ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4

1 ЖАС ҰРПАҚҚА БЕРЕР ТӘРБИЕ МЕН ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ

ЫҚПАЛЫ 9

1. 1 Жеткіншек қыз балаға ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері 17

1. 2 Отабасындағы ата- ананың қыз балаға деген қарым - қатынасы 19

1. 3 Отбасы - қыз тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Қызды дұрыс тәрбиелеу

шарттар 22

1. 4 Қыздар табиғатының психофизиологиялық ерекшеліктері 25

2 ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ - ЭТИКАЛЫҚ

КӨЗҚАРАСТАРЫ 27

2. 1 Қыз бала бойына ұлттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары мен әдiс-

тәсiлдерi 41

2. 2 Қазақ қыздарына қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени

сипаты 45

2. 3 Бойжеткендерге беретін тәрбиедегі қарама- қайшылықтар 47

  1. Бойжеткендерді отбасылық өмірге даярлау 50
  2. Оқушыларға ұлттық тәрбиені дамытудың зерттеу жұмыстары 56

ҚОРЫТЫНДЫ 62
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
ҚОСЫМША 65

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы атап айтсақ, қыз бала тәрбиесімен ұлыттық тәрбиені жас буын санасына бекіту жұмыстарына жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты туындатады. [1]

Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында болашақ жастарымыздың әсіресе қыз бала тәрбиесінің адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, қыз бойында инабаттылық құндылықты, отаншылдықты, сыпай мінез-құлық қалыптастыру сықылды міндеттері тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен жауапкершілікті жүктейтін мәселелер бар.

«Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген дана сөз бар. Осы бір ауыз түйін сөздің астарында қаншама мән жатыр. Ана қашанда қыз бала тәрбиесімен бірінші айналысып, талшыбықтай мың бұралған қыздарымызға ақыл үйретіп жөн сілтеп, ұлттық тәрбие беріп болашақ ана екенін саналарына құйып келген. Яғни ұлтымыздың, еліміздің, отанымыздың болашағы мен берік тәрбиесі тікелей аналарымызбен байланысты екенін аңғарамыз. Жоғарыда атап өткен күрделі де мол жауапкершілікті талап ететін мәселелерді шешуге де тікелей отбасы оның ішінде аналарымызбен қыздарымыздың орны ерекше. Жасөспірімдердің, яғни қыз балалардың қазіргі заман талабына сай лайықты тәрбие алуға, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бейімділік-қабілеттерін дамытуға, ұлттық тәрбиемізді мейлінше өз бойларына сіңіруіне қолайлы жағдайлар туғызу қажет.

Тәрбиелеудің міндеті- балалардың есеюіне көмектесу, осы жолдағы ілгерілеуді қолдаплтыру. Олай болса ұрпақ тәрбиесі бірінші отбасында, екінші білім беретін ошақтарда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қоғамның дамуы мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы деңгейге көтерілуі ұлттық тәрбиеміздің бала бойына мейлінше сіңіруімен тікелей байланысты екендігі көрсетілген.

Қыздардың адамгершілік, рухани құндылықтарын қалыптастырудың мәнділігі, ұлттық тәрбиеміздің өз бойларына сіңіруі біріншіден, барша саланың ғаламдануы; екіншіден телекоммуникация; ақпараттық, интернеттік байланыстардың артуы, үшіншіден рухани жаңару; тазару, сондай-ақ болашақ жастарымыздың тәрбиелі де инабатты өсуіне дінге деген көзқарасының түзу болуына бірден бір жол ашады.

Жеткіншіктердің санасын түрлі жолдармен уландыру тәрбие жұмыстарының әлеуеттерінің әлсіреуі, ұлттық тәрбиеміздің жетіспеушілігінің салдарынан нашақорлық, жұмыссыздық, тастанды балалар санының көбеюі, өз өзіне қол жұмсау сияқты орны толмас өкінішті жағдайларға алып соқтырары хақ. Әсіресе, қазіргі жастарды яғни қыз балалардың теріс жолға түсіретін, санасын бұзатын жәйттердің бірі - дүниеқұмарлықпен жеңіл жүрістілік. Нарық заманы бай етсе, біреуді кедейлендіріп, дүниенің қызығы адамгершілік міндеттерінен ажыратуға себеп болып жатады. Болашағымыз - жеткіншектерге әсіресе қыздарға адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік, еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық, ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды болмақ. Осындай тәрбиені өз бойларына дарыта білген жеткіншектеріміз ғана болашағымызды нұрландырып бәсекеге қабілетті босағамыз берік ел қатарына айналдырмақ.

Осы аталған жәйттерден туындайтын мәселе жеткіншектерді жан-жақты үйлесімді дамыту оқу-тәрбие үдерісін мемлекеттік стандарт, оңтайлы бағдарлама, өмірлік талаптар, жасампаздық жолдаулар басшылыққа алынып, жоспарланып, жаңа тәрбие технологиялары негізінде ұйымдастырылып, тәрбие жұмыстарын озық, уақыт сынынан сараланып өткен, ұлттық тәрбиелерді ескеріп тиімділігі мол ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттеу, қоғам, ел талап-тілектеріне сай жүргізу қажеттілігі байқалады.

Жас ұрпақ - болашағымыз жеткіншектерде, еліміздің еңселі тәрбиесі терең бойлаған ел болуы тек жастармен жас өспірімдерге берген ұлттық тәрбиемізбен тығыз байланысты. Әсіресе, ХХІ ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақытта қыз бойына ұлттық тәрбиені сіңіру өзектілігі сезіледі, әрине педагогика ғылымының зерттеу нысаны тәрбие жұмыстарындағы озық-тәжірибе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалын ескеріп, қажеттілігін біліп жетілдіру, жүйелеу тиімділігін арттыру мақсатында зерделеу, ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындап, оларды орынды пайдаланып, болашаққа меңзеген зерттеме жасауға талаптандырады. Дегенмен қыз бала тәрбиесінде психология, этнопедагогика, жалпы педагогиканың т. б салалардың алар орны ерекше. Ұрпақ тәрбиесін Аристотель, Сократ, Платон, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, И. Ф. Харламов, К. Крупская, Н. Е. Шуркова, Ы. Алтынсарин, С. Торайғыров, Қ. Б. Жарықбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ә. Нысанбаев, Ж. Намазбаева, т. б. педагогтармен зерттеушілер ерекше зерттеулер жүргізіп, ғылыми-теориялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамытып, іс-тәжірибелік мәнін арттырды.

Ал философиялық тұрғыда Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сияқты қазақ даласының даналары, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ұлы ойшылдар, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді ұлтымыздың ұлы перзенттері, Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Т. Есім, Т. Ғабитов, Ә. Қалмырзаев және т. б. философтар адамгершілік, рухани, ұлттық құндылықтарды терең тануға ұмтылыстар жасады.

Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Ә. Табылдиев сынды ғалымдар, қазақ этнопедагогикасын, тарихын, этнопедагогика мәселелерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан жүйеледі. Ал, В. А. Ким, Л. А. Байсерке, Қ. Бөлеев, А. А. Бейсенбаева, С. А. Назарбаева, Ж. Б. Сәдірмекова, К. К. Жанпейсова, К. Ж. Қожахметова, Л. К. Керімов, А. А. Калюжный, Б. Ы. Мұқанова, Н. Н. Хан, А. Н. Ильясова, А. Б. Нұрлыбекова, В. В. Трифонов, Р. К. Толеубекова, Э. А. Орынбасарова Ж. Ембергенова, К. Ж. Ибраева, А. Қ. Каплиева және т. б. қазіргі кезеңдегі ғалым-педагогтар қазақтың ұлттық тәрбиесін қазіргі адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, өзін-өзі танудың мәнін көрсетіп, қыз бала тәрбиесінің қазіргі заманда маңызын педагогикалық-психологиялық негізде зерттеуде. [2]

Қазіргі экономикамыз тұрақты дамыған еңсесі биік елімізде жасөспірімдердің ұлттық тәрбиені мүмкіндігінше толық қанды сіңіре алмауы, қыз баланың тәрбие мәселелерін теориялық тұрғыдан қоғам талаптарына сай қарастырылмауын шешу және қазіргі мектеп тәжірибесінде қыз балалрға ұлттық құндылықтарды жалпы барлық білім, тәрбие беретін оқу ошақтарында қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы себептерімен қайшылықтары өзімнің зерттеуімнің барысында анықталды. Осы аталған қарама-қайшылықтарды ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап, «Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің рөлі» деп таңдау жасауыма түрткі болып, тақырыпқа қатысты зерттеуді нақтыладым.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы оқу орындарында, отбасында қоғамда қазіргі кездегі Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиені қалыптастыруды, оларға рухани адамгершілік тәрбие беруді теориялық негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің нысаны: Қыз бала тәрбиесі

Зерттеудің кешені: Аграрлық бизнес колледжінің 1-2 топ студенттері

Зерттеу пәні: Педагогика, этнопедагогика, психология сабақтарында Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің рөлімен үдерісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жеткіншек қыз балалардың бойына өз еліміздің ата-бабамыздан келе жатқан көненің көзіндей ұрпақтан ұрпаққа аманат болып беріліп келе жатқан ұлттық тәрбиемізді қалыптастырудың ғылыми-теориялық, сонымен бірге ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау бойынша тәрбие жұмыстарының жүйесін және оның нобайын жасап оңтайлы педагогикалық технологиясы бойынша мектептерде сынып жетекшілерінің колледждерде топ жетекшілерінің қыздарға ұлттық тәрбие берудің үдерісінде қолайлы және қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің үлкен динамикалық сұранысы тұрғысынан орындалса, әлеуметтік, экономикалық және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеткіншек қыздарда жеке тұлға ретінде дұрыс қалыптасуына, ұлттық тәрбие құндылықтарын мейлінше бойларына сіңірулеріне нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, дұрыс тәрбие беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу бұл қазіргі қоғам тіршілігіне оң ықпал жасайды. Отбасында, оқу орындарында қыз балалрға жоғарыда аталған тәрбиелерімізді толыққанды бере білсек, онда қазіргі жаһандану заманында жасөспірімдердің арасында ішімдікке салыну, жеңіл жүрістілік, өз өзіне қол жұмсау, нашақорлыққа салыну сияқты теріс қылықтардың өршуі азаяр еді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері : Жалпы білім беретін оқу ошақтарында жасөспірім жеткіншек қыздарға ұлттық рухани тәрбие берудің жолдарын қарастырып, оларға ғылыми тұжырымдамалар шығару, сондай-ақ зерттеуге алған нысаналарға мейлінше толық жан-жақты педагогикалық, психологиялық зерттеулер жүргізу. Қазақ қыздарының қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын бағыттарды айқындау, оларға берілетін ұлттық тәрбиенің көздерін толығымен қарастыру. Қыз балалар тәрбиесін зерттеп, ғылыми тұжырымдармен еңбектер жазып жүрген ғалымдармен ойшылдардың шығармаларын, оқулықтарымен еңбектерін қарастырып, қажетті мәліметтер жинақтау. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:

  • зерттеу жұмыстарда жеткіншектерге ұлттық тәрбиені бойларына қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
  • білім тұжырымдамалары мен ҚР президентінің жолдауларын, білім стандарттарын басшылыққа ала отырып тәрбие беру жолдарын талдап, саралау, мәліметтер жинақтау;
  • қазақ қыздарына қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрістерін анықтау;
  • қазақтың ұлттық салт дәстүрлерін, ырым- тиымдарын талдап, Қыз бала тәрбиесіне ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, ұсынылатын педагогикалық технологияның тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.

Зерттеу жұмысының дереккөздері: Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т. б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер, «Білім туралы» заңдар, тұжырымдамалар, білім стандарттармен ҚР президентінің жолдаулары, мерзімдік журналдармен газеттер, қосымша оқулықтар мен авторефераттар және қыздардың ізгі қасиеттерімен тәрбиесіне қатысты жалпы білім беретін оқу орындарын қалыпты құжаттары, оқу орындарының мұғалімдері, тәрбиешілер, ағартушылар және сынып жетекшілерінің озық тәжірибелері, автордың педагогикалық іс-тәжірибесінен жинақталып, саралаған еңбектері.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептер мен колледждердің оқу құжаттарын зерделеп, сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп, саралау, сауалнама әзірлеп, тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп, қыз балаларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарында жеткіншектерге адамгершілік, ұлттық, рухани құндылықтарын қалыптастыруға қатысты мүмкіндіктерін анықтау, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: Зерттеудің негізгі жаңалығы - Қыз бала тәрбиесіндегі ұлттық тәрбиенің алатын орынымен қоғамға тигізер пайдасын қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:

  • жалпы білім беретін оқу ошақтарында қыздарға ұлттық тәрбиені берудің жолдарын бірізді қарастырылды;
  • ағартушылармен, ғалымдардың зерттеулерін саралап, талдап қыз балаларға ұлттық бағытта тәрбиені қалыптастырудың өлшемдері мазмұндық-құрылымдық нобайы жасалып, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері нақтыланды;
  • зерттеу барысында қыз балалардың ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары сұрыпталып, жеткіншектерде адамгершілік рухани тәрбие берудің педагогикалық технологиясы ұсынылып, тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні: Теориялық қағидалар мен әдіснамалық талапқа, зерттеу мәніне сәйкес әдістеме қолдану арқылы тәжірибелік-эксперимент бағдарламаға және мақсатымызға сай, сонымен бірге бастапқы эксперимент және ақтық көрсеткіштер нәтижелеріменбірге салыстырылып қорытындыланды, жалпы білім беретін оқу орындарының жеткіншектер қыздармен жасалынған тәжірибелік-эксперимент қорытындылары зерттеу жұмыстарының тиімділігін байқатты. Зерттеу нәтижелері дәлелді және негізділігі мен жұмыстың сапалылығын көрсетті.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: Дипломдық жұмысым кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысының құрылымы мен мазмұнына тоқтала кетсем: 1 Жас ұрпаққа берер тәрбие мен ұлттық тәрбиенің ықпалы, Жеткіншек қыз балаларға ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері, Отбасындағы ата-ананың қыз балаға деген қарым - қатынасы, Отбасы - қыз бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Қызды дұрыс тәрбиелеу шарттары, Қыздар табиғатының психофизиологиялық ерекшеліктері, 2 Ұлы ағартушы ғалымдар қыз бала тәрбиесін қалыптастыруға байланысты моральдық - этикалық көзқарастары, Қыз бала бойына ұлттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары мен әдіс- тәсілдері, Қазақ қыздарына қатысты салт- дәстүрлердің этномәдени сипаты, Бойжеткендерге беретін тәрбиедегі қарама - қайшылықтар, Бойжеткендерді отбасылық өмірге даярлау тараулар мен бөлімдерден тұрады.

1 ЖАС ҰРПАҚҚА БЕРЕР ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЫҚПАЛЫ

Қазіргі кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім берудің ұлттық, педагогикалық, психологиялық негізін айқындау керек. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін ұлттық сипатта ұйымдастыру - өмір талабы. Әр халықтың ұлттық-тарихи дәстүрі, оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан менің көтеріп отырған мәселесіміз біріншіден - ұлт, екіншіден - тәрбие мәселесі және сол тәрбиенің қыз балаға берер ықпалы.

«Алтау ала болса, ауыздағы кетедi» - деген екен бабаларымыз. Этностың өз iшiндегi ала-құлалық ұлттың, мемлекеттiлiктiң болашағына қатер туғызбай қоймайды. Алғашқыда ұлттық тұтастықтан, мемлекетiнен айрылудың әкелер қасiретiн - бек ұлдардың құл болатынын, пәк қыздардың күң болатынын осыдан 13 ғасыр бұрын Күлтегiн тасына қашап жазған байырғы түркiлердiң даналығынан көруге болады. Кеңестiк жылдары Күлтегiндей дананың айтқаны басымыздан өткенi рас қой. Ендеше Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы - тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық «МЕН» дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр . . . Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы қажет», - деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр». [1]

Себебі, тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жеке тұлғаның бойына сіңіру, оның қоршаған ортаға қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыру болып табылып, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу мақсатын көздейді. Қазіргі мектептерде ұлттық тәрбие беру мәселесі өз шешімін таппаса, білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформалар түпкі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін емес. Ол үшін ұлттық тәрбие беру барысында басшылыққа алынатын талаптарды анықтап алудың да маңызы зор:

- біріншіден, ұлттық тәрбие беру Ата Заңымызға, «Білім туралы» Заңыңа қайшы келмеуі керек, яғни нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық кемсіту немесе дәріптеуден алыс тұрған абзал;

- екіншіден, ұлттық тәрбие бір ұлттың мұратын ұлықтаумен қоса, басқа ұлттардың тарихын, дәстүрiн, этникалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларға қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ету қажет;

- үшiншiден, ұлттық тәрбие үздіксіз болу керек. Елдiң iшiндегi, жер-жаhандағы нақты ахуалға байланысты оның көздегенi өзгерiп, нақтыланып отыратыны айтпаса да түсiнiктi жайт. Мәселен, қазiрдiң өзiнде тарихи отанында отырған қазақтар мен диаспора санатында шетте жүрген қазақтардың ұлттық мұраты бiрдей дей алмаймыз. Бiрiншiлерi үшiн қазақстанның бүгiнi мен ертеңi басты мәселе болса, екiншiлерi жүрген ортасында қазақ болып қалу қамын көбiрек ойлайды. Уақыт өткен сайын ұлт мұратындағы осынау айырмашылық ұлғаймаса, қабыспайтыны ақиқат.

Қазақстан Респубилкасы өз алдына дербес мемлекет ретінде егемендігін алғаннан кейін елімізде ұлттық рухани мұраларымызға бет бұрып, соның негізінде тәрбие беруге көңіл қойыла бастады. Осы тұрғыдан ұлттық тәрбие атауын өздерiнiң докторлық диссертацияларында Қ. Бөлеев пен К. Оразбекова пайдаланып, жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері мен оқушыларға ұлттық тәрбие беруге мұғалімдерді дайындаудың теориясы мен тәжірибесін зерттеді.

Қ. Бөлеевтің айтуынша: «. . ұлттық тәрбие терминiн ендiру педагогика ғылымында өз шешiмiн тапқан жоқ. Ол этнопедагогика ғылымында ендiрiлуi тиiс. Өйткенi этнопедагогика ұлттық тәлiм-тәрбиенi жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтiн теориясымен сипатталатын ғылым саласы. Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның ұлттық сана-сезiмi мен мiнез-құлқының, ана тiлiн, ата тарихын, төл мәдениетiн және ұлттық салт-дәстүрiн меңгеруi негiзiнде қалыптасқан этнопедагогиканың саласы. . », - деп, анықталады.

Ғалымның ойынша, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың тиiмдiлiгi - болашақ мұғалiмдердi, бiлiктi тәрбиешiлердi даярлау және қайта даярлау мен жетiлдiру жұмыстарына арналған арнайы бағдарламалар мен нақты шараларды қолға алу арқылы іске асырылады.

К. Оразбекованың пайымдауынша, ұлттық тәрбие - болашақ қоғамымыздың құрылысшыларын дайындайтын дарынды, парасатты, жоғары мәдениеттi, жан-жақты дамыған жеке тұлғаларды қалыптастырудың негiзi болуы шарт деп санайды. Ол: «. . ұлттық тәрбиенiң тәлiмдiк негiздерi Адам атадан бастау алып, бүкiл өмiрi-өлеңге, өлеңi-өмiрге айналған жыраулар арқылы жалғасын тауып, ұрпақтан-ұрпаққа жетiп отырды», -деп, ұлттық тәрбиенiң бүгiнгi таңда ұлттық идеологияны қалыптастыруда шешушi рөл атқаратынын атап өтедi.

К. Ж. Қожахметова ұлттық тәрбиені этникалық тәрбиеге қарағанда кең ұғым деп қарастыра отырып, мынадай анықтама береді: ұлттық тәрбие-жалпыхалықтықты ұлттық сипаттармен біріктіре алатын ұлттың азаматтарын, мүшелерін қалыптастыру: олар тілді, мәдениетті білумен қатар қазіргі заманға сай білімді де игеруі қажет. [3]

Әр халықтың тәлiм-тәрбиелiк мұрасының түпнамасы - оның ұлттық құндылықтармен мыңғасырлық байланыстығының тұтастығында екенi анық. Халық педагогикасындағы ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуiне, таным кеңiстiгiнiң ұлғаюына зор ықпал жасап келгенiн педагогика ғылымы жоққа шығармайды.

Қазақ халқы - елін, жерін, оның табиғи, мәдени байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қорғап, рухани-адамгершілік тағлымдарын ұрпағына мұра етіп қалдырған. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде қолданылатын бағдарламалар, оқулықтар, дидактикалық материалдардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сай жасалуын өмірдің өзі талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары
Ұлттық рухани - адамгершілік құндылықтар
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру жайында
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушылардың ізгіліктік тәрбиесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтардың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz