Ел және Қаған ұғымдар ара-қатынасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I КӨШПЕЛІЛЕР ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

1. Көшпелілер саяси интеграциясының ерекшеліктері

1.2 Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жоғарғы билік идеясы

II Ел және Қаған; ұғымдар ара-қатынасы

2.1 Биліктің сакрализациясы

2.2 Қатун және сыңарбилік мәселесі

2.3. Дуальді ұйым және шығыс түркілерде тақ мұралану жүйесі

III ЕКІНШІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

3.1 VII ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай

3.2 Екінші түрік қағанатындағы билеуші тайпалардың ара- қатынасы

3.3. Тоныкөк және Білге қаған қатынастары

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан
Республикасының дамуымен және оның жалпыәлемдік деңгейде саяси-
экономикалық қатынастарға араласуы жоғарғы биліктің идеологиялық
бастаулары, оның пайда болуы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге
қажеттіліктер туғызды. Осы мәселені зерттеу барысында мемлекеттік идеология
дамуының көптеген аспектілерімен және олардың ортағасырлық көшпелілер
мемлекетін құрудағы рөлі мен маңызы айқындалады.
Жоғарғы билік идеологиясының табиғаты әрдайым мемлекеттік ұйымдардың,
ұйымдасулардың тақырыбымен байланысты болады. Ол бүгінгі уақытқа дейін
дискуссия, даулы ойлардың тақырыбы болып отыр және де оның бір жақты жауабы
табылатын емес. Көшпелілер мемлекеттілігін оның әлеуметтік құрылымы және
идеологиясын зерттеу кешенді әдіс қолдануд қажет ететін көшпелі қоғамның
ішкі дамуындағы көптеген күрделі аспектілерін қозғайды. Мұндай сараптаманың
обьективті қажеттілігі көшпелі қоғамдарда идеология мемлекеттік құрылым мен
басқарудың негізгі механизміне жатқандықтан туындайды.
Мемлекеттің саяси билігі идеологиясының пайда болуы мемлекет
түзілуінің негізгі шарттарына жатқызылады. Мемлекеттік идеология немесе
билік институты ретінде қоғамның даму барысында осы қоғамды басқару үшін
ерекшеленген әрі санкцияланған, арнайы автономды басқаруға ұмтылған жүйе
саналады[1.307]. Көшпелілер идеологиясы немесе қағандық билік институты
әлеуметтік байланыстардың басты саяси механизмі болып табылады және де ол
көшпелі түркі қоғамдарында мемлекеттік дәстүрді айқындайды. Көшпелілер
идеологиясын зерттеу көшпелілер қоғамының саяси және әлеуметтік тарихынан
жаңа мазмұнда саралауға мол мүмкіндік береді. Ертеортағасырлық түркі
мемлекеттеріндегі идеологияны, мифологияны, оның билік жүйесіндегі сипатын,
көшпелі қоғамдардың жалпы дамуымен байланысын және дәстүрлі басқару
жүйесіне тигізген ықпалын зерттеу Отан тарихының өзекті мәселелері болып
табылады.
Көшпелілер идеологиясы көне сюнну, юэчжи, жуань-жуань, түркі
мемлекеттерінің саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінде шешуші рөл
атқарды. Оның басты қағидалары Ата-баба салттарын бұзбау, көшпелі тұрмыс
салтын сақтап, әскери сананы ұлықтауға барып саяды. Бұл идеология өзінің
ұтымды жақтарын Екінші Шығыс Түрік қағанатына қатысты барынша байқата алды.
Ол Күлтегін, Білге қағанға арналған ескерткіштер мен Тоныкөк жазуының
мәтіндерінде айқындалған болатын. Бұл жазулар Ашина мен Ашидэ түркі
тайпаларының басшыларына жатады әрі баяндау көлемі бойынша ең ірі жазулар
болып табылады. Ашина мен Ашидэ тайпалары түркі тайпаларының біріктіруші
негізі болды және олар қағанаттың әулеттік коалициясын құраған болатын. Осы
тайпалар арасындағы қарым-қатынастар түркілер қағанатының ішкі-саяси
жағдайын айқындады. Олар көшпелілер идеологиясы механизмдерінің және
бағыттарының негіздерін, династиялық қарама-қайшылықтарды, саяси
тенденциялық ағымдарды және Үлкен жазулардың пайда болу себептерін ашуға
мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көшпелі қоғамдардың саяси-әлеуметтік
тарихын зерттеу барысында көшпелілер идеологиясы, жоғарғы биліктің мәні
оның дамуы жайлы тақырыптар, кейде тікелей зерттеу тақырыбы болмаса да,
көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан орын алады[2 ]. Көшпелілер
идеологиясы жанама түрде болса да, бірқатар қазақстандық және шетел
ғалымарының еңбектерінде көрініс тапты. Зерттеулерде көне хуннулар
державасының жоғарғы билік концепциясы мен оның Шыңғысхан империясына дейін
эволюциялық жолы, және Қазақ хандығындағы әлеуметтік байланыстары жайында
мәселелер қарастырылады.
Диссертация тақырыбына сай тарихнамалық деректер шартты түрде негізгі
мәселелері бойынша жіктеле алады. Ең алдымен руна жазулары бойынша зерттеу
жұмыстарын ерекшелеп алу қажет. Руна жазуларына қатысты жұмыстар өте көп,
және ол зерттеулердің негізгі бөлігі филологиялық, лингвистикалық
мәселелерге арналған. Түркі филологиясының зерттелінуінсіз, түрік руна
жазуларын танып-білу мүмкін емес. Бұл негізгі дереккөздің жазбаша дерегін
танып-білудің өзектілігі тақырыпты тарихи зерттеу барысында қажет болуымен
байланысты. Графеммаларды, түркі жазулары тілінің ішкі құрылымының
ерекшеліктерін білу, олардың қазіргі түркі тілдерімен байланысы түркі
филологиясының көптеген зерттеуші-ғалымдарының зерттеу пәні болды, әрі ол
үрдіс өз жалғасын табуда. Ұсынылып отырған жұмыстың басты міндеті ретінде,
түркі руна жазуларының саяси-идеялық мазмұнын көшпелі тайпалардың саяси
интеграция, жоғарғы билік концепциясымен байланыстыра қарастыру болып
табылады. Осы диссертация бойынша зерттеу жұмыстары барысында В.В. Радлов,
С.Е. Малов, А.Н. Кононов, И.А. Батманов, В.М. Насилов, А.С. Аманжолов, Н.
Базылхан сияқты белгілі ғалымдардың еңбектері мен руна жазуларына жасалған
аудармалардың маңызы зор болды. Осы жазулардың соңғы аудармалары үлкен
қызығушылық тудырып, зерттеулердің басты-бағдары ретінде пайдаланылды[3].
Жұмыстардың келесі, маңызды бөлігі түркілер тарихына арналған.
Түркілердің әлеуметтік, әскери-саяси тарихы, идеологиясы мен жоғарғы билігі
жайлы көптеген зерттеулер В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, Л.Н. Гумилев, Ю.А
Зуев, С.Г. Кляшторный, Б.Б. Ирмуханов, А.К. Камалов және т.б. белгілі
ғалымдармен жасалды[4].
Ю.А. Зуевтың зерттеу жұмыстары өзіндік мәдени-дүниетанымдық
бастауларды, көне және ортағасырлық көшпелілер қоғамы өмір сүруінің іргелі
негіздерін іздеумен ерекшеленеді. Олардың негізгі шарттары мен
қорытындылары Ертетүркілер тарихы мен идеологиясына қатысты монографияда
келтірілген болатын. Зерттеуші қытай жылнамалары, парсы, соғды және түркі
дереккөздерінің мол деректеріне сүйене отырып, көшпелі қоғамдардағы
әлеуметтік қатынастар жүйесіне талдау жасайды[5,20].
Мемлекеттің отбасы ретінде келтірімі ең көнелередің бірі болды және ол
ертедегі рулардың архаикалық байланысы негізінде құралды. Көшпелілер үшін
бұл рулар мен тайпалардың одағы ретінде ұғынылатын, ең алдымен неке
қатынастарын білдіретін ру-тайпалық ұйым болды. Осыған байланысты, аналық
және әкелік жолдар (билеуші қаған үшін, сәйкесінше, қатундық және қағандық
тайпалар арасындағы өзара қарым-қатынастарды талдау, көшпелі қоғамдарды
зерттеу жұмыстарындағы маңызды қадам болып саналады. Ол көшпелі қоғамдар
тарихының ішкі табиғатын әлеуметтік қатынастардың белгіссіз қырларын ашуға
септігін тигізеді.
Тарихи үрдістердің дамуына маңызды үлес қосқан, көптеген халықтар мен
этностардың тағдыры мен мәдениетіне ықпал еткен белсенді көшпелілер
қоғамына деген қызығушылық батысеуропалық ғалымдар тарапынан ертеден оянған
болатын. Бүгінгі таңда олардың жетекші өкілі болып табылатын Т. Барфилдтің
зерттеу жұмыстары бүкіл көшпелітану ғылымына ықпалы зор болып саналады.
Оның басты назары көшпелі қоғамдардың мемлекеттілік деңгейі мен саяси
бірігуге итермелейтін күштердің себеп-салдарын анықтау болып табылады. Оның
пікірінше, көшпелі қоғамдарда рулық қатынастардың маңызы зор болды, ол
жоғарғы билік эшолондарында биліктің легитимизациясына негіз болды. Алайда,
көшпелі қоғамдар іштей гетерогенді, және кеңес-құрылтайлық сипатта болды,
есесіне сыртқы саясатта орталықтанған және автократиялық тұрпатты
иемденеді[6,59].
Батыс саяси-антропологтарының көшпелі қоғамдарға қатысты зертеу
жұмыстары кеңестік-ресейлік тарих мектебіне едәуір ықпал етіп, соның
нәтиежесінде А.М. Хазанов, В.В. Трепавлов, Н.Н.Крадин, Н.Э.Масанов, Т.Д.
Скрынникова сында атақты ғалымдардың ғылыми ізденістеріне жаңа бағыт-бағдар
сыйлады [7 ].
А.М. Хазановтың негізгі еңбектері көшпелі қоғамдарды зерттеуге
арналған. Онда ол көшпелі қоғамдар тарихының экологиялық, экономикалық даму
ерекшеліктеріне баға бере отыра, көшпелілердің сыртқы әлемге бейімделу
жолдарын көрсетеді. Мамандану үлкен тәуелділікке әкеледі. Жылдамдыққа
дағдыланбаған малбағушы көшпелілер неғұрлым маманданған болса, онда ол
соғұрлым малшаруашылықпен айналыспайтын, басым түрде отырықшы болатын
әлемге тәуелді болады[8,43].
Сөйтіп, ұсынылып отырған жұмыста көшпелілер тарихы бойынша, тек түркі
заманының тарихнамалық деректері ғана емес, сонымен қатар одан ертерек және
кейінгі кезеңдердің деректері және де түркі тіліне байланысты
лингвистикалық, этнографиялық жұмыстары, Батыс, Ресей және Отандық
зерттеушілердің теоретикалық-әдіснамалық ойлары пайдаланылды. Аталған
тарихнамалық жұмыстарды кешенді және жан-жақты зерттеуінің арқасында ғана,
біз көшпелілер идеологиясының мәнін түсіндіре алатын нәтиежелерге қол
жеткізе алдық.
Деректемелік базасы. Орхон-Енисей түрік бітік жазулары көшпелілер
идеологиясын зерттеуде негізгі дереккөз болып табылады. Көлемі бойынша ең
ірі түрік бітік жазулары ашина мен ашидэ тайпалары көшбасшыларының атынан
тұрғызылды. Күлтегін мен Білге қаған жазулары қағандық ашина тайпасының
өкілдеріне жатқызылса, Тоныкөк жазуы қатундық ашидэ тайпасының өкіліне
жатқызылады. Олар қоғам өмірінің ең маңызды жақтарынан көрініс береді. Олар
көшпелілер идеологиясын, билік институттарын зерттеген кезде, негізгі бағыт-
бағдарға айналады. Қаған жазулары түрік қағандары билігінің идеологиялық
негіздемелері, олардың мемлекет құру мен даму үрдісіндегі мақсаты мен
міндеті жайлы айтуға мүмкіндік береді.
Түркі тарихы бойынша толық мәлеметтер, әрине қытай жылнамаларында
кездеседі. Көпғасырлық қытайлық жылнама дәстүрі ғалымдар тарапынан ақпарат
тасымалдаудың бірегей тәжірибиесі ретінде есептелінеді.
Чжун го (Орталық мемлекет) империясы үшін Ұлы Қытай қорғанынан
солтүстікке, солтүстік-батысқа қарай тұратын көршілері жайлы кез келген
ақпараттар мен білімдер іс-жүзінде нақты өмірде қажет болды. Екіжақты қарым-
қатынастар мен тауарайырбастың маңыздылығы зор болды. Олардың деңгейі
мемлекеттер арасындағы күштер балансын белгілейтін еді. Ақпараттар әр түрлі
болды. Сондықтана, көршілер жайлы ақпараттар жинау, кез келген қытай
династиясысының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарды. Түркілер тарихына
қатысты болып саналатын деректердің тізімін келесі түрде беруге болады:
Вэй шу (Вэй әулетінің тарихы), Чжоу шу (Чжоу әулетінің тарихы), Суй
шу (Суй әулетінің тарихы), Цзю Тан шу, Синь Тан шу (Тан әулетінің жаңа
және ескі басылымдағы тарихы). Бұл дереккөздердің көп бөлігі орыс және
қазақ тілді аудармалары жасалынған[9].
Зерттеудің әдіснамасы. Мемлекет пен мемлекеттік идеология өзара тығыз
байланыста болады және де ол бұл мәселені зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді
қолдану жолдарын анықтайды, оның ерекшеліктері мен қойылған міндеттерін
айқындайды.
Мойындалған саясигенез теориялары бойынша, мемлекеттік түрдің
мемлекеттік емес түрден айырмашылығы одақ билеушісі беделге негізделген
(консенсуальді билік) билікке иемденсе, мемлекетте билеушінің билігі
заңдастырылған және легитимизация үрдісінен өткен әскери күштің көмегімен
санкцияларды жүзеге асыруға құқылы болуында жатыр [10,237].
Зерттеушілердің бұл ойлары көп жағдайда дұрыс, алайда көшпелілер
қоғамына қатысты мойындалған билікке ие болған билеушілердің көшпелілер
қоғамы ішінде, легитимдендірілген күшті қолдану өзін ақтай алмайтын әрі
мүмкін емес, шара болып шығады [11,212]. Әр уақытта ол көшпелі тұрмыстың
негізіне және ру-тайпалық қатынастарға ұрынып отырды. Көшпелілер саяси
ұйымдасуының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін айтқан кезде, біз ең
алдымен оның ішкі орта мен сыртқа орта әсерін назарға алуымыз қажет.
Көшпелілердің ішкі ортасын қарастырған кезде, біз көшпелі қоғамның
автаркиялық сипатта және кеңістікте экологиялық аридті аймақтардың
салдарынан дисперсті (үзік-үзік) орналасатынын байқаймыз. Мұндай қоғамда
билік вертикальдарының таралуына бірқатар қиындықтар туындайды. Отырықшы-
жериеленуші халықтар үшін билік обьектісі ретінде этномәдени, әлеуметтік
топтармен игерілген территориялар болса, ал көшпелі қоғамдар үшін сол
әлеуметтік топтардың өздері болатын. Мұндай жағдай көшпелі халықтың
мейлінше тәуелсіз тұрпатта болатынын көрсетеді, және аталмыш жағдай
бағынышты халықтың көшіп кетуіне, яғни жоғарғы билікке бағынбауға ұласты.
Бүгінгі таңда көшпелі мемлекет отырықшы-жериеленуші мәдениеттермен
өзара байланысу нәтиежесінде пайда болды деген пікірлер бар. Оның үстіне
көшпелілердің басқару аппараты жаулап алушылық соғыстарда, сыртқы саясатта
орын алып, ал іштей көшпелілер қоғамы автаркиялық сипатта болатыны белгілі
[1,308].
Мұндай әдіс көшпелі қоғамдарағы әлеуметтік қатынастар эволюциясы
үрдісінің тек бір ғана, сыртқы жағын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ
рутайпалық құрылымның басқару механизмдерін көрсете алмайды. Бұл әдістің оң
позитивті негізі ретінде, шынында да сыртқы факторлардың ру-тайпалық
ұйымдардың негізіне қаланған қоғам дамуының саяси-әлеуметтік механизмдерін
біріктіріп, жылдамдатуы болды. Ол көшпелілердің ішкі қоғамдық қатынастарын
ынталандыра отыра, олардың қажетті катализаторы бола алды.
Осы аталмыш жайттарды ескере отыра, диссертация бойынша зерттеу
жұмыстарында белгілі тарих және политогенез теорияларымен бірге, өзгеде
тиімді зерттеу әдістері пайдаланылды.
Біріншіден, түрік бітік жазуларына жүргізілген салыстырмалы-мәтіндік
сараптама жұмыстары, екіншіден ғылыми жұмыста көшпелілер мемлекеттілік
идеологиясының дәстүрін ескере отыра, әр тарихи және географиялық аймақта
мекен еткен көшпелі мемлекеттердің саяси ұйым құрылымына, билік
институттарына, мәдени-шаруашылық ерекшеліктеріне диахронды сараптама
негізінде талдау жұмыстары жүргізілді.
Нәтиежесінде, ұсынылып отырған жұмыстың әдіснамалық негізі толық түрде
ғылыми әдістер кешенімен және этнографтар мен антропологтардың теоретикалық
ой-толғамдарымен бекітілді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері
көшпелі мемлекеттер тарихында мемлекеттік идеологияның барынша орнығу
уақытымен (VI-IX ғ.ғ.) анықталады. Көшпелілер идеологиясын жан-жақты
зерттеу Екінші Шығыс Түрік қағанаты (682-744 ж.ж) мысалында көрсетілген.
Мұндай таңдау түрік қоғамының ең маңызды дереккөздері Орхон-Енисей
жазуларының пайда болуымен байланысты.
Зерттеудің географиялық шеңбері. Зерттеудің географиялық шеңбері
қазіргі Моңғолия және Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарын қамтиды.
Екінші Шығыс Түрік қағанатының орталығы дәстүр бойынша Орхонда орналасты.
Мұнда барлық жоғарғы қағандардың қағандық ордасы тұрғызылатын. Өздерінің
қуаттылығы артқан кезеңде, шығыс түркілер Орталық Азияның далалы аудандарын
қамти отыра, іс-жүзінде Түрік қағанатының бұрыңғы территориялық ауқымын
қалпына келтірді.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар. Көшпелілер салты, аридті аймақ
ерекшелігі салдарынан біркелкі мәдени құндылықтардың, элементтердің
жинақталуы жергілікті көшпелі тұрғындардың мәдени-шаруашылық ерекшелігіне
әкеп соқты. Мұның негізінде көшпелілер арасында өз өмір салтын отырықшы-
жериеленуші қоғамдарға мәдени-шаруашылық, саяси-әлеуметтік тұрғыда қарама-
қарсы қою дәстүрі, идеологиясы пайда болады. Бұл Ата-баба салтын өзге
мәдениеттен жоғары санау, өз төл мәдениетін өзге әлемге қарсы қою
дәстүрінің көрінісі еді. Бұл сюннулар дәуірінен бастау алатын күрделі
этномәдени, саяси-әлеуметтік өзгерістердің жемісі еді.
Қоғамның саяси ұйымдасу, жоғарғы билік идеялары көшпелілердің
келтірімдерінде көрініс тауып, бір халықтан келесі халыққа беріліп отырған.
Екінші Шығыс Түрік қағанаты кезінде, қағанат – мемлекеттің рөлі міндеттері
көшпелілер идеологиясынан көрініс алды. Жалпытүрік қағанатын құрып,
қағандардың жоғарғы билікке деген құқығына ашина тайпасы ие болды. Екінші
Шығыс Түрік қағанатында қағандық идеология заңдастырылған кейпінде болды.
Бұл билік Қапаған қаған және Білге қаған тұсында жекебилік жағына қарай
күшейе түсті.716 жылы ашина қағандарының жекебилікке деген ұмьылыстарының
нәтиежесінде әскери жанжалдар орын алып, түркі тайпалары тан шекарасына
көше бастайды.
Ертетүрік қоғамы аналық-құқықтық отбасы түрінен әкелік түрге көшу
сатысында тұрды. Бұл әлеуметтік қатынастардың қағандық билікті мұралануы
бойынша ең негізгі және консервативті көрініс түрлерінде айқындалады.
Өтпелі кезеңде мұраланудың екі жолы билеуші қағанның аналық және әкелік
жақтары бойынша бірігеді; ағасы билікті өзінің аналық руы бойынша інісіне
тапсырады. Ал, ол өз кезегінде билікті өзінің ағасының ұлына береді,
ағасының ұлы келесі кезеңде үлкен ағаға айналады. Бұл үрдіс өте ұзақ
кезеңді қамтыды әрі қоғамда әкелік ру басты болып саналмай, аналық румен
теңестірілген кезеңдегі отбасы қауымының түрін анықтады.
Екінші Шығыс Түрік қағанатындағы каған әкесі бойынша ашина, ал шешесі
жағынан ашидэ тайпасынан болды. Ашина мен ашидэ арасындағы династиялық
қарым-қатынастар қоғамның ру-тайпалық құрлымында көрініс тапты. Бұл
шаруашылық базисін мұралану, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың іргетасы
болуымен байланысты еді. Мұралану жүйесі биліктің барлық тетіктерін өз
қолында ұстады және қағанат көлеміндегі билікке деген құқықты реттеп
отырды. Жоғарғы билікті мұраланудың мұндай жүйесі қағандық биліктің аналық
және әкелік ру бойынша генеалогиялық байланыстарға тәуелділігін анық
көрсетеді. Ашина-ашидэ деңгейіндегі ру тайпалық дәстүрлер әлеуметтік
қатынастардың материалды негізіне ие болды.
716 жылғы жанжалдың негізі ашина мен ашидэ арасындағы некелік-одақтық
қатынастардың бұзылуында жатыр еді. Олардың өкілдері Тоныкөк пен Білге
қаған Үлкен жазуларда түрік мемлекеттілігінің өмір сүру негіздеріне және
отбасылық қауым түрлеріне қатысты өздерінің әр полярлы бағыттағы ойлары мен
көзқарастарын білдірген болатын.
Зерттеу обьектісі. VI-IX Екінші Шығыс Түрік қағанатындағы ашина және
ашидэ тайпаларының ара-қатынасы, билеуші коалицияның өзара саяси-әлеуметтік
байланысы.
Зерттеу пәні. Көшпелілердің дәстүрлі саяси интеграция қозғаушы
күштері, қағандық билік институтының даму тарихы.
Жұмыстың мақсаты. Ұсынылып отырған жұмыста көшпелілер иедологиясының,
соның ішінде билік институттарының, жоғарғы билік тұжырымдамасының
негіздері мен алғышарттарын, олардың көріністерін жан-жақты зерттеу мақсаты
қойылды.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
1)Көшпелілердің саяси бірігу санасына ықпал ететін мәдени-шаруашылық,
экологиялық факторлардың ерекшеліктеріне талдау жасау:
2)Шығыс түркілер тарихын нақты тарихи жоспар бойынша тас жазулардың
салыстырмалы-мәтіндік сараптамасы негізінде зерттеу;
3)Қағандық идеологияның функционалды тағайындаулары, міндеттері мен
күнделікті өмірдегі көріністерін, оның өмір сүруінің легитимді негіздерін
айқындау;
4)Билеуші ашина мен ашидэ тайпалары және олардың басты көшбасшылары,
Үлкен жазулардың инициаторлары әрі арасындағы қатынастар мен байланыстарына
қатысты мәселелерді зерттеу;
5)Дуальді ұйымдасуды және оның көшпелі тайпалардағы отбасылық қауым
түрлері мен байланысын, мемлекеттік идеологияға деген ықпалын зерттеу;
6)Шығыс түркілердегі тақ мұралану жүйесін және онда айқындалған әкелік
және аналық ру негіздерін зерттеу;
7)Қосбиліктің (сыңарбилік) мемлекеттік басқару жүйесіндегі маңызы мен
алатын орнын зерттеу.
Ғылыми жаңалығы. Көшпелілер идеологиясының бастаулары мен
алғышарттары ерекшеленіп, мемлекет түзуші жағдаяттардың ішкі және сыртқы
орталарыда сарапталынады. Сонымен қатар, көшпелілер идеологиясының орталық
қондырмалары мен негіздемелері көрсетіліп, олардың функционалдық маңызы мен
қызметтеріне баға беріледі.
Көшпелілер идеологиясы, билік институттары билеуші топтардың ықпалына
тәуелді. Осыған байланысты көшпелі дала көлеміндегі легитимді ашина тайпасы
қағандарының жоғарғы билікке деген құқығы,түркі қағандарының әлеуметтік-
таптық бөлінісі және ара-қатынастары, мемлекеттік басқарудың көшпелі
жүйесіне талдаулар жасалып,
Осы мәселердің әрқайсысы Екінші Шығыс Түрік қағанаты деректері
бойынша зерделенеді. Үлкен жазулар көшпелілер идеологиясының негізгі
дереккөз материал ретінде бағаланып, жазулардың жазылу себептері мен оның
саяси сентенциялары анықталады. Екінші Шығыс Түрік қағанатының күшею және
құлдырау себептері ашылады.
Зерттеу жұмысының тәжірибеліа маңызы және сыннан өтуі. Зерттеу
жұмысының негізгі тұжырымдары мен алынған қорытындылары жоғарғы оқу
студенттері мен магистрларына арналған оқулықтарда, арнаулы курстар мен
семинарларда пайдалануға болады.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдары Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университетінің дәстүрлі халықаралық-
тәжірибиелік Шоқан тағылымы атты конференцияларында баяндалып, талқыға
түсті.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, үш тараудан,
қорытынды бөлімнен, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

I КӨШПЕЛІЛЕР ИДЕОЛОГИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ

2. Көшпелілер саяси интеграциясының ерекшеліктері

Көшпелілердің саяси бірігу дәстүрі немесе идеологиясы тарихтан терең
орын алады. Ол үнемі көптеген көшпелі тайпалар тарихында саяси ұйым
(мемлекет), политиялар түрінде ұқсас тарихи жағдайларда қайталанып отырады.
Мұндай күрделі саяси үрдістердің табиғатын мейлінше, танып-зерттеу үшін
көшпелілер өмір-салтын, оның өзіндік даму ерекшеліктерін мемлекеттің пайда
болу теорялары аясында қарастырған жөн деп санаймыз.
Мемлекеттің пайда болу теорияларының (политогенез теориясы) көшпелі
қоғамдарға қатысты қозғайтын орталық мәселелерінің бірі – көшпелілерге
мемлекеттілік дәстүр тән болды ма, бірігу дәстүрі мемлекеттілік денгейге
жете алды ма, әлде саяси одақ күйінде қалды ма, және саяси интеграция,
этникалық консолидация ішкі-сыртқы үрдістерге қаншалықты дәрежеде тәуелді
болды, бірігу дәстүрінің қозғаушы күштері мен себеп-салдары қандай болды
деген т.б. көшпелілердің саяси-әлеуметтік-экономикалық қатынастарына
қатысты өрбитін сұрақтар кешенімен байланысты болды [ ]. Бұл сұрақтар
біздің зерттеу жұмысымызда шешуші болып табылады. В.В. Трепавлов
байқағандай, әр дәуірде өмір сүрген көшпелілерде әкімшілік жүйе, саяси
ұйымдасу қағидалары және сыртқы саясаттағы ұқсастықтар ұйымдасу негіздері
мен мал шаруашылығына бағытталған экономикаға байланысты болды, сондықтанда
саяси бірігу дәстүрінің себеп-салдарын экономикалық және әлеуметттік
қатынастардан іздеген жөн [ ].
Көшпелі қоғамдарды айтқан кезде, біз ең алдымен көшепелілер
ортасындағы этникалық үрдістердің пайда болуы, дамуы мен ерекшелігіне
көшпелілердің материалды өндіріс жүйесі мен өмір-салты ерекшелігі соған
орай, барлық мәдени-шаруашылық құбылыстардың бастауы ретінде мекен ету
ортасы – ареалдың қаншалықты дәрежеде ықпал еткенін анықтап алғанымыз
дұрыс. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойыша, бұл мәселе өте айқын көрініс
береді; экологиялық жүйе ерекшеліктері адамзаттың табиғи-климаттық ортаға
бейімделу амалдарына тікелей әсер етті. Мұның нәтиежесінде материалдық
өндірістің спецификалық ерекше жүйесі мен ерекше өндіріс амалдары пайда
болады.
Сөйтіп, нақты өмір-сүру салты, мәдени ерекшелігі және дербес ментальді-
құқықтар жүйесі қалыптасады. Басқаша айтқанда адамзаттың мекендеу ортасының
ерекше шарттарына дағдылану тиісті бейімделу механизмімен – мәдениеттің
айрықша түрімен іске асады. Бұл логикалық тізбек бойынша қабаттасқан өзара
құбылыстардың заңды нәтиежесі ретінде спецификалық этномәдени
қауымдастықтың пайда болуын атай аламыз.
Саяси интеграция үрдістері жоғарыда айтқандай, территориялды-
экологиялық детерминанталарға байланысты өрбуі, бұл қатынастарды
территориялық ұғымдар арқылы синхронды әдіспен қарастыруға жүктейді. Осы
орайда, белгілі көшпелітанушы Н.Е. Масановтың; Ареалды аудандарда өмір-
сүру амалдарының спецификалық ерекшеліктеріне және климаттың әсерінен
(шөлдер, шөлейттер, далалы аймақтар, таулар) шаруашылықтың жалғыз түрі –
көшпелі мал шаруашылығы мүмкін болды. Маргиналды аймақтар (оазистер, өзен
жағалаулары, орманды дала аудандары) үшін шаруашылық кәсіптің көптүрлі амал-
тәсілдері – қалалар, оазистер мен отырықшы-жериеленуші шаруашылықтан
бастап, таза көшпелі салтқа дейін тән болды - деген ойы қонымды көрінеді [
].
Көшпелілер мекендейтін аудандарда мекендеу ортасындағы спецификалық
жағдайлары мен климаттың шұғыл континентальділігіне әрі аридтілігіне және
көшпелі шаруашылықтың ерекшелігіне байланысты дисперсті (үзік-үзік)
қоныстану түрі орын алды. Көшпелілер шаруашылығы табиғи-тұтынушы сипатта
болғандықтан, бұл аудандарда партикуляризм мен автаркия орын алды. Өйткені,
шаруашылық көздері өз-өзін қажетті өнімдер мен ресурстармен қамтамасыз
етуге бағытталған еді.
Мұның салдарынан көшпелі аудандарда (ареалдарда) диахронды, яғни
ұрпақаралық ақпарат тасымалдау байланыс арналары өрбиді. Өндіріс
амалдарының басты көзі – мал басы болғандықтан, оған қатысты қоғамда
басымдыққа ие қатынастар, негізінен меншік обьектісі ретінде жоғарыдан-
төменге, яғни вертикальді арналар-каналдар арқылы таратылып отырды.
Экологиялық жүйеге бейімделу мен мәдени-шаруашылық дағды-қабылеттер, әдіс-
амалдар және әр түрлі қабаттағы құндылықтар – көшпелі қоғамның едәуір
маңызды факторы немесе жағдаяттары ретінде әкеден-балаға, баладан-немереге
де беріліп отырды. Осыған сәйкес жағдайда, көшпелілердің материалды және
рухани мәдениет элементтері де қызмет атқарып отырды. Нәтиежесінде,
қоғамдық сана аясында генеалогиялық байланыстарға басымдықтар беріліп
отырды, ал мұндай қатынастар отырықшы-жериеленуші ортада маңызды роль
атқарған жергілікті-территориалды байланыстардан катты ерекшеленген еді.
Маргинальді аудандарда жағдай өзгеше сипат алған еді. Ең алдымен, бұл
жерде халық санының тығыздығы едәуір жоғары еді, өйткені көшпелі
малшылармен бірге оазистер мен суармалы өзен аудандарында, тау етектерінде,
аласа таулар маңында жериеленуші тұрғындардың көп бөлігі мекен етті.
Қоғамның экономикалық құрылымы көпсалалы болды және шаруашылықтың әр түрлі
типтерінің өзара араласуының (отырықшы жериеленушіктен бастап, көшпелі
малшаруашылыққа дейін) көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда көбіне
өндірілген өнімді айырбас-сауда саласына негізделді және нарықтық
қатынастар мен натуралды-тұтыну жүйесінің теңесу, қатар жүру ағымдары белең
алды.
Сөйтіп, нәтиежесінде бұл маргинальді аралас аудандарда топаралық
қатынастар алдыңғы орынға шықты және синхронды әрі горизонтальді деңгейде
жүретін ақпараттық байланыстар мен тауарлық қатынастар жоғарғы маңызға ие
болды. Соның ішінде, қоғамдық өнімдердің циркуляциясы-айналымы тек
вертикальді түрде жоғарыдан-төменге таралған жоқ, ол сонымен қатар
вертикальді түрде де жүріп отырды. Бұл бір жағынан дамыған әрі интенсивті
айырбас-сауда түрлеріне байланысты болса, екінші жағынан маргинальді аралас
аудандардағы тұрғындардың шаруашылық кәсібінің трансформациялануынан әрі
өзгеріске бейімділігіне тәуелді болды.
Бұл жайттардан басқа, жыл сайын көшпелілердің бір бөлігі отырықшы салт-
тұрмысқа ауысып, көшпелі дәстүр-ұстанымдар мен таптаурындардан
(стереотиптерден) айырылып отырды. Мұның салдарынан маргинальді аралас әрі
өтпелі аудандарда жартылай көшпелі тұрмыс-салтынан бастап, толық
отырықшылық тұрмыс-салты байқалып отырды. Бұрынғы көшпелілердің
седентерезация үрдісіне ұшырау жайттары көшпелі ареал-аудандардың шеткі
аймақтарында қоғамдық қатынастар дамуына әрқашанда ықпал еткені айдан анық,
мұндай аталмыш үрдістер бұл шеткі перифериялық аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық келбетіне тұрақсыздық сипатын әкеліп отырды.
Сонымен қатар, бұл аудандарда седентерезация үрдістеріне қарама-қайшы,
кері үрдістер отырықшы-жериеленуші қауым тарапынан жүріп отырды. Осы тұста,
А.М. Хазановтың сөздерін мысалға келтіруге болады: ...Седентерезация и
номадизация в Евразии происходили в основном в маргинальных районах, в
которых возможны оба рода хозяйственной деятельности – и скотоводство и
земледелие. Там они являлись двумя обратимыми и встречными процессами,
совершавшимися на протяжений всей истории кочевничества в евразийских
степях. Они могли происходить даже одновременно, в рамках одного и того же
общества. Например, у туркмен и южных групп казахов XIX века кочевники,
лишившиеся скота, оседали на землю, а разбогатевшие земледельцы нередко
обзаводились скотом и переходили к кочеванию [ ].
Мұндай ақпараттық байланыстардың даму сипатының ерекшелігі шаруашылық
және мәдени өмір-салты бір қалыпты көшпелі аудандар-ареалдарда этникалық
консолидация, саяси интеграция үрдістеріне интенсивті тұрпат сыйлады. Ал,
күрделі ұйымдасқан аралас маргинальді аудандарда бұл үрдіс баяу жүрді
немесе тіпті орын алған жоқ. Н.Е. Масановтың пікірі бойынша, маргинальді
аудандарда этноинтеграциялық үрдістерге кедергі жасайтын жағдайлар көп
болды, солардың ішінде көшпелілердің отырықшы салтқа ауысы оқиғасы еді,
мұндай өзгерістер, яғни седентерезация үрдісі бірқатар қиыншылықтармен
өтетіні белгілі: В маргинальных зонах в процессе постоянной трансформации
хозяйственных занятии и перманентного притока оседающих кочевников-
скотоводов, их маргинализации и утраты ими прежних стереотипов, не
синхронности процессов адаптации к оседлому образу жизни и овладения
приемами технологии земледельческого труда складывание культурной общности
происходило значительно медленнее, либо могло вовсе не происходить [ 63].
Көшпелі аудандарда мәдени ортақтастық тез жүрді, өйткені, оған себепші
біртипті әрі бір қалыпты экономика, біртипті өмір салты және ұқсас әрі
сәйкес келетін өмір шарттары болды.
Мәдени ортақтастықтың шын мәнісінде саяси-әлеуметтік тұрғыда ролі
маңызды болды. Көшпелі тұрмыс тек көшпеліге тән сана қалыптастырды. Бұл
таным бойынша, көшпелі салт өмір сүру амалдары ішінде ең дұрысы, ең
тиімдісі, мүмкіншілігі зор түрі ретінде қабылданды. Ал көшпелінің
отырықшылық салтқа ауысуы көшпелі қоғам арасында күнә, сатқындық,
немесе ең кемінде қате, ағаттық шешім, кейде әлсіздік, мәжбүрлік
таңдау ретінде қабылданды. Осы жерде, көшпелілердің қоғам тарихын әр түрлі
әдіснамалық тұрғыда қарастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген
көшпелітану ғылымында білікті маман ретінде танылған Н.Н. Крадиннің ойын
мысалға келтіруге болады: ...Психология кочевника отрицательно относилась
к стационнарности как к проявлению, оскорбляющему самолюбие свободного
номада. Не случайно, например, у позднесредневековых татар существовала
поговорка чтоб тебе, как христианину, оставаться всегда на одном месте и
нюхать собственную вонь, поэтому, как показывают многочисленные
этнографические данные, перешедшие к занятию земледелием кочевники
рассматривали свое состояние как вынужденное и при первой возможности
возвращались к подвижному скотоводству [ 125].
Нәтиежесінде көшпелі ареалдарда біркелкі мәдени құндылықтардың,
элементтердің жинақталуы жергілікті көшпелі тұрғындардың мәдени-шаруашылық
ерекшелігіне әкеп соқты. возникает рефликсивное осознание своей
непохожести и особости от других соседних народов и племен – групповое и в
том числе этническое самосознание по принципу бинарной оппозиции Мы –
Они - деген Н.Е. Масановтың бұл тақырыпқа қатысты тұжырымы дәйекті болып
көрінеді [ ].
Мұның негізінде көшпелілер арасында өз өмір салтын отырықшы-
жериеленуші қоғамдарға мәдени-шаруашылық, саяси-әлеуметтік тұрғыда қарама-
қарсы қою дәстүрі, идеологиясы пайда болады. Барлық түркі халықтарының арғы
тегі болып саналатын Оғыз қағанның өз ұрпағына берген аманатында;
қозғалыңдар (көшіп отырыңдар), отырықшы болмаңдар, көктемгі, жазғы және
қысқы жайылымдарға, өзен жағалаулары маңына көшіп жүріңдер, жоқшылықты
көрмеңдер! - деген көшпелі әрі жаугер халықтар идеологиясының орталық ойы
айтылады [ 44]. Оғыз қағанның бұл өсиетнамасы көшпелі халықтардың мәдени-
шаруашылық тұрғыда бірігу үрдістерін қалыптастыруда көп ғасырлық әмбебап
идеологиялық қондырма рөлін атқарды. Оның негізгі шарттары Арғы-тек Оғыз
қағанның өсиетін, Ата-Баба салтын бұзбау, отырықшылыққа көшпеу саналды.
Бұл арада бізге, қазақстандық көрнекті шығыстанушы В.П. Юдиннің өз
зерттеулері барысында, Шыңғысхан ұрпақтары арасында орныққан саяси-мәдени
жүйені анықтап, оған шыңғысизм деген ғылыми атау берген ортағасырлық
идеологиялық институтымен бірге Оғыз қаған идеологиясын қатар қозғауға тура
келеді [30].
Оғыз қаған тұлға ретінде архетип кейіпкер ролін атқарғаны белгілі.
Ғалымдар оның тарихи бастауын сюнну, юэчжи дәуірлеріне жатқызады. Ал, И.Я.
Бичурин (1828) алғаш рет Оғыз қағанды сюннулардың шаньюйі Модэмен
шендестіру дәстүрін бастап кеткен болатын [225]. Шын мәнісінде де сюннулық
дәстүрдің ортағасырлық түркі тайпаларының саяси-әлеуметтік ұйымдарында,
олардың құрылымдарында шешуші роль атқарғаны жөнінде айтуға болады.
Сюннулардан қалған әскери-саяси ұйымдағы дуальді немесе триальді бөлініс
жүйесі, билікті мұралану жүйесі,иерархиялық ондық жүйесі, мифорәсімдік
қондырмалар ортағасырлар аяғына дейін сақталды [27]. Ал, Шыңғысхан әкелген
Ясса заңдары Ұлы Далаға сюннулар (Оғыз қаған) дәстүрін одан сайын жетілдіре
күрделендіре түсті. Моңғолдың құпия сөзі жаңа түркі-моңғол дүниетанымының
жинақтап баяндалуы болды. Шыңғысханға дейін түркі ру-тайпа және
халықтарының генеалогиялық түсініктері бойынша түркілердің арғы-тегі Оғыз-
қаған, ал, Орхон бітіктастарында Бумын қаған мен оның інісі Естеми қаған
адамзат тарихында алғашқы адамдар балаларының үстінен қараған билеушілер
ретінде көрсетіледі [63]. Ал, Шыңғысхан дәуірінде бұл генеалогиялық әрі
космогониялық түсініктерге соққы жасалып, олар бұрынғы өзектілігінен
айырылады. Енді мазмұны бойынша әмбебап жаңа дала идеологиясы орнады. В.П.
Юдин айтқандай, Бірқатар көшпелі халықтарда шамандық, буддалық,
мұсылмандық және басқа концепциялар мен шыңғыстық доктринаның бірігуі
арқылы іс жүзінде жаңа қиялдық дүниетаным, жаңа идеология қалыптасты, мұның
өзі әлеуметтік жік-жікке бөлінген қоғам жағдайында үстем таптардың санасы
мен психологиясын билеп қана қоймай, сонымен қоса қоғамдық даму заңдарына
сәйкес қалың көпшілік халықты да рухани тұрғыдан бағындырды. Өйткені тек
қана көкте құдай, жерде Шыңғысхан болды [29].
Соның салдарынан, Шыңғысизм ықпалының астында қалған түркі-моңғол
халықтары үшін Шыңғыс хан заманынан бергі тарих – жаңа дәуір тарихы, ал
Шыңғысханға дейінгі тарих жаңа дәуірге дейінгі тарих деп танылды. Шыңғыс
хан кезеңі олар үшін уақыт өлшемінің бастау нүктесі, яғни тарихи дәуір
болды. Түркі-моңғол халықтарының түсініктері енді Шыңғысхан тұқымының
генеалогиялық тарихы туралы деректермен байланыстырылды.
Осыған байланысты біз, Шыңғысизм идеологиясын айта отырып, оның билік
кешеніне пласт, іргетас болған, оған дейінгі дүниетаным кешендерінің
болғаны жайлы айтуға мүмкіндік аламыз. Және бұл көне дәстүрге де
идеологиялық институт, идеологиялық кешен деген ғылыми атаулар беру
дұрыс деп санаймыз. Шамасы, Шыңғысизм түркі-моңғол халықтарының тарихында
айрықша қайталанбас құбылыс болмаған. Кезеңдік және типологиялық тұрғыда
онымен бірқатарға Оғыз туралы аңыздарды қоюға болады. Бізге жеткен түрінде
бұл цикл шыңғысизм тәрізді эпикалық деңгейге дейін өзгерген ертеректегі
саяси және діни-идеялық тұжырымдама болып келеді. Бұрыңғы заманда далаларда
оғызизм болғаны туралы үлкен сеніммен айта аламыз - деген В.П. Юдиннің
сөзін қуаттай отыра, Шыңғысизм идеологиялық институты құрылымы қанқасынан
біз оған дейінгі болған идеологиялық дәстүрдің іздерін іздейміз[ ].
Оғызизм дәстүрі көшпелі тайпаларда сюннулар дәуірінен бастау алатынын
көре аламыз. Оны біз Оғыз қаған тұлғасы, бейнесі айналасында талдау
жұмыстарын қарастырған кезде анық байқай аламыз. Бұл пікір сюннулардың
шаньюйі Мөденің таққа отыру аңызының сюжеті барлық түркі халықтарының Ата-
Тегі, мәдени кейіпкері (санаткері) ретінде саналатын Оғыз қағанның таққа
отыру аңызымен ұқсас, сәйкес болуымен, сюннулық әскери-саяси ұйым құрылымы
түркі-моңғол тайпаларында да кездесуімен, сюннулық билеуші титулатура
кешені түркі билеуші топтарында, фратрияларында да ұқсас, кейде бір пішінде
– формада болуымен және т.б. әр түрлі сипаттағы жайттармен негізделеді.
Зерттеушілер тарапынан Оғыз қағанмен бір немесе тұспалдас деп есептелінетін
Мөде шаньюйдің таққа отыру аңызы ресейлік тарихшы-саяси антрополог Н.Н.
Крадиннің ойы бойынша толық түрде тарихи, шынайы оқиғалардың баяндалуы
емес, ол жанры бойынша көркем фольклорлық-эпостық дәстүрге негізделген
баяндаулар болып шығады: Излагаемая Сыма Цянем в исторических записках
версия прихода Модэ к власти представляют собой не пересказ реальных
событий, а записанную китайским хронистом с чьих-то слов легенду...
Кочевники не знали писменности (?). Основным источником являлся эпос... В
Срединном государстве в последние годы III века до н.э. было смутное
время. Могли ли ханьцы знать что делалось в степи... Поэтому, вполне
вероятно, что до Сыма Цяня дошел рассказ, слышанный им (или его
информатором) от какого-либо хуннского сказителя или певца. В рассказе
причудливо переплетаются элементы реальных исторических событий и элементы
поэтического, эпического произведения. Где же здесь правда, а где вымесел,
сказать очень сложно [53].
Біздің ойымызша, Мөдэ шаньюйдің таққа келу оқиғасы тарихи
элементтермен қатар, аңыздық-мифологиялық сюжеттермен көмкерілуі
фольклорлық сакральді сөз дәстүріне меңзейтін сияқты. Бұл орайда А.
Жақсылықов: Сакральді сөз сөйлеу – бұл көне замандағы сөйлеудің ең жоғарғы
стилі, жұртшылыққа арналған тіл, оның кодификациялық функциясы ежелгі
дәуірдің өзінде-ақ, яғни мифтер, генеалогиялық сөздер арқылы тайпалық
идеология қалыптаса бастаған кезде, ежелгі замаңғы шамандар бытырап жатқан
адамзат аралдарын біріктіруде өз жұмыстарын бастаған кезде айқындалып
үлгерді - деп айтқандай сакральді сөз, эпикалық таным, ең алдымен,
интеграциялық рөл атқарды. Оғыз қағанның отырықшы болмаңдар, қозғалыңдар,
көшіп жүріңдер деуі осыны айғақтайды.
Е. Тұрсынов ертетүрік фольклорының бастауларын зерттей отыра, тарихи
тұлғалар мен мифологиялық кейіпкерлердің тарихи оқиғалар мен аңыздық-мифтік
оқиғалардың бір арнада, бір уақытта-синхронды деңгейде табыстырылып,
сипатталуы көне көшпелілердің уақыт пен кеңістік жайлы мифологиялық
эпикалық таным дәстүріне байланыстырып қарастырады: Подобное
сосуществование исторических и мифических персонажей... свидетельствует о
генетической преемственности синкретического восприятием действительности,
восходящим в конечном счете к мифологическому освоению мира [14].
Мөдэ шаньюйдің таққа отыру аңызы мен Оғыз қаған аңызын, олардың
кейіпкерлерін, негізгі сюжеттерін шендестіре отыра, А.Н. Бернштам Мөде
шаньюйдің шынайы тарихи тұлғасына негізделген, уақыт өте эпикалық сипатқа
ие болған Оғыз образы, бейнесінің ұлы дала аймағына қабат-қабат
толықтырулармен таралғанын айтады [234].
Тарихи кезеңдерде біз нақты шынайы тарихи тұлғаның халық
шығармашылығында аңыз, хикаяттардың кейіпкеріне айналғанына куә боламыз.
Қиялдар мен ауызша әдебиет жанры кейіпкер мен оқиға айналасындағы
элементтердің сұлбасын, сипатын әрдайым, әр тарихи кезең сайын, сол
уақытқа, сол халыққа сай өзгертіп отырады. Бұл аталмыш өзгерістерді тек
сюжеттік-қанқа қабылдамайды, ол тек мардымсыз, маңызы елеусіз, детальдарын,
бөлшектерін өзгертеді, бірақ негізгі құрылымынан айыра алмайды.
Оғыз қаған жайлы аңыздардың кезекті нұсқаларының бірінде Оғыз қаған
аңдармен күресетін батыр кейпінде танылады [ 228]. А.Н. Бернштам оны өзара
жауласқан көне ру-тайпалардың тотемдік-нышанымен-символымен байланыстырады:
Эту борьбу с враждебными тотемами отражает, ... и зверинный стиль
гуннской эпохи – стиль борьбы зверей. Во всяком случае, если историческая
личность Модэ и мифический Огуз не одно и то же, то деятельность Модэ и
Огуз хана, отраженная в китайской летописи и в многочисленных вариантах
сказаний относится к одному и тому же периоду характеризует один и тот же
исторический этап [65].
Оғыз қағанға байланысты аңыздар циклінде бізге қызықты жайттар көптеп
табылады. Мысалға, Оғыз қағанның шешесі жұртшылыққа Ай-қаған деген есіммен
белгілі. Мұнда бізге қызықтысы шешесінің есімі әйелдік қатунмен емес, ер
адамдық қаған титулымен берілуі болып табылады. Бұл әйел-ер адам бейнесі
матриархат жүйесінің патриархат жүйесіне ауысуы үрдісін аңғартады.
Аңыздарда көрсетілген Оғыз қаған өз анасының сүтін қабылдамай, жыртқыш-
хайуандардың етін қорек етуі және т.б. мысалдар матриархаттың мал
шаруашылығы негізіндегі патриархаттық қатынастар жүйесіне ауысу жайттары
жайында хабардар етеді. Бұл әлеуметтік қатынастардағы ауысулар тотемдік
культтің, Ата-баба, аруақтар культіне өту үрдістерінде көркем түрде
бейнеленеді. Ата-баба культі Оғыз қаған тұлғасына негізделген генеалогияға,
шежіре дәстүріне бастау, алғышарт болды. Сөйтіп, сюннулардың арасында
кеңірек тараған бұқа-өгіз культі, (оғыз – бұқа, өгіз – көне түрік тілінде)
кейінірек Оғыз қаған аңызына, Ата-баба культіне ауысты [230].
Соның нәтиежесінде Оғыз қаған тұлғасына қатысты Еуразия көшпелі
тайпалары арасында, олардың саяси-әлеуметтік, мәдени-шаруашылық өмірінде
идеологиялық-мифологиялық кешен қалыптасты. Оның басты міндеті көшпелі
тайпаларға этникалық сипат беріп, соның негізінде этникалық консолидация
үрдістеріне қозғаушы күш рөлін атқару болды.
Сыртқы әлемге (отырықшы-жериеленушілер қауымы) өзін қарама-қарсы
оппозицияға қою арқылы тұғырланған оғызизм идеологиясы (Оғыз қағанның
отырықшы болмаңдар, қозғалыңдар, көшіп жүріңдер деген өсиеті) мемлекет
институттарын құруда шешуші рөл атқарды. Әсіресе, ол Еуразия көшпелі
мемлекеттерінің Қытайға қарсы сыртқы саясат саласында анық байқалып отырды.
Әрине, ондай саясат әскери сипатта болғаны белгілі.
Әдетте, көшпелі тайпалардың интеграциясы басым түрде этникалық сипатта
жүретіні белгілі, бірақ этникалық консолидация көшпелілер қоғамында
міндетті түрде саяси интеграцияға әкелмейтін еді, ол тек оның маңызды болса
да, құрамды бөлігі болатын. Саяси интеграция сырттан келетін қауіпке
байланысты болды.
Көшпелілер саяси ұйымдасуының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін
айтқан кезде, біз ең алдымен оның ішкі орта мен сыртқа орта әсерін назарға
алуымыз қажет. Көшпелілердің ішкі ортасын қарастырған кезде, біз көшпелі
қоғамның автаркиялық сипатта және кеңістікте экологиялық аридті аймақтардың
салдарынан дисперсті (үзік-үзік) орналасатынын байқаймыз. Мұндай қоғамда
билік вертикальдарының таралуына бірқатар қиындықтар туындайды. Көптеген
зерттеушілер байқағандай, отырықшы-жериеленуші халықтар үшін билік
обьектісі ретінде этномәдени, әлеуметтік топтармен игерілген территориялар
болса, ал көшпелі қоғамдар үшін сол әлеуметтік топтардың өздері болатын.
Власть (у кочевников) имеет своим обьектом влияния индивидов и социальные
группы индивидов. Природа государства принципиально иная. Обьектом интереса
государства является территория и только потом власть над живущими на этой
территории сообществами людей. С этой точки зрения, считает большинство
ученых, говорить о государственных институтах власти у кочевников весьма
проблематично, ибо у них не было территориального подхода к институтам
власти[100].масан
Н.Н. Крадин көрсеткендей, көшпелілердің орталықтандырылуы, көршілес
жериеленуші мемлкеттің көлеміне пропорционал түрде болады [100]. Неғұрлым
жериеленуші мемлекет үлкен болса, соғұрлым көшпелілердің бірігуі күшейеді.
Для осуществления успешного противостояния Китаю иили внешней экспансии
(с целью получения земледельческо-ремесленной продукции) кочевникам была
необходима интеграция большого количества населения, рассеянного по
огромным степям, в единый военно-политический механизм. Для этого нужна
была сильная власть. Так рождались крупные объединения кочевников
(племенные конфедерации, вождества) и даже целые степные ксенократические
(от греч. ксено – наружу и кратос – власть) государственноподобные
политии – кочевые империи [43]. Мұндай жағдайда көшпелілер, әдетте,
тонаушылықпен айналысып, тіпті кейде жериеленушілердің территорияларына
экспансиялық саясат жүргізетін. Оны біз Оғыз қағанның прототипі саналатын
Мөде шаньюйдің сыртқы саясатынан анық байқауға болады. Аңызда өз әкесі
Таоманьді өлтіргеннен кейін Мэде саяси билікті жаулап алады, бірақ оның
билігі әлсіз еді, оған жылдам түрде өз билігін легитимзизациядан өткізу
қажет болады. Мұндай жағдайда қандай дұрыс шешім қабылдауға болатын еді?
Мөде батыл шешім қабылдайды, ол көршілес дунху, юэчжи тайпаларына әскери
шабуыл жасауға бет алады, сөйтіп, Мөде өзінің тарихи ізбасарларына көшпелі
мемлекеттердің жаппай экспансиялық саясатын бастап берді [Бичурин 1950а:
46–48].
Аңызда көрсетілген билікті заңдастырудың бірнеше жолдары бар; билеуші
тайпаның билікке деген құқығы генеалогиялық аңыздар, мифтік-идеологиялық
келтірімдер (Шыңғысизм идеологиясы, Ашина руына байланысты генелогиялық
аңыздар) арқылы тұжырымдау және жорықтар, беделді экономика арқылы жүзеге
асты.
Көшпелілер қоғамында билеуші мен оның айналасын, империя мен
периферияны біріктіретін механизм ретінде беделді экономика институттары
пайдаланылды. Көшпелі мемлкеттің билеушісі өзінің орынбасарлары мен тайпа
басшыларына қымбат сыйлықтар тағайындау арқылы оларды өз ықпалында ұстап,
бір жағынан олардың көзінше өз беделін көтерді, екінші жағынан, сыйлық
алғандарды өз тарапынан жауапты сый көрсетуге немесе жылы қадам жасауға
мәжбүрледі. Баланс власти шаньюя держался на его умении организовывать
военные походы и перераспределять подарки, доходы от торговли и набегов
на соседние страны. Давая подданным возможность обогатиться за счет военной
добычи и распределяя между ними дары китайского двора, шаньюй получал от
них право на монопольное осуществление внешнеполитической деятельности и
международных контактов. Важное место в структуре власти играла
индивидуальная харизма правителя, которая во многом зависела от его удачи
как военного предводителя, от его щедрости, умения наладить контакт с
силами природы и, наконец, от его внешнеполитического статуса [235].
Көшпелі тайпалар харизматикалық көшбасшының соңынан еріп, баршаға
ортақ мүдделі болып табылатын жорықтарға қатынасып отырды. Яғни, билеушінің
билік потенциалы сыртқы кампанияларда айқын көрініс алатынын байқауға
болады. Ішкі автаркия, тәуелсіздік, көш аудару оқиғалары жиі болатын ру-
тайпалық қатынастар қоғамының сыртқы саясатында ғана мемлекеттік құрылымдар
пайда бола бастайды. Оны біз дала мен Қытай арасындағы саяси қатынастардан
байқай аламыз. Сюннулар державасының тарихы жоғарыда келтірілген
тұжырымдаманың нақты дәлелдемесі бола алады. Көптеген ғасырлар бойы
көнеқытайлықтар мен даланың жабайы тайпалары көршілес қарым-қатынаста
болды. Бейбіт сауда-саттық қатынастар кезеңдері алма-кезек бағытта орын
алатын жорықтармен, үлкенді-кішілі конфликт, дау-жанжалдармен ұласып
отырды. Алайда, ғасырлар бойына көшпелілер империялық, мемлекеттік билікке
зәру, мұқтаж болмады, ол үшін ешқандай ішкі сұрансытар болмады. Б.з.д. III-
II ғ.ғ. сюннулар алғашқы дала империясын түзейді. Бұл өзгерістерге
сюннуларды нендей жағдайлар итермеледі екен?
Орталық Азиядағы алғашқы империяның түзілуіне әсер еткен басты
алғышарттар мен себеп-салдар көшпелілер әлемінің сыртында орын алды. Б.з.д
I-мыңжылдықтың ортасында Ортақытай жазығында ортақ көнеқытай этносының
қалыптасуына жағдайлар туындады. Осы уақыт ширегінде барлық көнеқытай
патшалықтарының тұрғындары өздерінің ортақ халық (хуася) ретінде қабылдады.
Кейінірек мәдени ұлттық ортақтастық саяси бірігумен күшейтіле түсті.
Жауласушы патшалықтар кезеңі б.з.д. V-III ғ.ғ. аяқталғаннан кейін қытай
жерінде қуатты орталықтанған мемлекет – Цинь империясы пайда болды.
Ортақытай жазығында қуатты империяның пайда болуы хунну және басқа да
көшпелі тайпалар үшін үлкен қауіптер тудыра бастады. Бұрыңғы уақыттарда,
яғни, жауласушы патшалықтар кезеңінде қытайлықтар тек ішкі дау-
жанжалдармен жұмысы болып, көшпелілер шекаралық аудандарда емін-еркін сауда-
саттық байланыстар орнатып, кейде тонаушылық жорықтарды іске асырып отырса,
енді номадтара орталықтандырылған қуатты экспансиялық-агрессиялық сыртқы
саясатты ұстанған деспотиялық мемлкет қарсы тұрған болатын. Сөйтіп,
солтүстік пен оңтүстік, көшпелілер мен Аспанасты елінің арасындағы
күштер балансы өзгеріп, номадтар ыңғайсыз жағдайда қалып қойған еді.
Көшпелілер қытайлықтардың біргу үрдіснің нәтиежелерін жылдам сезіне
бастады. Геосаяси мәнң зор аймақ ретінде бағаланатын Ордостан айырылу,
сюннулар үшін өте ауыр моральдік соққы болып табылды. После того, как
сюнну потеряли горы Иньшань, они всегда плачут, когда проходят мимо них
[бичурин 50.94]. Көшпелілердің қытай конфуциандық доктриналарымен
қаруланған интеллектуалдарына өздерінің әскери салт атты идеологиясын,
кеңістікте мобильдік-қозғалмалдылық артықшылық ойын қарсы қоя білді. Бұл
көшпелілердің отырықшы әлемге дағдылану жолдарының көне де ұтымды жолы еді.
Барлық халықтардың ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орхон-Енисей, Талас ескерткіштері тіліндегі Тәңірлік идеясы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түрік руна жазуы. Ел және қаған ұғымдар арақатынасы
Түркі изафетінің зерттелу тарихы, табиғаты және құрылымдық түрлері
ЕКІНШІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дәстүрлі түркілік дүниетаным және оның мәні
Саясаттану пәнінен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешен
Қазақстанда жас ұрпаққа гуманистік тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары
Дәстүрлі түрік дүниетанымының қазақ мәдениетіне әсері
Қазақстан түркілер дәуірінде vi-x ғ.ғ
Пәндер