Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының пайда болуы және одан құтылудың жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Көкшетау Мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетінің 3 курс студенті Садвакасова Әсемгүлдің дипломдық жұмысына берілген

РЕЦЕНЗИЯ

Мамандығы: «Педагогика және психология»

Тақырыбы: «Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының пайда болуы және одан құтылудың жолдары».

Дипломдық жұмысында қорқыныш феноменінің теориялық түсініктемелері, психологиялық ғылыми мектептердегі қорқыныш мәселелерін зерттеу қарастырылған.

Балалық және мектептік қорқыныш себептері анықталған, кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының ерекшеліктері көрсетілген.

Кішкентай оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері қарастырылған және оқу барысына қорқыныштың тигізетін кері әсері анықталған.

Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышын меңгеру үшін қолданылған шаралар:

  • проектілік әдістеме «Үй. Ағаш. Адам».
  • Ч. Д. Спилберг, Ю. Л. Ханиндердің реактивтік және өзіндік қорқыныш деңгейіне берілген бағаның шкаласы
  • Филипстің мектептік қорқынышының тестілері
  • Аяқталмаған сөйлемдер әдісі.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық мағынасы бар. Онда мұғалімдер мен ата-аналарға жоғарғы қорқынышы дамыған балалармен жұмыс туралы түсіндірмелер берілген, сондай-ақ коррекциялық - дамыту бағдарламасы берілген, ол қорқыныш деңгейін төмендетуге бағытталған.

Дипломдық жұмыстың мазмұны бастауыш сынып мұғалімдері үшін қызығушылық тудырады, әрі мектеп психологтары үшін де маңызы бар.

Садвакасова Әсемгүлдің жұмысы жақсы бағалауға тұрады.

Рецензент: оқу бөлімі бойынша

директорының орынбасары

Шаимов Жақсыкелді Жексенбайұлы

Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау. «Қорқыныш» түсінігінің теориялық анықтамасы.

  1. Психологиялық ғылыми мектептерде қорқыныш мәселесін зерттеу.
  2. Бала қорқынышының түсінігі, оның пайда болу себептері және шығу жолы.

2. Тарау. Мектеп жасындағы кішкентай балалар - психологиялық көмектің объектісі.

2. 1. Кішкентай шәкірттердің психологиялық даму ерекшеліктері.

2. 2. Мектеп қорқынышы.

2. 3. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың қорқыныш сезімімен бойынша жұмыс ұсыныстары.

3. Тарау. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың қорқыныш деңгейін төмендетуге бағытталған, ықпал етуге арнайы - ұйымдастырылған түзету жаттығуларының тәжірибелік зерттеулері.

3. 1. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың қорқыныш деңгейінің ықпал етуіне бағытталған, психодиагностикалық зерттеулер (нақтылау тәжірибесі) .

3. 2. Мектеп жасындағы кішкентай балалардың қорқынышын төмендетуге бағытталған, түзеу-дамыту сабақтарының жүйесі (қалыптастырушы тәжірибе) .

3. 3. Бақылау тәжірибесі.

Қорытынды.

Қосышалар.

Кіріспе

Қорқыныш пен үрей мәселелері көптеген психологиялық ғылыми мектептердің зерттеу облысы болып табылады. Онымен айналысқандар:

З. Фрейд, А. Адлер, К. Хорни, Э. Фром, К. Роджерс. Балалық үрейді зерттегендер К. Хорни, М. Раттер, А. Прихожан, Е. Новикова және т. б.

Психологиялық әдебиетте «үрейдің» әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, бірақ көптеген зерттеушілер оны дифференциалды түрде - ситуациялық жағдайда және ауыспалы күйдегі өзіндік мінездеме мен оның динамикасы түрінде қарастыру туралы пікірге тоқталған.

А. М. Прихожанның анықтамасы бойынша, «үрей - бұл эмоционалдық дискомфорттың уайымы, ол қандайда бір жамандықтыың болуымен әрі болатын қатерді сезінумен де байланысты».

Қазіргі уақытта педагогтар мен психологтардың ойынша бұндай балалар санының өсу тенденциясы байқалады, олар жоғары тынышсыздықпен, сенімсіздікпен, эмоционалды тұрақсыздықпен, төмендетілген өзін-өзі бағалаумен ерекшеленеді.

Қиын балалар өздерінің сәтсіздіктеріне өте сезімтал болады, қатты қайғырады, ондай қиындық тудыратын жағдайлардан бастарын тартуға дайын тұрады.

Үрейде жақын көрінетін жас шамасы ескерілген специфика бар, ол оның бастауларынан, мазмұнынан, байқалу пішінінен және қорғануынан байқалады.

Үрей психикалық күйде баланың кішкентай мектептегі кезінен осы уақытқа дейін теориялық негізі жағынан да, сондай - ақ практикалық жағынан да жеткілікті қаралмаған.

Кішкентай мектептік жас - бұл позитивтік өзгерістер мен қалыптасудың кезеңі. Бұл жас шамасындағы балалардың психологиясында осы жас кезеңінде дамитын көптеген мүмкіндіктері мен терең өзгерістер болады. Бұл кезең барысында жаңа сапалық деңгейде баланың беделді субъект ретінде даму потенциалы қалыптасады, ол айналаны, қоршаған ортаны және өзін біледі, сонымен бірге өзінің тәжірибелерін қалыптастырады.

Кішкентай балалық шақ сензитивті болып табылады:

  • қалыпты үйренушілік қажеттіліктер мен қызушылықтардың дамуы үшін, оқу мотивін қалыптастыру үшін;
  • оқу жұмысын білу және продуктивтік қабылдауының дамуы, «оқи білу»;
  • индивидуальдық ерекшеліктер мен қабілеттерінің ашылуы;
  • өзіндік бақылаудың дамуы, өзіндік басқару мен өзіндік қалыпқа келтірудің дамуы;
  • өзін - өзі адекватты бағалаудың қалыптасуы, өзіне және айналасындағыларға деген көзқарастың дамуы ;
  • әлеуметтік нормаларды білу;

Барлық психикалық даму сфераларында маңызды жаңа қалыптасулар болады: интеллект қалыптасады, жекешелену, әлеуметтік қатынастар.

Сондықтан бұл жас кезеңіндегі әрбір баланың жетістіктерінің деңгейі әрине маңызды. Бұл жаста бала қуанышты сезінбейді, оқи білуді керек қылмайды, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін де білмейді, сол себепті оған әрі қарай бұларды орындау өте қиын әрі аса жоғары жан және физикалық күштерін жұмсауды тілейді.

Қорқыныш баланың психикалық және интеллектуальдық дамуына, оның әлеуметтік қалыптасуы мен оқу жағдайына кері әсерін тигізеді. Бірақ үрей оқу жағдайына ғана әсерін тигізіп қоймай, сонымен бірге жеке структураларды құрата бастайды.

Осы себептерге байланысты кішкентай мектептік жастағылар үшін қазіргі психологиялық зерттеулердің өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеу мақсаты: кішкентай мектеп жасындағы балалардың қорқыныш және оны жеңу жолдарының психологиялық жақтарын білу.

Зерттеу нысаны: қорқыныш психикалық жағдай түрінде.

Зерттеу пәні: кішкентай оқушылар қорқынышын төмендетудің түрлері мен амалдары.

Зерттеу болжамы: қорқыныш деңгейі кішкентай шәкірттердің келесі шарттарды орындау кезінде төмендейді:

  • қорқыныш себептерін анықтауда;
  • психокоррекциялық жұмыстардың комплексті орындалу барысында;
  • мұғалімдер мен ата-аналардың психологиялық педагогикалық ұсыныстардың орындалуында;

Қойылған мақсаттар мен ұсынылған болжамдардың тексерілу барысында келесі міндеттер анықталды:

  1. Қарастырылған мәселе бойынша теориялық жинақтарды анализдеу және жүйелеу
  2. Бұл жастағы балардың қорқыныш тудыратын себептері мен факторлар және ерекшеліктерін анықтау;
  3. Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышын төмендетуге арналған арнайы ұйымдастырылған қоррекциялық, дамытушылық әсерлерді білу;

Зерттеу әдістері мен әдістемелері - болжамдарды іске асыру және қойылған мақсаттарды шешу үшін қолданылды: зерттеу мәселесі бойынша психологиялық - педагогикалық әдебиеттердің теориялық нәтиже; қорқыныштың мінезі мен деңгейін анықтауға бағытталған психодиогностикалық әдістемелер; қорқыныш денгейін төмендетуге арналған психокоррекциялық жаттығулар. Зерттеу базасы - Озерный орта мектебі.

Зерттеу кезеңдері;

1 Кезең - теориялық; зерттеу тақырыбын таңдау, тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді таңдау және білу ( 2004ж ; 9 -10)

2 Кезең - Озерный орта мектебі базасында кішкентай балалар қорқыныштын зерттеу мәселесі бойынша диагностикалық әдістемелер таңдау.

3 Кезең - кешкентай шәкірттер қорқынышының денгейін төмендету бойынша коррекциялық бағдарламалардың құрылуы мен іске асуы.

4 Кезең - мұғалімдер мен ата-аналарға арналған практиқалық нұсқаулар іс-шарасы мен өткізілген жұмыстардың нәтижесі.

Жұмыстың теориялық мағынасы оның зерделу мәселесі бойынша теориялық жағынан шығатын жүйелеу әрекеті жасалды

Жұмыстың практикалық мағынасы кішкентай шәкірттердің қорқыныш деңгейін төмендету бойынша ата - аналар мен мұғалімдерге арналған нақты практикалық жаттығулар мен нұсқаулар берілген.

Жұмыстың құрылысы мен аумағы - кіріспесі бар дипломдық жұмыс, үш бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосышша.

Бірінші бөлімде қорқыныш феноменінің теориялық қалыптасуы беріледі, психологиялық ғылыми мектептерде қорқыныш мәселесінің зерттеуі қарастырылады, сондай-ақ бала қорқынышының түсінігі ашылады.

Екінші бөлімде мектептік қорқыныштың мәселесі қамтылған және қорқыныштың жоғарғы деңгейі байқалған балалармен жұмыс бойынша нұсқаулар берілген.

Үшінші бөлімде кішкентай шәкірттердің қорқынышын төмендетуге бағытталған түзете - дамыту жұмыстарының мазмұны ашылады, кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышын зерттеу нәтижелері берілген, сонымен бірге эксперименталдық зерттеу нақты сипатталады.

1 тарау. «Қорқыныш»түсінігінің теориялық анықтамасы.

1. 1. Психологиялық ғылыми мектептерде қорқыныш мәселесін зерттеу.

Психологияда үрей мен қорқыныш мәселесі көбіне талданатындардың бірі. Бірақ қорқыныш түсінігі статусының өзіне қатысты немесе онымен белгіленетін нақты құбылысқа, көптеген авторлар біркелкі пікірге келмейді.

Қорқыныш түсінігі психологиялық теорияларда және зерттеулерде маңызды орын ала бастады, Фрейд оның рөлін шалығу кезінде ерекшелеген еді. Психоанализ негізін қалаушы З. Фрейд, адамның жүріс-тұрысының қозғаушы күші болып табылатындықтан, адам бірнеше туа пайда болған әсерлерге - инстинкке ие болатын, оның көңіл-күйін анықтайтынын бекітті. З. Фрейд табиғи құмарлық пен әлеуметтік шектеулердің соқтығысу нәтижесінде қорқыныш пен мазасыздану туады деп есептеген. Бастапқы инстинкт адам өсе келе жаңа түрге ауысады. Балалық шақта қауіп объектілерді жоғалтумен байланысты. Фалий фазасының дамуында (балалық шақ) - бұл қиялды қауіптің қастрациясы. Суперэгоның дамуынан кейін әлеуметтік қорқыныш (ұлт пен қорқыныш, қорқыныш пен ұялшақтық арасындағы байланыс) сыртқы қорқыныш үшін ішкі алмасуға айналады, ал имандылық қорқыныш (қорқыныш-кінә түріндегі құрлысы) толық ішкі - жекеше феномен ретінде дамиды.

Тұлғаның психикалық өмірінің драмасы туғаннан бастап, өмір бойы жалғасады. Фрейд бұл жағдайдан шығу жолын «либидиозды-қуатының» сублимировалаудан көреді, яғни қуатты басқа өмірлік мақсаттарға бағыттау:өндірістік және шығармашылық. Сәтті сублимация адамды қорқыныштан босатады.

Жеке психологияда А. Адлер мазасызданудың пайда болуына жаңа қозқарас ұсынған. А. Адлердің пікірінше, мазасыздану негізіне келесі механизмдер жатады, қорқыныш, өмірден қорқу, қиыншылықтан қорқу, және де белгілі бір адамдар тобына кіру, қандайда бір себептермен, әлеуметтік жағдайлаға және дара ерекшеліктерге жете алмау, яғни анық көрініп тұрғыны, мазасыздану негізінде жағдайлар жатыр, адам бұдан басқа немесе басқа да жағдайларға байланысты күшінде, сол немесе өзге мөлшерде үрей сезімін сезінеді.

Қорқыныш мәселесі неофрейдистердің арнайы зерттеулерінің тақырыбына айналды, әсіресе К. Хорнида.

Хорнидің теориясында мазасыздану мен үрейдің басты көздері тұлғаның негізделетіні даудама мен биологиялық әсерлері арасында емес, теріс адамгершілік қатынастарының нәтижелері болып саналады.

Хорни «Біздің заманымыздағы невротикалық түлға» атты кітабында 11 невротикалық қажеттіліктерін жинаған:

  1. Бауыр басу және ұнату, басқаларға ұнау, жақсы болу невротикалық қажеттілігі.
  2. Жалғыз қалудан қорқу, барлық тілектерді, күтулерді орындайтын, «серіктестің» невротикалық қажеттілігі.
  3. Өз өмірін тар шектеуде ұстау, көзге түспеуге тырысу невротикалық қажеттілілігі.
  4. Болжау арқылы, ақыл арқасында басқаларды басқару невротикалық қажеттілігі.
  5. Басқаларды қанау, олардан ең жақсыны алу невротикалық қажеттілігі.
  6. Әлеуметтік танылу немесе беделдің қажеттілігі.
  7. Даралық қадір тұру қажеттілігі
  8. Өзінің жетістіктеріне невротикалық талаптанудың, басқалардан асып түсі қажеттілігі.
  9. Ешкімге тәуелді болмау, өзіндік қанағаттандыруға және еркіндікке невротикалық қажеттілігі.
  10. Махаббаттың невротикалық қажеттілігі
  11. Асқандықтың, мүлтіксіздіктің невротикалық қажеттілігі.

К. Хорнидің пайымдауынша, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру арқасында, адам қорқыныштардан арылады, бірақ та невротикалық қажеттіліктер қандырылмайды, сондықтан қорқыныштан арылу жолы жоқ.

Көп жағдайда К. Хорнидікі С. Салливенге жақын. Ол «тұлғааралық теорияның» жасаушысы ретінде белгігі. Тұлға басқа адамдардан, тұлғааралық жағдайлардан бөлектене алмайды. Бала дүниеге келе бірінші күннен бастап адамдармен өзара қарым-қатынасқа түседі, ең алды анасымен. Тұлғаның әрі қарай дамуы мен тәртібі тұлғааралық қарым-қатынастарымен кесімделген. Салливен былай деп санайды, адамда тұлғааралық қарым-қатынастың өнімі болып табылатын, үрей, бастапқы мазасыздану бар.

Салливен ағзаны энергетикалық жүйе ретінде қарастырады, белгілі шектер арасында - тыныштық күймен, әлсірегендік (эйфория) және жоғары деңгейінің жанталасуы ауытқиды. Ағза қажеттіліктері мен үрей жанталасу бастауы болып табылады. Қорқыныш қауіпсіз адамға шын және алдамыш қауіп-қатерлермен тудырады.

Салливен дәл сол Хорни сияқты қорқынышты тек қана тұлғаның ең негізгі бір қасиеті ғана емес, оның дамуын анықтайтын фактор ретінде де, қарастырды. Жастайынан пайда болып, жаманат әлеуметтік ортамен өзара жанасу нәтижесінде, үрей адамда өмір бойы үнемі және өзгеріссіз болады. Мазасыздану сезімнен арылу тұлға үшін «орталық қажеттілігіне» және оның мінез-құлқының анықталатын күшіне айналады. Қорқыныш пен үрейден құтылу әдісі болып табылатып, адам түрлі «динамизмдерді» ойлап шығарады.

Қорқыныш түсінігіне Э. Фром өзгеше қарайды. Салливен мен Хорниға қарағанда, Фром психикалық қолайсыздық мәселесіне қоғамның тарихи даму позициясы жағынан қарайды.

Э. Фром есептейді, ортағасырлық қоғам дәуірінде өндіріс әдісімен және таптық құрылыммен адам еркін болмады, бірақ ол бөлектенген және жалғыз болған жоқ, капитализм кезінде сияқты, осындай қауіпте өзін сезінген емес және де сондай үрейді сезген жоқ, өйткені ол адамдардан, табиғаттан, заттардан ажыраған емес., адам әлеммен бастапқы байлыныстармен қосылғанды, алғашқы қауымдықта бар «Табиғи әлеуметтік байланыстар» деп Фром атаған. Капитализмнің өсуімен алғашқы байланыстар үзіледі, еркін жеке адам пайда болды, табиғаттан, адамдардан үзілген, соның нәтижесінде ол әлсіздікті, күдіктенуді, жалғысыздықты және қорғаншықтың терең сезімдерін бастан кешірді. «Негативті бостандықтан» туындаған үрейден құтылу үшін, адам өзінің осы еркіндігінен құтылуға ұмтылады. Одан жалғыз шығу жолы еркіндіктен қашуды көреді, яғни өз өзінен қашу, ұмытуға ұмтылу және осымен өзінде үрей күйін басып тастау.

Фром, Хорни және Салливен үрейден құтылудың әр түрлі механизмдерін көрсетуге тырысады.

Фромның пайымдауынша, осы барлық механизмдер, оның ішінде «өзіне қашу» үрей сезімін тек қана тасалайды, бірақ одан тұлғаны толығымен құтқармайды. Керісінше, бөлектену сезімі күшейеді, өйткені өзінің «мен» дегенін жоғалту өте сырқат күйін құрайды. Психикалық механизмдер еркіндіктен қашу ироционалды болады, Фромның пікірінше, олар қоршаған жағдайға реакция болмайды, сондықтан үрей мен жәбірлеу себептерін жоя алмау күйінде.

Сонымен, одан мынадай қорытынды шығаруға болады, қорқыныш қорқу реакциясынан негізделген, ал қорқу ағзаның тұтастығын сақтаумен байланысқан белгілі бір жағдайға туа пайда болған реакция болады.

Авторлар қорқыныш пен мазасыздану арасында айырмашылық жасамайды. Екеуі де жамандық болар алдында пайда болатыны, ол бір күні балада қорқынышты тудырады. Үрей немесе мазасыздану - күткендей қорқыныш тудыруы мүмкін.

Анализдей және жүйелей келе, қарастырылған теорияларды үрейдің бірнеше негіздерін көрсетуге болады, авторлар өздерінің жұмыстарында белгілеген:

  1. Үрей - потенциалды физикалық зиянынан. Мазасызданудың бұл түрі кейбір стимулдарды, физикалық сәтсіздікпен, қауіппен. Қатерлі аурумен бірлесу нәтижесінде пайда болады.
  2. Қорқыныш махаббаттың жойылуынан (анаға деген махаббат, құрбылардың сенімі)
  3. Қорқыныш кінәнің сенімінен туындауы мүмкін, әдетте ол 4 жастан кейін көріне бастайды. Ал үлкен балаларда кінә сезімі өзін-өзі кеміту сезімімен, өзіне ызалану, өзін елеусіз ретінде уайымдау сипатталады.
  4. Үрей - қоршаған ортаны меңгере алмау қабілетсіздігінде. Егер адам орта шығаратын мәселені шеше алмайтынын сезсе, ол болып жатады. Қорқыныш сапалы сезіммен байланысты, бірақ оған ұқсас емес.
  5. Фрустрация күйінде де қорқыныш пайда болуы мүмкін. Қатты қажетсіну немесе тілеген мақсатына жетуге кедергілер кезінде пайда болатын фрустрация уайымдау сияқты белгіленеді. Фрустрацияға жол беретіндермен де, үрей күйіне әкелетіндер де, жағдайлар арасында толық тәуелсіздік жоқ (ата-ана махаббатын жоғалту және т. с. ) және авторлар осы түйсіктердің арасындағы анық айырмашылықтарын бермейді.

Роджерс эмоциялық көңіл күйді керісінше қарастырады.

Ол ұлғаны адамша тәжірибенің даму өнімі ретінде қоғамдық мінез-құлқын, ақыл-ойын меңгеру нәтижесінде анықтайды.

Қорқыныштың бір негізін Роджерстің көретіні, бар құбылыстар, ақыл-ойының төмен деңгейінде жатыр, егер де осы құбылыстар тұлғаға қатерлі мінез әкелсе, онда олар сезінген уақытта, сезінсіну алдында қабылдануы мүмкін. Бұл үрей қобалжушылық сияқты саналы қабылданатын, вегетативті реакцияға, жүрек соғысына әкеліп соғуы мүмкін, ал адам мазасыздану себептерін бағалай алу күйінде емес . Корқыныш оған себепсіз болып көрінеді.

Тұлғаның негізгі қақтығысын және негізгі қорқынышын Роджерс тұлғаның 2 жүйесінен саналы және сапасыздықтың арақатынасынан шығарады. Егер осы жүйелердің арасында толық келісім болса, онда адамның көңіл-күйі жақсы, ол сабырлы, өзімен қанағаттанған. Және керісінше, 2 жүйенің арасындағы сәйкестік бұзылғанда, түрлі уайымдаушылық, үрей, мазасыздану пайда болады. Басты шарт, осы эмоционалды күйлерді алдын ала білдіретін адамның өзін-өзі бағалау, оны өзгерту, егер оны өмірдің жаңа шарттары талап етсе, жылдам қарастыра алатыны жатады. Осымен, Роджерстің өткен тәжірибесінен және соңғы тәжірибесінің нәтижесінен алғаны, қорқыныштың негізгі негізі - ол қайшылық.

Негізгі жұмыстың анализі көрсетеді, табиғаттың түсінігінше қорқыныштың шетел авторларында 2 жолын аңғаруға болады - қорқыныш түсінігі бастапқы сияқты адамға қатысты қасиет және қорқыныш түсінігі адамға сыртқы әлемі алауызды реакция ретінде, яғни қорқынышты өмірдің әлеуметтік жағдайынан шығарылуы.

Психологиялық әдебиеттерінде қорқыныш түсінігінің әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады, қайта көптеген зерттеушілердің ойлары оны дифференциалды қарастыруға қажетсінуі сәйкес келеді.

«Қорқыныш» - үнемі немесе жағдайлы көрсетілетін адамның мазасыздану күйіне ауысу қасиеті, қорқу мен үрейді ерекше әлеуметтік жағдайларда сезіну. (22)

Қорқыныштың белгіленген деңгейі - тұлғаның активті іс - әрекетінде табиғи және міндетті ерекшелік. Әр бір адамда өзінің оптималды және қалаулы деңгей - қорқынышы бар - ол солай аталатын пайдалы қорқыныш.

Адам өзінің күйін осы қатынаста бағалау ол үшін өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі бақылау маңызды компоненті болып табылады. Бірақ та, қорқыныштың жоғары деңгейі тұлғаның ойдағыдай емес субъективті көрінуі болып табылады.

Қорқыныштың түрлі жағдайларда көрінуі бірдей емес. Кейбір жағдайларда адамдар әрқашан және барлық жерде өзін үрейлі ұстауға бейім, олар өзгелерде, тек содан кейін ғана, өтіп жатқан жағдайға байланысты өз қорқынышын аңғарады.

Қорқыныштың жағдайлы берік көрінуін тұлғалық деп атау керек және адамда лайықты тұлғалық белгілері барымен байланыстыру, ол бұлай аталуы «тұлғалық қорқыныш» үрейге субъектінің бейімделілік бейнелетіні және қорқынышты сияқты кең «желпуіш» жағдайды қабылдауға жеткілікті тенденциясы барын болжайтыны, оның ішінде әр қайсысына белгілі реакциямен жауап береді. Бейімділік сияқты, тұлғалық қорқыныш белгілі стимулдарды қабылдауға жандандырылады, қауіпті сияқты адамның бағалауымен, оның абыройына, өз бағалауына, өзін-өзі қадірлеуіне ерекше қорқыту жағдайларымен байланысты. (4)

Қорқыныштың жағдайлы өзгерген көрінулер жағдайлықты деп аталады, ал тұлғаның ерекшелігін көрсететін осындай түрдегі қорқыныш, «жағдайлық қорқыныш» сияқты белгілейді. Бұл күй субъективті уайымдайтын эмоциялармен сипатталады: мазасызданумен, қам істеушілік көрсетумен, күйгелектікпен. Мұндай күй стресстік жағдайға эмоционалды реакция сияқты пайда болады және уақытқа қарай интенсивті және динамикалық жағынан әр түрлі болуы мүмкін.

Тұлғалар, жоғарғы қорқынышты дәрежеге жататындар жағдайдың кең диапозонында өзінің тіршілік әрекетіне және өз-өзін бағалауына қауіп-қатер қабылдауға бейім және әбден зорланушылықты жауап қайтару, қорқыныш күйімен білдірілуі. (4)

Жоғары қорқынышты адамдардың мінез-құлқы келесі ерекшеліктерге ие:

  1. Жоғары қорқынышты тұлғалар эмоционалды өткір, төмен қорқыныштыларға қарағанда, сәтсіз туралы хабарларға жауап береді.
  2. Жоғары қорқынышты адамдар (нашарлау) төмен қорқыныштыларға қарағанда, стресстік жағдайларға немесе міндеттерді шешуге арналған уақыттың дефицит жағдайында жұмыс істейді.
  3. Сәтсіздіктің қорқынышы - жоғарғы қорқынышты адамдарға тән. Бұл қорқыныш оларда жетістікке жетуге талаптануда үлкен рол атқарады.
  4. Жоғарғы қорқынышты адамдарға үлкен ынталандыру күшімен сәтсіздіктен қарағанда, жетістіктер туралы хабарларға ие болады.
  5. Тұлғалық қорқыныш, өзінде қорқытуды ұстап жүретіндер сияқты, көптеген объективтілі қауіпсіз жағдайлары бағалауға және қабылдауға жеке тұлғаны бейімдейді.

Г. Г. Аракелов, Н. Е. Лысенко, Е. Е. Шотт, өз кезектерінде, белгілейді, қорқыныш - ол көп мағыналы психологиялық термин, жеке адамның уақыттың санаулы сәтінде белгілі күйі ретінде, сол сияқты кез келген адамның табандылықты қасиетін бейнелейді. Соңғы жылдары әдебиеттің анализі, қорқыныш сезімін, түрлі көзқараспен қарастыруға мүмкіндік береді, сол жайында бекітулер жіберілетін, когнитивтілі, аффектілі мен жүріс-тұрыс реакциясының күрделі өзара әрекеттердің нәтижесінде, адамға түрлі стресстерінің әсер ету кезінде, жоғарғы қорқыныш пайда болады және іске асырылады.

Қорқыныш тұлғаның белгісі ретінде адамның қызмет ететін миын, үрейдің эмоциясы, эмоциялық қозудың жоғарлаған сезімімен үнемі қызмет көрсететіндерімен, гендік детерминиялық қасиеттерімен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
Психологиядағы балалар қорқыныштары мәселесін зерттеу жайында
Кіші мектеп жасындағы балалардың қорқыныш проблемаларын зерттеу
Қорқыныш сезімінің психологиялық ерекшеліктері
Невроздардың клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары жайлы
Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері
Бала психикасындағы ауытқулар және оның алдын алу шаралары
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үрей деңгейін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz