Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу негіздері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе. 3-4

I Тарау Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы.
Негізгі ережелер

1.1 Дәлелдеме ұғымы. Дәлелдеу құқығы және оның 5-9
дәлелдемелер теориясындағы орны
1.2 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен 10-11
мазмұны Коммерциялыќ банк түсінігі
1.3 Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың іс
жүргізудегі кепілдіктері 12-14

II Тарау Дәлелдемелерді жіктеу

2.1 Дәлелдемелердің қайнар көздері және 15-20
дәлелдемелердің қатыстылығы және іске
жіберілуі
2.2 Дәлелдемелер мен жедел іздестіру арқылы
алынған процессуалдық емес ақпараттың 21-31
арақатынасы
2.3 Дәлелдеу тақырыбы және дәлелдеу шектері 32-37


III Тарау Қылмыстық іс жүргізуді дәлелдеу негіздері

3.1 Дәлелдемелерді бағалау және зерттеу
38-45

Қорытынды 46-48

Қолданылған әдебиеттер тізімі 49-51

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сай құқықтық,
демокриятиялық, зайырлы мемлекетті құру және мемлекеттік құқықтық
реформаларды жүзеге асыру, әлеуметтік – экономикалық даму тенденциясына
немесе қоғамның демократиялық деңгейіне сай келетін, жаңартылған Қылмыстық
іс жүргізу заңын қабылдауды талап етті. Жаңа қабылданған Қазақстан
Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот билігінің
демократизациялану және тәуелсіздендіру сияқты мақсаттарды тұтады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне маңызды өзгертулер енгізілген болатын. Бұл өзгертулерде Қазақстан
Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген, адам құқықтары мен
бостандықтары орын алған болатын.
Бұрын қолданылып жүрген заңдарға енгізілген толып жатқан
толықтырулар мен өзгертулер қарама - қайшылық өткірлігін белгілі бір
деңгейде жамап – жасқанғанымен социалистік түсініктегі құқықтық бағыты мен
мазмұнының негізіне ықпал еткен жоқ. Соттық дәлелдеу мен дәлелдемелер
мәселесі азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымында күрделі мәселелердің
бірі. Бұл мәселені зерттеумен көптеген қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы
ғалым - процессуалистер айналысқан болатын. Мысалы: К.С. Юдельсон, А.Ф.
Клейнман, С.В. Курылев, Я. Л. Штутин, М.К. Треушников, О.В. Иванов, И.В.
Решетникова, З.Х. Баимолдина, М.С. Шакарян, М.С Страгович, М.А. Чельцов,
В.Д. Арсеньев, А.И. Трусов, Л.Т. Ульянов және т.б.
Ақырғы кезде қылмыстық құқықтық дәлелдеу мен дәлелдемелер мәселесімен
М.К. Треушников айналысқан. М.К. Треушников сот дәлелдеуі бәсекелестік
қағидасына негізделген және оны тарптар мен іске басқа да қатысушылардың,
іс үшін маңызды мән – жайларды анықтауға бағытталған логика – практикалық
қызметі ретінде қарастырады.
И.В. Решетникова өз еңбектерінде сот дәлелдеуі бір – бірімен
үйлесімді, тең бағалы: процессуалдық және логикалық әрекеттерден тұрады деп
жазады.
Осындай зерттеуге қарамастан, бұл мәселе үлкен ғылыми қызығушылық
танытып, сот органдарының тәжірибесі үшін маңызды рөлі атқарады.
Жоғарыда айтылғандай Қылмыстық іс жүргізу кодексі көптеген өзгерістер
мен толықтырулар енгізілген болатын, Мысалы, дәлелдемелерді зерттеген,
жинаған кезде ғылыми – техникалық құралдарды пайдалану, дәлелдемелерді
жинау мен ұсыну іс - әрекеттері бойынша тараптардың құқықтарын кеңейту,
процестен бәсекелестікті нығайту және т.б.
Қылмыстық сот өндірісі, қылмыстық тараптарға мемлекеттен көрсетілетін
қызмет көрсетуге айналуы тиіс.1 Бұл, ғалым – процессуалистерді қылмыстық іс
жүргізу заңнамасын, қылмыстық іс жүргізу құқығының жекелеген институттарын
қайта қарауға міндеттейді.
Біздің ойымызша шетелдік мемлекеттердің іс жүргізу институттары
біздің болмысымызға орай түзетіліп тайымдалуы және жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондықтан да осы жұмысты жазған уақытта Қазақстанның дәлелдемелер мен
дәлелдеу мәселесі шешу тәжірибесімен қатар, Англия мен Американың
тәжірибесін қарастырған болатынбыз.
Біздің ойымысша шетел мемлекетінің құқығын зерттеу, бұл Қазақстанда,
Англияда, АҚШ – та бірдей мәселелерді қалай шешілетіндігін білу,
мүмкіндігі пайда болады. Қазақстан Республикасының заңнамасын зерттеу,
шетел мемлекеттің тәжірибесі және дүниежүзілік ғылыми ойлардың негізінде
дәлелдемелік құқықты жетілдіру, дамыту концепциясын шығару мүмкіндік
аламыз.
Дәлелдемелік құқықты қазіргі таңда зерттеу бір қатар себептерге
байланысты.
Біріншіден, қылмыстық процесте дәлелдемелер әрқашанда негізгі
институты ретінде қарастырылады, сондықтан да реформаларды жүзеге асыру
кезінде, дәлелдеу мен дәлелдемелер мәселесін зерттеу аса маңызды болады.
Екіншіден, қылмыстық процестегі бірқатар өзгертушілер (қылмыстық
процестегі тараптардың белсендігі, бәсекелестік қағидасын дамыту)
дәлелдемелер бойынша көптеген аспектілерді қайта қарауды міндеттейді.
Сондай – ақ сот өндірісі бәсекелестікке негізделген мемлекеттердің бұл
мәселені қалай шешетіндігін білу, пайдалы болу мүмкін.
Үшіншіден, сот өндірісінің бәсекелестігі, тараптардың тең емес
дәрежесіне әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, бір тараптың өкілдің қызмет
көрсетуін пайдаланса және т.б. Қылмыстық процесс жеке тұлғалардың және
заңды тұлғалардың құқықтарын тең түрде қорғалуын қамтамасыз етілуі қажет
демек, онда бұл мәселені Англия мен АҚШ – та шешілу тәжірибесіне назар
аударған жөн.
Жоғарыда айтып кеткендей, соттың дәлелдеу мен дәлелдемелер мәселесі,
қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында күрделі мәселелердің бірі. Бұл мәселе
көптеген заңгер – ғалымдардың назарын аударады, оған бұл бойынша көптеген
ғылыми еңбектер жазылған болатын. Бұл еңбектерде, соттық дәлелдеудің
маңызы, соттық дәлелдемелердің түсінігі, нақты мәліметтер мен дәлелдеу
құралдары арасындағы (әдіс – тәсілдері) байланыс, дәлелдемелер теориясының
методологиялық негіздер, объективті нақтылықты танудың жолдары мен
тәсілдері, істі қарастыру кезінде сот анықтайтын шындық сипаты және сот
қызметі мен дәлелдеу процесінде оның рөлін реттейтін нормаларды жетілдіру
керек екендігі толық жазылған.
Процессуалдық құқық ғылымында бұл мәселе даулы болып келеді. Мысалы:
соттық дәлелдеудің этаптары мен спецификалық ерекшеліктері туралы; дәлелдеу
заты мен соттық зерттеудің көлемі туралы; дәлелдеу субъектілері және соттың
дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау бойынша

I ТАРАУ
Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясы. Негізгі ережелер

1.1. Дәлелдеме ұғымы. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы
орны

Дәлелдеме ұғымының екі жақты сипаты болады:
а) тектік сипаттағы философиялық ұғым; ә) иүрлік сипаты іс жүргізу
құқықтық ұғымы.
Философмя көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз – шындықты
анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу Кең
мағынасындағы “дәлелдеме” қандай да бір пайымдаудың шынайлылығын
айқындайтын кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды , сондай-ақ
кейбір табиғи құбылыстар мен заттарды сезім арқылы сондай-ақ кейбір табиғи
құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар
мағынасында – бұл шынайы алғы шарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын
дұрыс ой қорытындыларының тізбегі.
Сонымен, филисофиялық түсінік дәлелдемені екі мағынада камтиды: а)
дәлелдеме – шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеме – тану мен
бағалаудың статистикалық объектісі.
“Дәлелдеме” ұғымының қылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен
жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А.И.Трусов былай
деп жазды: “сот дәлелдеуге жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі фактілермен
жұмыс істеді”1"
Әрі қарай А.И.Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі белгілерін
негіздейді:
1) соттық дәлелдермен іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
2) жалпы кез келген іс жүргізудегі деректер соттық дәлелдемелер болып
танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендерді,
қылмыстық істі дұрыс шешу үшін 8 маңызы барлары ғана соттық
дәлелдемелер бола алады;
3) соттық дәлелдемелер арқылы заңды көзделген қылмыстық іс
жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер
анықталады немесе жоққа шығарылады.
Р.С.Белкиннің пікірі бойынша “жинақталған” зерттелген
және бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің, яғни шындықты анықтаудың
мақсатына қол жеткізудің құралы ретінде қызмет етеді.
Дәлелдеме – шындыққа көз жеткізудің құралы. Сонымен бірге “дәлелдеме
шындықты жасаудың құралы емес“2
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік
шындықты тану процесімен өзара байланысқа түскен кезде дәлелдеме –қылмыстық
іс жүргізу құқығының аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады деп айта
аламыз.
Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін жүргізуді жүзеге
асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша шындықты
анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған. Дәлелдемесіз
нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын
заңды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-
бабында былай деп жазылған: “Оның негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор,
сот белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл
әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын немесе болмағандығын және
айыпталушының кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс
шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс
жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады”.
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
- дәлелдемелердің КІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
- дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі
деерктердің болуы;
- дәлелдемелерді жинақтау және олардың негізінде қылмыстық жазаға
жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
- мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың
ғана құқығына беру;
- жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін
не кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін
белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,
жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар;
іс жүргізудің хаттамалары және өзге де құжаттар жатады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені
құқықтық категориясы ретінде түсінуде бірлік болмады.
М.С.Строговичтің пікірі бойынша: “дәлелдеме ұғымының екі мағынасы
бар. Дәлелдеме, бұл - біріншідлен, қылмыстың болғандығы немесе
болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның кінәлілігі немесе осы
адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын істің басқа да
жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы”.
Екіншіден, заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады,
олардан тергеу мен сотісі үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады
және сол арқылы осы фактілер анықталады.
Дәлелдеме теориясының құрамдас бөлігі ретінде дәлелдеу құқығы
табылады. Н.С. Алексеев атап көрсеткендей, дәлелдеме теориясы дәлелдеме
тарихының мәселелерін, олардың теориялық негіздерін, заңдық регламентін
даму сипаттамасын, шетел мемлекеттеріндегі түрлі жүйелерді, даулы теориялық
проблемаларды және т.б. қамтиды. [1]
Дәлелдеме теориясы өз кезегінде дәлелдеу құқығының ғылыми-теориялық
базасы болып табылады.
Дәлелдеу теориясы мынадай мәселелерді талдайды:
- таным процесінің бір түрі ретінде объективті шындықты дәлелдеу
туралы;
- осы процесте танымның негізі және шындықтың өлшемі ретінде
көрінетін қоғамдық тәжиірибенің өзгеше нысандары туралы;
- қылмыстық істерді тергеу және талқылау кезінде таным объектісінің
дәлелденетін тақырыптық ерекшелігі мен мазмұны туралы;
- қылмыстық сот ісін жүргізудегі дәлелдемелер ұғымы, олардың түрлері
мен жіктелуі туралы;
- дәделдемелерді пайдаланудың және олардың бағалаудың принциптері мен
ережелері туралы.
Дәлелдеме теориясының мазмұны дәлелдеу құқығының мазмұны үшін шешуші
болып табылады. П.С. Элькидтің пікірі бойынша дәлелдеу құқығын
дәлелдемелерді жинақтаудың тексерудің және бағалаудың мақсатын, мазмұнын,
тәртібін, шектерін және құқықтық құралдарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу
нормаларының жүйесі, сондай-ақ осындай бағалаудан туындайтын құқық қорғау
органдары қорытындыларының негізділігі мен дәлелдігі деп түсіну керек. 1
Дәлелдеу құқығының мәнін осылай түсіну оның өзіне тән белгілерін
тұжырымдауға мүмкіндік береді. Дәлелдеу құқығының белгілері мыналардан
көрінеді:
- дәлелдеу құқығының тәсілдері мен құқықтық реттеу тақырыбы қылмыстық
іс жүргізуді дәлелдеу саласында қалыптасатын құқықтық қатынастардан
тұрады:
- аталған құықтық қатынастарды дәлелдеу құқығымен реттеу тәсілдері
қылмыстық іс жүргізу тәсілдерін, ішінара дәлелдемелерді жинақтауға,
тексеруге және бағалауға бағытталған тәсілдердің шеңберінен
шықпайды, яғни дәлелдеу құқығының нормалары қылымстық іс жүргізуі
құқығы нормаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
- дәлелдеме және дәлелдеу мәселелері бойынша дәлелдеу құқығының
мақсаттары қылмыстық жүзеге асыруды қамтамасыз етуді көздейді.
Дәлелдеу негізіне іс бойынша шындықты анықтау жататындығы туралы
ережені тану шындыққа қол жеткізу процесінде таным орнын айқындауды
объективті түрде төлеп өтеді.
Таным теориясының негізінде біздің санамыздан тыс және тәуелсіз
объективті материалдық әлемді тану мен оны тануға болатындығы туралы
мәселелерге диалектикалық материалистік көзқарас жатыр.
Дәлелдеме теориясының таным теориясымен байланысы мынада: соңғысы
ғылыми таңдауы дәлелдеме теориясының шеңберінде жүргізілетін қылмыстық іс
жүргізу танымының алғашқы әдістемелік негізін білдіреді.
Гнесеология – жеке ғылыми әдістер мен тәсілдер тұрғысында
түсіндірілетін ғылыми танымдық қызметтің кез келген саласында қолданатын
әмбебап қорытынды ережелерді қамтиды.
Таным теориясы құқықта объективті түрде пайда болған актантандықтарды
толықтырды, ол әдістемелік аса маңызды қасиеттерінің бірі. Теория –
қылымыстық іс жүргізу құқығының нормативтік нұсқамаларын пайдаланады және
соған негізделеді. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу қызметінің ажырамас
бөлігін құрайтын таным процесі, ой қызметі, ішкі сенім жіне басқалары
заңменен егжей-тегжейлі реттелуі мүмкін емес.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа қол жеткізудің ерекшелігі
мынадан көрінеді: бұл жерде таным объектісінің тақырыбынан бір ерекшелігі
сот ісі бойынша зерттеу тақырыбы барлық уақытта қылмыстық оқиғаны құрайтын
және соған байланысты фактілердің азды-көпті белгіленген тобымен
шектеледі.
Таным теориясы дәлелдеу теориясын заңдармен және ойлау нысандарымен
толықтырады.
Бірақ, егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру
мақсатында немесе алдаудың, күш қолданудың, қорқытудың немесе жаңылудың
әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол
туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде
дәлелденуге тиіс.
1) 66 баптың 10 тармақшасына сәйкес, егер тарап сот сұратқан
дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса,
ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады
және ол тарап таныған деп есептеледі.
2) 91 баптың 8 тармақшасына сәйкес, егер тарап сараптама жүргізуге
қатысудан жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға
келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті материалдар бермесе, сотқа
беруге мүмкіндік болмайтын немесе қиындық келтіретін өзіне тиісті
объектілерді зерттеуге мүмкіндік бермесе), ол істің мән-жайлары бойынша
мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай
тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-ақ ол үшін оның қаншалықты
маңызы барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні
анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы.
Жалпы теория құқығының институттары мен категориларының салалық
құқықтың тиісті институттары мен категорияларының өзара байланысты
проблемаларына арналған зерттеулер теориялық-құқытық тұрғыдан қызығушылық
туғызады. Бұл аспект тұтас алғанда жаңалық емес және оны құқықтық ғылымның
аппаратын бір ізге түсіру проблемасына жатқызу қабылданған. Осы айтылған
тұрғыдан азаматтық процестің бірқатар негізгі ережелерін, оның қатарында
дәледеу тақырыбы да бар, құқықтың жалпы теориясының негіздерімен сәйкес
келтіру туралы мәселе өзінің өзектілігін сақтап қалып отыр. Мәселен, М.
Силагадзе былай деп көрсетеді: Кеңес құқықтық процесінде дәлелдеу
тақырыбының бірыңғай ұғымдарын жасау мүмкін ғана емес, сонымен бірге қажет,
өйткені бұл практикалық мұқтаждықтан туындап отыр. Құқыққа құқық қолдану
қызметінің барлық түрлері үшін бірдей маңызды мәнділігі бар процестің жалпы
бастапқы ережелері қажет. Оның негіздеуі дұрыс құқықтың жалпы теориясы
шектерінде дәлелдеу тақырыбын анықтауды тұжырымдау құқықтық маңызы бар
элементтерді және дәлелдеу тақырыбының шекарасын белгілеуге мүмкіндік
береді. Мұның өзі азаматтық та, әкімшілік те және қылмыстық та процестер
үшін бірдей қабылданған болар еді. Жалпы анықтаманы негіз ретінде ала
отырып, заң шуғарушы құқықтың нақты процессуалдық сапасы үшін дәледеу
тақырыбының ұғымдарын оп-оңай тұжырымдайды.

1.2 Қылмыстық процестегі шындықтың ұғымы мен мазмұны

Қылымстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты шындықты анықтау болып
табылады. Философияның көзқарасы бойынша шындық дегеніміз – танушы
субъектіні объектінің барабар бейнеледі, адам мен оның санасынан тыс және
тәуелсіз оны тап сол күйінде көшіру. Қылмыстық сот ісін жүргізуде шындыққа
қол жеткізу соттың қателеспеуіне кепілдікбереді. Бұл мәселедегі
түсінбеушілік адамның тағдырында үлкен қателікке ұрындырады.
Сот қателіктері – әдетте шындыққа қол жеткізбеудің салдары. Шындыққа
қол жеткізу мақсатын ескермеу соттың сот әділдігін жүзеге асыру функциясын
қандай да бір мағынадан айырады.
Дәлелдеудің мақсаты ретінде шындықты айқындаудың процессуалдық
құқықтық табиғаты болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің бірі
КЖК –нің 8 бабында қылмыстарды тез және толық ашу. Оларды жасаған адамдарды
әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық
заңды дұрыс қолдану деп көрсетеді. Одан әрі КЖЖ –ніің 24 бабында істің мән-
жзайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін соттың, прокурордың,
тергеушінің анықтаушының заңда көзделген барлық шараларды қабылдауға
міндетті екендігі ескертіледі. Шындық ұғымының өзі міндеттер мен
принциптерге арналған тарауда да талады. Сот тараптардың пікірімен
байланысты емес және өз бастамалығымен қылмыстық іс бойынша ақиқатты
анықтау үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы.
Сонымен, шындық ұ.ымын қылмыстық процестің принциптерімен өзара
байланыста қарау қажет. Мұны өзі оған айрықша маңыз бернеді.
Бұл ережелер ұғымның өзінің мәнісінде мынаны көздейді: қылмысты ашу
өмірде орын алған жағдайларды анықтауды мақсат етеді. Ол зерттеудің
объективтілігі - іс бойынша дәлелдемелдерді; алу және бағалай процесінде
алаламай және алдын ала адалдық таныту. Объективтік туралы білімінің
объектінің шынайы белгілеріне сәйкес келуі шындық болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен
өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы шындыққа қол жеткізіледі. Осы
шындық дәлелдеме теориясында материалдық шындық деп аталады. Н.С. Строгович
қылмыстық процестегі материалдық шындықты тергеудегі және шешілуі үстіндегі
істің жай-жапсары туралы, қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың
кінәлі екендігі немесе кінәсіз екендігі туралы тергеу мен сот
қорытындыларының объективті шындыққа толық және дәлме-дәл келуі деп
анықтайды. 1
Атап айтқанда , шындық дегеніміз- болмыстың өзі емес, объективті
байланысты дұрыс танудың нәтижесі. Ол объективті, өйткені оның мазмұны
бейнеленетін объектіге сәйкес келеді.
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында объективті шындықты әлдеқайда кеш
түсіну объективті шындықты субъективті бейнелеудің жоғарғы шыңына шығарады
және объективтік шындықты зерттелетін фактілер мен жағдайларға субъективтік
пайымдаудың толық және дәлме-дәл сәйкес келуі деп анықтайды.
Шындықты философиялық түсіну, мұның өзі методологиялық көзқарас
тұрғысынан өте маңызды, оның екі жақты бастауын: салыстырмалы және
абсолюттік шындықты ескеруін көздейді.
Қылмыстық процесте қол жеткізілетін шындықтың екі жзақты сипаты туралы
көзқарас мынадай түсінгіктер бойынша сонағұрлым қолайлы көрінеді.
1. Принципінде абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп тану
қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын құзіретті органдар қызметінің
нәтижесінде де абсолюттік шындыққа қол жеткізуге болады деп есептеуге негіз
береді.
2. Абсолюттік және салыстырмалы шындықтың арақатынасы және өзара
байланысы туралы диалектикалық заңның жалпыға бірдейлігі тең деңгейде
қылмыстық сот ісін жүргізуде қол жеткізетін шындықтың сипатына да
қолданылады.
3. Дәлелдеуде абсолют (объективтік)шындыққа қол жеткізу мүмкіндігін
жоққа шығары ісі бойынша сот шешімінің әділеттілігіне және шынайлылығына,
яғни сот әділдігіне орындаудың мүмкіндігі мен қажеттілігіне күмән
келтіреді.
4. Дәлелдеуде салыстырмалы шындыққа қол жеткізуді жоққа шығару
диалектика заңдарына қайшы келеді, мұның өзі айналып келгенде дәлелдеме мен
дәлелдеудің мәнісін ғылыми тануда методология жоққа шығаруғы не адамның
әлемді тануда меңгере алмайтын шегі бар екендігін тануға әкеледі.
5. Қатаң түрдегі құқықтық тиым салулар мен рұқсат беру жүйесінде
көрінетін тергеу мен сот органдары қызметінің ерекшелігі танымдыққызметтің
тереңдігіне, көлеміне өзінің ісін қалдырады. Бұл қызмет бір жағынан, іс
бойынша белгіленетін шектермен, екінші жағынан, құқықтық нұсқамалардың
шеңбері мен шктеледі. Осы белгіленген шеңбердің ішінде қол жеткізілген
шындықтың толық сипаты бар және сондықтан ол абсолюттік болып табылады. Топ
осы шындық одан тысқары білімдермен салыстырғанда – салыстырмалы.

1.3 Қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың
іс жүргізудегі кепілдіктері

Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде объективтік шындықты анықтау
іс жүргізу кепілдіктері ретінде көрінетін ерекшелігі бар процедуралық
жағдайлар болған уақытта ғана мүмкін болады. Дәлелдеме құқығында олардың
бірнеше түрлері бар.
1) қылмыстық іс жүргізу құқығы қатынастарына қатысушылардың түрлі
топтарының іс жүргізу жағдайын саралау жолымен белгілеу;
2) қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі;
4) қылмыстық іс жүргізушілік нысандарын заңдық тұрғыдан көздеу;
5) іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының жүйесі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы қатынастарына қатысушылардың түрлі
топтарының іс жүргізу жағдайын саралау жолымен белгілеу іс жүргізушілік
қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы қалыптасатын
құқықтық мәртебелерді шектеуді білдіреді.
Мәселен, куәгердің міндеті тек қана шындықты айту, куәгер анықтау,
органының немесе тергеушінің шақыруы бойынша келуден жалтарса немесе бас
тартса, сондай-ақ әдейі жалған жауап берсе қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.
Бұл заң ережесі ерекшелігі бар сипатта тергеу мен соттық істің мән
жайы туралы шынайы, объективті ақпарат алуына кепілдік береді.
Біз қарастырып отырған түрдің маңызды кепілдігі айыпталушының құқығы
болып табылады: ол не себепті өзіне танылған айып бойынша түсінік беруге;
қорғаушы алуына; қарсылық білдіруге немесе шағымдар түсіруге жне т.б.
құқылы. Айыпталушының құқығын жүзеге асыру істің нәтижесіне мүдделі өзге де
адамдардан еркі мен тілегіне қарамастан шындықты анықтауға жәрдемдеседі.
Объективтік шындықты анықтаудың елеулі кепілдігі сот мәжілісінде
төрағалық етушінің өкілеттілігі болып табылады, ол сот мәжілісін шындықты
анықтауға бағыттауға және қаралып отырған іске қатысы жоқтың бәрін де
асырып қоюға міндетті.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің нормаларымен бекітілген
қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі өз-өзінен салалық
кепілдіктермен қамтамасыз етілген, мұның өзі іс бойынша принциптер жүйесін
объективті шындықты анықьаудың екі еселенген кепілдіктері деп есептеуге
мүмкіндік береді.
Сот әділдігін тек соттың жүзеге асыруы, судьялардың тәуелсіздігі және
олардың заңға ғана бағыштылығы, соттың дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі
бойынша және заңға сәйкес бағалауы, кеңесу бөлмесінің құрылымдылығы, сот
әділдігін атқару жөнінде соттың қызметіне кімнің де болсын араласуына жол
бермеу, судьяға қол сұғылмаушылық СҚР Конституциясының (77-79 баптары) істі
толық жан-жақты, объективті және алаламай қарауға және оны мәні бойынша
шешуге жәрдемдесетін ерекшелігі бар сот кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен
қорғауға бағытталған принциптер қылмыстық іс бойынша шындықты анықтаудың
тағы бір елеулі кепілдігі болып табылады. Принциптердің осы тобына: заң
белгілеген негіздерде және тәртіпте, болмаса өзгеше түрде айыпталушы
ретінде жауапқа тартуға жол бермеу; тұлғаға қол сұғылмаушылық; тұрғын үйге
қол сұғылмаушылық; азаматтардың жеке өмірін қорғау; хат-хабар, телефондық
әңгімелердің және телеграфтық хабарлаудың құпиялылығы; сезіктіге,
айыпталушыға және сотталушыға қорғану құқығын қамтамасыз ету; күш қолдану,
қатер төндіру және өзге де заңсыз шаралар арқылы айыпталушыдан және іске
қатысушы басқа да адамдардан жауаптар алуға тиым салу; процеске
қатысушылардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; заң
мен сот алдында баршаның теңдігі; кез келген күдіктенушілікті айыпталушының
пайдасына шешу; өзі қорғауға алған адамның келісімінсіз қорғаушының заңдық
көмек көрсетуіне байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді әңгімелеуіне
тиым салу; өзіне жұбайына (зайыбына) және жақын туысқандарына қарсы, сондай-
ақ қызметкерлерінің өзіне сенім білдіретін діндестеріне қарсы куәлік
беруіне тиім салу жатады.
Іс жүргізу нысандарын заң жүзінде көздей объективтік шындықты
анықтауға жәрдемдесетін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Кепілдік
берудің мұндай сипатында жалпы іс жүргізу нысаны жіне іс бойынша шындыққа
қол жеткізу мақсатын көздеп жасаған ерекшелігі бір нысан бой көрсетеді.
Осындай ерекшілігі бар нысан ретінде істің іс жүзіндегі сипатына қарамастан
үкімді жоққа шығарудың фармольды негіздерінің болуы мысал бола алады.
Айталық, егер іс соттың заңсыз құрамында қаралса; егер үкімді қабылдау
кезінде судьялар кеңесінің құпиялылығы бұзылса, егер судьялардың бірі
үкімге қол қоймаса, онда үкім жоққа шығарылуы тиіс. Мұндай жағдайларда
үкімді жоққа шығару үшін мәнісі бойынша үкімнің әділеттілігі жіне жасалған
іс-әрекеттің ауырлығына сәйкес келетіндігі туралы жағдайдың да маңызы
болмайды.
Формальды негіздер бойынша үкімді жоққа шығарудың құқықтық салдары
заңның барлық нұсқамаларын сақтай отырып істі жаңадан қарау болып табылады.

Оюъективті шындықты анықтауға бағытталған ерекшелігі бар іс жүргізу
нысаны заттық айғақтарды іске тігу мен сақтау болып табылады. Сот
сараптамасын міндетті түрде тағайындау, сотта куәгерлерден жауап алуды
жүргізудің тәртібі, тұлғалар мен заттарды тануды жүргізудің тәртібі және
басқалары жоғарыда аталған топқа жатады.
Әділ сотта іс жүргізу нысанының мағынасын асыра сілтеп айту мүмкін
емес, ол жалпы көпшілікке мәлім. Бірақ объективті шындықты анықтау
кезіндегі оның мәні айрықша. Кез келген көлемде іс жүргізу нысанын бұзу
жүргізілген тергеудің объективтілігіне және іс бойынша қабылданған
шешімінің заңдылығына күдік туғызуы тиіс. Мұндай күдік туындаған жағдайда
қылмыстық іс бойынша объективті шындықтың анықталатындығына деген сенім өз
өзінен жоғалады.
Сот ісін жүргізудің сатылары мен кезеңдерінің ревизиялық негізі-
өткен сатының не кезеңнің іс жүргізу нұсқамалары саұқталған жағдайда ғана
әрбір келесі саты, кезең орын алуы мүмкін деген мағынада іс бойынша
объективті шындықты анықтауға кепілдік береді. Мәселен, айып тағу адамның
кінәсін дәлелдемесе мүмкін емес, қадағалау сатысындағы іс жүргізу бірінші
инстанциясының соты іс бойынша үкім шығармайынша мүмкін болмайды. Бұған
қоса жаңа кезеңдегі іс жүргізу оның алдындағы кезеңнің заңға сәйкестігін
тексеруді немесе реквизиялауды көздейді. Талаптан ауытқу олардың сипаты мен
мазмұнына байланысты әр түрлі процессуалдық –құқықтық салдарға әкеліп
соғады.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының жүйесі тұлғаның субъективті
құқықтарын қорғай отырып, қылмыстық сот ісін жүгізуде шындықты анықтаудың
жеткілікті тиімді кепілдіктерін қамтамасыз етеді. Мәселен, анықтау
органының немесе тергеушінің шақыруы бойынша дәлелді сбептерсіз куәгер
келмеген жағдайда оны айдап әкеледі: адам қылмыстық іс бойынша шындықты
анықтауға кедергі келтіруі мүмкін деп жорамалдауға негіз болған жағдайда
оған бұлтартпау шаралары қолданылады: дәлелдемелерді қамтамасыз ету
мақсатында почта-телеграф хат-хабарларын және т.б. пайдалануға тиым салынуы
мүмкін. Процессуалдық мәжбүрлеуді қолдану фактілері ғана емес, оны қолдану
қаупі де кепілдіктердің мағынасына ие болады.
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізудің институттар жүйесі, оның
құрылымы мен мазмұны қылмыстық іс бойынша объективті шындықты кепілді түрде
анықтауға бағытталған.

II-тарау Дәлелдемелерді жіктеу
2.1 Дәлелдемелердің қайнар көздері және дәлелдемелердің қатыстылығы
және іске жіберілуі

Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2-
бөлігіне сәйкес мыналарды қамтиды: куәгердің жакап беруі, жәбірленушінің
жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, аыпталушының жауап беруі, сарапшының
қорытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары және өзге
де құжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей
көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістемелерін, дәлелдеу барысындағы
тексеру мен пайдалануды түсіну керек.
Көз ұғымын кең ауқымды мағынада түсіндірудің құқықтық негізі бар.
Мәселен, ҚІЖК-нің 116 бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе
сот мәселесінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген
көздердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете
алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге
мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушылар емес, оларды негізі
қаланған ақпарат есептеледі.
Іс жүзіндегі деректер кодекс талаптарын бұза отырып, процеске
қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарын айыру немесе
оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзумен,
оның ішінде:
1) күш қолдану, қорқыту, алдау сонымен бірге өзге де заңсыз іс-
әрекеттер арқылы;
2) оларға түсіендірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің
салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың
өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану
арқылы;
3) іс жүргізу іс-әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді
жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты;
4) іс жүргізу әрекетіне қарсылық білдіруге жататын адамның
қатысуына байланысты;
5) белгісіз көзден, не сот отрысында анықтала алмайтын көзден;
6) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін
әдістерді қолдану арқылы алынып, олар істі тергеу немесе
сотта қарау кезінде алынған іс жүзіндегі деректердің
дұрыстығына ықпал ету мүмкін болса, дәлел ретінде пайдалануға
жол берілмейді деп танылуы тиіс.
Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әртүрлі
көзқарастар қалыптасты, олардың мәні негшізінен тізбені еңейту қажеттіліген
сүйенеді. Мәселен, П.П.Якинов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде
азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың
өкілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А.С.Ландо осыған ұқсас көзқарасты
білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының заңды
өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді.
В.Ф.Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды,
өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық
жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың
алғашқы көздері; яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды
орынды санайды.
Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін
маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола
алатындай заттың қасиеттері деген ұғымда бар. Н.А:Семевановтың пайымдауы
бойынша: Затты заттық айғақ, деп тану осы зат пени істің анқытьалған мән-
жайы арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы арасындағы
байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы үліглерге қатысты мұндай
байланыс туралы айтудың өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес,
тергеумен байланысты және оның қылмыстық іске қатысына қарамастан белгілі
бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды.
Салыстырып қарауға көмектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным құралдары
ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтарды зерттеуді
жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын құралдармен құрылғылармен және басқа
да тетіктермен, сондай-ақ зерттеуші өзінің қорытындыларында негізгі алатын
әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға болады
1
Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізк заңы іс
жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. ҚІЖК-тің тиісті ережелеріне
сәйкес жасалған, тексеру, көзін жеткізу, алу, тінту, ұстау, мүлікке тыйым
салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және
басқа да сөйлесуді тыңдау және жазып алу, зерттеу үшін үлгілерді алу,
мәйітті эксгумация жасау, айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, қылмыс
болған жерде тергеу экспериментінде, тернгеу әрекееттірнің барысында маман
жүргізген заттай айғақтарды зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті
жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-
әрекеттерінің хаттамалдарында бар іс жүзіндегі деректер, сондай-ақ сот іс-
әрекеттерінің барысы мен олардың нәтижелерін көрсететін сот отырысының
хаттамасында бар қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Дәлелдеме ретінде қылмыс туралы, табыс етілген заттар мен құжаттар
туралы, айыбын мойындап келуі туралы ауызша мәлімдеу кезінде жасалған
хаттамаларда, адамдарға олардың құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерді
түсіндірулерде қамтылған іс жүзіндегі деретер пайдалануы мүмкін.
Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді
іріктерудің бет алды сипаты болмайды. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі
бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық
іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені
шешуге негізделген.
Дәлелдемелердің қатыстылығын – олардың және дәлелденуге жататын
жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну қабылданған,
осыған байланысты қылмыстық іс бойынша белгілі бір фактілерді негіздеу
немесе жоққа шығару үшін пайдалануы мүмкін.
Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді:
- дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысы;
- нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың іс үшін маңызы;
- тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы.
Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадай көрінді:
осы өлшемге сүйене отырып, тергеу мен сот қылмыстық істерді тергеу және
қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың
үйіндісінен оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді таңдап ала алады.
Келесі екі өлшем өзара байланысты және бір құбылыстың әр түрлі
жақтарын білдіреді.
Дәледемелердің қатыстылығы туралы мәселені шеші үшін оларда бар
ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді
растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін).
Қатыстылық – дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің
белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мынадай: ол
істі басы артық ақпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар
материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз – көздерінің, олар алынған
әдістер мен тәсілдердің заңдылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің
жарамдығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс
жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп көрсету қабылданған:
- дәлелдеудің тиісті қатысушысы;
- заңда көзделген дәлелдеме көзі;
- заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен)
өткізудің тәртібі.
Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты
айқындай отырып, В.Д.Арсеньев былай деп жазды: “Егер қылмыстық іс жүргізу
дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске қатыстылығын көрсетсе,
дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны – олардың осы іс бойынша іске жіберілуін
айқындайды”.
Дәлелдеудің тиісті қатысушысы туралы талап мазмұнының негізінде
дәлелдеп көрсету айыпталушыға аударуға қатысты қылмыстық іс жүрігзуге тиым
салады. Алайда, бұл айыпталушыдан басқасының бәрі де дәлелдеуі тиіс дегенді
білдірмейді. Заңда дәлелдеу функциясы тергеушіге, анықтау жүргізетін
адамға, прокурорға жүктеледі. Бұл сотқа дейінгі кезеңдерде тек осы
қатысушыларға ғана дәлелдемелерді мақсатты түрде жинауға және нақты іс
бойынша оларды қылмыстық сотысын жүргізуге тарту туралы мәселені шешуге
құқық берілгендігін білдіреді. Істі сот қарауы кезінде жинау және
дәлелдемелерді істің материалдарына тігу мәселелерін сот шешеді.
Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздің ҚІЖК-нің
115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің берілген сәйкес келетін
білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де
санамаланған кез келген көздер пайдалануы мүмкін екендігін белгілейді.
Алайда, белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден
анықталуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 240-бабына сәйкес қаза табуының
себептерін анықтау, дене жарақатының мен ауырлығын анықтау, айыпталушының,
куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті сот
сараптамасын жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын
фактілер дәлелдемелердің бірден-бір көздері сарапшылардың қорытындылары
болады. Дәлелмелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына
адамның жасы туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмін
болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) қажетті құжаттары
болмаған жағдайда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау
кезінде жасалатын сарапшылар қорытындылары да жатады.
Заңда көзделгеніндей дәлеледемелерді тәсілді – іс жүргізушілік
нысанының тағы бір міндетті элементі. Дәлелдемелерді жинау мақсатында
анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот заңда белгіленген тәртіппен
куәгерлер, жәбірленушілер ретінде жауап алу үшін кез келген адамды іске
тартуға, кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды
адамдар мен азаматтардан іс бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді
анықтауға жәрдемі тиетін заттарды, құжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді талап
етуге құқылы. Дәлелдемелерді сезікті, айыпталушы, қорғаушы, айыптаушы,
сондай-ақ жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық
жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ кез-келген азамат, кәсіпорын,
мекеме жіне ұйым беруі мүмкін.
Бұл ереже ділелдеу тәсілдерінің тізбесімен ұштаса келіп
дәлелдемелердің екі тәсілімен алатындығын білдіреді:
1) тергеу істерін жүргізудің нәтижесінде;
2) соттың іс-қимыл жүргізу нәтижесінде.
Дәлелдеме алуға жәрдемі тиген заңға сәйкес тергеу іс-қимылын жүргізу
тәртібі – іске жіберілу категориясының маңызды элементі. Заң шығарушы
тергеу іс-қимылын жүргізудің екі деңгейдегі тәртібін көздейді:
а) жалпы; ә) жеке. Барлық тергеу іс-қимылдарына қатысы бар жалпы деңгей
қылмыстық сот ісін жүргізуден туындайтын талаптарға негізделген. Осы
деңгейге тергеу істерін хаттамалау, хаттамаларды жасаудың жалпы ережелері
туралы талаптар жатады. Жеке деңгейдің жекелеген (нақты) тергеу іс-қимылын
жүргізудің регламентіне қатысы болады.
Сонымен, дәледеменің іске жіберілуі – оның факті туралы мәлімет көзі
ретінде осы фактіні анықтаудың құралы бола алу қабілеті және осы тұрғыдағы
түсінікте іске жіберілуі – іс жүргізудің саны көрінісінің мәні .
Қолданылып жүрген заңда іске жіберілу категориясы жоққа шығару
әдісімен шешіледі, оның мәнісі мынада: дәледемелер ретінде белгілі бір
деректерді іске жіберуге болмайтындығы анықталатын белгілер
регламенттеледі, ал іске жіберуге болмайтын өлшемидерге қайшы келмейтіннің
барлығын да іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде іске жіберуге
болатындығын тану үшін негіз ретінде қарау керек. ҚІЖК 116-бабында: Іс
жүзіндегі деректер, егер олар осы кодекстің талаптарын бұза отырып,
процеске қатысушыларды олардың заң мен кепілдік берілген құқытарынан айыру
немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін
бұзумен деп атап көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы
келмейтін барлық басқа деректер дәлелдемелер алудың процедуралық талаптары,
іс материалдарына тігудің талаптары сақталған жағдайда дәлелдемелер деп
танылады.
Іс жүзіндегі деректерді, егер осы деректердің көздері қылмыстық іс
материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, қылмыстық іске түсу органының
айыптауын, сондай-ақ соттың үкімін және өзге де қорытынды шешімін негіздеу
үшін пайдалануға заң тиым салады. Осы айтылған тиым салуды қолдану үшін
төмендегі іс жүргізуде маңызы зор жағдайларда ықпал етпейді.
- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің және куәгердің жауаптарын
ҚІЖК-нің барлық нұсқамаларын сақтай отырып алу, жауаптарды
қолданылып жүрген процедуралық нұсқамаларға сәйкес хаттамаларда
бекіту;
- сарапшының өз қорытындысын қылмыстық процесті жүргізуші органнның
қаулысына сәйкес жүргізу негізінде жасауы, сараптаманың барлық
белгіленген ережелерді сақтап отырып жасалуы;
- қылмыстық процесті жүргізуші тиісті қаулысына сәйкес заттық
айғақтарды іске тігу және оларды тиісті процедура сақталған жолмен
алу, осы әрекетке қатыстылығының белгілері болуы;
- тергеу және сот іс-қимылдарының қажетті хаттамаларын және өзге де
құжаттарды тиісті түрде рәсімдеу.
Сонымен, іс жүзіндегі деректердің заң белгіленген көздерін қылмыстық
іс материалдарының тізімдемесіне енгізбеу дәлелдемелерді іске жіберу
мәселесін шешу кезінде оларға қойылатын талаптарды елеулі түрде қарау
қажет.
Дәлелдемелер ретінде іс жүзіндегі деректерді іске жіберуге
болмайтындығын, сондай-ақ құқықтық күші жоқ екендігін танудың бастамашылары
мыналар бола алады:
1) сот;
2) қылмыстық ізге түсу органдары;
3) тараптар.
Сот, қылмыстық ізне түсу органдары дәлелдемелердің құқықтық күші жоқ
екендігін және оларды айыптауды қалыптастыру кезінде пайдалануға
болмайтындығын, сондай-ақ оларды алу кезінде заңды бұзушылыққа қол
берілгендігі анықталса, дәлелдеу тақырыбының кез келген элементін
дәлелдеуге жатпайтындығын тануы туралы қаулы шығарады.
Тараптар соттың немесе қылмыстық ізге түсу органлдарының алдында өз
өтініштерін мәлім етеді. Өтінішті қарау нәтижесі бойынша уәкілетті адам
қанағаттандыру туралы немесе бас тарту туралы қаулы шығарады. Тараптардың
өтініші қанағаттандырылған жағдайда іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер
ретінде тануға жол берілмейтіндігі туралы қорытындыны бекітетін дербес
қаулы шығарылады. Әдебиетте дәлелдемелердің іске жіберілу категориясының
мәні туралы мәселе түрліше қарастырылады.
Мәселен, Я.О.Мотовиловкер былай деп есептейді: сот ісін жүргізу
нысандарының бәрі де бұлжытпай сақталуы тиіс деген қорытынды дәлелдемелер
жинау кезінде кез келген бұрмалаушылық дәлелдеу тәсілін іске
жіберілмейтіндей етеді деген ұғымды білдірмейді.
Іске жіберілетіндігінің (іске жіберілмейтіндігін) өлшемі ретінде кез
келген іс жүргізу нысанын бұзушылық емес, дәлелдеменің мәнісіне ықпал
ететінін бөлік көрсететіні деуге болады. Шынында да, егер тергеу іс-
қимылының хаттамасында оны жүргізудің күні қойылса, бірақ оның басталуы мен
аяқталуының уақыты көрсетілмесе, бірақ қалған барлық талаптар сақталса –
бұл дәлелдеме іске жібермеу туралы қорытынды жасау қажет пе?
Іс жүргізушілік нысандардың дәлелдемелердің мазмұны мен өзара
байланысы оларды іске жіберу өлшемдері туралы мәселеге сараланған
көзқарасты талап етеді. Және осы мағынада біз үшін Я.О. Мотовиковкердің
көзқарасы дұрыс, ол былай деп есептейді:
1) іске жіберілмейтіндігі заң мағынасынан тікелей туындайтын
дәлелдемелер ғана өз-өзінен жоққа шығарылуы мүмкін (мәселен, куәгердің,
жәбірленушінің және т.б. субъективтік ой-пікірлеріне емес, сот психикалық
сараптаманың актісіне ғана сүйеніп, адамның психикалық ауруы фактісін
анықтау мүмкіндігі);
2) іс жүргізушілік нысанының бұзылуы орын алғандығына қарамастан,
айыпталушының кінәсін ақтайтын немесе жеңілдететін мәліметтері бар
дәлелдемелерге қатысты іске жіберілу ітуралы мәселе тек ғана оң шешілуі
тиіс (керісінше жағдайда айыпталушының заңды мүдделері мен құқықтарына
қысым жасайтын жағдай жасалады);
3) өзге жағдайларда дәлелдемені жоққа шығару фактілері туралы қолда
бар мәліметтердің бүкіл жиынтығын бағалауға негізделуі тиіс.

2.2 Дәлелдемелер мен жедел –іздестіру арқылы алынған процессуалдық
емес ақпараттың арақатынасы.

Қазақстан Республикасының Жедел іздестіру қызметі туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде
қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды,
алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестру
қызметін мынадай органдар жүзеге асырады: а) ішкі істер органлдары, ә)
ұлттық қауіпсіздік органдары; б) Қорғаныс министрлігінің салық қызметі
органдары; г) Қазақстан Республикасы Презиндентінің күзет қызмет (жедел-
іздестіру қызметі туралы Заңның 6-бабы).
ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1-2 тармақтары) қылмыс
белгілерін және оны жасаған ададмарды табу мақсатында анықтау органдарына
қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі. Осы ереже Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары
туралы Заң күші бар Жарлығында дамытылады. Мәселен, аталған Жарлықтың 10-
бабында былай деп жазылған: Жедел іздестіру қызметі туралы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға және ашуға, ішкі
істер органдары жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ
қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру орындарында
режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті. Бұл
ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға құқылы ішкі істер
органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер
министрлігі белгілейді. Одан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Дәлелдеу, оның маңызы мен қылмыстық іс жүргізуде алатын орны
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясының басты ережелері мен дәлелдеудің негіздері
Қылмыстық процестің субъектілері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Қылмыстық процестің принциптері
Пәндер