ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 5
1.1 Қылмыстық іс қозғауға құқылы
органдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Қылмыстық іс қозғаудың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
1.3 Қылмыстық іс қозғау
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 24
ІІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ
ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Қылмыстық іс қозғаудан бас
тарту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.2 Қылмыс туралы хабарды немесе арызды тергелу
немесе соталуына қарай
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...35
ІІІ ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ
ЗАҢДЫ БОЛУЫН
ҚАДАҒАЛАУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .47

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..50

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ҚР-ның 1995 жылы қабылданған Конституциясы
республикамызды демократиялы, құқықты мемлекет ретінде, адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы, деп
жарйялады.
Сонымен Қылмыстық іс қозғау тақрыбын дипломдық жұмыс ретінде
алу себебіміз – қылмыстық іс қозғау кезінде Конституцияда белгіленген
принціптердің сақталмауы, азаматтардың құқықтарының бұзылуы. ҚР
Конституциясының 16-бабына сәйкес:
1. әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;
2. заңда көзделген реттерде ғана және соттың және прокурордың
санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға болады, тұтқындалған адамға
сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясыз адамды жетпіс екі
сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады.
3. ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам
сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың
(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. []
Қазіргі қабылданып жатқан заңдардың барлығы жеке тұлғаны, жеке
тұлға мүддесін, құқықтарын және бостандықтарын көтермейді. Бұл қазіргі
кезеңнің артықшылығы. Бұрын қоғамның мүддесі жеке тұлғаның мүддесінің
алдында артық болып саналды. Сондықтан, бүгінгі күнде азаматтың бостандығы,
оның мүддесін ерекше қорғалуда болғанымен, қылмыстық іс қозғау және
бұлтартпау шарасын тағайындау сатыларына, прокуратура органдарына,
қадағалау жүргізу барысында ерекше көңіл аудару керек. Әсіресе қазіргі
кезде заңдардың жие өзгеріп тұруына және тағы басқа жағдайларға
байланыстытергеу барысында жіберілетін қателіктер қоғамға – заңсыз қамауға
алу және кінәсіз сотталып кету, яғни азаматтың ең басты конституциялық
бостандық құқығын бұзу қаупін төндіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру
процессі – прокуратура органдарының қызметінің тікелей міндеті. Өкінішке
орай бүгінгі тергеудің жағдайы бұдан да жақсы болуды тілейді. Көптеген
тергушілердің қаулылары заңға сәйкес болмай, прокурордың ұйғарымы бойынша
күшін жояды. Тәжербие бойынша тергеу органдарының кінәсі заңға
немқұрайлықпен қараудың нәтежиесінде кісі өлтіру, зорлау сияқты және тағы
басқа қылмыстар бойынша кінәсіз адамдар қамауға алынған немесе қылмыстық іс
уақытында қозғалмағандықтан көптеген дәлелдемелер жағалып кетеді немесе
алынбай қалып, кінәлі адамдардың бостандықта жүргені байқалады. Бұл
әрекеттер міндетті түрде, тез арада әрбір тәсілдер пайдалана отырып, ашу
мақсатында жасалынады. Заңды дұрыс қолдану іс бойынша өте жақсы
көрсеткіштерге жеткізеді, орындаушыларды әр түрлі қажетіліктерді жіберуден
сақтайды. Әрине, қылмыстық іс қозғау кезінде орындаушыларға қатаң талаптар
қойылуы керек, өйткені мұнда әрбір бұрмалаушылықтыңнәтежиесінде құылмыстық
іс жүргізудегі заң бұзушылықтар туады. Қылмыстық іс қозғауға құқылы
органдардың міндетті түрде конституциялық принціптердің бірі – жеке тұлғаға
қол сұқпаушылық принціпін сақтау болып табылады. Сонымен қатар қылмыстық
кодекспен қылмыстық іс жүргізу заңының арасындағы қайшылықтар. Мысалға, ҚР
ҚІЖК 186-бабына сәйкес анықтау органының бастығы қылмыстық іс қозғау
сатысының қатысушысы болып табылады. Бірақ ҚР ҚІЖК 66-бабына зерттеу
жүргізу анықтау органы бастығының өкілеттігінің тек алдын ала тергеу
өндірісінде ғана қолданыста екендігін көрсетеді. Демек бұл іс жүргізу
заңының нормаларының бір – біріне қарама – қайшы келуі, іс жүргізу заңында
кеткен кемшілік болып табылады.[]
Сонымен бүгінгі біздің қарастырып отырған тақрыптың өзектілігі
азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын және конституциялық принціптерін
сақтамау болып табылады. Сондай – ақ заңды дұрыс пайдалану және заңдылықты
сақтау. Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту кезінде
қаралып отырған мәселенің объектісі қылмыс жасаған тұлға емес, қылмыс болып
табылады. Қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешуге өз кезегінде қылмыстың
құрамының дәлелді нақты қылмыстық – құқықтық белгілер әсер етеді. Егер
әрекетте қылмысты мінездейтін белгілер болмаса, онда қылмыстық іс қозғауға
мүмкін емес. Сондықтан қылмыстық әрекет тергеу сатысының объектісі болып
саналады.
Сонымен бұл тақрыптың өзектілігі қылмыс туралы арыз және хабар
келіп түскеннен кейін ол бойынша тиісті органдар қылмыстық іс қозғайды.
Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдарды атап кетсек прокурор, тергуші,
тергу бөлімінің бастығы, анықтаушы, анықтау бөлімінің бастығы, ал сот
қылмыс туралы арыз немесе хабарды жеке айыптау ісін қоспағанда прокурорға
жібереді. Ал Қаз СССР ҚІЖК – нің 86- бабына сәйкес сот қылмыстық іқозғауға
құқылы оган болып есептелді. Яғни, қазіргі ҚІЖК сәйкес сот тек жеке
апйыптағу ісі бойынша қылмыстық іс қозғай алады. Міне қылмыстық іс қозғауға
құқылы органдардың арқасында жасалған қылмыстың дәлелділігі анықталады,
азаматтардың құқықтарымен, конституциялық принціптерінің сақталуы
қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар қылмыстық іс қозғау үшін себптер мен негіз керек. Яғни
себеппен негізге жалпылама түсінік берсек, себеп жасалған қылмыс жайлы
бастапқы ақпарат көзі, ал негіз жасалған қылмыс бойынша куәландырылатын
нақты мәліметтің (фактының) жеткіліктігі, деп әдебиеттерде жазылып жүр.
Бірақ ғылыми жүйеде себептермен негізге байланысты нақты мазмұнын және
түсінігін түсіндіретін бір жақты тұтас анықтама жоқ.
Бұл жұмыстың мақсаты қылмстық іс қозғау түсінігін, мазмұнын,
қоғамдағы алатын орнын көрсету және түсіндіру, іс қозғау кезінде туындайтын
мәселелерді шешу үшін нақты жолдар ұсыну болып табылады. Қылмыстық іс
қозғауға құқылы органдардың жұмысын жақсарту.
Бұл жұмысты біз қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша жазып
отырмыз.
Дипломдық жұмыс құрылысы бойынша үш бөлімнен және бес тараудан
тұрады.

І. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қылмыстық іс қозғауға құқылы органдар.
“Қылмстық іс қозғау’’ термині қылмыстық іс жүргізу заңында екі
мағынада қарастырылады.
Біріншіден, қылмыстық іс қозғау қылмыстық процесстің бірінші сатысы
және оған қылмыстық ізге түсу органы қатысады, қылмыс жайлы арыз қаралады
қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды.
Екіншіден, қылмыстық іс қозғау – бұл көрсетілген сатының қорытындысы
бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс өндірісінің шешімі.
Қылмыстық іс қозғау қылмыстық ізге түсудің алғашқы негізі[1].
Процесс сөзі латын тілінен аударғанда “procedure” (қозғалу, алға
жылжу). Іс бойынша өндіріс – бұл қылмыстық істің қозғалысын жүзеге
асырылатын процессуалдық әрекеттер және шешімдер жиынтығы, яғни істің бір
сатыдан екінші сатыға өтуі. Саты – бұл жеке дара, қылмыстық процесстің
бөлшектерінің азара байланыстылығы, іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың және
органдардың шеңбері бір – бірінен процессуалдық қорытынды шешіміменн және
сипатталатын тікелей міндеттен, процессуалдық әрекет жүргізу тәртібі және
қылмыстық – процессуалдық қатынас сипатымен бөлінген. Қолданыстағы жүрген
процессуалдвқ заңның нормаларына жәнеқұылмыстық процесстің қалыптасқан көз
қарасының теориясы бойынша қылмыстық процесстің келесі сатыларын көрсетуге
болады:
- қылмыстық іс қозғау;
- алдын ала тергеу (алдын ала анықтау);
- сотқа беру;
- істі алдын ала тыңдау;
- басты сот талқылауы;
- аппеляциялық өндіріс;
- кассациялық өндіріс;
- сот шешімін орындау;
- соттық қадағалаудың өндірістік тәртібі;
- іс бойынша жаңадан ашылған мән жайлар бойынша іс өндірісін қайта
жаңғырту.[2]
Қылмыстық істердің барлығы жоғарыда көрсетілген сатылардан өте
бермейді. Жоғарыда көрсетілген сатылардың сегізі – дағдылы (әдеттегі), ал
қалған екеуі – ерекше қылмыстық іс жүргізу әрекетін жетілдірудің бағыты
оның өндірістігінің дамыту, біздің көз қарасымыз бойынша сотқа дейінгііс
жүргізу саралап жіктеусіз болу мүмкін емес. Құқықтық реттеуді топтық және
әдеттегі саралап жіктеуді қолданыстағы заңнамаға бекітілген болар. Жеке
көрсеткенде:
- кәмілетке толмағандарға қатысты іс өндірісі, ол сезіктілермен
жауапекрлер нақты тобының заңды мүдделерінің сақталуының кепілін
жоғарлату мақсатында бекітілген;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану өндірісі, ол
қылмыстық – құқықтың қолданатын шаралардың белгілері бойынша ықпал
жасау, өзінің мазмұнында процессуалдық формасы өзгертілген тұлғаның
ерекшелігіне қарамастан тәуелділік күші бойынша бөлектенген;
Жоғарыда көрсетілгендерді қарта келе қылмыстық сот өндірісінің
кейінгі саралап жіктеу формасы ұсыну, оның өзіндік қылмысқа қатысушылардың
іс-әрекетінің өндірісінің күшін жоғарлату мақсаты бар. Саралап жіктеуге
мындай мысал келтіруге болады осы уақытқа дейінгі материалдарды дайындаудың
хаттамалық формасы болған, ол өзінің өмірге икемділігін көрсетті және жеке
теоритиктардың (қисынш
ылардың) жағының қарсылығына қарамастан ол 1985, 1992, 1994 жылдары кейінгі
дамуына жол ашты. Қазіргі уақытта қылмыстық процессті саралап жіктеудің
(дифференциясының) дәлелдемесі ретінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізу формасы анықтау болып табылады.
Бұл біліктілігі жоқ қылмыс құрамы, бұзақылық, алимент төлеуден бас
тарту, есірткі заттарын заңсыз сақтау, жеңіл – желпі ұрлықтар және тағы
басқалар. Бұл қылмыстырды анықтау органы 1998 жылға дейін материалдарды
сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасы және анықтау формасы бойынша
қарастырған артықшылығы. Сонымен, қылмыстық сот өндірісінің мәселесін тез
шешу және кінәлі тұлғаны жауапкершіліктен құтылмаушылығын процессуалдық
қамтамасыз етудің жағы қажетті жартыландырудан ғана емес және жасалған
қылмыстың жағдайының зертелу қиындығын шешетін тергеушілермен
анықтаушылардың санын көбейтуде емес, оның сондай – ақ келесі өзара
қатынасты сұрақтарды жою;
- қылмыстық процесс сатысының жүйесін жетілдіру;
- сотқа дейінгі өндірістің саралап жіктеуін (дифференциясын) дамыту.
Біздің ойымызша, жауапкерді сотқа тапсырғанға дейін жалпы
қылмыстық процесс сатысының жүйесінде біртұтас саты анықталуы тиіс – ол
сотқа дейінгі іс жүргізу, ол өзінің құрамына материалдарды сотқа дейінгі
дайындаудың көп түрлі формасын енгізеді. Тарихқа шолу жасап кетсек орыс
құқығының тарихында қылмыстық процесс сатысының жүйесінің мынадай вариантын
И.Я. Фойницкий ұсынды, ол алдын ала зертеуді -бір тұтас саты деп
көрсетті. Мындай жүйені қолдағандардың тағы біреуі Ю.К.Якимович, ол
қылмыстық процессті мындай түрлерге бөлуді ұсынды: тіктік (вертикалдық)
бойынша – қылмыстық сот өндірісінің түрлерінен және көлденең бойынша –
қылмыстық іс жүргізу сатылары, этаптары. Қылмыстық сот өндірісінің түрлері
істің жеке категориясы бойынша іс жүргізу жиынтығын өзіне қосады. Істің
жеке топтары бойынша іс жүргізу өз кезегінде белгіленген элементерден
тұратын жүйе болып табылады. Қылмыстық процесс сатысының белгіленген
жиынтығы ғалымдардың ойы бойынша, сотқа дейінгі іс жүргізу және сот
өндірісі сапалы басқа жоғары қоғамдығын көрсете алады. С.П. Лонь
материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың хаттамалық формасының мәселелерін
көрсете отырып, ол сондай – ақ былай дейді; қылмыстық іс жүргізу әрекетінің
бөлімінде сотқа дейінгі іс жүргізу болу мүмкін деп жазады. [3]
Сот өндірісінің тездігі көбінесе сот және тергеу органдарының
жұмысының ұйымдастырылуына және басқада факторларға, тергеушілермен
судъялардың бюіліктілігіне, техникалық жабдықталуына тәуелді. Бірақта сот
өндірісінің тездігін қамтамасыз етуде процессуалдық форманың ролін жете
бағамалауға болмайды. Процессуалдық ереже, - П.Ф. Пашкевич жазған, - істің
тез және жедел шешілуіне қабілетті болуы мүмкін, сондай – ақ оны бәсеңдету
мүмкін.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде өндірістік қызмет
қанағаттандырылмайды, снығ себебінен қылмыстың ашылуының төменділігіне әкіп
соғады. Жүргізілген сараптама бойынша қылмыстың ашылуын фактор болып
отырған айқындалмаған ауыр қылмыстың ашылуы емес, ол анықталған дәлелдеу
кезіндегі қарапайымдылық. Заңды негіз және объективтік шартар болған кезде
қылмыстық іс бойынша қысқартылған іс жүргізу міндеттілігін бірқатар
ғалымдар және тәжербиелі қызметкерлер мойындайды (Л.М. Корнеева, Н.Н.
Ковлин, Т.П. Захаров, П.Ф. Пашкевич, Р.Д. Рахунов, М.Л. Якуб, Н.А.
Якубович, және тағыда басқалар).
Ал басқа процессуалистік топтар (Н.С. Алексеев, М.С. Строгович,
Г. Дроздов, А.С. Кобликов, Е.Г. Мартынчик, И.Л. Петрухин және тағы
басқалар) сот ісін жүргізуінің қысқартылған түрі институтының таралуына
қарсылықтарын білдіреді және істің толық қаралуын қолдайды.
Кейбір авторлар сотқа дейінгі іс жүргізуді алдын ала өндіріс,
сотқа дейінгі процесс фазасы, деп атайды, бірақ аталуының өзгергенімен
мағынасы өзгермейқала береді. Қарастырып отырған көз қарас белгілі талдап
қортуға негіз береді. Біздің ойымызша, сотқа дейінгі іс жүргізудің
мағнасын тергеу және анықтау органыныңқылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес
себеп жеткілікті болғанда жүргізілетін іс - әрекеті дәлелдемелерді жинау
және зертеу кезінде, қылмыстың оқиғасын, жауапкерді, жасаған тұлғаны және
істі дұрыс шешу үшін тиісті жағдайларды сотпен прокурорлық қадағалау мен
анықтау деп түсінуге болады. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бастапқы
кезеңі қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген құзіретті органға қылмыстық
іс қозғауға себеп келіп түскенде және оны тіркеу болып табылады.[4]
Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде дәлелдемелерді жинау тәсілі
құжаттарды және материалдарды сұрату, түсініктеме алу, тергеу және басқада
процесуалдық әрекеттерді жүргізу болып табылады. Сонымен қатар
дәлелдемелерді жинаудың тәсілі алғашынан бстап қылмыстық- процессуалдық
мәртебеге ие болады. Сотқа дейінгі іс жүргізудің процессуалдық мерзімі
келесі жағдай бойынша қолданылуы тиіс:
- қылмыстық іс қозғау сұрағын шешу – ҚІЖК 184 – бабына сәйкес;
- алдын ала тергеу кезі – ҚІЖК 200 және 285 бабына сәйкес;
- алдын ала тергеу жүргізу кезінде – ҚІЖК 196 бабына сәйкес болуы
тиіс.[5]
Қылмыстық іс қозғаудың түсінігі мынада негізделеді:
- қылмыстық іс (жүргізу) қозғау туралы шешім процессуалдық шарт құруға
бағытталған, яғни қылмысты тез арада ашу, қылмыстың жасалу жағдайын толық
және объективтітүрде тергеу, қылмыс жасаған тұлғаның кінәлілігін дәлелдеу;
- қылдмыстық іс қозғау туралы шешім, ҚІЖК-нің таллаптарына сай
толтырылуы;
- уәкілеті органның қылмыстық іс қозғау туралы шешімнің процессуалды дұрыс
толтырылуы сотқа дейінгі іс әрекетін ерекше кепілі б.т.
ҚР 1997 ж. 13 желтоқсанда қабылданған ҚІЖК –де қылмыстық іс қозғау
бөлімі жеке дара бөлім болып табылады. ҚР ҚІЖК- нің 23-ші тарауында
қылмыстық іс қозғауға себеп және негіз, тәртібі, мерзімі,шешімдер және іс-
әректтер, қылмыстық процесстің осы бөлімінде қабылданатын шешімдер
анықтылған. Тәжірибеде көрсететіндей, кейбір анықтаушылар, тергеушілер және
прокурорлар қылмыстық іс қозғау бөлімінде конституциалық принціптерді
сақтамайды (жеке басқа және тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты, кінәсіздік
призумциясын). [6]
Қыламыстық іс қозғау сатысының мақсаттары:
- қылмыс жайлы алдын ала тергеуді қамтамасыз ету;
- нақ осы қылмысты тергеу қай органға жататынын анықтау.
Заңда мемлекеттік органдарға және уәкілетті органдарға қылмысты жою
немесе алдын алу туралы шараларды міндетті қабылдауын қарастырған.
Қылмыстық іс қозғау сатыларының міндеті ҚІЖК- нің 8-ші бабының жалпы
қылмыстың процесстің міндеттілігінен туындайды, яғни сотқа дейінгі
тергеудің әділ болуы үшін жасалған қылмысқа тез арада көңіл аудару , тез
және толық алу, кінәлі тұлғаны анықтау б.т. Нақ осы сатының міндетін дұрыс
шешу алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға жеңіл болады. Уақытында
қылмыстық іс қозғамау дәлелдемелердің жойылуына, қылмыстың жасырылуына әкеп
соғады, соның салдарынан қылмыстық процесстің негізгі мақсатын – қылмыстық
іс бойынша ақиқатын анқтау мүмкін емес.
Сонымен қылмыстық іс қозғау актісінің түсінігі мынада, сот және
қылмыстық қудалау органы кез – келген мезгілде іс жүргізу қызметін іске
асыруға өкілетті. Қылмыстық іс қозғаудың жеке және жеке жария айыптау
тәртібінің ерекшкліктері ҚІЖК – нің 32-ші бабының 2,3 тармақтарында
көрсетілген.Қылмыстық іс қозғауға дейін тектекі тергеу әрекеті жүргізілуі
мүмкін – қарау ( ҚІЖК-нің 221 бабы ) және сот сараптамасы ( ҚІЖК-нің 242
бабының 2 тармағы ).
ҚР ҚІЖК қылмыстық іс қозғауға және қылмыстық процессті бастауға
құқылы органдарды және тұлғаларды көрсеткен. Барлық аталған органдар және
лауазымды тұлғалар қылмыстық іс қозғау бойынша сұрақтарды өздерінің қызмет
бабы бойынша шешеді. Қылмыстық ісв қозғауға құқылы тұлғаларға мыналар
жатқызылады: анықтаушы, анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы,
тергеуші, прокурор (ҚІЖК 185.186 б.б). [3,16.б]
Қылмыстық іс қозғау жайлы сұрақтың шешімі қудалау органаның
құзыретінеде кіреді.Ал қалған органдар және тұлғалар қылмыстық қудалау
органына жасалған немесе қылмыс жасауға әзірленіп жатқаны жайлы мәлімет
жеткізеді және оларға материалдарды ұсынады, соның негізнде прокуратура,
тергеу және анықтау органдары қылмыстық іс қозғауға негіз барма әлде жоқпа
жайлы сұрақты шешеді.
Сатыларды қарудың құзіреті көбінесе прокурорға берілген .ҚР ҚІЖК-
нің 62 б. 6,7 тармақтарында. 190,192 б.б сай прокурор өзі тергеуге
қарамастан қылмыстық іс қозғай алады.Прокурордың құзіретіне жариялық
айыптау істері ғана емес, сонымен қатар жеке және жеке – жария айыптау
істері кіреді. Сонымен прокурор қылмыстық іс қозғауға құқылы:
- барлық жария айыптарымегн;
- егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да
себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше пайдалануға
қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса,прокурор жеке айыптау
ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде іс қозғауға құқылы;
- егер әрект дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да
себептер бойынша өзіне тиесілі құқықты өз бетінше қабілетсіз адамдардың
мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекттің
елеулі мүдделерін қозғайтын болса, осы ұйымның жетекшісінің немесе
уәкілетті органның келісімімен прокурор жеке – жариялы айыптау ісі
бойынша жәбірлеушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы.
Осыған байланысты прокурор алдын ала тергуде фрагментті түрде қатыса
алады, ал қылмыстық іс қозғауда – ол заңдылықты қадағалауды жүзеге
асырады,қылмыстық істі тек уәкілеті орган қзғай алады.Прокурордың
заңдылықты сақтау функциясы алдын ала тергеуде сақталып қала
береді.Прокурордың қылмыстық қудалауы тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа
тартылғанда басталады.Брақта прокурордың қылмыстық ізге түсуге қатысуының
фрагменттік мінезі болады.
Келесі қылмыстық іс қозғауға құзыретті тұлғаға келетін болсақ , ол
тергеуші болып табылады.Бұл лауазымды тұлғаларға мыналар жатқызылады:ІІО-
ның тергеушісі, ҰҚО-ның тергеушісі,СПО-ның және
ККО-ның тергеушілері ( ҚІЖК-нің 64бабы ,1 тар.) Лауазымды органдардың
тергеуді жүргізуінің көлеміне қарай келесі жағдайлардаан тұрады:
- ІІолиция Органдарының тергеушісі ҚК –тің 177-бабы бойынша қылмыстық іс
қозғауға құқылы;
- Ұлттық Қауыпсыздық Органдарының тергеушісі ҚК –тің 38 бабы бойынша
қылмыстық іс қозғауға құқылы;
- Салық Полиция Органдарының тергеушісі ҚК –тің 36 бабы бойынша
қылмыстық іс қозғауға құқылы;
- Кеден Комитеті Органдарының тергеушісі ҚК –тің 3 бабы бойнша қылмыстық
іс қозғауға құқылы. [2.5б]
Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген тергеуші , лаузымды адам немесе
орган қылмыс туралы арызды немесе хабарды қылмыстық іс қозғамай, тергелуі
бойынша тек мындай:
- қылмыс бұл ауданнан тысқары жерде жасалып және қылмыстық іс қозғау
туралы мәселені шешу үшін қылмыс жасалған жерде тексеру іс-әрекетін
жасау қажет болғанда;
- қылмыстық іс қозғау туралы мәселенішешу үшін ол тергеуіне жатқызылған
орган ғана жүргізе алатын тексеру іс-әрекеттерін жасау қажет болған
жағдайларда ғана беруге құқылы.
Тергеуші қылмыс іс қозғауға, ол бойынша алдын ала тергеу жүргізуге және
осы Кодексте көзделген барлық тергеу қызметін орындауға құқылы. Тергеуші
істі жағдайын жан-жақты, толық және обьективты зерттеуге барлық шараларды
қолдануға, оның қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналған
адамдарға қатысты айыпталушы ретінде тарту, айып тағу, осы Кодекстке сәйкес
жолын кесу шарасын таңдап алу, айыптау қорытындысын жасау жолымен қылмыстық
ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті. Тергеуші, заңда прокурордың санкциясын
немесе сот шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудің
бағытымен тергеу іс- әрекеттерін жүргізу туралы барлық шешімдерді дербес
қабылдайды және олардың заңды және уақыттылы артқарылуы үшін толық жауапты
болады.Тергеушінің қызметіне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу ол күрделі немесе оның көлемі
үлкен болған жағдайда тергеушілер тобына ( тергеу тобына ) тапсырылуы
мүмкін, бұл туралы қылмыс іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке
қаулы шығарылады. Бұл туралы шешімді тергеу бөлімінің бастығы қабылдауға
құқылы. Қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде
топ жетекшісі – тергеуші көрсетілуге тиіс.
Тергеу бөлімінің бастығы тергеу ісін жүргізуді тергеушіге тапсырады,
тергеушілердің жүргізуіндегі қылмыстық істер бойынша олардың дер кезінде іс-
әрекет жасуына, тергеушілердің алын ала тергеу және күзетпен ұстау
мерзімдерін сақтауына прокурор нұсқауларын, осы Кодексте белгіленген
жағдайларда басқада тергеушілер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды
жүзеге асырады; істер бойынша нұсқаулар беруге; алдын-ала тергеу жүргізуді
бірнеше тергеушіге тапсырады; заңды көздеген жағдайларда тергеушіні іс
бойынша іс жүргізуден шеттетеді; өз құзірет шегінде өзіне бағынысты алдын
ала тергеуді жүзеге асырушы органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі
алады және алдын ала тергеудің жүзеге асырушы сол не өзге де өзіне
бағынысты органның басқа тергеу бөлімшесіне береді; аяқталған қылмыстық
істерді прокурорға жолдайды. Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс
қозғауға, қылмыстық істі өзіне жүргізуіне алуға және бұл орайды тергеушінің
өкілеттігін пайдалана отырып, жеке - дара алын ала тергеу жүргізуге
құқылы.
Тергеу бөлімі бастығының қылмыстық іс бойынша нұсқау тергеушінің
дербестігін, осы Кодексте 64-бабында белгіленген оның құқықтарын шектей
алмайды. Нұсқау жазбаша нысанда беріледі және атқарылуы міндетті, бірақ ол
жөнінде прокурорға шағымдануға болады. Тергеушінің тергеу бөлімінің
бастығының іс-әрекеті жөнінде прокурорға шағымдануы, қылмыстың
сипаттамасымен айыптаудың көлемі, айыптаушыны сотқа беру үшін істі
прокурорға жолдау туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды
қоспағанда, олардың атқарылуын кідіртпейді.
Қылмыстық іс қозғауға құқылы келесі субьектілер бар, олар анықтаушы
және анықтау органдары (ҚІЖК 186-бабы, 1 тармақ). Заңда анықтау
органдарының бастығына осындай құқық берілген. Анықтаушының,анықтау
органының бастығы, анықтау органы қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғау
көлемі екі негізден тұрады. Олар: 1) ведомствалық тиістілігіне қарай ( ол
ҚР ҚІЖК 65-бабында белгіленген);
2) берілген құзіретін көлеміне шек қойылғанына.
Қылмыстық іс қозғауға құқылы келесі субъектілер бар, олар анықтаушы
және анықтау органдары (ҚІЖК 186 б. 1 тар.). Заңда анықтау органдарының
бастығына осындай құқық берілген. Анықтаушының, анықтау органының бастығы,
анықтау органы қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғау көлемі екі негізден
тұрады. Олар: 1) ведомствалық тиістілігіне қарай (ол ҚР ҚІЖК 65 б.
белгіленеді);
2) берілген құзіретінің көлеміне шек қойылғандығына.
Біздің пайымдауымызша, бақылау деп – белгілі бір мемлекеттік орган
қызметінің дұрыс жүргізілуіне және оның ұйымдастыруына бағытталған әрі сол
органның алдына қойған мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз
ететін функциялардың бірін айтуға болады. Өйткені, бақылыу оған тиесілі
объектілердегі істің жағдайының объективтілігін көрсететін қажетті жедел
ақпаратты алуға көмектеседі. Ең алғашқы ведомствалық бақылау терминінің
пайда болуы 1963 жылы ішкі істер органдар жүйесінде тергеушілер
институтынын құрылуымен сәйкес.Сол кездерде аудандық, қалалық,облыстық ішкі
істер органдарында тергеу бөлімдері құрылды.
Бастапқыда тергеу бөлімдерінің бастықтарында ешқандай іс-жүргізуден
құқықтары мен міндеттері болмады. Олардың қызметтері ведомствалық
бұйрықтар, нұсқаулардың ережелерімен қатар, қызметтік тәртіпті сақтауды
қоса алғанда ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасаумен ғана шектелді.
Ведомствалық бақылау іс-жүргізушілік сипатта болмады. Тергеу бөлімі
бастығының тергеушілер өндірісіндегі істердің тергеуіне қатысуы
ведомствалық бақылау деп аталды. Тек 1965-66 жылдары ғана тергеу бөлімі
бастығының өкілеттіктерін белгілейтін іс-жүргізу заңдылығын енгізді.
Конститутцияда көрсетілген адамның құқықтары мен бостандықтарының
қорғауының, екіншіден, осындай іс-жүргізушілік қатынастарды реттейтін
бүкіл заңдар мен ішкі нормативтік құқықтық актілерді қолданудың дұрыстығын
және заңдылықты сақтаудың кепілі болып табылады.
Барлық істе ең қиыны – басталуы - деп Жан Жак Руссо айтқандай,
анықтау органы бастығының ведомствалық бақылау қызметі ішкі істер
органдарына келіп түскен қылмыс туралы арыз немесе хабарды қабылдау, тіркеу
және тергеушілер, анықтаушылардың оларды уақытында қарап, шешім шығарудан
басталуы қажет. Алайда, ҚР ҚІЖК 66-баптың мазмұнында анықтау органы
бастығының процессуалдық бақылау қызметі тек алдын ала тергеу сатысынан
бастап жүзеге асатыны көрсетілген. Яғни ол өзінің өкілеттерін осы іс-
жүргізушіліктің шегінде ғана орындай алады. Дегенмен де, тәжірибе керсінше
көрсетеді. Анықтау органы бастығының іс-жүргізушілік қызметі қылмыстық істі
қозғау сатысын да қамтиды. Мұндай тұжырым анықтаушылар мен тергеушілердің
осы сатыда шешуге міндетті төмендегідей міндеттерінен тікелей шығады:
1. қылмыс болуы мүмкін келіп түскен материалға байланысты қылмыстық істі
қозғауға себептер мен негіздерді тексеру нәтижесі бойынша дұрыс іс-
жүргізу шешімін қабылдау;
2. қылмыс болуы мүмкін ақпаратты жинау және жүйелеу;
3. қылмыстың алдын алу және кесу бойынша шаралар қолдану;
4. қылмыс болуы мүмкін іздерді табу және бекіту;
5. тексеру барысында түскен материал бойынша қорытынды шешім шығару
Анықтау органы бастығының қылмыстық істі қозғау сатысына
қатысуы, тергеушілердің, анықтаушылардың жинаған қылмыс туралы алғашқы
мәліметтерін шешімді заңды және дәлелді қабылдауда дұрыс қолдануын
қамтамасыз етеді. Сол себептен, ол осы сатыда қадағалау жүргізе отырып,
тергеушілерден, анықтаушылардан тергеуге дейінгі тексеру материалдарын,
тоқтатылған және өндірісі қысқартылған қылмыстық істерді оқып-танысуды
талап етеді.
ҚР ҚІЖК 186-бабына сәйкес анықтау органының бастығы қылмыстық істі
қозғау сатысының қатысушы болып табылады. Бірақ ҚР ҚІЖК 66-бабына зерттеу
жүргізу анықтау органы бастығының өкілеттігінің алдын ала тергеу өндірісіне
ғана қолданысты екендігін көрсетеді. Демек, бұл істі жүргізу заңының
нормаларының бір-біріне қарама-қайшы келуі, іс жүргізу заңында кеткен
кемшілік болып табылады. Десек те, тәжрибеде оған тек қылмыстық істерді
емес, қылмыс туралы алғашқы материалдарды, соның ішінде тергеушілер және
анықтаушылармен қылмыстық істі қозғау бас тартылған материалдарды
тексеруге тура келеді. Сонымен бірге, мұндай проессуалдық бақылауды әрдайым
жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық іс жүргізу заңдығына сәйкес анықтау
органы бастығының өкілеттігіне өз құзыретінің шегінде Бас басқарманың
(департаменттің), басқарманың, бөлімнің, бөлімшенің және анықтау органының
өзге де бөлімшелерінің бастықтары ие болады. [7] Олай болса, анықтау органы
бастықтарының осындай түрлі мәртебелерге ие бола алуына байланысты, олардың
ведомствалық бақылау қызметін жүзеге асыруында да ерекшелер бар. Егер ол
басқарма деңгейі екі басшы болатын болса ол бақылау қызметінің
ұйымдастырушы рөлінде болады, ал бақылау және алдын ала анықтау тікелей
бақылауды оның алдында есеп беруді анықтау, тергеу бөлімдерінің бастықтары
іске асырады. Мысалы, нақты бір қылмыстық істі бақылауға алу туралы
басқарма басшысының нұсқауы тергеу бөлімі бастығының тергеушілермен,
анықтаушылармен жіберген қателерін уақытылы анықтап табу, жою және олардың
алын алу бойынша шараларды қабылдауын білдіреді.
Қылмыс туралы арыз немесе хабар бойынша жұмыс жасау кезінде
заңбұзушылықты немесе тергеулік қателерді анықтап табу төмендегідей
көрсетілгендерге сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін:
- қылмыс туралы, әсіресе, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жөнінде
арыздар немес хабарлар түскеннен кейін тез арада тергеушінің,
анықтаушының, анықтау органы бастығының оқиға болған жерге тікелей
баруы;
- тергеушіні немес тергеу бөлімінің басшысын анықтаушыны, анықтау
органы бөлімінің бастығын) арыздар немесе хабарларды дұрыс шешу үшін
алғашқы материалдарды жинау бойынша қандай шараларды қабылдағанын,
егер іс-жүргізушілік шешім қабылданса, оның сипаты туралы хабарламасын
тыңдау;
- егер де әдеттегі қатарлы қылмыс жасалынып, оқиға болған жерге анықтау
не тергеу бөлімдері бастығының бірі барса, онда оқиға орнынан
келісімен сол қылмыс бойынша тыңдау жасау;
- тергеуге дейінгі тексеру материалдарымен жеке өзі немесе бөлім
басшыларының көмегімен оқып-танысуы.
Сондай-ақ бұл сатыда тергеушілер, анықтаушылар жіберген заң
бұзушылықтар мен тергеу қателері үшін анықтау органдарының бастығы тергеуге
дейінгі тексеруді қосымша жүргізу туралы нұсқау береді. Көбіне мұндай
нұсқалар анықтау органдарынан алдын ала тергеу органдарына түскен қылмыс
туралы материалдар бойынша беріледі. Оның себебі, қылмыстар бойынша
материалдың біршама бөлігін анықтау органдары жинап, баға береді.
Заң бұзушылықтар мен тергеу қателерінің алдын алуда анықтау органы
бастығының ведомствалық бақылауының маңызы зор. Олар оның мынадай шаралары
арқылы қамтамасыз етіледі: жоспарлық бақылау шараларын жүзеге асыру;
тергеушілер жіберген заңбұзушылық фактілері бойынша қызметтік тергеу
жүргізу; тергеушілер, анықтаушылар және олардың басшыларына қылмыстық істі
қозғау сатысында орын алған заңбұзушылықтар мен тергеулік қателер фактілері
туралы ақпаратты айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, т.б.
Қылмыстық істің қаншалықты дұрыс және уақытылы қозғалғандығы-нан
қылмыстылықпен күресудің табысы, тергеудің сапасы және Конститутцияда
кепілдік берілген кеңес азаматтарының құқықтарының сақталуы тығыз
байланысты (4,5.б] Жоғарғыда айыпталғандарды ескере отырып, біздің
ойымызша, анықтау органының бастығының қылмыстық іс жүргізу заңының 186-
бабында көрсетілген құқығына сәйкес және тергеушілер, анықтаушылардың
қызметін тиімді бақылау үшін, оған қылмыстық істі қозғау сатысында да
өкілеттерді беру қажет. Сонымен бірге, қылмыс туралы арыздарды (хабарларды)
қарау мен шешуге бағытталған анықтау органы бастығының прцоессуалдық
бақылауын ведомствалық нормативтік актілер деңгейінде емес, іс жүргізу
заңының нормаларында реттелуін талап етеді. Осыған байланысты, ҚР ҚІЖК 66-
бабына келесідей мазмұндығы толықтырулары енгізуді ұсынамыз:
Анықтау органының бастығы қылмыс туралы арыздар мен хабарларды шешу
бойынша тергеушілердің, анықтаушылардың әрекеттерінің уақытылы және дәлелді
болуына бақылауды жүзеге асырады, қылмыстың белгілерін көрсететін
мәліметтердің мейлінше толық алынуына шаралар қабылдайды. Анықтау органының
бастығы тергеушіден, анықтаушыдан алғашқы материалды және қылмыс туралы
басқа да мәліметтерді талап етуге және оларды тексеруге, қылмыс туралы
мәліметтерді алу кезінде қатысуға және қылмыстың белгілерін көрсететін мән-
жайларды анықтауға құқылы. Анықтау органы бастығының алдын ала тергеу
сатысындағы процессуалдық бақылауды жүзеге асыру құқықтары ҚР ҚІЖК 66-
бабымен белгіленген. Бұл сатыдағы заңбұзушылықтар мен қателерді анықтаудың
іс-жүргізушілік құралдары болып, анықтау органы бастығының қылмыстық
істерді тексеруі және оның жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізуі табылады.
Анықтау органының бастығы тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы өзіне
бірқатар сұрақтарға жауап ала алады:
- тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларының жоспарларының,
сондай-ақ жалпы қылмысты тергеу жоспарының бір-бірімен келісімділігі,
сәйкес болуы;
- тергеу және анықтау жұмыстарының ұйымдастырылу деңгейі және басқа
қызметтермен, құқық қорғау органдарымен қылмыстың алдын алу және жолын
кесу бойынша өзара әрекет етудің қалпы;
- тергеушілердің, анықтаушылардың қылмыстық істерді тергеудің,
сезіктілерді ұстау, айыптаушыларды, сезіктілерді қамауға алу сияқты
және басқа да тергеу әрекеттерінің іс-жүргізу мерзімдерін қаншалықты
дұрыс сақталуы;
- --сарсаңға салу фактілері мен қылмыстық істердің сапасыз тергеулерін
анықтау:
- тергеушілердің, анықтаушылардың прокурордың санкциясын немес бекітуін
қажет ететін, сондай-ақ, анықтау органы бастығының бекітуі міндетті
анықтау өндірісіндегі істердің іс-жүргізушілік шешімдерінің заңдылығы,
дәләлділігі, дер кезділігі.
Алын ала тергеу, анықтау өндірістеріндегі тергеушілердің,
анықтаушылардың жіберген заң бұзушылықтары мен қателерін жоюдың тағы басқа
іс-жүргізушілік құралдары да іс жүргізу заңымен белгіленген. Олар
келесідей: істің қай нысанда жүргізілгендігінде байланысты оны басқа
тергеушіге не анықтаушыға беру; қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне
қабылдау; 285-бапқа сәйкес анықтау нысанында жүргізілетін істер бойынша
бірқатар іс жүргізу құжаттарын бекіту. Мұндай сипаттағы нұсқамалар
тергеушілер қызметінің іс жүргізу тәртібі мен қылмыстық іс бойынша
әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді (бұл анықтаушыларға да қатысты
айтылған)
Нұсқаулар – анықтау органы бастығының билік сипатындағы іс жүргізу
шешімінің нысаны, олар жазбаша түрде берілуі керек.
Жазбаша нысанда берілген нұсқалар тергеушілер, анықтаушылармен оларды
орындаумен іс-жүргізушілік және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз
етілудің деңгейін ғана көрсетіп қоймай, анықтау органы бастығының ауызша
нұсқаулар беруіне тыйым салмайды, бірақ бұл жағдайда олар ұсыныстамалық
қосымша сипатқа ғана ие болады.
Жазбаша нысандағы нұсқаулардың артықшылығы сонда, олар тергеушіге,
анықтаушыға оның дұрыстығын бағалауға мүмкіндік беріп, олармен келіспеген
жағдайда, пркурорға шағымдану құқығын пайдалануға рұқсат береді ҚР ҚІЖҚ 63-
бап 3-бөлігі, 67-бап 6-бөлігі).
Бұл орайда, анықтау органы бастығымен нұсқаулар ретінде берілген
құжатты қылмыстық істің материалдарына қоса тіркеу қажет деп санап, ҚР ҚІЖК
66-бап 6-бөлігін нұсқау жазбаша беріледі деген сөйлемнен соң және істің
материалына қоса тіркеледі деген сөйлемді толықтыруды ұсынамыз, әрі қарай
мәтін бойынша кете береді. Мұндай ұсынысты беру прокурорды анықтау, алдын
ала тергеудегі заңдылықты қадағалау бойынша қызметін біршама жеңілдетіп,
анықтау органы бастығының алдын ала тергеу және анықтау органдары қызметіне
жүзеге асыратын бақылауының қандай қалыпта, жағдайда екендігін байқатады .
Анықтау органы бастығының нұсқаулары қылмыстық істі тергеудің түрлі
кезіңінде берілуі мүмкін: ұсталғандарды уақытша оқшалау орнына босату
немесе қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қоланылған сезіктілерді,
айыптаушыларды тергеу изоляторынан босату туралы нұсқау; жекелеген тергеу
әрекеттерін жүргізу туралы нұсқау, т.б.
Істі басқа тергеушіге не анықтаушыға беру бақылау нысаны іс-
жүргізушілік және ұйымдастырушылық сипатқа ие болады. Мұндай қажеттілік
тергеудің кез-келген кезеңінде, қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап,
алғашқы тергеу әрекеттерін орындау және айыптау қортындысын, айыптау
хаттамасын толтыру кезеңіне дейін пайда болуы мүмкін. Ол анықтау органы
бастығының көзқарасы бойынша, әсірісе, қылмыстық істі тергеудің көп
эпизодтығы және қиындығы жағдайында, сондай-ақ, оны тергеу анықтаушылар,
тергеушілер жағынан біліктілікті қажет ететін кезде қолданылады. Бақылаудың
бұл нысанын қолданудың себебі болып, қылмыстық іс бойынша іс-жүргізушілік
бақылаудың дұрыс болмауы және тергеушілер, анықтаушылардың және тікелей
олардың басшыларының кәсіпқойлық біліктілігінің төмен болуы табылады.
Осыған байланысты, бізбен, бақылау нысанының бұл түрін пайдалануға мүлдем
жүгінбеу немесе оны қолданған жағдайда да берілген келесі ұсыныстарды
ескеру қажет деп есептейміз:
1. қылмыстық істерді тергеуді, ең басынан бастап, жұмысты орындау
қаблеттілігі мен мүмкіндіктеріне сәйкес бөліп беру. Мысалы: ауыр
қылмыстар бойынша тергеуді жүргізуді тәжірибесі мол немесе белгілі бір
қылмыс түрлері бойынша мамандырылған тергеушілерге беру.
2. жас қызметкерлер үшін кураторлық институттың бағдарламасын жасап,
шығару және дамыту. Олардың жұмысына құқықтық көмек көрсету.
3. басшылар мен қызметкерлердің кәсіпқойлық білімдерін жүйелі түрде
жоғарлатып отыру.
ҚР Президентінің Н.Ә. Назарбаев Қазақстан – 2030: Барлық
қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауыпсіздігі және әл-ауқаттының артуы
атты бас стратегиясында құқық қорғау органдарының реформасын әрқарай
жалғастыру мен заңның абсолюттік жоғары күшін бекіту жөнінде айтып, бұл
ретте заң тыңдайтын азаматтарды қылмыстылықтан қорғау қажеттілігін
көрсеткен болады. [9] Осыған байланысты, қылмыстық сот ісін жүргізу
саласында іс жүргізу міндеттерінің нақты орындалуы мен конститутциялық
қағидалардың мүлтіксіз сақталуын ішкі істер органдары, ал жекелей алғанда,
анықтау органның бастығы қамтамасыз етеді. Анықтау органның бастығы
қылмстық іс жүргізу заңы Ішкі істер министрлігінің заң асты нормативтік
актісімен кең өкілеттіктерге ие. Соған сәйкес, ол қылмыстық іс жүргізудің
міндеттері мен қағидаларының орындалуын анықтау және алдын ала тергеу
органдарының тергеу саласындағы жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.
Қоғамды демократияландыру идеясын арқау етіп, азаматтық қоғам институтының
халықаралық дәрежеге сай келтіру мақсатында, адам мен азаматтардың
құқықтары мен бостандықтары заңды мүдделері өмірдің барлық салаларында
басты басымдыққа айналды. Осы орайда қылмыстық кодексінің мейлінше көп
қылмыстар бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін ішкі істер органдарына
бұрынғыданда зор талаптар қойылды.
Осындай жағдайда анықтау органының бастығының қылмыстарды тергеу
саласындағы қызметі, ал онымен қоса, қылмыстық іс жүргізу заңы өзінің әрі
қарай жетілдіруін талап етеді. Анықтау органының бастығының қылмастарды
тергеуді ұйымдастыру қызметі екі іс жүргізу режимінде ( алдын ала тергеу,
анықтау) тергелетін қылмыстық істерге таралады. Алайда осы нысандарды
тергелетін қылмыстық істерді іс жүргізу тәртібін, тергейтін субьектілері,
іс жүргізу мерзімдері бойынша және тағы басқа айырмашылықтары, сондай-ақ,
бұл органдары мен олардың лауазым тұлғаларының құқықтық мәртебелеріндегі
елеулі айырмашылықтар – анықтау органының бастығының олардың жұмыстарын
ұйымдастыру бойынша бір қатар ерекшіліктерін бар екендігін көрсетеді.
Анықтау органының бастығы алдын ала тергеу органының жұмысына тек
ұйымдастырушылық сипатта ғана басшылық жасайды. Соңғы айтылған, алдын ала
тергеу міндетті емес қылмыстық істер бойынша анықтау органы бастығының
тергеуді ұйымдастыру қызметі қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы
қылмыстық іс қозғаудың және одан бұрын басталады десек артық емес. Өйткені
ҚР ҚІЖК 183-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсу органы ( прокурор,
анықтаушы,анықтау органы, анықтау органының бастығы, тергеуші, тергеу
бөлімінің бастығы) кез келген жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс
туралы арызды немесе хабарды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, сондай-ақ
ҚІЖК 186-бабында көзделгендей, қылмыстық іс қозғауға негіздер мен себептер
болған кезде, қылмыстық іс қозғау міндетті болып табылады.
Сол себептен де, ішкі істер органының басшысы анықтаушылардың
(тергеушілердің) тәуліктік кезекшілікті атқаруы туралы тізімді бекітіп,
оның орындалуын қамтамасыз етеді: күндегісін таңертең басшы орган бойынша
кезекшілік атқаратын лауазымды тұлғаларды селекторға жинап, жетекші
нұсқаулар беруді жүргізеді, жоғар тұрған орган басшыларымен қызмет жасайтын
аумақтарға байланысты берілген жедел жағдайда сипатын тыңдатқызады, сондай-
ақ, олардың кейбір қылмыстар бойынша берген белгілерге лауазымды тұлғаларды
назарын аудартады, лауазымды тұлғалардың кезекшілікті атқаруға сәйкес
сыртқы келбеттерін қарап тексереді, қылмыс туралы арыздар немесе хабарларды
қарау, тексеру бойынша нұсқаулар береді, оларды күні бұрын жасалған кейбір
қылмыстардың белгілері (машинаны айдап кету сияқты және тағы басқа қылмыс
түрлері) жаында хабардар етеді, қылмыстар бойынша шақырулар көп болып,
үлгермеген жағдайда басқа тергеушілер не анықтаушылардың көмек көрсету
жөнінде бұйрық береді, ауыр немесе өте ауыр қылмыстар жасалғанда органның
басшысы оқиға болған жерге өзі де барады. Осылайша қылмыстарды тергеу мен
ашудың бастапқы кезеңінде анықтау органының бастығы төмендегідей
ұйымдастыру шараларын жүзеге асырады:
- дайындалып жатқан не жасалынған қылмыстар туралы дабылдарға, арыздар
мен хабарларға тез арада көңіл бөлуді қамтамасыз етеді;
- іздеу және тергеу бағыттары бойынша талдау жұмысы мен шешімдерді
қабылдауға ұйымдастыру;
- алғашқы тергеу әрекеттері (қылмыстық істі қозғауға дейін заңмен
рұқсат берілген) мен жедел – іздестіру шараларын үйлестіру; оларды
жоғары білікті дәрежеде жүргізілуін қамтамасыз ету;
- қылмыстарды ашуға органның мейлінше барлық күштері мен құралдарын
шоғырландру;
- қажет жағдайда жедел топтың жұмысын басқара білу (ауыр қылмыс
жасалғанда немесе оны ашуды қосымша күш қажет болған жағдайда және
тағы басқалар);
- қылмыстарды ашуда бірігіп әрекет етудің ең тиімді нысандарын
пайдалану;
- қылмыс туралы арыздар мен хабарлар бойынша жиналған материалдар
қатысты штаттық анықтаушылардың (тергеушілердің) тыңдауын жүргізуі
немесе материалмен жеке танысу, олардың жеткіліксіз жиналуы жағдайында
толықтыру мақсатында нұсқаулар беру;
- қылмыс жасалған жердің қарауын жүргізуді ұйымдастыру және оны жүргізу
бойынша қажетті әдістемелік және тәжірибелі көмек көрсету. Әсіресе,
осы тергеу әрекетін жүргізуде көмек көрсету аса маңызды. Себебі, оқиға
болған жерді қарау – қылмыс туралы аз ғана ақпараттар негізінде
мейлінше көп, толық, жеткілікті мәліметтерді жинауға бағытталған
бірегей тергеу әрекеті болып табылады.
Осындай жағдайда, анықтау органы бастығының уақытынды басталған
ведомствалық бақылауы да, қылмыстарды ашумен тергеудің заңды, дәлелді
болуына өз септігін тигізеді және тергеу кезінде заң бұзушылықтытар мен
қателердің жіберулеріне жол бермейді.А.С.Есинаның айтуынша, Ішкі істер
органдарының бастығы қылмыс туралы хабарлардың уақытылы және толық
тіркелуін шешілуі бойынша, хабарламалардың есепке алудың кітабы мен
ақпараттарды есепке алудың журналы дұрыс жүргізу бойынша күнделікті
бақылауды жүзеге асыруға міндетті, ол жөнінде кезекшілікті қабылдау мен
тапсыру туралы мәлімдемелер кітабында жазылым болу керек. Осы орайда,
анықтау органының бастығының құқыққа қаблеттігін бағалай отырып, соңғысының
теория мен тәжірибеде бірқатар мәселелер тудыратыны жөнінде айту қажет. Бұл
ең біріншіден, анықтау органының бастығының осы қылмыстарды тергеу кезінде
анықтаушылардың қызметтеріне араласу мәселесі болып табылады. Ол ҚР ҚІЖК 66-
баптың 4-бөлігінің 4-тармағында көзделген анықтау органы бастығының
қылмыстық іс қозғауда басқа, қылмыстық істерде өз тергеуінің қабылдауын
және жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу құқығына байланысты айтылған.
Екіншіден, анықтау органы бастығының осы құқытардың пайдаланудың
жағдайларының қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленіп, реттелмеуі. Анықтау
бөлімінің бастығының процесуалдық жағдайы анықтаушының тергеу бөлімінің
бастығының тергеушіге бағыныштылығы бойынша айқындалады.[10] Қылмыстық іс
қозғау туралы дербес шешімінде шек қойылған мінез бар: анықтаушының
қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы анықтау органының бастығы бекіткен кезде
ғана процесуалдық мағынаға ие болады. Қылмыстық іс қозғау туралы қылмыстың
дербес шешімінде шек қойылған мінез бар: анықтаушының қылмыстық іс қоғау
туралы қаулысы анықтау органының бастығы бекіткен кезде ғана процесуалдық
мағынаға ие болады. Анықтаушының қылмыстық іс қозғау құқығын жүзеге асыру
жағдайы іс бойынша алдын ала тергеудің міндеттілігі немесе міндетті
еместігінің тәуелділігімен ерекшіленеді. Егер де іс бойынша алдын ала
тергеу өндірісі міндетті болмаған жағдайда,онда анықтаушы қылмыс іс қозғау
туралы қаулысын анықтау органының бастығына бекіткізеді және әрі қарай
өзінің өкілеттілігі бойынша тергешімен сотқа дейінгі ұқсас іс- әрекет
жүзеге асырады. Егер іс бойынша алдын ала тергеу міндетті болса, онда
анықтаушы анықтау органының бастығының тапсырмасымен қараллуға
кешіктерілмейтін істер бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы. Ал қалған
жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешімді өкілетті тергеуші
қабылдайды.
Ал сот қылмыстық ізге түсу органы боп табылмайтындықтан, заңда
кейбір жағдайларда қылмыстық іс қозғауға арнайы тәртіп белгіленген, егер де
қылмыс туралы арыз және хабар сотқа келіп түссе. Сотқа түскен қылмыс туралы
арыз немесе хабар, жеке айып тағу ісін қозғау жағдайларын қоспағанда,
прокурорға жіберіледі және бұл туралы арыз берушіге хабарланады. Сот
қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істі талқылау кезінде қылмыс
белгілерін байқағанда ол туралы жеке қаулы арқылы прокурорға хабарлайды.
Қабылданған шаралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс қозғау
Қылмыстық іc қозғау
Қылмыстық істі қозғау
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
Қылмыстық істі қозғау сатысындағы прокурорлық қадағалау
Алдын ала тергеу жүргізу заңдылығына прокурорлық қадағалау
Қылмыстық іс бойынша өндірісті жокка шығаратын мән-жайлар
Анықтама мен тергеудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың түсінігі, міндеттері және оның шегі
Пәндер