Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І Кіріспе 4

ІІ Негізгі бөлім

І тарау. Аңызға айналған абыз 6

1. 1. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Қорқыт бейнесі 6

1. 2. Қорқыттан қалған қазына 20

1. 3. Қорқыт қазақ үшін күй атасы 30

1. 4. Қорқыт жырларындағы дәуір және дәстүр мәселелері 39

Қорытынды 44

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 46

КІРІСПЕ

Қазақта «Қайда барсаң Қорқыттың көрі», «Қорқыттың өлімнен қашуы», «Қорқыттың күйі», «Қорқыттың қобызы» тағы басқа сандаған тұрақты сөз тіркестері қалыптасқан. Мұны біз күнделікті өмірде қолданып, әр түрлі жайларға байланысты қолданып жатамыз. Шын мәнінді бұл ұғымдардың тарихта болған, түркі әлемінде өлшеусіз із қалдырған табиғатынан талантты жаратылыс иесі Қорқыт бабамыз екендігін біреу білсе, енді біреулер бейхабар болуы да мүмкін. Дипломдық жұмыс тақырыбын аларда көп қобалжып, «сандаған дәуірлерді өткерген ұлы тұлға туралы келісті жұмыс жаза алармын ба?» - деген толқу болған. Біршама дүниелер ақтарып, әйгілі абызға қатысты мағлұматтар жинақтау барысында тұман сейіліп, тақырыпты ашуға талпыныс басталып жүре берді. Ең алдымен Қорқытқа қатысты ауызша жеткен аңыз әңгімелерді жинақтап, келесі кезекте Қорқыттың сазгерлігі, жыршылығы тағы басқада қырларын танытуға күш салынды.

Жұмыс жалпы бір бөлімге жинақталып, 4 тараушалардан тұрады. Алдымен аталған аңыздар қажетке жараса, екінші, Қорқыттың қалдырған аталы сөздері мен жырлары жұмыс жазуға таяныш тірек болды. Үшінші, Қорқыттың күй өнеріне қалдырған мұраларына тоқталып, оның көркем дүние жасаудағы шығармашылық әлеміне кеңірек тоқталуды жөн санадым.

Сөйтіп, аңызға айналған абыздың шын мәніндегі тарихи тұлға екендігіне көңіл бөліп, деректер мен мағлұматтар арқылы дәлелдеуге шама жеткенше талпындым.

Қазақ даласы естеліктер мен ескерткіштерге бай екендігін талай ғалымдар айтып келеді. Ірі археолог, тарихшы, әдебиетші ғалым Ә. Марғұланның танымдық тұрғыдан жазған еңбектері бұған толық дәлел болса керек. Біздің сахарада, анықтай айтсам Қызылорда облысында Қорқыттың бейіті бар екендігі мәлім. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл қайта жөнделіп, заман талабына қатысты жаңартылды. Қорқыт мұраларына қатысты үлкен ізденістер жасалып, ғылыми мән-мағына толы семинарлар өткізілді. Ғылыми еңбектер жазылып, Қорқыт еңбектері жарық көрді. Осындай естеліктер мен ізденіс арқылы жазылған еңбектер менің дипломдық жұмыс жазуыма септігін тигізді. Басты мақсат Қорқыттың ірі тұлға, сан қырлы талант екендігін таныту екендігі аян. Осы бағытта қолға қалам алып, дархан даламыздың біртуар абызына қатысты еңбек етуге әрекеттендім. Жұмыс жүйесі негізгі тақырыпты аша алады деген сенім бар.

Бірінші бөлім. АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АБЫЗ

1. 1 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі Қорқыт бейнесі

Қоркыттың кіндік қаны тамған ата мекені Қараспан тауы еді дейді. Ол дүниеге келерде анасы құлан етіне жерік болып, құрсақтағы баласын үш жыл тоғыз күн көтерген екен. Сол үш жылдық әр жылында толғақ қысып, дүниеге нәресте келетіндей қамданып, Қорқыттың анасы бебеу қаға қаналанатын болған. Бірақ бірінші жылы да, екінші жылы да бала тумайды.

Содан үш жыл тоғыс күн дегенде Қорқыттын анасын шын толғақ қысады. Бұл жай толғақ болмайды, дәл сол күні Қорқыттын анасымен бірге бүкіл дүние қоса толғатып қиналғандай көк жүзін түнерген қара бұлт торлайды. Күн күркіріп, найзағай ойнап, дауыл соғып, дүниенің астан - кестені жығады. Мұның бәрін дүниеге келер нәрестенің кішіне жорыған жұртты үрей билейді.

Бұл жөнінде ел есінде сақтап қалған мынандай сөзі бар:

Қорқыт туған кезінде

Қараспанды су алған,

Қара жерді құм алған.

Ол туарда ел қорқып,

Туанған соң қуанған.

Шынында да, Қорқыт туысымен жел тынып, бұлт ыдырап, күн шығып, дүние тіршілік маужыр - күйге түседі. Жұртшылық мұны да жақсы ырымға балап: “Бұл бізді қорқытып дүниеге келген болса болды, есімі Қорқыт болсын! ” - деп, құлағына ұүш рет айқалап, атын Қорқыт қояды.

Аңыз бойынша, анасының құрсағы - нан шығысымен Қорқыт тілі шығып, «сойлей» туыпты. Оның дүниеге келуі қандай болса, оның өмірі де сондай ерекше болады. Жастайынан ұшқан құс, жүгірген аңға, соққан жел, жауған жауынға ден қойып, табиғатпен тілдес болып өседі. [1, 249] .

Қай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезенінде ғұмыр кешкен ұрпақтың өмірі қашанда күрделі. Мұндай өтпелі кезенде, әсіресе, ұлы тұлғалардың өмірі көп ретте қасірет - қағымен өтеді. Қорқыт атаның ғұмыр кешкен заманы да аса ірі саяси әлеуметтік сілкіністермен, сырт күштің телурінді өктемдігімен тұспа - тұс еді.

Еуразияның ұлы даласында жүздеген, бәлкім мыңдаған жылдар бойы асығын алшысынан түсіріп, дүниенің төрт тарабын өз үйінің төріндей билеген салт атты көшпенділер өркениеті жаңама жыл санаудың бірінші мың жылдығын тауысар шақта жойқын бөлшектеуге ойысқан кезені еді. Дәлірек айтсақ, мәдени-рухани біртұтастықтағы түркі әлемімен осы күнгі түркі ұлттары өз алдына жеке-жеке атау тігіп, дара этникалық нышан қалыптастыра бастады.

Әрине, түркілікрухтың бөлшектенуі Қорқыт сияқты ұлы тұлғаны бейтарап қалдырмайды. Бұл кез тек қана түркілік бөлшектенуі ғана емес еді, сонымен қатар ислам дінінің де оңтүстік бүйірден шаншудай қадалып, өктемдікпен бел ана бастаған тұсы болатын. Ал, ислам діні Қорқыттың бар болмысына жат еді. Себебі ол көшпелілер қоғамының өмір салтына айналған тәнірлік діннің аса көрнекті өкілі болатын. Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтқанда, « Қорқыт» алған қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы» яғни, тәңірлік діннің ең басты идеология. [1, 233] .

Көне түркі жұртында кездесетін Қорқыт жайындағы әңгімелер - бір кездегі түркілердің тұтастығы онша бұзылмай, аралары алшақтамай тұрған кезде туған аңыздар. «Аңыз дегеніміз - бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі (устная хроника), бір аймақта болған оқиғаның «әңгімесі», [2, 89] . - дейді С. Қасқабасов өзінің «Халық прозасы» жөніндегі зиялы қауымға белгілі еңбегінде. Қазақ фольклортану ғылымында аңызды мекендік аңыздар, тарихи аңыздар және күй аңыздары деп бөлеміз. Біз қарастырып отырған аңыздардың ішінде Қорқытқа қатысты аңыздар негізінен тарихи аңыздар және күй аңыздары арқылы бізге жеткен. Бұл тұрғыда «Қорқыттың өмірге келуі», «Қорқыттың қобызды ойлап табуы» және Қорқыт қалдырған «Аққу», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын», «Тарғыл тана», «Ұлардың ұлуы» атты күйлері болғандығы туралы және оның аңызға айналуы жайлы А. Сейдімбек өз зерттеулерінде жан-жақты тоқталады. [1, 241] . Бұл күйлердің бәріде Қорқыттың өлімнен қашуына қатысты туады. Дәл осы Қорқыттың ажалдан қашуы аңыздар бірте-бірте әпсана-хикаятқа ауысқан. Себебі, «әпсана-хикаят деп кейде ертеде болған бір оқиғаны көркемдей баяндайтын, бірақ көбінесе ойдан шығарылған, я болмаса кітаби және діни сюжетті барынша әрлеп, әсерлеп, әңгімелейтін прозалық шығармаларды айтамыз [2, 48] . Қорқыт Сырдарияның көз жасындай суына қарап отырып, қобызын күйлеп, - өлім мені қанша қуса да мен оны бұл жерге келтірмеспін деп қобызын үздіксіз тарта беріпті. Қорқыттың күңіренген күйлерін балқып тыңдаған ажал да бұған жақын келе алмапты».

Демек, Қорқыт ажалдан құтылудың амалын өзі тапқан. Ол амалы - қобыз күйі. Осының бәрі қазақ фольклорында көрініс береді. Саралай келсек, Қорқыт абыз, көріпкел, күйші, сазгер, өз жанынан жыр шығарушы болып, сандаған өнердің басын қосқан әмбебап аруақты тұлғаға айналған адам. Қорқыттың екінші бір қырын «Қорқыт ата кітабы» танытады.

«Қорқыт ата кітабы» - түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын әдет-ғұрпын, салт-санасын, өнер-тұрмысын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра деп білеміз. Қорқыт жырларында ежелгі дәуірдің кейбір тарихи оқиғалары қамтылған. Бұл дастан оғыз-қыпшақ арасында туып, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тарап, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, мәдени, тарихи т. б. мәнін жоймаған, аса құнды көркем туынды болып табылады. Аталып отырған жырлар дүниежүзі ғалымдарының назарына ерте ілініп, көп зерттелген ежелгі ерлік эпосының бірі.

Бұл кітап сонау көне дәуірлерден ұрпақтан-ұрпаққа тарап отырған, түркі халықтарының шығармашылық дәстүрде пайда болған, эпикалық жырлардың жинағы. Бұл жырлар қаһармандық дәстүрінде жазылса да, мұнда тарихи шындық бар. [27, 24] . көшпелі халық тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, сана-сезімінен, сол кездегі патриархал ру тұрғысынан, қауымға қарым-қатынастарынан мәліметтер беретіндігінен тарихшы, этнографтарға да маңызы зор туынды.

«Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде орыс, неміс, түрік, итальян тілдеріне аударылған. Орыс тілінде көп зерттелген аталмыш шығарманы қазақ ғалымдары да үздіксіз зерттеп келеді.

«Қорқыт ата кітабы» тұңғыш рет шығыс әдебиетін зерттеуші белгілі орыс ғалымы, академик В. В. Бартольд зерттеп бастаса, кейін бұл қатарды - И. В. Аничков, А. А. Диваев, К. А. Иностранцев, В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов; В. В. Радлов, Х. Г. Короглы, К. Рифат, О. Ш. Гокяй т. б. ғалымдар жалғастырған. Сондай-ақ қазақ даласының рухани мұрасын зерттеген П. И. Лерх, Л. Герн, Л. Мейер, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов т. б. ғалымдардың еңбектерінде Қорқыт есіміне, бақсылық ерекшеліктеріне арналған деректер мол ұшырасады. Қазақ ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, М. Әуезов, А. Жұбанов, Х. Сүйіншәлиев, Р. Бердібаев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин т. б. еңбектерінде Қорқыт мұрасы әр қырынан қарастырылған.

«Қорқыт ата кітабын» зерттеу, аудару, насихаттау ісіне Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, В. М. Жирмунский, Ш. Ыбыраев т. б. белсене ат салысып келді. Бұл салада, әсіресе, итальян ғалымы - Эторре Россидің еңбегі маңызды. «Ол ғалымдардың ішінен бірінші болып «Қорқыт ата кітабындағы» мақал-мәтелге айналған философиялық ой-толғамдардың тамырын қазақ және қырғыз ауыз әдебиеті үлгілерінен іздестірген. Жырлардағы географиялық атауларға түсіндірме берген түрік ғалымы Қырзыоғлы М. Фареттиннің еңбегі де бұл салаға зор үлес қосқан.

Аталған ғалымдардың көпшілігінің еңбектерінде «Қорқыт ата кітабының» көркемдік сипаты көбірек сөз болып, ал фольклорлық жағы қаға берістеу қалып келді. Сондықтан да, бұл дастанды қазақ фольклоры тұрғысынан терең зерттеу өте қажет, себебі, «Қорқыт ата кітабына» енген жырлардың Қазақстан жерінде пайда болғанын зерттеуші ғалымдар дәлелдеген. Бұлайша зерттеу, қазақ әдебиетінің қалыптасу, арғы дәуірлердегі рухани бастауларынан да хабар алуға мүмкіндік туғызады. Осы орайда, күні кешеге дейін қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңін хандық дәуірімен байланыстырсақ, қазіргі уақытта Қорқыт дастанының фольклорлық жағына терең үңіліп, қазақ ауыз әдебиетімен салыстыра отырып, қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңін сол VII-VIII ғасырлардан қарастыруға әбден болады. Міне, сондықтан осы тақырыптың қазіргі кезде зерттелуі өзекті мәселе екендігі айқын. Әсіресе, еліміз егемендікке 17 жыл болуы өз тарихымызға, дәстүрлі мәдениетімізге, ұлттық дүниетанымымызға қайта оралған тұста бұл тақырыпты зерттеу аса маңызды болып табылады. Себебі, Қорқыт жырларында халқымыздың дәстүрі, әдет-ғұрып үлгілерінің көрініс беруі, кездейсоқ құбылыс дей алмаймыз.

Қорқыт есімі және ол жайындағы аңыз-әңгімелер - түркі тілдес халықтар арасында кеңінен тараған және ертеден мәлім. Қорқыт істерін әр халық әр түрлі аңыз етіп, оның атын әулиелер қатарына қосқан. Қорқыт тарихта болған өнер иесі, заманының ақсақал биі, батыры, даңқты ақылгөй адамы.

Жыршы, жыраулық сарынның басталып шығу кезеңін халық аңызы сонау VIII-IX ғасырлар шамасында өмір кешкен «Күй атасы - Қорқытқа» апарып тірейді. Шынында да Қорқыттың кезінде жырау болғаны тарихтан мәлім. Қазақ даласындағы тұңғыш күйші-қобызшы және жырау Қорқыт болған.

Қорқыт ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев суретке түсіріп, көп мәліметтер жариялаған. Бұл деректер бойынша Қорқыт ХVІІІ-ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген. Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын /ұзан/, болашақты болжап сөйлеген кісі болған.

Қорқыт атаның өзі туралы тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын /ұзан/, болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ, қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерге көбірек жолығады» [3, 372-373] .

Халық шежіресі бойынша, Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзені.

Аталып өткен ғалым-зерттеуші Ә. Марғұлан өзінің еңбектерінде былай деген: «Сырдың жағасында бергі кезге дейін сақталып келген Қорқыттың тамы қандай тарихи анық болса, ол туралы жазылып қалған шежіре де соншалық таңсық нәрсе болу керек. [3, 286] .

Қарақожаұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында Жанкент қаласында өһмір сүрген. Бұл қала Сыр өзенінің, Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны «Су аяғы - ер Қорқыт» деп те атаған.

Сонымен, Қорқыт өмірде болған тарихи адам. Қорқыт тарихи адам болғанының үлкен бір дәлелі - Орал тауын қоныстайтын балуқұрттар арасында «Екі-қырғыз» деген ауыл өздерін осы күнге дейін Қоркыттың ұрпағыныз деп санайды. Олардың ескі заманнан жазылып кем жатқан « шежіре» кітаптары бойынша, Қорқыт заманынан 18 - ғасырдың ортасынан дейін Қорқыт ұрпағынан олардың 18 атасы болған. 1913 жылы «Шора» журналында басылған «ескі шежіре» деген мақалада Қорқыттың бір ұрпағы өздері туралы былай деп жазады: «Бабаларымыз тарапынан жазылып қалған шежіреге қарағанда, біздің «тасты» ауылда туратын қырғыз (қазақ, башқұрттардың «әуелі түбі» қырғыз-қазақ жұртындағы бұқара жолында, Сыр теңізі бойында тұратын «Қорқыт-ата деп аталды. » Қорқыттың немерелерінен «Қастық би», «Ақ еділ» бойындағы «Татыс» суы қасында «Ескі қырғыз» деген ауылды жұрты қоныс) етіп өзі «Ақбиге бас ұрған» дейді. Бұл мақаланын айтуына қарағанда Оралдағы Қорқыттың ұрпақтары тегісімен ата қуалаған би болып, өздерін қазақ ортасынан шыққан «шала қазақ», «шала башқұрт деп санап бұрын аталарының қонысын» Бұхара жолындағы Арал ттенізің бойы, Сырдарияның жағасы» деп түсінген. Бұл мағлұматқа қарағанда, Сырдарияның жағасында осы күнге дейін тұрған «Қорқыт маласы» Қандай анық тарихи іс болса, Қорқыттың да бір кезде тарихи адам болып, оның Сырдария, Арал тенізі бойында, Жанкент қаласында жасағаның көрсетеді. Абұлғазы-Баһадүр мен арап жазушыларының - Қорқыт туралы айтқандары осы айтқан шежіре сөзбен бір шығады. [4, 456-458] . Қорқыт алғашқы қобызды жасап - ән-күй, өлең-жыр шығарушы дарынды күйші, ел бастаған хандардың ақылшысы, бұқара халықтың қамқоры болған. Ең маңыздысы - ол адамзаттың бақытты, баянды өмірі үшін күрескен, өнерді өлімге қарсы қойған тұңғыш бақсы, балгер. Қорқыт жырларында оғыз-қыпшақ тайпалары эпос айтушыларын «ұзан» деп атаған. Оғыздардың бірінші ұзаны Қорқыт болған. Әр түрлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал, «Деде Қорқыт кітабында» Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады. «Оғыз-қыпшақ қоғамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл -Еркі, Тұман хан және Қаңлықожа делінген «Қорқыт ата кітабының» кіріспесінде [5, 186] .

«Қорқыт туралы қазақ халқы айтатын қария сөздерді ең алғаш жарыққа шығаруға ой бөлген ғалымдар Ш. Уәлиханов, В. В. Вельяминов-Зернов, П. И. Перх, Л. Грен, Л. Мейер, Г. Н. Потанин, В. В. Радлов тағы басқалар. Бұл ғалымдардың ішінде Ш. Уәлиханов есіткен аңызда Қорқыт - қазақтың бірінші бақсы-шаманы, елге қобыз үйретуші ұстазы, күйші, өлең сазының шебері. Бұл пікірді басқа ғалымдар да растайды. Мысалы: И. Кастенье Қорқыт - қазақты қобызға үйретуші, өнерпаз, ұстаз, балгер деп танытса, Г. Потанин Қорқыт - қазақтың тұңғыш жырауы дейді» [6, 175] .

В. В. Радловтың зерттеуінше қазақтар Қорқытты сондай қадірлеп, ардақтаған, барлық әдемі ойды соның атына теліген. «Қорқыт жаққан шырақтай» деу соның қазақ елінің ойында сақталған бір жарқын түрі» [3, 162] . Қорқыт туралы жиналған мағлұматтар өте көп, олар: тарихи хикаялар, шежірелер, ертегілер, дастандар, аңыздар.

Аңыз дегеніміз - бір мекеннің, жергілікті жердің, не болмаса бір елдің, тайпаның, рудың ауызекі шежіресі, бір аймақта болған оқиғаның әңгімесі Тарихи аңыздар қазақ елінің талай ғасырлық өмірінің ең бір елеулі-елеулі кезеңдері туралы әңгімелеп, мәлімет береді. «Бейнелейтін оқиғаларына, кейіпкерлеріне, жалпы тақырыбы мен мазмұнына қарап, тарихи аңыздарды шартты түрде топтарға бөлгенде, оғыз-қыпшақ заманынан елес беретін аңыздарға: Қорқыт, Ахмет Яссауи және Арыстан Алып туралы әңгімелер енгізілген» [2, 91] . Аңыздар сюжеті көп жағдайда ұлттық болады. «Қорқыт жайындағы әңгімелер - бір кездегі түркілердің тұтастығы онша бұзылмай, аралары алшақтамай тұрған кезде туған аңыздар. Бірақ, кейінгі дәуірлерде әр халықта ол аңыздар өзінше өмір сүріп, дамыды. Сөйтіп, бір елде Қорқыт жайлы аңыз болса, екінші елде эпос пайда болды, ал үшінші елде ертегі туды. Қорқыт жайындағы көне аңыздар қазақ арасында әпсана-хикаят жанрына айналды. Қорқыт туралы көне аңыздар Қазақстан жерінде VIII-IX ғасырларда болған оғыз-қыпшақ заманының қалдырған фольклорлық ізі. Қорқыт туралы аңыздар мен әпсаналардың ең алғашқы осы жерлерде туған, себебі оғыздардың VIII-IX ғасырларда Қазақстанның Жетісу, Сыр бойы, Арал, Каспий аймақтарын мекендегені тарихтан белгілі. Алғаш кезде аңыз түрде пайда болған әңгімелер келе-келе бұрынғы сипатын өзгертіп, әпсанаға айналған, әңгімеге негіз болған оқиғалар көмескі тартып, ұмытылған, сөйтіп аңыздар Қорқыт бейнесіне шоғырланған. Қорқыт туралы қазақ фольклорында түйінді, реалды оқиғаның жоқтығы осыны көрсетеді және алғашқы аңыз сипаты әңгімелердің циклге түсіп, көркемделіп басқа жанрға ауысқанын дәлелдейді. Сондықтан Қорқыт туралы қазақ арасында айтылған фольклорлық шығармалароды әпсана-хикаят деп атаған. «Әпсана-хикаят аңыз бен ертегінің аралығындағы жанр. Мұнда бас кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі, ол жай елден асқан ерекше жан ғана емес, әулие ретінде бейнеленеді. Әпсана-хикаят осы кейіпкерлерден үлгі алуға шақырады. Әпсана-хикаяттар шартты үш түрге бөлінген: тарихи-мекендік, кітаби-діни және утопиялық. Тарихи - мекендік әпсаналардың қатарына Қорқыт туралы әңгімелер кіреді» [2, 194] . Қорқытқа байланысты әпсана көп емес. Барлығы бір ғана сюжетке құрылған: Қорқыт ажалдан құтылу амалын өзі тапқан. Ол амалы - қобыз күйі. Халық қобыздың күйінде, үнінде адамды қиыншылықтан, қасіреттен, өлімнен құтқарушы құдіретті күш бар деп сеніп, ерекше қадірлеп-қастерлеген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Орта ғасыр мәдениеті туралы
Өмір жырын толғаған ұлы Баба - қобыз сарыны Қорқыт
Ислам фәлсафасы
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz