, ақыл-ойын меңгеру нәтижесінде анықтайды.
Қорқыныштың бір негізін Роджерстің көретіні, бар құбылыстар, ақыл-ойының төмен деңгейінде жатыр, егер де осы құбылыстар тұлғаға қатерлі мінез әкелсе, онда олар сезінген уақытта, сезінсіну алдында қабылдануы мүмкін. Бұл үрей қобалжушылық сияқты саналы қабылданатын, вегетативті реакцияға, жүрек соғысына әкеліп соғуы мүмкін, ал адам мазасыздану себептерін бағалай алу күйінде емес . Корқыныш оған себепсіз болып көрінеді.
Тұлғаның негізгі қақтығысын және негізгі қорқынышын Роджерс тұлғаның 2 жүйесінен саналы және сапасыздықтың арақатынасынан шығарады. Егер осы жүйелердің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл-күйі жақсы, ол сабырлы, өзімен қанағаттанған. Және керісінше, 2 жүйенің арасындағы сәйкестік бұзылғанда, түрлі уайымдаушылық, үрей, мазасыздану пайда болады. Басты шарт, осы эмоционалды күйлерді алдын ала білдіретін адамның өзін-өзі бағалау, оны өзгерту, егер оны өмірдің жаңа шарттары талап етсе, жылдам қарастыра алатыны жатады. Осымен, Роджерстің өткен тәжірибесінен және соңғы тәжірибесінің нәтижесінен алғаны, қорқыныштың негізгі негізі - ол қайшылық.
Негізгі жұмыстың анализі көрсетеді, табиғаттың түсінігінше қорқыныштың шетел авторларында 2 жолын аңғаруға болады - қорқыныш түсінігі бастапқы сияқты адамға қатысты қасиет және қорқыныш түсінігі адамға сыртқы әлемі алауызды реакция ретінде, яғни қорқынышты өмірдің әлеуметтік жағдайынан шығарылуы.
Психологиялық әдебиеттерінде қорқыныш түсінігінің әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, қайта көптеген зерттеушілердің ойлары оны дифференциалды қарастыруға қажетсінуі сәйкес келеді.
«Қорқыныш» - үнемі немесе жағдайлы көрсетілетін адамның мазасыздану күйіне ауысу қасиеті, қорқу мен үрейді ерекше әлеуметтік жағдайларда сезіну. (22)
Қорқыныштың белгіленген деңгейі - тұлғаның активті іс - әрекетінде табиғи және міндетті ерекшелік. Әр бір адамда өзінің оптималды және қалаулы деңгей - қорқынышы бар - ол солай аталатын пайдалы қорқыныш.
Адам өзінің күйін осы қатынаста бағалау ол үшін өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі бақылау маңызды компоненті болып табылады. Бірақ та, қорқыныштың жоғары деңгейі тұлғаның ойдағыдай емес субъективті көрінуі болып табылады.
Қорқыныштың түрлі жағдайларда көрінуі бірдей емес. Кейбір жағдайларда адамдар әрқашан және барлық жерде өзін үрейлі ұстауға бейім, олар өзгелерде, тек содан кейін ғана, өтіп жатқан жағдайға байланысты өз қорқынышын аңғарады.
Қорқыныштың жағдайлы берік көрінуін тұлғалық деп атау керек және адамда лайықты тұлғалық белгілері барымен байланыстыру, ол бұлай аталуы «тұлғалық қорқыныш» үрейге субъектінің бейімделілік бейнелетіні және қорқынышты сияқты кең «желпуіш» жағдайды қабылдауға жеткілікті тенденциясы барын болжайтыны, оның ішінде әр қайсысына белгілі реакциямен жауап береді. Бейімділік сияқты, тұлғалық қорқыныш белгілі стимулдарды қабылдауға жандандырылады, қауіпті сияқты адамның бағалауымен, оның абыройына, өз бағалауына, өзін-өзі қадірлеуіне ерекше қорқыту жағдайларымен байланысты. (4)
Қорқыныштың жағдайлы өзгерген көрінулер жағдайлықты деп аталады, ал тұлғаның ерекшелігін көрсететін осындай түрдегі қорқыныш, «жағдайлық қорқыныш» сияқты белгілейді. Бұл күй субъективті уайымдайтын эмоциялармен сипатталады: мазасызданумен, қам істеушілік көрсетумен, күйгелектікпен. Мұндай күй стресстік жағдайға эмоционалды реакция сияқты пайда болады және уақытқа қарай интенсивті және динамикалық жағынан әр түрлі болуы мүмкін.
Тұлғалар, жоғарғы қорқынышты дәрежеге жататындар жағдайдың кең диапозонында өзінің тіршілік әрекетіне және өз-өзін бағалауына қауіп-қатер қабылдауға бейім және әбден зорланушылықты жауап қайтару, қорқыныш күйімен білдірілуі. (4)
Жоғары қорқынышты адамдардың мінез-құлқы келесі ерекшеліктерге ие:
- Жоғары қорқынышты тұлғалар эмоционалды өткір, төмен қорқыныштыларға қарағанда, сәтсіз туралы хабарларға жауап береді.
- Жоғары қорқынышты адамдар (нашарлау) төмен қорқыныштыларға қарағанда, стресстік жағдайларға немесе міндеттерді шешуге арналған уақыттың дефицит жағдайында жұмыс істейді.
- Сәтсіздіктің қорқынышы - жоғарғы қорқынышты адамдарға тән. Бұл қорқыныш оларда жетістікке жетуге талаптануда үлкен рол атқарады.
- Жоғарғы қорқынышты адамдарға үлкен ынталандыру күшімен сәтсіздіктен қарағанда, жетістіктер туралы хабарларға ие болады.
- Тұлғалық қорқыныш, өзінде қорқытуды ұстап жүретіндер сияқты, көптеген объективтілі қауіпсіз жағдайлары бағалауға және қабылдауға жеке тұлғаны бейімдейді.
Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде, белгілейді, қорқыныш - ол көп мағыналы психологиялық термин, жеке адамның уақыттың санаулы сәтінде белгілі күйі ретінде, сол сияқты кез келген адамның табандылықты қасиетін бейнелейді. Соңғы жылдары әдебиеттің анализі, қорқыныш сезімін, түрлі көзқараспен қарастыруға мүмкіндік береді, сол жайында бекітулер жіберілетін, когнитивтілі, аффектілі мен жүріс-тұрыс реакциясының күрделі өзара әрекеттердің нәтижесінде, адамға түрлі стресстерінің әсер ету кезінде, жоғарғы қорқыныш пайда болады және іске асырылады.
Қорқыныш тұлғаның белгісі ретінде адамның қызмет ететін миын, үрейдің эмоциясы, эмоциялық қозудың жоғарлаған сезімімен үнемі қызмет көрсететіндерімен, гендік детерминиялық қасиеттерімен байланысты.
Қорқыныш мәселесінің басқа да аспектісі бар - психо-физиологиялық. Осы күйінің дәрежесі себеп болатыны, сол тұлғаның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін зерделеу тәжірибесінде мазасыздану, үрей екінші бағыт бойынша жүр.
Нерв жүйесінің физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктері көзқарасынан үрейге бейімділікті түсіндіру жолын біз психологтардан таптық. Сонымен, И. П. Павловтың зертханасында нервтік жұлын әлсіз типтерде тітіркендіргіштерінің әсерінен болады, ал сосын қозатын типте және жақсы сергектікті, өте байсалды типті жануарлар жұлынуға дүшар болатыны табылған еді.
Б. М. Тепловтың мәліметтерінде де дәл солай, үрей күйі нерв жүйесінің күшімен байланысына көрсетеді. Оның меңзеген болжамдары кері күшінің корреляциясы және нерв жүйесінің сергіштік табалдырығы, В. Д. Небылициннің зерттеулерінде эксперименталды дәлелін тапты.
Ол нерв жүйесінің әлсіз типті қорқыныштың аса жоғары деңгейі туралы болжам жасайды.
1. 2. 6-7 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
Бала мектепке келген сәтінен бастап кішкентай мектеп жасындағы балаларының бастау кезеңімен анықталды. Кішкентай мектеп жасы қазіргі уақытта 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі аралықты белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz