Корпустық жиһаз


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

«Көкше» Акадкмиясы

Аманкелді. Д

Корпустық жиһаз

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 050421 -«Дизайн»

Көкшетау 2013 ж

«Көкше» Акадкмиясы

"Қорғауға жіберілді"

Департамент директоры

Мугжанова Г. С

"" 20__г.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «Корпустық жиһаз»

Мамандық 050421 -«Дизайн»

Орындаған: Аманкелді Дінмұхаммед

Ғылыми жетекшісі Трофимов Виктор Петрович

Көкшетау 2013 ж

«Көкше» Акадкмиясы

Әлеуметтік- Экономикалық департамент

Диплом жұмысын орындау тапсырмасы.

Студент (ке)

Тобы

мамандығы

« » 20 ж академияның № бұйрығымен бекітілді.

Студенттің жұмысты тапсыру мерзімі

Жұмысқа қатысты негізгі деректер:дидипломдық жұмысқа қатысты сұрақтар немесе дипломдық жұмыстың мазмұны.

a)

б)

в)

Графикалық материалдар тізбесі.

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Әмиргазин Қ. Қолданбалы көркем өнер. Алматы, 1998ж. Әбдуалиева Ш. Халық қол өнері. Алматы. Рауан 2011ж. Әбдіғапбарова Ү. М. Казақтың ұлттық ою-өрнектері 2003ж . Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және ғылым 1999 ж. Еспенбетов Б. Шидің сәндік сипаты. Білім және еңбек. 2006ж. Еспенбетов Б Оқушыларды халықтың

Жұмыс бойынша бөліктеріне қатысты берілетін тапсырмалардың кеңестері.

Бөлім
Кеңес беруші
мерзім
қолы
Бөлім: Кіріспе бөлім
Кеңес беруші: Трофимов В. П
мерзім: Қазан айы
қолы:
Бөлім: I бөлім
Кеңес беруші: Трофимов В. П
мерзім: Қараша айы
қолы:
Бөлім: II бөлім
Кеңес беруші: Трофимов В. П
мерзім: Желтоқсан айы
қолы:
Бөлім: III бөлім
Кеңес беруші: Трофимов В. П
мерзім: Қаңтар айы
қолы:

Тапсырма берілген күні:

Департамент директоры Ф. А. Ж., қолы

Диплом жұмысының жетекшісі Ф. А. Ж., қолы

Тапсырманы орындауға алған студент. Ф. А. Ж., қолы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

1 КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ 8

1. 1 Ұлттық қолөнер

1. 2 Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы (Бесік, ағаш төсек, сандық) 15

1. 3 Ағаштың түрлері және ою өрнек салу 30

2 Қолданылатын бұйымдар мен өңдеу тәсілдері. 40

2. 1 Безендіру түрлері, ою-өрнектер

2. 2 Өрнектің түстері мен бояулары 44

3 Жозы мен бұрыштық текшенің жасалуы. 51

3. 1 Композициялық шешім

3. 2 Материалдарды қолдану 55

3. 3 Жозы мен бұрыштық текшенің жасалуына техникалық талдау 59

ҚОРЫТЫНДЫ 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 64

КІРІСПЕ

Жиһаз (Мебель) . Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек.

Жиһаздар:

тұрақты жиналмайтын;

тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;

әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан тұратын,

бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық жиһаз түрлеріне бөлінеді.

Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер және т. б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба, қайырмалы қақпағы бар, ысырмалы тумбаны таяньпп ететін секретер және сервант-үстел, т. б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі Жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақташалардан, үйеңкіден, т. б. ) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар да қолданылады. Қаптама жабынды ретінде табиғи және синтетикалық шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және т. б. пайдаланады. Жұмсақ Жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т. б. қолданылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігін қазақ халқына тән өзіндік ою-өрнегімен түр сипатымен ерекшеленетін үй немесе тұрмыстық жиһаздың заман талабымен негіздеуге болады. Ұлттық үрдіс 70 жыл Кеңестік идеология құрсағына тұмшаланып келген болса, бүгінде қазақ халқының тілі мен діні салт-санасы қайта жаңғыра бастады деуге толық негіз бар. Бұл дегеніміз, тұрмыстық қажеттілікте кеңінен қолданысқа ие ұсақ-түйек, қала берді көлемі жағынан едәуір үлкен болып келетін үй жиһаздарын сәндік үлгіге айналдыруымыз қажет. Атап айтар болсақ, жозы, төсек ағаш, абдре, сандық, бесік тағы басқалары.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ел етегін жинап, тәуелсіздіктің 20-шы жылына аяқ басқан тұста, қазақи болмысымызды қайта дәріптеу аса маңызды. Ежелден атадан балаға мирас болып келген тұрмыстық жиһаздардың атауы мен қолданылуы егжей-тегжейлі қарастырылуы шарт:

тұрмыстық жиһаздарды талғамға сай ағаштың сан алуан түрлерінен және меттал қоспаларынан сондай-ақ жасанды былғарыдан жасауға болады;

үй жайлардың аумағына және тұтынушылардың санына байланысты жиһаздың көлемін реттеуге болады;

Дипломдық жұмыстың практикалық негізі. Ұлттық нақыштағы және жаңа үлгідегі үй жиһазының күнделікті қажеттілігі мен қолданысы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі қоланысқа ие жиһаздарды анықтап, олардың алуан түрлілігі мен ереш-еліктерін көрсету және заман талабына сай әрлеу қажеттігін ескеру (өлшемі, құрлымы, сипаты, салмағы, құрамы) .

Осы мақсаттарға сай мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

тұрмыстық жиһаздың анықтамаларын жинақтап, сараптама жасау;

қазіргі қолданыстағы Еуропалық үлгідегі жиһаздар мен ұлттық нақыштағы жиһаздардан (ою-өрнегі, материалы, құны, сапасы, түсі және т. б. ) айырмашылығын көрсету;

- қарапайым тұрғындар арасында қалыпты және жаңа үлгідегі жиһаздарға талдаулар жасау;

сәндік ою-өрнектерінің ерекшеліктерін көрсету;

жасалу технологиясын көрсету;

жиһаздардың тұрмыстық қызметін, сипатын көрсету.

Зерттеу нысаны ұлттық жиһаздар (жозы, бұрыштық тепше, сандық, кебеже, төсек ағаш, т. б) көне мұражай жәдігерлері алынды.

Зерттеу пәні. Көнеден келе жатқан киіз үй жиһаздары.

Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Қазақ халқының байырғы тұрмыс-тіршілігінде қең қолданысқа ие үй жиһаздары туралы әлемдік, қазақстандық ғалымдардың ғылыми теориялық тұжырымдары пайдаланылды. Атадан балаға мирас болып келген ұлттық нақыштағы сәні мен мәні жоғалмаған, болмысымызды дәріптейтін, өзге ұлт өкілдерінен өзіндік өрнегімен ерекшелеленетін қазақ жиһазының қолданысы Еуропалық жиһаздан әлдеқайда кең екендігі байқататыны жөніндегі зерттеулер зерделенді.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығы. Бүгінгі заман талабына сай қажеттілікте пайда болған жаңа үлгідегі жиһаздар таңдамасы анықталып, оларға түрлі деңгейде жан-жақты талдаулар жасалды; үй жиһаздарының өзіне тән ерекшеліктері айқындалды; олардың өзара ықшамдалған, құрлымды, ауыстырмалы, құрастырылмалы болатындығы дәлелденді. Жоғары және арнаулы оқу орындарында қазақтың ұлттық қолөнерін, қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген жиһаздарын оқу процесі барысында дәріс, семинар сабақтарында зерттеу материалдарын пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығы, жұмыстың практикалық негізі, құрылымы көрсетілген.

«Көшпенділердің үй жиһаздары» деген бірінші бөлімде көшпенділердің үй жиһаздары күнделікті тұрмыс жағдайларына байланысты ағаштан жасалып, сүйек, түрлі-түсті металмен қапталатыны баяндалады.

«Жозы мен бұрыштық тепше» деп аталатын екінші бөлімде тұрмыстық жиһаздардың қазіргі заман талабына сай өңделіп, сұрыпталуы, тұтынушы талғамын зерттеу жайында айтылады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері түйінделді.

  1. КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ

1. 1 Ұлттық қолөнер

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген». Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы М. А. Леваневский: «қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» - деп жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы - киіз үй орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246), Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи жазбаларынан орын алғаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91 жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң қалдырғаны қандай тамаша. Сондай - ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 жылы Парижде өткен халықаралық көрмеге қатысып, 1876 жылы Петербургте ориенталистердің үшінші конгресінің Құрметіне ашылған көрмеге, 1890 жылы Қазанда өткен көрмеге қойылған. 1913 жылы Омбы шахарында Романовтар әулетінің 300 жылдық тойларындағы көрмеге Атбасардан Мейрам қажының киіз үйі қатысқан [1, б. 24-26] .

Халықтың қолөнеріндегі негізгі тұлға- суретші, шеберлер. Бұл жан- жақты зерттеуді қажет ететін тарихымыз. Кезінде бүкіл Орта Азия мен Қазақстан есімі кеңінен таныс болған шеберлеріміз туралы айтқанда аузымызға ең бірінші Мұрын жыраудың есімі түседі. Шын аты Тілеген Сеңгірбаев бұл бабамыз өзінің жарты ғасырға жуық өмірін темірден түйін түйіп, алтынды күміске байлап, етік тіккен, тас қашаған. Тек әттең, бай іс-тәжірбиесін үйреніп жазып алып қалмағанымыз болмаса, Қазақстанда Жүсіп, Мақамбет, Күмбетбай, Тәутен, Әбдіғали, Шаяхмет, Аяған деген атақты шеберлер өмір сүрген. 1882 жылы Мәскеудің өндірістік көркемөнер көрмесінің төтенше коммиссиясы қазақ шеберлерінің ыдыстарын «жұмысының мінсіздігімен, өрнектердің әсемдігімен ерекше көзге түседі»- деп атап өткен екен. Қазақтың қолөнер шеберлеріне.
Қазақтың ағаш ыдыстарының өзіндік ерекшеліктері оның көлемдігі. Мысалы, бұрын қазақ ауылдарында бір қойдың еті тұтас сиып кететін керсен тәрізді ыдыстар болды. Қазір де оның кейбір түрлері ел ішінде сақтаулы. 1871 жылы Семейдегі көрме ұйымдастыру комитеті өзінің хаттама құжаттарында қазақтың ешбір токорлық станоксыз қашау мен пышақ арқылы тұтас қайыңнан ыдыстарын өте шебер жасайтынын жазып қалдырыпты. Жалпы, қазақ халқында қолөнер шеберлері жасаған ыдыстарының өздері 65 түрлі .

Ғылыми деректер бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың творчествасы арқылы байқап, ұрпақтан-ұрпаққа мәдени мұра болып келеді.
XX ғасырдың басында ғана қазақтар төсағаштың үш түрін пайдаланған. Ал енді Ибн Батутаның жазбаларына назар аударсақ, өз заманында Дешті Қыпшақтар болған делінген.

Дүние жүзіндегі ең үлкен кілемнің тұңғыш рет 1959 жылы Ашхабатта тоқылғаны мәләм. Оның көлемі 192 шаршы метр болса, 1965 жылы Түркімен шеберлері оны екі есеге дейін ұлғайтты. Қазақтың қолөнер шеберлері де кілем тоқ удан алдына жан салмаған. Қарт ана Барлыбаева Рымжанның тоқыған кілемі 1926 Париж қарласында болған көрмеге қатысып, бәйге алды. Осыншама атақты шеберлеріміз бола тұра қазір халық арасында қолөнеріміздің дамымай ұмыт қалып бара жатқаны қалай? Бізді ойландыратын осы сұрақ.

Шығыстың озық мәдениетін мойындағысы келмейтіндер көшпелілер (сақ, ғұн, қыпшақ) бертінге дейін отырықшы болып үй салған жоқ, егіншілікпен айналыспады, олардың кейінгі ұрпақтары қазақтардың да Ресейге қосылғанға дейін мәдениеті, өнері, білім, ғылымы болмады деп қасақана тарих шындығын бұрмалап келеді. Тіпті, олар құрылысы ерекше киіз үйді біздің ата-бабаларымыздың қалай ойлап тапқанына мән бермей, оның ішінде ерте кезден-ақ небір сәнді қолөнер туындылары - үй жиһаздарының да болғанын еске алмайды.

Ертедегі жиһаз түрлері Көшпелілердің үй жиһаздары мен ыдыс-аяқ-тары күнделікті тұрмыс жағдайларына байланысты ағаштан жасалып, сүйек, түрлі-түсті металмен қапталды. Олардың көп тараған түрлері: төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, ұзатылатын қыздардың қол сандығы, асадалар, қант шаққыш тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, табақ, тегене, шара аяқ, тостаған, ожау, қасық, кү-бі, ағаш шелек, келі, келсаб, тағы да басқа бұйымдар.

  1. Сурет.

Киіз үй жабдықтары.

Қазақ шеберлері ағаштан жасалатын үй жиһаздары мен ыдыс-аяқтың бетіне ою ойып, оны бояп, өрнектеп, жарқыраған тастармен, шынылармен көркемдеген. Осынау атақты шеберлерден, ұсталардан есімі ел арасында аңыз болып сақталып қалғандарының бір тобы: Шымкент өңірінде өмір сүрген «Бес ұста» - Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрман-құл, Торғай жерінде тірлік кешкен қыржігіт Науан (Наурызбай) ұста, Баянауылда туып өскен Айдабол руының Қошетер деген атасынан шыққан «Қошеттер ұсталары», Қақабай шебер, Шығыс Қазақстанның Ұлан елді мекенінде түтін түтеткен Рахымбай балташы. Бұл шеберлердің жасаған үй жиһаздары, ыдыс-аяқтары, ағаштан қиыс тырып салған үйлері, сәндеп соққан зергерлік заттары, ат әбзелдері туралы халық жыр қылып айтады. Ал осы атақты Науан ұстаның қолөнер шебері атанған апасының өзі құйып жасаған қол төсі біздің үйде ата-бабаларымыздың асыл мұрасы ретінде сақтаулы тұр.

Адалбақан - киім ілуге арналған, бұтақшалы бақан түріндегі үй жиһазы. Оның киіз үйде ас сақтау үшін қоршалған өреше шидің бір басын сүйейтін ашалы қада түріндегілері де бар. Адалбақанның жоғарғы басын уыққа тіреп қояды. Өн бойындағы бұтақшаларға азық-түлік салынған дорбаларды, ыдыстарды іліп қоюға болады. Шеберлер адалбақанды ағаштан да, темірден де жасап, өн бойын алтын, күміспен өрнектейді. Қазақ халқы адалбақанды таза, қасиетті мүлік санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық стильдегі корпустық жиһазды жобалау
Инновациялық кәсіпкерліктің мәні
Сьёторгет балабақшасының интерьері
Стандарттың негізі - баланың әлеуметтік және отбасылық тәрбиесін оңтайлы үйлестіру идеясы
Ноутбукқа арналған жиналмалы үстелдің конструкциялық ерекшелігі
Корпус лингвистикасы
ҚОРАП БӨЛШЕГІНІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
ЖАЛ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттік тілдің ақпарат құралдарындағы қызметі
Қорап бөлшегінің негізгі бөлшектері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz