ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ЗАРДАПТАРЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қылмыстық объект - өзінің нысаны, мазмұны
жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар объектінің түрі.Өйткені мемлекет кез
келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет
тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды
жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық объектінің әлеуметтік мазмұнының өзі сол
субъектіге қылмыстық объект жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын
мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық объектінің мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп
мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық
(қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).Бұлар
қылмыстық объектінің маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен
қылмыстық объекттің қылмысты саралауда өте маңызды бөлігі бола, қазіргі
кезде де өз маңызын сақтауда.
Зерттеу жұмысымныңмақсаты: қылмыстың тікелей объектілері мен қылмысты
саралаудағы маңызын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
-Қылмыс құрамының түсінігі мен мәнін анықтау;
-Қылмыстың тікелей объектілері мен қоғамға тигізер зардаптарын талдау;
-Қылмыс объектілерінің қылмысты саралаудағы маңызын ашу.
Зерттеудің объектісі: қазіргі кездегі қылмыстық жағдайды саралаудағы
қылмыстың тікелей объектілері.
Зерттеудің пәні: қылмысық саралауда маңызға алынатын қылмыстық
объектілерінің жағдайы, мәселелері мен шешім жолдары болып табылады.
Зерттеудің ғылыми деңгейі: қылмыстың түсінігін, мәніндегі элементтер
мен белгілерін қарастыра отыра, келесі ғалымдардың еңбектеріндегі қылмыс
және қылмыс объектілері туралы мәліметтерді мысалға келтіруге болады-Абуов
А.Ғ. ,Аверьянов Т.В., Белкин Р.С., Баев О.Я., Белкин Р.С. ,Герасимов В.Н.,
Драпкин Л.Я және т.б.
Зерттеу әдістері.Дипломдық жұмыста қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан
ашып көрсету үшін тарихи зерттеудің логикалық тәсілмен тығыз байланыстылығы
тарихшылдық, объективтілік, жан–жақтылық сияқты негізгі методологиялық
принциптері басты наразда болды. Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық,
диалектикалық талдау, статистикалық, демографиялық талдау және басқа
әдістемелер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңыздылығы: Қылмыстық
құқылық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше
қылмысытың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп
қоймайды.қылмыскер тиісті үкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін
обьектісі ғана емес, белгілібір құқықтардың субьектісі де.Өйткені жазалау
шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына осы қылмысқа заңда
белгіленген жазаға, яғни сакцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі
жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.Сондықтан да
қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп
қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда дарындылықтың
кепілі ретінде де көрінеді.
Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаңы өтеумен
жүзеге асырылады.
Зерттеудің тәжірибелік базасы: қылмыстық объект бұл қылмыстық құқылық
норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып
табылады.Қылмыс істелмесе қылмыстық объектіде болмайды.Қылмыстық заң
бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін
қылмыстық объект тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне,
қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының
ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық объект өзіне тән ерекшелегімен оқшауланған құқылық
жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылымыс істеуден
сақтандырады және сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады.
Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскерде мемлекетке өз
көзқарасын білдіретін қатынастың субьектісі ретінде көрінеді.Мұндай
жағдайда мемлекет осындай қатынастың обьектісі болып қалады.
Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық объектінің жүзеге
асырылуы деп түсінуге болмайды.Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне
енгеннен кейін ғана қылмыстық объект жүзеге асырылады.Сот айыптыны кінәлі
деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған
уақытынан бастап қылмыстық құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда-Қылмыс құрамының түсінігі мен мәнін анықталады.
Екінші тарауда-Қылмыстың тікелей объектілері мен қоғамға тигізер
зардаптары талданады.
Үшінші тарауда-Қылмыс объектілерінің қылмысты саралаудағы маңызын
ашылады.
Қорытындыда алдағы сұрақтарға қорытынды жасалады
1 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
1. Қылмыс құрамының түсінігі, түрлері, ерекшеліктері
Қылмыс ұғымына 3-тарауда берілген жалпы аныктама — заңдық абстракция,
және де нақтылы жок нәрсе. Бұл үғымда барлык қылмыстарға тән белгілер
жалпыла.ма корсетілген. Негізінде тек нақты қылмыс қана (кісі олтіру,
ұрлау, тонау, т.б.) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың
әркайсысына тән белгілер Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті
баптарда сипатталған.
Кандай да бір жасалған әрекетте қылмыс белгілерінің баржоғы туралы
мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапка тартуға
негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын а н ы қ т а у қажет. КК-
тін. 3-бабында "осы Кодексте көзделген қылмыс кұрамының барлык белгілері
бар әрекет қылмыстық жауаптылыктың бірден-бір негізі болып табылады"
делінген.
Жасалған әрекетті қылмыс дептану үшін оны қылмыстық- құкықтық
нормаларда бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.
Нақты коғамға кауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық
заңда белгіленген объективтік және субъективтік белгілердін жиынтығын
қылмыстык құқықтақылмыс құрамыдеп атау қабылданған.
Қылмыс пен қылмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғымдар емес. Қылмыс
— нақты адамнын іс жүзінде жасаған накты әрекеті немесе әрекетсіздігі, және
ол өзіне тән көптеген жеке белгілермен сипатталады. Ал қылмыс қүрамы —
кандай да бір қылмыстық әрекеттін тек жалпы белгілерін ғана бекітетін
нормативтік категория.
Егер қылмыс, яғни оны жасау қылмыстық жауаптылыкқа тартуға іс жүзінде
негіздеие бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі
негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрады: қылмыс құрамы заң
бойынша анықталып, бекітілмесе коғамға қауіпті әрекет қылмыс болып
саналмайды, кандай да бір қылмыс құрамының белгілерінін. болуы егер
жасалған әрекетте осы белгілер болмаса, қылмыстык жауапқа тартуға негіз
бола алмайды. Бұл жерден қылмыс құрамының мәні түсінікті бола түседі.
Сондыктан да, жалпы, КК-тің 3-бабына сәйкес, заң шығарушы да, теорня да,
тәжірибе де Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыс құрамының барлық белгілері
бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жа- уаптылықтың бірден бір
негізі ретінде қарастырады. Бұл кандай да бір басқа мән-жайлар (сол
субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер, жасалған әрекеттің саяси
маңызы, т.б.) қылмыстық жауаптылыкка негіздеме бола алмайды дегенді
білдіреді.[1].
Мұндай негіздеме болмаса қылмыстық объект жайында сөз де болуға тиіс
емес. Егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс кұрамы болмаса да
қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, дәл сол
кезден бастап оған қатысты қудалау мүлдем тоқтатылуға тиіс.
Заң әдебиеттері, — қылмыс құрамының барлык белгілері бар әрекетті жасау
қылмыстык жауаптылық үшін бірден-бір жәнежеткілікті негіздеме; қылмыстық
қудалауды жүзеге асыратын органға адамды жауапқа тарту үшін оның жасаган
әрекетінде қылмыс құрамының бар екенін анықтау жеткілікті;
қылмыстықжауаптылыкқа тарту мәселесін шешу үшін баскадай мән-жайларды
анықтаудың қажеті жоқ, — деп дұрыс көрсеткен.
Бұл, әрине қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай
мәні анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді. Әлбетте, басқа да
мағұлматтар ескертіледі. Мысалы, қылмыс жасаған адамның қылмыс жасауға
дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректердін іс үшін маңызы
өте зор, олардың бәрін сот үкім шығарғанда ескереді, бірақ олар қылмыстык
жауаптылыкка негіз бола алмайды.
Сонымен, қылмыс құрамы болмаса қылмыстық объект жүзеге аспайды. Осындай
маңызды, өзекті ролімен қатар қылмыс құрамы баска да "қызметтік" деп
аталатын өте кажетті міндеттерді атқарады. Қылмысты саралау процесі тек
қылмыс құрамы негізінде гана жүзеге асырылады, себебі ол қажетті қылмыстық
құқықтық үлгі (эталон) болып саналады; онымен салыстыру арқылы жасалган
қылмыстың мазмұны мен сипатын толық және бұл көрсететін, тиісті қылмыстық-
құқықтық норманы таңдауга болады
Кылмысты саралау мәселесі — теория бойынша да, практика тұрғысынан
алғанда да күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның
тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған әрекеттің
калай сараланатындығына байланысты.[7].
Саралау (квалификация) термині "gualis" — сапа және "Гасеге" — істеу
деген латынның екі cөзінен тұрады. Қылмыстык құқықка катысты бұл — коғамға
қауіпті әрекетті аралас деректтерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы
баға беру деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, қылмысты саралау
дегеніміз — тұлға жасаған қылмыстың накты белгілерінің қыл- мыстық құқықтық
нормаларда көзделген накты қылмыс кұрамының белгілеріне бұл келетіндігін
анықтап, заң жүзінде тиянақтау болып табылады.[4].
Қылмыс құрамының белгілері тек Ерекше бөлімнің диспозицияларында ғана
емес, КК-тің Жалтты бөлімнің тиісті баптарында да баяндалған. ҚК-тің Ерекше
бөлімінін баптарында әртүрлі қылмыс құрамы белгілерінің басым көпшілігі
баяндалған. Барлық қылмыстар үшін немесе қылмыстардын жекелеген топтары
үшін ортақ белгілер, әдетте, КК-тің Жалпы бөлімнің баптарында аталады (кінә
түрі, қылмыстық жауап- тылықтың қай жастан басталатындығы, қылмыстық
әрекеттің аякталмай қалуы, т.б.). Мысалы, кісі өлтіргені үшін жауаптылық
көзделген 96-баптың диспозициясында адамның кісі өлтіргені үшін қанша
жастан бастап қылмыстық жауаптылыкқа тартылатындығы көрсетілмеген. Бұл
акпарат КК-тін Жалпы бөлімнің 15-бабында берілген.
КК-тін Ерекше бөлімнің баптарында әдетте орындаушының тікелей өзі
жасаған немесе аяқталмай калған қылмыс кұрамдарының белгілері келтіріледі.
Егер қылмысқа қатысушының (көмектесушінің, айдап салушының) алдын ала
қылмыстык әрекеті немесе әрекетсіздігі орын алса, онда бұл әрекетте, бір
қарағанда ҚК-тің Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген қылмыстың
қандай да бір құрамының белгілері түгел болмайтындай көрінеді. Бірак, бұл
жағдайда да қылмыс құрамы болады, тек ол Ерекше бөлімдегі бапта ғана емес,
сонымен қатар Жалпы бөлімнің тиісті баптарында бар белгілер арқылы да
құрастырылады.[2].
Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар
Ерекше бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дәл көрсетілуге тиіс, ал егер
аяқталмаған қылмыстык әрекет, қылмысқа қатысушылык жағдайлары қарастырылса
(олар жайында алда толық айтылады), онда КК-тің Жалпы бөлімнің тиісті
баптарына сілтеме берілуге тиіс.
Қылмысты саралаудың нәтижелері іс жүргізу кұжаттарында (қылмыстык істі
қозғау туралы, айыпталушы ретінде жауапка тарту туралы қаулыларда, үкімде,
т.б.) көрсетілед.
Қылмысты саралаудың маңызы сол, ол қылмыс жасап айыпты болған адамды
қылмыстық объектыға түсірту түріндегі қылмыстық қылмысқтың реттеуші қызметі
реттейтін тетікті "іске қосатын " заңды фактінің (қылмыстық құрамның барлық
белгілері бар қоғамга қауіпті әрекет жасау) бар екендігін ресми түрде
растайды. Қылмысты дұрыс саралаудың қаншалыкты маңызды екендігі осыдан да
түсінікті болар; ол қоғамға қауіпті әрекеттің белгілерін әлеуметтік
құқыктық тұрғыдан дәл талдау арқылы қамтамасыз етіледі.
Әрекетті дұрыс саралау үшін, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің
накты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бірқылмысты
екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрамы белгілерін жақсы білу
қажет. Қорыта айтканда, қоғамдағы зандылықтың жайы құқық қолданушы
органдардың қылмысты қаншалыкты дұрыс саралай алатындығына тығыз
байланысты.
Қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын элементтер
жиынтығы, қылмыс құрамының жалпы түсінігін береді, ал қылмыс құрамы
жасалған әрекетті қылмыстык немесе қылмыстық емес деп тануға және оны дұрыс
саралауға негіз бола алады. Осы карастырылған теориялык қағидаларды іс
жүзінде колдану үшін қылмыс құрамдарын жіктеудін, яғни оларды белгілі бір
түрлерге бөлудің маңызы зор.
Қылмыс құрамын жіктеудың негізіне әдетте әрекеттің қоғамга қауіптілік
деңгейі, қылмыс құрамын заңда сипаттау тәсілі жәнеқылмыстың объективтік
жагының құрылысы сияқы критерийі) алынады.
Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты қылмыс кұрамдары:
негізгі',сараланган (ауырлататын, саралаушы белгілері бар);артықшылықты
(жеңілдететін белгілері бар) болып бөлінеді.Қылмыстың негізгі құрамы — бұл
белгілі бір түрдегі әрекеттің негізгі, тұракты белгілерінің жиынтығы бар
кұрамы және ол жасалған әрекеттің коғамға кауіптілік деңгейін көтеретін
немесе төмендететін косымша белгілерді қарастырмайды. Мысалы, КК-тің 96-
бабының бірінші бөлігінде көзделген адам өлтірудың құрамы осындай болып
табылады.
Егер қылмыс құрамында осы тектес әрекеттің негізгі белгілерімен қатар
объекті мен жазаны ауырлататын мағлұматта да көрсетілсе, онда мұндай қылмыс
құрамы сараланған кұрам деп аталады.
Мұндай саралайтын белгілер әртүрлі мәні болуы мүмкін: қылмыстың
әлденеше рет қайталануы, тәсілі (аса қатыгездік, зорлық, т.б.) соттылық,
ұйымдасқан топ, бас пайданы ойлау, т.б.
Қылмыстың сараланған құрамы әдетте КК-тің Ерекше бөлімінің тиісті
бабының әртүрлі бөліктерінде болады. Бүған — КК-тің 96-бабының екінші
бөлігінде көзделген адам өлтірудың сараланған құрамын мысалға келтіруге
болады.
Негізгі белгілерінің болуымен қарап қылмес пен жазаны жеңілдететін
заңды да негізгі жауаптылықты а р т ы қ ш ы л ы қ т ы қ ұ р а м деп
атайды. Ол не КК-тің Ерекше бөлімінің бір бабының әр түрлі бөліктерінде, не
бөлек бапта болуы мүмкін, мысалы, адам өлтірудің артыкшылықты құрамы жаңа
туған баланы шешесі өлтіргенде (КК-тің 97-бабы). ондай қылмысты жан
күйзелісі жағдайында жасағанда (КК-тің 98-бабы), қажетті қорғаныс шегінен
асып жасағанда (КК-тін. 99-бабы), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті
шараларды асыра қолданғанда (ҚК-тін 100-бабы) болуы мүмкін.
Қылмыс кұрамыньщ белгілерін занда сипаттау тәсіліне байланысты қылмыс
құрамдары жай, күрделі және балама (күрделі құрамға катысты) болып
бөлінеді.[59].
Қылмыстың ж а й қ ұ р а м ы дегеніміз құрамның қандай да бір
элементінің күрделенуі болмайтын құрамы. Онда бөліктері немесе кезендері
өзінше бөлек қылмысты қүрамайтын, бір әрекеттің сипаттамасы баяндалады,
яғни құрамның элементтерінің әрқайсысы бір нұсқада ғана беріледі.
Қылмыстың күрделі құрамы дегеніміз құрамның қандай да бір элементінің
(объектінің, объективтік жағының, субъективтік жағының) күрделенуі орын
алатын құрамы. Мысалы, қарақшылык жасағанда (екі объектіге қастандық
жасалады — меншікке және адамнын жеке басына), зорлағанда (бірнеше әрекет
жасалады — психикалық әсер ету немесе күш көрсету не жәбірленушінің
дәрменсіздігін пайдалану және жыныстык қатынас жасау), айыптың екі нысаны
болса т. б. (алып жапсыру үшін немесе басқа қажетке адамның органдарын
немесе тәнін еріксіз алуға мәжбүрлеуде ондағы абайсыздықтан адамның қаза
табуы) құрамы күрделі болады.
Күрделі кұрамының басқа бір түрі — балама құрамы; онда қылмыстық
әрекеттің (әрекетсіздіктің) бірнеше нұскасы (варианты) болады, олардың
әрқайсысы қылмыстық объекттінің негіздері бола алады, мысалы, заңды
кәсіпкерлік кызметке бөгет жасау, заңсыз кәсіпкерлік, тұтынушыларды алдау.
Қылмыстың объективтік жағының қүұылысына байланысты қылмыс құрамдарын
жіктеудың практикалық маңызы зор.
Осы критерий бойынша қылмыс құрамдары материялдық, формальды және
қажетті болып бөлінеді.
Қылмыстың салдары оның аяқталуынын қажетті белгісі болып табылатын
қылмыстың құрамдарын қылмыстың материалдық құрамдары деп атайды. Егер
әрекет жасау нәтижесінде қылмыстың мұндай құрамында қарастырылған салдар
туындамаса онда әрекет не қылмыс деп танылмайды (мысалы, абайсыз
деректтерде), не қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу деп сараланады
(көрсетілген салдарға жеткізуге бағытталған қасақана әрекетте).
Қылмыстың формальды құрамдары дегеніміз қылмысты аякталған деп санау
үшін қылмыстық занда көзделген әрекетті жасау жеткілікті болатын кұрамдары;
бұл жерде салдардың қылмыстың міндетті белгісі болуы шарт емес. Мысалы,
мемлекетік сатқындық, шпионаж, зорлау формальды құрамға жатады. Егер де
қоғамға қауіпті салдар іс жүзінде туындаған болса, онда ол формальды
құрамда не саралаушы белгілер рөлін (мысалы, зорлау әрекеті арқылы
жәбірленушіге соз ауруын жұқтыру) аткарады, немесе жаза тағайындағанда
ескеріледі.[6].
Кей жағдайларда заң шығарушы қылмыстын аякталу кезін алдын ала
қылмыстык әрекет кезеңдерінің біріне — қылмысқа дайындалу немесе оқталу
кезіне жатқызады. Мұндай қылмыс аяқталды деп танылу үшін қылмыстық
зардаптың болуы да, оны тудыратын әрекетті аяғына дейін жеткізу де қажет
емес. Кылмыстың мұндай кұрамдары қ и ы л ғ а н к ұ р а м д а р деп аталады
(мысалы, қарақшылық, бандитизм және т. б.).[34].
1.2 Қылмыс құрамының элементтері мен белгілері
Адамдардың істеген кез келген іс-әрекеті сыртқы дүниеде белгілі бір
өзгеріс туғызады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттер де қоғамға зиянды өзгерістер туғызуға
немесе соны болдыру қаупін туғызуы мүмкін. Іс-әрекет арқылы келтірілген
нақты зиянды анықтау арқылы материалдық өмірге нақты қандай өзгерістер
келтіргенін білеміз.
Қылмыстық зардап – бұл қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық
қатынастарға әрекет немесе әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян.
Жаңа қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көрсетілген нормаларға талдау
жасап, іс-әрекетті істеу арқылы заң қорғаған, қылмыстық кодекстің тиісті
бабының диспозициясында бейнеленген қоғамдық қатынастарға қандай өзгерістер
келтірілетінін анықтаймыз. Мысалы, мемлекеттік қылмыстарды (5-тарау)
істегенде мемлекеттің конституциялық құрылысын, егемендігін және
мемлекеттің қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық қатынастарға теріс өзгерістер
келтіреді. Меншікке қарсы қылмыстарды істегенде меншік иесін тікелей
материалдық залал келтіреді. 6-тараудың 178-бабын алатын болсақ, тонау,
яғни бөтен мүлікті ашық ұрлау үш жылға дейнгі бас бостандығын шектеуге, не
алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстардан
(1-тарау) әр түрлі зардаптар – адамның өмірін жою. Әр түрлі дәрежеде
жарақат келтіру, жыныстық немесе адамгершілік қатынастарды бұзу зардаптары
келтіріледі.
Қылмыстық кодекстің нақты баптарының диспозициаларындағы қоғамға зиянды
зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді, түсініктерді
қолданады.[32].
Көп жағдайларда заң шығарушы қоғамға зиянды нақты і-әрекеттен
туындайтын зардаптардың бірнеше балама түрлерін көрсетіп берген. Мысалы,
қылмыстық кодекстің 256-бабында 1-бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтауға жауапты адамның қауіпсіздік ережелерін бұзу абайсызда адамның
денсаулығына ауыр, орташа зиян келтірсе, ұйымға, мемлекетке ірі зиян
келтірсе 103-баптың 1-бөлігінде; адамның өміріне қауіпті немесе көруден
тілден, естуден қандай органның қызметін жоғалтуға немесе бет-әлпетінің
қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен
бірін тұрақты түрде жоғалту, ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек
қабілетін немесе түсік тастауға психикасын бұзуға, есірткемен немесе уытты
умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге
зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру – делінген. Осы сияқты баптардағы
бірнеше балама зардаптың біреуін орындағанның өзінде-ақ іс-әрекетте қылмыс
құрамы бар деп есептелінеді.[15]
Заң шығарушы қоғамға зиянды іс-әрекеттен келтіретін зиянды анықтағанда
ауыр зардап, елеулі бұзу, едәуір зиян, деген түсініктерді
қолданылады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 296-бабы көлік құралдарын
жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану
ережелерін бұзу абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа зиян
келтірсе қылмыстық жауапкершілік туындайтыны белгілеген. Лауазымды адам
қызмет бабына қиянат жасаса (307-бап), салақтық жасаса (316-бап)
мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерге,болмаса азаматтардың құқықтарына
және олардың заң қорғайтын мүдделерін елеулі бұзған жағдайда ғана қылмысқа
тартылатыны атап көрсетілген. Ауыр зардап, елеулі зиян, елеулі бұзу
деген түсініктерді қажет етеді.[5].
Адамға күш қолдану немесе басқадай материалдың игіліктерге тікелей
әсер ететін қоғамға зиянды зардабы көп жағдайда материалдық түрде болуы
мүмкін. Мысалы, кісі өлтірудің зардабы – кісі өлімі, денеге жарақат
түсірудің зардабы- әр түрлі дәрежедегі дене жарақаты. Меншікке қарсы
қылмысқа қол сұғылғанда одан мүліктік зардап туындайды. Тікелей мүліктік
зиян немесе тиісті табыс көзінен айырылуы т.б.
Қоғамға қауіпті істелген іс-әрекетті дұрыс саралауды шешу үшін көп
жағдайларда келтірілген жағдайлардың түрін ғана емес, оның шамасын
анықтаудың маңызы зор.
Көрсетілген белгі бойынша денсаулыққа зиян келтіру ауыр, орта жеңіл
болып белгіленген (Қ.Қ. 103,104,105 – баптар). Материалдық залалдық мөлшері
кейде заңның өзінде атап көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 175-бабының
ескертуінде ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу. Сәтіне Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есепті көрсеткіштен бес жүз
есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады делінген.
Мұның өзі бөтеннің мүлкіне қол сұққандардың қоғамға қауіпті іс-әрекетін
баптың тиісті бөлімдері бойынша мемлекетке ірі залал келтіру арқылы немесе
ірі мөлшерде қылмысты қол сұққаны үшін дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқықта заң шығарушының тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс
құрамына объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалды және
формальды деп екі түрге бөлінеді.
Объективтік жағы тек қана бір заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс-
әрекеттен (әрекет немесе әрекетсіздіктен) құралған қылмыс құрамы формальды
қылмыс құрамы деп аталады.
Объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен қатар нақты белгілі бір
қоғамға қауіпті зардапты көрсеткен қылмыс құрамы материалдық құрам деп
аталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңдарда формальды қылмыс құрамының
саны басым. Мысалы, Формальды қылмыс құрамына жататын қылмыстар бандитизм
(237-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), қарақшылық (179-бап),
қызмет жөніндегі жалғандық (314 бап) т.б.
Заң шығарушы материалдық құрамдарда қоғамға зиянды зардаптардың
міндетті түрде болуын көрсетеді.
Қылмыс құрамын материалдық немесе формальдық деп бөлу арқылы нақты
қылмыстың аяқталу кезеңін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.[6].
Кісі өлтіру құрамы қылмыстын кісі өлімі нақты болған уақыттан бастап
аяқталған қылмыс деп аталады, егер мұндай іс-әрекеттегі кісі өлімі
болмаса, онда бұл әрекетті кісі өлтіруге оқталғандық деп бағалайды.
Заң шығарушы арқылы қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкіндігі
көрсетілген қылмыстар да формальды қылмыс құрамына жатады.
Мысалы, Қылмыс кодексінің 116-бабындағы басқа адамды көрмеу ВИЧ (ЖҚТБ-
ны жұқтыру) қаупіне қалдырғаны үшін объекті белгіленген. Мұндай қылмыстар
формальдық құрамға жатады. Және қылмыстық заңда көрсетілген әрекеттер
істелген жағдайда аяқталған деп есептеледі. Еңбек қорғау ережелерін бұзу
нәтижелерінде адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса (152 бап) онда қылмысты
саралау басқа мағына алып, оның объективтік жағы формальды қылмыстардың
құрамынан материалдық қылмыс құрамына ауысып кетеді.[6].
Заң шығарушы кейде нақты қылмыстың объективтік жағын белгілегенде бір
құрамның өзінде қоғамға зиянды зардаптың болуы немесе болмауы мүмкін
екендегін көрсетеді. Мұндай құрамдарды балама формальды-материалдық құрамға
жататын қылмыстар деп атайды. Мысалы, алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен бөтеннің мүлкіне құқық алу (177-бап), радиактивті материалдарды
сақтау, пайдалану, есепке алу, көп тасымалдау, ережелерін және олармен
жұмыс істеудің басқа да ережелерін бұзу әрекеттері адамдардың өліміне
немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін болса (249-бап 1-
бөлігі) сонымен қоғамға зиянды зардап деп қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық
қатынастарға іс-әрекет арқылы келтірілетін зиянды айтамыз.
Келтірілген зиян материалдық және материалдық емес, формальдық болып
бөлінеді.
Қылмыстың объективтік жағының құрылысы қылмыстың аяқталған кезеңін
анықтау және оны дұрыс саралау үшін өте маңызды.
Қол сұғушылық жасалатын объектіні зерттеудегі маңызды да, сонымен қатар
даулы көзқарастардың бірі — қылмыс заты болып табылады.
Қылмыстық кұкық теориясында бұл мәселені шешудің екі жолы бар.
Біріншісі— қылмыс затың тек практикалық тұрғыдан тар мағынада қарастыру.
Мысалы, заңды оқу орындарына арналған коптеген қазіргі оқулықтарда қылмыс
заты ретінде қандай да бір қылмыс жасалғанда белгілі бір әсерге ұшырауы
мүмкін сыртқы дұниенің материалдық заттары алынған. Көптеген авторлар сырт
көзге көрінетін, қабығы, өлшемі мен тұрқы бар, белгілі бір материалдық
кейіптегі заттар мен құндылықтарды ғана қылмыс затына жатқызады. Осыған
сүйеніп олар қылмыстық заңда өзінің әсер ететін заты жоқ қылмыстардің
көзделгендігін айтады.
Қылмыс заты — түйсініп, қабылдауға және өлшеуге болатын материалдық
заттар, құндылықтар екендігі даусыз. Олар қылмыстың белгілерін, сипатын
және мұндай әрекетті жасау тәсілін анықтауда маңызды рөл атқарады. Оның
жіктеп, топтастыру және саралау кезінде де маңызы бар. Кейбір жағдайларда
заттың белгісі объектыны ауырлататын мән-жайлар ретінде де қарастырылуы
мүмкін (мысалы, Қызыл кітапқа енгізілген балықтардың, жануарлардың бағалы
тұкымдарын аулау, ұрланған құжаттың аса маңыздылығы, т.б.). Қылмыстық жаза
шарасын белгілеу де көп Жағдайда затқа — материалдық құндылыққа байланысты
болуы мұмкін (мысалы, бас пайдасы үшін жасалған қылмыстағы залалдың
мөлшері).
Осы сияқты қылмыс жасалғанда затқа қандай да бір залал келуі мүмкін
(мысалы, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру), ал бірқатар жағдайларда ондай
залал келмеуі де мүмкін (мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлаған адам сол заттардын
бүлінбеуіне барлык шара колданады).
Мұндай затты қылмыскердін объектіге, оның ішінде заттың өзіне белгілі
бір ықпал жасауына мүмкіндік беретін қылмыс құқығын ажырата білу қажет
(мысалы, бөтеннін мүлкін бүлдірудегі балта, мал ұрлаудағы автомобиль).
Сонымен қатар бір заттың өзі әрі қылмыс жасау құралы әрі қылмыс заты болып
та, әртүрлі рөл аткаруы мүмкін, мысалы — атылатын қаруды ұрлау кезіндегі
қару және адам өлтіру үшін кажетті кару.
Дегенмен де, қылмыс заты мәселесін шешудің екінші жолы — қылмыс затын
кең түсінікте қабылдау алдыңғыға қарағанда онды әдіс. Бұның мәні кез-келген
қоғамдық қатынастың, жалпы алғанда, занды және жеке тұлғалардың белгілі бір
құндылыққа қатысты ара қатынасын көрсететіндігінде. Бұл, белгілі бір әрекет
түрінде болуы мүмкін (мысалы, кәмелетке толмағанды маскүнемдікке азғыру
немесе есірткі тұтынуға көндіру). Қылмыс объектісінің құрылымдық
элементтері қоғамдық қатынастардың субъектілері де болуы мүмкін (мысалы,
өзіне жарақат салу арқылы әскери қызметтен жалтару).
Қатынас жайын әр қырынан сөз етуге болады. Мысалы, К.Маркс былай деп
жазады: ақша формасы бір тауарда сіресіп қатып қалған, сол тауарға деген
баска тауарлардың қатынасының шағылыс сәулесі. Акшаның тауар екендігі оны
тек дайын формасында қабылдайтындарға ғана жаңалық болып көрінетіндігі
болмаса ешбір дау тудырмайды. Ақшаға қатысты коғамдық қатынастардын бәрінде
де мүлікке катысты барлык белгілер бар.
Адамдардың өзара қарым-қатынасындағы заттар мен нәрселердің атқаратын
рөлі жөнінде Ф.Энгельс былай дейді: "саяси экономика заттарды емес, адамдар
арасындағы, айта келгенше таптардың арасындағы қатынастарды қарастырады, ал
бұүл қатынастар әрқашанда заттармен байланысты және әр кез заттар түрінде
көрініс табады"1.[57]
Әйтсе де мүліктің затпен арақатынасы, кейбір ерекшеліктермен —
сапасымен, мүліктік қасиетімен, салыстырмалығымен т.б. сипатталады. Мүлік,
қасиет және қатынас категориалық шарада бір-бірімен тығыз байланысты және
олар біріне-бірі ауыса алады.
Сондықтан да, "затсыз" (яғни, заты жоқ) деп аталатын қылмыстар коғамда
болмайды. Барлық қылмыстардың өз заты бар. Бірақ ол белгілі бір құралдардың
көмегімен заттанған, материалданған және материалданбаған, қиын бағаланатын
несіптен бағаланбайтын бола алады.[11].
Қылмыс құрамдары бір жағдайларда қол сұғу заты қарастырылып, баска
жағдайларда қарастырылмайтындығына емес, бір құрамдарда мұндай заттар
міндетті белгі ретінде енгізіліп, басқа құрамдарда олар жай ғана
ескерілетіндігіне қарай өзара бір бірінен бөлінеді. Сондықтан да, мысалы,
адамды қорлау немесе жала жабу сияқты қылмыстарды затсыз деп санауға
болмайды. Бұл жерде де қылмыс заты бар; мұның құраушы анықтаудағы, әрекетті
саралаудағы және жаза белгілеудегі маңызы бөтеннің мүлкін ұрлағандағы
материалдық заттан кем емес. А.А.Пионтковский "қылмыс объектісіне қарағанда
қылмыс құрамының элементі болып табылатын зат жайында тек оған объектімен
салыстырғанда қол сұғушылық жасалмаса ғана сөз болуы мүмкін және болуы
керек"— дейді1.
Қылмыс заты — кез-келген қылмыс объектісінің қажетті элементі; оған
ықпал жасай отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге
елеулі зиян келтіреді.
Қылмыс затына қылмыс құралының да қатысы бар.
Қылмыс құрамы ұғымының тек теория жүзінде ғана емес, практикада да:
қаруды, қылмыс құралын міндетті түрде тәркілеу жөніндегі қылмыстық,
қылмыстық-іс жүргізу эаңда- рының талаптарына байланысты әрбір нақты
қылмыстық әрекетті саралау үшін маңызы зор.
Қылмыс құралы ұғымының қылмыс затына да белгілі бір қатысы бола алады,
себебі кейбір ғалымдар қылмыс заты деп тек материалдық заттарды ғана
түсінеді. Бұл ұғымдардың ортақтығы осы жерден байқалады.
Бірақ қылмыс затының қылмыс құралынан айырмашылығы олардың бірдей
материалдық нысанда бола тұрып, жасалған қылмыста әртүрлі әлеуметтік рөл
атқаратындығында. Мысалы, мемлекеттік немесе қоғамдық мекемеге, не жеке
адамға тиесілі автомобиль (оны ұрлағанда, айдап әкеткенде, жойғанда немесе
бүлдіргенде) қылмыс заты бола алады.
Десе де мұндай автомобиль бөтеннің мүлкін ұрлаудың құралы болуы да
мүмкін (мысалы, мал немесе астық ұрлағанда).
Практикада "заттың" материалдық зат ретінде қылмыс құралымен толық
үйлесім табуы да мүмкін. Бұған мысал: "АН-24" жолаушылар ұшағын басып алып,
жолсерікті өлтіріп шекара асып кеткен өкелі-балалы Бразинсастардың ісі.
Бұл жерде және осыған ұқсас жағдайларда біз қылмыстың бірнеше өзіндік,
дербес кұрамдарын байқаймыз: ұшақты (мемлекет мүлкін) ұрлау; көлік құралын
айдап әкету; мемлекеттік шекарадан заңсыз ұшып өту; азаматты өлтіру;
жекелеген адамдардың денсаулығына зиян келтіру; атылатын қаруды заңсыз
сақтау және т.б.
Егер айыпкер ресми құжатты қолдан жасап және алаяқтық жолмен осы
құжаттың көмегімен, басқа занды немесе жеке тұлғадан ақша немесе баска
мүлік алса, онда бұл зат қылмыстық қол сұғу заты (ресми құжатты қолдан
жасау үшін) және бөтеннің мүлкін алаяктықпен иемдену құралы болып саналады.
Қылмыстық қол сұғу заты және құралы мына мысалдан көрініс табады:
Троллейбус жұргізушісі А. бейқамдықтаи жол апатьш тудырып өзі айдап жүрген
көлікке сондай-ақ басқа мемлекеттік мүлікке (соғылып қалған автобусқа)
оларды майыстырып, бұзып зиян келтіреді. Бұл жағдайда троллейбус бір
мезгілде жол апатын жасау құралы және қылмыстық қол сұғушылық заты болып
тұр.[42]
1.3 Қылмыстық зардап пен қылмыс заты
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез – құлқылың
сыртқы көрінісін білдіреді.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сай (9-бап) ондай мінез – құлық
біріншіден қоғамға қауіпті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы, болуы керек.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан
тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын қоғамдық
қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу, қаупін тудыратын
қоғамға қауіпті іс әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын қоғамға, қауіпті
зардап деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс - әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын
байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға
қауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті жағының белгілері болып
табылады. Адамның мінез – құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті
іс-әрекет белгілері бір кеңестікте және уақытта орын алатын нақты көрініс
болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекеттің
істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік
жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс
әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы
нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтаған да қоғамға қауіпті іс-әрекеттің
белгілі бір жағдайда істелгетіні туралы да еске салады. Демек мұндай
жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып табылады. Кез
келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен кейбір реттерде нақты
құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы,
кісі өлтіру, бірнеше түрде болуы мүмкін: ол пышақтап өлтіруі, атып өлтіруі,
машинамен соғып өлтіруі , қылқындырып өлтіруі және ұрып өлтіруі мүмкін және
сондай-ақ басқа тәсілдерді қолдануы әбден мүмкін. Қылмыс жасаудың тәсіліне
алдау немесе сенім қиянат жасау болуы мүмкін. Осы айтылып өткендерге
байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымда да
қылмыстық объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Кез
келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт
элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық нормамен белгіленген қылмыс
құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты
қандай белгілерден тұратынын анықтау өте қажет. Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің нақты нормаларын талдағанда, жоғарыда, көрсетілген қылмыстық
объективтік жағының барлық белгілері түгелдей дерлік, нақты нормалардың
әрқайсысында кездесе бермейді.
Көптеген жағдайда, қоғамға қауіпті іс-әрекеттен міндетті түрде
туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты)
болуын заңның өзінде атап көрсетеді.[27-28].
Мұндай ретте заң шығарушы объективтік жақты уақытың, орынын, жағдайын,
тәсілін немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.
Біршама қылмыстық-құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап
өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (312-бап), адам өлтіру (46 бап),
ұрлық (175-бап).
Кейбір жекелеген қылмыстыққұқылық нормаларда қылмыстық істелген орны,
уақыты немес жағдайы тура көрсетіледі, яғни, қылмыстың объективтік жағымың
мазмұнына тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті
әрекет немесе әрекетсіздік кез келген қылмыс құрамының объективтік жағының
міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығында факультативтік
белгілер болып табылады.[1-5].
Қылмыстың объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін дәлме-
дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс саралаудың
негізі болып табылады. Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы
өзара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туады
(мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқтықты ұрлықтан т.б.). Осыған, байланысты
қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды
элементтер қатарына жатады.
Объекті — құрамның міндетті элементтерінің (жақтарының) бірі, сондықтан да
объектісіз қылмыс жоқ. Қылмыстык заңда қылмыс деп қарастырылған кез-келген
коғамға қауіпті әрекет белгілі бір объектіге бағытталады. Қылмыстық
озбырлык жасалғанда объектіге елеулі нұқсан келеді немесе накты қауіп
төнеді. :
Объектіні дұрыс анықтаудың қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқыктық
табиғатын(заңдық түп тамырын), жасалған қылмыс үшін белгіленген
қылмыстықобъектінің нысанын және мөлшерін шегін айқындаудағы маңызы зор.
Объектіні анықтау қылмыстың өзара ұқсас құрамдарын бір- бірінен,
қылмыстық әрекетті қылмыстык емес әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді.
Осы сиякты, әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейі кандай объектіге
қастандық жасалатындығына көп байланысты, сондықтан да қазіргі күшіндегі
қылмыстық заңда былай деп көрсетілген: "қылмыстық занда көзделген қандай да
бір әрекеттің формальды болса да белгілері бар әрекет немесе әрекетсіздік
қылмыс болыптабылмайды, егер оның коғам үш ін қауіптілігі елеусіз болса".
Объекті рөлі мұнымен шектелмейді.
Қылмыс объектісінің белгісі бойынша заңшығарушы қылмыстық құқықтық
нормаларды жүйелеу және кодификациялау секілді күрделі жұмыстарды
жүргізеді.
Бұрынғы Одақ құрамында болған елдердің көптеген юоретиктерінің пікірі
бойынша қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жаткызылған.
Қоғамдық қатынастар — қатынас деген жалпы ұғымның ең күрделі түрлерінің
бірі. Әдістемелік, анықтамалық басылымдарда қатынасқа "барлық кұбылыстардың
өзара байланыс сәті"деп анықтама берілген.
Коғамдык қатынастарда ерекше сипат бар. Мұнда адам әлеуметтік тұлға
ретінде өзекті буын болып саналады. Адам өзі жасаған заттарменнәрселермен,
объективтік дүниемен және басқа да адамдармен белгілі бір қатынаста болады.
Нәтижесінде ол өзі игерген әлемде өз ісіне өзі адам ретінде есеп береді,
ақылға келіп басқа адамдарға өзінде қарайды. Адам санасының қоғамдық
жаратылысын және таным процесіндегі қоғамдық катынасты зерттеудің
қажеттігін осы жағдайлармен түсіндіруге болады.[23-26].
Қоғамдық катынастар адамдар арасында олардың күнделікті іс-әрекетінде,
танымдық және рухани өмір тірлігі барысында қалыптасатындығымен
сипатталады. Сондықтан да қоғамдык қатынастар жүйесінде бірінші кезекте,
басқа қоғамдык қатынастардың сипатын (саяси, кұкықтық, діни, т.б.)
анықтайтын өндірістік катынастар қарастырылады.
Қоғамдық қатынастар өзінің сипаты жағынан да, құрылымы жағынан да өте
күрделі құбылыс бөлып табылады. Дегенмен қоғамдық қатынастардың басты
элементтері мыналар болуы мүмкін: қоғам, мемлекет және оның қалыптасуы,
құрылымдар және олардың өкілдері; әртүрлі бірлестіктер мен адамдар ұжымы,
жеке адамдар; материалдық заттар және қоғамдық қатынасқа қатысушылар
арасында әртүрлі нысанда, оның ішінде құқықтық нысанда көрініс табатын
өзара байланыс.
Қандай да бір қылмыс жасағанда адам қоғамдық қатынастың қандай да бір
элементіне қол сұғып, озбырлық жасайды, олардыңөзара байланысымен бұзады,
қоғамдық қатынасқа қатысулардың мүддесіне тікелей немесе жанама нұқсан
келтіреді.
Қылмыстық заң қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды, тек
олардың ішіндегі, заң шығарушының ойынша, ең кұнды дегендерін ғана
қорғайды. Олар озгеріп тұрады. Олардың өзгеруі көптеген мән-жайларға
байланысты, мысалы: ерекше тарихи кезеңге, қандай да бір нақты жағдайға,
уақытка, белгілі бір қоғамға қарсы әрекеттердің (әрекетсіздіктің) қоғамға
қауіптілік деңгейінебайланысты.
Қылмыстықзаңда кылмыстықозбырлықтан қорғалатын аса маңызды коғамдық
қатынастар ауқымы анықталған. Мысалы, 1959 жылғы Казақ КСР
Қылмыстықкодексінің 7-бабында "егер коғамдык кұрылыска, саяси және қоғамдык
жүйеге, меншікке, адамға, оныңсаяси, еңбек, мүліктік және баска құқықтары
мен бостандықтарына, сондай-ақ қоғамдағы құқық тәртібіне карсы бағытталса,
қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті әрекет (әрекетсіздік) — қылмыс деп
танылады" деген норма арқылы бірдей қылмыстың не екені және ол бағытталатын
қоғамдық катынастар ауқымы айқындалған, сондай-ақ Кодекстің I -бабында
қоғамдық тәртіптің осы аталған маңызды салаларын қорғау қылмыстық заңнын
алдында тұрған міндет деп көрсетілген.
Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 2-бабында: "Осы Кодекстің
міндеттері: адам мен азаматтың құкықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдык
тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Казакстан Республикасының
конституциялык құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің
заңмен корғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан корғау, бейбітшілік
пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып
табылады" делінген.[6-9].
Бұл нормадан байқағанымыз — қылмыстық озбырлыктан қорғалатын объектілер
біршама айқындалған және кеңейтілген (бейбітшілікті және адамзат
қауіпсіздігін, қоршаған ортаны, т.б. корғау). Әрине, келешекте Ерекше
бөлімнің тарауларында көрсетілген жеке, ұжымдық, қоғамдық, мемлекеттікжәне
халықаралық мүдделерді қорғау сияқты қылмыстыққұқықтық қорғау объектілері
жоніндегі жеке, дербес нормаларды бөліп орналастырған дұрыс.
Қылмыс объектілерін ары карай нақтылау қандай әрекетті қылмыс деп
тануды анықтайтын және қылмыстық жазалау шараларын белгілейтін Қылмыстық
кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында да орын алуға тиіс.
Қылмыс объектісін қылмыстық кұкықтық реттеу объектісінен ажырата білу
қажет (қылмыстық құкықтык қатынастар).
Қылмыстық кұқық, басқа да кұқық салалары сияқты, бәрінен бұрын
құқықтықреттеу объектісі бойынша дербес салаларға бөлінген. Бұларға өзінің
өкілетті өргандары арқылы мемлекеттің және де есі дұрыс, белгілі бір жасқа
жеткен, қылмыстык жаза карастырылған әрекет жасаған азаматтың арасында
туындайтын қоғамдык қатынастар жатады.
Сонымен, жоғарыда атап көрсеткеніміздей коғамдык және мемлекеттік
құрылыстың әр саласында, ондірістік, коғамдык, рухани процестерде және
адамдардың жеке өмірінде калыптасатын қоғамдық катынастар — қылмыс
объектісі болып табылады.
Кейде қылмыс объектісі мен қылмыстықкұкыктық корғау объектілері
ұғымдарының ара қатынасы жайында мәселе туындайды. Мұның бірақ жауабы бар:
бұл ұғымдар нақты өмірде біріне-бірі сай келеді, сондықтан да оларды
синоним ретінде пайдалануға болады және солай ету қажет те.
Кылмыс объектісінін жалпы ұғымын сипаттау объектілерді жіктеу мәселесін
қарастыруға да мүмкіндік береді.
2. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ЗАРДАПТАРЫ
2.1 Қылмыстың тікелей объектісінің мәні
Нақты қылмыс құрамдарының белгілерін айқындау және жалпылай қорыту
негізінде қылмыстық құқық теориясы ҚК-тің Ерекше бөлімінде өзделген
қылмыстардың барлык құрамдарына тән элементтерді сипаттайтын қылмыс құрамы
деген жалпы ұғымды тудырды.
Заң әдебиеттерінде қылмыстың әрбір кұрамында оның мынадай міндетті төрт
элементі: объектісі, объективтік жағы,субьектісі және субъективтік жағы
болады деп көрсетілген. Қылмыс кұрамының бұл элементтері өзара тығыз
байланысты. Жасалған әрекетте бұлардың ен болмағанда біреуінің ғана болмауы
— тұтасымен қылмыстың кұрамы жоқ, демек мұнда қылмыстық объектінің негізі
де жоқ дегенді білдіреді.
Қылмыс объектісідегеніміз қылмыстық заңмен қорғалатын және қылмыстан
зиян келетін әлеуметтік құндылык. Отандык қылмыстық кұқықтық ғылым мұндай
игіліктердің қатарына қылмыстық заңмен корғалатын қоғамдық қатынастарды
жаткызады.
Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердің
жиынтығы қылмыстың объективтік жағын құрайды. Мұндай белгілерге адамның
қоғамға қауіпті әрекеті (белсенді мінез-құлқы) немесе әрекетсіздігі (енжар
мінез құлқы) жатады, мысалы, ұрлық — біреудің мүлкін жасырын ұрлау немесе
кызметтегі әрекетсіздік.[17].
Қылмыстардың көптеген құрамдарынын объективтік жағы қылмыстық әрекеттен
немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстық салдарды, (қылмыстың зардабын)
онымен адам әрекеті арасындағы себепті байланысты да қамтиды.
Мысалы, меншіккерге немесе мүліктің басқа да иесіне ұрлық әрекетінің
салдарынан мүліктік залал келсе ғана ұрлык құрамы, ал айыпкердің әрекеті
салдарынан жәбірленуші қаза тапса кісі өлтіру құрамы болады.
Бұл аталған белгілерден басқа, объективтік жаққа — қылмыстың жасалу
жағдайы, уақыты, орны, тәсілі, және оны жасау қаруы мен құралыда жатады.
Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық занда
көзделген белгілер бар жеке тұлға. Ол белгілерге оның есінің дұрыстыгы,
белгілі бір жасқа жеткендігі, ал кейбір жағдайларда, арнайы белгілер
дежатады.
Қылмыстың субъективтік жағы адам мінез құлқының ішкі, психикалық кейпін
сипаттайтын белгілер жиынтығынан кұралады. Мұндай белгілерге кінә, қылмыс
жасаудағы ниет (себеп) пен мақсат жатады.
Қылмыс құрамының бұл көрсетілген әрбір элементі арнайы зерттеуді кажет
етеді, сондықтан да бұл тарауда оларға тек жалпы анықтама беріліп олардың
жалпылама мән-маңызы ғана көрсетілді.
Теория жүзінде қылмыс құрамының н е г і з г і (міндетті, жалпы,
кажетті) және а р н а у л ы (факультативтік, қосымша) белгілері бөлініп
көрсетілген.Негізгі белгілер — әрбір қылмыстық кұрамда болатын белгілер,
олардың ең болмағанда біреуінің болмауы қылмыстық құрамның жоқ екендігін
көрсетеді
Негізгі белгілерге мыналар жатады:
Қылмыс объектісінде — қылмыстық заңмен қорғалатын коғамдык қатынастар;
обьектывтік жақта—жасалған әрекет (немесе әрекетсіздік);
субъектіде— накты адам (жеке тұлға) оның есінің дұрыстығы, жасы;
субъективтік жақта — кінә.
Қылмыс құрамыныңарнаулы белгілері дегеніміз зан шығарушы негізгі
белгілерге қосымша ретінде қылмыстың кейбір жеке құрамдарын құрастырғанда
пайдаланатын белгілері.
Арнаулы белгілерге мыналар жатады:
объектіде— оның құрылымы, мазмұны, және де қылмыс заңы;
обьективтік жақта — зардап (салдар), себепті байланыс, қылмыстың жасалу
жағдайы, уақыты, орны, тәсілі, қаруы және құралы;
субъектіде— лауазымдық немесе қызметтік жағдай, соттылық, т.б.;
субъективтік жақта — қылмыс жасаудағы ниет және мақсат жатады.
Қылмыс кұрамы белгілерін негізгі және арнаулы деп бөлудін тек теория
жүзінде ғана маңызы бар екендігін, оның қылмыстық занды оқыту мақсатында
ғана пайдаланылатындығын ескерген жөн.
Тәжірибеде мұндай бөлу шартты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz