ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
: 3
Мазмұны:
:
Мазмұны: ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
: 5
Мазмұны: 1. 1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат . . .
: 5
Мазмұны: 1. 2 Геологиялық құрылысы . . .
: 8
Мазмұны: 1. 3 Жер бедері және топырағы . . .
: 9
Мазмұны: 1. 4 Гидрологиялық және климаттық жағдайы . . .
: 12
Мазмұны: 1. 5 Флорасы мен фаунасы . . .
: 14
Мазмұны: 2 ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ Болашағы . . .
: 20
Мазмұны: 2. 1 Кен орнының жату ерекшелігі мен негізгі параметрлері . . .
: 20
Мазмұны: 2. 2 Пайдалы қазбаларының (түрлері бойынша) қоры . . .
: 25
Мазмұны: 2. 3Ел экономикасын арттырудағы ролі және даму болашағы……… . . .
: 30
Мазмұны: 3 ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫНЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ . . .
: 43
Мазмұны: 3. 1 Өндірістің дамуы және қоршаған табиғи ортаға тигізетін әсері . . .
: 43
Мазмұны: 3. 2 Көмірсутекті шикізат өндіретін ауданның экологиялық ластануын болдырмау жолдары . . .
: 54
Мазмұны: Қорытынды . . .
: 62
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
: 63

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі . Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркәсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағымұнай тасымалдау жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Қазіргі таңда инвестициялық ресурстардың бірыңғай мұнайгаз саласына бағытталуы елімізде көп сынға алынуда. Бірақ, тәжірбие көрсеткендей, инвестицияны маңызды салаға қоюлуын тиімді екенін, яғни, мемлекет бұл жерде бәсекелік басымдылықты иемденеді айқын көрінеді.

Қазақстанның бәсекелік басымдылықты иемденуі, саладағы рыноктық потенциалдың жоғарылығымен, табиғат ресурстарының молдығымен, тєжірбиелі еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуімен, елдің стратегиялық орналасуымен т. б. факторлаға тікелей байланысты.

Еліміздің мұнайгаз кешені инвестицияны өзіне тартатын сала ретінде экономикадан дербес, бөлек дамуы мүмкін емес. Мұнайгаз кешені тек қана бір секторды ғана емес, сонымен бірге аралас салаларды, нәтижесінде экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін арттыруы қажет, яғни бүкіл республика экономикасының локомотиві болуы тиіс.

Мұнаймен ішкі рынокті қамтамасыз етіп, әлемдік рынокқа отанымыздың мұнайын экспорттауға байланысты мұнай тасымалдау жүйесі еліміздің мұнайгаз кешенінің ажырамас бөлігін құрайды. Мұнайды тасымалдауда елімізде мұнайды магистральді құбырлармен тасымалдау жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі, мұнайды магистральді құбырлармен тасымалдау Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар.

Дипломдық жұмыстың мақсаты . Құмкөл кен орнының қазіргі жағдайын көрсетіп, одан келетін экономикалық пайда мен экологиялық зардабын анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеті :

  • Кен орнының аудан экономикасындағы маңызын көрсету;
  • Кен орнындағы бар мұнай мен газ конденсатының қорын бағалау;
  • Құмкөл кен орнының даму болашғын көрсету;
  • Мұнай газ өндірісінің қоршаған ортаға әсерін талдау;

Практикалық манызы . Нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар География мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Құмкөл табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.

Зерттеу объектісі : Құмкөл мұнай және газ кен орындар тобы және аймақтағы мұнай өндіретін компаниялар

  1. Құмкөл кен орнының физикалық-географиялық сипаттамасы

1. 1Кен орны туралы жалпы мағлұмат

Солтүстік ендік 46 о 00, шығыс бойлық 66 0 00дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген Құмкөл кен орны еліміздегі ірі мұнй және газ кен орны болып табылады

Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған обылысы Жезді ауданында орналасқан Жақын елді-мекен теміржол шоғыры жосалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық обылыстары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда- Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су ұңғымасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. [1]

Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнынан тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде бұл жолменен барлық көліктер түрі емін-еркін жүре алады. Ал, қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр.

Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +30 0 , +35 0 с ыстық, қыста -38 0 , 40 0 аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі. [2]

Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан ұңғымасы бұрғыланған.

Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады. [3]

Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр) .

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналадьг. Тура осындай жолдар Кұмкөл кен орнын Қызылорда мен Жезқазған арасындағы грейдерлік жолмен шектесе асфальтталған жол Қызылорда, Жусалы кең шарларын қосатын жолмен шектеседі (160-210 километр) .

Солтүстік шығысқа қарай кен орнынан 20 километр қашықтықта Ленинск - Жусалы электр желігі өтеді. Кен орны 106-169 метр теңіз деңгейінде жоғары дала қыраттың үстінде орналасқан.

Оңтүстік, оңтүстік-батыс бағыттарда құмды массивтер орын алған. Соның ішінде ең үлкені - Арысқүм 10-15 метр биіктікте басқа қыраттардан ерекшеленіп көрінеді. Кен орнынан оңтүстікке қарай тартылып қалған сортаң Арыс көлі орналасқан, 15 километр батыс бетте үшкірленген биіктігі 70-90 метр болатын қырат бел тегіс бетті 200-250 метрлік рельефтен бөліп түрады. Кен орнынан солтүстікке қарай 150-200 метрлік биіктікте орналасқан дала, солтүстік-шығысқа қарай Ұлытау таулы аймағыменен үласады.

Абсолютті ең биік белгі 240, 1 метр ең төмен қазан шұңқыр 75, 1 метр. Биік қыраттардан қазан шүңқырға кеуіп кеткен кептеген өзен арналары бағытталады, соның ең үлкені (Ақлит және Теріскенеспе) солтүстік-шығысқа және оңтүстік-шығыс беттерден бағытталған қазан шұңқырдын ең теменгі бөліктері батпақты. Осы батпақтардан бұлақтар өз бастауларын алады және осы батпақтарда ауыз су құдықтары көптеп кездеседі.

Кен орнының құрамы және оған жақын жатқан территория аймақтар майда тасты сортаң сұрғылт қоңыр (почва) топырақты, құмды.

Жер асты сулары 100 метр тереңдікте орналасқан. Кен ауданының климаты - континенталды тез ауысады. Жауын-шашын аз түседі. Жазда температура +30 +35 °С болса, қыста -40 °С дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 150 милиметрге дейін негізінен қысқы, көктемгі түскен ылғалдың есебінен ғана болады.

Негізінен соғатын желдің бағыты оңтүстік-шығыс бағытында қыс мерзімінде үскірік аяз боранды болады. Су артериясы кен орнында жоқ. Жер беті жартылай шөлді жерге тән шөп бұталармен көмкерілген күзде, қыста, көктемде киікке толы болады. Тұрмыстық және техникалық су гидрогеологиялық ұңғыма су қондырғылярынан алынады. Су құрамы жоғары минералданған 0, 6-0, 9 г/дм . 50-70 метр тереқдіктен сенон-турон шөгінді жынысты қабаттарынан алынады.

Судың қүрамында фтордың көп болуына байланысты ауыз су стандартына сәйкес келмейді. 120 метр терендіктен су өз-өзінен ағады. Сейсмикалық жағынан аудан қауіпсіз. 70 жылдардың басында оңтүстік Торғай ойпаты кек көзін жоғары палеозой шөгіндісімен байланыстырып, негізінен геологиялық, магниттік, гравиметрлік өлшемдерге сүйеніп жасалуда.

КМПВ Арысқүм мен МОВ Жыланшы мұнай газ аудандарында жасалған сейсмопрофильді бірнеше зерттеулердің нәти-жесінде мұнай газ кеніші триас, грабен - синклинальдарымен мезозой қабаттарының дәуіріне жататыны болашағы бар екендігі анықталды. 1973-1975 жылдары бөлшекті сейсмозерттеу жүмыстар (МОВ) Жыланшы мұнай газ ауданында үлкен кен орны бар екендігі анықталды.

1976-1981 жылдарда оңтүстік Торғай өңірінде геологиялық зерттеу жүргізілген жоқ.

1982 жылы "Актюбенефтегаз геология" . ПГО бекіткен жоба бойынша алдынала есептеліп дайындалған (КМПВ) профильдік структуралық бұрғылау басталды. Бұрғылаудың алдына негізгі Қойған мақсаты 2000 метр тереңдікке дейін ұңғылау арқылы кен орнының регионалды геологиялық кұрлысын анықтау болды.

1983 жылы жоғарыда айтылған жоспарды іске асыру нәтижесінде 1п-Арысқұм ұңғысы бұрғылана бастады. Аймақты сейсмопрофиль-деуден кейін 2п-Арысқұм ұңғысы бұрғыланды. Сонымен қатар Арыскұм мұнай аймағындағы профиль структура бұрғылау жалғастырылды.

1984-1985 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Құмкөл кен орнында төменгі неоком мен жоғарғы және ортаңғы юра қабаттарында мұнай кеніштері бар екендігі анықталды.

  1. жылы Тұрлан геологиялық барлау экспедициясы мен Құмкөл кен орнының солтүстікке қарай жаңа саты анықталды оны кейін солтүстік Құмкөл сатысы деп атады. Кейінгі бұрғылау нәтижесінде осы саты Құмкөлдің солтүстік синклиналды жалғасы екендігі мәлім болды.
  2. жылы Құмкөл кен орнының орталық бөлігінің барлау жұмыстары негізінен аяқталды. Сол себептерден геологиялық барлау жұмыстар кен орнының солтүстік бөлігіне ауысты.

1987жылы солтүстік, шығыс, батыс аймақтарының құрылымы жақтыланып, кен орнына шекаралас жатқан бөліктердің өнімділігі анықталды. [3]

Қазіргі кезде Құмкөл кен орны ПетроКазақстан компаниясымен игерілуде. Мұнай фонтандық және штангілі терең сорапты тәсілдермен өндіріледі.

1. 2 Геологиялық құрылысы

Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасының солтүстік щығысында орналасқан. Ойпат бар полеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның Оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді. [4]

Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор полеоген кешенінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабень синклинал бағытында тартылған анықталды, бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын, тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және солтүстік шығыс-шығысында созылып жоғалады.

Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2, 5-3, 5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернегіне байланысты, осы индексте горизонтының шағылысуы бар. Екінші беткі жағына ІV шағылысу горизонтына байланысты келесі ретпен өнімді ІV горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін брахиантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метр құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.

Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1 0 30' құрайды, шығысында 2 0 30' қыртыс тектоникалық (F 1 , F 2 , F 3 ) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған F 2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды.

Солтүстік жағында бұл бұзылып F 3 бұзылысымен түйістіріліп әрі қарай сөнеді. Оңтүстік батыс бөлігі құрылымдағы 12, 17, 19 ұңғымаларының аудан аймақтарындағы ұңғымалардан өзгешілігі орта юра шөгінділерінің жоқтығы және жоғарғы юра жыныстарымен фундамент жабылған. Уақытша қиындатылған өңделіп жасалған қимасында ортаңғы юра шөгінді қалыңдығы фундамент бетіне көтерілу кезінде төменгі бөліктің қимасына қиылысу есебіне анық көрінеді. Бұны ұңғыма қимасындағы корреляция куәландырады. Аудандығы ұңғымаларды аз ғана изометриялық 1х1, 5 километр амплитудасы 25 метр өлшемі болып тұр. Батыстан, шығыс жағынан тектоникалық бұзылыстармен шектеледі. Орта юраның шөгіндісі алаңының шегіне қарап 0-ден 200 метрге өзгереді. [5]

Құмкөл свитасының қалыңдығы алаң бойынша тербелісі 55-75 метр шамасында, ал учаскесінде фундаментті көтеріңкі ойпан учаскесінде 34-48 метрге азаяды.

құмкөл өзін сызықтық ассиметриялық антиклинал қыртыста көрсетіп, Оңтүстікке қарай ығысқан. Опан өлшемі 17х4 километр құрайды, 57 метр амплитуда кезінде тұйықталған изогипс бойында 1000 метр.

Жоспардағы тәжірибе дәл келетіндей шығыс құрылымы қанаты флексурамен қиындатылып, тектоникалық бұзылу Юра шөгіндісін кеседі. Әртүрлі ойпан беттеріндегі жоспар бойынша орындарына қоссақ, Арысқұм горизонтының ені азаяды да, оның конфигурациясы өзгереді және орталық шығыс горизонт ойпан бөлігіне қарай ығысқан.

1. 3 Жер бедері және топырағы

Құмкөл Торғай жазығында орналасып, батыста - Мұғалжар мен Оңтүстік Урал және шығыста Қазақтың ұсақ шоқылығы арасында орналасқан. Солтүстікте жазық Батыс Сібір жазығымен, ал оңтүстікте Тұран ойпатымен ұласып жатыр. Торғай жазығы - аса көлемді Тұран және Батыс Сібір ойпаттарына қарағанда көтеріңкі жазық. Жалпы алғанда тегіс алқаптың аясында беткейлері тік, қысқа, жайпақ төбелі қалдық таулар - «сандық таулар» айрықша көзге түседі, сол қалдық таулардың арасында түбі кең, жайпақ құрғақ аңғарлар созылып жатыр, үлкен тегіс учаскелерге барып тірелетін текшелер де жиі кездеседі. Жаз кезінде өсімдік қурап кетеді, жазық ашық, құқыл сарғыш, қоңырқай реңге енеді. Рельефінің текшелілігі жақсы байқалады. [6]

Торғай жазығының бүгінгі бейнесі, оның көптеген құрғақ аңғарлар мен қолаттары, толып жатқан үзік - үзік сандық таулары бар шайынды жер беті қазіргі климаттың жағдайларына сәйкес келмейді, қайта қалдық түзілім түрінде көрінеді. Торғай жазығы бетінің шайылуы төрттік дәуірде, артық ылғалдылық пен Батыс Сібір жағынан, солтүстіктен келетін еріген мұздық суларының мүмкін болған ағысы кезеңінде болған. Міне, сол кезде Торғай жазығының бетін тілімдеген аңғарлар жүйесінің тарамдалуы болды. Алайда үзік - үзік сандық таулар ландшафтысының қалыптасуы жызықтықтың эрозиялық тілімделуінің үштік жыныстардың горизонталь жатқан қабаттарының шайылуымен бірге жүргендігімен түсіндіріледі. Торғай жазығы аумағындағы қатпарлы палеозой фундаменті төмен түскен алқапты Арал - Торғай ойысы алып жатыр.

Торғай үстіртінің ені 100-150 шақырымнан аспайтын жіңішке алқабы ғана дала зонасына енеді. Дала зонасының ауданы 150 мың шаршы шақырым шөлейт зонасының ауданы 40-45 мың шаршы шақырым.

Дала зонасы Торғай үстіртінің оңтүстік шеті мен Торғай қолатының Торғай өзенінің ендігіне дейінгі шағын жіңішке алқапты алып жатыр. Зонаның шегіндегі қаңтардың орташа температурасы -16…-18С шілденікі +21…+23С, жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері 300-500мм. Оның 70 жылдың жылы кезеңдерінде түседі. Торғай дөңесті - қалдық үстірті мен Торғай қолатының беткі қабатын палеогеннің гипсті және тұзды сазды шөгінділері оның үстін төрттік дәуірдің жұқа шөгінділері жауып жатыр.

Судың нашар сіңуіне байланысты сортаңды далалық ландшафтлар кешені кең тараған. Олар әсіресе Торғай қолатында көп кездеседі. Олардың негізін бетегелі - тарлаулы, Жусанды - бетегелі өсімдіктер бірлестіктері құрайды.

Құмды сазды жыныстардағы күңгірт қызыл қоңыр топырақта Бетегелі - бозды дала өсімдіктері тараған. Олардың ішінде мезоксерофитті және ксерофитті әртүрлі шөптесін өсімдіктер де кездеседі. Құм шауыт және Құмды жерлерде далаға тән псамморфитті қызыл бетегелі әртүрлі шөптесін өсімдіктер бірлестігі тараған. Зонаның басым бөлігі жыртылған. Торғай қолатында құмды алқаптағы реликтілі Қарағайлы орманды қорғау мақсатында Наурызым қорығы ұйымдастырылған.

Шөлге ылғалмен ылғалдың диспропорциясы құрғақ ыстық жаз бен суық қар аз түсетін қыс тән. Жазда құрғақ жауын - шашынсыз ауа райы басым болады. 0С жоғары аязсыз күндердің саны 160-230 күнге дейін созылады. +10С жоғары қарқынды температураның жиынтығы 3400-5600 жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150-200мм, оңтүстігінде 100-150мм аспайды. Жауын - шашынның бір жыл ішіндегі таралуы Қоңыржай және субтропиктік белдеулерде әркелкі болуымен ерекшеленеді. Субтропиктік белдеуде қысы жұмсақ және қоңыржай жұмсақ әрі тұрақсыз қыста. Қаңтардың орташа температурасы - 4Сдан +2…+4С аралық тарында ауытқиды. Қоңыржай белдеуде қыс біршама тұрақты және ұзақ әрі салыстырмалы түрде суық. Қаңтардың орташа температурасы - 15Стен 0С аралығында ауытқиды. Жазғы температура субтропиктік шөлге қарағанда біршама төмен болады. Қоңыржай белдеуде + 26…+ 30С субтропиктік белдеуде +30…+ 32С. Климатының ерекшеліктеріне сай табиғат шөл табиғатындағы топырақ пен биокомпоненттерінің дамуында айырмашылықтар байқалады. Бұл солтүстік және оңтүстік зона тармақтарына бөлуге мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар Тұран ойпатының шөл зонасын Қоңыржай және субтропиктік белдеудің шөлдері деп екі бөлікке бөліп қарастырады.

1983 жылы жарық көрген КСРО - ның үлкен атласында Михайлов пен Гвоздецкий Тұран жазығының қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің шекарасын Қарабұғаз - Гол мен Қаратау жотасының солтүстік бөлігі арқылы жүргізеді. [7]

Жылу ресурстарының молдығымен ылғалдың жетіспеуіне байланысты шөлдің аумағындағы экологиялық жағдай климаттың зоналық ауысуына ғана емес, жердің беткі қабатын түзетін тау жыныстары субстраттық ылғалды сіңіргіштігі, Капиллярлығы, ауадағы аз ылғалды жұта білу қасиеттері айқындайды.

Сондықтан субстраттық сипаты шөлдің аумақтық табиғат кешендерінің орналасуымен таралуында ерекше орын алады. Белгілі ғалымдар Г. И. Борщов, А. Ф. Мидендорф, А. Н. Краснов, Л. С. Берег Тұран жазығының шөлдерін құмды, сазды, тасты (қиыршық тасты) сортаң және Лессті деп бес топқа бөледі.

Кейіннен 1934 жылы Е. Л. Коровин ботаникалық белгілеріне қарай эфемерлі, псаммофитті, гифсофитті және галофитті деп төрт топқа бөлді. Жоғарыда аталған екі топтастыруды бір - бірімен салыстыра отырып, субстраттың әрбір түріне үш немесе төрт түрлі өсімдіктер тобы басым болатыны айқындалды.

Лессті сазды шөлдерде - ксерофитті эфемерлі, құмды шөлдерде - псаммофитті, тасты шөлдерде - гипсофитті, сорлар мен сортаң шөлдерде - галафитті өсімдіктер бірлестіктері тарайды. Ұсақ түйіршікті Лессті жыныстардан тұратын жазықтарда (субстраттарда) оңтүстік зона тармағында эфемерлі және жусанды эфемерлі, солтүстік зона тармағында жусанды - сортаң шөпті, сортаң шөпті - жусанды шөлдер қалыптасады.

Тұран жазығының аумағында басқа шөлдерде геоботаникалық провинция негіздегі өсімдіктер бірлестіктерінде аздаған ауытсулар болғанымен сол қалпында сақталады. Солтүстік зона тармағында болғанымен оңтүстік зона тармағында эфемерлер мен эфемеройдтар басым болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының қазіргі жағдайын талдау мен бағалау
Мұнай өндіру процесі
Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі
Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі
Жаһандану жағдайында мұнайгаз өнеркәсібін кешенді дамытудың тиімділігі мен жолдары
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Қазақстанның істейтін және болашақтық кен орындар қорларының сипаттамасы және көмір шығару көлемдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz