Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кірспе . . . 3

1 Тарау. Қылмыс құрамының ұғымы, белгілерімен түрлері .

1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы . . . 6

1. 2 Қылмыс және қылмыс құрамы . . . 12

1. 3 Қылмыс құрамының түрлері және қылмысты дәрежелеу . . . 14

2 Тарау. Қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы .

2. 1 Қылмыстың обьектісінің түсінігі мен маңызы . . . 22

2. 2 Қылмыстың объектілерінің түрлері . . . 33

2. 3 Қылмыстың заты . . . 35

3 Тарау. Қылмыс обьектілерін анықтаудағы басты мәселелер .

3. 1 Қылмыс обьектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы . . . 44

3. 2 Қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі қылмыс обьектісінің маңызы . . . 51

Қорытынды . . . 58

Қолданылған әдебиеттер . . . 61

Кіріспе

Бұл дипломдық жұмыстың өзекті болуы мынада :

Қылмыстың кұрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жаткызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жактарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыс кұрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады.

Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементгерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенін болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады.

Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады:

  • объект,
  • объективтік жағы,
  • субъект,
  • субъективтік жағы.

Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол-үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.

Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ.

Әрбір қылмыс құрамынын белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып керсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген.

Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың обьектісін анықтаудың маңызы зор.

Әр бір істелген қылмыс белгілі бір обьектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын обьектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес. Сондықтан да қылмыстық қол сұғушылықтың обьектісін дұрыс анықтаудың теориялық, тәжірибелік маңызы ерекше.

Зерттеу мәні:

Қылмыс обьектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық құқықтық қорғау обьектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Обьекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың обьектісі деп қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әр бір істелген қылмыс белгілі бір қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қауіпін туғызады. Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы обьектісі деп таниды. Қылмыстық заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың тізбесі Қылмыстық кодекстің оның заңдарының міндеттерін айқындайтын 2- бабында атап көрсетілген.

Зерттеу әдістері:

Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда онын іс-әрекеті занның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады. Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады.

Мұндай кұбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, онын белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.

Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс кұрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің, негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық занда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

Ғылыми жаңалығы:

Міне, осындай күрделі мәселелерді шешу мақсатында жоғарыда аталған жағдайларды саралап, оны терең түсіну сонымен қатар қылмыстылықпен пәрменді күрес жүргізуде кеңінен қолдана білу, қылмыстық заңдарды жетілдіруді мәселенің өзегі ретінде алып, бұл жұмысты жазу қарастырыған: Шетел сөздерінің сөздігінде "объект" сөзі латынның оbjectum" - қандай болса да қызмет, әрекет, бағытталған зат, құбылыс екендігі айтылады.

Зерттеу құрылымы:

Бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізеледі, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі.

Бірінші бөлімде қылмыс құрамы ұғымы, белгілері мен түрлері, бұл тарауда қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы баяндалып, қылмыс құрамының жекелеген түрлеріне түсініктеме бере отырып, қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу мәселесіне тоқталдық.

Екінші бөлімде қылмыстың обьектісі және оның қылмыстық құқықтық маңызы бұл тарауда қылмыс обьектісі, оның мәні мен түрлері сараланды және қылмыстың затына сипаттама берілді.

Үшінші бөлімде қылмыс обьектілерін анықтаудағы басты мәселелер атап айтқанда. Қылмыс обьектілерін анықтаудың қылмыстық іс-әрекетті саралаудағы маңызы. Қылмыстық жауаптылықтың негізі ретіндегі қылмыс обьектісінің маңызы қарастырылды.

Соңында қорытынды жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді. Зерттеу нәтижесі қорытындыда қарастырылады.


1 Тарау. Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері мен түрлері

1. 1 Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы

Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп - қылмыстық заң бойынша қоғам қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен смпатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементгерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінін жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады; объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

Сурет 1. 2. 1 - Қылмыс құрамының элементтері

Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды.

Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әртүрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мұның өзінде диспозициялардың қылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер

Жалпы бөлімнің баптарында анықталады, Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған. Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі - басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаумен ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды.

Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңьтзы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т. б. ) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.

Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі - оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы-тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылъқ нормада-бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап - қызмет жөніндегі жалғандық. [1]

Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініпі, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.

Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың, ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы - адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетіңде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды. Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді. Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің. әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгілері бар.

Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты. Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органының қызметкерлерінің қасиетті борышы. Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады.

Зандылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады. Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. [2]

Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.

Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол зандылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ, қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек. Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, зандылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.

Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.

Ал енді, Трайнин Л. Н. қөзқарасы бойынша талдау жасап көрейік Қылмыстың анықтамасы кез-келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлік және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажырытуға көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.

Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір-бірінен ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізде зерттеуде А. Н. Трайнин үлкен үлес қосқан. [11]

Қылмыстық құқық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген обьективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияда қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективті жағы, субъектісі және субъективті жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады.

Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол сұғушылықтан қылмыстық кодексінің 2-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген:

  • адам мен азаматтың құқықтары,
  • бостандықтары мен заңды мүдделері меншікті,
  • ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері,
  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта,
  • Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы,
  • қоғам мен мемлекеттің

Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі бір шартты жағдайда осы зияндыы тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптан басқа қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себептік байланыстар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары жатады.

Қылмыс субъектісі болып, дені сау қылмыс жасаған және жасаған әрекеті бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке тұлға. Мұндай қабілеттілік қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасымен (ҚР ҚК-нің 15-бабы) және тұлғаның ақыл-есінің дұрыстығымен, яғни өзінің істеген іс-әрскетіне жауап беретін және оны басқара алатындығымен анықталады. Мұндай қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дұрыс еместігі жөніңде ҚР ҚК-нің 16-бабында көрсетілген.

Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында жеке тұлғалардың жауаптылығымен бірге заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек. Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар қолданылады. Заңды тұлғаларға қылмыстық-құқықтық санкцияларды қолдану (мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарына) ондай өндіріс орындарының иесіне немесе басшысына «тисін» деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспсен айналысу экономикалық пайдасыз екенін көрсету.

Еуропа кеңесілін жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978 жылы еуропалық мемлекеттің заңгерлеріне заңды тұлғаларды экологиялық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына тұру керек дегенді ұсынған. Мұндай ұсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық заңдарында және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған. Әрине, заңды тәжірибеде жеке тұлғаның жауаптылығымен бірге заңды тұнғаның жауаптылығын көрсету, бұл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі болып табылады. Соңдықтан да ол жалғыз ғана мүмкіңдік больш табылатын жерлерде, ол мүлтіксіз болу керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды яғни заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ұсынса, онда ол алғашқысымен бірге өмір сүре алады және ол оны толықтыра түседі.

Қылмыс құрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекетіне немесе әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бұған кінә және оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады (ҚК-тің 19, 20, 21-баптары) .

Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субъективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамының белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.

Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен қарастырылады, Бірақ қылмыс құрамының белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын-ала және бірлесіп жасаған қылмыстық әрекеттері туралы айтылады.

Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді:

қажетті және факультативті.

Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады, Сондықтан олар кез-келген қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстық заңмен рұқсат етілмеген әрекет қылған адамның ақыл-есінің дұрыстығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық объектісінің түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай
Қылмыс объектісінің түрлері
ҚЫЛМЫС ОБЬЕКТІЛЕРІН АНЫҚТАУДАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Қылмыстық құқықтың барлық ұғымдары мен категориялары
Қылмыстың құрамы және оның маңызы
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыс құрамы саралаудың заңдық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz