Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
Мазмұны
Кіріспе
1 Тарау Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері.
1. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы және тұжырымдамалардың мәні
2. Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құрам
2 Тарау
1. Жеке тұлға ұғымы және қылмыстық жауапкершілігінің мәні
2. Жеке тұлға қылмыстың субъектісі ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-бөлігінде өзін:
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары деп көрсетілген.
Жалпы алғанда тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік
ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық
актілерде белгіленген құқықтың, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процесін жетілдіру
қабылданған, осы заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің
барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап тәртіп бұзушылық пен
қылмысқа қарсы пәрменді күрес жргізу қажет.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен
бостандықтарын қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға
бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыспен қарсы күрес
саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының рөлі ерекше.
Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын
қылмыстардың саны деңгейі, ерекшелігі де болады. Соңғы кездері еліміз
бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылмажыл арта түсуде.
Заң жүзінде осы құқық бұзшылықтан барып, яғни қорғалат құқықтық
қатынастарының нәтижесінен жауаптылық туындайды. Қылмыстық жауаптылық заң
жүзіндегі жауапкершіліктердің бір түрі болып табылады. Осыған орай бұл
диплом жұмысында осы өзекті мәселеге жан-жақты зерттеу жүргізіліп, заң
баптарын саралап, негізгі ережелер мен ұстанымдарды негізге ала отырып
тәжірибе жүзіндегі деректер негізінде саналы талдау жасау негізгі мақсат
болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымында жауаптылық сапалық және заң жүзіндегі
аскпекте қарастырылып келеді. Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған
тізімі берілді.
Диплом жұмысын жазу барысында әр түрлі зерттеу материалдары мен сот
мұрағат материалдары пайдаланылады.
Диплом жұмысын зерделеу үшін екі бөлімге бөлінеді:
1- тарау. Біріншіден, қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған адамның өз
істегеніне қылмыстық заңға сәйкес жауап беруге міндетті екендігі және осы
міндеттердің жүзеге асырлуы, яғни ақыры қылмыстық жауаптылықтың шама
санкцияларының жүзеге асырлуы танылады.
Екіншіден, соңғы жылдары қылмыстық жауаптылық оң (позитивті) тұрғыда
(позитивті қылмыстық жауаптылық дейтін) қарастырыла бастайды, бұл
жауаптылық негізде жеке тұлғаның құқыққасәйкес тәртіптерінде және оның
қылмыстық заң тыйым салған қылмысты іс-әрекетті жасамау керектігін түсіну
мәселелері қарастырылды.
2 – тарау. Жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершіліктегі мәні, оның заңдар мен
өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқық мәртебесінің мазмұны, оның
құқықтары, бостандықтары және заңдық міндеттерінің белгілері көрсетілді.
Сонымен қатар жеке тұлға – қылиыстық субъектісі ретінде сараланды.
Және жеке тұлғаның әрекет жасау міндеттері сараланды.
Тарау I Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері.
1. Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы және тұжырымдамалардың мәні.
Жалпы жауапкершілік мәселесі адамның қоғамдағы тәртібімен тығыз байланысты.
Басқаша айтқанда, жауапкершілік, біріншіден, белгілі тұлғаның, қоғамның,
мемлекеттің алдындағы міндетін орындау және сезіну болса, екіншіден, тәртіп
бұзушының өз міндетін орындамағаны үшін берілген баға және сол себепті
қоғам мемлекет тарапынан тағайындалатын жаза. Кез–келген қоғамда
қалыптасқан жауапкершіліктің бірнеше түрі бар. Олар: әлеуметтік, құқықтық,
қылмыстық жауапкершілік болып бөлінеді. Мұның ішіндегі құқықтық
жауапкершілік қоғам, мемлекет тарапынан тыйым салған әрекететерді жасаудан
туындайды. Құқықтық жауапкершілікке ғылыми әдебиеттерде әртүрлі түсінік
беріледі. Ал қылмыстық жауаптылықты зерттеген ғалымдардың көзқарасы мен
пайымдауларында ортақ пікір жоқ.
Бүгінгі күнге дейін қылмыстық жауаптылық мәселелерін көтерген арнайы
еңбектердің саны ұшан теңіз. Бұл – аталмыш тақырыптың ғылыми әрі
тәжірибелік маңыздылығын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар мәселенің
ұшығы тереңде жатқанын, оның өз дәрежесінде түпкілікті шешілмейтіндігін
көрсетсе керек. Дей тұрсақ та, бар қылмыстың жауаптылық қылмыс пен тығыз
байланысты категория.Ал қылмыс ықылым заманнан бері бүкіл адамзатты
толғандырып келе жатқан үлкен әлеуметтік құбылыс.
Енді осы қылмысқа байланысты кейбір ғалымдардың пікірлеріне көз
жүгіртейік. Бұған жүздеген жылдар бұрын атап айтқанда 1889 жылы Лейпунг
қаласында жасаған баяндамасында О.Э.Лейст Тигенаның қарашытып алға басуы
ауру мен өлімді ешқашан жеңе алмайтыны сияқты, жаза ешқашан жойылып
кетпейді, алдын-алу шаралары қылмысты тіпті тоқтата алмайды деген. Ал Э.
Дюртейн одан да асып түсті. Ол қылмысты қалыпты жағдай деп бағалаған.
Аталған ғалымдардың тұжырымдарына қол артуымыздың себебі – қылмыс пен
жауаптылық мәселелері оңай шешілетін түйін емес. Керісінше, қылмыс пен
күрес күн өткен сайын күрделеніп, оны біржақты шешуге келмей қалды.
Мемлекеттің құқық саясатын жүзеге асыру барысында қылмыс пен күрес маңызды
орын алғанымен оның деңгейі төмен түсіп тоқтаған жоқ. Одан қалды жаһандану
үрдісінің тереңдеуі, ұйымдасқан қылмыстың көбейуі, адамзат санасының
төмендеуі, қылмыстың халықаралық сипат алуы онымен күресті ауырлатып, әрі
күрделендіріп жіберді. Қылмыс пен жауаптылық туралы сөз қозғау алдымен
қылмыс туралы тоқтала кетуді қажет етеді. Енді осы қылмысқа байланысты
бірнеше зерттеулерге зер салайық.
Н.С.Таганцевтың тұжырымы бойынша: қылмыс бұл- құқықтық жалғаулық, сол
себепті қалыпты жағдайда құқықтық нормаларға қарсы бағытталған десе[1],
Н.Д.Сергейевский қылмысты жазалануға жататын құқық бұзушы деп
бағалаған[2]. Француз криминалисі Гарро қылмыс деген заңмен тыйым салынған
жаза қолдануды қажет ететін әрекет деп пайымдаған.
Сөз жоқ, қылмыс кінәмен байланысқан әрекет. Сондықтан да ұзақ уақыт
қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі санаттары деп есептелді. Енді
қылмыстықтық жауаптылық пен жазаның арақатынасына тоқтала кетейік. Бұл
орайда жаза мен қылмыстың жауаптылығы толық бір бағыттағы шаралар деп
есептейді. В.С.Прохоров[3]. Бірақ қылмыскер қылмыстық жауаптылыққа
тартылмайынша жаза қолданылмайды. Қылмыстық жауаптылық дегеніміз-
істелген қылмысқа баға бере отырып, күшпен орындалуға тиісті шараларды
мемлекеттің жүзеге асыруы. Алайда бұл жерде біз мынаны естен шығармауымыз
керек. Аталмыш екі түсінік бір-бірімен ұштасып жатқанымен қылмыстық
жауаптылық жазадан бұрын қолданылады және соңғысына тәуелді емес. Ал жазаны
қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған тұлғаға қолдануға болмайды.
Бұдан туындайтын қорытынды, келтірілген ұғымдар өзара жақын болғанымен
әрқайсысының қылмыстық құқық ғылымында өзіндік мәні мен мазмұны бар екенін
аңғару қиын емес.
Оның сыртында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің V бөлімі
қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату деп аталады. Мұның өзі
жоғарыда аталған пікірдің дұрыстығын құптайды. Осы үрдісте қылмыстық
жауаптылықтың мән-мағынасына, маңызына оның қылмыстық құқықтағы орнына
тоқтала кетсек. Алдымен қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтың негізгі
ұғымдарының бірі екендігін айтуымыз қажет. Одан соң қылмыстық жауаптылық
қылмыстық заңды қолданудың басты нысаны. Үшіншіден, қылмыстық жауаптылықтың
әлеуметтік рөлі қылмыстық құқықтың міндеттерінде айқындалады. Қылмыстық
құқықтың маңызы сонда жатыр. Ол – қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шегін
белгілейді. Ендеше қылмыстық құқықтың міндеттері қылмыстық жауаптылықтың
міндеттері болып есептеледі. Бұл мемлекеттің күштеп жаза қолдану қызметінен
туындайды. Айтылған пікірлер бізді осы төңіректе бір тұжырым жасауға
итермелейді. Қазіргі қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан тоқтамға сәйкес
жауаптылық қылмыстық үштіктің ұштастырушы жүйесі болып табылады. Бұған
қылмыс – қылмыстық жауаптылық - жаза түсініктері кіреді. Дәл осы
құрылымнан бүкіл қылмыстық заңның мән-мағынасын көруге болады. Қылмыстық
жауаптылық ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде кеңінен
колданылады. Мәселен, Қылмыстық Кодекстің I-ші бабында: қылмыстық
жауаптылықты қолдану аясы туралы айтылса, сонымен қатар 13, 14 баптар 29,
53, 54 баптарда, ал аталмыш кодекстің V-ші, VI-ші бөлімдері қылмыстық
жауаптылық мәселесіне арналған. Сонымен қатар, қылмыстық құқық ғылымында :
қылмыстық жауаптылыққа тарту; қылмыстық жауаптылықтан босату; қылмыстық
жауаптылықты белгілейтін заңдар, қылмыстық жауаптылықтың қағидалары,
негізі, қылмыстық жауаптылыққа жататындар деген сияқты терминдер көптеп
кездеседі. Ғалымдар мен заң шығарушының аталмыш ұғымдарды теорияда, әрі іс
тәжірибеде жиі қолданулары қылмыстың жауаптылық қылмыстың бағандық құқықтық
негізгі нысаны екенінің тағы бір дәлелі. Дегенмен, заң шығарушы Қылмыстық
Кодексте не жалпы, не ерекше бөлімінде қылмыстық жауаптылық анықтамасын
бермейді. Сондықтан да аталмыш ұғым теорияда әртүрлі түсіндіріліп келеді.
Ағымдағы заңдарды талдау қылмыстық жауаптылық жасалған қылмысқа қарсы
бағытталған құқықтық әрекет деуге негіз береді. Сонымен, қылмыстық
жауаптылық жасалған қылмысқа байланысты ғана туындайды және қылмыстық
жауаптылық тұлғаның мемлекет алдында жауапқа тартылуы үшін оған қойылатын
талаптар бар. Басқаша айтқанда, қылмыскер өзінің жасаған әрекетіне есеп
бере алатын және өзін- өзі басқаруға қабілеті бар адам, яғни ақыл-есі дұрыс
адам болу қажет. Тек осы жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық мемлекет атынан
тиісті органдар арқылы іске асырылады. Олай болса, қылмыстық жауаптылық
қашан пайда болады?
Аталмыш жауаптылық тек қылмыстық-құқықтық қатынастың шегінде және соған
байланысты қалыптасады. Мұндай тұжырым барлық зерттеушілер тарапынан жоққа
шығарылмайды, әйтсе де қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық құқық өзара
арақатынасын бағалауда ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Айтылған
пікірге байланысты біз бұл жерден мынандай ой түйіндеуіміз қажет. Қылмыстық
жауаптылық, құқықтық қатынас мәселесімен тығыз ұштасып жатыр. Оның
сыртында мұндай байланыс екі жақты көрініс табады. Алдымен қылмыстық
құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты қылмыс жасаған мезетте пайда
болады. Бұдан мынадай қорытындыға келеміз. Егер нақты қылмыс жасалмаса,
қылмыстық жауптылық та, қылмыстық құқықтық қатынас та жоқ. Ал қылмыс
жасалғаннан кейін тиісті мемлекет органдары оны ашып қана қоймай, осы
әрекетті жасаған адамды тауып, оған заңмен қарастырылған қылмыстық құқықтық
шараларды қолдану міндеті туындайды. Қорыта келгенде осы тұжырымнан
қылмыскерге жаза қолдану қажеттілігі пайда болады. Қылмыстық жауаптылық пен
жазаның арасында қатынасы кейбір авторларды аталмыш екі ұғымның арасын
бөлмей қарастыруға негіз болды. Біз дәл осы жерде қылмыстық құқық ғылымында
қалыптасқан қылмыстық жауаптылыққа байланысты тұжырымдарға келдік. Енді
осыларға шолу жасап көрейік. Самощенко Н.С., Форукшин Н.Х және Бразуев Н.М.
осы пікірді ұсынады. Әрине, жаза қылмыстық жауаптылықтың негізгі бөлігі
ретінде көрініс беретініне ешкім дау айта алмайды. Алайда, жауаптылықтың
мазмұны жаза қолданумен сарқылмайды. Себебі, қылмыстық жауаптылық жаза
қолданбай-ақ іске асырылуы мүмкін. Осыған орай, қылмыстық жауаптылықтың өзі
жаза тағайындалмайтын, жаза тағайындалатын болып екі түрге бөлінеді.
Алғашқы жағдайда қылмыстық жауаптылық тұлғаны айыптаумен шектеледі (сот
мұндай реттерде жаза тағайындалмаған үкім шығаруға шешім қабылдайды) ал,
екінші жағдайда жеке тұлға қылмыстық жауаптылығының мазмұны оны ғана емес,
сонымен қатар оған жаза қолдануды да қарастырады. Жоғарыда қылмыс жасаған
тұлғаға жаза тарту міндеті туындайтыны айтылды. Бірақ , қылмыс ашылмаған
болса, немесе ол құқық қорғау органдарына белгілі болмаса, қылмыстық
жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынастың іске асыру нысаны ретінде тіпті
туындамайды да. Сондай-ақ, қылмыс жасаған тұлға өлгенде де қылмыстық
жауаптылық қолданылмайды. Сот практикасына бұған мысал болатын істер
жеткілікті. Мысалы, біреуді өлтірген адам жауаптылықтан қорқып өз жанын
қияды. Келтірілген жағдайда ешкім де жауаптылыққа тартылмайды. Сондықтан
қылмыстық құқықтық қатынаста қылмыстық жауаптылықпен бірдей деп қарастыруға
болмайды. Қылмыстық жауаптылыққа байланысты айтылған екінші пікір
жоғарыдағы тұжырымға мүлдем кереғар. Мұндай қылмыстық жауаптылық пен жаза
бір-біріне жақындаспайтын ұғымдар деген пайымдауды А.Н. Торбагаев
айтқан[4]. Бірақ бұл пікірді қабылдау қиын. Сол себепті, мұны жақтаушылар
жоқтың қасы. Егер дәл осы екі ұғымды бір-бірінен айырып қарайтын болсақ
қылмыстық құқық теориясына көптеген жаңсақтықтар әкелер едік. Ғалымдардың
басқа бір тобы қылмыстық жауаптылықты, қылмыстық құқықтық қатынаспен
біріктіреді. Олардың ойынша, қылмыстық жауаптылық субъектілерінің құқығы
мен міндеттерінің жиынтығы деп біледі Мұнда жауап міндетті қылмыстың
жауаптылықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастырады, ал бұл тізбектегі құқық
заңның шеңберінде және негізінде ғана қолданылады.
4.А.Н.Торбагаев. Понятие и цели уголовной ответственности.
Красноярск,1986 бет 61.
.
Мұндай пікірдің авторлары Я.М.Брайнин[5], Н.И.Загородников[6],
Н.С.Лейкина[7] және Н.А.Стручков[8].
Сонымен аталмыш тұжырым Л.В.Багри-Шахматованың еңбегінде өзінің жалғасын
тауып, егжей-тегжейлі қарастырылды. Мысалы, Л.В.Багри-Шахматова өзінің
Уголовная ответственность и наказание деген еңбегінде: Қылмыстық
жауаптылық мәні белгілі қоғамдық қарым-қатынастың жиынтығы, бұл қылмыс
құқық нормасының әсерінен құқықтық болады, ал оның мазмұны дегеніміз
талаптардың өзара құқық пен міндеттері- деген [9]. Қылмыстық жауаптылық
пен қылмыстық құқықтық қатынастың арасындағы байланысты мәселесінің басын
ашып берген А.Н.Санталов болды. Ол қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық
жауаптылықтан кең әрі көлемді екендігін айтып қана қойған жоқ, сонымен
қатар оның айырмашылығын жіктеп берді. Зерттеуші екі ұғымның байланысын
жоққа шығармай тұрып олардың арақатынасын төмендегідей бағалады: қылмыстық
жауаптылық өзіне мемлекет–қылмыскер, ал қылмыстық құқықтық қатынас
сонымен бірге мемлекет – есі дұрыс емес, тізбекті құрайды[10].
Бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды деген сөз. Қылмыстық
жауаптылық айыптау үкімін шығару кезеңінен басталады, ал қылмыстық
құқықтық-қатынас тұлғаны қылмыстық жауаптылықтан босатылуымен аяқталуы
мүмкін. Келтірілген тұжырымды тағы былай толықтыруға болар еді. Қылмыстық
құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы
деп түсінуге болмайды. Тек соттау айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін
ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады.
5.Я.Н.Брайнин Уголовная ответственность и е( основание в советском
уголовном праве М 1963.; бет 25
6.Н.И.Зогородников О пределах уголовной ответственности. Советское
уголовное право, 1963 №117.
7. Н.С.Лейкина Личность преступника и уголовное ответственность М.,1968
8. Н.А.Стручков Основы теории исправительно-трудового право М.,1967бет
9.Л.В.Багрий-Шахматов Уголовноая ответственность и наказание, Минск.,1976
бет 26-27
10. А.Н.Санталов Теоретические вопросы уголовной ответственности, Л., 1982
бет 62
Қылмыстық- құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен
қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана
шектеліп қоймайды. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған соттатпайтындығын
жазығын өтеумен жүзеге асырылады.
А.Н.Санталовтың пікірінше, қылмыстық жауаптылықтың тағы бір ерекшелігі
оған сәйкес қылмыскердің сотты болуы. Ал қылмыстық-құқық қатынас қылмыстық
заңның алғашқы қолдауынан басталады. Басқаша айтқанда, қылмыскердің әрекеті
өзінің қылмыстық-құқытық бағасын алады.Мәселенің бұлай қалыптасуы қылмыстық
жауаптылықтың қылмыстан туындайтынын аңғартады. Сайып келгенде, қылмыстық
құқықтық-қатынас қылмыстық іс қозғау кезеңінен басталады. Қылмыстық
жауаптылығы ұласып, не жағдай босатылуымен аяқталуы мүмкін. Мұнда қылмыстық
жауаптылық қылмыстық-құқықтық қатынастың соңғы кезеңі ретінде көрініс
табады, бірақ ол барлық жағдайда емес. Ғалымдардың тағы бір тобы қылмыстық
жауаптылықты қылмыстық-құқықтық қатынастың элементі деп қарастырады. Бұл
дегеніміз- кінәлінің жасаған қылмысы үшін жауап беруі міндетті.
М.П.Карпушин мен В.И.Курляндскийлердің пайымдаулары мынаған саяды. Олардың
пікіріне сүйенсек, қылмыстық жауаптылық кейінгі тұлғаның қалыптасқан
тәртіпке сәйкес жасаған қылмыс туралы есебі[11]. Оған: жауаптылыққа
байланысты қылмыскердің құқықтық зардап шегуі, тез белгілі құқықты шектеу
шараларын қолдану, мемлекет атынан сотты болып, лайықты жазаға ұшырауы
жатады. Материалдық тұрғыдан қылмыстық жауаптылықтың туындау иелігінде
қылмыс жатыр. Тап сол кезеңнен қылмыстық –құқықтық қатынас оның тіні-
қылмыстық жауаптылық пайда болады. Қылмыстық құқықтық ғылымындағы қылмыстық
жауаптылықты сипаттайтын тұжырымдар, мұнымен шектеліп қоймайды. Қылмыстық
жауаптылықты кінәлау, жайсыз зардаптарды өткеру ниетімен, атап айтқанда
мемлекет тарапынан айыптау үкімін шығару байланыстыратын тұжырымдар
баршылық.
11.М.П.Карпушин, В.И.Курляндский Уголовная ответственность и состав
преступления М., 1974. бет 21
Мұндай пікірлер А.И.Санталов[12], Ю.А.Демидов[13], П.П.Осиповтардың[14]
еңбектерінде кездеседі. Байқап отырғанымыздай, қылмыстық жауаптылықты
сипаттау мен осы ұғымды анықтау мәселесінде ғалымдардың арасында бір
ізділік жоқ. Оның сыртында келтірілен тұжырымдардың ішінде жауаптылықты
міндет деп түсіндіретін пайымдаулар болсын. Сөз жоқ, қылмыс жасау фактісі
кінәлінің істеген әрекеті үшін жауап беру міндетін туғызады. Алайда жауап
беру міндеті оның мазмұнына толық сипаттама бермейді. Ол жауаптылықтың
бастауы ғана. Басқаша айтқанда жауап міндеті бірден жауаптылықты
туғызбайды. Себебі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекісінің 9
бабына (РФ ҚК 8 бабы) қарама қайшы келеді. Мәселен онда: Қылмыс жасау,
яғни осы кодексте көзделетін қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет
қылмыстық жауаптылықтың бірден- бір негізі болып табылады[15] деп атап
көрсетілген. Енді осы мәселені зерттеушілердің бірі О.Э.Лейст пайымдауына
құлақ түрейік. Ол: Жауаптылық міндет емес, бұл дегеніміз күштеу әрекеті
мен тұжырым жасайды[16]. Бұл тұжырыммен келіспеуге болмайды. Жоғарыда
келтірілген тұжырымдамалардың көбі дәлелді түрде сынға лекті. Бірақ бұл
тақырыпқа қалам тартқан ғалымдардың пікірінің ақылға қонымдысы жоқ емес.
Мәселен, А.С.Сенцов құқықтық жауаптылықты құқық бұзуға байланысты тартқан
зардап және ол мемлекеттің құзырлы органдары тарапынан құқықтық норманың
шегінде бас бостандығынан айыру немесе басқаша құқықтық шектеу түріндегі
мәжбүрлеу шарасының заңның шегінде қолданылуы деп түсінеді[17]. Бұл жерде
көңіл аударатын мәселе мынау: Қылмыс жасаған тұлғаның істеген әрекетіне
байланысты зардап шегуі жазаны іске асырудың басты объективті мазмұны болып
есептеледі, ал субъективтік кезең басқаша айтқанда іске асырылмаған
қылмыстық жауаптылық тек қағаз жүзінде қалуы мүмкін.
12.А.И. Санталов Об угловной ответственности и ее ?
13.Ю.А.Демидов Социальная ценность и оценка в уголовном праве М., 1975
14.П.П. Осипов Теоретические основы псотроения и приминения уголовно-
правовых санкций. Ленинград 1976., бет 51
15.Казақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 9 бап, А., 2000
16.О.Э.Лейст Санкции и ответственность по советскому праву М.,1981 бет 109
Әрине, жоғарыда келтірілген қылмыстық жауаптылық ұғымын
анықтауға көрсетілген әр түрлі бағыттардың болуы ғылым үшін әбден заңды
құбылыс. Себебі, әр тұжырымдама қылмыстық жауаптылыққа тән оның мазмұнын
өздеріне сәйкес ерекшеліктерін айқындайды.
Енді айтылған пікірлердің шеңберінде қылмыстық жауаптылықтың толық
анықтамасын келтіре кетейік. Сонымен, қылмыстық жауаптылық дегеніміз қылмыс
жасаған тұлғаның қылмыс жасаған әрекетіне байланысты қысым немесе құқықтық
шектеу түріндегі мәжбүрлеу шарасы және бұл мемлекеттің құзырлы органдар
тарапынан қылмыстық заңның шегінде оған қолданған санкцияны іске асыру
кезінде тартқан зардабы. Мұндай анықтама жауаптылықтың объективті және
субъективті жақтарын ғана қамтып қана қоймайды, сонымен қатар ағымдағы
қолданылып жүрген заңға сәйкес келеді. Айтылған ойларымызды одан әрі
сабақтай түссек, қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуына тоқтала кетуіміз
қажет-ақ. Қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық құқықтық қатынастар шегінде
болады және жүзеге асырылады.
Бұған ешқандай дау жоқ. Алайда, бұлардың арақатынасын әр түрлі
түсінетін пікір де қалыптасқан. Олардың алғашқысы атап өткен түсініктерді
бір деп білсек, екіншілері, қылмыстық жауаптылық жүзеге асыру деп тек
қылмыстық құқықтық қатынастарды ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс
жүргізу және қылмыстық атқару қатынастарын да оған жатқызады. Ал соңғы топ
қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқық қатынастары мазмұнының бір бөлігі деп
есептейді. Аталмыш мәселе бойынша зерттеушілердің арасында ортақ пікір
болмауы қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру қиындығын көрсетсе керек.
Әрине, қылмыстық жауаптылықты іске асыру жалпы қылмыстық жауаптылық сияқты
оңай шешілмейтін күрделі мәселе, демек, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру
бір мезетте орындалмайтын дүние, оны орындау бірнеше кезеңнен өтеді.
Мысалы, Н.С.Лейкина қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың үш кезеңін атап
көрсеткен. Бірінші, қылмыстық жауаптылыққа тарту, екінші, соттың
17.А.С. Сенцов Проблемы реализации уголовной ответственности и правового
статуса ее
субъектов на предворительном следствии. Волгоград., 1995 бет 131, 132
жаза тағайындауы, үшінші, тағайындалған жазаны орындау[18]. Қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыру мәселесі Н.А.Стручков[19], А.И.
Санталовтардың[20] еңбектерінде қарастырылды. Әйтсе де, бұл бағытта
қарқынды әрі нәтижелі жұмыс істеген Л.В.Багрий-Шахматов болды. Ол ғылыми
ізденістердің нәтижесінде қылмыстық жауаптылықтың кешенді жақтарына үңіле
білді. Айталық, жоғарыда келтірілген криминалистер қылмыстық жауаптылықты
тек қылмыстық құқық шеңберінде қарастырса, Л.Б.Багрий–Шахматов оны жан-
жақты зерттеп, түсініктің салааралық маңызының барын, атап айтқанда ,
қылмыстық жауаптылық қатынастар тек қылмыстық құқықтық нормалармен ғана
емес , сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, әкімшілік
құқық бұзу салаларымен реттелетініне көңіл аударылды[21].
Автордың пікірінше, қылмыстық жауаптылықтың жүйесі төмендегідей сипат
алды: біріншіден, бұл қылмыстық құқықты мәжбүрлеу қылмыстық жазаны жүзеге
асырудың негізгі нысаны болып табылады. Бұған тәрбиелік әсері бар және
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жатқызады. Екіншіден, қылмыстық
іс жүргізуге байланысты күштеу әрекеттері - бұған мәжбүрлеу шаралары, әр
түрлі санкциялар жатады. Үшіншіден, қылмыстық атқару әрекеттерін іске
асыру шаралары тағайындаған үкімін және қылмыстық жазаны орындау.
Төртіншіден , әкімшілік құқықтық мәжбүрлеу шаралары бұлар әкімшілік
қадағалау ережелерімен қарастырылған. Жалпы Л.В. Багрий-Шахматовтың
тұжырымдамалары көңілге қонымды және жан-жақты қамтылғандығын көптеген
криминалистер мойындады. Біз де өз тарапымыздан айтылған ой-пікірлердің
дұрыстығына көз жеткіздік. Жоғарыда аталған шаралардың бәрі қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыру мемлекеттік күштеу шараларының қатал түрі екенін
көрсетеді. Енді қарастырылып отырған мәселеге байланысты теорияда қылмыстық
жауаптылық қашан туындайды?
18.Н.С.Лейкина Личность преступника и уголовная ответственность М., 1968
бет 36
19.Н.А.Стручков Уголовная ответственность и ее реализация в борьбе с
преступлением М,.1968
20.А.И.Санталов Теоритические вопросы уголовной ответственности Ленинград
1982
21. Л.В.Багрий-Шахматов Уголовноая ответственность и наказание, Минск.,1976
Оның басталуы мен аяқталуы қалай анықталады деген әрқилы сұрақтар тууы
әбден заңды. Зерттеушілердің қылмыстық жауаптылықтың туындау кезеңі туралы
көзқарастары әр түрлі. Біз мәселедегі қарама-қайшы пікірлерді қарастырмай-
ақ бір тұжырымға назар аударуды мақсат еттік. Біріншіден, қылмыстық
жауаптылық пен оны жүзеге асыру қылмыстық құқықтық қатынастар шеңберінде
туындап өрбиді, екіншіден, нақты тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға
жеткілікті негіз болғанда қылмыстық жауаптылық пайда болады. Басқаша
айтқанда, оның бастауы осы жерден негіз алады. Бұлар дәлелдеуді қажет
етпейтін аксиомалар. Жалпы, қылмыстық жауаптылықты үш кезеңге бөліп
қарастырған жөн:
1. Оның заңдағы қарастырылуы.
2. Қылмыстық жауаптылықтың туындау кезеңі.
3. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің бірінші бабына сәйкес
қылмыстық заң қылмыстық жауаптылық туралы айтады. Бұл дегеніміз заңда
қандай әрекеттердің қылмысқа жататындығын және ол тыйым салған әрекеттерді
бұзғанда мемлекет тарапынан жаза қолданылатынын нақтылайды. Осы пікірді
нақтылай түссек, қылмыстық жауаптылыққа тартылу негіздеріне назар аударады.
Әрине, қылмыстық заңда тұжырымдалған қылмыстық жауаптылық оның болмысына
ғана нұсқайды. Мұндағы басы ашық мәселе мынау: бұл жерде заңдылық фактісі
жоқ, тіпті нақты тұлғаға көрінбейді. Яғни, көрсетілген жауаптылық ескерту-
тыйым түрінде көрініс табады. Тыйымды бұзған кез-келген тұлға заңның
қолдану қажеттілігіне мәжбүр етеді.Ал енді қылмыстық жауаптылық туындау
кезеңі нақты қылмыскердің қылмыстық әрекеттерді жасаумен байланысты. Дәл
осы жерде қылмыскер мен мемлекеттің арасында қылмыстық-құқықтық қатынас
және қылмыстық жауаптылық пайда болады. Осы пікірді басқаша түсіндірсек,
адам қылмыс жасамайынша заң қолданылмайды. Заңды бұзбайтын қылмыс
жасамайтын тұлға ешқашан қылмыстық заңның әсеріне ілікпейді. Қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыру барысында қылмыскердің мемлекеттің алдында
істеген әрекеті үшін жаза беру міндеті туындайды, туындап қана қоймайды
сонымен қатар оның құқықтық зардап шегуді басынан өткеруі қажет және бұл
зардап қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу шаралары түрінде іске асырылады. Заң
қоғамдық қатынастарды реттеуші күш болғандықтан, құқықбұзушыны аз қолдану
аясына тартады, ал енді жасалған қылмыс құқыққорғау органдарымен ашылмаса,
туындаған қылмыстық құқықтық қатынас нақты мазмұнға ие бола алмайды.
Қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылмайды, ол бұл бағытта одан әрі дамымайды.
Оның сыртында қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыскерді
құқыққорғау органдары оған негіз болған жағдайда құқықбұзушыны
жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бұл жағдайда да қылмыстық жауаптылық жүзеге
асырылмайды. Мысалы, Қылмыстық Кодекстің 68-бабының 1-ші, 2-ші
тармақтарында: Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер сот істі
қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға
қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін[22] .
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлау
қылмыс жасаған адамды , егер ол адамның одан
кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қозғалған уақытта ол
қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық
жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Баптың мазмұнынан байқағанымыздай
мұнда – жауаптылықтан босатудың негізі көрсетілген.
Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру мәселесінен сөз қозғаған кезде
біз тағы Л.В. Багрий-Шахматовқа сілтеме жасауға мәжбүр боламыз. Оның себебі
– аталмыш автор бұл мәселенің теориялық жағын егжей-тегжейлі қарастырған
және оның бұл табандылығы нәтиже бермей қойған жоқ. Демек, ол қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыру жүйесін толық талдап шыққан. Оның көзқарасына
сүйенсек, қылмыстық жауаптылық құбылысы бес кезеңнен өтеді. Атап айтқанда:
1) қылмыстық қуғындаудың нақтылығы және қылмыскерді табу;
2) жауапқа тарту;
3) қылмыстық іс бойынша соттың үрдісі;
4) қылмыстық құқықтық күштеу әрекеті , яғни айыптау, үкімі не сот
шешімі бойынша жазаны орындау;
5) сотта болған барлық кезең.
Осы атап өтілген барлық кезең жүзеге асырылғанда ғана қылмыстық
жауаптылық мәселесі толық шешілді деп айта аламыз. Сонымен, қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асыру дегеніміз – қылмыстық-құқықтық қатынас
туындағаннан кейін субъектілердің құқығы мен
Міндеттерін еш бұлтарыссыз заңға сәйкес жеріне жеткізе орындау.
Субъектілердің бір-бірімен мұндай қатынастары алдын-ала жүргізілген
шараларға көп байланысты. Субъектілердің қылмыстық жауаптылық құқығы мен
міндеттерінің мазмұны мен көлемі оның алғаннан кейін оларға кешенді тез
құзырлы органдар тарапынан қылмыскер қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Мұндай шаралар қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру нысаны деп аталады.
Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықты
жүзеге асыруды бірнеше түрге бөледі. Мұның ең кең тарағаны әрі сот
практикасында көп кездесетіні – жаза. Қылмыстық жауаптылық пен жаза бір-
біріне өте жақын , бірақ бір түсінікті беретін терминдер емес. Яғни,
қылмыстық жауаптылық пен жаза бағыттас болғанымен , өзара сәйкес келмейтін
ұғымдар. Міне, бұл екі ұғым да мемлекеттік қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу
шараларымен астасып жатыр. Енді осы ұғымдардың ұқсастықтарын атап өткеннен
кейін олардың айырмашылығына тоқтала кету қажет-ақ. Сонымен, екеуінің
ұқсас жақтары да, айырмашылықтары да бар. Бұлардың ұқсастығы мынада –
қылмыстық жауаптылық та, жаза да қылмыс жасаған үшін тағайындалады. Жаза да
қылмыстық жауаптылықта мемлекеттің құқық органдары қолданады. Оның сыртында
екеуі де бір бағытта қолданылатын шаралар. Атап айтқанда, олар қылмыстың
алдын алуға мақсат етіп қояды. Бұлар екеуі де мәжбүрлеу шараларына жатады
және қылмыскерге белгілі дәрежеде зардап шектіреді.
Жасаған талдауымыз толыққанды болуынан жазаны әр қырынан сипаттау
қажеттілігі туындайды. Алдымен жаза мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Және
жай ғана мәжбүрлеу шарасы ғана емес , мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Басқаша
айтқанда жазаны іске асыру мемлекеттің күшімен орындалады. Сонымен, жаза
тек қана соттың үкімі бойынша мемлекеттің атынан тағайындалады. Жаза
қолдану түрі жеке сипатта болады. Оның басқа бір сипаты мынада: жаза тек
қылмыстық заңмен қылмыс ретінде көзделген әрекеттер үшін тағайындалады.
Алайда, жаза қолдануға тек оның қылмыс жасауы негіз болып табылады. Қылмыс
жасамаған адамға ешқандай жаза тағайындалмайды. Мемлекеттің атынан
шығарылған және қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға жаза белгілейтін айыптау
үкімі. Жасалған қылмысқа және қылмыскердің өзіне берілген ресми мемлекеттің
бағасын білдіреді. Осыған байланысты жаза дегеніміз қылмыс жасаған адамды
мемлекет тарапынан жазалау болып табылады. Қарастырылып отырған мәселелер
шеңберінде тағы мынаны айтқанымыз жөн. Жаза әрдайым қылмыс жасаған адам
үшін зардап шектіреді. Алдымен оның құқықтары мен бостандықтары (сайлауға
байланысты т.б.) шектеледі, әрі оған белгілі бір моральдық күйзелістерге
әкеледі. Белгілі игіліктерден айыптауды осы үрдісте жүргізеді. Қорыта
айтқанда, жаза өзінің объективтік мазмұны жағынан қылмыскердің сазайын
тартқызу, тауқымет шектіру сипатында көрініс табады. Бұл кез келген жазаның
белгісі. Демек, бұл шараның ерекше сипаты қылмыскердің сазайын тартқызу
болып табылады. Ал заңға сәйкес жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған
адамға қолданылады және адамды құқықтары[1] мен бостандықтарынан айыру
немесе оларды шектеу болып табылады. Егер жаза қылмыскерге тағайындалатын
болса, ол қандай мақсатта қолданылады деген орынды сұрақ туады. Қылмыстық
кодекстің 38 бабының 2-ші тармағына сәйкес: Жаза әлеуметтік әділеттілікті
қылмыс келтіру, сондай-ақ сотталатын адамды түзеу
және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасаунан
сақтандыру мақсатында қолданылады[23]. Дәл осы жерде қазіргі қоғамда
қылмыскерге жаза қолдану өзін әлеуметтік мақсатында орындап отыр ма
деген сұрақ төңірегінде ой қозғап көрейік. Айталық, қылмыс жасаған адам
сотталып жаза шекті, келген зиянды өтеді, сөйтіп әлеуметтік әділдік орнына
келді дейік. Ал осы қылмыскер жазасын өтеп шыққаннан кейін екінші – үшінші
рет қылмыс жасайды. Мұндай жағдайда жазаның басқа мақсаттары орындалмайды
деуге толық негіз бар.
Неге? Себебі – мемлекетте рецидивтік қылмыс неғұрлым жоғары болса,
соғұрлым қылмыскерге қолданылған жаза өз мақсатына жетпеді деген сөз. Бір
тұлғаның қылмыстарды әлденеше рет жасауы, белгілі қылмыстардың қайталануы–
мемлекеттің құқықтық саясатының әлсіздігін көрсетеді. Байқап
отырғанымыздай, құқық органдары тарапынан қолданған шаралар адамды түзеу
оны жаңа қылмыстар жасаудан сақтандырмаса, мемлекеттің құқықтық саясаттың
бағыт өзгерту мәжбүрлігі туындайды. Мұны басқаша былай түсіндірейік.
Мысалы, қылмыскерді аурумен теңейтін болсақ, оған тағайындалған дәрі оның
денсаулығын жақсартпаса, онда ауруға басқа дәрі тағайындау қажет. Бұл жерде
біз тағы бір түсініктеме жасауға тиіспіз . Қазақстандағы құқық жүйесі
континентальді құқық
негізінде қалыптасқан. Сондықтан, сот
тәжірибесінде басқа жүйелердегі қағидалар қолданылмайды. Буыны жаңа бекіп
келе жатқан мемлекетімізді нығайту үшін басқа құқықтық жүйелерді оңтайлы
пайдаланып, тәжірибеге кіргізу керек сияқты.
Мәселе, мұсылмандық құқықтық жүйеде қалыптасқан жаза тағайындау
қағидалары бар. Бұл қағидалар қазақ әдет-ғұрыптарында болған. Ойымызды бір-
екі мысалмен ғана түсіндіріп өтейік. Қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық
кодекске сәйкес адам өлтірген қылмыскерге бас бостандығынан айыру не өлім
жазасына , не өмір бойы бас бостандығынан айыруға (мүлкін тәркілеуді
қоспағанда) жазаланады. Айталық, кісі өлгенде зиян алдымен кімге келеді?
Әлбетте оның жақын туыстарына. Ал осы қылмыскерге көрсетілген үш жазаның
біреуін қолданғанда өлген адамның туыстарына бір пайда келе ме? Әрине, жоқ.
Ал мұсылмандық жүйеде мұндай ауыр жағдай былайша шешіледі. Егер өлген
адамның туыстары кешірсе, онда құн төлеп құтылады. Ал егер кешірілмесе
қылмыскер жаза тағайындалуға жатады. Сонымен құн төлеудің қоғам үшін екі
пайдасы бар. Біріншіден, өлген адамның бала-шағасы болса, олар материалдық
игілік көреді, екіншіден, абайсызда қылмыс жасаған адамның өмірі
сақталады. Сайып келгенде, мұсылмандық шариат адам өлгенде зиян алдымен
оның туыстарына келетінін ескерген. Ал қоғамның мүддесі екінші кезекте тұр.
Сондықтан өлген адамның жақын –туыстарының мүддесін алға шығарған демеске
шара жоқ. Тағы бір мысалға кезек берейік. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 77-ші бабының 7-ші тармағына сәйкес: Ешкім өз жұбайына
және жақын-туыстарына қарсы айыптау беруге міндетті емес [24]. Бұл
қоғамға қылмыстық іс жүргізудің заңында да қарастырылған.Бұдан туатын
қорытынды істің сипатына қарай туыстық қағида заңда қолданылады екен. Енді
осы келісті қағиданы жаза тағайындағанда басшылыққа алмасқа. Біздің бұл
жерде айтқымыз келгені мынау: әкесі баласын өлтірген кезде, оған өлтіру
жазасы қолданылады. Тағы бір қосымша: кісі өлтіргенде әр уақытта іске
асырылмайды. Әрине, бұл жерде мұсылмандық – қылмыстық заңның ерекшеліктерін
түгел жүйелеп шығу шарт емес. Мұндағы мақсат – басқа елдердегі қолданылатын
құқықтық саясаттың озық тәжірибелерін, шет елге халыққа сіңімдісін алып,
өзіміздің қажеттігімізге жарату керек деген пікір. Осы орайда Европа
кінәсіздік презумпциясын мұсылман құқығынан алғанын атап өтейік. Жазаға
байланысты көкейде жүрген өз пайымдауымыз осындай. Әрине, бұл жерде жаза
мәселесін толық көлемінде қарастыру қажет. Мәселен, зерттеудің мақсаты жаза
болғандықтан моральдық жағы туралы мәселе
мүлдем айтылған жоқ. Жазаға байланысты ойымызды сабақтай түсейік.
Тағайындалған жазаны өтеу үшін қылмыскер үшін соттылыққа әкеп соғады.
Соттылық дегеніміз құрамдас төрт бөліктен тұрады. Біріншіден, істеген
қылмыс үшін жауап беру, зардап шегу, тауқымет тарту. Екіншіден, қылмыскерге
келген күйзеліс, оның жазғырылуы. Үшіншіден, жаза түріндегі мемлекеттің
мәжбүрлеу шарасы. Төртіншіден, соттылық. Біздің қарастырып отырған жаза
сұрағымыз қылмыстық жауаптылық болғандықтан, бұл мәселенің түйінді
жақтарына тоқтала кетейік. Жалпы қалыптасқан ережеге сәйкес қылмыстық
жауаптылық нақты тұлғаны айыптар кезде жауапқа тартқан кезде туындайды,
қылмыскерден соттылығы жойылған немесе алып тастау кезінде аяқталады. Осы
айтылғанымызды қорытындылай кетсек, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың
алғашқы нысаны нақты тұлғаны жауапқа тарту құзырлы органдардың аталмыш
қылмыскерге мәжбүрлеу шарасын қолдану болып табылады. Одан кейін қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың соттық нысаны жазасын өтеу. Бұл шара Қазақстан
Республикасының Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі және ең соңғы ол
қылмыскердің соттылығы. Соттылық өзіндік ерекшелігі бар шараның түрі.
Себебі, сотталу тек қылмыстық жауаптылықпен тығыз байланысты. Сонымен
қатар, заң қылмыстық жауаптылық пен жазалауды қарастыратын болғандықтан,
жауаптылықты жүзеге асыру аталған сатыларды өтпей-ақ, алғашқы кезеңде
тоқтатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылық құқықтық жауаптылықтың ерекше әрі
ауыры болғандықтан, оны басқадай құқықтық жауаптылықпен ауыстыру мүмкін
емес. Айталық, әкімшілік, яғни басқа жауапкершілікпен сөзімізді
тұжырымдайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық[2] қылмыстық құқықтық
жауаптылықтың көлемінде туындап, қылмыстық іс жүргізу қатынасы (айыпкер
ретінде жауапқа тарту мәжбүрлеу шараларын қолдану, сотқа беру, сотты болу)
ал жаза тартылғанда қылмыстық атқару қатынастары ретінде көрініс табады.
Бұл шараны мемлекет қылмыскерге жаза шектіру арқылы іске асырады. Бұл
жерде заңдылық жауаптылық тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылатын және
сот үкімімен іске асырылатын тағы бір еске сала кеткен жөн. Кез келген
ғылымның дамуы жаңа теория ағымдардың пайда болуына әсер ететін заңды
құбылыс. Осы орайда соңғы кезде құқықтық әдебиетте қылмыстық
жауаптылықтың екі түрі бар екен екі көзқарастар пайда болды. Мұның бір түрі
ретроспективтік (өткендегі үшін жауаптылық) деп аталады. Бұл қылмыстық
және қылмыстық іс жүргізушілік заңымен жаза және мәжбүрлеу шараларын
қолдану үрдісімен астасып жатыр. Ал позитивтік қылмыстық жауаптылық деген
қылмыстық заң бұзбайтын азаматтың құқыққа сәйкес тәртібі. Басқаша айтқанда,
бұл жауаптылық негізінде жеке тұлғаның құқыққа сәйкес тәртібі және оның
қылмыстық заң тыйым салатын қылмыстық іс-әрекетті жасамау керектігін
түсінгенінде жатыр. Бірқатар авторлардың пікірінше, (З.А. Астемиров,
Б.С.Волков, В.А. Елеонский және т.б.) құқық тәртібін бұзушылық тұлғаның
кері жауаптылық туғызатындығын, атап айтқанда, ол үшін жайсыз жағдай
туғызатынын көрсеткен. Сөз жоқ, мәселен, В.А. Елеонский былай деп жазды:
позитивтік қылмыстық жауаптылық бұл құқықтық норманың диспозициясымен
санкциясының талабына сәйкес адамдардың құқықтық тәртібі[25]. Алайда бұл
пікірдің қисынға келмейтіндігі баршылық. Сөз жоқ, қылмыстық заңның
мақсатының бірі азаматтардың құқықтық санасын тәрбиелеу арқылы оларды
саналы, заң тәртәбән бұзбайтын адам тәрбиелеу. Қандай іс-әрекеттің қылмыс
жасатындығын анықтау арқылы мемлекет өз қоғам мүшелерін саналы тәртіпке
шақыру арқылы тәрбие шараларын жүзеге асырады. Ешкім де қылмыстық заңның
тәрбиелік мәнін және қылмыстық құқықтық позитивтік рөлін теріске шығарған
емес. Ал енді осы жағдайда құқыққа сәйкес әрекет ететін азамат құқығының
оның ішінде қылмыстық жауаптылық тартады деуге еш негіз [3]жоқ. Қылмыс
жасамаған адамға заң қолданылмайды, басқаша айтқанда құқық тәртібін
сақтаған адамға заң әсер етпейді, ешбір зиян да келмейді.
25. В.А.Елеонский Проблемы позитива и ответственность в советском
уголовном праве Рязань., 1979 бет 82
Және қылмыстық жауаптылық түсінігі жауапқа тарту шарасымен тығыз
байланысты. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 14 бабына сүйенейік: Есі дұрыс ,осы кодексте белгіленген жасқа
толған жеке адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс [26]. Сонымен
қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде:
қылмыстық іс жүргізу мақсаты қылмысты тез әрі толық ашу, оны жасаған
тұлғаны қылмыстық жауапқа тартқанда, әділ сот төрелігіне жүгіну және
қылмыстық заңда атап көрсетілген. Демек, қылмыссыз жауаптылық деп біз тек
қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан қылмыстық заңда қолдануын айтамыз.
1.2 Қылмыстық жауаптылық және қылмыстық құрам.
Қымыстық құқық ғылымында жауаптылық сапалық және заң жүзіндегі аспекте
қарастырылып келеді. Мұның сапалық жағын алатын болсақ, адам неге өзінің іс-
әрекеті үшін жауап береді деген сұрақ туындайды. Егер ол өз әрекетіне жауап
бермейтіндей жағдай қалыптасса, қоғамдықта тәртіпсіздік ,қылмыс сияқты
қылмыстар қаптап кетеді. Оның сыртында, әрбір қоғам мүшесінің құқығы ғана
емес міндеті де бар. Екі ұғымды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Мемлекет
бар жерде құқық бар, құқық бар жерде міндет бар. Аталмыш ұғымдарды бөле
жарып қарастыру қисынға келмейді, ақылға қонбайды. Кез келген қоғам,
мемлекет оның мүддесіне қарсы шыққан, онда қалыптасқан ережені бұзған
адамды тәртіпке шақыру керек. Әйтпесе, ол жерде анархия орнайды. Ендеше
мемлекет құқық бұзушының әрекетіне байланысты шара қолдануы қажет. Осыдан
барып қылмыстық жауаптылықты қолдану барысында оны әр түрлі қырынан
қарастыру мәжбүрлігі туындайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін В.Н. Кудрявцев
еңбегіне сілтеме жасайық: Қылмыстық жауаптылық негізі туралы сұрақ тек
мораль немесе құқыққа ғана қатысты емес, сонымен қатар ол бір үлкен саяси
мәселе [27]. Шынында да мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйеге қарап, ол
мемлекет әлеуметтік тұрпатын, бет-бейнесін елестету қиын емес. Бір елдегі
қылмыс деп танылған әрекет , екінші жерде бұлай деп бағаланбауы әбден
мүмкін. Сол сияқты әрбір мемлекетке тән қылмыстық жауаптылықтың өзіндік
белгісі бар. Сол себепті де қылмыстық жауаптылықтың негізін анықтауда
құқықтық, саяси, әлеуметтік және моральдық астар жатыр. Біздің
пікірімізше, жалпы қылмыс қылмыстық жауаптылық проблемалары неғұрлым
қоғамның моральдық талаптарына сай келсе, соғұрлым ол мемлекет заңының
дәрежесі жоғары болады. Сонымен қылмыстық жауаптылық негізін нақты әрі
тұжырымды әрі түсінікті етіп анықтау адам құқығын бұлжытпай сақтауға кепіл
болатынын дәлелдеудің қажеті жоқ.
Қазақстан Кеңес өкіметінің құрамына кірген кезде , заңдардың бәрі бір
қолдан шыққандай ұқсас болғаны рас. Кеңес одағында 1958 жылдарға дейін
қылмыстық жауаптылық ұғымының заңда түсінігі берілмеді. Сол себепті
қылмыстық құқық теориясында көптеген бір-біріне қарама-қайшы пікірлер
айтылды. Олардың бәріне тоқтап өтуді мақсат етіп қоймадық. Көптеген
заңгерлер (А.А.Пиянтковский, Я.М.Брайнин, М.П.Карпушин, В.И. Курляндский )
қылмыстық жауаптылықтың негізі қылмыстық құрам деп біледі. Қазақстандық
зерттеушілер де осы тұжырымды ұстанады. Мұндай көзқарас қазақстандық
қылмыстық заңға тура келеді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-
ші бабына сәйкес: Қылмыс жасау, яғни ол кодексте көзделген қылмыс
құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден–бір
негізі болып табылады [28]. Бұл қолданыстан біз қылмыс ұғымы мен қылмыс
құрамы арасындағы тығыз байланысты байқаймыз. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа
тек қылмыс істеген тұлғаға ғана тағайындалады. Басқаша айтқанда, қылмыстық
жауаптылық істелінетін іс-әрекетте қылмыстық құрамының болуы құрайды.
Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынына көз
жеткіздік. Дей тұрсақ та, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-
шы бабы қылмыс ұғымының жалпылама анықтамасын береді. Заңда қылмыс құрамы
деген ұғымның мазмұнын ашып көрсетілген, бұл түсінікке анықтама қылмыстық
құқық теориясында беріледі. Қылмыстық заңға сүйенсек, жалпы алғандағы
қылмыс жоқ, ал нақты түрлері бар. Іс жүзінде қылмыс жасалғанын не
жасалмағанын анықтау үшін бұл әрекетте қандай болмасын қылмыстың құрамы деп
қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір қылмыстың
объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және
олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Іс-әрекетінде ең кемінде қылмыс
құрамының бір белгісі болмаса, ол адамды қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды. Бұдан туындайтын қорытынды қылмыс пен қылмыстық құрам бір-бірінен
ажырамайтын құрам.
Ол айтқанымызды нақтылай түсейік, ол екеуі де бір құбылыс, яғни
қылмыстық жауаптылыққа жататын әрекет. Бір жағынан тек қана қылмыс құқықтық
белгілерімен сипатталады және қылмыстың құрамының жиынтығын құрайды. Ал
екінші жағынан құқықтық белгілердің жиынтығы қылмыстық құрамды түзейді, әрі
қылмыстық заң тұрғысынан қылмыс болып есептеледі. Сайып келгенде, қылмыс
ұғымы жазалануға жататын әрекеттің әлеуметтік мәнін ашып берсе, ал
қылмыстық құрам оның құқықтық жүйесінің сипатын, мінезін, саласын
зерттейді. Қылмыстық құрам әрекеттің құқықтық сипатта болғандықтан, сөз
жоқ. Қоғамдық қауіптілігімен ерекшеленеді. Бұл дегеніміз, тек қылмыстық
құрамының тек формальды жағы болуы әрекетті қылмыс деп тануға және
қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық құрамның формальды
белгісі бойынша қозғалған істі әдетте қысқартады. Оған сот тәжірибесінен
көптеген мысалдар келтіруге болады. Оның сыртында қылмыстық жауаптылық
дегеніміз әр уақытта нақты қолданылатын әрі және белгілі қылмыс бойынша
іске асырылатын болғандықтан және нақты қылмыстың түрін сипаттағандықтан
оны тек заңда белгіленген жағдайда ғана жүзеге асырады. Қылмыстық құрам
элементтерінің сипаты болмауы заң бойынша қылмыстық құрамның жоқтығын
көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтың негізі
жоқтығын дәлелдейді. Қылмыстық құрам қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдарына
жатады. Сол себепті қылмыстық құрам мәселесімен көптеген ғалымдар
айналысты. Жалпы және нақты қылмыстық құрамының түсінігі ғылыми ұғым болып
табылатынын жоғарыда атап өттік. Аталмыш ұғым қылмыстық құқық теориясында
нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған
белгілері арқылы анықталады. Сөйтіп, қылмыстық құрам жалпы барлық қылмыс
құрамдарының белгілері мен сипатын көрсететінін анықтадық. Қорыта айтқанда,
қылмыс құрамы деп қылмыстық құқық теориясында қылмыстық заңмен бекітілген,
қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс (қорқыту, зорлық, өлтіру) ретінде
көрініс табатын объективтік және субъективтік белгілерінің жиынтығы деген
анықтама беріледі.
Қылмыстық құрам туралы сөз қозғағанда онымен байланысты кейбір
мәселелерге назар аудара кеткеніміз жөн. Біз қылмыстық құрам қылмыстық
жауаптылықтың жалғыз негізі дегенде, оны анықтау әлі сот тағайындайтын
жазаның нақты мөлшерін көрсетпейді. Қылмыстық жауаптылық негізі туралы
айтқанда , қылмыскер қандай жағдайда және ненің негізінде оны жауапқа
тартады деген мәселені қозғаймыз. Сот қылмыскерді айыпты кінәлағанда, ол
қауіпті болғаны үшін жаза тағайындамайды, оны жазалау себебі – тұлғаның
әрекетінде заңмен қарастырылған қылмыстық құрамның болуы негіз етіп
алынады. Алайда үкім шығарғанда істің ерекшелігіне қарай жаза әр санкция
шегінде әр түрлі болуы мүмкін. Өмірде қылмыстық құбылыстар әр түрлі нысанда
көрініс тауып немесе түрлі нышанды болатындықтан нақты қылмысты сол
қылмыстық құрамға тән белгілермен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен қатар
қылмыстық құрамға жатпайтын белгілер болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Олардың бір бөлігі жаза тағайындауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz