ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сондай-ақ басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл дамудың осы сатысы біздің Құқықтық мемлекет идеясы қазіргі өркениеттің дамуының ерте кезеңінен бастап-ақ талқыланып қарастырылған. Бас бұзарлыққа қарсы тұру, күштеуді шектеу, қоғамдық өмірді барынша тиімді ұйымдастыру құралдарын іздестіру, құқықты биліктік қатынастар нысаны ретінде бекіту барысында ежелгі дәуірден бастап жаңа заман ойшылдары құқықтық мемлекет, конституционализм, құқық жоғарылығы, азаматтар теңдігі, адам құқықтары мен бостандықтары, демократия, азаматтық қоғам, билікті жіктеу туралы көзқарастар жүйесін қалыптастырады.

Дипломдық зерттеу еңбегіміздің өзектілігі:

- құқықтық мемлекет теориясының маңызды мәселелері теорияның қалыптасуы мен дамуын зерттеу, олардың қоғамдық қатынастармен байланысын дәлелдеу

- құқықтық мемлекет теориясын дүниежүзілік деңгейдегі саяси-құқықтық ойлар жүйесінде қарастыру мен Қазақстандағы қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу.

-құқыққа негізделген, әділдікті жақтайтын мемлекет мәселесі адамзатқауымының саяси қауымдасуы кезеңінен бастап, қазіргі кезеңге дейін алдыңғы қатарлы ойшылардың, қоғам қайраткерлерінің көкейтесті ойының өзегіне айналды. Құқықтық мемлекет теориясының даму кезеңін үшке бөліп қарастыруға болады: заң үстемдігі мемлекеті, әділ мемлекет туралы ойдың, идеялардың қалыптасуы; құқықтық мемлекет теориясының тұжырымдалуы; оның мемлекеттік-құқықтық құрылымдарда іске асырылуы.

-Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялауы оның конституциялық құрылысының жаңа даму кезеңіне жол ашты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бабында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік ретінде орнықтыратындығы» бекітілген[1] .

Бұдан мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениеті даму жолын таңдағанын көруге болады. Құқықтық мемлекеттің бір белгісі - мемлекеттік билікті ұйымдастыруда тармақтарға жіктеу қағидасының жүзеге асырылуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алға тартады. Осы мақсатты жүзеге асырушы Республикадаға мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституциямен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Бұл бөлініс бөлшекті бүтіннен ажыратпайды, бірақ жаңа тәуелсіз мемлекеттің саяси және заңдық тұрғыдан икемді болуына мүмкіндік береді.

Құқықтық мемлекетте билік тармақтары жоғары дәрежеге ие болып, мемлекетте өз қызметтерін дербес түрде жүргізеді. Билік тармақтары бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болғанымен, бірі екіншісінің қызметіне, міндетіне кедергі келтіріп, бірін-бірі ауыстырмауы қаже. Тек осындай жағдайда ғана олар жеке бостандық пен қоғамның жүйелі дамуына қызмет етеді. Мемлекет формасы түсінігі мемлекетану саласында үлкен маңызға ие болады. Кант, мемлекет формасын методологиялық жағынан, мемлекетілік материясының. бір қалыпты синтездеулі принцип ретінде қарастырған. Кезкелген мемлекет бүл оның мазмүны мен маңызының бірлігі. Мемлекет белсенді іс-әрекетету үшін оның механизімі сапалы және бір қалыпты жүмыс істеуі үшін, үйымдасқан мемлекеттік билік қажет. Орыстың заңгері философы А. А. Ильинін ойынша: "Мемлекет формасы бүл халық билігінің тірі үжымы. Бүл ұжымнның өмір сүруі үшін міндетті түрде, халық өз өмірінің ерекшеліктерін түсіну қажет, сонымен қатар осы дәстүрлері мен ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдасуы керек. "[13]

Мемлекеттік билік қандай принциптер арқылы қүрылған, мемлекеттік жоғарғы органдар қандай негізде ұйымдасқан, олар бір -бірімен және халықпен қалай қарым -қатынас жасайды, міне осындай сұрақтарға мемлекет формасы түсінігі жауап береді.

Мемлекет формасы оның мазмүны мен мәні сияқты бір қалыпты өзгермейтін категория болып табылмайды. Мемлекет формасы көптеген экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық және т. б. факторларының әсерінен өзгеріп, толықтырылып отырады. Бұл сөздің дәлелі ретінде Гумпиловичтің мынадай ойын: " мемлекет формасы немесе мемлекет айымашылықтары туралы білім, мемлекет түсінігінін ережесі сияқты қүбылмалы және белгісіз болып келеді" деп есептегенін айтпауға болмайды. Мемлекет формасы түсінігі әр уақытта әр түрлі болғаның дәлелдеу үшін, барлық мемлекеттің дамуынын қарап шығатын болсақ, мыңдаған тұжрымдар мен мен ойлар бар екенін көруге болады. Осы мәселені Ежелгі Греция мен Римде философтар көп талқылаған. Мысалы, Платон мемлекет формасына белгілеуші және белсендеуші роль бертін. Платон мемлекеттік өмір оның өзгерістері мен формалары туралы біртұтас ілім қалыптастырды. Сонымен, мемлекет формасы - бүл басқару формасы, мемлекеттік құрылым, саяси режим формаларында көрсетілген мемлекеттік биліктін құрлуы. Яғни, мемлекет формасы түсінігіне мүндай сұрақтар енеді:

А) Мемлекеттік биліктің территориялық құрылуы, мемлекет жалпы бір мемлекет ретінде және оның құрамдас бөліктермен қатынасы

Б) жоғары биліктін үйыдастырылуы құрылуы көздері, жоғарғы органдардың бір-бірімен және халықпен қарым-қатынасы.

С) Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілдері мен құралдары

Мемлекет формасы нақты тарихи жағдайларға байланысты. Оның даму, шығу жағдайлары оның мазмұнына әсер етеді. Мысалы мемлекетін феодалдық түріне монархиялық басқару сай болады, ал буржуазиялық мемлекет түріне республикалық басқару формасы келеді. Саяси күштер әсіресе жаңа-жаңа пайда болған кезде мемлекет формасына әржақты әсер етеді. Англияда ерте басталған буржуазиялық революция, буржуазия мен феодалдар арасында компромисс туғызды, оның нәтижесі конституциялық монархия пайда болды. Конституция - жас буржуазияның талабы, ал монархия феодалдарға жол беру.

Сонымен қатар мемлекет формасына ұлттық құрам тарихи дәстүрлер, территория және т. б. факторлар әсер етеді.

Территориялық жағынан үлкен емес мемлекеттер біртұтас мемлекеттер болып келеді, ал көп ұлтты мемлекеттер федерациялық мемлекет деп аталады. Көпұлтты мемлекеттің өзіне ғана төн ерекшеліктері болады. Территория мен ұлттардың мемлекетте көптігі дағдарысқа немесе соғысқа келуі мүмкін. Мысалы, Ресей федерациясындағы Шешен республикасының жағдайы немесе Югославиядағы жағдай [54] . Сондыктан әр халық өзінің тарихи дәстүрлерін, ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет формасын құру керек.

Жоғары айтылғандарды қорыта келгенде, мемлекет формасы бір-бірімен байланысты үш элементті: мемлекеттегі басқару формасын, құрылым формасын, саяси режимді біріктіретін күрделі қоғамдық құрылыс. Республиканың мемлекеттік өмірінде билікті жіктеу қағидасын ұстану демократиялық қоғамда әлеуметтік қатынастарды реттеудің объективті түрде қалыптасқан шартты әдісі болып табылады.

Еңбектің мақсаты мен міндеттері :- құқықтық мемлекет туралы саяси- құқықтық ойлар тарихындағы бастауларды негізге ала отырып, оның қазіргі таңда танылған түсінігі мен мәнін, атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттарын және белгілерін зерттеп пайымдау. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланыс жасауы қажеттігін негіздеу. Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік тармақтарының қоғамның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігімен ерекшеленеді.

Аталған мәселелерді зерттеу барысында қазақстандық авторлардың еңбегімен қатар, шет елдік әдебиеттер де қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық алғы шарттарын жазу барысында осы мәселені ой-тұжырым ретінде қарастырып, қалыптастырған тарихи-филосо-

фиялық еңбектердің маңызы зор болды. Құқықтық мемлекеттің тарихи бастауларды негізге ала отырып, оның қазіргі таңда танылған түсінігі мен мәнін, атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттарын және белгілерін зерттеп пайымдау. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланас жасауы қажеттігін негіздеу. Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік тармақтарының қоғам

ның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігімен ерекшеленеді.

Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері ежелгі философ-ойшылдар Аристотель, Платон, Полибий, Цицерон еңбектерінің негізінде қарастырылды.

Ал теориялық пайымдаулар Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо еңбекте-

ріне сүйене отырылып берілді.

Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста құқық үстемдігі мемлекеті теория-

сының пайда болуы мен дамуы ғана емес, сонымен қатар оның тәжірибеде жүзеге асырылуы, құқықтық мемлекеттің тиімділігі айқындалады.

Еңбектің бір бөлігі мемлекеттік билікті тармақтарды жіктеудің Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған қазіргі механизміне, оның Ата заңда негізделуіне, билік тармақтарының өзара бір-біріне әсер ету жүйесі-тежемелікжәне тепе-теңдік жүйесіне аударылған. Осы арада Қазақстан Респуликасының тәжірибесіне тоқталу мақсатында көптеген нормативтік-құқықтық актілер қолданылғанын баса көрсету қажет.

Біртұтас мемлекеттік билікті дербес тармақтарға қазіргі кезеңдегі өркениетті мемлекеттердің құқықтық ұйымдасуының кепілі. Оның мемлекеттік биліктің мәні туралы ілімдерге, биліктің ұйымдасу нысанына, мемлекеттік оргадардың озара әрекеттесу механизміне, саяси жүйеге, егемендікке тигізетін ықпалы мол.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: мемлекеттік биліктің ұйымдастыруылуының негізгі идеялары мен бағыттарының жолдары мен теориялық генезистік даму мәселелерін жан-жақты қарастыру мен зерттеуіне арналған.

Бірінші бөлімде құқықтық мемлекет концепциясының генезистік идеялары мен теорияларының даму бағыттары қарастырылған. Осы тақырыптың мазмұнын ашу бағытында ежелгі дәуірдегі құқықтық мемлекет теорияларының негізгі бағыттары қаралып, талданған.

Екінші бөлімде қазіргі құқықтық мемлекеттердің мәні мен басты белгілері, қазақ мемлекетінің құрылу тарихы және негізгі белгілері сипатталған. Мемлекеттік биліктің үш тармағының өзара байланысы,

өкілеттіктері мен қызметтеріне талдау жасалады.

Үшінші бөлімде Қазақстан республикасындағы басқару реформасы мен құқықтық мемлекет орнату саясатының реттеудің негізгі шаралары және оларды жетілдіру жолдары көрсетілген.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ.

1. 1. Ежелгі дәуірдегі заң үстемдігі идеялары

Құқықтық мемлекет проблемасы әрқашан барлық адамдарды, ежелгі, ортағасыр және қазіргі кездегі прогрессивті ойшылдарды толғандырады.

Мәселен, құқықтық мемлекет деген не, оның идеясы қашан пайда болды және ол қалай дамыды, оның негізгі белгілері қандай, құқықтық мемлекеттің мақсаты және тағайындалуы қандай - деген сұрақт деген сұрақтар әрқашан көптеген философтар, заңгерлер, тарихшылардың, олардың әртүрлі көзқарастарына, пікірлеріне қарамастан қарауларында болады, сонымен қатар бұл мемлекеттің қалай аталып және біліктіліктелуі - яғни, заңның, әділеттіліктің мемлекеті ме, көпшілікке жақсылық жасау мемлекеті ме, әлдезаңдылықтың мемлекеті ме деген пікірлері де. Әрине әр ойшыларда құқықтық мемлекет жеке меншікпен, анықталған тап және топтардың байлықтарымен теңделсе, екіншілерінде теріс идеялары болады.

Ежелгі уақыттардан бастап ойшылдар құқықтық мемлекеттің қағидаларын, нысандарын, бар болған құқықтарды бекітуге және құқық пен биліктің келісілген және өзара тәуелді қарым-қатынастарға деген ізденістер болған. Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саясинысанының әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлекет және құқық туралы көріністердің құрастырылады. Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік кезде арнаулы орган ретінде, соттың әділеттілігін ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.

Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту және сақтау түріндегі құқықтық мемлекеттеориясының бастаулары Ежелгі Греция, Рим, Үндістан, Қытай мемлекеттері ойшылдары, құқық танушылардың еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ әділеттілік әрекеттігі заңдарға бағынудан көрінеді деп санаған. Әділеттіліпен заңдылықтың егіз ұғымдар екенін дәлелдейді. Қандай да болмасын заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса олар өмір сүретін мемлекет күшті де жасампаз болатындығын жариялайды.

Өз кезінде Платон « Мемлекет » және « Заңдар » еңбектерінде мемлекет заңды түрде құрылған кезде ғана мемлекет болып саналады деп атап өткен. Сократ, Аристотель, Цицерондар саяси - әділетті өмір заң азаматтарға және мемлекетке бірдей болған кезде болады деп есептеген.

Платонның «Мемлекет», «Заңдар» диалогтарында «заңдардың күші болмайтын және біреудің билігінің астында болатын» жерлерде мемлекеттің жойылуы қаупі болатындығы көрсетіледі. Оның ойынша «заңдар - билешілердің билеушісі, ал олар - оның құлы болғанда, мемлекет пен оған құдай сыйлайтын барлық құндылықтар құтқарылады»[44] .

Платон мемелекетті біртұтас құбылыс ретінде қарастырады, ол философтар мен билеушілерден, әскерилер мен жұмыскерлерден құралады деп санайды. Олардың әрқайсысы өзіне берілген салада полистің қажеттігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне кедергі келтірмей қызмет етуі қажет, яғни еңбек бөліініс танылады. Қоғамның осындай дәрежесі мемлекеттегі үйлесімдікке әкеледі, қоғамдағы еңбектің бөлінуі идеалды мемлекет қалыптастырудың негізі болады деп санайды.

Ұлы ойшылдың негізгі көзқарастарына тоқталсақ: олар басым түрде мемлекеттің біртұтастығын негіздеуге арналады. Заң міндеті бір әлеуметтік топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Бостандық жеке адамдарға емес, қоғамға қажет, сондықтан жаппай бостандықты негіздеу керек. Қоғам топқа бөлінуінің себебі - адамдардың табиғи теңсіздігі. Идеалды мемлекеттерде топтар арасында еңбектің бөлінуі олардың арасында биліктің бөлінуін білдірмейді. Мемлекеттік билік арнайы дайындалған, мемлекетті басқаруда даналыққа қол жеткізген, аристократия табынан шыққан бір қолда болуы қажет. Мемлекеттілік әділ заңдар үстемдік еткен

жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы - соттар. Кез келген мемлекетте соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекет билігін жоғалтады.

Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекет діни емес, өзінің өмір сүруінің табиғи негіздеріне сүйенеді деп санайды. Ол жеке тұлғаны, жеке меншікті қорғаушы ретінде танылған. Мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны түрінде қатыстырады. Мемлекеттік билікке, құқыққа және заңға өз көзқарасын білдіре отырып, Аристотель «заң билігі» жоқ жерде қандайда болмасын мемлекеттік құрылым нысанының болмайтындығын таниды. Құқық әділеттілікке сай деп таниды, заңды мен әділдіктің сәйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, әділ заңның ғанақұқыққа сәйкес келетіндігін бекітеді. Заң шығару саясаттың бөлігі ретінде қарастырылады, заң шығарушы мемлекетке қажетті заңдарды қалыптастыруға тиісті деп санайды. Мемлекетке адамдар емес құқық үстем тұруға тиісті.

«Заңның билігі жоқ жерде мемлекеттік биліктің құрылуына да жол жоқ» - деп жазған Аристотель. Сократ әділ билік түрі - ол патшалық билік, ал әділетсіз билік - тирандық және жариялық деп ойлаған. Осыған орай жариялықтың ең бір кемшілігі, билік басына келуші адамдардың жребии бойынша, яғни кезейсоқ келуі деп атайды.

Республикалық басқару нақты Афин мемлекетінде қалыптасты. коғамдық өмірдің нәтижесінде ол өзгеріп отырды және жаңа мазмүнға ие болды.

Афин демократиялық республикасы - оның нақты демократизімі оның әлеуметік қүрамымен белгіленген, мүнда еркін афиндіктер қүл болып кете алмайды . Афинде басқарудың қатан қүрлысы болды . Мемлекеттік органдардың жүйесі халық жиналысынан, бесжүздік кеңесінен, сайланбалы лауазым адамдарынан, отырыс соттардан - Археопагтан тұратын болған еді. Ең жоғарғы орган халық жиналысы болды, оның жұмысына жиырма жасқа толған афин азаматтары қатысатын. Оның негізгі функциясы заң қабылдау болып саналды.

Атқарушы орган болып бес жүздік кеңесі есептелді. Археопаг қазіргі сот билігіне ұқсайтын жұмыс атқарды. Афин республикасында болашақта болатын биліктің үш тармаққа бөліну элементтері көрініс берген еді. Афин демократиялық республикасы, Спартан республикасы, Рим демократиялық республикасы, қала республикалар бүлардың барлығы ежелгі республикалар түріне жататын мемлекеттер .

Парламентік республика - бүл казіргі таңдағы республикалардың бірі болып табылады . Мемлекеттік өмірді үйымдастыруда жоғарғы роль парламенке

бейімделген. Осыдай республикада үкімет парламентік жол-мен қалыптасады, яғни парламентте көп дауыс жинаған партиялардың мүшелері үкімет қүрамына енеді. Осы үкімет парламентте дауыстың көпшілігіне ие болғаша ғана өмір сүреді [4] . Мемлекет басшысы парламентпен немесе Арнайы құрылатын парламенттік коллегиямен сайланады. Мемлекеттк басшының парламентпен сайлануы, атқарушы билікке парламенттің бақылауы болып табылады .

Парламенттік республикада ел басшысы кең өкілетке ие болады. Ол декрет шығарады, парламентті таратуға қүқығы бар, үкімет басшысын тағайындайды. Қарулы күштердің басшысы болып табылады.

Парламентін ең маңызды функциясы заң шығару және атқарушы органдарға бақылау жасау. Сонымен қатар, парламент маңызды қаржылық өкілділікке ие болады өйткені парламент мемлекеттік бюджеті қалыптастырады, елдегі әлуметік-экономикалық даму мүмкіндіктерін белгілейді, қорғаныс және саясаттың негізгі проблемалары бойынша шешімдер қабылдайды.

Парламенттік республика демократияны, жеке адамның бас-бостандығын, адамзат өмірінің әділетті қалыптасуын қамтамасыз етеді [5] .

Президентік республика - бүл да қазіргі таңдағы мемлекеттік басқарудын формалары болып табылады. Оның маңызды ерекшеліктері

  • Президент пен үкіметті парламент емес, халық сайлайды
  • үкімет президент алдында жауапкешіл болады
  • Парламенттік республикада ғы президент өкілеттілігімен салыстырғанда, оның өкілеттілігінің кендігі әлде қайда көп.

Класикалық президентік республика болып АҚШ болып табылады Осында билік үш тармаққа бөлінеді:

  • заң шыгарушы
  • атқарушы
  • сот

Президентік басқаруы бар барлық мемлекеттерде әр біреуінде өзіндік ерекшеліктері бар . Мысалы, Фрацияда президент халықпен түгелдей сайланады, ал АҚШ-та сайлаушы коллегия арқылы . Біздің Франция мемлекетіндегі сайлау сияқты қүрлым қалыптасты. Президенттік республикалардың бәрне тән қасиет, президент ел басшысы мен үкімет басшысы жүмыстарын бірдей атқарады. Не өзі тікелей үкімет басшысын тағайыдайды. Президент қолында праламентті таратуға қүқық, әскери күшін басшысы болуға, қауіпті жағдайда жариялауға қүқық бар.

Өлкениетті елдерде президентік республиканың атқарушы биліктін күштілігі ерекше білінеді. Қазіргі танда парламентік және президентік республикалар арасында үлкен айырмашылық жоқ. Екеуі де қоғамды де-мократияландыруға, азаматтардың бас бостандығын қорғауға негізделген. Социалистік республика - бүл республиканың пайда болуы социалистік революцияның нөтижесі . Оның негізін қалаушылар К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин. Осындай республика олардың ойыша нақты демократиялы республика болады деп есептеген . Социалистік басқару формасы негізінде жүмысшы тобының толық билігі және партияның алда болуы мақсат етілді

Социалистік басқарудың үш түрі бар: Париж коммунасы, Советтік Социалистік

республикасы, Халықтық-демократиялық республика. Ф. Энгельс социалистік республикалық басқару фрмасын былай деп айтқан: "Республика басқада басқару

формалары сияқты өз мазмүнымен белгіленеді, бүл буржуазиялықтың басыдылығы болғанша, ол біз үшін кезкелген монархия сияқты қауіпті [19] . "

Халықтық- демократиялық республика Польша, Болгария, Венгрия елдерінде болған оның ерекшелігі капиталистік елдердің кейбір элемен-ттері болған . Қазіргі таңда Қытай, Корея елдерінде мүндай басқару формасы өмір сүріп келеді.

Аристотель ойы бойынша, саяси құрылымының әр алуандылығы мемлекеттің ерекшеленген бөліктерден тұратын күрделі организм екендігін көрсетеді. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатсыға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі және сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі әрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. әрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, әрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заң қабылдаудан басқа биліктің бұл тармағы соғыс жариялау, бітім жасау, өлім жазасын беру, мүлікті тәркілеу, қуып жіберу туралы

мәселелерді шешеді. Мемлекетті ұйымдастыруда заң қабылдайтын ерекше элеметті ажырату билік көріністерін әрі қарай жіктеуге негіз болады. Аристотель «кеңесу» билігі ретінде ежелгі грек халқының жиналысын қарстырады, бұл қазіргі мемлекеттердің заң шығару органдарының демократиялық дәстүрлерді жалғастырушы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТИПТЕРІ
Құқықтың пайда болуы туралы
Құқықтың түсінігі мен мәні
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz