Түрік руна жазуы. Ел және қаған ұғымдар арақатынасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Түрік руна жазуы . . . 13
1. 1. Түрік руна жазулларының мифологиялық бағыттары . . . 13
1. 2. Тоныкөк жазуы және Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштерінің
идеологиялық бағыттары . . . 22
2. Ел және қаған: ұғымдар арақатынасы . . . 31
2. 1. Биліктің сакрализациясы . . . 31
2. 2. Қатун және Қос билік . . . 49
3. Идеология институтының күшеюі, империалық фон . . . 61
3. 1. VII ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай . . . 61
3. 2. Ашина-Ашидэ одағы . . . 71
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 84
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 87
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуымен және оның жалпыәлемдік деңгейде саяси-экономикалық қатынастарға араласуы жоғарғы биліктің идеологиялық бастаулары, оның пайда болуы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажеттіліктер туғызды. Осы мәселені зерттеу барысында, мемлекеттік идеология дамуының көптеген аспектілерімен және олардың ортағасырлық көшпенділер мемлекетін құрудағы ролі мен маңызы айқындалады.
Жоғарғы билік идеологиясының табиғаты әрдайым мемлекеттік ұйымдардың, ұйымдасулардың тақырыбымен байланысты болады. Ол бүгінгі уақытқа дейін дискуссия, даулы ойлардың тақырыбы болып отыр және де оның бір жақты жауабы табылатын емес. Түрік мемлекеттілігін оның әлеуметтік құрылымы және идеологиясын зерттеу кешенді әдіс қолдануды қажет ететін көшпелі қоғамның ішкі дамуындағы көптеген күрделі аспектілерін қозғайды. Мұндай сараптаманың обьективті қажеттілігі көшпелі қоғамдарда идеология мемлекеттік құрылым мен басқарудың негізгі механизміне жатқандықтан туындайды.
Мемлекеттің саяси билігі, идеологиясының пайда болуы мемлекет түзілуінің негізгі шарттарына жатқызылады. Мемлекеттік идеология немесе билік институты ретінде, қоғамның даму барысында сол осы қоғамды басқару үшін ерекшеленген әрі санкцияланған, арнайы, автономды басқаруға ұмтылған жүйе саналады[1. 307-б] . Көшпенділер идеологиясы немесе қағандық билік институты әлеуметтік байланыстардың басты саяси механизмі болып табылады және де ол түркі қоғамдарында мемлекеттік дәстүрді айқындайды. Көшпенділер идеологиясын зерттеу, көшпенділер қоғамының саяси-әлеуметтік тарихы бойынша білімімізді тереңдетіп, мемлекеттік идеология көріністерінің өзіндік тұрпаты мен заңдылықтарын анықтау қажеттілігімен байланысты өрбиді. Ертеортағасырлық түркі мемлекеттеріндегі идеологияны, мифологияны, оның басқару сипатын, оның көшпелі қоғамдардың жалпы дамуымен байланысын және дәстүрлі басқару жүйесіне тигізген ықпалын зерттеу Отан тарихының өзекті мәселелері болып табылады.
Көшпенділер идеологиясы немесе қағандық идеология Екінші шығыс түрік қағанатының саяси тарихында маңызды орынға ие. Ол Күлтегін, Білге қағанға арналған ескерткіштер мен Тоныкөк жазуының мәтіндерінде айқындалған. Бұл жазулар Ашина мен Ашидэ түркі тайпаларының басшыларына жатады әрі баяндау көлемі бойынша ең ірі (Үлкен жазулар) жазулар болып табылады. Ашина мен Ашидэ тайпалары түркі тайпаларының біріктіруші негізі болды және олар қағанаттың әулеттік коалициясын құраған болатын. Осы тайпалар арасындағы қарым-қатынастар түркілер қағанатының ішкі-саяси жағдайын айқындады. Олар қағандық идеология механизмдерінің және бағыттарының негіздерін, династиялық қарама-қайшылықтарды, саяси ағымдарды және Үлкен жазулардың пайда болу себептерін ашуға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Көшпелі қоғамдардың саяси-әлеуметтік тарихын зерттеу барысында көшпенділер идеологиясы, жоғарғы биліктің мәні мен оның дамуы жайлы тақырыптар, кейде тікелей зерттеу тақырыбы болмасада, көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарынан орын алды. [3; 4; 5; 6; 7; 9; 10; 11; 12] Көшпенділер идеологиясы нақты тарихи жоспар бойынша бірқатар қазақстандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапты. Зерттеулерде Хазар қағанатындағы жоғарғы билік, оның Шыңғыс хан империясы кезеңіндегі функцияландырылуы және оның Қазақ хандығындағы әлеуметтік байланыстары жайында мәселелер қарастырылды.
Диссертация тақырыбына сай тарихнамалық деректер шартты түрде негізгі мәселелері бойынша жіктеле алады. Ең алдымен руна жазулары бойынша зерттеу жұмыстарын ерекшелеп алу қажет. Руна жазуларына қатысты жұмыстар өте көп, және ол зерттеулердің негізгі бөлігі филилогиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Түркі филологиясының зерттелуінсіз, түрік руна жазуларын танып-білу мүмкін емес. Бұл негізгі дереккөздің жазбаша дерегін танып-білу тақырыпты тарихи зерттеу барысында қажет болуымен байланысты. Графемаларды, түркі жазулары тілінің ішкі құрылымының ерекшеліктерін білу, олардың қазіргі түркі тілдерімен байланысы түркі филологиясының көптеген зертеушілерінің, ғалымдарының зерттеу пәні болды, әрі сол қалпында зерттеліп жатыр. Ұсынылып отырған жұмыстың басты міндеті ретінде, түркі руна жазулары ескерткіштерінің, олардың саяси-мемлекеттік тұрпаты бойынша анықтау қажеттілігі болды. Осы диссертация бойынша зерттеу жұмыстары барысында, В. В. Радлов, С. Е. Малов, А. Н. Кононов, И. А. Батманов, В. М. Насилов, А. С. Аманжолов, Ч. Джумагулов сияқты белгілі ғалымдардың еңбектері мен руна жазуларына жасалған аудармаларының маңызы зор болды. Осы жазулардың соңғы аудармалары үлкен қызығушылық тудырып, зерттеулердің басты бағыт-бағдары ретінде пайдаланылды.
Жұмыстардың келесі, маңызды бөлігі түркілер тарихына арналған. Түркілердің әлеуметтік, әскери-саяси тарихы, идеологиясы мен жоғарғы билігі жайлы көптеген зерттеулер В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, С. В. Киселев, Л. Н. Гумилев, М. Мори, Ю. А. Зуев, С. Г. Кляшторный, Б. Б. Ирмуханов, А. К. Камалов және т. б. белгілі ғалымдармен жасалды.
Жапондық ғалым М. Мори түркілер тарихына өзінің көптеген еңбектерін арнады. Олар қазіргі түркология үшін маңызды болып табылады. Зерттеуші Ашина мен Ашидэ тайпалары туралы айта отыра, олардың арасындағы одақ шығыс түркілер мемлекетінің саяси-әлеуметтік негізін құрағанын ерекше назарға алады. Оның пікірінше, түркілер қағанының билігі мен идеологиясы дейтүркілік және деймонғолдық тайпалардың ерте кезеңіндегі жоғарғы билік жайындағы келтірімдермен генетикалық түрде байланысты болады[2. 79-101-б] Жеке зерттеулерінде ғалым руна жазуларындағы мәлеметтерге, оларда белгіленген жер аттары мен тарихи тұлғалардың есімдеріне арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Ю. А. Зуевтың зерттеу жұмыстары өзіндік мәдени-дүниетанымдық бастауларды, көне және ортағасырлық көшпенділер қоғамы өмір сүруінің іргелі негіздерін іздеуімен ерекшеленеді. Олардың негізгі шарттары мен қорытындылары Ертетүркілер тарихы мен идеологиясына қатысты монографияда келтірілген болатын. Зерттеуші қытай жылнамалары, парсы, соғды және түркі дереккөздерінің мол деректеріне сүйене отырып, көшпелң қоғамдардағы әлеуметтік қатынастар жүйесіне талдау жасайды.
Мемлекеттің отбасы ретіндегі келтірімі ең көнелердің бірі болды және ол ертедегі рулардың архаикалық байланысы негізінде құралды. Көшпенділер үшін бұл рулар мен тайпалардың одағы ретінде ұғынылатын, ең алдымен, неке қатынастарын, білдіретін рутайпалық ұйым болып табылады. Осыған байланысты, аналық және әкелік жолдар (билеуші қаған үшін, сәйкесінше, қатундық және қағандық тайпалар) арасындағы өзара қарым-қатынастарды зерттеу көшпелі қоғамдарды зерттеу жұмыстарындағы маңызды әдіс болып саналады көшпенділер идеологиясын, оның басқару функцияларын, көрініс сипаттарын, қағандық және қатундықтайпалар арасындағы қатынастар мен байланыстарды зерттеген кезде, бұл әдіс, көп жағдайда көшпенділер қоғамы өмірінің басқа әдістерде көрінбей қалатын жақтарын ашып, айқындайды.
Белгілі бір тайпаның көшпенділер арасындағы басқа тайпалардың үстінен басқаратын жоғарғы билікке деген заңды құқықтың болғаны жайлы ең алғашқы жазба деректер Геродот еңбектерінен табылады. Бұл патшалық скифтердің тайпасы, яғни патшалық билікті иемденген тайпа еді [3, 46-47-б] . Сюнну (ғұн) империясы құлауына дейін жоғарғы Шаньюй тек Люаньди (тікелей әке руынан кейінірек көлденең жолмен) руынан сайланған болатын [4, 39-40-б] . Усунь мемлекетінде жоғарғы билік мұра бойынша Күнби (Куньмо) титулын иемденген билеушінің қолында болды [5, 11-12-б] . Түркі қағанаттары кезеңінде, жоғарғы қаған тек Ашина тайпасынан шықты. Ал, көне ұйғырларда жоғарғы қаған ретінде яглакар руынынң өкілдері сайланды [6, 224-б] . Шығу тегі көшпелі болып табылатын Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) ұлы императорлары әкелік руы бойынша тек Елюй руынан тарады [7, 29-32-б] . Алдыңғы орынға тек әкелік (қағандық) жол бойынша туысқандық шыққаннын айта кетейік.
Кейде, жазбаша дереккөздер қоғам тарихының дағдарыс кезеңіндегі көшпенділер билеушілерінің аналық жолы (руы) жайлы аз да болса, маңызды мәлеметтер береді. Бұл мәлеметтер Ляо империясы тарихының деректерімен дәлелденеді. Онда мемлекет билеушілері Сяо аналық руынан ғана шыққаны айтылады. Император Шицзун патшайым дәрежесіне басқа рудың әйелін қойған кезде, Сяо руы оның билігіне қарсы бас көтереді. Ал, 951 жылы Шицзун өлтіріледі, және онымен бірге патшайымда мерт болады [7, 30-б] . Тарихи процестердің дамуына едәуір үлес қосқан, көптеген халықтар мен этностардың тағдыры мен мәдениетіне ықпал еткен белсендіполитиялар ретіндегі көшпенділер қоғамына деген қызығушылық бағыдан көптеген батыс-еуропалық ғалымдардың назарын жаулап алған болатын. Бұл Т. Барфилд, Лоурэнс Крадэр, Е. Сэрвис сияқты т. б. ғалымдардың жұмысы еді. Бұл жұмыстарды кеңестік тарих мектебі доктринасының аясында зерттеу, өзіндік оң нәтиежелерді беріп, В. В. Трепавлов, А. М. Хазанов, Н. Е. Масанов, Н. Н. Крадин сияқты атақты ғалымдардың ой-қорытындыларын әкелді.
А. М. Хазановтың көптеген еңбектері көшпелі қоғамдарды зерттеуге арналған. Олардың ішінде ең танымалы-«Көшпенділер және сыртқы әлем» еңбегі болып табылады. Онда көшпелі қоғамдар тарихының маңызды мәселелеріне сараптама жасалынады, зерттеудің мол тарихнамалық базасы, аудан бойынша бұрыңғы және қазіргі кездегі көшпелі қоғамдарының орналасу жерлері көрсетілген. Автор өзі байқағандай «Бұл кітаптыңнегізгі тезисі келесі жайтқа байланысты болады: Мамандану үлкен тәуелділікке әкеледі. Жылдамдыққа дағдыланаған малбағушы көшпенділер неғұрлым маманданған болса, онда ол, соғұрлым малшаруашылықпен айналыспайтын, басым түрде отырықшы болатын әлемге тәуелді болады» [8, 43-б] .
Н. Н. Крадиннің «Империя Хунну» (ғұн империясы) атты еңбегінде батыс зерттеушілерінің, кеңес және ресейлік ғалымдардың әлеуметтік антропология бойынша теоретикалық ой-толғамдарды пайдаланады. Ал, қытай жылнамаларын аудармасыз танып-білуі оған ғұн тарихының күрделі де даулы сұрақтарына барынша тоқталып қарастыруына мүмкіндік берді. Оның пікір бойынша, ғұндар, көшпелі қоғам түзілуіне маңызды роль ойнаған, ең алғашқы империяны құрады. Автор, бұл зерттеуінде ғұндардың саяси жүйесін «суперкүрделі одақ» (суперсложное вождество) деп атайды. Ол өзінің құрамына даланың кең-байтақ территорияларына таралған полиэтникалық тұрғындарды қабылдап, есепке алды. Халықаралық қатынастардың субьектісі ретінде саналған олар, династиялық некелерді тұрғызуға құқылы болды, әрі, өзара бағынудың күрделі жүйесіне және ресми титулатураға ие болды [9, 24, 245] .
Сөйтіп, ұсынылып отырған жұмыста көшпенділер тарихы бойынша, тек түркі заманының тарихнамалық деректері ғана емес, сонымен қатар, оданда ерте және оданда кейінгі кезеңдердің деректері және де түркі филологиясы мен этнографиясының жұмыстары, Батыс және Ресей зерттеушілерінің теоретикалық-әдіснамалық ой-толғамдары пайдаланылды. Аталған тарихнамалық жұмыстарды кешенді және жан-жақты зерттеуінің арқасында ғана, біз көшпенділер идеологиясының мәнін түсіндіре алатын оң нәтиежелерді алуға үміттендік.
Деректемелік базасы. Жазу-бұл кей жағдайда, қоғам дамуының мемлекеттік сатысына сай келетін критерийдің сипаты болып табылады. VIII ғ. бірінші ширегінде даланың кең байтақ территорияларында түркі қағандарының, одан кейін ұйғырлардың жазу ескерткіштері тұрғызыла бастайды.
Шығыс түркілер тарихына жатқызылатын жазулар ерекше құндылыққа ие болады. Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған ескерткіштермен түркілердің үш қағандарының тұсында кеңесшң болған Тоныкөктің жазуы түркілердің тас жазу мұрасында ерекше орын алады және өзінің ашылу уақытынан бастап, жеке және арнайы зерттеулерге лайықты болып табылады. Жазулар көшпенділер идеологиясын зерттеуде маңызды дереккөз болып табылады. Осы жазуларға жүргізілген текстологиялық зерттеулері мен тарихи мәлеметтерге қолданылған салыстырмалы сараптамалар басқа әдісте көрінбей тасада қалатын, шығыс түркілер өмірінің ерекшеліктерін ашады.
Көлемі бойынша ең ірі жазулар ашина және ашидэ тайпалары көшбасшыларының атынан тұрғызылды. Күлтегін және Білге қаған жазулары қағандық ашина тайпасының өкілдеріне жатқызылса, Тоныкөк жазуы қатундық ашидэ тайпасының өкіліне жатқызылады. Олар қоғам өмірінің ең маңызды жақтарынан көрінісс береді. Олар қағандық билікті зерттеген кезде, негізгі бағыт-бағдарға айналады. Қаған жазулары түрік қағандары билігінің идеологиялық негіздемелері, олардың мемлекет құру мен дамуындағы мақсаты, міндеті, функциялары мен ролдері жайлы айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, зерттеу тақырыбын кешенді түрде қарастыру үшін, ұйғыр қағанатының қағандық жазулары (Терхин жазуы, Сэврэй жазуы, Могойин Шине усу жазуы) Чойрэннен табылған Тоныкөк жазуы, Шығыс Түркістандағы түркіжазуларының мәлеметтері пайдаланылды.
Түркі тарихы бойынша толық мәлеметтер, әрине қытай жылнамаларында кездеседі. Көрғасырлық қытайлық жылнама дәстүрі ғалымдар тарапынан ақпарат тасымалдаудың бірегей тәжірибиесі деп есептеледі.
Ортадағы (Срединная) империясы үшін Ұлы қытай қорғанынан солтүстікке, солтүстік-батысқа қарай тұратын көршілері жайлы кез келген ақпараттар мен білімдер іс-жүзінде, нақты өмірде өте қажет болды. Олар арасындағы тұрақты қатынастар мен тауарайырбастардың орын алмауы мүмкін емес, олар тіпті қажет болып табылады. Ақпараттар әртүрлі сипатта болды. Сондықтанда, көршілер жайында ақпараттар жинау, кез келген қытай династиясы сыртқы саясатыныңмаңызды бөлігін құрады. Түркілер тарихына қатысты болып саналатын еңбектерді келесі тізім түрінде келтіруге болады: «Вэй шу (Вэй әулетінің тарихы, 386-531ж. ж), «Чжоу шу» (Чжоу әулетінің тарихы, 557-581ж. ж. ), «Суй шу» (Суй әулетінің тарихы, 581-618ж. ж), «Цзю Тан шу», «Синь Тан шу» (Тан әулетінің жаңа және ескі басылымдағы тарихы, 618-906 ж. ж), «Тан хуэйяо» (Тан назары, VII-X ғ. ғ) . Бұл дереккөздердің көп бөлігі орыс және қазақ тілді аудармалары жасалған.
Зерттеудің әдіснамасы. Мемлекет пен мемлекеттік идеология өзара тығыз байланыста болады және де бұл мәселені зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді қолдану зерттеу жолдарын анықтайды, оның ерекшеліктері мен қойылған міндеттердің шешімін айқындайды. Қазіргі саяси антропологияда политогенез теориясының көпке белгілі екі: конфликті және интегративті топтары бар. Әртүрлі көзқарастар бойынша қарастыратын тарих пен политогенез зерттеушілері халық тұрғындарымен сәйкес келмейтін және одан халықты басқару үшін ерекшеленген, арнайы бағындыру құралдары және халық тұрғындарын қорғауы үшін әскери ие болатын бұқаралық биліктің пайда болуы «мемлекеттілікке» жатқызыла алатыны, ал, қоғамның саяси ұйымы «мемлекет» деп мойындала алатыны жайлы ортақ бір қорытындыға келеді.
Мемлекеттік идеологияның институциаландыруы мен легитимдендірілуі ұзақ эволюцияны бастан кешірді. Оның бір айғағы ретінде дейқауымдық биліктің пайда болуы, әлеуметтік ұйымдасудың эволюциясында маңызды, керек болса, шешуші қадам болды. Ол мемлекет пайда болуының шартына айналды [10, 166-167-б] . Мойындалған теориялар бойынша, мемлекеттік түрдің мемлекетттік емес түрден айырмашылығы одақ (вождество) билеушісі беделге негізделген (консенсуальді билік) билікке иемденсе, мемлекетте билеушінің билігі заңдастырылған және легитимдендірілген күштің (әскери күштің) көмегімен санкцияларды жүзеге асыруға құқылы болуында жатыр [9, 237-б] .
Зерттеушілердің бұл ойлары көп жағдайда дұрыс, алайда көшпенділер қоғамына қатысты, мойындалған билікке ие болған билеушілердің көшпенділер қоғамы ішінде, «легитимдендірілген күшті» қолдану өзін ақтай алмайтын әрі мүмкін емес, шара болып шығады [11, 212] . Әруақытта ол, көшпелі тұрмыстың (шаруашылық салттың) негізіне және рутайпалық қатынастарға «ұрынып» отырды. Бұл бағынышты халықтың көшіп кетуіне, яғни жоғарғы билікке бағынбауға ұласты.
Еуразия даласының кең-байтақ аридтік зонасын игеру және олардың көшпенділердің арқасында өндіруші экономика саласына араласуы адамзат қоғамы дамуының маңызды көріністерінің бірі болды. Белгілі уақытқа дейін, мұндай өмір қамтамасыз етудің экономикалық негізі жеткілікті түрде тиімді жұмыс істеді. Көшпенділер көптеген халықтардың тарихи дамуына, олардың этникалық және саяси тарихына ықпал жасады. Сыртқы әлеммен саяси-әскери, мәдени және экономикалық қатынастарда өзара ықпалдаса отырып, көшпенділер қоғамы біруақытта сырттан келген ықпалдарға да ұшырады.
Бүгінгі таңда көшпелі мемлекет отырықшы-жериеленуші мәдениеттермен өзара байланысу нәтиежесінде пайда болды деген пікірлер бар. Сонымен қатар, көшпенділердің басқару аппараты отырықшы-жериеленуші қоғамдар үшін (мемлекеттілік) үстем етуші ретінде көрінсе, ал көшпенділер олардың рутайпалық ұйым құрылымымен, мұндай аппапатқа қажеттілігі болмаған еді [9, 308-309-б] .
Мұндай әдіс көшпелі қоғамдардағы әлеуметтік қатынастар эволюциясы үрдісінің тек бір ғана, сыртқы жағын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ көшпелі қоғам өмір сүруінің ішкі әлеуметтік негіздерін түсінуге ат салыспайды, рутайпалық құрылымның басқару механизмдерін көрсете алмайды. Бұл әдістің, оң позитивті негізі ретінде, шынында да сыртқы факторлардың рутайпалық ұйымдардың негізіне қаланған қоғам дамуының саяси-әлеуметтік механизмдерін біріктіріп, жылдамдатуы болды. Ол көшпенділердің ішкі қоғамдық қатынастарын ынталандыра отыра, қажетті шарт, катализатор болды.
Кез келген қоғамның міндетті атрибуты ретінде, дамыған және көп сатылы рутайпалық құрылымның орын алуы болды. Көшпенділер ұйымының рутайпалық құрылымы саяси ұйымдардың түзілу кезеңінде орталықтандырылған басқару жүйесінің белсенді қолданылмалы механизміне айналды; көшпелі қоғам «өзін мемлекетке ұйымдастырғандай болды». Көшпелі тұрмыс жағдайында, дәл осы рутайпалық ұйым барынша тұрақты және жалпы өмір сүруі мүмкін болды. Г. Е. Марков айтқандай, көшпенділер отырықшы қоғамдардың әлеуметтік ұйымдарынан өзгеше, ерекше «қауымдық-тайпалық қоғамдық ұйымды» құрған болатын. XX ғасырға дейін ол жалпыәлемдік қатынастар заңдылығы бойынша дамыды; аналық рудың басқаруға басым түрде ат салысу құқығынан, әлсін-әлсін айырылуы барлық басқару функциялары әкелік руға ауысуы, әлеуметтік диференциациясының жүруі, сегментация үрдістерінің орын алуы және т. б. бірақ соның өзінде де ол өз мәнінен айырылмады.
Қазіргі таңда тарих ғылымындағы теоретикалық әдістерден басқа белгілі және тиімді зерттеу әдістері қолданылды. Біріншіден, бұл Үлкен руна жазуларына жүргізілген салыстырмалы-мәтіндік сараптама жұмыстары, олардың мазмұнын палеографиялық және макромәтіндік түсіндіру әдістерін қолдану. Екіншіден, жұмыста түркілер тарихына қатысты (негізінен түркілік және қытайлық) әр түрлі тілдегі жазбаша дереккөздерге синхронды салыстыру қолданылды. Соның ішінде, дереккөздердің қоғамның мәдени-тарихи өміріне сабақтастығын, байланыстығын, олардың қарастырылып отырған уақыт шеңберіндегі саяси-әлеуметтік және мәдени шарттарынан қашық болмауын көрсету маңызды болды. Әрине, зерттеу деректеме негізіне қолданылған мұндай әдіс барысында түрік руна жазулары мен қытай жылнамаларының деректеріне әртүрлі көзқарастар орын алды. Бұл жағдайда, түркі жазулары қағанат тарихын толық аша алмауына қарамастан, басты дереккөздер болып табылады.
Сөйтіп, ұсынылып отырған жұмыстың әдіснамалық негізі толық түрде ғылыми әдістер кешенімен және этнографтар мен антропологтардың теоретикалық ой-толғамдарымен келтірілген.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Зерттеудің хронологиялық шеңбері көшпенділерде мемлекеттік идеологияының орнығу уақытымен (VI-IX ғ. ғ. ) анықталады. Көшпенділер идеологиясын барынша жан-жақты зерттеу Екінші шығыс түрік қағанаты (682-744 ж. ж. ) мысалы арқылы көрсетілген. Мұндай таңдау-түрікқоғамының ең маңызды дереккөздері-руна жазуларының пайда болуымен байланысты жасалды.
Деректерді жинастырған кезде, біз назарымызға VI-IX ғ. ғ. түрік қағанаттарының сыртқы және ішкі саяси тарихына қатысты оқиғаларды алдық. Ол оқиғалардың ерекшеліктері, сол кезеңдегі мемлекеттік идеологияның қағанат институтының басқару жүйесіндегі алатын орны мен ролін, көрініс сипаттарын саралауға мүмкіндік берді. Сонымен қоса, ғұндар (II-IV ғ. ғ. ) және монғолдардың (XIII ғ. ғ. ) тарихына қатысты жазбаша деректердің мәлеметтері де пайдаланылды. Бұл мәлеметтерге деген қажетілік Орталық Азия көшпенділерінде байқалатын тұрақты әлеуметтік-экономикалық сабақтастық дәстүрі мен идеологиялық танымдардың орын алуымен байланысты болды.
Зерттеудің географиялық шеңбері. түркі тайпаларының алғашқы бірігу үрдістері қазіргі Монғолияның далалы аймақтарында жүрді. Орхонда жуаньжуань қағандары талқандалып, және Түрік қағанаты құрылғаннан кейін, түркілердің геосаяси ұмтылыстары олардың географиясын кеңейтті. Енді түркі қағандарының билігі Маньчжуриядан Киммерилік Боспорға (Керчь бұғазы) дейін, Енисейдің жоғарғы жағалауынан Амударияның жоғарғы жағалауына дейінгі ұлан-байтақ территорияға жайылды [ 59, 61] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz