КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

  1. КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

1. 1 Дамыта оқыту технологиясының ғылыми негізі

1. 2 Дамыта оқыту технологиясының принциптері мен әдістері

2 көптік жалғауларын дамыта оқыту технологиясы

2. 1 Көптік жалғауының лингвистикалық негізі

2. 2 Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2003» стратегиялық жолдауында, 2007 жылдың шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін жасау болып табылады, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [2] . Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, «жалпы білім беру» моделінен «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген.

Ол мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру әрі жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді міндеттейді.

Осы орайда, көптік жалғауын оқытуда дамыта оқыту технологиясының тиімділігін көрсету - жұмысымыздың өзектілігін танытады.

Зерттеудің мақсаты: көптік жалғауларын дамыта оқыту технологиясы негізінде оқытудың тиімді жолдарын көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

  • көптік жалғауының зерттелуін жан-жақты сипаттай отырып, көп-

тік жалғауын меңгертудің амал-тәсілін айқындау;

  • көптік жалғауының әр сөз табына жалғану ерекшелігін көрсету,

жалғану жолдарына қарай беретін мағынасына тоқтала отырып, дамыта оқыту жолдарын көрсету;

Зерттеу нысаны: көптік жалғауын дамыта оқыту методикасы.

Зерттеу әдістері: жұмысты жазу барысында зерттеу, салыстыру, талдау, жинақтау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми болжамы: көптік жалғауын дамыта оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, көптік жалғауының әр түрлі сөз табына жалғану ерекшеліктерін, өзіндік қасиетін әр жеке тұлға толық меңгерсе, оны сөз қолданысында, сөйлем құрауда, өз ойын қағаз бетіне түсіруде жүйелі пайдаланса, білімінің тереңдігін көрсетеді.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: көптік жалғауын дамыта оқыту жолдарын, ғылыми еңбектер, көптік жалғауын оқыту мәселелері жайындағы зерттеулер.

Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау бірнеше тақырыптардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

  1. КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

1. 1 Дамыта оқыту технологиясының ғылыми негізі

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі - орта мектеп түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған лайық оқулық дайындау мәселелері алдымызда тұр.

Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау міндетін қойды [3, 31] . Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы, өзін-өзі тәрбиелеуіне қарай бағыттау алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.

Сол мақсаты жүзеге асыруда ең алдымен мұғалімнің өзі жаңа педагогикалық технологияларды жан-жақты зерттеп, қазақ тілі пәнін оқытуға тиімді дегендерін іріктеп алуа білуі керек. Қазақ тілі пәнін оқытуда қырағылық жасап, мұқият болған дұрыс. Себебі, «Тіл - кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады», - деп көрсетеді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев [3, 37] . Олай болса, қазіргі кезеңде дамыта оқытудың тиімділігі зор.

Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» - бүгінгі күннің басты талабы.

Оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу түрткілермен (мотивтермен) байланысады. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілер пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер әрекетінің амалдарын, орындаудың құралдарын белгілейді, таңдауды талап етеді.

Оқу әрекеті де білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшелегімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, А. И. Леонтьев, А. Р. Лурья, С. Л. Рубинштейн, т. б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, П. Е. Гальпериндердің зерттеулерінде қарастырылды.

Ш. А. Амоношвилидің бастауыш сынып оқушыларына гуманистік жеке тұлғалық бағытта оқыту жүйесі. Мақсаты: білім беру барысында оқушылардың тек жақсы қасиеттерді дамыта отырып, жаны мен жүрегіне ұят, ар, намыс дегенді ұялатып, ізгілікті жеке тұлға қалыптастыру. Яғни оқу, тәрбие деген идея. Оқушының өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіншілігін ашып, тұтас психика қалыптастыру керек. Тұтас психика 3 құлшыныстан тұрады: 1) дамуға деген құлшыныс; 2) ересек болуға деген құлшыныс 3) ешкімге тәуелді болмай, ерікті болуға деген құлшыныс. Оқушы ұғынуға тиіс, биік рухани материалдар мен құндылықтар: жан, рух, жүрек, ізгілік, махаббат, достық, өмір, сыйластық, сүю т. б. [4, 49] .

М. И. Махмудовтың мәселелік оқыту жүйесі. Мәселелік оқыту оқушының өз бетімен іздену, соның нәтижесінде дұрыс та нақты шешімдерге келе алу әдістерін үйретуді көздейді. Оның айтуынша, оқушының жеке тұлғасын дамытуда оның ішкі мүмкіндіктерін дамыту, жетілдіру мақсаты қойылуы керек.

М. И. Махмудов білім беру - білім алу әдістері ішкі және сыртқы болып бөлінеді: сыртқы әдіс дегеніміз - мұғалім қандай әрекеттерді қолданатындығы, ішкі әдісте нені басшылыққа алатынын анықтайды. Яғни мұғалім мен оқушының оқу-танымдық қызметтегі сыртқы және ішкі әрекеттердің бірлігі арқылы оқытудың мәселелік дамытушылық әдістері танылады. Оқытудың монологтық әдісі - оқу материалын түсіндіруде мәселелік ахуалдар туындайтынын сипаттау, түсіндіру әдісі айтылады. Яғни мұғалімнің ғылымдағы дайын білімді мектеп лекциясы түрінде жеткізуі деп есептейді [5, 68] .

С. Н. Лысенкованың оза оқыту технологиясы. С. Н. Лысенкованың бастауыш сынып оқушыларына білім беру ісінде ашқан үлкен жаңалығы - пән бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды болдырмау немесе азайту үшін, кейбір тақырыптарды оқыту үдерісіне оза отырып енгізудің тиімділігі. Қиын тақырыптарды С. Н. Лысенкова дәл бағдарлама бойынша емес, анағұрлым ертерек бере бастайды. Әр тақырыптың басталуы әртүрде келеді. Оның оқыту технологиясын сызба түрінде көрсеткенде мынадай болып келеді [ 6, 127] .

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы. Мақсаты: жеке тұлға деңгейіне жеткізу. Ж. Қараевтің деңгейлік саралай оқыту технологиясында әр оқушының даму ерекшеліктеріне сай білім беру оқушыдан дамымайтын қабілетті қинамау, әр деңгейге сай тапсырмалар жүйесін жасай отырып, оқушылардың даму жолын белгілеу [7, 29] .

3-кесте. Оза оқыту технологиясы.

Ойын технологиясы. Ойын - өзіндік басқарудың жинақтық, қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:

  1. Мақсат қою; 2) жоспарлау; 3) мақсатты жүзеге асыру; 4) адам-

ның өзін субъект деп табуын қорытындылау болып бөлінеді.

Т. И. Шамованың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәрбие меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді: 1) еркін дамитын әрекет; 2) шығармашылық әрекет; 3) эмоционалды әрекет; 4) Тікелей немесе жанама ережелер [8, 133] .

Ойынның дидактикалық үдерісінде атқаратын көптеген функциялары бар. Олар:

  1. Әлеуметтану;
  2. Ұлтаралық араласушылық,
  3. Ойында өзін ұстай білу;
  4. Ойынның қатысымдылығы;
  5. Ойынның болжамдағыштық сипаты;
  6. Терапевтік;
  7. Жөндеу;
  8. Сауықтық-ойын.

Ойынның баланың жан саулығын қалыптастырудағы қызмет туралы Д. Б. Эльконин «Ойын терапиясы баланың рөлдік ойынға енудегі жаңа әлеуметтік іске асырудың екі жолы бар: 1) жалпы білім беретін пәндерді зерттеу барысында ақпараттық-қатынас технология құралдарын жүйелі қолдану; 2) ақпараттық пәнаралық қатынастарын басқа пәндермен өзара байланыста жүзеге асыру» деп қарастырады.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Бұл бағдарлама - бірлескен еңбек тәжірибені жүйеге келтіргендер: Джинна Л. Ситл, Куртис С., Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жаратып, пайдалана білуді қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны таныту, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Ойлауға тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтана қолданады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт бөлу;
  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
  3. Әр түрлі мұраттар мен пікірлерді қабылдау;
  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану;
  5. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді,

дәйекті болуын талап ету;

  1. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал оқушылардан осыған

байланысты: сенімділікпен жұмыс жасау; бар ынтасымен оқуға берілу; пікірлерді тыңдау, құрметтеу; өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру. Қазіргі кезде білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл білім технологиясы академик П. М. Эрдниевтің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалық жұмыстың нәтижесінде өмірге келген. Қазір Ресейде кең түрде қолданылады.

Бұл технологияның бірінші мақсаты оқушылардың қызығушылығын ояту.

Ал үйрену үдерісі - бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойда қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңге жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу) . Бұл кезеңге үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.

Соның бірі - INSEPT. Ол бойынша, оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында

V - «білемін»

- «білмеймін»

+ - мен үшін жаңа ақпарат

-? - мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSEPT - оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жеке түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

«Субъект - объектілік» оқыту жүйесінен «субъект - субъект» оқыту жүйесіне көшу қажеттілігі мен оның талаптары қандай? Оқу үдерісі - таным үдерісінің арнайы ұйымдастырылған түрі. Оның сәтті болуы не кері нәтижеге түсудегі сыры неде? Бұл сұраққа жауап іздеуде білім, білімді беруші, білімді қабылдаушы деген оқу жүйесін құрушы элементтердің байланысы туралы мәселе туындайды. Ол байланыстар кездейсоқ заңдарға бағынбай, табиғи таным үдерісіндегі заңдылықтармен мүмкіндігінше астарласып жатуы ғана оң нәтижеге жетелейді. В. В. Давыдов педагогикалық үдерісті тұтас жүйе ретінде, ал сабақты соның бір «клеткасы» ретінде таниды [9, 128] . Сабақта мұғалім мен оқушы атқаратын әрекеттер дидактикалық қатынас туғызушы байланыстарды білдіреді.

Танымдық қызметтің өмірдің қай саласында да басты мақсаты - адамзат өмірін игілікті ету, адам баласын ізгілікті бағытқа салу. Оқытудағы гуманистік бағыттың болмысы да осыдан туындайды. Ян Амос Коменскийдің «Ұлы дидактикасының» ұлылық сипат алуы оның баланы даналыққа тәрбиелеу жолын айтуымен байланысты. Мұғалім мен оқушының арасындағы дидактикалық қатынас - адамзат жинақтаған білімді жеткізуші мен оны қабылдаушы екі ой иесінің ерекше қарым-қатынасы. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі оқушының субъект емес, объект ретінде қарастырылуы білім берудің негізгі мақсатының нақты айқындалмау себебінен туындағанын ғалымдар атап көрсетіп жүргені белгілі.

Т. Садықов пен А. Әбілқасымованың «Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері» деген еңбегінде: «Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық.

Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді», - деп атап көрсетеді [10, 4] .

Мемлекетіміздің 2030-шы жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді.

Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру - оқытушының басты міндеті болып табылады.

Мұғалім дегеніміз - бұл қолына уақыт аралығындағы байланысты ұстаған алып, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуатпен ақылды, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе білетін данагөй, жалынды сөздері жастарды ерлікке жетелейтін шешен, дүниенің жанды сұлулығын көрсететін суретші, жан дүниенің бүкіл болмысын көре білетін адам.

Мектеп мұғалімдері алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген. Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастағылардан бастап жүргізу керектігі айдан анық. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру үшін қазіргі мектеп, ондағы сабақтар талапқа жауап бере алмайды.

Жеке адамды қалыптастыру үшін не керек?

Ол үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. «Шынайы білім фактілерді білуден емес, оларды дұрыс қолдана білуден құралады», - дейді ғалым Г. Бокль [11, 313] .

Қазіргі педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуымен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Соның бірі-дамыта оқыту технологиясы. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне қарай таңдап, пайдаланудың маңызы зор. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибемізде жиірек қолданып, практикаға енуде. Ал технология түсіндірмесін сөздікте: «Қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деп, ал педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдарымен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» - деп түсінік береді М. В. Кларин [12, 36] .

Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.

Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты, қолданбалы, құрама блоктық және модульды болып бөлінеді.

  1. Сызықтық - оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау

жұмыстарымен кезектестіріліп отырады.

  1. Тармақты - оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда

қосымша ақпарат көздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.

  1. Қолданбалы - өзінің меңгеру дәрежесіне қарай жаңа

материалдың күрделілік дәрежесін өзі таңдап, сөздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды, компьютер, т. б. ) қолдана алады.

Қорыта келгенде, педагогикалық технология деп оқыту үдерісіндегі өзін жүйе ретінде құрылысы мен басқаруда деңгейлік мақсаттар қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру барысы деп танылады. Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түп негізі - оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіретін тану және нақты оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді. Мәселен, Г. К. Селевконың кітабында 40-шақты оқыту технологиялары сипатталған [13, 55] .

Педагогикалық технология - тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, практикада пайдалану шарт.

ХVІІ ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде баланың ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген [14, 312] .

Оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Дәстүрлі әдістің негізін сыныптық сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда (бұрынғы отандық педагогикада) пайда болып, осы заманғы Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқалардың идеяларына жалғасты. М. Н. Скаткин барлық сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды дұрыс деп есептейді. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдарының көрсетілуін жөн деп санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу, оқыту
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Зат есімнің жалғауларын оқыту
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Есім сөздерге жалғанғанда, жіктік жалғаулары заттың кім
Жіктік жалғауын оқыту әдістемесі
Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру
Шығармашылық ойлау дағдысы
Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz