ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ 7
1. 1 Қылмыстық заңның түсінігі 7
1. 2 Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері 14
1. 2 Қылмыстық заңдардың құрылымы мен ерекшеліктері 21
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ 28
2. 1 Қылмыстық заңдардың мезгіл және кеңістік бойынша қолданылуы 28
2. 2 Қылмыстық заңның адамға қатысты қолданылуы 39
2. 3 Қылмыстық заңдарға түсінік беру 45
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ БАСҚА ЗАҢ НОРМАЛАРЫМЕН АРА
ҚАТЫНАСЫ 50
3. 1 Қылмыстық заң және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары 50
3. 2 Қылмыстық заң мен қылмыстық атқару заңдарының мақсаттары 56
3. 3 Қылмыстық заң мен қылмыстық құқықтың байланысы 61
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68
ҚОСЫМШАЛАР 71
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады- деп ҚР Конституциясының 4-бабының 1- тармағында адап көрсетілгендей, қылмыстық заң өзіне тән белгіленген қоғамдық қатынастарды тертеуге негізделген[1] .
Қылмыстық заң - ҚР Парламенті қабылдаған нормативті құқықтық акті болып табылады. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидалары мен жалпы ережелерін, қол сұғушылықтың қылмыс екендігін анықтауды немесе оған жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және азаматтың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады[2] .
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіру қаупін туғызған немес тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тиым салады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықттың көзі болып табылмайды. Олар тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың және барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасында қылмыстылықпен күрес жүргізу, қылмыстық құқық нормалары ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген, заң атқарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап, өзіне тән бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан іс-жүргізу құжаттарын жүргізуде тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы үш түрлі элементке бөлінеді: гипотеза, диспозиция және санкция.
Құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Яғни белгілі жасқа толуына байланысты адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін, абайсыздықта немесе қасақана қылмыс жасауы, қылмыс жасауы кезінде есі дұрыс емес күйде болуы.
Қылмыстық заңдарды әзірлейтін мемлекеттік органдардың қызметіне кеңінен араласып, олардың заңды қолдану, қылмысты саралау жөніндегі тиісті тұжырымдарды жасауына белсене қатысу; шет мемлекеттердің қылмыстық заңдарының іс жүзінде қолданылу әдістерін, әсір есе жеке адамды, нарықтық экономиканы, тұтынушыларды қылмыстық құқықтық қол сұғушылықтан қорғау саласындағы үздік тәжірібиелерін зертттеу арқылы, оның пайдалы жақтарын Қазақстан мемлекетінің қылмыстық заңдарын дайындағанда еске алу, құқықтық құрудың мақсаттарына сәйкес келетін тиісті қылмыстық заңдарды әзірлеудің жолдарын айқындайтын ғылыми болжамдар жасау болып табалады.
Өткен тарих қайнауын мұқият зер салсақ, көптеген елдер мен мемлекеттер өмірінде, күшті экономиқалық табысқа жетуге барлық мүмкіндіктері бола тұра, сол мүмкіндіктерді іске асыра алмаған кездері болған. Себебі ел басшылығы ел ішіндегі адалда, ақылды адамдар бойында зор адамгершілік пен әділдік сезімі тұрақты болатындығын байқамаған. Осыдан келіп, мұндай адамдардың билікке келуі, ел өмірінде жақсы өзгерістер әкелетіндегіне сенбеген. Ақырында, мемлекет экономикасы күрделі дағдарысқа ұшырап, қара-пайым халық азып-тозып, қасірет шеккен.
Қазақ халқының «жаман айытпай - жақсы жоқ» деген асыл сөзін осы арада еске алсақ, халқымызға қасірет шектірмеудің жолын ойлап, қоғам қайнауымен біте қайнасып «тұрақты өмір» сүре алатын заңдар жасау міндетін алға қою, міндетті түрде қажет. Мұны жасай алатын азаматтарды, өзге елдерде көз сүзбей, өз еліміздің ішінен іздеу керек.
«Ел ішкі - ақыл кенші» екендігін бір тәсте естен шығармай отыр. «Заң - адамды бағындырады, заңды - ақыл бағындырады» деген ағылшын әдебиетшісі Фуллер Томастың алтын сөзін негізгі алып іске кіріссек, еліміздегі «заң тұрақсыздығын» әбден түзеуге болады. Қандай да қылмыс болмасын, ол қоғамның міндеті. Осы кеселді сылып алып тастау мүмкін болмаса да, оны құрықтап ұстау - құқық қорғау органдарының бүгінге ең маңызды міндетіне айналып отыр. Ал оған заңдылықты сақтау, адам құқықтарына сергек қарау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл орайда заңдылық сақшасы - прокуратура органдарына артылар салмақта ауыр. Әйтеуір олар бұл биіктен көрініп жүргендігі аян.
Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық заңның әрекет ету мәселерін қоғам дамуының жоғарғы сатыға көтеру үшін, ендігі жерде «заң тұрақтылығын» сақтауға беретін кез келді. Қашанда «Тәуелсіздік тірегі - тұрақты заң» болған және мәнгі қала бермек . Өйткені «Тәуелсіз жолы ұлы жол». Бұл жолда еліміздің өсіп өркендеуіне, тәуелсіздігімізді баянды ету, сыртқы беделімізге нұқсан келтірмеу, ішкі саяси аху -алды заң күшімен тұрақтандыру арқылы қаралады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі. Қылмыстық құқықтағы қылмыс заң ұғымы, оның мезгілдегі және кеңістіктегі күші мен адамдарға қатысты қолданылуы мәселесіне байланысты теориялық және тәжірибелік мәліметтер жан - жанқы талқыланып, қарастырылды.
Жұмысты жазу барысында қазақстандық осы мәселені зерттеуші ғалымдардың еңбектері қолданылды. Еңбектері қолданылға мынадай авторларды атап көрсетуге болады Ағыбаев А. Н., Алауханов А. Н., Наумов А. В., т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - негізгі мєселелердіњ бірі ќылмыстыњ заңның ±ѓыммен қолданылу тәртібін аныќтау болуып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді алға қою мен шешу:
- ќылмыстық заңның ұғымы анықтау;
- қылмыс заңның кеңістіктегі күшін ашып көрсету;
- қылмыс заңның мезгілдегі күшінің маңызын айқындау;
- қылмыс заңның адамдарға қатысты қолданылуының ерекшелігін көрсету;
- қылмыс заңды жетілдіру жолдарын көрсету.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары мен ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және т. б. ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеу обьектісі қылмыстық заңның түсінігі мен белгілерін саралау болып табылады.
Зерттеу пәні қылмыстық заңның түсінігін, оның белгілері мен ерекшеліктерін, мәні мен маңызын анықтауға, кеңістіктегі, мезгілдегі күшіне, адамдарға қатысты қолданылуына байланысты қатынастар саналады.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Қылмыстық заңның түсінігі
Қылмыстық заң - ҚР Парламенті қабылдаған нормативті құқықтық акті болып табылады.
Қоғамдағы құқтың ең қүрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т. б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде жұмыс атқарады. Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттык, халықаралық қатынастарды реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізге айналады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқарып отырды. Қоғамның басқа салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль, әдет-ғұрып, дәстур, діни т. б. ) реттеп-басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер сол салалардагы катынастарды бірте - бірте реттеп, басқаруға көшті. Қазіргі кезде әлемдегі барлык мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп, басқарудың басым түріне айналып отыр. Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Нормативтік- құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданган нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативттік актілерден мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акт!" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер занды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативттік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективттік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық, мүдде-мақсаттарының өзгеpyi.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерін қалыптастырады:
- мемлекетпк билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен кұкыктың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана-сезім, болып дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп-басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды тұлталардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірбиесін көтеру.
- мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жаксарту.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық, мүдде-мақсатын ic жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші кұрал.
Нормативтик актілер ресми турде: заң, каулы, жарлық, ереже т. б. болып шығады, олардың заңды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдағы қүрделі қатынастарды реттеп-басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
- заңды күшке қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді.
зандар және заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылған сайын нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
- нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, медени т. б. қоғамның салаларына сәйкес;
- Hopмативтік актілердің ic әрекетің шеңберіне қарай үш түрлі болады: қоғамдық ic-әрекеттер, шeктeyлi ic-әрекеттер, төтенше ic-әрекеттер;
- субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар) нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: занды шығарушы органдардың aкиici; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Ол қоғамдағы ен күрделі, маңызды мәседелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы"- деуге болады.
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- зан күрделі маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті) ;
- занды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың басты атасы.
Заңның үстемдік арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасыз етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат ic жүзіне асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократиялық басқада талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекеті Парламенті заң шығаруды жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілетті органы. Парламент аса манызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілерр төрт түрге белінеді жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомстволық және мекемелттік актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әлеуметтік-территориясына толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлыктары, Жергілікті басқару органының актшері - мәслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары. Ведомстволык актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз апттаратының iшкі тәртібін реттейтін актілер.
Сот билігінің актілері - Конституцияныц 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билін азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билін Республикамыздың нормативтік актілерінің жене халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық icтep мен даударға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндеті болып табылады.
Нормативтік актшерді жуйеге келтірудің әдіс- тәсілдері. Қоғамның объективтік даму процесінде сәйкес нормативтік актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бip-бipiне қайшы келуі де, немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы саналуан нормативтік актілерден өздерінше керектерін тауып алып, пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік актілер жіктелтіп, топтастырып отырырады, оның әртүрлі әдіс- тәсілдері болады:
1) Ең күрделі турі инкорпорация, кодификация. Инкорпорация - нормалардың мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп, алфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сейкес жүйеге келтіру. Сол арқылы нормативтік актілердің жинақтарын шығару. Инкорпорацияның түрлері:
- ресми инкорпорация - мемлекеттік органның жасаған жинағы.
- бейресми инкорпорация - жеке жене заңды тұлғалардың жасаған жинақтары, оған ештеме жасауға болмайды;
- хронологиялық инкорпорация - норманың қабылданған уақыттарына сәйкес жүйеге келтіру;
- жүйелік инкорпорация - құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау; бұл маңызды жинақ деуге болады.
1) Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте беріледі.
2) Жинактың жасалу процесінде нормалар алынып, кемшіліктері болса толықтырылып жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар қабылданып қоғамдағы құқық, толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы өзармеген, заңды күші бар нормативтік актілердің барлығы бірізділікпен мемлекеттің ең негізгі занды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе - заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде кездеседі. Қaзipri кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік жинақтар жасау ішін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып, реттеп, тізімі жасап жүр.
Қылмыстық заң қылмыстық құқықтың қағидалары мен жалпы ережелерін, қол сұғушылықтың қылмыс екендігін анықтауды немесе оған жаза тағайындауды белгілейді. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және азаматтың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіру қаупін туғызған немес тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тиым салады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың негізгі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықттың көзі болып табылмайды. Олар тек нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орндау немесе сақтау лауазымды адамдардың және барлық азаматтардың міндеті.
Қазақстан Республикасында қылмыстылықпен күрес жүргізу, қылмыстық құқық нормалары ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республиқасының Конституциясына сәкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілік және адамзаттың қауіпсіздігін, бостандықтары мен заңды мүдделерін меншікті аумақтық тұтастықты, конституциалық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсідікті, табиғи ортаны қылмыстық сұғушылықтан қорғау және қылмыстық алдын алу болып табылады[11] .
Бұл міндеттеріді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыс-тық жауаптылық негіздерін белгілейді. Жеке адамға мемлекетке немесе қоғамға қауіпты іс - әрекетердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын қылмысты әрекеттерді тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс- әрекетіне қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді.
Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалары болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық фукнкциясы -істелген іс - әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазасын кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық - құқықтық норма, сонымен бірге кез - келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендер мен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды.
Қылмыстық - құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез - құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрлелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық - құқықтық нормаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады[11] .
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ең негізі қайнар көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай - ақ Республика Жоғары Соты Пленумының басшы қаулары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық - құқықтық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналады. Ол Ұлыбританияда, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республиқасы қылмыстық кодексінің 52 - бабында сот айыпты деп табылған адамға жазаны Қылмыстық Қодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелетін қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстық сипаты мен қоғамдық қауыптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшіліктерің, мінез - құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлалатын мән - жайлар, сондай - ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның от басының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуне сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы қажет. Мұның өзі соттың жаза тағайындауында заң талаптарымен қоса өзінің сана - сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда құқықтық сана -сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қылмыстық -құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазымды адамдар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады[11] .
Оны қандайда бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді.
Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұның көрінісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz