Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Нарық механизімінің қозғаушы күші -
бәсеке ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 7
1.1 Бәсеке дамуының теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1.2 Бәсекеге қабілетті қамтамасыз етудің
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10

1.3 Бәсекенің шет елдік тәжірибе бойынша
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...25
2. Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . 29
2.1 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .29
2.2 Мемлекеттің ішкі нарықта импортты алмастыру
саясаты ... ... ... ... ... ... ... .44
2.3 Ақмола облысы бойынша бәсеке дамуының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
3. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті арттыру мақсатындағы
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.1Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жолындғы бағыттары ... .53
3.2 Экономикадағы кластерлік жүйенің даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...59
3.3 Берілген тақырып бойынша мектепте оқушылармен сабақ жүргізу
      әдістемесі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...67

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...72

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы,
ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынмен қол жеткізу негізгі
міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру ырқылы
елімізді дамытуын 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
Бәсеке ұғымы нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуі мен дамуының басты
тетігі болып табылады. Бәсек жоқ жерде және өңдірілген өнім бәсекеге төтеп
бере алмайтын болса, нарықтық экономиканы тиімді деп, ал оның өсуі тұрақты
деп атуға болмайды.
Қазақстан экономикасының тап бүгінгі күндегі дамуының негізгі
үрдістерін және бағыттарын сараптай келе бәсекеге қабілеттіліктің
ақтандақтары анықталады. Жалпы еліміздің сол бәсекелестік күресіндегі
қабілеттері мен мүмкіндіктері, сонымен қатар әлемдік экономикалық
деңгейдегі даму мәселесі қозғалады. Сыртқы және ішкі экономикалық
үрдістердің маныздылығы, ондағы Қазақстан ұстанатын позициясының қаншалықты
беріктігі туралы мәселелер қарастырылады.
Қазіргі танда әлемдік экономика жаҺандану үрдісінде іске асырылып,
бағдарланып жасалуда. Әлемдік экономикаға интеграциялану барысында әрбір
мемлекет, сол мемлекеттің әр бір аймағы мекеме мен өнеркәсібі өзіне тиімді
деген жағдайды ұстануға тырысуда. Дүние жүзілік денгейде экономикалық
тұрғыдан күш сынасу үшін, мемлекет ішкі жағдайды неғұрлым берік әрі жүйелі
құрылған болуы керек. Ішкі экономикалық жағдайының беріктігі оның
экономикалық даму тұрақтылығы, озықтығына байланысты. Сол себепті бәсекеге
қабілеттілік әр бір мемлекеттің әлемдік экономикалық сахнадағы рөлін
анықтаушы болып табылады. Және бүгінгі күнде экономикалық манызды шарт.
Қазақстан Республикасы әуелден ресурс тұрғысынан жоғары қамтылған
мемлекеттердің бірі, алайда экономикалық дамуы тежеулі еді. Республиканың
басты мақсаты бар ресурстарды қолданып мешеулікті артта қалдырып, аршынды
дамып келе жатқан, экономикалық деңгейі ең жоғары 50 мемлекеттің қатарына
қосылу. Бұл мақсатқа тек бәсекеге қабілеттіліктің әр бір көрсеткішін жан
жақты зерттеп оның тиімдісің өзімізге қолдану арқылы жетуге мүмкін.
Сондықтан тап бүгінгі күнгі экономикамызда жетіліп келе жатқан
бәсекелестікті ұлғайту өзекті болып табылады.
Тақырыптын зерттелуі: Бәсекеге қабілеттілік жайлы , оның мәселелері
жайлы, Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі туралы зерттеу
жұмыстары түрлі деңгейде , әрі әр келкі толық қанды зерттеледі және
зерттеліп келеді. Бәсеке, бәсекенің дамуы, оның теориялық тұрғыдан жетік
зерттеген әрі сараптаған ғалымдардың бірі М. Портер. болып табылады. Оның
“Международная конкурентоспособность” еңбегі бүгінгі күні бәсеке жайлы
негізгі оқулық ретінде қарастырылуда. М.Портер бұл оқулықта көптеген жылдар
бойы жүргізген түрлі мемлекеттердегі экономикалық зерттеулер негізінде
олардың бәсекеге қабілеттілікті анықтап, жалпы бәсекеге қабілеттілік
теорияларын келтірген.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілік жайлы Бегежанов Е.
Б. “Теоритические аспекты международной конкурентоспособности Республики
Казахстан”, Джумагелдиева Т. А. “Экономический механизм развития
конокуренции Республики Казахстан ”, Нурсейт Н.А. “ Основные факторы
конкурентоспособности және т.б. ғылыми еңбектерде. Сонымен қатар ғылыми
мақалаларда Наренова А.М. “ О конкурентоспособности национальной экономики”
, Сагадиев К. Проблемы конокурентоспособности национальной экономики”
Жаукина М.А. “Влияние конкурентоспособности на устойчивое развитие
Казахстанской экономики” т.б. қарастырады. Қазақстандағы бәсекелік даму
жолындағы импорт алмастыру мәселесін Жаманкулов Б.С. Импортозамещение в
Республики Казахстан в условиях рыночных отношений: теория, практика,
перспективы”, Абдикаримова А.Т. “Импортозамещение и проблемы расширения
рынка Республики Казахстан”, Кошанов А.Т. “Конкурентоспособное
импортозамещение и внутрений рынок” қарастырп, толық дерлік ашылады.
Еліміздің қазіргі тандағы “Біріккен сауда ұйымына “ т.б. көптеген
экономикалық қауымдастықтарға интеграциялану бағыттары Рогачева А.А:”
Экономические компоненты устойчивого развития Казахстана в условиях его
интеграции в мирохозяйственную систему”, Алшанов Р. Әшімбаев А.
“Бүкіләлемдік сауда ұйымы және Қазақстан” , Донских А. “На орбите
глобального бизнеса” қарастырылып , сол интеграция бағытындағы жеке мәселе
кластерлік экономика жайлы құнды деректер Джангарашева Н.В. “Кластерный
анализ рыночных сигментов” , Байзақов С. және Райхан Н. “ Қазақстан
экономикасын кластерлер көтереді” т.б. көптеген еңбектерде қарастырылады.
Тақырыптың мақсаты: Қазақстан Республикасының кәзіргі тандағы
экономикалық дамуының артылықшылықтары мен кемшіліктерін, басымдықтары мен
проблемаларын айқындау. Сонымен қатар жыл сайын қойылған экономикалық
бағдарламалардың іске асырылу деңгейін анықтау. Қазақстан Республикасының
бәсекеге қабілеттіліктің қандай жүйемен іске асырылып жатқандығын,
болашақта еліміздің әлемдік өз орнын қандай деңгейден алатының анықтау.
Тақырыптын зерттеу обьектісі: Бұл Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілеттілігі болып табылады. Қазақстан Республикасының бәсекеге
қабілеттігінің айқындаушы факторларын, негізгі, басты көрсеткіштерінің
жетілуін қарастыру . Жалпы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетінің
аумағы, оның дамуы мен жетілуі.
Жұмыс барысында бірінші тарауда жалпы бәсекеге қабілеттігінің тарихы
мен теориялық қағидалары берілді. Оның әлемдік денгейде дамуы
қарастырылады. Келесі тарау елдің жалпы экономикалық көрінісі мен бәсекеге
қабілеттігінің ішкі нарықтағы жүйесі анықтайды. Және облыс деңгейінде дамуы
сиптталды. Соңғы бөлімде бәсекеге қабілетін дамыту барысындағы жалпы
болашақ шараларың жүргізілуі қарастырылды. Яғни Қазақстан Республикасының
әлемдік экономикаға интеграциялану бағыты ашылып, ішкі напрықтағы жаңа
кластерлік бағыт сараланды.

1. бөлім Нарық механизімінің қозғаушы күші - бәсеке
1. Бәсеке дамуының теориялық аспектілері
“Бәсеке” - көне латын тілінен “қақтығысу” деп аударылады және үнемі
ерекше жаңа нәтижелерге жету үшін күресуге ұмтылдырады. Сонымен бірге нарық
механизімінің элементі ретінде тауарды өндіру мен сатуда нарықтық
субъектілердің өзара іс-әрекеттерінің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Қоғамда нарық дамуымен қатар бәсеке де жетіліп жатты. Нарық стихиялы
түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялық нарық, реттелмелі нарық деп
бөлінеді. Нарықтың түріне қарай бәсеке де өзінше солармен қатар дамып
отырады. Және түрлі көріністе болады.[2]
Стихиялық нарық-капитализмнің алғашқы кезенінде болды, оған еркін
тауар өндірушілері мен сатып алушылар еркін бәсеке мен еркін бағалар тән
болды.
Монополиялық нарық- XIXғ. аяғында XX ғ. басында, алғашқы
кезендерінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер
етеді. Бұндай үстемдік ғылыми техникалық прогресстің баяулауына, бағаның
өсуіне, тауар тапшылығына тағы басқа жағдайларға әкеп салады.
Реттелмелі нарық қазіргі заманның өркениетті елдеріне тән. Оны тек
қана еркін тауар өндірушілері мен тұтынушылары, еркін бәсеке мен бағалар
ғана емес, сонымен бірге өнім өндірушілерге мемлекеттік тапсырысты
орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы – несие тұтынуы арқылы әсер
етуі. Бәсеке нарық субъектісінің тепе-тендік құқықтағы тауарды пайдалы
өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы
жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке
кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің кұқықтарын нарықта өктем жүргізеді.
Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен
монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларынын бағалауынша, бір
тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15-тен болса өте
тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық
монополияланған болып табылады.
Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға
белгілі нәрсе. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы
жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А.Смит бәсекенің еркін
(классикалық) теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі
нарықтық экономикасы бар елдерде ХVІІІ-ші ғасырда және ХІХ-шы ғасырдың
соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер
экономикасында монополиялық бірлестіктердің (картель, синдикат, концерн)
тууына дейін болған.[61]
Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін
салушы Адам Смит (1723-1790) өзінің “Халықтар байлығының табиғаты мен
себептері туралы зерттеу” (1776) деген басты еңбегінде- жеке меншік
иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оның
қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады. Оның
пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол
тек жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін “түнгі күзетшінің” рөлін атқару қажет.
Мемлекет “Laisser faire” – “мейлі өзімен өзі жүрсін” саясатын жүргізіп
бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А. Смит осы екі дәлел негізінде
жатпай анархияны қорғағаны жоқ керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар
мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын “жаман әдеттеріне”
мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс
көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп
көрсеткен болатын. А.Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін қолы” деп атаған
және сол арқылы өзінің экономикалық пайдасы түріндегі өз бас пайдасын
ойлаған жекелеген адамдардың талпынысы жалпы қоғамның игілігіне
айналады.[61]
Сөйтіп, А. Смит нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін
ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың “көрінбейтін қолы” – ның пайғамбары
пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады.
Классикалық (еркін) бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық
емес монополиялық бәсеке келді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі
монополиялық бәсеке теориясында айкын көрінді. Оның негізін қалаушы
американ экономисі Чемберлин Эдвард Гастингс (1899-1967ж.ж.) болды.
Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке
күресінің бір түрін ерекше байқады: "өнімді дифференциациялау" үшін. Ол
былай деп жазған: Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің
ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды" барлығында,
қайда болса да белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз
меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір
кезде жетілмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды . Сондықтан өз-
өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге
ұмтылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі
жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауарды өткізу нарығына
өзара бөлісуін көрсетті. "Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық нарық
кұрылымында әрекет етеді,"-деп 1975 жылы американ экономистері Роберт
Хейлбронер (1919ж.) мен Лестер Туроу (1938ж.) жазды. "Олар рынокты бөледі
және бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т.б. арқылы
бәсекелестікке түседі". Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген:
"Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке
көптеген өндірушілердің іске тартып, бірде бір фирманың тауар бағасына әсер
етуі болмауын қадағалайды."[61]
Бәсекені алғаш зерттеген және маңызын аша білген А. Смит болса, осы
А. Смит зерттеулерінің жалғасы іспеттес. Бәсекенің нарықтағы дамуы, қазіргі
нарықтағы бәсеке жүйесін, құрлымын, даму белсенділігін жан-жақты
сараптаған, сонымен бірге бәсеке әсер ететін артықшылықты, ауқымды, күшті
ашық көрсете білген көрнекті ағылшын экономист, ғалым Майкл Портердің
маңызы зор. Бұл зерттеулерді М. Портердің “Халықаралық бәсеке” атты
еңбегінде жинақтаған және нарықтық экономикада алға озған 10 мемлекеттердің
(АҚШ,Ұлыбритания,Жапония, Германия, Франция, Корей және т.б.) қабілетін,
бәсекелік қабілеттін аумағын жан-жақты көрсете білді.
Ол бәсекенің нарық механизімінің ажырамас бөлігі екенің дәлелдеді.

1.2 Бәсекеге қабілетті қамтамасыз етудің мәселелері

Таза капитализм механизмі ретінде нарықтық жүйе болып саналса да,
сол экономиканың негізгі, маңызды рөл ойнаушысы-бәсеке. Ұсыныс пен сұраныс
нарық механизімінде ұйымдарға, ұжымдарға тұтынушылардың тілектерін
білдіреді. Ал бәсеке болса осы талап- тілектерді қанағаттандыруда, мекеме
мен ұйымдарды шикізат шығарушыларды тағы басқаларды дұрыс бағыттап отырады.
Бәсеке бұл- қазіргі замандағы аса өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Өйткені нарықтық жүйден айрылмас бөлік ретінде үнемі жаныңда
болады. Әсіресе біздің еліміз үшін тап қазіргі кезеңде маңызды мәселе болып
табылады. Мемлекетіміздің қазіргі заманға сай техника мен технология арқылы
бәсекеге қабілетті өнім өндіруге талпынып және экономикасы жоғары
деңгейдегі мемлекеттерге дейін жетуге тырысуда. Сондықтан да Ел басшысы
еліміздің бәсекесі жайлы халыққа жолдау арнайды. Бұл жолдауда Қазақстанның
экономикасы да, халқы да, жалпы елдің өзі бәсекеге қабілетті деңгейге жету
үшін негізгі жолдарды сараптайды.
“Бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті мемлекеттік
қолданудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатаң күресте қол
жеткізетіні баршаға мәлім” – деп пайымдайды ол, және сол қатаң күреске бел
буады.[35]
Нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре
алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауар
өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,
өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады оның есесіне олардың
тиімді жұмыс жасайтын болашағын үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.
Бұдан біз нарықтық қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін біріктірудің
демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенің көріп отырмыз.
Нарықтық экономиканы бәсеке күресінсіз көзге елестеу мүмкін емес. Бәсекені-
нарықтың кең құқылы субъектілерінің араласуында тауарларды барынша тиімді
өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласында пайдалы түрде
орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек.
Бәсекенің болмауы монополизмге әкеледі, яғни нарықта кейбір
кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздерінің қойған шартына көндіруге
тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субъектілері неғұрлым көп болған
сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Ол пайданы мол табуды
және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады. Бәсеке нарықтық
субъектілер мен пропорцияны реттеу механизімінің өзара әрекетінің нысаны
ретінде жүреді. Бәсекенің негізгі қызметі пайда, процент нормасы, баға және
тағы басқа экономикалық реттеушілер көлемін анықтау болып табылады.
Бәсекені, оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалалық және бағалалық
емес немесе өнімнің сапалық (тұтыну құны) негізіндегі бәсеке. Біртекті
өнімдер түрінің нарықтың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағалық
бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре
отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде нарықта
нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын
және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік
бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің
басты қаруы —жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ.
Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке
сипатымен да бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы,
олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.
1.Жетілген бәсеке нарығы — кезкелген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын)
тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде
бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардын түсуін
немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары
қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды
нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін
сатады. Бұларға нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай
нарықтың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын-
бидай, көкөніс, жеміс-жидек және т.б.
2.Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі "монос"- бір, "полео"-сатамын)
— көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әр текті өнімді сатуынан құралады.
Өнімдерін бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға
болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады.
Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны
төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы - киім, аяқ-киім, тағам
өнімдері, жағар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.
3.Олигополия (грек сөзі "олигос" – аздау, ''полео"- сатамын) — бірнеше
деген сатушылар нарығын көрсетеді, байқалатыны тіпті, осылардың
кейбіреулері нрықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті
және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірдей бір белгісі сол
оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесіне есеп
құра алмайды. Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді.
Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы:
алюминий, болат, химия өнеркәсібі өнімі) немесе жіктелген (мысалы:
автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор және
т.б.).
4.Таза мопополия нарықтың бұл түрінде бір ғана өндіруші бір текті
өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады жөне ол өнімді соған жақын
ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық
қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы кіреді: жергілікті телефон байланысы,
электр жүйесін жөндуші және басқа да қоғамдық кызмет жасау жүйелері.
Бәсеке-құрылымдық ұғым, ал бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Төртінші
жетілген бәсеке кезінде бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде
бақталастық мінез-құлық нрықта байқалып қалады. Монополия кезінде
бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің
нарығын бақыласа онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті
шағын кәсіпорынның өзінде монополист болуы мүмкін, егер онын тауар
өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие
болмауы да мүмкін, егер онын нрықтық қарқыны басқа өнідрушілермен тепе-тең
болса.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау
мемлекеттік монополияға қарсы органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік
ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі
ерекше роль атқарады. Бәсекенің қатынастар дамуына белгілі әсері бар. Әр
бір кәсіпкердің мақсаты: пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да шаруашылық
қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары
үшін кәсіпкердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір-біріне деген
қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандай да
бір тауардың ұсынысы сұраныстан көп болса, онда сатушылардың арасындағы
бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әр қайсысы өз тауарын сату үшін бағасын
төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өңдірудің көлемін
қысқартады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір-бірімен бәсекеге
сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін әр бір
сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға
өседі, ал осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Егер белгілі бір тауарға тұтынушылық сұраныс өссе, онда тауардың
бағасы өсетіндігі белгілі. Бұл жағдайда экономикалық пайданың өсуі өзге
тауар өндірушілерге нақ осы өнімді көбірек шығаруға түрткі болады.
Бәсеке көптеген фирмалардың жаңа салаға кіруіне, сонымен бірге
өндірісті ұлғайтуға, бағаларын төмендетуге әсер етеді. Көптеген фирмалар
бәсеке әсерінен өндіріс технологияларын жаңа эффективті әдісіне көшіреді.
Ал фирма тиімді өндіру технологиясын қолданбаса өзге бәсекелес фирмалардан
қалып қоюы даусыз.
Жоғары бәсекелік нарық жүйесінде өз тиімділігін нығайтуға тырысқан
фирмалар мен шикізат пен қамтамасыз етушілер, сонымен қатар “көрінбейтін
қол” арқылы мемлекеттік немесе қоғамдық талаптарды қамтиды. Өзгеше айтқанда
бәсеке күші жеке тиімділік түрткілерін қанағаттандыруымен бірге автоматты
түрде қоғам тілектерін де ең жақсы жақтарынан қанағаттандырады.
Әр бір бәсекеде бәсеке саласы мен бәсекелік қоғам құрылады.
Бәсекенің негізін білу үшін оның маңызды бірлігі болып- сала, яғни тауар
мен қызметтерді өндіретін, және өзара бәсекелестер күресі болып табылатын
жүйелерінорнату керек.
Бәсекелік стратегияның маңызын жаза отырып, әр бір фирма тиімді
әдісті тауып оны қолданысқа енгізіп және сол арқылы ұзақ уақытта
бәсекелесуіне тырысады. Арнайы әмбебап бағдарлама жоқ, әр бір сала үшін
өзіне қаратылған өндіріспен, дағды мен капиталға және өзге де шарттарына
негізделген стратегия табыс әкеледі.
Егер баға және тиімді сала механизмі пайда табу және шығындану арқылы
ынталандыру мен нарық жүйесінің бір жағын сипаттаса, мұның 2-ші жағында
бәсекелестік екені рас Бәсекелестікпен әрдайым “өзімшілдік жеке мүдденің”
күресін байланыстырады ал егерде осы пікірге байланысты экономикалық
субъектілердің шаруашылық айналымдағы тәртібін еске алатын болсақ, онда
мұны да негізсіз деп санауға болмайды. Бірақта осының бәрі өте маңызды
құбылыс болып есептелетін нарық жүйесін толық сипаттамайды.
Бәсекелестікке негізделген қоғам түбінде басқа қоғамдарға қарағанда
алға қойған мақсатына ойдағыдай қол жеткізумен бірге, табысқа да кенеледі.
Бұл қорытындыны өркениеттіліктің тарихы дәлелдеп отыр. Егер экономикалық
теория сирек кездесетін игіліктер тәжірибеден тыс пайда болды деп
түсіндірсе, онда ол бәсекелестіктің мазмұның дұрыс түсінуге кедергі
келтіреді. Расында, қандай игіліктер сирек кездеседі немесе қандай зат-
бұйымдар игілік болып саналады? Міне, тап осы проблеманы анықтайтын да
бәсекелестік. Нарық процесі индивидумдарға ізденіс бағытын көрсеткенімен,
ол қажеттілікті толық қанағаттандыруға немесе бағалы шкаланы таңдап алуға
кепілдік бермейді. Осыған орай, көптеген жұртшылықтың көп ретте нарыққа
қарсы болуына себеп. Бұған керісінше көптеген тұтынушылар әкімшілік-
әміршілік экономиканы қажеттіліктің кейбірін қанағаттандыратын, ал қайсы –
бірін қанағаттандырмайтының анықтайтын “тәртіпті экономика ” деп санайды.
Нарықтық бәсекелестік- ағымдағы тауарларға қарағанда тұтынушылар үшін
әрі сапалы, әрі арзан жаңа тауарлардың көзін ашу тәсілінің процедурасы.
Сонымен, нарықтық жүйе- бұл сынақ және қателік жіберу жүйесі. Мұндай
жүйе, ашығын айтсақ, экономикалық бәсекелестікке, яғни “күреске икемі жоқ”
тиімсіз шаруашылықты күйретіп тынады. Таза түріндегі нарық теңдік және
әділеттік проблемаларын өз бетінше шешеді. Мұнда тек күштілер, еңбекқорлар,
әрине іс тетігін білетін адамдар ғана “тірі қалады” яғни өмір сүре алады.
Экономикадағы бәсекеге 5 күш, артықшылық, және сферасы мен
сигментациясы әсер етеді:
Экономиканың кез-келген саласында мейлі ішкі не сыртқы нарықта
істесе-бәсеке маңызын 5 күшпен көрсетеді:
1. Жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіпі;
2. Алмастыратын тауарлар және қызметтердің пайда болу қауіпі;
3. Өндірушілердің саудаласу қабілеті;
4. Сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
5. Барлық бәсекелестердің күресуі.
Осы бәсекенің бес күшін кез келген саланың өнімділігін белгілейді және сол
арқылы бағаға әсер етеді. Және шығарылған шығындар мен салымдарға әсерін
тигізеді.[46]
Көпеген фирмалар өз бәсекелестерін артта қалдырып алға шығуы мықты
бәсекелік артықшылыққа байланысты. Бәсекелік артықшылық 2-негізгі түрге
бөлінеді: төмен шығындар мен тауардың әртүрлілігі (дифференциациясы).
Шығындар төмен болғанда фирма өнімін бәсекелестер өнімінің бағасымен
сатады. Бұдан жоғары пайда алады. Мысалы, Болат және жартылай өткізгіш
құралдарды өндіретін Кореялық фирма, шет ел бәсекелестерінен алға озған
себебі: тауар мен арзан жұмыс күші және озық технология мен құрал жабдықта
өндірілді.
Тауардың әртүрлілігі (дифференциациясы), бұл сатып алушыны ерекше
құнды және сапалы тауармен қамтамасыз етуге тырысады. Дифференциация арқылы
фирмаға жоғары бағаны орнатуға мүмкіндік береді.
Осындай екі ерекшелігі бар әр бір фирманың бәсекелік деңгейі жоғары
болады. Шығындары төмен фирма өнімі сапалы болғандықтан бағасы
төмендемейді, ал өнімі әр түрлі фирма әр бір данадан жоғары пайда ала-
алады.
Фирманың саладағы позициясын ерекшелейтін бұл - бәсеке сферасы яғни
фирманың өз саласында негізделетін мақсаттың аумағы. Фирма өзіне тауардың
қанша түрін шығарады, қандай сату каналдарын қолданатындығын, сатып
алушылар деңгейін, әлемнің қай ауданның өз өнімін өткізетіндігін және
қандай тұтас салада бәсекелесетіндігін алдын – ала айқындап алуы керек.
Бәсеке сферасының маңыздылығының себебі ол әр бір саланың сигментациясы.
Яғни әр саланың тек өзіне тән ғана бөлігіне өнім түрлері, өткізу және
тартылу каналдары және бірнеше сатып алушылар типтері болады.
Сигментацияның маңыздылығы ол әр түрлі нарық секторларында- әр түрлі
сұранстырулардың болуы. Мысалы: ешқандай жарнамасыз сатылатын ер
адамдардың кәдімгі күртесі мен белгілі модельерлермен шығарған күртелер
тілек талаптары мен критерийлері мүлде өзгеше сатып алушыларға
негізделген.[46]
Бәсекеге жаңашырлық еңгізу және алға шығудың қабілеттері мен
факторлары, бәсеке мазмұны.
Фирмалар бәсекелік жаңа ерекшелікті табуға тырысады, жаңа әдістерді
таба отырып нарыққа кіргізуге тырысады бір сөзбен айтқанда - жаңалық
енгізуге тырысады. Жаңалық енгізу жалпы алғанда технологияның жақсаруын
және жүргізу кезінде әдістері мен тәсілдерін жинақтайды. Бұл жаңартулардың
өзгеруін өндіріс процесінің өзгеруіне, тауарды өткізудің жаңа жолдары мен
бәсеке сферасында болуы мүмкін.
Жаңашырлық енгізудің негізгі себептері:
1. Жаңа технологиялар. Технологияның өзгеруі тауар шығаруда жаңа
мүмкіншіліктер береді. Технологиялар өзгеруі жаңа тауарлардың және жаңа
салалардың пайда болып жетілуіне әсер етеді.
2. Сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұраныстары. Сатып алушылардың
көз қарастары мен сұраныстарының өзгеруі бәсекелік артықшылыққа қатты
әсер етеді.
3. Жаңа сала сигментінің пайда болуы. Бұл арқылы жаңа сатып алушылар тобы,
сонымен бірге жаңа өнім түрлері мен оны шығаруда эффективті түрлерінің
пайда болуы.
4. Өндірістің құрамының немесе құнның өзгеруі. Жұмыс күні, шикізат,
энергия, транспорт сияқты құрамалардың абсалюттік немесе жанама өзгеруіне
әкеледі. Сондықтан әр фирма бәсекелік қабілеттілігін жоғалтпау үшін
жаңа жағдайларға бейімделуге тырысады. Ал ескі үлгімен жұмыс істейтін
бәсекелер бұл жағдайда капитал салымдары мен тактикадан байланысты
болады.
5. Мемлекеттік реттеудің өзгеруі. Стандартты айналадағы ортаны қорғау,
жаңа салаларға талап және сауданың шектелуі сияқты үкімет саясаты жаңа
енгізулер жасауға әсер етеді. Көптеген нарық көшбасшылары үкіметтің
белгілі бір саясатына үйреніп жанашырлық негізінде оларды енгіздіре
алмайтындар болады.
Сонымен, жанашырлық енгізу бәсекелік жүйеде маңызды болады және тек қана
жекелеген сапаларға ғана емес сонымен қатар мемлекеттік тұрғыдағы
өзгерістерге әкеледі, даму сатысында жоғары деңгейге көтеруге ықпал
етеді.
Әр бір елдің алға шығу себебі төрт негізгі қабілеттерге негізделеді.
- Факторлық жағдайлар яғни, квалификацияландырған жұмыс күші, саланың
бәсекелік қабілетін көтеру үшін.
- Сұраныс жағдайлары яғни ұсынылған тауарға және қызметкерлерге ішкі
нарықтағы сұраныс.
- Тұтас және қолдаушы сапалар.
- Фирма стратегиясы және оның құрылымы мен бәсекелестері.
Бұл жағдайлар фирманың пайда болуына жұмыс істеуіне ықпал жасап, әсер
етеді.
Жоғарыда айтылып кеткен жағдайлар экономиканың бәсекелік қабілеті
көптеген факторларға тәуелді; Оларға мемлекеттің экономикалық даму
деңгейі, географиялық орналасуы, табиғи байлықтармен қамтылған,
жүргізілетін экономикалық саясаттың ерекшелігі, әлемдік қаржылық және
тауарлық нарықтағы тенденциялары сияқты шарттар әсер етеді.
Экономикалық категория ретінде бәсеке объективті және субъективті
мазмұнға ие.
Объективті мазмұн бойынша – бәсеке нарықта ерекше жағдайды
сипаттайды, бұл кезде жеке қатысушылар нарықта жалпы тауар айналымына
түбірлі әсер ете алмайды.
Субъективті мазмұн бойынша – бәсеке экономикалық қатынастардың ерекше
түрі ретінде қарайды, көбіне ол материалды игіліктердің өндіру мен
айырбастау негізінде пайда болады және материалды игіліктердің өндіруі,
бөлу және айырбастау негізінде нарыққа қатысушылар арасындағы күресті
сипаттайды.[15]
Бәсекелік ортаның пайда болуы мен дамуына әсер ететін фактор
кәсіпкерлік болып табылады. Нарықта кәсіпкерліктің қандай көлемі істеуіне
байланысты сондай бәсеке қуаты орнайды. Сонымен қатар белгілі бір
қатысушының алға шығуына кедергі жасап, әр түрлі құрылымдардың өз ішінде
ұласуына әкеледі. Бұндай шоғырланудың әсерінен бәсекелестер күресі
азаяды және керісінше, неғұрлым шоғырлану азайса соғұрлым бәсеке ауқымы
ұлғаяды.
Қазіргі таңда әлем экономикасының дамуы және оның жаһандануы жолында
тауардын, ұлттық шаруашылық субьектілеріні іс-әрекеті саласын, жалпы
мемлекет экономикасының бәсекеге қабілетінің өзекті мәселелері өзге
мәселелерге қарағанда ерекше маңызды орынға ие. Өйткені бәсекеге
қабілеттілік қазіргі ғылым, техника мен технологияның, өңдірістің және
әлемдік, ұлттық жаһандық пен жергілікті басқарудың прогрессивті дамуының
негізі.
Бүгінде бәсекеге қабілеттілік келесі деңгейлермен нақты сипатталады:
— Микродеңгей (мекеменің, өнімнің, белгілі түрлері бойынша)
— Мезодеңгей (салалар мен секторлар бойынша)
— Макродеңгей (жалпы барлық экономика деңгейі).
Сол себепті бәсекені зерттеу макро, мезо және миро аспектілерді зерттеу
арқылы жүргізіеді. Әр бір деңгейде бәсекелік қарқын біртіндеп дамуы бойынша
қарастыруға мүмкіндік береді.
Микродеңгейде тауарлардын бәсекеге қабілеттілігі қарастырылады.
Көптеген зерттеушілер тауардың бәсекеге қабілетін түрліше сипаттайды.
Мысалы: Т.А. Юданов тауардың бәсекеге қабілеттігі: "Тұтынушыны өзіне тарта
алу, қызықтыру қасиетінің болуында және жалпы тауардын бәсекеге
қабілеттілігі өзіндік ерекшелігімен емес тұтынушы үшін тиімділігінде."- деп
біледі. Кей бір деректерде "Тауардын бәсекеге қабілеттілігі — бұл өзге
ұқсас тауарлармен салыстырғанда өнімнің тұтынушы үшін қызықтыру қабілетінің
жоғары , яғни тауар сапасы мен бағасынан ұтымды болуында" деп есептеледі.
[59]. Ал Синько В. өзінің "Конкуренция и конкурентоспособность: основные
понятия."- мақаласында тауардың бәсекеге қабілеттігіне былай деп сипаттама
береді: "өнімнің бәсекелік қабілеттілігі оның сапасы мен құны жеткізу
шарттарымен, төлем формаларымен, жеткізу түрлерімен және өзге фактроларымен
анықталады." Өзге зерттеулерде өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші
және тұтынушы көз қарасы тарапынан қарастырылады. Өндіруші көз қарасы
бойынша тауардың бәсекеге қабілеттілігі өнімге кеткен шығындармен
байланысты себебі шығындар қаржылық нәтижені және қаржылық жағдайды алдын
ала көрсетеді. Тұтынушы тарапынан тауардын бәсекелік қабілеті ұқсас
заттардан бірқатар артықшылықтарымен сипатталады.[ 59] Тауардың бәсекеге
қабілеттілігі техникалық, экономикалық және әлеуметтік- ұйымдастырушылық
факторларға байланысты болады. Техникалық параметрлер ең қатаң параметрлер
болып табылады. Тауардың адам үшін пайдалылығы, белгілі бір стандартқа
заннамаға сай келуі қарастырылады. Экономикалық параметрлер бойынша тауар
өндіруге кеткен шығындармен яғни өндіру өткізу транспорттау, орнату,
техникалық қызметкөрсетуге т.б. кеткен шығындар қарастырылады. Әлеуметтік-
ұйымдастырушылық параметрлер бойынша тұтынушылардың әлеуметтік құрамы,
жарнама, өндіру кезіндегі ұйымдастырушылық қабілеті жатқызылады. Сонымен
микродеңгейдегі бәсекелестіктің негізгі ортақ сипаттамасы тауардың үнемі
жаңашырлықты талап етуінде.
Мезодеңгейде негізгі бәсеке аясы фирмалардың бәсекесі болып табылады. Әр
бір мекеме мейлі өндіруші не коммерциялық фирма болсын өзінің құрылуынан
бастап бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету шараларын алға қояды. Осы
жерде тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен мекеменің бәсекеге
қабілеттілігіннің арасындағы тығыз байланысты көруге болады. Өйткені кез
келген мекеменің бәсекеге қабілеттілігі оның өнімінің бәсекеге
қабілеттілігіне негізделген. Оны мекеменің бәсекеге қбілеттілігі жайлы
ережелерден көруге болады.
1. "Мекеменің бәсекеге қабілеттілігі — оның бәсекеге қабілетті тауарларды
өндіру және сату қабілеті болып саналады.
2. Фирманың бәсекеге қабілеттілігі бұл— кез келген өзге тауарлар мен
қызметтерден бағасы мен сапасы тұрғысынан әлде қаида тиімді тауарды
өндіру , қайта өндіру және сату болып таблылады
3. Өндірушінің бәсекеге қабілеттілігі экономикалық категория, ол бойынша
тұтынушыларды қаржылық шаруашылық іс- әрекеті бойынша қанағаттандыратын
тауады өндіру болып табылады.
Сәйкесінше мекемелердің бәсекеге қабілеттілігіне белгілі факторлар әсер
етеді. Олар:
— ресурстар (әр бір өнімге кеткен шығындармен сипатталады)
— бағалық(барлық қолданылған ресурстар және дайын өнімнің баға деңгейі мен
динамикасы)
— "орта" факторы(мемлекеттің экономикалық саясаты).
Мезодңегейде мекеменің бәсекеге қабілетілігімен қатар жеке
салалардың бәсекеге қабілетілігі да қарастырылады. Салалардың бәсекеге
қабілеттілігі М.Портердің " Международная конкурентоспособность" еңбегінде:
" Егер сала дүние жүзілік нарықта әлде қайда бәсекеге қабілетті
артықшылықтармен ерекшеленсе онда бұл саланы тиімді деп қарастыруға
болады."
Сала деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілік келесі көрсеткіштермен сипатталады:
еңбектің өнімділігімен; еңбектің үлестік төлемі; капиталдың еңгізілу
ауқымдылығы; өнімнің ғылыми және техникалық деңгейі; экспорттық ориентация
немесе импорттан тәуелділігінің деңгейі т.б.
Макродеңгейге келетін болсақ ең бастысы ұлттық бәсекеге қабілеттілік
немесе халықаралық бәсеке қабілеттілігі қарастырылады. Халық аралық бәсеке
жайлы АҚШ президенті қарамағындағы өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік
бойынша комиссиясының анықтамасы айқындайды. Онда Жалпы мемлекеттің
халықаралық бәсекеге қабілетілік — өз азаматтарының нақты табыстарын сақтай
және ұлғайта отырып, әлемдік нарық талаптарына сай, әділ және ашық нарық
шарттарында тауар мен қызметтерді өңдірудегі мемлекет қабілетінің деңгейі
болып табылады. М.Портердің айтуынша ұлттық деңгейдегі бәсекеге
қабілеттілік— бұл еңбек өнімділігі . Әр бір мемлекеттің басты мақсаты болып
мемлекет азаматтарының жоғары және үнемі ұлғайып отыратын өмір деңгейің
қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа еңбек ресурстары мен капиталды қолдану арқылы
еңбек өнімділігін жетілдірумен жетеді. Еңбек өнімділігі бұл шығынданған
еңбек пен капитал бірлігімен өңдірілетің өнім шығару көлемі.
Жалпы халық аралық нарықта мемлекеттер емес, жекелей фирмалар мен салалар
бәсекелеседі. Бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтау ушін векторлық
модель қолданылады, оған 381 көрсеткіш еніп, 8 агрегативті факторларға
біріктірілді.
1. Ұлттық экономика (48 критерий бойынша макроэкономикалық тұрғыда
бағалау)
2. Халықаралық экономикалық қатынастарға араласу (61критерий бойынша
экономиканың интернализациясы)
3. Мемлекет (55 критерий бойынша, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілікке әсер
ету саясаты)
4. Қаржы ( 45 критерий бойынша, қаржы нарығы мен қаржылық қызмет көрсету
саласын бағалау)
5. Инфрақұрылым (45 критерий бойынша, өндірістің инфрақұрылым комплексі,
энергетикамен қоса бағалануы)
6. Фирма деңгейінде басқару (38 критерий бойынша басқарудың сапасын
бағалау)
7. Ғылым мен техника (42 критерий бойынша НИОКР аясының жағдайы бойынша
бағалау)
8. Халық адамдар (56 критерий бойынша нақты жұмыс күшінің және
квалификациясын, еңбекке көз қарасы, денсаулық жағдайы, өмірлік құндылық
т.б. бағалау.)
Қазіргі таңда ұлттық бәсекеге қабілеттілік тің негізгі факторларына
келесілер жатқызылады: сыртқы саяси тәуелсіздігі мен қауіпсіздік деңгейі;
ішкі саяси және әлеуметтік тұрақтылық; саяси және экономикалық аясында
аймақтық бірегейлік болу керек; мемлекеттің үлестік және көлемді
көрсеткіштерінің (халық саны, демографиялық динамика, бақылаудағы және
алынған территорияның) өзге мемлекеттердің көрсеткіштерімен қатынасы;
көптеген көрсеткіштермен салыстырмалы түрде әлеуметтік топтарға
дифференциалдану мен халық өмірінің деңгейі т.б. жатады
Бәсеке әр қашан да таза түрде болмайды. Өйткені жоғары бәсекелестік
көбіне монополияға әкеліп тірейді. Бірақ бұл бәсекені түбірлей жоймайды,
монополистердің, өздері үнемі бәсекелестермен күресуде болады. Карл
Маркстің айтуы бойынша: “Күнделікті өмірде біз тек бәсекні және монополияны
ғана көрмейміз, сонымен бірге олардың синтезін көреміз. Монополия бәсекені
тудырады, ал бәсеке монополияны тудырады. Монополия нарықта үнемі
бәсекелестік күресте болғанда ғана орнықты болады”.
Бәсеке мен монополияның арақатынасы негізінде Э. Чемберлен бәсекелік
нарықтың жаңа түрің ашады бұл монополиялық бәсеке. Оның ойынша:
“ Нарық бұл әр түрлі бәсекелестер арақатнасы мен өмір сүруі.” Нарықтың
дұрыс даму моделі ретінде монополистік бәсекені санады. Жалпы алғанда
бәсеке мен монополия бір-бірімен қарама-қарсы мәндер болса дағы олар үнемі
бір-бірімен ұштасады, және бірін- бірі тудырып отырады. Мемлекет
антимонополиялық заңнама арқылы бәсекені қолдауға тырысады, монополия мен
олигополияның шаруашылық қызметтеріне араласып, монополиядан айыру саясатын
жүргізеді.
Алғашқы антитресттік заң сенатор Шерманның ынталануымен 1890 жылы АҚШ-
та қабылданған болатын. Ол заң сауданы шектейтің және қалыптастыратын
шарттарды, бірлесулерді және келісімдерді заңсыз деп тапты. 1986 жылы
Францияда тұтынушылар одан төмен бағаға өнімді сатып ала- алмайтындай ең
төменгі бағаның деңгейі жөнінде келісім қабылдай алатын қандай да бір
өндірушілер одағын құруға тиым салатын өнеркәсіптегі баға бәсекесі туралы
қаулы шыққан.
Қазақстандағы демонополизация ( монополиядан айыру) қазіргі нарықтық
реформа жағдайында нарықтық шаруашылықтытың қалыптасу кезінде
антимонополиялық саясатты жүзеге асырудың тарихи жаңа тәжірибесі болды.
Мұндай саясатты жүзеге асырудың нормативтік актілері мыналар болып
табылады:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, нақтылап айтқанда, 11
бабы, кәсіпкерлік еркіндігін пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу.
- “Бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы” заң ; 11
маусым 1991 ж.
- “ Табиғи монополиялар туралы” заң; 9 шілде 1998 ж.
- “ Теріс пиғылды бәсеклестік туралы” заң; маусым 1998 ж.
Бәсекені дамыту, монополистік қызметті шектеу. Жөніндегі мемлекеттік
саясатты жүргізу үшін 1991 жылы антимонополиялық саясат жөнінде Қазахстан
Республикасының Мемлекеттік комитеті құрылды.
а)Монополияға қарсы саясаттың артықшылығы бұл:а) Баға саласында
мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, бәсекені дамыту,
монополиялық қызметті шектеу, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау;
б) Тауарларға баға мен тарифтерді, табиғи монополияның және мемлекеттік
органдар субъектілерінің жұмыстары мен қызметтерін реттеу.
Мемлекеттік монополияға қарсы саясатының бірінші кезектегі міндеттері
болып мыналар саналады:
- Табиғи монополиялардың құрылымдық қайта құрылуы. Мұндай жағдайда
түрлі технологиялық бөлінетін табиғи монополиялық өнім үшін өзінше
бөлек заңды тұлға құрылады. Оның құрамына тек монополиялық өнімді
шығаруды тікелей қамтамасыз ететін технологиялық берік тізбектегі
ерекшке бөлшектер ғана кіреді.
Табиғи монополиялардың қызметтерін реттеу мынаған саяды:
- монополиялардың үстемдіктерін күшейтетін басқа ұйымдастыру формаларын
қосудың немесе құрудың алдын алу;
- нарықтың басқа субъектілерінің, оның ішінде басқа да монополиялардың
қызметтерін ығыстыратын монополия әрекеттерін бақылау және болдырмау;
- пайда нормасын белгілеу және бақылау;
- баға мен тарифтерді немесе олардың шектеулі деңгейлерін белгілеу
арқылы баға реттеуді жүзеге асыру.
Табиғи монополияның қызметін мемлекеттік органдар бақылауы және
төмендегі көрсетілген жағдайларға жол бермеуі тиіс.
-табиғи монополия субъектісі тауарлар өндіруге арналмаған, өздеріне
қатысты реттеу қолданылатын негізгі қорларды меншіктеу құқығын немесе
пайдалану құқығын алатын мәмілеге баруға.
- табиғи монополия субъектілерінің қаражатын, оларға қатысты реттеу
қолданылмайтын, өндіріске салуға;табиғи монополия субъектісінің реттеу
қолданылмайтын тауарлар өндіруге арналған өзінің негізгі қорларының
бөлігін шаруашылық етуші басқа субъектіге сатуға, жалға беруге.
Сонымен, бәсеке экономикасында өзі жеке дара пайда болмайды да , өзі жеке
дара өмір сүрмейді. Ол көптеген жағдайларға тәуелді болады. Мысалға:
алда айтылған сфера мен сигментацияны еске алсақ. Сонымен бірге барлық іс
- әрекетті өзіне тәуелді етеді. Бәсеке жеке тұлғаның шығармашылық
бостандығын қамтамасыз етеді, әр адамға өзін танытуға мұрша береді. Қазіргі
таңдағы аса ірі мемлекеттердің экономикалық дамуымен бәсеке деңгейінің өсу
жолдары әркелкі болып табылады
1.3 Бәсекенің шет елдік тәжірибе бойынша дамуы
Жер жүзінде экономикалық жоғары дамыған мемлекеттердін мамандары
бәсекелік даму жайлы түрлі көз қарастар білдіреді. Бәсекеге қабілеттілік
көптеген жағдайларға байланысты дамиды деп біледі. Әдетте мемлекеттін
бәсекеге қабілеттілігі макроэкономикалық сипатқа, арзан жұмыс күшіне,
мемлекеттік саясатқа, салаларды басқару жүйесіне байланысты жағдайларға
жетіледі деп таниды. Және бұл жағдайларға байланысты көптеген мемлекеттер
алға шықты деп қарастырады, алайда көптеген мемлекеттерде бұл жағдайлар
сәйкес келмеуі байқалса да тұрмыс денгейі үнемі жоғарлауда болды. Мысалға:
кей бір экономисттер мемлекеттің бәсекеге қабілетін макроэкономикалық
тұжырым деп түсіндіреді. Макроэкономикалық тұжырым валюта курсымен, ставка
пайызымен, бюджет тапшылығымен сипатталады. Бірақ көптеген мемлекеттер бұл
айтылған сипаттарға қарамастан тұрмыс деңгейін айтарлықтай көтере алды.
Сонынын ішінде: Жапония, Италия, Корея мемлекеттерінің кезінде бюджет
тапшылығы, Германия мен Швейцарияда ұлттық валюта курсының бір кездері
құлдырауы байқалуымен мемлекеттердін жалпы дамуына, бәсеке қабілеттігінің
өсуіне кері әсері байқалмады. Кей бір мәліметтерде бәсекеге қабілеттілік
арзан жұмыс күшіне байланысты түсіндіріледі. Сондада Германия, Швейцария
мен Швецияның даму жолында жоғары жалақы мен жұмыс күшінің жетіспеушілігі
байқалды.
Бәсекеге қабілеттілік ауқымды, бай табиғи ресурстармен баланыстырылады,
алайда жер жаһандық сауда-саттықта жоғары деңгейге жеткен Германия,
Жапония, Швейцария, Корея, Италия сияқты мемлекеттерінің қазба байлықтары
өте аз. Соңғы кездері ең біріншіден фирманың бәсеке қабілеттігіне
мемлекеттің саясаты үлкен әсер көрсетеді деп қарастырады. Ол бойынша
мақсатты түрде протекционизм, экспорт шығару, субсидиялар беру, саясаты
тікелей мемлекет тарапынан жүргізіледі. Бұндай саясат Жапония, Корея,
сияқты мемлекеттерде ерекше белсенділікпен іске асырылды, бірақ нақты
мемлекеттің бәсекелестік күреске әсері өте аз ауқымды қамтиды. Сонымен
қатар бәсекелестікті арттыратын мәселе бұл салаларды басқару жүйесі болып
табылады. Бұл жерде да әр мемлекеттін, тіпті әр саланың тек өзіне ғана тән
басқару жүйесі болады және өзге саланы басқаруда қолданылмайды. Себебі бір
сала үшн тиімді басқару жүйесі өзге мемлекет үшін құлдыраудын басты мәнісі
болуы мүмкүн. 80 жылдары Жапонияның басқару жүйесі ең тиімді жүйелердін
бірі болып саналатын. Сол сияқты Италияның ұсақ аяқ киім, зерегерлік бұйым,
өндіретін фирмаларды басқару жүйесі олар үшін өте тиімді әрі пайдалы болып
табылса, бұл жүйені Неміс химиялық немесе автомобиль саласында қолданылса
немесе Швейцариялық формацевтикада, не болмаса американ авиация
компанияларында бұндай басқару әдістері мүлтіксіз құлдыраудын кепілі болар
еді. Алда қарастырылып өткен бәсекеге қабілеттілігін дамытатын жағдайларды
толықтай дұрыс деп қарастыруға болмайтынына көз жеткіздік, себебі еш
қайсысы мемлекеттін әлемдік бәсекелестік аясында нақты тиімді немесе
тиімсіз жақтарын айыра алмайды. [46]
Әлемдік бәсекелестікті нақты қарастырсақ әр бір мемлекет өз халқының әл-
ауқатының жағдайынан шығуға тырысады. Ал бұл мемлееттің еңбек пен
капиталдың өнімділігін арттыру арқылы іске асырылады. Өнімділік мемлекеттін
өмір сүру денгейінің басты көрінісі болып табылады. Сол себепті де
мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі ресурстардын қолдану өнімділігімен
қарастырылады. Әр бір ұйым ресурстарды пайдалану өнімділігін арттыруға
тырысады. Халықаралық бәсеке сол өнімділікті мемлекет ішінде ғана емес
жалпы әлемдік денгейде ұлғайтып қарастыруға әсер етеді.
Жалпы дүние жүзінде бәсекелестік тұрғыдан дамыған бір қатар
мемлекеттер алға озып әлі де беделін ұстануда. Экономикада XX ғасырдың
басында ақ бәсекелік қабілеттін ең жоғарғы көш басшылық тұғырын Америка
Құрама Штаттары ұстанды. АҚШ-тың Зингер тігін машиналары, Форд
автомобильдері, Отис лифттері сияқты салалары жаһандық тиімділікке ие.
АҚШ-тың бәсекелестік дамуы соғыстан кейінгі мейілінше ерекше артықшылығымен
яғни соғыс зардаптарының аздығы салдарынан тез өрбиді. Сонымен қатар бұл
мемлекеттің табиғи ресурстарының бай қорларымен ерекшеленеді. Соғыстан
кейін ғылым мен білімге көп назар аударылды және осы кезде болған барлық
өндіріс ошақтары қайта жарақталып, іске қосылды. Біртіндеп ішкі нарықта
белсенділік танытқан жана салалар біріге бастады, өзге салаларда қызмет
етуші өндрістер құрылады (кластерлер) Халықаралық деңгейде автомобиль,
самолет жасау, энергетика, тау-кен өнеркәсібі және құрылыс салалары
таралады. Пайда болған және бекінген кластерлер бегілі бір немесе екі
географиялық аймақта шоғырланады. Мысалы: автомобилдер шығару Детроидте,
электроника Миннеаполис пен Нью-йоркте, мұңай өндіру Хьюстонда,
фармацевтика мен медицина өнімдері Филадельфияда орын алды.
Жалпы Американдық экономика әу бастан ақ бәсеке арқылы дамыды. АҚШ үшін
маңызды жоғары салаларда белсенді күресу үнемі жүрді. Көптеген бәсекелестер
нарық үшін күресіп бір-бірінің дамуына итермеледі. АҚШ үкіметінің саясаты
нақты мемлекеттін саясатына сай болды. Өндіріске тікелей араласпай, ең
бастысы ұлттық артықшылық алға ұстанды.
АҚШ-пен қатар экономикалық дамудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы
Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Сапа қасиетінің көрсеткіштері
Кәсіпорынның сипаттамасы
Бәсеке және монополия туралы
Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілеті
Ұлттық экономиканы жоспарлаудағы қазіргі көзқарастар мен басым бағыттары
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Пәндер