ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

КІРІСПЕ 5

1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ МЕН ТҰЖРЫМДАМАЛАРЫ

  1. Мемлекет туралы жалпы түсінік және құқықтық мемлекеттің пайда

болу аспектілері 10

  1. Құқықтық мемлекет ұғымы, мәні, белгілері 15
  2. Жаңа заманда құқықтық мемлекет теориясының даму бағыттары 24
  1. ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ

НОРМА МАҒЫНАСЫ

2. 1 Құқықтың ұғымы мен маңызы 30

2. 2 Құқықтық нормалардың түсінігі, ерекшеліктері және қолданылуы 36

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕФОРМА

ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ОРНАТУ БАҒЫТТАРЫ

3. 1 Құқық пен мемлекет байланысы 46

3. 2 Мемлекет және құқықтың Қазақстанда дамуы, негізгі бағыттары 57

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

ҚЫСҚАРТУЛАР, АРНАЙЫ СИМВОЛДАР ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТІЗІМДЕМЕСІ

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР АК - Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі

ӘМ - Әділет министрлігі

БИМҰ - Бүкілдүниежүзілік интеллектуалдық меншікті қорғау ұйымы

БСҰ -бүкіләлемдік сауда ұйымы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Құқықтық мемлекет идеясы қазіргі өркениеттің дамуының ерте кезеңінен бастап-ақ талқыланып қарастырылған. Бас бұзарлыққа қарсы тұру, күштеуді шектеу, қоғамдық өмірді барынша тиімді ұйымдастыру құралдарын іздестіру, құқықты биліктік қатынастар нысаны ретінде бекіту барысында ежелгі дәуірден бастап жаңа заман ойшылдары құқықтық мемлекет, конституционализм, құқық жоғарылығы, азаматтар теңдігі, адам құқықтары мен бостандықтары, демократия, азаматтық қоғам, билікті жіктеу туралы көзқарастар жүйесін қалыптастырады. Құқыққа негізделген, әділдікті жақтайтын мемлекет мәселесі адамзатқауымының саяси қауымдасуы кезеңінен бастап, қазіргі кезеңге дейін алдыңғы қатарлы ойшылардың, қоғам қайраткерлерінің көкейтесті ойының өзегіне айналды. Құқықтық мемлекет теориясының даму кезеңін үшке бөліп қарастыруға болады: заң үстемдігі мемлекеті, әділ мемлкет туралы ойдың, идеялардың қалыптасуы; құқықтық мемлекет теориясының тұжырымдалуы; оның мемлекеттік-құқықтық құрылымдарда іске асырылуы.

Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялауы оның конституциялық құрылысының жаңа даму кезеңіне жол ашты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ретінде орнықтыратындығы» бекітілген. [1] Бұдан мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениеті даму жолын таңдағанын көруге болады. Құқықтық мемлекеттің бір белгісі - мемлекеттік билікті ұйымдастыруда тармақтарға жіктеу қағидасын жүзеге асырылып болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алға тартады. Осы мақсатты жүзеге асырушы Республикадаға мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституциямен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Бұл бөлініс бөлшекті бүтіннен ажыратпайды, бірақ жаңа тәуелсіз мемлекеттің саяси және заңдық тұрғыдан икемді болуына мүмкіндік береді.

Құқықтық мемлекетте билік тармақтары жоғары дәрежеге ие болып, мемлекетте өз қызметтерін дербес түрде жүргізеді. Билік тармақтары бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болғанымен, бірі екіншісінің қызметіне, міндетіне кедергі келтіріп, бірін-бірі ауыстырмауы қаже. Тек осындай жағдайда ғана олар жеке бостандық пен қоғамның жүйелі дамуына қызмет етеді. Республиканың мемлекеттік өмірінде билікті жіктеу қағидасын ұстану демократиялық қоғамда әлеуметтік қатынастарды реттеудің объективті түрде қалыптасқан шартты әдісі болып табылады.

Дипломдық зерттеудің мақсаты болып мемлекет ұғымы, оның белгілері, құқықтық мемлекет теориясының маңызды мәселелері: теорияның қалыптасуы мен дамуы, оның дүниежүзілік саяси-құқықтық ойлар жүйесіндегі қарастырылу мен Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктері, әрекеттегі Конституция бойынша Қазақстан Республикасындағы билік тармақтары қарастырылады. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланыс жасауы қажеттігін негіздеу. Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік тармақтарының қоғамның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігімен ерекшеліктерін зерттеу саналады.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер алға қойылады:

-құқықтық мемлекет туралы саяси- құқықтық ойлар тарихындағы бастауларды талдау;

-құқықтың ұғымын, белгілерін ашу;

-құқықтық норма мағынасын анықтау;

- қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет орнаты жолдарын зерттеу.

Дипломдың зерттеу объектісі болып мемлекет ұғымымен, құқықтық мемлекет құру жолдарын анықтау мен байланысты қоғамдық қатынастар саналады.

Дипломдың зерттеу пәні болып құқық, мемлекет, құқықтық мемлекет, құқықтық норма ерекшеліктері табылады.

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негіздемесі. Аталған мәселелерді зерттеу барысында қазақстандық авторлардың еңбегімен қатар, шет елдік әдебиеттер де қолданылды. Дипломдық жұмыстың теориялық алғы шарттарын жазу барысында осы мәселені ой-тұжырым ретінде қарастырып, қалыптастырған тарихи-философиялық еңбектердің маңызы зор болды. Құқықтық мемлекеттің тарихи аспетілері ежелгі философ-ойшылдар Аристотель, Платон, Полибий, Цицерон еңбектерін негізінде қарастырылды. Ал теориялық пайымдаулар Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо еңбектеріне сүйене отырылып берілді.

Тақырыптың зерттелу әдісі: Қазіргі қоғамдағы құқықтық мемлекет қалыптасуының жолдарын салыстырмалы құқықтану, тарихи-теориялық, жүйелі-құрылымдық тәсілдер ді қолдана отырып қарастыру.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы - Қазақстан мемлекеттілігінің қалып-

тасуын зерттеу бағытында ең алдымен мемлекеттің аумақтық негіздері мен оның тарихи қалыптасу уақытын анықтау мәселеріне назар аудару арқылы теориялық тұжрымдамаларды түйіндеу.

Дипломдық жұмыстың зерттелуінің практикалық негіздері жұмысындағы қарастырылған тарихи-философиялық еңбектерге сүйене отырып берілген қортындылар мен ұсыныстардың қолданылу мүмкіндігін дәлелдеу болды. Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік тармақтары-

ның қоғамның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігі-мен ерекшеленеді.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста құқық үстемдігі мемлекеті теориясының пайда болуы мен дамуы ғана емес, сонымен қатар оның тәжірибеде жүзеге асырылуы, құқықтық мемлекеттің тиімділігі айқындалады.

Еңбектің бір бөлігі мемлекеттік билікті тармақтарды жіктеудің Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған қазіргі механизміне, оның Ата заңда негізделуіне, билік тармақтарының өзара бір-біріне әсер ету жүйесі-тежемелікжәне тепе-теңдік жүйесіне аударылған. Осы арада Қазақстан Респуликасының тәжірибесіне тоқталу мақсатында көптеген нормативтік-құқықтық актілер қолданылғанын баса көрсету қажет.

Біртұтас мемлекеттік билікті дербес тармақтарға қазіргі кезеңдегі өркениетті мемлекеттердің құқықтық ұйымдасуының кепілі. Оның мемлекеттік биліктің мәні туралы ілімдерге, биліктің ұйымдасу нысанына, мемлекеттік оргадардың озара әрекеттесу механизміне, саяси жүйеге, егемендікке тигізетін ықпалы мол.

Диплом жұмысы құрылысы бойынша кіріспеден, үш болімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде құқықтық мемлекет қалыптасуының идеялары мен теорияларының даму бағыттары қарастырылған. Осы тақырыптың мазмұнын ашу бағытында ежелгі дәуірдегі құқықтық мемлекет теорияларының негізгі бағыттары қаралып, талданған.

Екінші бөлімде қазіргі құқықтық мемлекеттердің мәні мен басты белгілері, қазақ мемлекетінің құрылу тарихы және негізгі белгілері сипатталған. Мемлекеттік биліктің үш тармағының өзара байланысы, өкілеттіктері мен қызметтеріне талдау жасалады.

Үшінші бөлімде Қазақстан республикасындағы басқару реформасы мен құқықтық мемлекет орнату саясатының реттеудің негізгі шаралары және оларды жетілдіру жолдары көрсетілген.

Қортынды бөлімінде зерттелген тақырыптың тарауларына қатысты ұсыныстар мен тұжрымдамалар берілген.

  1. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТ, ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ

МЕН ТҰЖРЫМДАМАЛАРЫ

  1. Мемлекет туралы жалпы түсінік және құқықтық мемлекеттің

пайда болу аспектілері

Құқықтық мемлекет проблемасы әрқашан барлық адамдарды, ежелгі, ортағасыр және қазіргі кездегі прогрессивті ойшылдарды толғандырады.

Мәселен, құқықтық мемлекет деген не, оның идеясы қашан пайда болды және ол қалай дамыды, оның негізгі белгілері қандай, құқықтық мемлекеттің мақсаты және тағайындалуы қандай - деген сұрақтар әрқашан көптеген философтар, заңгерлер, тарихшылардың, олардың әртүрлі көзқарастарына, пікірлеріне қарамастан қарауларында болады, сонымен қатар бұл мемлекеттің қалай аталып және біліктіліктелуі - яғни, заңның, әділеттіліктің мемлекеті ме, көпшілікке жақсылық жасау мемлекеті ме, әлдезаңдылықтың мемлекеті ме деген пікірлері де. Әрине әр ойшыларда құқықтық мемлекет жеке меншікпен, анықталған тап және топтардың байлықтарымен теңделсе, екіншілерінде теріс идеялары болады.

Ежелгі уақыттардан бастап ойшылдар құқықтық мемлекеттің қағидаларын, нысандарын, бар болған құқықтарды бекітуге және құқық пен биліктің келісілген және өзара тәуелді қарым-қатынастарға деген ізденістер болған. Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саясинысанының әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлекет және құқық туралы көріністердің құрастырылады. [2] Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік кезде арнаулы орган ретінде, соттың әділеттілігін ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.

Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту және сақтау түріндегі құқықтық мемлекеттеориясының бастаулары Ежелгі Греция, Рим, Үндістан, Қытай мемлекеттері ойшылдары, құқық танушылардың еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ әділеттілік әрекеттігі заңдарға бағынудан көрінеді деп санаған. Әділеттіліпен заңдылықтың егіз ұғымдар екенін дәлелдейді. Қандай да болмасын заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса олар өмір сүретін мемлекет күшті де жасампаз болатындығын жариялайдя.

Платонның «Мемлекет», «Заңдар» диалогтарында «заңдардың күші болмайтын және біреудің билігінің астында болатын» жерлерде мемлекеттің жойылуы қаіпті болатындығы көрсетіледі. Оның ойынша «заңдар - билешілердің билеушісі, ал олар - оның құлы болғада, мемлекет пен оған құдай сыйлайтын барлық құндылықтар құтқарылады»[3] .

Платон мемелекетті біртұтас құбылыс ретінде қарастырады, ол философтар мен билеушілерден, әскерилер мен жұмыскерелрден құралады деп санайды. Олардың әрқайсысы өзіне берілген салада полистің қажеттігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне кедергі келтірмей қызмет етуі қажет, яғни еңбек бөліініс танылады. Қоғамның осындай дәрежесі мемлекеттегі үйлесімдікке әкеледі, қоғамдағы еңбектің бөлінуі идеалды мемлекет қалыптастырудың негізі болады деп санайды.

Ұлы ойшылдың негізгі көзқарастарына тоқталсақ: олар басым түрде мемлекеттің біртұтастығын негіздеуге арналады. Заң міндеті бір әлеуметтік топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Бостандық жеке адамдарға емес, қоғамға қажет, сондықтан жаппай бостандықты негіздеу керек. Қоғам топқа бөлінуінің себебі - адамдардың табиғи теңсіздігі. Идеалды мемлекеттерде топтар арасында еңбектің бөлінуі олардың арасында биліктің бөлінуін білдірмейді. Мемлекеттік билік арнайы дайындалған, мемлекетті басқаруда даналыққа қол жеткізген, аристократия табынан шыққан бір қолда болуы қажет. Мемлекеттілік әділ заңдар үстемдік еткен

жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы - соттар. Кез келген мемлекетте соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекет билігін жоғалтады.

Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекет діни емес, өзінің өмір сүруінің табиғи негіздеріне сүйенеді деп санайды. Ол жеке тұлғаны, жеке меншікті қорғаушы ретінде танылған. Мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны ретінде қатыстырады. Мемлекеттік билікке, құқыққа және заңға өз көзқарасын білдіре отырып, Аристотель «заң билігі» жоқ жерде қандайда болмасын мемлекеттік құрылым нысанының болмайтындығын таниды. Құқық әділеттілікке сай деп таниды, заңды мен әділдіктің сәйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, әділ заңның ғанақұқыққа сәйкес келетіндігін бекітеді. Заң шығару саясаттың бөлігі ретінде қарастырылады, заң шығарушы мемлекетке қажетті заңдарды қалыптастыруға тиісті деп санайды. Мемлекетке адамдар емес құқық үстем тұруға тиісті.

«Заңның билігі жоқ жерде мемлекеттік биліктің құрылуына да жол жоқ» - деп жазған Аристотель. Сократ әділ билік түрі - ол патшалық билік, ал әділетсіз билік - тирандық және жариялық деп ойлаған. Осыған орай жариялықтың ең бір кемшілігі, билік басына келуші адамдардың жребии бойынша, яғни кезейсоқ келуі деп атайды.

Аристотель ойы бойынша, саяси құрылымының алунадылығы мемлекеттің ерекшеленген бөліктерден тұратын күрделі организм екендігін көрсетеді. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатсыға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі және сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі әрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. әрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, әрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заң қабылдаудан басқа биліктің бұл тармағы соғыс жариялау, бітім жасау, өлім жазасын беру, мүлікті тәркілеу, қуып жіберу туралы мәселелерді шешеді. Мемлекетті ұйымдастыруда заң қабылдайтын ерекше элеметті ажырату билік көріністерін әрі қарай жіктеуге негіз болады. Аристотель «кеңесу» билігі ретінде ежелгі грек халқының жиналысын қарстырады, бұл қазіргі мемлекеттердің заң шығару органдарының демократиялық дәстүрлерді жалғастырушы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. [4]

Заңның барлық билікте үстем болуы мемлекетің құқықтық жомен дамунынң кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында «заңдық кеңесу» органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты, екіншілік сипатта, олардың шығарған декреттерінің заңдық күші болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру қажеттігін айтады.

Римнің қоғамдық қайраткері Цицерон мемлекет «құқық мәселесінде өзара келісім мен мүдде бірлігімен байланысқан көптеген адамдардың жиынтығы»- деп қарастырған. Мемлекет құқықпен өзара қатынаста «жалпы құқық тәртіп» ретінде көрінеді. Құқық негізінде сана мен әділеттілік болады, ол адамдарға табиғатынан тән. Цицерон кейіннен құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаға «заң әрекет кейбі таңдаулы азаматтарға ғана емес, барлық адамдарға қаралуы қажет»- деген ойдың негізін қалаған.

Осы саяси биліктің даму және құрылу формасын жете түсіну үшін құқықтық мемлекеттің тарихына үңілуіміз қажет. Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саяси нысанын әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлеект және құқық туралы көріністерден құрастырылда. Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік құдайы (көзі байлауышпен байланған және қолдарында қылыш пен әділеттілік таразысы бар) образы болып табылады. Ол құдайды күзетіп, қорғайтын тәртібінің тең түрде барлығына бірдей міндетті, құқық пен күштің бірлесін білдіреді. Бұл образ ежелгі уақытта қазщіргі кезде де арнаулы орган ретінде, соттың әділеееілігін ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.

Италиандық мемлекеттанушы Марсилий Падуанский (ХІҮ ғ. ) заң шығару билігін құрамында сот билігі де болатын үкіметтік немесе атқару билігінен ажыратып қарастырылады. Бұндай көзқарасқа билікті дуалистік түсіну, билік субъектілері ретінде халық пен монархты тану негіз болады. Халық жоғары билікке заң шығарушы билігіне, монарх, -атқару билігіне ие деп санайды. Теріс әрекеті үшін монарх жазаланып биліктен айырылуы мүмкіндігін қарастырылады. М. Падуанский алғышқылардың бірі болып заң шығару және атқару билігін бөліп қарайды.

Құқықтық мемлекет теориясының дамуына ХҮІІ-ХХ ғ. Ойшылдары қомақта үлес қосты. Оның кейбір бөлітері Г. Гроций, Спиноза, Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье. Д. Дидро, Ж. Ж. Руссо, Т. Гобсс, И. Кант, Г. Гегель және т. б. ойшылардың еңбектерінде қарастырылып тожырымдалды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық өсуі феодалдық және абсолюттік деспотизмге қарсы күрес кезінде дамыған. Осы кездегі құқықтық мемлекеттің өсуі мен дамуы туралы Г. Гроция, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье т. б. еңбектер жазған.

Локк адамның жеке құқығы мемлекеттік билікті бөлу идеасының өте керектігін айтқан. Адами жеке құқыққа ол жеке меншік құқығы мен өз іс-әрекеті мен еңбек құқығын жатқызған. Ең бастысы - қоғамдық ұйымдар заңға қайшы келмей, бостандықты қамтамасызетуі керек. Осы үшін мемлекеттік биліктің заңды, орындаушы, федеративтік деп үшке бөлінуі керек.

Буржуазия өкілдері монарх билігін шектеу мақсатында мемлекеттік билікті заң шығару - парламент, атқару - монарх және сот тармақтарына бөлу қажеттігі туралы пікірді негіздейді. ХҮІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Джон Локктың көзқарасы бойынша құқықтың басымдығы идеясы табиғи құқыққа сәйкес келетін және индивидтің ажырағысыз табиғи құқықтар мен бостандықтарын танитын заң жоғарылығы болатын, әрі билік бөлінісі жүзеге асырылған мемлекет түрінде көрінеді. Құқық жоғарылығы танылған осындай мемлекеттің ол басқа басқару түрлеріне қарсы қояды, оларды деспоттық мемлекеттер ретінде таниды. Локк танымы бойынша деспотизмге қарсы тұратын арнаулы конституциялық механизм болуы шарт, оның маңызды компоненттері ретінде биліктің жіктелу қағидасы мен заңдылық қарастырылады. Билікті бір қолға шоғырландыруды болдырмау мақсатында [5] Локк заң шығару және атқару биліктерін біріктірмеуді және заңгерлерді өздері қабылдаған, атқару билігімен жүзеге асырылатын заңдарда әрекетіне бағындыруды ұсынады. аталған ой кейінгі кезеңдері саяси ойлар жүйесі мен практикаға барынша ықпал етіп, құқықтық мемлекеттіліктің негізгі қағидаларының біріне айналды. Джон Локк билікті бөлісу ілімінде мелекеттік билік қызметтерін жіктеу таза ұйымдастырушылық- техникалық сипатта емес, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қажет екендігін баса көрсетеді. Заң шығару билігі заңдарды белгілі бір мезгілде қабылдайды, бірақ заңдар тұрақты, үздіксіз әрекет етеді. Атқару билігі үкімет актілерін қабылдайды, үнемі, тұрақты әрекет етеді. Заңдар азаматтармен жиындарда қабылданады. Атқару билігі тиісті органдар арқылы әрекет етеді. Атқару бмлігін жүзеге асыоатын орган соғыс жариялау, бітім жасау, басқа мемлекеттермен шарттарға отыру құқығына ие. өз әрекетінде күшке сүйенеді. Атқару билігінің тағы бір басмыдылығы - ол қоғамды және азаматтарды тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана емес, сондай- ақ онда көрсетілмеген төтенше оқиғалар барысында да, кейде тіпті заңға қарамастан қорғау шараларын қабылдауға тиісті. Атқарушы орган заңдық жиынды шақырады және таратады. Заң шығару билігі дербес те, қалғандары бір рганмен жүзеге асырылады деп санайды Джон Локк.

Биліктің жіктелуі туралы жаңа көзқарастар ХҮІІІ ғасырдағы француз құқықтанушысы Ш. Л. Монтескьенің еңбектерінде жүйелі түрде орын алды. Оның көзқарасы бойынша саяси бостандық барлық қатынастар құқықпен реттелетін және заңдар билеушілердің еркінен үстем тұратын мемлекетте ғана мүмкін болмақ. Монтескье тұжырымдамасында бостандықтың өлшемі ретінде тұрақты түрде құқық танылады да, ал құқықтың үстемдігі биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктелуі арқылы қамтамасыз етілетіндігі айтылады, нәтижесінде «әр түрлі билік тармақтары бірін- бірі өзара тежеп отырады. » 1 биліктің бөлінуі және өзара тежеу саяси бостандықтарды қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.

Заң шығару билігі жалпы тәртіп бойынша барлық халыққа берілуі қажет: бірақ оны үлкен мемлекеттерде жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші мемлекеттерде қиын, сондықтан өкілдік жүйесі енгізілуі керек. Халық өкілдері жалпыға бірдей дауыс беру негізінде округтерден сайланады да, өз жерінің қажеттілігн ескере отырып, бірлескен шешім шығарады. Заң шығару билігі басқа билік тармақтарына кедергі келтірмеу үшін атқару билігінің басшысы вето қою құқығына ие болады. Нәтижесінде биліктер бір- біріне бағынбайтын, бірақ өзара тығыз байланыста және келісімде болатын жағдай қалыптасады.

Үш билік тармақтары арасынды басымдылығымен сипатталатын біреунің болуын жоққа шығаратын Монтескье схемасы биліктің бөлінуіне алдымен ұйымдастырушылық- құқықтық көзқарасты бейнеледі, сөйтіп мемлекет пен мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселені көтермеген тәріізді болып көрінеді. Шын мәнінде Монтескье қоғамда әр түрлі әлеуметтік топтар арасында билік үшін күрестің үнемі жүретіндігін, оның азаматтардың бостандығы мен қауіпсіздігінің бұзылыуына, мемлекет нысанының өзгеруіне, кейде тіпті мемлекеттің жойылуына әкеліп соғатындығын білді. Осындай жағымсыз нәтижелерді болдырмау мақсатында ол әр түрлі әлеуметтік күштер арасында билікті бөлуді ұсынды. [6]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Сөз тіркесі түріндегі терминдер
Мұрағат тізімдемесі
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
«Ғылыми зерттеулердің методологиясы» пәнінен дәрістердің қысқаша курсы
Нұсқаулық мәтіндерінің жанрлық сипаттамасы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz