Қазақстан Темір жолы АҚ кадрлар бөлімі мен жалақыны есептеу саясаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . 6

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Қызметкерлер және оның жалақысын есептеу жүйесін құруға арналған программа жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі . . . 9

1. 2 Еңбек ақының формалары мен жүйелері……… . . . ………. . . 12

1. 3 Деректер қоры туралы түсінік. . 19

1. 4 Деректер қорына қойылатын талаптар25

2 Аналитикалық бөлімі

2. 1 Деректер қорын жобалау қадамдары . . . 28

2. 2 Алиас . . . …… . . . 34

2. 3 Деректер қорын басқару программасы . . . 35

2. 4 Деректер файлына қатынас . . . 35

2. 5 SQL мәліметтер базасының стандартты тілі . . . 36

2. 6 Деректер қорын құру ортасы38

3. ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ

3. 1 Деректер қорын жобалау . . . 42

3. 2 Кестелерді құру43

3. 3 Қазақстан Темір жолына арналған қызметкерлер туралы мәлімет және олардың жалақысын есептеуге арналған программаның орындалуы. . 48

3. 4 Қазақстан Темір жолына арналған қызметкерлер туралы мәліметтер және олардың жалақысын есептеуге арналған программаның экономикалық тиімділігі. 58

3. 5 Программаның техникалық талаптары . . . . . . 59

Қорытынды . . . 61

Қолданылған әдебиеттер. . 63

Қосымшалар . . . 64

Кіріспе

Бізді қоршаған әлемде ақпарат ағымы өте үлкен. Уақыт өткен сайын бұл ағым тек өсе береді. Сондықтан әртүрлі кез келген мекеме үшін ақпаратты сақтау мәселесі ең өзекті мәселердің біріне айналды. Бұрын ақпаратты сақтау үшін сөрелер қолданылса қазір ұйымдардың көбі ақпаратты компьютерлік әдіспен сақтауға көшіп жатыр. Компьютерлік әдістер үлкен көлемді ақпаратты жүйелеуге, құрылымдауға және тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде мекемелер, ұйымдар жұмысын мәліметтер базасыз елестету де өте қиын. Деректер қорын компьютерлік негізге көшірудің көптеген артықшылықтары бар: ақпаратты компьютерде сақтау әдісі қағазда сақтауға қарағанда арзан, ақпаратқа аз уақыт ішінде қол жеткізуге болады, сонымен қатар компьютер әртүрлі форматты (мәтін, сызбалар, фотосуреттер, дыбыс және т. б. ) ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жобаның міндеті болып табылады:

  • «Қазақстан Теміржолы» АҚ кадрлар бөлімі мен жалақыны есептеу саясатымен танысу;
  • Деректер қорын құру негіздерімен танысу;
  • Программаны құруға арналған ортаны таңдау;
  • Деректер қорын құруға арналған кестелерді құру;
  • Деректер қорын құру;
  • «Қазақстан Темір жолы» АҚ жалақыны есептеу программасын құру;
  • Деректер қоры негізінде сұраныс және есеп беру жүйесін құру;

Дипломдық жұмыс мақсаты Қазақстан Темір жолына арналған «Қызметкерлер туралы мәлімет және олардың жалақысын есептеуге арналған программа» құру.

Экономикалық, статистикалық ақпарат күнделікті өсіп отырады. Сондықтан қазіргі кезде қажетті ақпаратты тез табу және алу үшін деректер қорын дұрыс ұйымдастыру мәселесі дипломдық жұмыс өзектілігі болып келеді. Үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін компьютер адам сұхбатын орнататын құралдар керек. Бұл құралдар ақпаратты енгізу, жаңарту, өшіру, сұраныстар жасау мүмкіндіктерін беру керек. Осындай мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін арнайы құралдар деректер қорын басқару жүйесі жасалынған. Қазіргі заманда бұл деректер қорын басқару жүйелері көп пайдаланушылары бар деректер қорын басқару жүйелеріне айналған.

Дипломдық жобаның объектісі «Қазақстан Темір жолы» АҚ кадрлар бөлімі мен жалақыны есептеу саясаты.

Дипломдық жобаның жаңалығы «Қазақстан Темір жолы» АҚ арналған «Қызметкерлер туралы мәлімет және олардың жалақысын есептеуге арналған программа». Жасалынатын программа қолданушының жұмыс істеуіне ыңғайлы болуы керек және барлық есептеулерді компьютер өзі жүргізеді.

Жаңа заманда қандай да болмасын мекемені немесе кәсіпорынды алмасаң, барлығында автоматтандырылған жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орны- қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған белгілі функцияларды автоматты түрде орындау үшін қолданушы-маманның немесе басқа мамандардың орны. Әрине, ол құрал-жабдықтарға: қажетті қосалқы электрондық құрылғылармен толықтырылған (диск тұлғалы жинақтағыштар, басушы құрылғылар, оптикалық оқитын немесе штрих код оқитын құрылғылар, графикалық құрылғылар, жергілікті есептеуші желілер және т. б. ) дербес компьютер жатады.

АЖҰ негізгі тағайындалуы: жұмыс орындарда децентрализацияланған ақпаратты өңдеу, «өзінің» Деректер қорын қолдану.

Әртүрлі мекемелер немесе кәсіпорындар табысқа жету үшін, автоматтандырылған жинау процесті, манипуляциялауды және мәліметтерді өңдеуді іске асыруды қамтамасыз ететін, дамыған ақпараттық жүйені қолдану керек.

Қажетті ақпаратты табу үшін, мамандар көбінесе үлкен Деректер қорымен жұмыс істейді. Осындай жұмыстарды жеңілдету үшін Деректер қорының басқару жүйелері (МББЖ) құрылған. МББЖ арқылы үлкен көлемді ақпаратты сақтауға, тез арада керекті мәліметтерді табуға, сұраныс жасауға, таңдауға және сұрыптауға болады.

Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін мен Delphi визуалды программалау жүйесі таңдадым. Delphi қолданушылар шеңберінің арасында үлкен атаққа ие болды. Онымен күрделі қосымша жұмыстары мен және ақпараттық жүйемен айналысатын қарапайым жүмысшылардан жүйелік программистерге дейін қолданады. Delphi деректер қоры жұмысы үшін тиімді қосымшаларды тез жэне ыңғайлы жетілдіруге көмектеседі. Жүйеде қолданбалы интерфейс құрайтын даму мүмкіншіліктері, кең теру функциясы, қолданбалы есеп санау амалы үшін эдіс жэне құралдары бар.

Дәстүрлі Delphi-ді тез қосымша жұмыс жүйесіне жатқызады. Сонымен бірге бұл жүйеде барлық қазіргі практикалық МҚБЖ мүмкіндіктері бар, MS Access және Visual FoxPro сияқты. Ол аспаптық программа құралы көмегімен ыңғайлы қосымша құруға көмектеседі, деректер базасына визуалды сауал дайындайды және де деректер қорларына тікелей SQL сауалын жазады.

Delphi деректер қорына ықшамды және жоқ болған қосымшаларды құруға береді, интернеттегі деректер қоры публикасына қоса. Деректер қоры мен Delphi қолданбалы жұмысты кең аспаптық жинақпен қамтамасыз етеді. Қазіргі технологияны қолдайды, сонымен қатар көп деңгейлі клиент-сервер технологиясы технологиясын жүзеге асыра алады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы :

I тарау. Деректер қоры туралы түсінік тарауында келесі тақырыптар қарасытырылған: Деректер қоры туралы жалпы түсінік, Деректер қорына қойылатын талаптар, мәліметтер моделі,

ІІ тарау. Деректер қорының архитектурасы, оны жобалау. SQL тілі және оның қызметі, Delphi программасы және бұл программаның артықшылықтары туралы ақпарат берілген. Программаның жұмыс істеуі, интерфейсі, компоненттері сипатталған.

ІІІ Тарау. Деректер қорын жүзеге асыру. Бұл тарауда деректер қорының құрылымы, таңдалған деректер қорын басқару жүйесі. Деректер қорының құрастыру жолдары. Деректер қорының жұмыс істеу қызметі туралы баяндалған.

1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Қызметкерлер және оның жалақысын есептеу жүйесін құруға арналған программа жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі

Программа «Қазақстан Теміржолы» АҚ арналып жасалатындықтан оның кадрлық саясатын қарастырайық.

«Қазақстан Теміржолы» АҚ кадрлық саясаты:

Компанияның кадр саясатын жүзеге асыру мақсатында Компанияның кадр менеджменті мен іс қағаздарын жүргізуде 2008-2009 жылдары 30- дан астам нормативтік құжаттар мен актілер жасалды.

Кадр қызметінің статистикалық есеп беру қызметі жетілдіріліп, тәртіпке келтірілді. Персоналды басқару саласында әдістемелік құралдар мен инновациялық технология енгізілуде. Компаниядағы кадр менеджментіндегі реттеу үдерісін басқаруда нормативтік құжаттар жасалды.

Өндіріске қажетті жоғары кәсіби біліктілігі зор мамандармен қамту мақсатында, қайта құру мен реформалау барысында персоналға сұранысты қанағаттандыру және технологиялық үдерістерді жаңғыртуда «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ына қажетті кадрлерді анықтау Әдістемесі жасалып, бекітілді.

Әдістеме - «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналына сұранысын ағымдағы бір жылдық және орта мерзімдік бес жылдық мерзімге жоспарлауды қамтамасыз етеді.

2009 жылы кадрдың есебін жүргізу және жетілдіру мақсатында «Фаворит» автоматтандырылған жүйесіне көшу арқылы оның қоры жасақталды. Теміржол көлігі қызметкерлеріне қойылатын кәсіби талаптар Тізіміне қосымшалар мен толықтырулар енгізіліп 2010 жылы оны жаңа редакцияда шығару жоспарланып отыр.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық аппараты мен еншілес кәсіпорындарында кәсіби біліктілігі сапасын сараптау және лауазымына сай етіп орналастыру мақсатында 15 еншілес кәсіпорында кадрлық аудит жүргізілді. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары жол бөлімшелері мен магистральдық желілерінде 2008 жылы атқарылған кадрлық аудит қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою тұрғысындағы жұмыстарына мониторинг жүргізілді.

Кадрлардың тұрақтау жайы

2010 жылғы қаңтардың 1-індегі мәлімет бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобындағы еңбеккерлер саны -150 073 адам. Оның ішінде басшылар -9 722, мамандар -25989, қызметкерлер -10 293, жұмысшылар -104 069 адам болса, 30 жасқа дейінгілері -37 131 адам.

2009 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына жататын кәсіпорындарда кадрлердің басқа жұмысқа ауысуы -10, 2 пайызды құраған. Оның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында -6, 6, еншілес кәсіпорындарында - 14, 9 пайыз болса, 2008 жылы ол көрсеткіш -14, 1 пайызды құраған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында -11, 1 пайыз, еншілес кәсіпорындарында -18 пайызға дейін жеткен.

2009 жылдың қорытындысы бойынша кадрлердің тұрақтау үдерісі 2008 жылға қарағанда 3, 9 пайызға жақсарған.

2009 жылы саладан басқа жұмысқа жастардың ауысуы -12, 1 пайызды құраған. Яғни 2008 жылмен салыстырғанда компанияда жастардың тұрақтау жайы 8, 7 пайызға жақсарған.

Корпоративтік мәдениетті қалыптастыру

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында консалтингілік компанияның Қазақстанның 13 аймағынан 1561респондентпен «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарында және тұтынушылар арасында бұқаралық имиджін бағалаудың социологиялық сұрау салуы өткізілді. Оның жағымды көрсеткіші 88 пайызды құрады.

2009 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ персоналымен оларды жұмысының қанағаттандыруы жөнінде социологиялық сұрау салу өткізілді. Анкеталық сұрау салуға 7895 қызметкер қатысты. Оның нәтижесі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлерді қанағаттандыру жағдайы 2008 жылмен салыстырғанда 15, 9 пайызға жақсарған.

Қазіргі уақытта көлік саласында персональды және кіші ЭЕМ-ды қолдану кеңеюде. Бұған байланысты автоматтандырылған жұмыс орны құрылады. Автоматтандырылған жұмыс орнын енгізу, теміржол көлігінің өндірісіндегі жұмыс нәтижесін жақсартады.

Енді «Қазақстан Теміржолы» АҚ арналған программаны ұйымдастыруды қарастырайық. Программа кәсіпорын қызметшісі және оның жалақысы туралы программа мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • Әр бөлімнің қызметкерлерінің деректер қоры;
  • Қызметкерлердің сұранысы;
  • Бөлімдер бойынша сұраныс;

- Жалақыны есептеу;

  • Программа туралы
  • Шығу

Программаның әрекеттестігі және пайдаланушы диалогтық тәртіпте тиісті жүру керек. Программаның басында қолданушыға 6 батырмалардың біреуін таңдауға мүмкіншілік беріледі. “деректер қоры” батырмасын басқан кезде монитор экранында «Кадрлар бөлімі» формасы шығады, бұл формада кәсіпорын бөлімдері туралы және осы немесе басқа бөлімдерге кіретін қызметкерлері туралы информациясы бар кестемыз орналасқан. «Программа туралы» батырмасын басқан кезде монитор экранына «Программа туралы» терезесі шығады, мұнда программаның авторы мен қолайлы информациялар қолданылған. Одан кейін «Жалақыны есептеу» батырмасын басқан кезде, монтор экран бетіне қызмекткерлердің жалақы туралы мәліметті көруге болады. Бұнда «Жалақы төлеу» батырмасын басқан кезде қызметкерлердің жалақысын есептеп береді. Соңғы батырмада «Шығу» батырмасын басқан кезде программамыз жұмысынан шығу керек.

Әр бөлімнің қызметкерлерінің деректер қоры мынадай екі кестеден тұрады (олар енгізетін құжаттар ретінде қолданылады) :

Бөлім кестесі:

- бөлім аты,

- басшының аты-жөні, фамилиясы, тегі

- телефоны,

Қызметкерлер кестесі:

- қызметкерлердің аты-жөні, фамилиясы, тегі

- лауазымы,

- жұмысқа қабылдау мерзімі,

- соңғы жұмыс орыны,

- қабылдауға дейінгі жұмыс еңбек стажы,

- білімі туралы анықтама,

- жанұясы туралы анықтама,

- балалардың саны,

- жанұясы жайында,

- туған мерзімі,

- аты-жөні, фамилиясы, тегі

- білім үлгісі,

- оқу түрі,

- оқу мекемесі,

- бітіру мерзімі,

- мамандығы.

Шығатын құжаттар ретінде:

  • Қызметкерлердің сұранысы;
  • Бөлімдер бойынша сұраныс батырмалар қолданылады:

1. «Қызметкерлер бойынша сұраныс» формасының негізгі жұмысы қызметкерлер бойынша толық мәлімметтер шығарып береді. Форманың төменгі жағында сұраныс мәтіні орналасқан, оның ішінде құрама: жанұясы, стаж бойынша және балалар саны бойынша құрама мәтіндері орналасқан болу керек:

  • Егер «жанұясы бойынша» мәтінге батырманы басатын болсақ, «Сұраныс» мәтіннің астында «Тұрмыстық жағдайы» атты мәтіні шығады, онда құрама: тұрмыста бар және жоқ екенін шығарып беру керек.
  • Егер «Стаж бойынша» мәтінін басатын болсақ, оның астына енгізу мәтіні шығады, оған белгілі бір қызметкердің стаж санын енгіземіз, сонда бұл программа ортадағы кестеге қызметкерлер стажын беру керек.
  • Егер «Балалар саны бойынша» мәтіні басатын болсақ, астында енгізі мәтіні шығады, біз оған белгілі бір қызметкерлердің балалық санын енгізсек, ортадағы кестеге белгілі бір қызметкерлердің балалар санын шығарып беру керек.
  • Соңында шыққан мәліметтерді Excel-ге сақтау керек.

2. «Бөлімдер бойынша сұраныс» форма түрінде кестеде орналасқан. Жалпы бұл форманың негізгі атқаратын жұмысы

  • Бөлім аты
  • Бөлім басшысы
  • Телефоны
  • өрістері бойынша іздеу жүйесін атқарып ол туралы ақпаратты кестеге шығарып беру керек.

3. «Жалақы» формасы негізгі атқаратын жұмысы, ол ортадағы кестеге енгізілген қызметкерлердің жұмысқа орналасқанға дейінгі стажы бойынша жалақысы есептеліп шығару керек. Бұл команда «Жалақы төлеу» батырмасы арқылы жүзеге асырылады. «Өшіру» батырмасын басқан кезде, кестедағы жалақысы деген мәтіндерінің барлығын 0-ге теңейді. «Шығу» батырмасын басқан кезде, ол алдыңғы формағы шығарып беру керек. Соңында шыққан мәліметтерді Excel-ге сақтау керек.

1. 2 «Қазақстан Теміржолы» АҚ еңбек ақының формалары мен жүйелері

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардын қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Нарыктық экономикаға бағдарландырылған жалақыны мемлекеттік нормалаудың жаңа жүйесі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында және қызметкерлердің еңбек белсенділігін арттыру мен материалдық ынталандырудың механизмін әзірлеудің бастапқы базасы болып табылады.

«Қазақстан Теміржолы» АҚ кәсіпорын жұмысшысының табысына өндіріс шығындарына кіретін жалақы, еңбек және әлеуметтік ақшалай төлемдер, пайдадан алынатын сыйақылар, сонымен қатар, кәсіпорын мүлкіне қосқан үлесі мен акцияларына алатын дивидендтер, заттай алатын өнімдер және т. б. табыстар кіреді. Жалақы - материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну қорының бір бөлігі болып табылады. Ол жұмысшыларға еңбектерінің саны мен сапасына және нәтижелілігіне байланысты төленеді.

Нарықтық экономика жағдайында жалақының мәні төмендегі аспектілерден құралады:

  • жалақы - еңбек нарығындағы жұмыс күшінің бағасы;
  • жұмыс күші бағасының материалдық, заттық көрінісі болып тұтыну заттарының бағалары (азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, салықтардың және басқа төлемдердің бағалары) ; олар жұмыс күшінің ұдайы өндірісін, олардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді (жұмыс күшінің өзінің және оның асырауындағы адамдардың жұмыс қабілетін қалпына келтіреді) ;
  • жалақы еңбектің саны, сапасы және нәтижесіне байланысты;
  • жалақы ұжымдық еңбектің нәтижесіне де байланысты.

Қазіргі кезде шаруашылықты жүргізуде жалақыны ұйымдастыру төмендегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі:

  • еңбекке қарай бөлу қағидасы (еңбек ақыны, сыйлықтарды және т. б. уақтылы төлеу) ;
  • өндіріс тиімділігінің артуы негізінде еңбек ақының деңгейін, жағдайын көтеру;
  • еңбек ақыны еңбек нәтижесіне және шығындарына қарай төлеу;
  • жұмысшыларды еңбек тиімділігін арттыруға материалдық жағынан
  • ынталандыру;
  • еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының өсуіне қарағанда артық
  • болуы.

Сонымен бірге еңбекке ақы төлеу мөлшері барлық жағдайларда Казақстан Республикасында белгіленген ағымдағы жылдың мемлекеттік бюджеті туралы заңмен белгіленетін минимумнан төмен болмауы керек.

Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен: орталықтанды-рылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.

Жалақыны реттеудің мемлекеттік орталықтандырылған әдісі қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разряд аралық тарифтік коэффициенттерін, барлық қызметкерлердің еңбегіне төлеудің «Бірыңғай тарифтік кестесін», жалақы тарифтерін еңгізу арқылы жүргізіледі . Еңбекке ақы төлеудің орталықтандырылған әдісі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады .

Жалақыны номиналды , яғни жалақының ақшалай мөлшері және нақты жалақы, номиналды жалақыға қаншалықты тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға болатынын көрсететін жалақы де екіге бөледі:

(1)

Ур - нақты (реальная) жалақы;

Ун - номиналды жалақы;

Р - тұтыну заттары мен көрсетілетін қызметтер бағасының деңгейі.

Мұндағы нақты жалақы мөлшеріне сұраныс пен ұсыныстың әсері үлкен болады.

Кәсіпорындағы еңбекақының жалпы деңгейі төмендегі негізгі факторларға байланысты:

  • кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижесі, оның рентабельділік деңгейіне;
  • кәсіпорындардың кадр саясатына;
  • аймақтағы, облыстағы жұмыссыздық деңгейіне, қажетті мамандықтардағы жұмысшыларға;
  • кәсіподақ, бәсекелестер және мемлекеттің ықпалы;
  • кәсіпорынның қоғаммен байланыс саясаты.

Еңбекақы - еңбек кілісім шарты негізінде, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігі. Еңбекақы экономикалық категория ретінде екі жақты сипатта болады, бір жағынан ол жалданған адам үшін - табыс, ал кәсіпорын үшін - өндіріс шығыны болып табылады.

Жұмыс күшіне деген шығындар жалақымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсайтын шығындар қатарына сонымен қатар, жұмысшыларды әлеуміттік қорғау шығыстары, тұрғын ұймен қамтамасыз ету және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары. Еңбекақы, кәсіпорынның қызметкерлерін жоғары өнімді еңбек уәждемесі мен ынталандыруды қамтамасыз ететін маңызды құрал.

Еңбекақы қоры - қызметкерлердің жұмсаған еңбектерінің саны мен сапасына қарай бөлініп, олардың жеке тұтынуына берілетін табыстың ақша түріндегі бөлігінің сомасы болып табылады және құрылымы бойынша әр түрлі элементтерден тұрады.

Еңбекақының жоспарлы мөлшері немесе еңбекақы қоры (ЕАҚ), ірілендірілген немесе сараланған әдістерімен анықтауға болады.

Ірілендірілген жоспарлы еңбекақы қоры (ЕАҚ ЖОС ) үш тәсілмен анықтауғ болады.

  1. Өнім (қызмет) бірлігіне шаққанда келетін жалақының нормативі негізінде (НЖ) :

ЕАҚ ЖОС = Н ж х Q I (2)

мұнда Q I - жоспарланған өнім көлемі;

2. Өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсуінің нормативі негізінде

ЕАҚ ЖОС = ЕАҚ БАЗ + ЕАҚ БАЗ ж х Ө) / 100% (3)

мұнда Ө - өнім көлемінің өсуі,

Н ж - өнім көлемінің өскен әрбір проценттіне келетін еңбекақы қорының өсу нормативі

  1. Жұмысшылардың санына байланысты (СТ) және қосымша табыстары мен есептеулерін есепке алғанда орташа жылдық еңбекақылары (ЕАЖ) бойынша:

ЕАҚ ЖОС = ЕА Ж х С Т (4)

Жоғарыда көрсетілген тәсілдерімен, жалпы кәсіпорын бойынша және жеке қызметкерлер тобы мен категориялар бойынша ЕАҚ есептеуге болады.

Сараланған (дифферициалды) әдісімен еңбекақы қорын (ЕАҚ) өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің категориялары бойынша жеке және жалпы кәсіпорын бойынша анықтауға болады. Оның құрамы ЕАҚ тарифтік, сағаттық, күндік және айлық есптеулерінен тұрады

Тарифтік ЕАҚ құрамы кесімді-жұмысшылар мен мерзімді - жұмысшылардың еңбекақыларынан тұрады.

Кесімді - жұмысшылардың ЕАҚ орындалған жұмыс көлеміне байланысты кесімді есептеу негізінде келесі формуламен есептелінеді:

ЕАҚ КЕС = P x N x K (5)

мұнда P - өнім бірлігіне есептелген кесімді есеп (расценка;

N - тапсырма бойынша өнім саны (көлемі) ;

K - жоспарлы тапсырманы орындау коэффициенті.

Мерзімдік - жұмысшылардың ЕАҚ жұмыс істеу уақытына байланысты тарифтік ставкалар бойынша келесі формуламен анықталады:

ЕАҚ МЕР = Н x Т ОС x K (6)

мұнда Н - жұмыс көлемі, сағат-норма;

Т ОС - атқарылатын жұмыстың орташа сағаттық тарифтік ставкасы;

К - жоспарлы тапсырманы орындау коэффициенті.

Еңбекақы шығынының құрамына немесе ЕАҚ-на кәсіпорынның еңбекке жұмсалған барлық шығындары кіреді. Кәсіпорынның бірқатар шығындары не болмаса ЕАҚ-на, немесе әлеуметтік сипаттағы төлемдер қатарына жатпайды: іссапар шығындары, жұмысшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, кәсіби дайындық шығындары, мемлекеттік әлеуметтік қорларға міндетті төлемдер және т. б.

Еңбек ақы қоры ай, тоқсан және жылға анықталады. Кейбір кәсіпорындарда еңбек ақы қоры қызметкерлердің жеке категориялары бойынша анықталады. Өнеркәсіпте категориялар бойынша еңбекақы қорына талдау жүргізу барысында жұмысшылардың сағаттық, күндік және айлық (жылдық) жалақылары ескеріледі.

Кәсіпорындарда еңбекақыны тиімді ұйымдастыру оның жұмысшыла-

рының еңбек нәтижелерін ынталандыруға, дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнімнің пайдасын және рентабельділігін көтеруге ықпалын тигізеді.

Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы
Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу
Кəсіпорынның қызметкерлерін басқару жəне кадр саясатын қалыптастыру
Персоналды дамытуды басқару
Бригадалық кесімді еңбекақы
Персоналды басқару жүйесінің сатылары
Жүк тиеу машинасы
Жұмыстың тоқтап қалуына байланысты төлем
Жалақының жеткілікті деңгейі
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz