КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚЫЛМЫСТЫқ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі куәнің процессуалдық құқықтық
мәртебесі ... ... 8
1.2 Куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ...27

2. КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТАКТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.1 Айыптаушының куәға ықпал етуін бейтараптандырудың тактикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 49
2.2 Куә айғақтарын қорғауды қамтамасыз ету
тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...60

3. ЖЕКЕЛЕГЕН ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА
КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ..66

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78

Қолданылған ӘДЕБИЕТТЕР
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 0

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы құқықтық
мемлекет құру идеясын жүзеге асыру қылмыстылықпен күрес саласында, әсіресе
қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғалардың қауіпсіздігіне әсерлі кепілдік
беруді талап етеді. Қазіргі кезде қылмыстылық әлеуметтік факторларды
тұрақсыздандыратын құбылыстардың алдыңғы қатарларының біріне шықты.
Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықтың өсуі жағдайдында құқық қорғау
органдары белсенді қарсылықтар мен қарсы әрекеттермен бетпе-бет кездесуде.
Осыған байланысты куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі мейілінше
өткір сипатқа ие болып және Қазақстанда және шет елдерде де сот әділдігін
жүзеге асыруда айтарлықтай кедергі туғызып отыр.
Өкінішке орай, көптеген жылдар бойы қылмыстық іс жүргізуге
қатысушылардың мүдделерін ойластыру мемлекеттің және оның органдары
тарапынан ерекше қамқорлықпен қарайтын мәселе ретінде болмай қалды.
Қылмыстық ізге түсу органдары мен соттар қолданыстығы заңнаманың осы
аталған санаттағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге
қатысты мәселеге немқұрайлылықпен қарайтындықтарын көрсетті.
Қылмыстық әлем мен оның өкілдері алдындағы және осымен байланысқан ең
өріс алған жағымсыз зардаптар (өзінің процессуалдық міндеттерін орындаудан
бас тарту және басқалар) қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтары,
криминология және криминалистика саласындағы мамандардың куәлерді өзі
туралы айтуға мәжбүр етуі қылмыс құрбандары мен оны көргендердің үрейлерін
өршіте түсті. Халықаралық қауымдастық сарапшыларымен құқық қорғау
органдарымен қызметтес болатын адамдарға қатысты қорқыту мен зорлық-
зомбылық жасау қылмыстық сот әділдігі жүйесінің беделін түсіретін кең
тараған құралға айналып, осындай адамдарды қорғау қылмыстылықпен күрес
саласының ғаламдық проблемаларына жатады, деп танылды. Сонымен қатар,
шынында да азаматтардың өздеріне жүктелген қылмыстық іс жүргізулік
міндеттерінен бас тартуы құқық қорғау мен сот органдарының қызметінің құтын
қашырып, беделін түсіреді. Мұнымен, сондай-ақ халықтың қылмыстық дүние
алдындағы өсе түскен үрейі сияқты маңызды саналатын әлеуметтік-
психологиялық проблемалар да байланысты.
Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы күшейе түскен
ықпалдасуы осы зерттеліп отырған саладағы халықаралық тәжірибелерді
пайдалану мүмкіндігі мен қажеттігіне жол ашты.
Сонымен бірге, қарастырылып отырған саладағы мәлелелерді шешу жолдарын
қалай болса солай көшіріп алуға және алмастыруға болмайды. Қазақстан –
дербес мемлекет, оның өзінің ерекшеліктері мен менталитеті бар екендігін
ұғыну керек. Бізге куәлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу
бағытында тек қана өзімізге тән ғана жолмен жүру қажет.
Құқықтық институттың отандық заңнамасы үшін жаңа жасылымның өзектілігі
дәстүрлі қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізулік кепілдіктердің
қазіргі жағдайда куәлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиімсіз болып
отырғанына байланысты. Оның жеткіліксіздігі басқа да елдерде байқалды,
осыған байланысты өткен жүзжылдықтың 70-80-жылдарында елеулі дәрежеде
қылмыстылыққа қарсы тұруға мүмкіндік беретін процессуалдық қорғау
шараларының жүйесі құрылып және ол дамуын жалғастыру үстінде.
Қазақстанда аталған мәселе жайында алғашқы рет Ахпанов А.Н. сөз
көтеріп, зерттеген болатын. Қылмыстық сот өндірісіне қатысушы тұлғалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарды талдай келе, Ахпанов А.Н.
бұл мәселенің маңыздылығының дәрежесін айқындап және аталған тұлғалардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін одан әрі дамыту қажет деген
тұжырымға келген. Біз де бұл пікірмен толық келісеміз. Сонымен қатар, бұл
мәселеге Андреев В. И., Зайцев О. А., Коғамов М.Ч., Нургалиев Б.М.,
Төлеубекова Б.Х., Томин В.Т., Щерба С.П. сияқты қазақстандық және ресейлік
заңгер-ғалымдар көңіл бөлген.
В. Т. Томин былай деп атап өтеді, 80-жылдардың аяғында ... қорғау
туралы мәселе, соның ішінде айғақ бергелі тұрған және айғақ берген куәлерді
қысым жасаушылық пен азғырушылықтан қорғау бүгінде маңыздылыққа айналып
отыр. Осыған байланысты, ұйымдасқан қылмыстылықпен бетпе-бет жүздесіп
отыратын практикалық қызметкерлердің мемлекеттің куәлерді, жәбірленушілерді
және іс жүргізудің басқа да қатысушыларын қорқытудан, бопсалаудан
арандатудын және қылмыстық қауымдастықтардың сол сияқты басқа да
әрекеттерінен әлеуметтік-құқықтық қорғалуын тікелей қамтамасыз ететін
мақсатты заңнамалық актілер жасау мен қабылдау туралы мәселені тура қоюы да
тегін емес [1, 123].
Осы айтылған жағдайлар мен шарттар қылмыстық сот ісін жүргізудегі
барлық объектілер қауіпсіздігінің қорғалу деңгейін жеткілікті түрде ұстап
тұруға бағытталған ұсынымдардың жалпы жүйесін жасау қажеттігін анықтады.
Қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар
жүйесі қолданыстағы ғылыми тұжырымдарды талдап және жүйелендіріп қана
қоймай қылмыстық іс жүргізудегі заңмен қорғалатын объектілерді қорғаудың іс
жүзіндегі тиімді тәсілдерін ойдар шығару мен игеруге арналған зерттеу
жұмыстарының жаңа бағыттарын ашуға мүмкіндік беріп отыр.
Қарастырылып отырған саладағы криминогендік жағдайға талдау жасау
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен азаматтардың
құқықтарын қорғау саласындағы негізгі құжаттар мен салалық заңнамалардың
арасындағы елеулі үйлеспеушіліктер, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы
адамдардың әлеуметтік-құқықтық қорғансыздығының өсуі, сондай-ақ қабылданған
халықаралық міндеттемелерді орындау Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттарды бекітілген қылмыстық іс
жүргізуге қатысушы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
қағидаларын іс жүзіне асыру мақсатында заңнамалық негіздер мен құқық қорғау
органдарының қызметтерін реформалауды талап етеді деген қорытынды жасауға
мүмкіндік береді.
Құқықтық және процессуалдық кепілдіктер сот әділдігін жүзеге асырудың
барлық кезеңдерінде құқық қорғау органдарының іс жүзіндегі қызметінің
әсерлілігін анықтайды.
Жоғарыда айтылған мәселелер дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті
екендігін айғақтай түседі.
Зерттеудің мақсаты қылмыстық сот ісін жүргізудегі қауіпсіздік
проблемаларын кешенді түрде зерттеу, олардың негізгі ұғымдарын зерттеу,
қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздік шараларының жүйесін құру, сондай-ақ
оны қамтамасыз етудің іс жүзінде тиімдірек маңызы бар тактикалық
ұсынымдарын зерттеу болып табылады.
Мұндай көрсетілген мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздік, қауіпсіздікке қауіп-қатер,
қауіпсіздік шаралары ұғымдарына анықтама беріп және олардың жіктелу
жүйесін жасау; қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
тактикасы ұғымына анықтама беру; қылмыстық іс жүргізу субъектілеріне қауіп-
қатер төндіру жүйлерін талдау; тергеуге қарсы әрекет жасау құбылысына
анықтама беру, олардың негізгі белгілері мен түрлерін ашу; қылмыстық іс
жүргізудегі ақпараттық қауіпсіздік ұғымын талдау, оны қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды ойластыру.
Зерттеудің объектісі қылмыстық іс жүргізудегі заңмен қорғалатын
объектілердің қорғалуының жай-күйін бұзушылық жағдаяттары, сондай-ақ
қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер мен оны
болдырмау деңгейін жеткілікті түрде ұстау жөніндегі құқық қорғау
органдарының қызметтері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәніне заңмен қорғалатын қауіпсіздік
объектілеріне зиян келтіретін әрекеттермен көрінетін заңдылақтар, сондай-ақ
қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздік объектілерін қорғау жөніндегі құқық
қорғау органдарының қызметінде көрінетін ұйымдық-тактикалық мазмұндағы
заңдылықтар жатады.
Зерттеудің методологиясы мен теориялық негізі. Тақырыпты зерттеудің
методологиялық негізін материалистік диалектиканың қағидалары,
құбылыстардың дамуы мен өзара байланыстылығының объективті заңдылықтарының
тарихи негізділігі туралы зерттеулер құрайды. Жалпы диалектикалық
зерттеулермен бірге зерттеудің тарихи, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-
құрылымдық, формальды-логикалық, статистикалық және басқа да жалпы ғылыми
және ішінара ғылыми әдістері қолданылды. Сонымен бірге, еңбекте құқық
қорғау органдары қызметкерлері арасында сауалнама мен сұбхат жүргізу сияқты
зерттеудің әлеуметтік әдістері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінің
объективтілігіне қол жеткізу үшін аталған әдістер жинақталып, кешенді түрде
қолданылды.
Зерттеудің құқықтық негізін қылмыстық сот ісін жүргізудегі қарсы әрекет
жасауға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін реттейтін, сондай-
ақ құқық қорғау органдарының қызметіне соттық-құқықтық реформа жасауға
қатысы бар заңдар құрады. Қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық,
криминалистикалық, криминологиялық (қылмыстану), сондай-ақ, дипломдық
жұмыстың тақырыбына байланысты зерттеу әдістерін игеру мақсатында талдау
жасаған әдеби қайнар-көздер мен анықтама материалдар зерделеніп және
пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық негізін криминалистика, қылмыстық іс жүргізу,
криминология саласының отандық және шетелдік ғалымдары: Т. В Аверьяновтың,
А. Н. Ақпановтың, В. И. Андреев, Р. С. Белкиннің, А. Н. Васильевтің,
Т. С. Волческаяның, И. Ф. Герасимовтың, В. Н. Григоьевтің, Г. Горосстың,
О. А. Зайцев, Г. А. Зориннің, В. Н. Карагодиннің, М.Ч. Когамов,
В. Я. Колдинның, В. В. Крыловтың, А. М. Ларинның, И. М. Лузгиннің,
В. М. Мешковтың, И. А. Николачуктің, Б. М. Нұрғалиевтің, И. Л. Петрухиннің,
А. С. Подшибякиннің, А. Р.Ратиновтың, Б.Х.Төлеубекова, В.Т. Томин, С.П.
Щерба, Н. П.  Яблоковтың және басқа да ғалымдардың еңбектері құрады.
Жұмыстың эмпирикалық негізін жүзден аса қылмыстық іс материалдарын,
заңды күшіне енген үкімдердің, сондай-ақ Қарағанды облыстық соты мен
Қазақстан Республикасының басқа субъектілерінің қылмыстық істерді қарау
жөніндегі мәліметтік деректерінің зерделеу нәтижелері құрады.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызына келетін болсақ, ізденуші
жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде қылмыстық іс жүргізудегі
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде куәнің және оның жақын
туыстарының қорғалуына қатысты өз ұғымын қалыптастырып, оларды жіктеп және
басқа да жағдайларға мүмкіндік беретін жолдарын көрсетуе тырысты. Дипломдық
жұмыс жазушы, отандық қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз
ету, тергеуге қарасы әрекет жасаумен күрес жүргізудің тактикасы мен
әдістемесіне қатысты бірқатар ұсынымдар ұсынады.
Дипломдық жұмыстағы теориялық қағидалар, қорытындылар, тактикалық және
басқа да ұсынымдар, ғылыми материалдар құқық қорғау органдарының қылмыстық
сот ісін жүргізуге байланысты қызметтерін оңтайландыруда және Қазақстан
Республикасындағы заң білімін беретін жоғары оқу орындарының маман кадрлар
даяларудағы ісін жақсартуға, сондай-ақ осы мәселе жөніндегі алдағы келесі
ғылыми зерттеу жұмыстарында жүргізуде пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге
кейбір ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заң шығарушылары қолданыстағы
заңнамаларды жетілдіру үшін пайдаланады деген ойдамыз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер.
1. Қылмыстық іс жүргізу субъектілері тұлғасының, оның туысқандарының,
денсаулығының, мүліктік құқықтарының қорғалу жай-күйі ретінде танылатын
қылмыстық сот ісін жүргізудегі қауіпсіздік ұғымы; қызметтік құпиялар;
қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік, жедел-іздестіру шаралары, сондай-ақ
криминалистикалық ұсынымдар көмегімен өкілетті субъектілермен қамтамасыз
етілетін болып жатқан немесе болуы мүмкін қауіп-қатерді болдырмауға
байланысты алдын ала тергеу органдары мен сот төрелігінің міндеттері.
2. Қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті объектілердің үш тобы –
адамның өмірінің, денсаулығының және мүлікттік құқығының; қылмыстық іс
жүргізудегі ақпараттық ортаның; алдын ала тергеу органдары мен соттың сот
төрелігін жүргізуінің қорғалу жай-күйі деп қарастыру ұсынылады.
3. Қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары – бұл өкілетті
субъектілердің қолданыстағы заңнамаларға негізделген заңмен қорғалатын
объектілер қауіпсіздігінің қорғалу жай-күйін бұзуға байланысты жағдайларға
жол бермеуге, сондай-ақ оның бола қалған күнінде қорғалудың бұзылған жай-
күйін қалпына келтіруге бағытталған әрекеттерінің жүйесі.
4. Қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тактикасын
жекелеген тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізудің тактикалық
ұсынымдарын, сондай-ақ жалпы тергеуде қорғалатын объектінің қорғалу жай-
күйін анықтауға және жеткілікті деңгейде ұстап тұру мақсатындағы тактикалық
ұсынымдар ретінде қарастыру ұсынылады.
5. Жағдайға байланысты көзқарас тұрғысынан қылмыстық іс жүргізудегі
заңмен қорғалатын қорғалудың жай-күйін бұзуға тән жағдайлар қарастырлған,
және сол жағдайларға байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
криминалистикалық ұсынымдар жүйесі жасалды.
6. Қылмыстық іс жүргізудегі қауіпсіздікке қауіп-қатердің көп тараған
түрі ретіндегі алдын ала тергеуге қарсы әрекет жасау мүдделі адамдар
тарапынан жасалған және қылмыстық істі тергеуге толық және объективті түрде
кедергі келтіруге, сондай-ақ кінәлі адамды жауаптылыққа тартуға бағытталған
әрекет немесе әрекеттер жүйесі не әрекетсіздік ретінде қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі зерттеудің негізгі мақсаты мен
пәніне сай келеді, жұмыстың сипатына, оның орындалу деңгейіне, міндеттері
мен қисынына негізделген. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш
бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ КУӘНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ

1.1. Қылмыстық іс жүргізудегі куәнің құқықтық - процессуалдық мәртебесі

Құқықтық мәртебе – жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан
бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген
жағдайы, рухани, мәдени білімі. Мәртебенің мазмұны адамның қоғамның
әлеуметтік құрылысындағы алатын орнын, ал мәртебенің нысаны сол адамның
қоғамдағы орнын заңды түрде сипаттайды. Мәртебе латын тілінен аударғанда
положение-жағдай - деген ұғымды көрсетеді.
Сонымен, құқықтық мәртебе - құқықтық жағдай - бір мағынадағы ұғым.
Оның негізгі мазмұны – мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке
тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері болып табылады.
Қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстарды дер кезінде ашуына және
қылмыстық іс бойынша тергеу органдарының дұрыс шешуіне куәлер көп көмек
көрсете алады.
Атап өту керек, қылмыстық іс бойынша куә болу – азаматтың құқығы ғана
емес, ең алдымен оның жауапты міндеті. Өзінің азаматтық борышын өтей
отырып, куә іс бойынша өзіне белгілі болған мәліметтерді дұрыс хабарлап
және айғақ беріп, кейде ерлік пен міндетті талап ететін оңайшылықпен
келмейтін іс атқарады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде куә деген ұғымның анықтамасы
берілмеген. Бірақ заң мағынасы бойынша куә деп, іс үшін маңызы бар қандай
да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген тұлға саналады.
М.С.Строговичтің куә ұғымына берген анықтамасына тоқталатын болсақ: куә -
қылмыстық іс бойынша мәні бар, қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген
тәртіпке сәйкес оған белгілі болған мән-жайлары туралы тергеуші мен сотпен
жауап алынатын тұлға [2; 394]. Ал, С.К. Жүрсінбаевтың пікірі бойынша: куә
– бұл негізінен қандайда бір мүдделі іс үшін дәлелдемелік мәні бар
ақпаратқа ие болған адам [3; 89]. Біздің ойымызша, куә ұғымына мынандай
анықтама берген жеткілікті болар еді. Куә – қылмыстық іс бойынша қандайда
бір мән-жайларды білетін, сол бойынша айғақ беруге шақырылған адам [4].
Куә – тергеу, прокуратура және сот органдарының алғашқы талабы бойынша-
ақ межеленген уақытта, белгіленген орынға міндетті түрде келіп және іс
жүргізу барысына өзіне белгілі әрі іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы
айғақ беретін адам [5; 12]. Кейбір процессуалистер куә ұғымына анықтама
бере отырып, назарын куәнің зерттеліп отырған іске қатысына баса аудара
отырып: тергеліп отырған қылмыстың жасалуына қатысы жоқ адам [6; 36];
осы қылмыстың жасалғаны үшін жауаптылық артылмайтын адам [7; 71] деп
тұжырымайды. Бұл көрсетілген анықтамалар, егер тергеу немесе сот
органдарында нақты бір адамның қылмысқа қатыстылығы туралы дерек болатын
болса немесе осы адам осы жасалған қылмыс үшін жауапты болатын болса, онда
ол куә ретінде емес, күдікті немесе айыпталушы ретінде жауап алынуы тиіс
дегенді білдіреді.
Тергеу тәжірибесінде, бұрын атап өткеніміздей, куә ретінде іс жүзінде
сезіктілерден жауап алу жиі кездесіп қалады. Мұндай адамдардан қылмыс
жауаптылық тартылатындығы жөніндегі ескертумен куә ретінде жауап алу
тергеудің бастапқы сатысындағы сезіктінің процессуалдық артықшылығынан
айырып, бұл азаматтың конституциялық құқығын бұзу олып саналады.
Куә өзінің қылмыстық әрекетімен емес, істің мән-жайларына байланысты
пайда болады. Кімде кім айыпталушының жағдайында болатын болса, кімнің
кінәсі қылмыс жасауда дәлелденген болса, ол қылмыстық жауаптылықта
болғанына немесе одан босатылғанына қарамастан куә ретінде ауыстырылып және
ол өзімен бірге қылмысқа қатысушыларға қатысты куәлік айғақ бере алмайды.
Егер, қылмыс жасаған адам айыпталушы, сотталушы немесе сотталған жағдайында
болса, егер осы адамның кінәсі күмәнсәз дәлелденген болса, егер осыған
байланысты ол айыпталушының (сотталушының) құқықтарын пайдаланған болса,
онда одан қажетті жағдайда куәдан жауап алу тәртібімен емес, айыпталушыдан
(сотталушыдан) жауап алу тәртібімен жауап алынуы тиіс және бұл жағдай
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген болуы
керек.
Куәнің іс жүргізудегі жағдайы іс бойынша қандай іс жүргізуге
тартылғандығын білу мақсатында анықталды. Мұндай жалғыз ғана мақсат олардың
тікелей немесе жанастырылған жолмен мән-жайлар туралы кеңейтілген
дәлелдемелік ақпараттар алу болып табылады. Бұл жөнінде, М. Л. Якубтың,
куәнің куәнің іс жүргізудегі жағдайы, әдетте оған қатысты іске әсер етпейді
немесе сезіктінің, айыпталушының, және жәбірленушінің берген айғақтары
сияқты мән-жайлар - берген айғақтың дұрыстығына әсер ететін басқа да
факторлардан көріне бермейді, деп дұрыс айтады.
Қылмыстық іс жүргізудегі куәнің қатысуына жағдай туғызатын осы
міндеттерге қарай адам оны куәлік айғақ беру үшін ресми түрде шақырту
сәтінен бастап куәнің іс жүргізулік жағдайға ие болады деп айтуға болады.
Осы сәттен бастап адам қылмыстық іс жүргізуші мемлекеттік органмен
процессуалдық қатынасқа түседі. Іс жүзінде болған жайды көзімен көріп куә
болмаса, қандайда бір субьекті емес заңды процессуалдық жағдайға ие болмаса
жауап алуға шақырылған адам істің мән-жайлары туралы тергеушіге қажетті
ақпараттарды және фактілер туралы талап етілетін деректерді біле бермейді.
Кейде сезіктінің, айыпталушының немесе жәбірленушінің жағдайында болған
адам, негіздеменің өзгеруіне байланысты іс бойынша куәға айналатындай іс
жүзіндегі жағдайлар да болып жатады. Куәлік айғақ беру субъектісінің
рөлінде көрінген сезіктінің, айыпталушының немесе жәбірленушінің жағдайында
болған адам негіздеменің өзгеруіне байланысты іс бойынша куәға айналатындай
іс жүзіндегі жағдайлар да болып жатады. Кулік айғақ беру субьектісінің
рөлінде көрінген сезіктінің, айыпталушының немесе жәбірленушінің берген
айғақтары өзінің дәлелдемелік күшін сақтай алады ма деген сұрақ туындайды.
Қалай дегенменде осы сияқты берілген айғақтар өзінің бастапқы күшін жояды.
Дербестік қалпын жоғалтады, куә санатына айналған адамның берген
айғақтарына айналып кетеді деу дұрыс болмаған болар еді. Сезіктіден,
айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу сипатындағы бұрынғы айғақтары
процессуальдық тәртіпте берілген болса, олар өздерінің күшін сақтайды және
қажет болған жағдайда сол адмның өзінен шыққан бұрынырақ берген
көрсетулермен салыстыруы мүмкін. Мұндай салыстырмалар мысалы,
қайшылықтардыжою мақсатындағысы адамның айғақ беруі бұрын және дәл осы
сәтте қандай процессауальдық жағдайда болғандығын ескере отырып
жүргізіледі. Сонымен бірге қайшылық болған кезде куә жағдайындағы
адамдардың берген айғақ емес, сезікті айыпталушы немесе жәбірленуші
жағдайындағы адамдардың берген айғақ дұрыс деп танылуы да мүмкін. Осыдан
келіп, айғақ беруден бас тартқаны және жалған айғақ бергені үшін
жауаптылықты туралы мәселелерді шешу әртүрлі болады.
Куәнің іс жүргізудегі жағдайы бәрінен бұрын оның іс жүргізудегі
міндеттері мен іс жүргізудегі құқықтары талдау негізінде ашылады.
Қылмыстық іс бойынша жалпы дәлелдеу барысында бес түрлі куәлар
қатысады.
Олар:
- жәбірленушінің көз қарасын қолдайтын, қылмыстық істі қозғауды бастаушысы
болып, айыпкерді нақты және тергеу барысында әшкерелейтін айғақ беретін
куәлар;
- іс жүргізуде бейтарап көз қөзқарас ұстанып, қылмыстық сот ісін жүргізу
аясына тарлылғандықтан және шыңдықты айтуға міндетті айғақ беретін
куәлар;
- қылмыстың нақты мән-жайына бацланысты адам ниетте жанылысатын куәлар;
- тергеуге қажетті мәліметтерге ие болып, қылмысты ашуда барынша өз рөлін
азайтуға тырысатын, істің мән-жайы бойынша өзіне белгілі мәліметтердің
көлемін төмендететін және айғақ бермеуге тырысатын, сол үшін де оларды
көбінесе әшкерелеу керек болатын куәлар;
- айыпталушының көз қарасын қолдайтын, ақиқатты орнатпауға саналы және
белсенді түрде жалған айғақ беру арқылы қарама-қайшы әрекет ететін куәлар
[2; 29].
Тергеу органдарының қызметінің жетістіктері мен қылмыстық сот
өндірісінің міндеттерінің шешілуі, көбінесе өздерінің адал ниетімен
азаматтық борышын орындаған бірінші топтағы куәларға байланысты
болады.Алдын-ала тергеу өндірісінде осы топтпғы азаматтардың белсенді
қылмыстық істер бойынша ақиқатты орнатуға күрделі әсерін тигізеді.Қылмыстың
мән-жайын, оны жасаған тұлғалардың оның кінәлігі мен қылмыстық іс-әрекетін
себебі және іс бойынша өзге де мәліметтерді анықтауда құқық қорғау
органдарына куәлар белсенді түрде көмектескен жағдайда, әдетте қылмыстық
процесті жүргізуші орган өзінің басты назарын азаматтарды қылмыстық күш
қолданудан қорғауды қамтамасыз етуге бағыттауы керек. Сондықтан, аталған
топтағы куәлардың әртүрлі тергеу жағдайларында құқықтары мен заңды
мүдделерін ерекше қорғау, іс бойынша заңсыз шешім шығарылуына мүдделі
айыпталушы немесе сезіктінің басқа да тұлғалар тарапынан түрлі жасалуынан
сақтау қажет.
Қылмыстық істе адал ниетте жаңылысатын куәлар қатысқан жағдайда
тергеуші келесіндей міндеттерді орындайды:
- жасалған қылмыстың дәлелдемесі ретінде айтылған мәліметтерді дәлелдемелер
жиынтығымен қолданудың мүмкін еместігін көрсету;
- дәлелдемелерді талдау негізінде істің мән-жайына маңызды куәнің адал
ниетпен жанылысуының себебі мен механизмін ашу;
- куәға қылмыстың нақты мән-жайы бойынша оның адал ниетте жанылысқаны үшін
оны белгілі бір заңды жауапқа тартпайтынын, құқықтарының шектелмейтінін
немесе оған жүктелген міндеттерден босатылатындығын түсіндіру қажет;
- жасалған қылмыстың нақты мән-жайлары куәнің есіне қайта түссе, ол өз
басшылығымен өзіне ыңғайлы кез келген уақытта тергеушіге қосымша айғақ
беруге құқығы бар екенін және табылған материалдар мен құжаттарды табыс
етуіне болатынын айту керек.
Тергеушінің шақыруымен келген куәлардың берген айғақтарының растылығына
күмән туғанда:
а) куәнің жанадан берген айғағын, оларда қарама-қайшылық болмауы үшін,
куәні жаман атты қылмау үшін және оның адал ниетіне күмән келтірмеу үшін
бұрынғы айғақтарымен ылғи да салыстыру қажет;
б) айыптау қорытындысы мен басқа да іс жүргізу құжаттарының дұрыстылығы
мен оның айғақының растығын негіздеу керек
Айғақтарды осылай бағалау куәнің қылмыстық іс жүргізуге қатысу
белсендігін арттырып, берген мәліметтерінің маңыздылығына көзін жеткізеді
және сот талқылауында куәлік борышын адал орындауына бейімдейді.- деп
жазады өз еңбегңнде заң ғылымының докторы, профессор С. П. Щерба. Оның ойы
бойынша: Қылмыстық сот өңдірісін соңғы екі типті куәлар ерекше
аландатады.Іс бойынша тәртіпті топтағы куәлар көбінесе тұрақсыз және кез
келген жағдайда айғақтарына өзгеріс еңгізіп, жалған көрсетпе беруге баруы
мүмкін- дейді. Іс жүргізуде аталған куәлар қатысқан жағдайда алдын-ала
тергеу органдарының міндеттері мыналарды қамтиды:
- оларға айғақ беруден бас тартқан үшін және де біле тұра жалған мәлімет
бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескету қажет.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 82-
бабы, 6-тармағында айтылған;
- құқықтың қорғалуы мен жақсы бедел азаматтық борышын еш қарсылықсыз
орындауынан, жүктелген міндеттерді олардың адал орындауымен тікелей
байланысты екеніне көңіл аудару қажет;
- олардың берген айғақтарын іс бойынша басқа да дәлелдемелер жиынтығымен
салыстыра отырып, бағалау;
- оларға айыптаушы немесе оның заңды өкілдер мен өзге де іс бойынша мүдделі
тұлғалар тарапынан ықпал ету мүмкіндігін тоқтататын шаралар қолдану;
- жауап алу кезінде алынған айғақтарын барынша нақтыла, анықтап және жауап
алу хаттамасына бекіту керек.
Сонымен қатар, әділ сотты жүзеге асыруға бесінші топтағы куәлардың
позициясы әрқашан өте қауіпті. Сондықтан, осы тұлғаларға аса кәңіл бөлу
қажет деп санайды заңгер С.П Щерба. Процесте істің нәтижесіне мүдделі және
аталған айғақ беретін куәлар қатысқан жағдайда:
- аталған куәлардың барлық айыптаушылар мен сезіктілермен, олардың
жақындары мен туыстарымен жеке қарым қатынасы туралы мәліметтерді мұқият
тексеріп, тергеу әрекетінің хаттамасына бекітіп отыру керек. Оларға жан-
жақты және объективті баға беріп, айыптау қорытындысында өз
тұжырымдамаларын баяндау керек;
- олардың берген жалған айғақтарын жоққа шығару үшін көптеген амалдарды
қолданып, олардың айтатын мәліметтерін алдын-ала анықтап, нақтылау керек
және күмәнді ақпаратты көрсету қажет;- осындай куәларды ұстаған кезде
олардың біле тұра жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартылатындығы туралы сұрақты шешу керек [2; 31].
Дәлелдемелік ақпараттар жетіспеген жағдайда және қажет болған істің
нәтижесіне мүдделі куәнің берген айғақтарын дәлелдеуде мыналарды
пайдаланған орынды:
- куәнің мінез-құлқы туралы мәліметтерді, соның ішінде оның айыпталушының
туыстарымен, айыпталушының өзімен араласуы, оған күш көрсету немесе
психикалық ықпал етілу туралы мәліметтерді жинақтау;
- оның берген айғақтардан бас тартуы мүмкін екендігін болжап білу және
теріс әрекеттерді (дыбыс жазу құралдарын пайдаланып, жауап алу)
бейтараптандыруға шаралар қолдану;
- түрлі амалдармен бастапқы дұрыс берілген айғақты бұзудың кез келген
әрекетіне жол бермес үшін істің нәтижесіне мүдделі және өзінің көз
қарасын өзгертуші, әр уақытта өзінің жаубын өз қолымен жазып беруге әзір
куәға мүмкіндік беріп отыру керек (мұндай айғақты қысым жасалумен беруі
мүмкін, жауп алу хаттамасын оқытпай қол қойғызу, жауапты адамның жоқ
болғанын пайдаланып хаттамаға қосып жазу және тағысын тағылар);
- айғақтарды, яғни егер тергеліп отырған оқиғаны өз көзімен көрмеген немесе
жауап алынып отырған оқиғадан басқаша жағдайда бейхабар болса,
мәліметтерді, егжей-тегжейді, мән-жайларды, мейлінше нақтылай түсу үшін
қайталап жауап алу жүргізу керек;
- мүмкін деген барша әдіс-тәсілдермен осы сияқты берілген айғақтардағы
хабарланған мәліметтердің бірін қалдырмай тексеруді жүзеге асыру керек.
Кез келген тергеулік жағдайда практикалық қызметкер куәнің жеке,
мүліктік және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін мқамтамасыз етуге
сондай-ақ алдын-ала тергеуде қылмыстық іс жүргізу қызметіндегі осы
субъектілердің қатысу әсерлілігін арттыра түсуге бағытталған шаралар
кешенін жүзеге асыруға тиісті.
Куә - істің тікелей жағдайларына байланысты пайда болады, сондықтан ол
таптырмас тұлға. Куәнің тәуелсіздігі туралы ереже біздің сот жүргізу
есіміздегі демократизмнің көрінісі болып табылады және ол қылмыстық істің
объективті, әрі әділ шешім табуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге,
қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтау куәдан жауп алудың қандайда бір сырт
әсерден аулақ болуын талап етеді. Осы мақсатты қылмыстық іс жүргізу заңы
қылмыстық іс жүргізу кезінде сол іс бойынша басқа да функция атқаруына
тыйым салады. Егер адам ісі жүргізуде куә ретінде қатысатын болса, онда ол
осы іс бойынша судьяның, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушы, сот
мәжілісі хатшысының, аудармашының, сарапшының міндеттерін атқара алмайды.
Куә ретінде тек оқиғаны көзімен көрген адамдардан ғана емес, сонымен
бірге белгілі бір міндеттердің атқару кезінде, жекелегке мән-жайларды
білетін адамдардан да жауап алынады.
Тергеу немесе сот әрекетін жүргізудегі мән-жайларды анықтау ұшін қайта
қарау кезінде, осы әрекеттің жекелеген егжей-тегжейлерін
анықтау(хаттамадағы жазылғандар толық па немесе толық емес пе) немесе
тергеу хаттамасына түсірілген жазбалардың арасындағы істі соттық қарау
кезінде анықталған қайшылықтарды жою кезінде куә ретінде жауап алынуы
мүмкін. Оларға, сонымен бірге, осы іс жүргізу амалдары кезінде
айыпталушының мінез-құлқы жөнінде сұрақтар қойылуы мүмкін.
Мұндай санаттағы адамдар қатарына айғақ адамдар, аудармашы, мамандар
(қарау мен куәландыру үшін тартылған дәрігер; кәмелетке толмағаннан жауап
алу кезінде қатысатын педагог; тергеуші немесе сот жекелеген тергеу немесе
сот әрекетерін жүргізу жүздестіруші адам ретінде көмегін пайдаланатын өзге
де мамандар) және сот немесе тергеу әрекетттерін жүргізу кезінде қатысқан
басқа да адамдар.
Тексеріс пен ревизия материалдары қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер
ретінде іске қоса тіркелген жағдайда ревизорлардан, бақылаушылардан,
инспекторлардан және басқа да адамдардан осы тексеріс жағдайында тапсырған
материалдарындағы іс Белгілі бір қылмыстық істі тергеуге немесе соттық
қарауға қатысқан адамдар-анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья, сот
мәжілісінің хатшысы сияқты лауазымды адамдардан жүзіндегі деректерін
нақтылау және толықтыру үшін куә ретінде жауап алынуы мүмкін.
Белгілі бір қылмыстық істі тергеуге немесе соттық қарауға қатысқан
адамдар – анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья, сот мәжілісінің хатшысы
сияқты лауазымды адамдардан куә ретінде жауап алу күрделірек болады. Бұл
жерде қылмыстық іс тек қана сапалы қайнар- көздерден алынған дәлелдемелер
негізінде ғана шешілуі мүмкін деген заңнама талаптары ескерілуі тиіс. Бұл
жағдайда осы қылмыстық істі тергеу немесе соттық шешуге қатысатын адамды
куә ретінде жіберуде рның субьективті қалауына қарамастан негізді күдік те
пайда болуы мүмкін. Оның осы істі шешуге қатысуына байланысты шың мәніндегі
болған мән-жайлар мен істен белгілі болған мән-жайларды бір-бірімен
жақындастыруы қиынға түседі.Осыған байланысты жауап алушы іс
материалдарынан көрген мәліметтерді ғана мазмұндап, іс үшін орны толмас
күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан бір қылмыстық істі тергеуге немесе соттық
қорғауға қатысқан лауазымды адам, осы істі одан әрі қарау кезінде куә
ретінде қатыса алмайды.
Қылмыстық істі тергеу мен шешу кезінде куәден жауап алудың себептері әр
түрлі, соның ішінде жария етуге жатпайтын мән-жайлар болуы мүмкін. Мұндай
жағдайдағы айғақ беру міндетті белгілі бір сипаттағы мәліметтерді жария
етпейтін, оларды құпияда сақтайтын адамның міндетіне келіп тіреледі.
Көріп отырғанымыздай, бір жағынан заң құпия ақпаратқа ие болған адамды
оны жария ету жауапкершілігінен босатпайтын болса, екінші жағынан қылмыстық
қудалауға салумен қорқытып, құпиясы бар мәліметтерді жария етпеудің
жеткілікті кепілін қамтамсыз етпестен, одан іске қатысты кез келген мән-
жайлар жөнінде айғақты жауап беруді талап етеді.Солай бола тұрғанымен бұл
жерде айғақ беруден бас тартқаны үшін жауаптылық, құпияны жария еткен үшін
жауаптылықтан төмен.Мұндай кереғарлықта шын мәнінде куәнін тергеудің немесе
соттың бірінші талабы бойынша мемлекеттік маңызды құпиясы бар мәліметтерден
тұратын мән-жайлар бойынша айғақ беруіе талап етуі ақылға сыйымсыз, оның
үстіне заң да айғақ беруден бас тартудан босатпайды ғой.
Тергеу мен сот талқылауы барысында жария етуге жатпайтын мәліметтерді
сақтаудың қосымша қылмыстық-процессуальдық кепілдіктерін құру қажеттігі
туындайды. Мұндай кепілдіктерді жасау кезінде басқа елдердің
тәжірбелерін,белгілі бір немесе өзгеде мемлекеттік және қоғамдық
институттардың немесе тұлғалардың мүдделерін қорғау бағыты бойынша
дәлелдемелер ретінде куәлардан жауап алуды шектеуді қарастыратын қылмыстық
іс жүргіжу заңнамаларын пайдаланған орынды.
Сірә, жария етілуі қоғамға немесе жекелеген азаматтарға нұқсан
келтірілуі мүмкін мәліметтерді құпияда сақтаудың нысандары мен әдістері,сол
мәліметтердің маңыздылын ескере отырып белгіленсе керек.
Әсіресе мемлекеттік құпиялары бар мәліметтер ерекше маңызға ие болады.
Мұндай мәліметтерді жария ету қоғам мүддесіне орны толмас зиян келтіруі
мүмкін. Сондықтан мұндай мәліметтердің жария ктілуін қорғауды қамтамасыз
ететін барлық шаралар қабылдануы тиіс.Мұндай мәліметтердің маңыздылығы
туралы мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың несім артылған қызметкерлері
көбірек білетініне дау жоқ. Тергеуші мұндай мәліметтердің қайда және қандай
жағдайда жария етілетінін шешуге құқылы.
Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мемлекеттік
құпиясы бар мәліметтер жайында тергеушінің жауап алуын белгілейтін норма
еңгізіп, осындай құпияны білетін адамнан жауап алуға рұқсат беріп отыратын
орган белгіленген орынды сияқты болып көрінеді. Бұл жағдайда жауап алатын
адам да тиісті. Рұқсатсыз айғақ беруге құқысы жоқтығы жөнінде ескертілуі
тиіс.
Куә иммунитеті, ар-ұят пен қайырымдылық сияқты адамгершілік
қасиеттермен байланысты болғандықтан, қылмыстық іс жүргізуді
демократияландыру мен гуманизациялаудың маңызды элементтерінің бірі болып
табылады. Шындығында, моральдың жалпы адамгершілік қағидалары тұрғысынан
алғанда туысқандарынан қылмысқа тарту қатерімен қорқытып айғақ беруін талап
ету дұрыс емес.
ҚР ҚІЖК 27-бабына сәйкес, ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және ауқымы
заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес,
сонымен бірге ҚР ҚІЖК 82-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге
қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған
мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өзіне белгілі болған істің
мән-жайлары туралы – судья; қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін
орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы – сезіктінің,
айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық
талапкердің және жауапкердің өкілі; оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі
болған мән-жайлар туралы – діни қызметші; өзінің жасының толмауына не
психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды
дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар куә ретінде
жауап алуға жатпайды. Судья мен қорғаушы өздерінің міндеттерін орындауына
байланысты ақпараттарға ие болатындықтан мұндай талаптар өте орынды.
Өздерінің діни сенушілік міндеттеріне байланысты тиісті деректерге ие
болушы танылатын діни қызметшілер де қылмыстық іс жүргізуші органның
шақыруы бойынша келуге міндетті. Бұл жерде олар өздеріне ішкі сырын ашуға
сенім білдірген адамдарға қарсы айғақ беруден ғана бас тартуға құқылы.
Мұндай норма Конституцияның 77-бабының 2-тармағындағы 7-тармақшасында және
ҚР ҚІЖК 27-бабының 2-бөлігінде бекітілген.
Заң куә ретінде жауап алуға болатын жас шамасын белгілемейді, оған ҚР
ҚІЖК 215 және 485-баптары дәлел боларлық. Қажет болған жағдайларда тіпті
балиғатқа толмаған балалардан да жауап алынуы мүмкін. Бұл жерде оқиғаны
есінде сақтап және ол жөнінде айғақ беру олардың даму деңгейі мен
фактілерді қабылдау қабілеттіліктері ескеріледі. Мұндай балиғатқа толмаған
куәлердің дамуы мен хал-жағдайын, сезімталдығын олардан жауап алу, сол
сияқты жақындап сөйлесу кезінде сезіп-білуге болады. Қажет болған
жағдайларда олар үшін кешенді соттық психологиялық-психиатриялық немесе
өзге де сараптамалар жүргізілуі мүмкін. Тергеу органдары 14 жасқа дейінгі,
кейде 18 жасқа дейінгі куәлардан жауап алғанда олардан жауап алуға
педагогтың, сондай-ақ заңды өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Дәлелдемелердің зарарсыз көзін қамтамасыз етуші болып танылған солардың
бірін өзінің күш-халінің немесе психикалық жетіспеушілігіне байланысты мән-
жайларды дұрыс қабылдауға, іс үшін маңызы бар дұрыс айғақ беруге қабілетсіз
болғандықтан куә ретінде тартылуы шектеледі.
Адамның күш-халінің немесе психикалық жетіспеушілігі түсінуіне, есте
сақтауына және ұғынғанын айтып бере алмайтынымен көрінеді. Осы тұрғыдын
алғанда Эстон ҚІЖК 51-бабындағы фактілер туралы дұрыс айғақ бере алатын
адам куә бола алады деп көрсетуі шын мәнінде ақталмайтын сияқты. Куә кейде
денесінің немесе психикалық кемістігіне, психикасының бұзылуы және
басқаларға негізделген қабылдау процесінің объективті түрдегі ақаулығына
қарамастан, өзінің есінде сақтаған құбылыстарды сенімді түрде дұрыс баяндап
тұрмын деп ойлайды. Мысалы, дальтонизмнен азап көруші адам қара реңдегі
күңгірт-қызыл дақты айыра алмайтыны баршаға белгілі, осыған байланысты
осындай адам өзінің кемістігін мойындамастан айыпталушының киімінде қанның
ешқандай дағы болмады деп сенімді түрде айтуы мүмкін.
Әдебиеттік қайнар-көздерде, психикалық кемістіктерден азап шегуші
адамды куәлік етуге жіберудің себептері, соның ішінде негізгі себептері
мұндай адамдардың өз әрекетіне жауаптылықпен қарамауы болып табылады.
Р. Д. Рахунов болса, жан күйзелісімен сырқаттанған, өзінің әрекетіне, дәл
осындай жағдайда өзінің айғақ беруіне жауапсыз қарайтын адам қылмыстық іс
жүргізуге субъекті бола алмайтындығын белгілі бір дәрежеде бекітіп айтады
[8; 38].
Мұндай бекімді дәлме-дәл деп тануға болмайтын сияқты. Шын мәнінде,
психикалық кемістігі бар адамның куә болуына жол бермеу іс үшін маңызы бар
мән-жайларды дұрыс қабылдау қабілетсіздігіне және ол жайында дұрыс айғақ
бере алмауына негізделеді. Психикалық кемістігі бар адамды айғақ беруге
босатуды шектеу де іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау
қабілетсіздігіне және ол жайында дұрыс айғақ бере алмауына негізделеді.
Денсаулығының немесе психикалық кемістігі бар адамның куәлік айғақ беруіне
босатылуы шектеу заң шығарушының қылмыстық сот ісін жүргізуде іс бойынша
ақиқатты ашудың сенімсіз құралдарын болдырмауына бағытталған.
Р. Д. Рахуновтың айтқанының дәл еместігі сонымен бірге мынаған көңіл
аудартады, қылмыстық-іс жүргізу заңы адамның айғақтарын дәлелдеу құралы
ретінде әсіресе ол үшін жауаптылық артылмайтын балиғатқа толмаған куәлердің
көрсетулеріне жол береді, дейді ол.
Осы көрсетілген белгілер бойынша куәлер шеңберін шектеу кезінде адам
тәнінің немесе психикасының кемістігі болуы ғана емес, мән-жайларды дұрыс
қабылдап және жеткізе айтып беруі шешуші болып табылады. Басқаша айтқанда,
тән немесе психикалық кемістігі себептері бойынша куәлік етуге жібермеу бір
мезгілде пайда болатын оқиға көріністерін дұрыс қабылдау мен сол
қабылданғанды дұрыс жеткізе білу қабілетсіз сияқты екі өлшемдік бір негізге
ие болады.
Психикалық және тән кемістігі адамда түрлі дәреже мен нысанда көрінуі
мүмкін. Олар уақытша сипатқа ие болып, адамның тек қана жекелеген
жағдайларда ғана оқиға көрінісін дұрыс қабылдап және дұрыс айғақ беруіне
кедергі жасайды. Заң нақ қандай психикалық және тән кемістігі куә ретінде
жауап алуға кедергі болатындығы жөнінде ештеңе айтпайды. Аталған
кемістіктер, егер ауру немесе қалыптан өзге де ауытқушылық мұндай
адамдардың істің дәл осы кезеңдегі мән-жайларын дұрыс қабылдауы мен жеткізе
білу қабілетінен айырмайтын болса, жауап алуға кедергі болып табылмайды.
Дегенмен, мұндай адамдардың берген айғақтарын пайдалану мен бағалау сот пен
тергеу органдары үшін елеулі түрде ауыртпашылықтар тудыруы мүмкін.
Сондықтан бұндай айғақтарды пайдалану амалсыз жағдайларда ғана қолға
алынады.
Психикалық немесе тән кемістігінің бар екенін және мән-жайларды дұрыс
қабылдауы мен олар жөнінде айғақ беруінің дәрежесін білу кейде айтарлықтай
қиынға түседі және арнайы білімді талап етеді. Сондықтан, куәнің мән-
жайларды дұрыс қабылдауы мен олар жөнінде айғақ беруіне күмән туа қалған
жағдайда осы оқиғаларды қабылдауы мен олар жөнінде айғақ беру сәтіндегі
адамның психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау үшін қылмыстық іс
жүргізу заңы міндетті түрде сараптама тағайындауды қарастырады.
Психикасының немесе тәнінің кемістігі бар екендігінің өзі адамды куә
ретінде тартуға негіз болып табылмайды. Алайда, аталған кемістіктердің
салдарынан шындықты дұрыс қабылдауы мен соған байланысты айғақ беру
мүмкіндігінен айырылған адамдардан жауап алуға жол берілмейді. Мұндай
мүмкіндік ҚР ҚІЖК 241-бабының 4-бабына сәйкес, сот сараптамасын жүргізу
жолымен белгіленеді.
Сонымен бірге, сараптама куә өзінің кемістіктерін жасырған, берген
айғақтарын бұрмалаған немесе керісінше оларды асыра мадақтаған жағдайда
қажет саналады. Мұндай сараптама жүргізу кезінде сарапшының міндетіне
тиісті кезеңдегі куәнің психикасының немесе тәнінің жай-күйі, іс бойынша
анықталатын мән-жайларды дұрыс қабылдауы мен дұрыс айтып беруін анықтау
кіреді. Адамның іс бойынша куә болу қабілетін немесе мұндай адамның берген
айғақтарының растығы туралы мәселелерді шешу сарапшының құзырына жатпайды.
Осындай мәселелерді шешу сот пен тергеушіге беріледі.
Куәнің маңызды процессуалдық құқығы қылмыстық жазаланатын әрекет немесе
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе
жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тарту
болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жақын туыстары деп
арғы атасына немесе арғы әжесіне дейінгі туыстық байланыстары бар адамдар
танылады. Жақын туыстар үғымы ҚР ҚІЖК 7-бабының 24-тармағында анықталған.
Сол бойынша жақын туыстарға – ата-аналары, балалары, асырап алушылары,
асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған туыс аға-інілері мен апа-
сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Куә өзінің, жұбайының
(зайыбының), жақын туыстарының, қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден
бас тартуға құқығы бар. Иммунитетіне қарамастан өз еркімен тиісті айғақ
беруге де жол беріледі. Бірақта, егер де куә көрінеу жалған айғақ беретін
болса, ол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ҚР ҚІЖК 503-бабына сәйкес, дипломатиялық иммунитеті бар адам куә,
жәбірленуші ретінде айғақ беруден бас тартуға құқылы, ал келіскен жағдайда
қай жерде қажет деп табылса, сол жерде, айғақ беруге де құқысы бар. Мұндай
жеңілдіктерге шет мемлекеттердің елшілік өкілдерінің басшылары, осы
мемлекет өкілдігінің елшілік қызметшілері және олардың өздерімен бірге
тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ ҚР ҚІЖК 501-бабының 3-6-тармақтарында
көрсетілген адамдар ие бола алады. Аталған иммунитет 1961 жылғы
Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының 31-бабына сәйкес
қарастырылған.
Куәнің келесі құқықтары мыналар болып саналады: – өзінің ана тілінде
немесе игерген тілінде айғақ беру; аудармашының тегін көмегін пайдалану;
өзінен жауап алуға аудармашының қатыстырылуына бас тарту. Аталған бұл
құқықтар Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу тілін белгілеуді
қарастыратын ҚР ҚІЖК 30-бабымен көзделген. Қазақстан Республикасының 1997
жылғы 11-шілдедегі Тіл туралы Заңы Қазақстан Республикасы
Конституциясының 7-бабының 1-тармағын жүзеге асыра отырып, Республикада
тілдердің қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оны оқып-үйрену
мен дамытуға жағдай жасау міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында
қолданылатын барлық тілдерді бірдей құрметтеуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіл деп саналатын қазақ тілі – мемлекеттің бүкіл
аумағындағы қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару, заңнамалар
шығару, соты ісін жүргізу мен іс қағаздарын жүргізу тілі.
Іс жүргізу заңы іс жүргізу тілі туралы белгіленген ережелерді бірніші
сот сатысында ғана емес, сонмен бірге апелляциялық сатыда да және қадағалау
өндірісінде де жүзеге асыруға кепілдік береді. Айтылған барлық ережелердің
алдын ала тергеу мен анықтау жүргізудегі тілге қатысты. Іс жүргізудің бұл
саталарында сот талқылауындағы сияқты сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін
адамдардың қатысуымен орындалатын кез келген іс жүргізулік әрекеттер
кезінде аудармашының қатысуы міндетті түрде қарастырылады.
Егер куә тілді білмеген жағдайда, анықтау не алдын ала тергеу жүргізу
сатыларында қылмыстық істі жүргізуші органмен аудармашы шақырылып, ол
жөнінде қаулы шығарылады.
ҚР ҚІЖК 85-бабына сәйкес, тілді еркін меңгерген, аударма жасау үшін
қажетті білімі бар адам ғана аудармашы бола алады.
Сот талқылауы сатысындағы сот ісін жүргізу тілі туралы ережелерді
жүзеге асыруға қажетті шаралар қабылдауды заң сотқа, және соның ішінде ең
біріші оған төрағалық етушіге жүктейді. Әрбір іс жүргізуге қатысушы адам
оны аудармашымен қамтамасыз ету жөнінде өтініш жасауға құқылы.
Аудармашыдан бас тартудың негіздемесі ҚР ҚІЖК 95-бабында анықталған.
Аудармашыдан бас тартудың негіздемесі олардың өздерінің процессуалдық
құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігімен анықталатын құзыретті
емес екендігін әнкерелеу болып табылады. Аудармашы үшін құзыретті емес
екендігі оның тіл білмеуіне қатысты. Оның белгісі сот ісі жүргізілетін
тілдің диалектісін нашар білуі болып табылады. Аудармашыға қарсылық білдіру
туралы мәселені ҚР ҚІЖК 89-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіп бойынша
қылмыстық істі жүргізуші орган шешеді.
- айғақ беру жауап алу хаттамасында өз қолымен жазылады. Бұл айтылған
жазу ҚР ҚІЖК 213, 214, 217, 219,-баптарында қарастырылған тәртіпті сақтай
отырып, жауап алу аяқталғаннан кейін ған жүргізілуі тиіс. Жауап алудың
барысы мен нәтижелері ҚІЖК-нің 203-бабының талаптарын сақтай отырып
жасалған хаттамада көрсетіледі. Айғақтар бірінші жақтан және мүмкіндігінше
сөзбе-сөз жазылады. Жауап алу жауап алынатын адамға іс бойынша өзіне
белгілі мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Еркін баяндаудан кейін
жауап алынып отырған адам айғақтарын өз қолымен жазуға құқылы. Жауап
алынатын адам өз қолымен жазып, оған қол қойғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарының криминалистік сипаттамасы
Сахналаумен жасырылған адам өлтіру қылмыстарын тергеуді криминалистік қамтамасыз ету және тергеуге қатысушылардың қызметін үйлестіру туралы
Жауап алу процессі
Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері
Жауаптың қалыптасу кезеңдері
Жауап алудың жалпы ережелері
Айыпталушыдан жауап алу тактикасы
Жеке адамды тану үшін көрсету
Пәндер