ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

КІРІСПЕ
5

1 ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ 9
1.1 Мемлекет және қоғамның өзара байланысы
9 1.2 Мемлекет және
қоғам түсінігі, оның әлеуметтік мәні 15

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
22

2.1 Азаматтық қоғамды дамыту – құқықтық мемлекетті құрудың негізі бағыттары

22
2.2 Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның саяси байланысы
26

2.3 Азаматтық қоғамның элементтері мен құқықтық мемлекеттің принциптері

31

3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТІҢ ҚҰРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастыру мәселелері
39

3.2 Қазақстанда құқықтық мемлекеттің даму кезеңдері
45

3.3 Қазақстанда құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі бағыттары және
шешу жолдары
52

ҚОРЫТЫНДЫ
60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында
біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да
бір өзара қарым – қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан
белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де
ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің
осы жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен
болатын өзара қарым – қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық
жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Адам қоғамы қалай
қалыптасты, оның себептері қандай — бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ.
Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо,
оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси
қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша — қоғам саналы адамдардың ерікті
түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір
мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі
болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-
мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде
адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан
келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкішпілік туды. К. Маркс
қысқаша: Қоғам - адамдардың өзара еңбек жасауының одағы, дейді.[1] Қоғам
адамдарының ұйымдасуымен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде
материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айыр
басталып жатады. Осының өзі белгілі бір тәртіпті адамдар арасындағы
қарым – қатынастың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған,
өз мүшелерінің мінез - құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етуінің құралдарының болуы мен сипатталады. Мемлекет қоғамның
негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдастырудың бірі
болып табылады. Ол қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі.
Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты және табиғаты қандай болса да,
мемлекетте сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне ылайықты
мемлекеті болса, өркениетті қоғам мүлде басқа мемлекет. Өркениеттің
әр басқышы әр алуан мемлекеттер мен сипатталып келді және сипатталып
отыр. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық
мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
Зерттеу жұмысының негізгі міндеті: Жұмыстың мақсатына жету үшін
келесідей міндеттер алға қойып шешу:
- Қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
- Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның байланыс негіздері
- Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құру жолдарының жүйусі
Зерттеу жұмысының негізгі әдістері: Жұмыстың әдістемелік негізі
ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
қоғамдық бірлестіктер туралы заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің
заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметтің нормативтік
қаулылары және т.б. заңдар мен ғылыми еңбектер, зерттеу жұмыстары
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бұл жұмыс кіріспеде, үш бөлімнен,
қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу объектісі. Қоғам дегеніміз – мемлекеттің объективті негізі
істелетін оның базисі өзгеше тіршілік ету ортасы. Ол мемлекеттен де
қайда көп пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ол мемлекетсіз өмір сүрді,
туындаған мәселелерді басқа ұйымдық құрылымдар мен институттардың
көмегімен шешіп отырды. Қоғам тірішілік етіп жатқан кезде мемлекетте
сақталады. Алғашқы кезде қоғаммен мемлекет бірдей болды деген сияқты
оқу әдебиеттерінде кездесетін пікір біздің ойымызша дұрыс емес.
Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек. Оның мүдделерімен қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті
жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі
зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарының саяси
идеологиялық патенциалға басқарудың ретеулерінің және ықпал етудің әр
алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет экономиканың әлеуметтік,
рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң ықпал ете алады. Алайда,
кейде мемлекеттің қоғамға масыл болатын жағдайлары да кездеседі. қоғам
қабілетті әрі тиімді әлеуметтік институттар құруға мүдделі, өйткені
олар мемлекеттің ролін шектен тыс күшеюіне және оның өзіне негіз
билік етуге айқын өктемдігін әсіресе тоталитарлық сенімі кедергі
болар еді. Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін
саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар:
мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Мемлекет дегеніміз – бұл адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың топтардың және
басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым – қатнасын реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс – қимылына жағдай жасау жүктелген
б) оның саяатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар
жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш берілген
с) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік - мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекетің барлық негізгі белгілері: мемлекеттің рулық басқару
ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және
мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе оқу және монографиялық
әдебиеттерде атайтынындай жарын биліктің болуы тән. мемлекеттің
басқа бір ерекше белгісі өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық
жинауға мәжбүр болды. Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз
азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ол алғашқы
- рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша – қандас туысқан
байланысы мен қарым қатынасынан құралады. Мемлекеттің даму барысында
халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік - құқықтық
институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ал
оны нақтылай түсуге тереңдетуге айқын мазмұн мен толықтыруға
бағытталған еді. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы
ең жоғары билікті айтады. Қоғамның елдің халықтың мүддесін ол
толығымен көздей алды ма, жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс
жауабын алдын ала түсіндіріп қойған. Мемлекетті басқарудың құқықтық
нысанын, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетінің
белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет
құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс
істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық
шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да
құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы
мемлекеттің қызметі мүлде басқаша маңызды ерекшелігімен сипатталады
және әр алуан: бұл айтылғандардан басқа мемлекеттің құқық шығармашылық
монополиясы, сондай – ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіліп
кепілдік беретін функциялар бар.
Мемлекеттің пайда болуы процестерінің саяси құқықтық ойда
бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары
ежелден – ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып
келеді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық тайпалық ұйымының мемлекетте
орын беруінің себебін білуге тырысуы осы процестерге ықпал ететін
және оларды динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері
көптеген теорияларға тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із
қалдырмастан тез ұмтылып қалды, ал енді бір бөлігі жаулап алды,
әлі де болса олардың дүниеге көз қарасы мен түйсігіне әсер етіп
келеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Тақырыпты зерттеудің маңыздылығы
мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым – қатынасы барысындағы
үйлесімді қызмет етуінің негіздері мен қағидаларын қарастыру, азаматтық
институттардың мемлекетті қалыптастырудағы маңызын зерделеу болып табылады.
Осы тұрғыда Қазақстан қоғамындағы бүгінгі жай-күй азаматтық қоғамның
қалыптасып, даму жағдайы зерттеу обьктісі ретінде алынды. Зерттеу жұмысының
негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
мен дамуы
Зерттеу жұмысының негізгі міндеті: Жұмыстың мақсатына жету үшін
келесідей міндеттер алға қойып шешу:
- Қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
- Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның байланыс негіздері
- Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құру жолдарының жүйусі
Зерттеу жұмысының негізгі әдістері: Жұмыстың әдістемелік негізі
ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының
қоғамдық бірлестіктер туралы заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің
заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметтің нормативтік
қаулылары және т.б. заңдар мен ғылыми еңбектер, зерттеу жұмыстары
пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: бұл жұмыс кіріспеде, үш бөлімнен,
қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмысы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде қоғам мен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы
қарастырдық. Қоғам мен мемлекеттің пйда болуына өзінің сипатына
бағытталуы, ерекшеліктеріне сәйкес нысандарын қажет етпеген және
мемлекетпен қоғам болғанға дейінгі басқа нышандары пайдаланып келген.
Алғашқы қауымдық қоғамдық даму кезеңдері тікелей із ашар болып отыр.
Адамдар өте қиын жағдайда тіршілік ету үшін алғашында шағын отбасын құрған.
Құрамы бойынша кейінірек одан алде көбірек топтасу құрған. Бұда туыстық
қатынастары бар адамдардан құралған. Мемлекеттің пайда болуы
процестерінің саяси құқықтық ойда бейнеленуі. Мемлекеттің пайда
болуының жалпы және жеке заңдылықтары ежелден – ақ адамдарды
толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып келеді.
Екінші бөлімде мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым қатынасы
қарастырдық. Ғылыми тұрғыда азаматтық қоғам өте аз зерттелген. Ол туралы
қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Ғалымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің
мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Ұқсастық бар, бірақ та айырмашылық басым.
Үшінші бөлімде Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру жолдары мен
проблемалары қарастырылды. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру. Бұл
мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес,
халықтың шынайын еркін білдіреді. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өте
созылмалы және күрделі процесс. Қазақстанның қазіргі кезеңі мемлекетіміздің
жалпыға ортақ өркениетті даму жолына қайта түсумен сипатталады.
Соңында қорытынды жасалып, әдебиеттер тізбесі берілді.

1 ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1 Мемлекет және қоғамның өзара байланысы

Мемлекетің пайда болуына өзінің сипатына бағытталуы мен
ерекшеліктеріне сәйкес нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі басқа нышандары пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамдық
даму кезеңдері тікелей із ашар болып отыр. Осындай өте қиын
жағдайларда тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана
отбасылық кезбе топ құруға кейінірек – қауымның құрамы бойынша одан
әлде қайда көбірек топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық
қатынасы бар адамдардан құралды. Ол үшін олардың мынадай
ерекшеліктері болуы керек болды;
1. сол кездегі іс - әрекеттің негізгі салуларын қамтуға
мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ
шаруашылықты жүргізуге, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын мүшелерінің
қажетін қанағаттандыратын болуы керек.
туыстық жағынан аса жақын емес, сондай – ақ таяудағы мақсат, мүдделері
де бөлектеу ұру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір –
біріне көмектесіп қауіп қатерден бірлесіп қорғану керек. Мемлекет
тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару
және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылады.
Әр халықтың нақтылы тарихи тұрмыстық жағдайы қоғамдық өмірдің рулық
жүйесінің ыдырау процесіне мемлекеттің пайда болуымен басқаруға әсер
етпей қоймады. Мұндай жағдайлар тіпті көршілес және этникалық
жағынан жақын халықтардың арасында әркелкі болғандықтан да қаралатын
процестердің нысанының қарқынын және соның салдарының бірдей болуы
туралы әңгіме етудің өзі артық. Қазақстан аумағында мемлекеттің
пайда болуы. Қазақстанның аумақтық, табиғи географиялық топырақ,
климаттық жағдайлары оны мекендеген халықтың ерекшеліктері алғашқы
қауымдық құрылыста және одан кейінгі кезеңдерде басқару нысанын
қалыптастыру, дамытуға ұйымдастыруға және тіршілік етуге әсер етті.
Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік тынысын қамтамасыз ететін оған қажетті жағдайлармен алғы
шарттар жасауға ұмтылатын адам зат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары
мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның
арқасында соны қоғамда, ұйымда құрылымдар мен институттарда әрекет
ететін басқалардан өзгешілігі мен көзге түсетін күрделі саяси
организм ретінде қабылдаймыз.[2]
Мемлекет дегеніміз – бұл адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың топтардың және
басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым – қатынасын реттеп,
бағыттау, олардың бірлескен іс – қимылына жағдай жасау жүктелген
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар
жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш берілген
с) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік - мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекетің барлық негізгі белгілері: мемлекеттің рулық басқару
ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және
мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе оқу және монографиялық
әдебиеттерде атайтындай жарын биліктің болуы тән. мемлекеттің басқа
бір ерекше белгісі өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға
мәжбүр болды. Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз
азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ол алғашқы
- рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша – қандас туысқан
байланысы мен қарым қатынасынан құралады. Мемлекеттің даму барысында
халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік - құқықтық
институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ал
оны нақтылай түсуге тереңдетуге айқын мазмұн мен толықтыруға
бағытталған еді. Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін
құрылымдар мен және институттармен егемендік сияқты қасиетімен
ерекшеленеді.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары
билікті айтады. Қоғамның елдің халықтың мүддесін ол толығымен көздей
алды ма, жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабын алдын
ала түсіндіріп қойған. Мемлекетті басқарудың құқықтық нысанын,
реттеуді және ықпал етуді пайдалануы оның міндетінің белгісі болып
табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше
алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған
басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет
етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды
орындауы қажет болса, онда құқық аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде
басқаша маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан: бұл
айтылғандардан басқа мемлекеттің құқық шығармашылық монополиясы, сондай
– ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіліп кепілдік беретін
функциялар бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым – қатынаста
өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына
сүйенеді. Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы
және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен
жүзеге асыруға бейімделуі мемлекеттің айрықша белгісі болып
табылады.
Мемлекеттің пайда болуы процестерінің саяси құқықтық ойда
бейнеленуі. Мемлекеттің пайда болуының жалпы және жеке заңдылықтары
ежелден – ақ адамдарды толғандырып, олардың қызығушылығын туғызып
келеді. Алғашқы қауымдық қоғамның рулық тайпалық ұйымының мемлекетте
орын беруінің себебін білуге тырысуы осы процестерге ықпал ететін
және оларды динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері
көптеген теорияларға тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты.
Олардың кейбіреуі саяси құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із
қалдырмастан тез ұмтылып қалды, ал енді бір бөлігі жаулап алды,
әлі де болса олардың дүниеге көз қарасы мен түйсігіне әсер етіп
келеді. [3]
Диалектикалық материалистік теория мемлекеттің пайда болуын
табиғи тарихи себептермен өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда
болуымен, қоғамның тапқа бөлінуі мен шиеленіскен әлеуметтік
келіспеушіліктер мен қарсылықтар тудыратын олардың теңсіздігімен
таптық қарама қайшылықтың ымырашылдығын түсіндіреді өзінің бағытына
сәйкес мемлекет, әдетте өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық
өмірінің маңызды саладағы істердің жағына белгілі дәрежеде ықпал
етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы
түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрды. Мемлекет
функцияларының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынадай компонентін
бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасы:
а) сенімді және мәжбүрлеу
б) басқарудың орталықтандырудың компонентін бұзып көрсету
керек
в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез
құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.
Осылайша функцияларының құрамына мемлекет қызметінің негізгі
бағыттарының бірі ретінде мағынасынан басқа жүктелген міндеттерді
шешудің нысандары мен әдістері сондай – ақ мемлекеттік ықпал ету
объектілері жатады. Мемлекеттің функцияларында мемлекеттің сипаты мен
қоғамдық саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген.
Мемлекет функциясын түрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.
Адамдардың өндірісті орналастырудың және алмастыру саласындағы
мемлекеттің ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға
болады. Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату
қазіргі уақыттың құбылысы болды, адамдар бұл құбылыс пен мемлекеттік
және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын, әділдік пен
адамдардың жетіспеушілігін байланыстырады да перспективасын, әділдікпен
адамгершіліктің жетістігін байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық
мемлекет ұғымдарын ашу оның ерекшеліктері мен ерекше сипатталатын
баяндай қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және
практикалық мәнге ие болды. Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқаруды
құқықтық басымдылықты идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми
органдар мен лауазымдар тұлғасын ниетін емес, сондай –ақ азаматтардың
және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерін құқықтарын бостандығымен
мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін
құқықтық нысандар мен әдістерге басылымдық береді. Құқықтық
мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге
сондай – ақ және тұлғалар арасындағы әрекетке айтпай автономия мен
бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айрықша
қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады. Құқықтық
мемлекеттің теориялық тұжырымдамасын ережелерін бірқатар елдердің өмір
тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің
қарсыластарына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік
және қоғамдық қызметтің барлық жағынан терең жаңалықтармен бірге
жүрді мемлекеттік жүйенің принциптері жетілдіруді және адамдардың
мәртебесі айқын мазмұнын толықты, құқықтық құндар бірінші дәрежелі
маңызға ие болды, шенеуніктердің бассыздығы азайып, олардың қызметі
ретінде біртіндеп реттелген және тәртіптелген арнаға түсе бастады.
Адамзат қоғамдағы саяси дамуындағы жаңа кезеңнің белгісі құқықтық
мемлекеттер отбасының пайда болып, көбеюі. Бұл мемлекеттің құқықтық
теория мен Франция ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы.
құқықтың мемлекеттер өздерінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық
салалығы күнделікті табысын басқа елдерге бағдар болуда оларға әділетті
адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде. Ең дұрысы бұдан былай құқықтық
мемлекеттердің саны әлемде атеистік мемлекеттің санының азаюы есебінен
өсетін болады. Бірақ бұл қарапайым түрде түсінуге болатын дамуын жалпы
тенденциясы әр түрлі елдерде әлеуметтік болжауға қиын өзгерістер болуы
мүмкін бұл өзгерістер көрсетілген дамуын жалпы тенденциясына жатпайды.
Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет
принциптерінің нығаюы болып табылады. Құқықтық мемлекеттік азаматтық қоғам
мен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып қызмет етіп өркендей алмайды.
Адамзаттық қоғам мемлекетін маңызды компоненттері пайда болып, бекіп өзінің
тіршілікке қабілеттілігі мен өміршеңдігін көрсететін жетілдіретін және олар
үшін өзінің бір тіршілік ету ортасы болып табылатын, оларға қажетті
жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік экономикалық
қондырмасы. Құқықтық мемлекетпен азаматтық қоғам бір – біріне жақын
болған мен әртүрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің
конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәселесін
баянды ететін болса, онда адамның құқықтық мәртебесін баяндаса қоғам
оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. мемлекет пен қоғам
пайдаланатын жауаптылық институтарының ара қатынасы да ұқсас. Құқық
тәртібін бұзушыларды мемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ол
құқықтық емес бұзушылар қоғамдық моральдік ықпал ету шараларын
қолданумен шектеледі.
Құқықтық Мемлекеттің Ұғымы
Құқықтық мемлекеттің пайда болуының қайнар көзін – ерте кезден
адамзат өркениетті бесікте жатқан кезден бастау керек. Сол кездің өзінде
адам өзіне ұқсас адамдармен сөйлесуін түсінгісі келді, бостандық пен
бостандығы жоқтығы, жақсылық пен жамандықты, тәртіп пен тәртіпсіздік
түрлерін ұғынып, белгілі бір шешімге келгісі келіп талпынады.
Рулар, тайпалар бірін-бірі басып алу негізінде біріне-бірі үстемдік
жүргізіп, бағындыру негізінде мемлекеттің түпкі белгілері пайда бола
бастаған. Содан кейін құқық дүниеге келді.
Бүкіл әлемнің прогресшіл жұртшылығы, зиялы қауым hәм озық та
өркениетті елдер заңды құрметтеп – сыйлауға, қажетті жерінде оған сөзсіз
бой ұсынуға дағдыланғалы қашан! Міне, егеменді ел атанған Қазақстан
Республикасы да құқықтық мемлекет құру жолында маңызды іс-шараларды
табандылықпен жүзеге асыруда. Құқық тәртібін сақтау мен нормативті заң
актілері талаптарының қалтқысыз орындалуына жете көңіл бөлінуде.[4]
Әрине күні кеше ыдырап кеткен Кеңестер Одағынан еншісін алып,
іргесін ажыратқан елімізге мемлекет деген алып та ауқымды үйдің алғашқы
шаңырағын көтеру, ірге тасын қалау әп-сәтте іске асатын оңай шаруа емес.
Мұнда әлемдік озық іс-тәжірбиеге жүгінудің, өркениетті елдер жүріп өткен
тарихи соқпақтарды саралапталдаудың еш артықшылығы жоқ. Заң саласын
жаңартуда осы үрдіс басты назарға алынуда.
Еліміз егемендігін алып, өз тілегін өз қолына алғаннан бері
нарықтық қатынастарға байланысты жаңадан көптеген заңдар қабылданып, іс-
жүзіне асырылып жатқандығы бәрімізге мәлім. Тіпті мемлекетіміздің сипаты да
өзгеріліп, оның құрылымдық бөлшектері де қайта құрылу үстінде.
Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі
уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыс пен мемлекеттік және қоғамдық
өмірдің демократияландыру келешегін, әділдік пен адамгершіліктің
жетістіктерін байланыстыруда. Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын
ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяндау, қоғам өміріндегі
ақиқат ролін көрсету үлкен теорияларық және тәжірбиелік мәнге ие болды.
Құқықтық мемлекет басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып
отыр, сонда да тек қана ресми органдар мен лауазымдық тұлғалардың ниетін
емес, сондай – ақ азаматтық және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің
құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру
қажеттігінде ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді.
Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани
процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас
саласына кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушіліктің арасындағы
әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық
мәртебесінің нығаюына айрықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын
қадағалап отырады.
Өздерінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдық
қатынастың басқа субъектілердің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына
есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен
әдістері басым болып келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып
табылады. Бұдан басқа, аталған субъектінің бостандығы мен дербестігі,
олардың мемлекетке қатысты автономиясы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің
жүктен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, экономикалық, әлеуметтік
қатынастың барлық салаларын, азаматтың жеке өмірін тікелей өз қарауына және
бағынысына алуға деген талпынысынан, екі кезектегі және ұсақ-түйек
мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамның және басқа
қоғамдық қызмет субъектілерінің жағы тек күнделікті араласып отырған
мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың субъективті қарауына да
байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасында аралық типтегі түрлі
мемлекеттер болады, оларда бірінші және екінші типтің белгілері үйкесіп
жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда
сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауларға бағынуға тырысады.
Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай – ақ құқықтық мемлекетке
жақындауда.
Құқықтық мемлекеттің пайда болуы мемлекеттік құқықтық процестердің
ұзақ эволюциялық заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат,
прогрессивті және тиімді институттардың өзіндік ерекше “селекциясы” мен
мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекет басқарудың
құқықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұсыну негіз
болды. Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен жаққа
айналды деуге болады. Көне заманның азық ойшылдары (Платон, Аристотель және
басқалар) құқықтық позитивті ролін ескермейінше мемлекеттің құрылымы мықты,
тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен. Құқық
ролі мемлекеттік басқарушылардың оқырлығына тепе-теңдік ретінде қаралды,
заң әлдекімнің билігінде болмауы керек, өйткені барлық органдардың,
лауазымдық тұлғалардың және азаматтардың әрекетін бағыттап отыруға
арналған.
Алғашында батыраңқы және кейде жекеленген болжамдар түрінде пайда
болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас
тұжырамы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж Люкты, И. Кантты, В.
Гупебольды, Г. Еллиникті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады.
Азаматтық қоғамдағы саяси дамудың жаңа кезінің белгісі құқұқтық
мемлекет отбасының пайда болуы көбеюі. Бұл мемлекеттік құқықтық теория
мен практиканың ғажап жемістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы.
Құқықтық мемлекет өзінің өмір сүру фактілері мен, өмірдің барлық
саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдыр болуда, оларға
әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсету де.[5]
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекет әлемде этатистік мемлекеттің
санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл қарапайым түрде түсінуге
болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әртүрлі елдердің әлеуметтік саяси
күштердің айқын арақашықтығына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы
мүмкін, бұл өзгерістер, мемлекеттік құқық мемлекеттің деңгейіне жетіп ,
сосын келетін олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе автолитарлық
режимдер жағына қарай бұрылып кететін жекеленген елдер жоғарыда көрсетілген
дамудың жалпы тенденциясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және
оның бейнесінің бірі – құқықтық мемлекет, принциптерінің нығаюы болып
табылады.

1.2 Мемлекет туралы түсінік және оның әлеуметтік мәні

Билікті құқықпен, заңмен шектеу идеялары – барынша ескі идеялар, оның
негізін салушылар деп заңды түрде ежелгі грек философтары Платон,
Аристотельдер есептелінеді. Дегенмен заңсыздық және бассыздықпен күрес
проблемасы айрықша маңызға федолизм және авторитарлық және тотариалық
режимдегі буржуазиялық полицейлік мемлекеттер кезеңінде ие болды. Құқықтық
мемлекет идеяларын дамытуға И.Кант, В.Гегель сияқты ойшыл-философтар
барынша үлес қосты. Олар құқықтық мемлекеттің философиялық негізін қалады.
Канттың ойы бойынша, мемлекет – құқықтық заңдарға бағынатын көптеген
адамдардың бірлестігі. Жан-Жак Руссо, оның ой толғамдары да мемлекет
негіздеріне жатады, мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде пайда болады
деген идеяны негіздеп шығарады, өйткені халық ортақ істерді және әрбір
тұлғаның алдында тұрған істерді шешетін саяси (билік) күштің пайда болуының
объективті қажеттілігін түсінеді.

Құқықтық мемлекет теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі –
биліктерді бөлу қағидатын құрушылар Дж. Локк пен Ш.Монтаскье болып
табылады. Ш Монтаскье: Белгілі бір жағдайда түрлі биліктер бір – бірін
өзара ұстап тұратын тәртіптер жүйесі қажет деп дәлелдеді.
Г. Едлинек құқық және заңның үстемдігі идеясын алдыға тарта отырып,
сонымен қоса мемлекеттің өзін-өзі шектеу теориясын ұсынды. Орыс заңгерлері
Н.М.Коркунов, П.И. Новгородцев, Г.Ф. Шершеневичтердің еңбектерінде құқықтық
мемлекет тақырыбы құқықтық мемлекетті шектеу тұрғысынан қарастырылды.
Жоғарыда айтылған идеялар негізінде кейінде төменгідей белгілермен
ерекшеленген құқықтық мемлекет концепциясы құрылды:
1. Өркениеттің тұрақты дамуының кепілі ретіндегі азаматтық қоғамның –
автономиялық, егемен, ерікті тұлғалар одағының және құқықтық мемлекеттің
өмір сүруіне қажетті жағдайдың болуы.
2. Мемлекеттің құқықпен байланыстылығы, ол:
а) мемлекеттің құқыққа қайшы келетін заңдарды шығаруға құқығы жоқ,
ә) мемлекет те, азаматтар да қабылданған заңдарды бірдей орындауға
міндетті дегенді білдіреді.
3. Мемлекеттік билікті ұйымдастырған кезде билікті бөлу қағидатын іске
асыру. Соған сәйкес мемлекеттік биліктің қалыпты өмір сүруі үшін оның
ішінде салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді емес мынадай биліктер болуы
тиіс: парламентке тиесілі заң шығарушы, үкіметке тиесілі атқарушы, сотқа
тиесілі соттық. Мұндай бөлудің мәні биліктің бір тлғаның немесе адамдар
тобының қолында жинақталып қалуына жол бермеу, сөйтіп тирандық және
авторитаризмнің алдын алумен негізделеді.
4. Заңның үстемдігі қағидатын сақтау. Бұл жоғарғы заң күшіне ие және
мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерін құрайтын Конститутция негізгі
заң болуы тиіс дегенді білдіреді.
5. Құқықтық мемлекетте сот әділеттің және шынайы сот төрелігінің
салтанат құратын органы болуы керек. Сот – қандай да бір ықпалдан тәуелсіз
қорғау және бұзылған құқықтық жағдайды қалыпқа келтіретін орган.
6. Құқықтық мемлекеттің негізі – тұлғаның бостандығының, оның
құқықтары мен мүдделерінің, ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау және
кепілдігі.

Сөйтіп, құқықтық мемлекет – бұқаралық билікті жүзеге асыру формасы,
бұл жағдайда азаматтардың саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі негізінде
жүргізіледі, әрбір тұлғаның құқықтары бостандықтары және міндеттерін қорғау
және қамтамасыз ету құралы болып табылады [6].

Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығын
көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган,
әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда ққықтық принциптер және
нұсқаулармен байланысты, өздерінің барлық шараларын солармен
сәйкестендіреді.
Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік
органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен
шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер этатистік
мемлекетте ресми органдар мен лауазымды адамдар құқықты екінші кезектегі
және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көзқарасқа құқықтық
мемлекет жағдайында жол бермейді және ол біртіндеп жойылып та келеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этатистік мемлекетке
тән мұндай үлкен қарама-қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың
барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және
рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп
бұзушылықтың жасауы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары көрсеткіштеріне сай
келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелілігіне негізделеді, одан қалмайды.
Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативтік актілер қабылдап, оның
жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялаумен
ғана шектелмейді ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде
жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және
қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне
айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі.
Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызметі приоритеттің
қатарына жатады қағаз жүзіндегі, қолданылмайтын заңдылықтардың жоққа саюы
осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның қоқыстарын ешкімнің тіпті
тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатынастың әрбір субъектісі мемлекеттік
органдардың қолданып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде
екендігіне көзі жеткендіктен (басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің
тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда
заңдық нигилизмнің және адамның құқыққа деген менсінбеушілік қатарының
тарауына кедергі жасайды.
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің
нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып
табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады,
әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне
байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық
бастауларының пирамидасын жоғары заң күші бар конституция құрайды. Басқа
ешқандай құқық бастаулары тура немесе жанама мағынасында конститутцияның
принциптері мен нормаларына қарама-қайшы келе алмайды. Керісінше,
мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да
бастаулары конститутцияны негізге алып оның мазмұнын тәптіштеп нақтылап
және дамытуы тиіс. Конститутциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес
түзіледі, ал заң пирамидасының келесі “қабаттарын” мемлекет басшысының
актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министрліктер мен
ведомствовалардың бұйрықтары мен нұсқаулары жергілікті өкілді және атқарушы
органдардың актілері, құқықтық әдет-ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері
құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа
субъектілірдің мәртебесі бойынша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты
тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді
қамтамасыз етуге жеткіліктіқұқықтар мен бостандықтардың кең кешенін
қарастырады; екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас
болуды және міндеттер жүйесінің теңбе-тең болуын міндеттендіреді;
үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен
бекітілген. Қоғамдық қатынас субъектілердің теңдігін олардың бір түрі
шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және олардың
біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктермен артықшылықтарын бекітуге
тырысуы көрініп тұр.
6. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар мен қоғамдық
құрылымдарды заңды деп тану құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгісінің бірі.
Мұнда жергілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымдар аз
кездеседі.
Егер алда-жолда ондайлар болатын болса, онда ұзақ уақыт тіршілік етуге
және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы болмайды және жеңуге болмайтын
қиындықтарға кездескен соң өзі де сахнадан тез-ақ кетеді. Институттар мен
құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелер мен процедураларды
сақтаған заңның негізінде құралады және олардың мақсаты, міндеті, қызмет
етуінің нысаны мен әдісі ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі. Атап
айтқанда, бұл заңды деп танудың тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық
тәсілінің үйлесуімен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бақылау
ревизиялық өкілеттілігін пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
7. Құқықтық мемлекетте билікті бөлу принципі жарияланады және жүзеге
асырылады. Соған сәйкес біртұтас мемлекеттік билік шеңберде бір-бірімен
тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс-қимыл жасайтын дербес
әрі тәуелсіз үш тармаққа – Заң шығарушы, Атқарушы, Сот бөлінуі
қамтамасыз етіледі.
Бір билік тармағының басқа бір билік тармағын таптауына, оларды
бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды. Қаралып отырған принциптердің
мәнісі, бір органда немесе лауазымды тұлғада биліктің шектен тыс
шоғырлануына қарсы әрекет етеді және оның мемлекеттік аппараттың ішінде
бірыңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына
кедергі жасайды.
8. Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңы мен халықаралық құқықтың
көпшілік таныған принциптері мен норманың арасындағы тиімді ара қатынасты
орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда.
Халықаралық құқық өзінің қазіргі заманғы құқықтық өркениеттің
жетістіктерін нақты көрсетуде. Бұл жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай
болғанда да қосылады өйткені олар әдетте халақаралық келісімдер приоритетін
олардың заңдары алдында орнықтырады (бәрін емес, тек олардың бекіткендерін
ғана) және бұл келісімдер тікелей өздерінде қолданылады деп айрықша бөліп
айтады. Осылайша бұл елдердің заң жүйесінің сыртқы әлемнен болуы мүмкін
оқшаулануы мен тасымалдануынан құтылуға болады: олар әлемдік қауымдастықтың
құқықтық жүйесіне жақындасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің
нормалық актілерінің жағдайын солардың деңгейіне дейін жеткізе отырып, оның
көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.
9. Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда (әсіресе
азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірден құқықтық реттеу және
құқықтық қорғау механизмі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа
беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың
алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді
қамтамасыз етуді, кінәлілерді жазалауды, жаңа құқық бұзушының алдын алуды,
азаматтарға және қоғамдық қатынастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің
барлық нормативті нұсқаулары ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен,
міндетті түрде орындалуын шешеді.
Құқықтық мемлекеттің юрисдикциялы, құқықты қорғау және превентивті –
ескерту қызметі құқық талаптарын қатаң сақтауға негізделеді, соның
негізінде қоғам өмірлерінің құқықтық көңіл-күйі айтарлықтай жоғары
болатындығы маңызды.
10. Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және
мемлекеттің азаматтар алдындағы тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын
құқықтары мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай-ақ олардың
ресми рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша
қолайлы жағдай туғызуға талпынады.
Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын
мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық қатынастар субъектілеріне
зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдаланады, олар өздеріне жүктелген
міндеттерді қатаң сақтауы керек.
Басқаша айтқанда, мемлекет пен азаматтың байланысы күрделі әрі көп
қырлы, ал оларды бірінің біріне деген қарым-қатынасы тұрғысынан белгілі бір
құқықтармен міндеттегені сияқты, бір-бірінің алдындағы белгілі бір міндетін
орындауы түрінде де көрінеді.[7]
Жоғарыда көрсетілген жиынтық әрекеті қоғамда және мемлекетте құқықтың
билік құратындығы, оның үстемдігі, приоритеті, басымдық жағдайда
қабылданған дегенге алып келеді.
Бұл жақсы да, өйткені құқық адамзат өркениетінің көрнекті жетістігі,
реттеудің жинақтаған әлеуметтік тәжірбиенің квинтэссенция басқару және
ықпал ету, әділеттіліктің жалпы азаматқа тән құндылықтар мен мұраттарды,
демократия мен тәртіпті жүзеге асырудың нысаны, мәдениеттің қажетті
компоненті.
Құқықтың қоғам өміріндегі ролін және оның не үшін арналғанын терең
түсініп, соған лайық іс-қимыл жасайтын мемлекетті құқықты мемлекеттің
қатарына жатқызуға болады.
Құқықты мемлекеттің жоғарыда аталған белгілерін бір-бірінен бөліп
қарамай, біртұтас түрде алып қараған дұрыс.
Егер этатистік мемлекеттің құқықты мемлекетке айналу динамикасын
қарайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымдағы, іс-қимыл нысандары мен
әдістеріндегі, ағымдағы және перспективадағы міндеттердің бірте-бірте
өзгеруінің сандық тұрғыда жинақтала келіп, сосын оның сипаты мен
табиғаттағы сапалық өзгерістерге алып келетіндігін ашу маңызды болмақ.
Осылайша, құқықтық мемлекет – деп құқықтық құндылықтарға приоритет
беретін, жұртшылық арасында, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметкерлері
арасында олардың билік беделі үшін қамқорлық жасайтын, өзінің бүкіл іс-
қимылы құқықпен байланысты, заң талабы шегінде әрекет ететін азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейтін мемлекетті санауға
болады.[8]

1.3 Мемлекет және азаматтық қоғамның негізгі қағидалары

Қағида дегеніміз – мемлекеттің құқықтық мемлекет деп аталу идеясының
жиынтығына негіз салушы ой-пікір. Тарихи деректерге сүйене отырып, құқықтық
мемлекеттің мынадай қағидаларын бөлуге болады.
Құқық басымдылығының қағидасы.
Ол мынаны білдіреді:
а) мемлекттік және қоғамдық өмірдегі барлық жағдайларды құқықтық
тұрғыда қарау.
б) адамгершілік, ізгілік, имандылық – құқықтық бағалықтардың бірігуі
(әділеттілік пен ақыл парасат) және құқықтық құндылықтардың қалыптасуын
реттеуші (нормативтілік, заң алдындағы теңдік), қоғамды әкімшілік
ұйымдастырушылыққа бөлу және жария билік күшінің заңдылығы.
в) мемлекеттік және қоғамдық органдардың кез-келген шешімін
идеялық – құқықтық тұрғыда қалыптастыру қажеттілігі.
г) мемлекетте қажетті құқық нысаны мен рәсімінің бар болуы
(Конститутция және заңдық материалдық және іс жүргізу кепілдігі т.б.)
1) Адам мен азаматтардың құқықтарының қорғалу қағидасы.
Бұл қағида: бірінші, кешенді және абсалюттік мінездемеден тұрады.
Адам өз ақылымен қоғамда өмір сүруші болғандықтан, өзі сияқтылармен
қарым-қатынас жасауда жүріс-тұрыс нормаларын қалыптастырады. Осы тұрғыда
құқық пен мемлекетті адамнан туылған дейміз.
Кешенділігі – адамның мемлекетпен және оның органдарымен қоғаммен
басқа да адамдармен құқық шегінде байланыс жасауы.
Абсалютті – бұл қатынасы тек заңды негізде орнауы керек. Егер ол заң
шегінен шығып кетсе, мемлекет жағынан қысымға түседі.[9]
Құқық қорғанушылықтың мынадай арнайы құқықтық белгілері бар. Олар:
1. Азамат пен мемлекеттің теңдігі мен бірдей заң алдында жауаптылығы.
2. Құқықтық қатынастың нысанын реттеудің ерекше белгісі.
3. Азаматтардың тұрақты құқықтық статусы және заңды кепілдік жүйесі
мен оны жүзеге асыру.
1. Тұрақты құқықтық қатынастар – екі жақтың бірдей жауаптылығы мен
теңдігін құрайды. Әрине мемлекет көптеген қоғамдық білім беру
орындарымен және барлық азаматтармен қарым-қатынас жасауда көптеген
құқықтар мен міндеттерге ие болады. Сонымен қатар, мемлекет
халықтық өкілі болғандықтан жай азаматқа қарағанда ерекше құқыққа
ие деп айтылады, (М: жалпыға бірдей міндетті нормалар шығарады,
салық жинайды т.б.) бірақ мемлекеттің азаматтан белгілі жоғары
деген негіз жоқ. Нақты құқықтық қатынастарда оларда тең құқық пен
міндеттер болады. Ал құқықтық мемлекет сол құқықтың бұзылуына
бірдей жауаптылық тағайындайтын механизм дайындауы тиіс.
2. Мемлекет пен азаматтар бірдей құқыққа ие болғандықтан, олардың
қарым-қатынас жасаулы келісім-шарт негіз болады (жұмысқа қабылдау
туралы, сату-сатып алу, жалдау, тұрғын үйді жалдау т.б.). Келісім-
шарттың билік нысаны – Конститутция болып саналады, егер ол бүкіл
адамдардың дауыс беруінен (референдум арқылы) қабылданса.
Конститутция Қазақстан Республикасының ата заңы және мұнда
мемлекеттке берілген құқықтар мен міндеттер, жеке азаматтардың
өміріне қатысты құқықтар жазылады, бұл құқықтар бір-біріне кедергі
келтірмейді.
3. Азаматтардың нақты құқықтық статусы – (оның құқықтары мен
міндеттерінің жүйесі) адамның болашаққа нақты, ешқандай жатырқаусыз
қарауы, әрекет етуі болып табылады.
2) Құқық пен заңның біртұтастығы қағидасы.
Құқықтық мемлекетте әрбір нормативтік – құқықтық акті тек атымен ғана
емес, сонымен қоса, мазмұны және түсінігі бойынша да заңды болуы тиіс.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

2.1 Азаматтық қоғамды дамыту – құқықтық мемлекетті құрудың негізі бағыттары

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты
бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық қоғам мен
мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ та
айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал
мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамнын
санқырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде
де болды, ал "азаматтық қоғам' толық мағынада бұл ұғым өмірге тек XVIII
ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, моралъ
салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық
бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің,
отбасының, моралдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі (Работы разных
лет. Т. 2. М., 1973. С. 50). Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін
көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра
алмайды — деген Гегель (Философия права. М., 1990. С. 228). К. Маркстін
пікірі — бір саяси жүйені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық
ҚАЗАҚСТАН РЕСУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституциялық құқық негіздері
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
Қазақстан Республика азаматының конституциялық құқықтары, еркіндері және міндеттері
Құқықтық мемекеттің ұғымы
Қаржы-ақша қатынастары
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Қазақстан Ресубликасындағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Пәндер