Ақмола облысында мамандырылған полигонды салу негіздемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..4

1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..9
1.1 Қоршаған ортаға әсерді бағалауды өткізудің әдістемелік
аспектісі ... ... ..9

2 Ортақ табиғи жағдайлар мен
ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Климаттық және метеорологиялық жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Жер бедері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..21
2.3 Топырақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 22
2.4 Өсімдік жамылғысы және жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23
3 Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3.1 Мониторинг өткізуге қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... .26
3.2 Мониторинг өткізу кезінде ластағыш заттар сынсұрыптау әдістемесіне
қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

4 Қалдықтарды көмудің технологиялық сызбасының нұсқасы ... ... ... .42
4.1 Технологиялық құрал-жабдықтардың, көліктің сипатаммасы ... ... ... ..42

5 Полигонның шаруашылық қызметінің әсерін қоршаған ортаға кешенді
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .47
5.1 Объекттің атмосфералық ауаға жобаланған әсері ... ... ... ... ... ... ... ..47
5.2 Объекттің жер үсті және жер асты суларына жобаланған әсері ... ... ... 49
5.3 Объекттің топырақ жамылғысына жобаланған әсері ... ... ... ... ... ... .51
5.4 Объекттің өсімдіктерге жобаланған әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
5.5 Объекттің жануарлар әлеміне жобаланған әсері ... ... ... ... ... ... ... ... 53

6 Еңбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...55
7 Табиғатты қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
8 Экономикалық тиімділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 2
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..67

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

Кіріспе

Ақмола облысының негізгі саласы ауыл шаруашылық болып табылады. Соңғы
уақытта шаруашылық субъектілердің ауыл шаруашылық дақылдарын аурулардан,
арамшөптермен зиянкестерден қорғауға қолданылатын пестицидтер мен
гербицидтерге мұқтаждылық, егіс алқаптарының өсуіне және экономикалық
жағдайдың жақсаруына байланысты артып отыр. Өсімдіктерді қорғайтын химиялық
құралдардың көп бөлігі өнім ретінде ҚР аумағына шет елдерден түседі және
осында пестицидтерді қолданылғаннан кейін босатылған ыдыс қауіптіліктің 2,
3 класс улы қалдықтарға айналады.
Қалдықтардың осы түрінің жиналуы шаруашылық субъектілердің бөлінген
жағдайында және пестицидтер мен гербицидтердің ыдыстарын жоюға
орталықтандырылған жағдайдың болмауы Ақмола облысы аумағында мамандырылған
полигон ұйымдастырылуы қажет екенін көрсетеді.
Мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Қазақстан
экономикасының басты стратегиялық саласы ауыл шаруашылық болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дағдарыспен қатар келген тәуелсіздік
кезеңінде ауыл шаруашылық өнімдері объектілері көп мөлшерде қысқарды. Ауыл
шаруашылық үлесі ЖІӨ 1990 жылы 34 %-тен 9,9 %-ке дейін 90 жылдар аяғында
төмендеді. Егіс алқаптарының күрт азаюынан, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің
шығарылуы 13 қысқарды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы өткізу нарықтарынан
алыстығынан, артта қалған технологиялар салдарынан, өнімдердің төмен
сапасының салдарынан, шетелдік өнімнің әрдайым өсуінен тиімсіз сала болып
қалды.
90 жылдары ауыл шаруашылығында реформалар басталды. “Жер реформасы
туралы” Заң (1991) Қазақстанда жер қатынастарын қайта құрды. Барлық
мемлекеттік меншік негізінен ауылдағы еңбек ұжымдарына ақысыз берілді
немесе жартылай сатылды. Әлеуметтік әділдік принципін қамтамасыз ету үшін
барлық ұжымдық меншік ұжымның әрбір мүшесіне оның меншіктік пайымен шартты
бөлікке иеленуі туралы куәлік берілді. Өздерінің пайлары мен үлестері бар
жаңа меншік иелері шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды
ұймдастыруды бастады. Олардың негізгі бөлігі ерікті түрде өндірістік
кооперативтерге, акционерлік қоғамдарға және де әртүрлі шаруашылық
серіктестік фирмаларға бірікті.
Бүгінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің негізгі бөлігі жеке
шаруашылықтармен көрсетілген. Негізінен ол шаруа қожалықтары, олардың саны
122 мыңға жетті. Үлкен рольге халықтың жеке қосалқы шаруашылығы ие болды.
1999 жылдан бастап ауыл шаруашлығында оң тенденциялар көріне бастады.
Алдымен өзгерулер өсімдік шаруашылығында болды. Барлық ауыл шаруашылық
дақылдар ауданы 16,8 млн.га болды. Астық шаруашылығы бұрынғыдай өсімдік
шаруашылығының басты саласы, астық дақылдары егістік аудандардың 75 пайызын
алып жатыр. Астық дақылдарды жиынының құрылымының 80 пайызы бидай, оның
негізгі өндірушілері Солтүстік аймақтар. Әлемдік нарықта аса бағаланатын,
қатты және жұмсақ сұрыпты бидай өсіруге Қазақстанның солтүстік
аймақтарының топырақтық-климаттық жағдайлары қолайлы. Осындай сұрыптар
әлемде аздаған елдерінде – Канадада, Австралияда, Аргентинада өсіріледі.
Қазіргі кезеңде егіннің сапасы мен көлемінің ұлғаюы арнайы құралдардың-
тыңайтқыштар мен ауыл шаруашылық дақылдарды қорғау үшін егістік алқаптарды
пестицидтермен өңдеуді енгізу есебінен болып отыр.
2004 жылдың басында Қазақстан Республикасында ескірген және қолдануға
жарамсыз пестицидтерді бастапқы түгендеу аяқталды. Ол “Қазақстан
Республикасына Тұрақты Органикалық Ластауыштар туралы Стокгольмдік
конвенцияның міндеттемелерін орындауға бастапқы көмек” деген БҰҰ Даму
бағдарламасы ЖЭҚ (Жаһандық экологиялық қор ) жобасының шеңберінде
өткізілді. Түгендеудің мақсаты- пестицидтердің ескі, есептелінмеген,
тасталған, бұзылған қоймаларын табу; пестицидтер мен олардың
препараттарының қоспалары арасындағы тұрақты органикалық ластағыштарға
жататын заттарды анықтау; қолдануға жарамсыз пестицидтер мен олардан қалған
ыдыстар көлемін анықтау еді.
Көбінесе пестицидтер қоймада идентификацияны талап ететін (қымбат
физико-химиялық анализ әдістері түрлерімен) қоспалар түрінде болады. Кейде
қоймалардың өздерін іздеп табу қиынға түседі, себебі олар иесіз бұзылып
қалған.
“Сельхозхимияның” бұрынғы қоймаларын, колхоздар мен совхоздардың
бұрынғы қоймаларын, ауыл шаруашылық авиация аэродромдарын қарастыру
нәтижесінде барлығы 1500 тоннадан астам пестицидтер мен олардың қоймалары
табылды. Оның ішінде тұрақты органикалық ластауыштар 41,7 тонна. Ал ескіріп
көмілген пестицидтер санын әлі есептеу керек. Соңында оларды көмілген
жерден алып, тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольмдік
конвенциясы талаптарына сай жою керек.
Еліміздің аумағында бұрын есептелмеген пестицидтердің көп мөлшері бар.
60-80 ж.ж. әкелініп, қолданылмаған пестицидтер ескі, арнайы бейімделмеген
қоймаларда сақталады. Пестицидтердің үлкен көлемі толық бұзылған қоймалар
территориясында табылуда, олар туралы мәлімет ресми деректерде жоқ.
Ескірген пестицидтердің жиналуына әкелетін негізгі себептер:
- сатып алынған препараттардың токсикологиялық және экологиялық
қауіптілігінің жоғары болуы есебінен қолдануына тыйым салу;
- тиімділіктің жетіспеуінен, нашар сақталуынан және жоғары өрт
қауіптілігінен пестицидтерге сұраныстың төмендеуі, ораманың бұзылуы;
- препараттардың сақталу мерзімінің өтіп кетуі.
Қоймаларда сақталып қалған пестицидтердің арасында 40 жыл бұрын ауыл
шаруашылығында қолданылған препараттар кездеседі.
Ескіріп қалған пестицидтерді түгендеу өткізілген уақытта барлығы 140
ескірген пестицидтер қоймасы қаралды, оның 57-і жұмыс істейді, қалған 83-і
бұрынғы “Сельхозхимияның” толық бұзылған қоймалары. Олардың аумағында
пестицидтердің топырақпен немесе минералды тыңайтқыштармен қоспаларының
болуы сирек емес. Ортта есеппен пестицидтердің белгісіз құрылымды қоспалары
барлық табылған пестицидтердің 72 пайызын құрайды. Бұл қоспалар арасында
тұрақты органикалық ластауыштарға жататын пестицидтер бар деп болжауға
болады.
Пестицидтерден басқа, олардың ыдыстарын жою мәселесі өз шешімін таппай
отыр. Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының
мамандары мен Ауыл шаруашылық Министрлігінің аумақтық комитетімен бірлесіп
өткізген түгендеудің нәтижесінде облыс аумағында 50 тонна жарамсыз болып
қалған пестицидтер, 9,45 мың тонна ескірген минералды тынайтқыштар және 8
мың данадан асатын металдық ыдыс бар екені анықталды. Бұлар тарихи
қалдықтар санатына жатқызылады. Ал бұдан басқа АОАҚОҚБ мәліметі бойынша
2004 жылы облыс аумағына 50 мың пластмасалық ыдыс бар екені анықталса,
2005 жылы бұл 93 мың дана химиялық улардан қалған ыдыс құрады. Соның ішінде
59719дана- 5 литрлік пластмасалық канистра; 8000 дана – 1 литрлік
пластмасалық канистра; 4863 дана – 30 литрлік пластмасалық канистра. Қалдық
ыдыстар халық үшін өте қауіпті, себебі олар жиі шаруашылық мақсатта, тамақ
пен су сақтауға қолданылады. Тұрғындар оның денсаулыққа тигізетін зияны
туралы білмейді.
Аймақта экономикалық ахуалдың жақсаруы, ауыл шаруашылық жерлердің
көлемінің ұлғаюымен және қалдықтарды жоюдағы орталықтандырылған
жағдайлардың болмауымен Ақмола облысының аумағында барлық нормативті
талаптарға сай жобаланған полигон керектігін көрсетеді.
Қазіргі кездегі санитарлы-гигиеналық заңнамаға сәйкес рұқсат
етілмеген, жарамсыз пестицидтермен олардың ыдыстарын зарарсыздандыру –көму
әдісімен іске асырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның аумағында тек 2 жұмыс істейтін
могильниктар- Қостанай және Павлодар облыстарында бар.
Рұқсат етілмеген жарамсыз пестицидтерді көму әдісі олардың суда
ерігіштік қасиетімен және қауіптілік класымен анықталады. Рұқсат етілмеген,
жарамсыз пестицидтерді қауіптіліктің класына сәйкес көму әртүрлі арнайы
сақтау бункерлерінде жүзеге асырылады.

1 Әдебиетке шолу
1.1 ҚОӘБ өткізудің әдістемелік аспектілері

Қазіргі уақытта қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін біртекті әмбебап
әдістемелер жоқ. Бұндай жағдай көпдеңгейлі құрылымдық байланыстары бар
экожүйелермен техникалық кешендердің қарым-қатынастарының қиындығынан туып
отыр. Статистика жағынан жеткілікті түрде негізділген мәліметтердің
болмауы, ең бірінші, әсерді мөлшерлі бағалаудың мүмкіншіліктеріне әсер
етеді. Нақты жағдай сапалық әдістерді қоршаған ортаға әсерінің интегралды
бағаларды алудың сенімді әрі қолжетерлік етті. Жобаны жасаудың бұл
сатысында жобаланған қызметтің көп түрлері үшін мөлшерлік көрсеткіштері жоқ
екенін және әсер ету көздерінің тек үлкейтілген көрсеткіштер үшін шамамен
алынған мөлшерлік мәндерді анықтау мүмкін екенін ескерсек, берілген ҚОӘБ-да
қоршаған ортаға жоспарланған операциялардың әсер етуін бағалау үшін негіз
ретінде әсерді бағалаудың жартылай мөлшерлі әдісі алынған. Бұл бағалаудың
әдісі ҚР ҚОӘБ процедуралары бойынша методологиялық әзірлемелерде
көрсетілген талаптарға негізделген. Оның басты жетістігі экспертті
бағалардың көп қолданылуы, сонымен қатар бағалау үшін қолданылатын
көрсеткіштердің мөлшерін ойлы шектелуі мен олардың сәйкес келуін қамтамасыз
етуі болып табылады [2].
Қоршаған ортаға полигон қызметінің бастапқы бағалауы бірнеше
кезеңдерде орындалады. Бірінші кезеңде, сапалық көрсеткіштерді қолдана
отырып, әлуетті (потенциалды) мәнді әсерлерді анықтау үшін шаруашылық
қызметінің негізгі аспектілердің (түрлердің) мүмкіншілікті зардаптарын
экспертті экспресс анализ орындалады. Бұл әсерге баға беру кезінде негізгі
көңіл қоршаған ортаның компоненттеріне көбірек мәнді әсерлерге аударылуы
үшін істеледі.
Әсердің деңгейін бағалау үшін экспертті экспресс-анализ кезінде
қолданылатын критерийлер тәуекелді бағалаудың ортақ 5 балды шәкілге
негізделген. Шәкіл берілген тәуекелді 1- ден (әлсіз) 5-ке (апатты) дейін
жіктейді. Бұл принцип сапалы көрсеткіштер негізінде әсерді бағалау үшін
қолданылады ( Кесте 1).

Кесте 1 - Теріс сапалы көрсеткіштер

Көрсеткіш Қоршаған орта үшін интерпритация
Әлсіз (слабое) Қоршаған ортада аздаған, бірақ
анықталатын қысқа мерзімді өзгерістер
Қалыпты (умеренное) Үлкен аумақта жоғары ұзақтықпен
көбірек өзгерістер (значительные)
Қатты (сильное) Толық қалпына келтіру мүмкіншілігімен
экожүйеге зиян
Аса (чрезмерное) Аз қалпына келтіру мүмкіншілігімен
экожүйеге зиян ((не большие)
Апатты (катострофическое) Қалпына келтіру мүмкіншілігі жоқ
экожүйеге зиян

Қосымша көрсеткіштер кешен бойынша жұмыстардың нәтижесінде әсердің аз
мәнге ие (шамалы) немесе оң деңгейлерін көрсету үшін қолданылады. Бұл
жетістіктер 2 кестеде көрсетілген көрсеткіштерді қолданылумен жіктеледі.
Кесте зиянды не оң әсерге әкелмейтін іс-әрекетті көрсету үшін қолданылатын
арнайы сапалы әсер –шамалы-деңгейінен басталады [3].

Кесте 2 - Оң сапалы көрсеткіштер

Көрсеткіш Қоршаған ортан үшін интерпритация
Шамалы Әсер жоқ
Әлсіз Әсер көзіне немесе аумақ шектерінде
бөлек факторларға оң әсер
Қалыпты Локальды оң әсер
Қатты Аймақтық деңгейде оң әсер
Ұлттық Республикалық деңгейде оң әсер
Халықаралық Халықаралық деңгейде оң әсер

Әрбір көрсеткіш қоршаған ортаның негізгі компоненттеріне және төменде
көрсетілген жоба бойынша жұмыстардың аспектілеріне қолданылады.

Кесте 3 - Қоршаған ортаның негізгі компоненттері және жоба бойынша
жұмыстардың аспектілері

КомпонентАспект Сипаттау
Табиғи орта Табиғи ортада физикалық өзгерістер
Денсаулық және қауіпсіздік Халық денсаулығы және қоғам
қауіпсіздігі
Экономика Қызметтің зияны немесе қаржылық
жетістіктері
Әлеуметтік сала Жобаланған қызметке жергілікті
халықтың қатынасы және көзқарасы
Заңды сала Заңдық ережелермен қызметтің
сәйкестігі және заңды зардаптары

Бағалаудың екінші кезенінде қоршаған ортаның компоненттеріне аса
мәнді әсерлер үшін алынған әсерлер классификациясы нақтыланады.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау үшін әсер етудің негізгі үш
көрсеткіштерін қолдануға қолайлы болады: оның кеңістік және уақыттық
масштабтары, сонымен қатар мөлшері немесе қарқындылығы [3].
Әсердің көрсеткіштерінің анықтамалары 4 кестеде берілген градациялар
бойынша анықталады. Әсер көрсеткіштерінің ұсынылған критерийлер мен
градациялары (штаттық)-қалыпты режимде де, апатты жағдайларда да іс-
әрекеттің әсерін бағалау үшін қолданылады. Соның ішінде әртүрлі
көрсеткіштер бойынша әсерді бағалау мүмкіндігінше тәуелсіз қаралуы керек.
Тек бұл жағдайда ғана әсердің қандай да түрі туралы, экологиялық мәні
туралы объективті түсініктемесін алуға болады, өйткені едәуір радикалды
әсер ету, егер қысқа мерзімде немесе нүктелі болса экологиялық жағынан
қолайлы болуы мүмкін.
Жазықтық масштабтардың градациялары бойынша бөлінуі (аумақта)
әкімшілік алаңдарды, аумақтарды ландшафты дифференциациясы кезінде әдетте
қолданылатын пайда болулардың географиялық мөлшерлеріне негізделеді.

Кесте 4 - Әсердің жазықтық масштабы (ауданы)

Көрсеткіш Қоршаған ортан үшін интерпритация
Нүктелік Аудандық объектілер үшін әсер 1 км2 – ден аз жалпы ауданда
байқалады
Локальді Аудандық объектілер үшін әсер 10 км2 – ден аз жалпы
ауданда байқалады
Жергілікті Аудандық объектілер үшін әсер 100 км2 – ден аз жалпы
ауданда байқалады
Аймақтық Аудандық объектілер үшін әсер 100 км2 – ден аз жалпы
ауданда байқалады
Ұлттық Аудандық объектілер үшін әсер 1000 км2 – ден аз жалпы
ауданда байқалады

Уақыттық масштабтардың градацияларға бөлінуі табиғи процестердің
өзгергіштігіне байланысты. Айталық, қысқа мерзімді әсер өзінің ұзақтығы
бойынша табиғи процестердің синоптикалық өзгергіштігіне сәйкес. Уақытша
әсер мезгіл ішіндегі өзгерістер ұзақтығына сәйкес. Ұзақ мерзімді қоршаған
ортаның мезгіл аралық өзгерістердің ұзақтығына, көпжылдық және тұрақты
–қоршаған ортаның жыл аралық өзгерістердің ұзақтығына сәйкес [2]. Қоршаған
ортаға әсер ету көзінің іс-әрекетінің (жұмыстың) ұзақтығы және әсер ету
ұзақтығы айырмашылығын анық айыру керектігін атап айту қажет. Мысалы,
мұнайдың апатты төгілуі бірнеше сағаттың ішінде, ал оның кері әсері бірнеше
жылдарға созылуы мүмкін.

Кесте 5 - Әсердің уақыттық масштабы (ұзақтығы)

Көрсеткіш Қоршаған ортан үшін интерпритация
Аз уақытты Әсер ұзақтығы 10 тәуіліктен аз
Уақытша Әсер ұзақтығы 10 тәуіліктен көп, бірақ 3 айдан аз
Көп уақытты Әсер ұзақтығы 3 айдан көп, бірақ 1 жылдан аз
Көп жылды Әсер ұзақтығы 1 жылдан көп, бірақ 3 жылдан аз
Тұрақты Әсер ұзақтығы 3 жылдан көп

Әсердің өлшемінің (интенсивтілігінің) градацияларға бөлінуі табиғи
ортаның өзгергіштігіне және оның қайта қалпына келу мүмкіншілігіне
негізделген [3].
Кесте 6 - Әсердің өлшем масштабы (интенсивтілігі)

Көрсеткіш Қоршаған ортан үшін интерпритация
Әлсіз Қоршаған ортадағы өзгерістер табиғи өзгергіштіктің
шектерінен аспайды
Қалыпты Қоршаған ортадағы өзгерістер табиғи өзгергіштіктің
шектерінен шығады, бірақ экожүйе толық өздігінен қалпына
келеді
Қаты Табиғи өзгергіштіктің шектерінен шығатын қоршаған ортадағы
өзгерістер
Аса Қоршаған ортадағы өзгерістер экожүйелердің аса мәнді
бұзылуына әкеледі, табиғи ортаның қайта қалпына келу
қасиеті төмен
Апатты Қоршаған ортадағы өзгерістер экожүйелердің толық бұзылуына
және өзгеруіне әкеледі, табиғи ортаның қайта қалпына келу
қасиеті жоқ

Қоршаған ортаның бөлек компонентіне жобаланған қызметтің мәнді
(интегралды бағасы) әсерін анықтау үшін жүргізілетін бағалаудың үшінші
кезенінде қоршаға ортаның берілген компоненті үшін алынған әсердің
көрсеткіштердің кешендірілуі жүргізіледі. Әсердің мәнділігі үш градация
бойынша анықталады.
Кесте 7 - Жобаланған қызметтің табиғи ортаға әсердің мәнділігін (интегралды
бағасын) анықтау

Әсердің мәнділігі Анықтама
(интегралды бағасы)
Жоғары - іс-әрекет үлкен алаңда (физикалық ортаның) кері
өзгерістерді тудырады;
- іс-әрекет экожүйелерге табиғи өзгергіштігінің
шектерінен тыс болатын өзгерістерді тудырады,
экожүйелердің қалпына келуі ұзақ немесе мүлдем болмауы
мүмкін;
Орташа - іс-әрекет физикалық ортада локальді кері әсерді
тудырады;
- іс-әрекет экожүйелерде табиғи өзгергіштігінің шегінен
аса алатын кері әсерді тудырады; экожүйелер толық
қалпына келу мүмкіндігін сақтайды;
Төмен - физикалық ортада немесе экожүйелердегі кері
өзгерістер аз байқалады немесе мүлдем жоқ;
Оң - физикалық ортада немесе экожүйелерде оң өзгерістер

Кешендіру үшін – ирригациондық-дренаждық құрылыс объектілерінің
қоршаған ортаға әсер туралы барлық мәліметтерін есепке ала отырып,
сараптамалық бағалау әдісі қолданылады.
Әлеуметтік – экономикалық аспектілеріне әсерін бағалау үшін
анықтамалары кестеде көрсетілген басқа градациялар мен критерийлер
жасалынған. Әлеуметтік – экономикалық аспектілерге әсерді бағалау үшін
критерийлер табиғи орта үшін алынған тәртіп бойынша алынған. Олардың
айрмашылығы нақтыланып бейнелеуінде болып тұр, ол бағаланатын позициялардың
мөлшері көп болатын әлеуметтік – экономикалық ортаның ерекшелігімен
байланысты. Әлеуметтік – экономикалық критерийлер бар тәжірибенің негізінде
оңай болжай алатын әсердің тек жазықтық масштабтарын бейнелейді. Оларды
уақыттық масштаб келтірілмейді, өйткені әлеуметтік позицияларды іске асыру
әкімшілдік басқару шешімдеріне тәуелді және олардың іске асырылатын уақытын
алдын ала білу мүмкін емес.
Әлеуметтік – экономикалық салаға оң және кері әсердің жазықтық
масштабтары өсірім тәртіппен алынған және әсерлердің келесі деңгейлеріне
сәйкес келеді:
• әлсіз – жобаның объектілерін орналастыру аумағында әсер;
• қалыпты – жақын орналасқан тұрғын пунктілеріне әсер;
• орташа - әкімшілік ауданның аумағында әсер;
• қатты – облыс аумағында әсер;
• ұлттық – Республика аумағында әсер.
Критерийлерді бейнелеу мөлшерінің көптігі ҚОӘБ құрамындағы әлеуметтік
– экономикалық аспектілерді нақтылап қарастырудың керектігіне байланысты.
Критерийлер мөлшерінің көптігі сонымен қатар таблица құрылымына қиын
жатқызылатын экономикалық және әлеуметтік саланың ерекшелігімен байланысты
[2].
Берілген кезеңде едәуір жеңіл бағалана алатын әлеуметтік –
экономикалық критерийлер, тек жазықтық масштабтарды қамтып көрсетеді.
Әлеуметтік – экономикалық аспектілерге уақыттық масштабына әсерді бағалау
қиын, себебі әлеуметтік және экономикалық позицияларға көптеген әсерлер
ұзақ уақытымен ерекшеленеді.

2 Ортақ табиғи жағдайлар мен ресурстар
2.1 Климаттық және метеорологиялық жағдайлар

Өсімдіктерді қорғайтын құралдарды көму мен жою полигоны құрылысының
алаңы Симферополь ауылынан солтүстікке қарай 5 км қашықтықта, яғни Ақмола
облысы, Зеренді ауданы, Симферополь ауыл аймағының Озерное деген жойылған
ауылының аумағында орналасқан.
Құрылыс алаңы ауданның климаттық ерекшеліктері бойынша құрғақ дала
белдемінде, құрғақ бетегелі - бозды дала белдемшеде орналасқан. Климаты
шұғыл континенталды. Ауа температурасының жылдық және тәулік үлкен
толқулары, жыл бойы жер режимінің жоғары белсенділігі, шаң дауылдары,
тұман, борандардың жиі қайталануы байқалады. Негізгі климат қалыптастырушы
фактор- күн сәулесі, оның ұзақтығы жылына 2200 сағат құрайды, максимумы
шілде айына келеді. Жылдық жинақ радиациясы 112 ккалсм2 –қа дейін жетеді.
Облыс аумағына негізгі 3 түрлі ауа массалары келеді: артикалық,
полярлы, тропикалық. Жылдың суық уақытында ауа райы көбінесе азиаттық
антициклонның батыс сілемдері (отрог) анықтайды. Қыста ашық ауа райы
қалыптасады. Антициклондық режим көбінесе көктемде сақталады, ал бұл түнгі
үсіктермен және күндізгі ауаның жоғары температурасымен тұрақсыз, желдік,
құрғақ ауа райына әкеледі. Жаз уақытында дала жазықтарының үстінде ауаның
интенсивті жылынуының әсерінен бұлтсыз, құрғақ, ыстық ауа райы қалыптасады.
Қаңтардың орташа температурасы Ақмола облысында 160 –тан оңтүстік шығыста,
18,50 –қа дейін солтүстік-батыста аутқиды. Шілденің орташа температурасы
18,5-22,50 С.

Кесте 8 – Ғылыми мекемелердің мәліметі бойынша 2004-2005 аш жылдардағы
ауаның температуралық режимі және жауын-шашын мөлшері

Біркелкі топырақ Біркелкі емес
жабыны топырақ жабыны
Топырақ құрамында 1 –ден 5-ке дейін 0,5-1 Бір біріктірілген
химиялық заттар сынаудан аз емес
болуын анықтау
Топырақтың 1-5 0,5-1 Бір топырақ
физикалық горизонтына 3-5
қасиеттері мен нүктелік сынау
құрылымын анықтау
Құрамында патогенді0,1-0,5 0,1 Әр қайсысы 3
ағзалар және нүктелік сынаудан
вирустар болуын тұратын 10
анықтау біріктірілген сынау

Горизонт немесе қабат қуаттылығы 40 см жоғары болғанда, 2
сынаудан кем емес әртүрлі тереңдіктен жеке – жеке сұрыптайды.
Біріктірігін сынау салмағы 1 кг кем болмауы керек. Монолиттерді
сұрыптағанда көлемі 100 см3 кем болмауы қажет.
Патогенді ағзаларды және вирустарды табуға арнлаған сынауды 2-ші
реттік контаминацияны болдырмайтын асептика ережелерін ұстану арқылы
сұрыптау керек.
Сұрыпталған сынауларды журналда номерлеу және тіркеу керек, сонымен
қатар келесі мәліметтер көрсетілу қажет: сынаудың реттік номері және
алынған орны, жергілікті жер бедері, топырақ типі, территорияның
мақсаттық тағайындалуы, ластану түрі, сұрыптау күні.
Сынауларда сынау сұрыптау орны мен күні, топырақ кескіні номері,
топырақ әртүрлілігі, сынау алынған горизонты мен тереңдігі, зерттеушінің
тегі, көрсетілген заттаңбасы болуы керек.
Сынауларды орау, тасымалдау және сақтау анализ мақсаты мен
әдісіне байланысты іске асырылады.
Химиялық анализ үшін сұрыпталған сынауларды химиялық бейтарап
материалдан жасалған ыдысға салу, тасымалдау және сақтау керек.
Құрамында ұшатын химиялық заттар болуын анықтау үшін анализге
арналған сынауды үгілген тығыны бар әйнек банкаларға салады.
Топырақтың физикалық қасиеттерін анықтауға арналған сынаулар
топырақтың құрылымын сақтауы керек. Егер топырақтың қаңқа бөлігі
көлемінің 10 %-тен жоғары болса, монолит бетін балауызбен немесе басқа
қорғайтын затпен жағу керек.
Құрамында патогенді ағзалар мен вирустар болуын анықтауға
талданатын сынауларды зарарсыздандырылған ыдысқа салып тасымалдау және
сақтау қажет.
Биологиялық зерттеу және құрамында метаболизденетін химиялық
заттар болуын анықтау үшін сынауларды алғаннан кейін 5 сағат ішінде
сұрыптау керек.
Сақтау температурасы 40С аспаған жағдайда, сынауларды 2 тәулік
ішінде анализдеуге болады.
Сақтау құрғауды және жұмыртқада гельминт личинкаларының дамуын
болдырмаса, биогельминт жұмыртқалары болуына сынау 7 тәулік ішінде және
геогельминт жұмыртқалары болуына 1 ай ішінде сынау анализін орындауға
болады.
Жер беті өсімдіктері.
Өсімдік сынауын жапырақтарды, шөпті, мүк т. Б. кесіп алу жолымен
сұрыптайды. Өсімдікті кесіп алғаннан кейін осы жерде 10 х 10 см және
тереңдігі көбінесе 5 см немесе белгілі бір қабат бойынша (мысалы,
жырту қабаты) немесе ластағыштардың вертикалды миграциясын зерттеу үшін
– қабат бойымен топырақ сынауын сұрыптайды.
Өсімдік сынауын сұрыптаудың 2 әдісі бар: нүктелік сынаулар және
ауданнан сынауы. Нүктелік сынауларды нақты ластау көзінің маңайындағы
территорияны зерттеу кезінде сұрыпталады. Олар тасымалданатын құралдар
көмегімен алдын-ала табылған дақ түрінлегі ластанудың максимплды
деңгейін анықтауға мүмкіндек береді.
Ауданнан сынауларды жергілікті жерді алдын – ала суретке
түсірулер ластану объектісінің немесе зерттеу учаскесінің (су айдыны,
мал жаю аумағы және т. б.) айтарлықтай біркелкі ластануын көрсеткенде
сұрыптайды.
Балдырлар, перифитон, шөгінділер.
Балдырлар және шөгінділер сынаулары түрлі объектілердің қоршаған
ортаға, әсіресе көп жылдық қадағалануда, әсері туралы көп құнды
ақпаратты жиі берді, себебі олар (балдырлар) ластаушы заттарды
шоғырландыру қасиетіне ие.
Балдырлар және перифитон сынауларын құрғау жолағынан ағызу
уақытында немесе аквалингистер, водолаз, қолда бар құралдар көмегімен
алады. Барлық жағдайда сұрыптау үшін флораның әр түрінен жеке – жеке
сау, өсіп тұрған үлгілер керек. Нүктелік балдырлар сынауының шикі
салмағы 1,5-2,0 кг, перифитон үшін 300 – 500 г.
Шикі салмақты топырақтан жуып және сүзгіш қағазды кептіргеннен
кейін өлшеу арқылы анықтайды. Шөгінділіер сынауын соққы әсерлі топырақ
құбыры, түбін қазушы немесе водолаздар көмегімен сұрыптайды.
Нүктелік сұрыптау және ауданнан орташаланған сұрыптау әдістемесі
топырақ сынауын сұрыптаумен бірдей.
Жануарлар.
Зерттеуге жергілікті жер мен су фаунасының жануарлары жатады.
Балық және басқа жануарларды түріне қарай бөледі. Ұсақтарын (100 г
дейін) түгелдей өңдеуді, ал ірілерін мүшелері және ұлпалары бойынша
бөлшектейді (бұлшықеттер, сүйектер, желбезектері, асқазан және ішек –
қарын жүйесі).
Беткейлерден жағылым алу.
Ластану таралуын бақылау үшін, сонымен қатар жетуі қиын
орындарда (соның ішінде кемелерде, сүңгуір қайықтарда) қатты, жеткілікті
майда жабыны бар беткейлерден (пластик, металл, боялған беткейлер және
т. б.) жағылым алу әдісі кең таралған.
Жағылым алу әдісі ластануды белгілеп қалған тығыздалған қар
(мұз) қыртысы түзілетін бақыланатын беткейлерде төмен температура
болғанда, көбінесе қыс уақытында қолданылады.
Объектілер беткейінен жағымды әдетте 400 см2 ауданнан
трафарет көмегімен алады, ал аяқ киімнен қос аяқ киімнің табанының
түгел ауданына алады. Жағылым алу үшін азот қышқылы 3-5 % ерітіндісі
(қышқыл жағылымдар) немесе этил спирті (спирттік жағылымдар) сіңірілген
6 х 6см аумақты үшқабатты дәке қолданылады. Жағылымды орташа күш түсіру
0,3 кгсм2 шамасында қолмен трафарет (табан) арқылы шектелген барлық
ауданды дәкемен сүрту жолымен алады. Сүрту кезінде дәке түзетілген
болуы керек. Беткейді тек дәкенінң бір жағымен сүртеді. Жағылымды
алғаннан кейін екі бүктейді (жұмыс жасалған жағын ішке қаратып) және
зертханаға жеткізу үшін пластикалық пакеттерге (сауытқа) салады.
Жағылым алу үшін де осындай трафарет қолданылады. Тығыздалған қар
(мұз) қабығын пышақ немесе қашау көмегімен алады, содан соң
полиэтиллен пакеттерге, әйнек немесе полиэтиллен банкаларға салады.
Қазіргі санитарлы – гигиеналық заң талаптарына сәйкес өсімдік
қорғау құралдары ыдыстарын көму және жою орындалатын орында
мониторинг процедурасы келесі жағдайларды ескере отырып асырылды:
- қоршаған орта құрама бөліктері жағдайының сандақ
көрсеткіштерін алу;
- ластағыш заттар, қалдықтары мен шығарындылары әсерімен
түсіндірілетін, қоршаған орта құрама бөліктерінің барлық өзгерістерін
табу және берілген уақыт аралығында оның толық қызмет етуін
қамтамасыз ететін экожүйеге рауалы жүктеме көлемін есептеу;
- арнайы ғылыми – зерттеулік жұмыстар және инженерлік
іздестірулер жүргізу;
- арнайы табиғат пайдалануға рұқсат алу үшін лимитті есепте
мүмкіндігін қамтамасыз ететін көлемде зерттеулер нәтижелерін ұсыну;
Мониторинг жүргізуде міндетті түрде құжаттар мен материалдар
қарастырылуы керек:
- полигон алаңшасы орналасқан ауданның морфологиясы және табиғи
– климаттық жағдайлары бойынша;
- ластағыш заттар әсер ету аймағында қоршаған орта құрама
бөліктері, сонымен қатар беткейлік сулар, ауа, топырақ және өсімдік
жабыны, жануарлар әлемі жағдайын және өзгерістерін қадағалау бойынша;
Дипломдық жұмыстың келесі бөлімдерінде грунт сулары, олардың
гидрохимиялық құрамы режимінің өзгеру динамикасын зерттеу үшін қадағалау
тәртібі жүйесін қарастыру және грунт сулары, топырақ және атмосфералық ауа
жағдайы мониторингі бағдарламасын жетілдіру ұсынылады.

4 Қалдықтарды көмудің технологиялық сызбасының нұсқасы

4.1 Технологиялық құрал-жабдықтардың сипатаммасы

Полигонның алаңы 9,2 га жерді құрайды. Бұл бұрынғы балшық алынатын
карьер болып табылады.
Жер учаскесі бұзылған жерлер категориясына жатады.
Полигон аумағыны жер бедері қалыпты. Карьердің котлованында
атмосфералық жауын – шашын сулары жиналады, олар грунтқа мүлдем өтпейді.
Карьер тереңдігі жер үстінен 1,5-4,0 м аралығында ауытқиды. Карьердің
ортасы бойынша биіктігі 3 метр.
Инженерлік – геологиялық мақсаттарды шешу үшін әрбіреуі 8,0 метр
тереңдігімен 3 скважинаны бұрғылау өткізілді. Скважиналардың орналасу
жері келесідей таңдалынды:
- екі скважина дәл карьерде бұрғыланды;
- бір скважина карьердің шетінде бұрғыланды.
Бұрғылау кезінде топырақтың бұзылған және бұзылмаған құрылымынан
сынақ алынды. Котлованның шегіндегі 8,0 метр тереңдігімен скважиналарда
жер асты сулар табылған жоқ.
Геоморфологиялық қатынасы жағынан аумақ деннудациялық жазықтық
шектерінде орналасқан.

Кесте 10 - Грунттың су өткізгіштік дәрежесі бойынша сипаттамасы

Инженерлік–геНоменклатуралық Фильтрациялау коэффициенті Су
ологиялық түрі өткізгіштік
элементтің дәрежесі
номері
Бұзылмаған Бұзылған
құрылым құрылым
1 Балшық (dpQп-ш) 0.01-0.14 0.03-0.23 әлсіз су
өткізгіштік
2 Балшық (N-Q1) 0.09 әлсіз су
өткізгіштік
3 Саздақ (P) 0.0016 0.002 су
(суглинок) өткізбейітн

Карьердегі грунттың фильтрациясын коэффициенттерін айқындау бойынша
жүргізілген зерттеулерге сәйкес су өткізгіштік дәрежесі қауіптіліктің 2
және 3 класына жататын улы қалдықтарды көметін полигон ұйымдастыруға
қойылатын талаптарға толық сай келеді.
Берілген учаскенің балшықты карьері полигон ұйымдастыру ретінде
қолдануға жарамды және экономикалық жағынан тиімді, өткені қосымша
материалдардың әкелінуін талап етпейді.
Полигон аумағында әкімшілік – тұрмыстық, өндірістік аймақтары,
сонымен қатар қалдықтарды көму аймағы ұйымдастырылды.
Бұл тасталған балшықты карьер улы қалдықтарды, өсімдік қорғаудың
химиялық құралдарынан қалған ыдысты, пестицидтер қалдықтарын және басқа да
жарамсыз болып қалған химияландыру құралдарының жинақтаушысы ретінде
қолданылады.
Карьер түбінің мөлшері 5 х 15 м. Орталығы бойынша биіктігі 3 метрге
тең. Көмудің жобаланған көлемі 300 000 м3. Жыл сайын 100 – 150 тонна
шамасында қалдықтарды көмуді көзделіп отыр.
Фильтрацияға қарсы экран карьер түбімен беткейінен 1 метр
қалыңдықпен фильтрация коэффициенті 10-7 мсек иілген балшықтан
ұйымдастырылады.
Карьерге қалдықтарды өзінен толық биіктікке төгу керек. Жобалық
белгіге дейін толтырылған карьер учаскесі сол уақытта 0,5 м қалыңдықпен
жабылады. Автокөліктердің жүруі, топырақтың қорғалған қабатында
орналасқан темірбетонды плиталардан құралған уақытша жабын арқылы жүзеге
асырылады. Карьердің қалдықтармен толтырылғаннан кейін плиталар бұзылып
алынады. Төгінді беті дөңесті болу қажет. Карьер ортасында төгінді бөгет
жотасынан 1,5 м биіктеу болу керек, ал контуры бойынша – онымен түйісу
керек. Төгіндінің жоғарғы қабаты (0,15 м қалыңдықпен) цементі қосып
араластырумен битуммен өңдеп, тегіс катоктармен тығыздалады. Қоспаларды
қосудың алдында грунт 0,20 м дейін тереңдікке гербицидтермен өңделеді.
Изоляциялық қабаттың толық тереңдігі 2,0 метр.
Өндірістік аймақ жаңа құрылыс материалдардан салынған. Өндірістік
аймақтың ғимараты жылдың жылы уақытында жұмыс істеуге арналған
(температурасы 50 С жоғары).
Құрылыс алаңы – 1210,3 м3, құрылыс көлемі 5240,4 м3.
Учаскіде орналасқан мал шаруашылық баздар толық бұзылады.
Полигон аумағы химиялық қауіптілік туралы сақтандырғыш белгілермен,
тікенек сыммен қоршалады.
500 м қашықтықта әкімшілдік- тұрмыстық кешен ұйымдастырылған.
Полигонның жұмыс істеген уақытында 8 қызметшісі болады: цех бастығы – 1
адам, пресстің 2 операторы, машинист және 4 жүк тасушы.
Қалдықтарды көму мен жою келесі сатылармен жүзеге асырылады:
Бірінші саты - өсімдікті қорғайтын құралдардан қалған ыдысты жинау
және тасымалдау. Жинау жақын аймақтардан тапсырушы күшімен жүзеге
асырылады. Ыдысты түйеу алдында толық босатылып сумен жуылуы керек.
Босатылмаған ыдыс түйеуге келмейді. Қауіпті жүктерді тек арнайы рұқсаты бар
көлік құралдарымен тасуға болады. Ыдыс берік нығайтылып, жабық машиналарда
тасымалдану керек. Келешекте тапсырушыларға мамандырылған көлік құралдары
берілуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу әдістемесі
Орама материалдар тарихынан
Экологиялық кауіпсіздік
Ақмола облысының экологиялық жағдайы
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
Туризм және ішкі туризм индустриясының дамуының теориялық негіздемесі мен Қазақстандағы туризм индустриясының құрылымы
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселелері
Қазақстандағы жұмыссыздық. Еңбек нарығының жағдайы
Триангуляция туралы түсінік
Қазақстанның туристік келбетін қалыптастыру
Пәндер