ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі: КІРІСПЕ
: 7
:

1

1. 1

1. 2

1. 3

Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қылмыстық іс жүргізу түсінігі мен мәні

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін

қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және

конституциялық қағидалары

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесі

:

10

10

25

27

:

2

2. 1

2. 2

2. 3

Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін

қамтамасыз етуші органдардың өзара қызметінің

ұйымдастырушылық нысандары

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және оларды қолдану тәртібі

Қылмыстық іс жүргізу барысынды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты құқықтық қатынастардың субъектілері

:

32

32

36

44

:

3

3. 1

3. 3

Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ

НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін

қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану және оларды жетілдіру жолдары

Қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттік қорғалатын тұлғаларға әсер ету бағыттары.

:

51

51

53

:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:
:
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі: ҚОРЫТЫНДЫ
: 59
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:
:
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 62
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі:
:
:
Қысқартулар, арнайы символдар мен терминдердің тізімдемесі: ҚОСЫМША
: 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: - отандық заңнамада Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бұрыннан қалыптасқан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізушілік кепілдіктердің қазіргі заман талабына сәйкес келмеуі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кепілдіктердің жеткіліксіздігі тек Қазақстанда ғана емес, сондай ақ бірқатар алыс және жақын шет елдерде де орын алған. Осыған байланысты, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары процессуалдық қорғау шараларының жүйесі жасалып, қылмыстықтылықпен күресуде қолданылып келеді.

Аталған саладағы криминогендік жағдай, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы салалық заңдардың қарама-қайшылығы, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық қорғалмағандығы, сондай-ақ еліміз бекіткен халықаралық-құқықтық міндеттемелерді орындау қажеттелігі, заң жүйесін және құқық қорғау органдарының қызметін реформалауды талап етеді.

Құқықтық және процессуалдық кепілдіктер әділеттілікті орнатудың барлық салаларында құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінің тиімділігін айқындайды.

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құру идеясын іске асыру қылмыстылықпен күрес саласында, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудегі жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құқықтарының сақталуын кепілдеуді көздейді.

Қазіргі кезеңде қылмыстылық әлеуметтік факторларды шиеленістіретін құбылыстардың алғашқы орындарын алады. Қоғамда ұйымдасқан қылмыстылық пен жемқорлықтың өсуі жағдайында, құқық қорғау органдары мүдделі тұлғалар тарапынан белгілі бір деңгейде қарсылыққа тап болып отыр.

Осы аталғандарға байланысты қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып, елімізде сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіруде.

Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан қорғауға алынбай келді. Қылмыстық қудалау және сот органдары аталған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңдардың нормаларын бұрыннан бері дұрыс және тиісті түрде орындамай келеді. Мұндай жағдай қазіргі уақытта да орын алып отыр. Біздің ойымызша, адамдардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуден жалтарудың да басты себебі де осында.

Қылмыстың жәбірленушілері мен куәлары қылмыстық әлемнің және оның өкілдерінің кек алушылық әрекеттерінен қорқып, өзіне қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген міндеттерді атқарудан бас тартады. Халықаралық қауымдастық сарапшыларының пайымдауынша, «құқық қорғау органдарына көмек көрсеткісі келетін тұлғаларға қатысты қорқыту және күш қолдану әрекеттерінің жиі орын алуы, қылмыстық сот өндірісі жүйесінің беделін түсіруге бағытталған тәсілге айналған». Іс жүзінде де азаматтардың өздеріне жүктелген қылмыстық іс жүргізушілік міндеттерін атқарудан жалтаруы, құқық қорғау және сот органдары қызметінің тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты халықтың қылмыстық әлемнен жаппай қорқуы сияқты әлеуметтік-психологиялық мәселе қосымша туындайды.

Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастыққа интеграциялануы осы зерттеліп отырған мәселе бойынша халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндіктер ашып отыр.

Сонымен қатар, аталған сала бойынша шетелдік тәжірибені дәлме-дәл және автоматты түрде көшіріп алудың қажеті жоқ екендігін атап өткен дұрыс. Қазақстан - халқының менталитеті мен ерекшеліктері бар дербес мемлекет екендігін ұмытпаған жөн. Біз әлемдік тәжірибеден тек елімізге қажетті жақтарын алып, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселені шешуде өз жолымызды таңдағанымыз жөн.

Зерттеу жұмысының мақсаты: қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы заңдарға талдау жасау, қауіпсіздік шараларының түрлері мен олардың іс жүзінде қолданылуына ғылыми-құқықтық тұрғыдан баға беру және осы аталған саладағы мәселелерді шешуге ат салысу болып табылады.

Көздеген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді алға қоямыз:

- қылмыстық іс жүргізу түсінігі мен мәнін ашу;

- қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидаларын талдау;

- қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесін қарастыру;

- қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдардың өзара қызметінің ұйымдастырушылық нысандарын талқылау;

- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және оларды қолдану тәртібін зерделеу;

- қылмыстық іс жүргізу барысынды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты құқықтық қатынастардың субъектілеріді қарастыру болып табылады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Републикасындағы қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар саналады.

Зерттеу пәні: қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін Қазақстан республикасының заңдары, нормативтік мен ережелік құқықтық актілері, қарастырып отырған мәселе бойынша жетекші отандық және шет ел ғалымдарының ғылыми еңбектері құрайды.

Зерттеу әдістері: зерттеу барысында теориялық деректер мен тәжірибиелік фактілерге жүйелі түрде талдау жасау, синтездеу және топтастыру әдістері қолданылады.

Жұмысының ғылыми жаңалығы: қылмыстық жауапкершіліктен қылмыстық іс қозғауды тоқтатудың алдын ала тергеу өндірісі барысында теориялық үрдістерді түйіндей отырып қолданыстағы тәжірибиегі қолданудың жүйесіне талдау жасайды.

Тақырыптың зерттеу деңгейі: қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық және өзге де шараларды жетілдіру туралы мәселеге бірқатар қазақстандақ және ресейлік ғалым-заңгерлер атсалысуда. Олардың ішінде О. А. Зайцевті, М. Ч. Қоғамовты, Б. М. Нұрғалиевті, Б. Х. Төлеубекованы, А. Н. Ахпановты, В. Т. Томинді және С. П. Шербаны ерекше атап өтуге болады.

Зерттеу жұмысының құрылысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1. 1 Қылмыстық іс жүргізу түсінігі мен мәні

Іс жүргізу (процесс) сөзі латын тілінен аударғанда “procedure” (қозғалу, алға жылжу) . Іс бойынша өндіріс - бұл қылмыстық істің қозғалысын жүзеге асырылатын процессуалдық әрекеттер және шешімдер жиынтығы, яғни істің бір сатыдан екінші сатыға өтуі. Саты - бұл жеке дара, қылмыстық процесстің бөлшектерінің азара байланыстылығы, іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және органдардың шеңбері бір - бірінен процессуалдық қорытынды шешіміменн және сипатталатын тікелей міндеттен, процессуалдық әрекет жүргізу тәртібі және қылмыстық - процессуалдық қатынас сипатымен бөлінген. Қолданыстағы жүрген процессуалдвқ заңның нормаларына және құылмыстық процесстің қалыптасқан көз қарасының теориясы бойынша қылмыстық іс жүргізудың келесі сатыларын көрсетуге болады:

  • қылмыстық іс қозғау;
  • алдын ала тергеу (алдын ала анықтау) ;
  • сотқа беру;
  • істі алдын ала тыңдау;
  • басты сот талқылауы;
  • аппеляциялық өндіріс;
  • кассациялық өндіріс;
  • сот шешімін орындау;
  • соттық қадағалаудың өндірістік тәртібі;
  • іс бойынша жаңадан ашылған мән жайлар бойынша іс өндірісін қайта жаңғырту. [10]

Қылмыстық істердің барлығы жоғарыда көрсетілген сатылардан өте бермейді. Жоғарыда көрсетілген сатылардың сегізі - дағдылы (әдеттегі), ал қалған екеуі - ерекше қылмыстық іс жүргізу әрекетін жетілдірудің бағыты оның өндірістігінің дамыту, біздің көз қарасымыз бойынша сотқа дейінгііс жүргізу саралап жіктеусіз болу мүмкін емес. Құқықтық реттеуді топтық және әдеттегі саралап жіктеуді қолданыстағы заңнамаға бекітілген болар. Жеке көрсеткенде:

  • кәмілетке толмағандарға қатысты іс өндірісі, ол сезіктілермен жауапекрлер нақты тобының заңды мүдделерінің сақталуының кепілін жоғарлату мақсатында бекітілген;
  • медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану өндірісі, ол қылмыстық - құқықтың қолданатын шаралардың белгілері бойынша ықпал жасау, өзінің мазмұнында процессуалдық формасы өзгертілген тұлғаның ерекшелігіне қарамастан тәуелділік күші бойынша бөлектенген;

Жоғарыда көрсетілгендерді қорта келе қылмыстық сот өндірісінің кейінгі саралап жіктеу формасы ұсыну, оның өзіндік қылмысқа қатысушылардың іс-әрекетінің өндірісінің күшін жоғарлату мақсаты бар. Саралап жіктеуге мындай мысал келтіруге болады осы уақытқа дейінгі материалдарды дайындаудың хаттамалық формасы болған, ол өзінің өмірге икемділігін көрсетті және жеке теоритиктардың (қисыншылардың) жағының қарсылығына қарамастан ол 1985, 1992, 1994 жылдары кейінгі дамуына жол ашты. Қазіргі уақытта қылмыстық процессті саралап жіктеудің (дифференциясының) дәлелдемесі ретінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу формасы анықтау болып табылады.

Бұл біліктілігі жоқ қылмыс құрамы, бұзақылық, алимент төлеуден бас тарту, есірткі заттарын заңсыз сақтау, жеңіл - желпі ұрлықтар және тағы басқалар. Бұл қылмыстырды анықтау органы 1998 жылға дейін материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасы және анықтау формасы бойынша қарастырған артықшылығы. Сонымен, қылмыстық сот өндірісінің мәселесін тез шешу және кінәлі тұлғаны жауапкершіліктен құтылмаушылығын процессуалдық қамтамасыз етудің жағы қажетті жартыландырудан ғана емес және жасалған қылмыстың жағдайының зертелу қиындығын шешетін тергеушілермен анықтаушылардың санын көбейтуде емес, оның сондай - ақ келесі өзара қатынасты сұрақтарды жою;

  • қылмыстық процесс сатысының жүйесін жетілдіру;
  • сотқа дейінгі өндірістің саралап жіктеуін (дифференциясын) дамыту.

Біздің ойымызша, жауапкерді сотқа тапсырғанға дейін жалпы қылмыстық процесс сатысының жүйесінде біртұтас саты анықталуы тиіс - ол сотқа дейінгі іс жүргізу, ол өзінің құрамына материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың көп түрлі формасын енгізеді. Тарихқа шолу жасап кетсек орыс құқығының тарихында қылмыстық процесс сатысының жүйесінің мынадай вариантын И. Я. Фойницкий ұсынды, ол «алдын ала зертеуді» [49] -бір тұтас саты деп көрсетті. Мындай жүйені қолдағандардың тағы біреуі Ю. К. Якимович [50], ол қылмыстық процессті мындай түрлерге бөлуді ұсынды: тіктік (вертикалдық) бойынша - қылмыстық сот өндірісінің түрлерінен және көлденең бойынша - қылмыстық іс жүргізу сатылары, этаптары. Қылмыстық сот өндірісінің түрлері істің жеке категориясы бойынша іс жүргізу жиынтығын өзіне қосады. Істің жеке топтары бойынша іс жүргізу өз кезегінде белгіленген элементерден тұратын жүйе болып табылады. Қылмыстық процесс сатысының белгіленген жиынтығы ғалымдардың ойы бойынша, сотқа дейінгі іс жүргізу және сот өндірісі сапалы басқа жоғары қоғамдығын көрсете алады. С. П. Лонь материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасының мәселелерін көрсете отырып, ол сондай - ақ былай дейді; қылмыстық іс жүргізу әрекетінің бөлімінде сотқа дейінгі іс жүргізу болу мүмкін деп жазады. [33]

Сот өндірісінің тездігі көбінесе сот және тергеу органдарының жұмысының ұйымдастырылуына және басқада факторларға, тергеушілермен судъялардың бюіліктілігіне, техникалық жабдықталуына тәуелді. Бірақта сот өндірісінің тездігін қамтамасыз етуде процессуалдық форманың ролін жете бағамалауға болмайды. Процессуалдық ереже, - П. Ф. Пашкевич жазған [39], - істің тез және жедел шешілуіне қабілетті болуы мүмкін, сондай - ақ оны бәсеңдету мүмкін.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде өндірістік қызмет қанағаттандырылмайды, снығ себебінен қылмыстың ашылуының төменділігіне әкіп соғады. Жүргізілген сараптама бойынша қылмыстың ашылуын фактор болып отырған айқындалмаған ауыр қылмыстың ашылуы емес, ол анықталған дәлелдеу кезіндегі қарапайымдылық. Заңды негіз және объективтік шартар болған кезде қылмыстық іс бойынша қысқартылған іс жүргізу міндеттілігін бірқатар ғалымдар және тәжербиелі қызметкерлер мойындайды (Л. М. Корнеева, Н. Н. Ковлин, Т. П. Захаров, П. Ф. Пашкевич, Р. Д. Рахунов, М. Л. Якуб, Н. А. Якубович, және тағыда басқалар) .

Ал басқа процессуалистік топтар (Н. С. Алексеев, М. С. Строгович, Г. Дроздов, А. С. Кобликов, Е. Г. Мартынчик, И. Л. Петрухин және тағы басқалар) сот ісін жүргізуінің қысқартылған түрі институтының таралуына қарсылықтарын білдіреді және істің толық қаралуын қолдайды.

Кейбір авторлар сотқа дейінгі іс жүргізуді «алдын ала өндіріс», «сотқа дейінгі процесс фазасы», деп атайды, бірақ аталуының өзгергенімен мағынасы өзгермейқала береді. Қарастырып отырған көз қарас белгілі талдап қортуға негіз береді. Біздің ойымызша, «сотқа дейінгі іс жүргізудің» мағнасын тергеу және анықтау органыныңқылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес себеп жеткілікті болғанда жүргізілетін іс - әрекеті дәлелдемелерді жинау және зертеу кезінде, қылмыстың оқиғасын, жауапкерді, жасаған тұлғаны және істі дұрыс шешу үшін тиісті жағдайларды сотпен прокурорлық қадағалау мен анықтау деп түсінуге болады. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бастапқы кезеңі қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген құзіретті органға қылмыстық іс қозғауға себеп келіп түскенде және оны тіркеу болып табылады. [20]

Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде дәлелдемелерді жинау тәсілі құжаттарды және материалдарды сұрату, түсініктеме алу, тергеу және басқада процесуалдық әрекеттерді жүргізу болып табылады. Сонымен қатар дәлелдемелерді жинаудың тәсілі алғашынан бстап қылмыстық- процессуалдық мәртебеге ие болады. Сотқа дейінгі іс жүргізудің процессуалдық мерзімі келесі жағдай бойынша қолданылуы тиіс:

  • қылмыстық іс қозғау сұрағын шешу - ҚІЖК 184 - бабына сәйкес;
  • алдын ала тергеу кезі - ҚІЖК 200 және 285 бабына сәйкес;
  • алдын ала тергеу жүргізу кезінде - ҚІЖК 196 бабына сәйкес болуы тиіс. [22]

Қылмыстық іс жүргізу түсінігі мынада негізделеді:

- қылмыстық іс жүргізу туралы шешім процессуалдық шарт құруға бағытталған, яғни қылмысты тез арада ашу, қылмыстың жасалу жағдайын толық және объективтітүрде тергеу, қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігін дәлелдеу;

- қылдмыстық іс қозғау туралы шешім, ҚІЖК-нің таллаптарына сай толтырылуы;

- уәкілеті органның қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің процессуалды дұрыс толтырылуы сотқа дейінгі іс әрекетін ерекше кепілі б. т.

ҚР 1997 ж. 13 желтоқсанда қабылданған ҚІЖК -де қылмыстық іс қозғау бөлімі жеке дара бөлім болып табылады. ҚР ҚІЖК- нің 23-ші тарауында қылмыстық іс қозғауға себеп және негіз, тәртібі, мерзімі, шешімдер және іс-әректтер, қылмыстық процесстің осы бөлімінде қабылданатын шешімдер анықтылған. Тәжірибеде көрсететіндей, кейбір анықтаушылар, тергеушілер және прокурорлар қылмыстық іс қозғау бөлімінде конституциалық принціптерді сақтамайды (жеке басқа және тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты, кінәсіздік призумциясын) . [12]

Қыламыстық іс қозғау сатысының мақсаттары:

- қылмыс жайлы алдын ала тергеуді қамтамасыз ету;

- нақ осы қылмысты тергеу қай органға жататынын анықтау.

Заңда мемлекеттік органдарға және уәкілетті органдарға қылмысты жою немесе алдын алу туралы шараларды міндетті қабылдауын қарастырған. Қылмыстық іс қозғау сатыларының міндеті ҚІЖК- нің 8-ші бабының жалпы қылмыстың процесстің міндеттілігінен туындайды, яғни сотқа дейінгі тергеудің әділ болуы үшін жасалған қылмысқа тез арада көңіл аудару, тез және толық алу, кінәлі тұлғаны анықтау б. т. Нақ осы сатының міндетін дұрыс шешу алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға жеңіл болады. Уақытында қылмыстық іс қозғамау дәлелдемелердің жойылуына, қылмыстың жасырылуына әкеп соғады, соның салдарынан қылмыстық процесстің негізгі мақсатын - қылмыстық іс бойынша ақиқатын анқтау мүмкін емес.

Сонымен қылмыстық іс қозғау актісінің түсінігі мынада, сот және қылмыстық қудалау органы кез - келген мезгілде іс жүргізу қызметін іске асыруға өкілетті. Қылмыстық іс қозғаудың жеке және жеке жария айыптау тәртібінің ерекшкліктері ҚІЖК - нің 32-ші бабының 2, 3 тармақтарында көрсетілген. Қылмыстық іс қозғауға дейін тектекі тергеу әрекеті жүргізілуі мүмкін - қарау және сот сараптамасы. .

ҚР ҚІЖК қылмыстық іс қозғауға және қылмыстық процессті бастауға құқылы органдарды және тұлғаларды көрсеткен. Барлық аталған органдар және лауазымды тұлғалар қылмыстық іс қозғау бойынша сұрақтарды өздерінің қызмет бабы бойынша шешеді. Қылмыстық іс қозғауға құқылы тұлғаларға мыналар жатқызылады: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор [35] .

Қылмыстық іс қозғау жайлы сұрақтың шешімі қудалау органаның құзыретінеде кіреді. Ал қалған органдар және тұлғалар қылмыстық қудалау органына жасалған немесе қылмыс жасауға әзірленіп жатқаны жайлы мәлімет жеткізеді және оларға материалдарды ұсынады, соның негізнде прокуратура, тергеу және анықтау органдары қылмыстық іс қозғауға негіз барма әлде жоқпа жайлы сұрақты шешеді.

Сатыларды қарудың құзіреті көбінесе прокурорға берілген . ҚР ҚІЖК- нің 62 б. 6, 7 тармақтарында. 190, 192 б. б сай прокурор өзі тергеуге қарамастан қылмыстық іс қозғай алады. Прокурордың құзіретіне жариялық айыптау істері ғана емес, сонымен қатар жеке және жеке - жария айыптау істері кіреді. Сонымен прокурор қылмыстық іс қозғауға құқылы:

  • барлық жария айыптарымегн;
  • егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде іс қозғауға құқылы;
  • егер әрект дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, осы ұйымның жетекшісінің немесе уәкілетті органның келісімімен прокурор жеке - жариялы айыптау ісі бойынша жәбірлеушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.

Осыған байланысты прокурор алдын ала тергуде фрагментті түрде қатыса алады, ал қылмыстық іс қозғауда - ол заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады, қылмыстық істі тек уәкілеті орган қзғай алады. Прокурордың заңдылықты сақтау функциясы алдын ала тергеуде сақталып қала береді. Прокурордың қылмыстық қудалауы тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартылғанда басталады. Брақта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуының фрагменттік мінезі болады.

Келесі қылмыстық іс қозғауға құзыретті тұлғаға келетін болсақ, ол тергеуші болып табылады. Бұл лауазымды тұлғаларға мыналар жатқызылады: ІІО-ның тергеушісі, ҰҚО-ның тергеушісі, СПО-ның және

Тергеушілері лауазымды органдардың тергеуді жүргізуінің көлеміне қарай келесі жағдайлардаан тұрады:

  • ІІолиция Органдарының тергеушісі ҚК -тің 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Ұлттық Қауыпсыздық Органдарының тергеушісі ҚК -тің 38 бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Салық Полиция Органдарының тергеушісі ҚК -тің 36 бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  • Кеден Комитеті Органдарының тергеушісі ҚК -тің 3 бабы бойнша қылмыстық іс қозғауға құқылы. [2]

Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген тергеуші, лаузымды адам немесе орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық іс қозғамай, тергелуі бойынша тек мындай:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық істе куәнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық-құқықтық негізі
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
Интерконтиненталь экономикалық қауіпсіздігінің заманауи деңгейін бағалау
Интерконтиненталь қонақ үйінің қауіпсіздік жүйесінің мәселелерін анықтау
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz