ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Қылмыстық іс жүргізудің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11

1.2 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері ... ... ...12-
21

1.3 Қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-25

2.ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ
МЕРЗІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..26

2.1 Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру
тәртібі ... ... ... ... ..26-33

2.2 Қылмыстық прцессте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізушілік- құқықтық
салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34-46

3.ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

3.1 Қылмыстық іс жүргізу мерзімдерін есептеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ..47-50

3.2 Қамауға алу, қамауға алудың мерзімдері, қамауды ұзарту тәртібі ... ...51-
60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 61-63

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64-65

КІРІСПЕ

Бұл дипломдық жұмыстың өзекті болуы мынада: қылмыстық іс жүргізу
мерзімдері деп қылмыспен күресудің іс жүргізетін органдардың қызметінің
тиімділігіне арттыру және қылмыстық соттық істі өз уақытында орындау
мақсатында іс жүргізу мерзімдерін дұрыс түсіну мен қолдану практикалы
моралды маңызын айтамыз. Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада;
прцеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қылмыстық процесте
жүйелеу функциясын орындауға бағытталған құқықтық құрал сот ісінің
жүргізілуіне белгілі бір қарқын беретін ұйымдық құрал болып табылады.Іс
жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір іс жүргізу
мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен ,кассациялық шағым
беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген соттың үкімді жүзеге
асыруына себеп болады сезіктіге бұлтартпау шаралары заңмен белгіленген
мерзімдерді сақтау міндеттілігі. Іс жүргізу мерзімдерін қатаң түрде және
дәл сақтау теория мен заң шығару практикасында қылмыстық істер бойынша
істердің тез жүргізілудің қамтамасыз ету құралдарының бірі деп
саналыпкеледі. Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге
бөлінеді.Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама
негіздері бір-бірімен үйлеседі. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу
әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мына түрлерге бөлінеді:
мерзім-кез, мерзім-кезең. ҚІЖК-тің 70-бабына сәйкес, қорғаушы айып тағылған
кезден бастап іске қатысуға жіберіледі немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша
өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен жолыға
алады. Адамды қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған кезде мерзім осы
шара іс жүзінде қолданылған сәттен бастап есептеледі.Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 184-бабында көрсетілгендей егер құқық қорғау органдарына қылмыс
туралы арыз немесе хабар түссе,шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен
кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер
алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету,оқиға өткен жерді
қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы
,тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда –бір
айға дейін ұзарта алады,бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға
хабарлануға тиіс
Бұл жұмыстың мақсаты мен мәселелері: Құқықтық нормалардың мазмұны
белгілі бір мақсаттармен негізделген және сол мақсаттарға жету үшін
белгіленген. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңы белгісіздікпен жөнсіздікке
жол бермеу үшін іс жүргізу әрекеттерінің нақты мерзімдерін анықтайды.Іс
жүргізу саласындағы кепілдіктің құрамдас бөлігі.
Зерттеу мәні. Іс жүргізу мерзімдері қылмыстық-соттық істердің шешілу
жылдамдығын, азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды,
прокурорлық қадағалау мен салалық бақылауды қамтамасыздандырады. Іс
жүргізудің жылдамдығын анықтайтын мерзімдерге қылмыс туралы арыздарға
байланысты шешім қабылдау, жекелеген тапсырмаларды орындау ,алдын ала
анықтау ,тергеу, үкімдерге шағым және наразылық білдіру сияқтыларды
жатқызуға болады.
Зерттеу әдістері: Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыстық іс
жүргізу мерзімдерінің тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына
сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Қылмысты дұрыс сараламау, ол
заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне
нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін
қылмыстық заңды дұрыс қолданып. Істің мән жайын терең зерттей білу,
істелген іс әрекетті дұрыс саралау қажет сондай-ақ қылмысты қылмыс
еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді
анықтау керек. Міне бұл жерде қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің оның
белгілерінің қылмысты саралаудағы заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше
болып отыр. Біздің құқықтық мемлекетімізде қылмыс туралы арыз немесе хабар
түссе шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға
тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу,құжаттарды немесе өзге
материалдарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін
бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он
тәулікке дейін ,ал ерекше жағдайларда бір айға дейін ұзарта алады,бұл
туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.
Ғылыми жаңалығы. Міне, осындай күрделі мәселелерді шешу мақсатында
жоғарыда аталған жағдайларды саралап, оны терең түсіну сонымен қатар
қылмыстықпен пәрменді күрес жүргізуде кеңінен қолдана білу, қылмыстық іс
жүргізу заңдарды жетілдіруді мәселенің өзегі ретінде алып, бұл жұмысты жазу
қарастырылған.
Зерттеу құрылымы: бұл дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының
өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар
мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік
негіздері және жұмыстың ғылыми жаңалығы көрсетіледі. Бірінші бөлімде
қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің ұғымы, маңызы мен түрлері, бұл тарауда
қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің жекелеген түрлеріне түсініңтеме бере
отырып қылмыстық іс жүргізу мерзім және іс жүргізу мерзімдерін есептеу
тәртібіне тоқталдық. Екінші бөлімде қылмыстық процестердегі мерзім және
мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру, мерзімді өткізіп алудың салдарын
саралап және сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде қылмыстық іс жүргізу мерзімдерінің талап қоюмен іс
жүргізудің түсінігін анықтап ,қамауға алудың мерзімдері оларды ұзарту
тәртібін қарастыра отырып олардың маңызын көрсетеді. Соңында қорытынды
жасалып, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді. Зерттеу нәтижесі
қорытындыда қарастырылады.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, МАҢЫЗЫ МЕН
ТҮРЛЕРІ.

1.1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ТҮСІНІГІ

Құрылым деп қандай да бір біршама тұйық жүйенің құрамдас
бөліктерінің өзара орналасуы мен байланысын, оның ішкі құрылысын түсіну
қабылданған. Қылмыстық іс жургізу курсының бағдарламасы, оның құрылымы мен
ішкі өзара тәуелді логикасы-тұтас алғанда қылмыстық сот ісін жургізудің
мәні мен мазмұнын айқындайтын, өз алдына нормалар жиынтығы болып табылатын
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің құрылымымен байланысты. Сонымен бірге бұл
-дәйектілктің таза сыртқы сипаты бар қылмыстық іс жүргізу нормаларын
дәйекті түрде қылмыстық іс жүргізу Кұқығының мәнін пайымдау, түсіну дегенді
білдірмейді. Сөз болып отырған жағдайда логикалық, ұғымдық, мәнділік
дәйектілігі сақталуға тиіс. Қозғалыс қарапайымнан күрделіге, механикалық
дәйектілікпен өрбитін логикалық дәйектілікті толық сайма-сай келтірудің
мүмкін еместігі кез келген салалық заңдардың ерекшелігі болып табылады.
[2.3]
Бұл белгілі бір ұғымды ашып көрсетуге кірісе отырып, біздің
ҚІЖК-нің тарауларындағы баптарды, сондай-ақ мәселені түсіну үшін қажетті
құқықтық негізді құрайтын, түрлі заң актілерінде бекітілген нормаларды
мысал ретінде алатынымызды білдіреді. Қылмыстық іс жүргізу құқығы құрылымы
жағынан Жалпы және Ерекше бөлімдерге бөлінеді. Мұндай бөлудің екі ұдай
сипаты болады. Бір жағынан Қылмыстық іс жүргізу кодексі кұрылымының
ерекшелігін білдіреді, мұның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымынан тар.
Екінші жағынан мұндай саралау әдістемелік тұрғыдан орынды. Жалпы бөлім
қылмыстық іс жүргізудің құқық жүйесіндегі мақсаттары, міндеттері және орны
көзқарасы тұрғысынан оның тұжырымдамасын айқындайтын негізгі, принципті
түрде маңызды және елеулі ережелерді ашып көрсетуге арналған. Жалпы бөлім
құқықтың қызмет түрі мен саласы ретіңде қылмыстық іс жүргізудің мәні мен
мазмұнына тұтас түсінік береді. Жалпы бөлімнің тұжырымдамалық ережелері
Ерекше бөлімді құрудың іргетасы және әділ сот мақсаттарына қол жеткізу үшін
пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді түсінудің кілті болып табылады. Жалпы
бөлімде қаланған категориальдық, институционалдық ұғымдар Ерекше бөлімде
ортақ мақсаттағы бірқатар істердің, ұғымдары түріңде, яғни, белгілі бір іс
жүргізу әрекеттерінің (операциялардың, рәсімердің) тәртібі мен дәйектілігі
туралы нақты құқықтық ұйғарымдар түрінде өзінің дамуын табады. Сонымен,
Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тек пен
түр ретіндегі қатынасып, тектік басталуы (анағұрлым кең ауқымды, жан-жақты
қамтитын) Жалпы бөлімге тиесілі болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының
Жалпы және Ерекше бөлімдерінің біртұтастығы қылмыстық іс жүргізу заңдарының
мәні мен мазмұнының біртұтастығымен, әр түрлі деңгейде болғанымен екі
бөліммен де реттелетін тәсілдер мен әдістер арқылы қол жеткізілетін және
шешілетін мақсаттар мен міндеттердің ортақтығымен алдын ала белгіленген.
Мысалы ҚІЖК-нің "Қылмыстық ізге түсу" атты 3-тарауында іс жүргізу
қызметінің түрі ретінде қылмыстық ізге түсу ұғымын тұжырымдауға,
материалдық-құқықтық негізге байланысты қылмыстық ізге түсуді жіктеуге,
қылмыстық ізге түсу функцияларын жүзеге асырудың сыртқы көрінісі мен
өлшемдерін белгілеуге және т.т. мүмкіңдік беретін ортақ нормалар бар. Осы
тараудың өзегі "Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары" атты
36-бап болып табылады.[7.27б]
Сонымен, тарау мен ондағы бар баптардың атауларының өзі,
ұйғарымнамаларды баяндау сипаты осы тарауда қаланған нормаларды
қорытындылаудың деңгейі туралы баяндайды. Атап айтқанда 36-баптың 1-
бөлігінде былай деп жазылған: "Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін
орындау мақсатында қылмыстық ізге түсу органы өз құзыреті шегінде қылмыстың
белгілерін тапқан әрбір жағдайда қылмыс оқиғасын белгілеуге, қылмыс жасауға
кінәлі адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық
шараларды қолдануға, сонымен бірдей кінәсіз адамдарды ақтау шараларын
қолдануға міндетті". Қылмыстық Ізге түсу процедурасын тікелей баяндау
"Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу" атты 6-бөлімде дербес-түрде
баяндалған, дұрысын айтқанда осы сөз больп отырған тұстан ҚІЖК-нің Ерекше
бөлімі басталады. Баптардың қарапайым тізбесі ("Қылмыстық іс қозғауға
себептер мен негіздер", "Алдын ала тергеудің міндеттілігі", "Алдын ала
тергеу жүргізудің басталуы", "Алдын ала тергеудің аяқталуы", "Прокурордың
алдын ала тергеу барысындағы өкілеттіктері" және басқалары) Жалпы бөлімде
бекітілген тектік ережелерді терең түрде егжей-тегжей нақтылайды. ҚІЖК-нің
Жалпы бөлімі басты, негізге алынатын ережелердің жиынтығын білдіре отырып,
Ерекше бөлім ауқымында қылмыстық іс жүргізу тәсілдері мен әдістерін
құралдық тұрғыдан дамытуға арналған негізді құрайтын институттар мен
ұғымдардың тізбесінде қамтиды. ҚІЖК-нің Жалпы бөлімі бес бөлімнен тұрады,
олар:
1. Негізгі ережелер; 2. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік
оргаңдар мен тұлғалар; 3. Дәлелдемелер және дәлелдеу; 4. Іс жүргізушілік
мәжбүрлеу шаралары; 5. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер. ҚІЖК-нің
Ерекше бөлімі жеті бөлімнен тұрады: 6. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі
іс жүргізу; 7. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 8. Соттың заңды күшіне
енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау; 9. Сот шешімдерін орыңдау; 10.
Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу; 11.
Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері;
12. Айрықша іс жүргізу. Аталған бөлімдердің әрқайсысы тараударға бөлінген.
Олардың ҚІЖК-ндегі саны-56. Әр тарауға баптар біріктірілген, олардың саны
реттелетін құқықтық қатынастардың көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Құрылым сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуді реттейтін заңдар жинағындағы
не Кодекстің бөлігіндегі нақты норманың орнын белгілеуді білдіреді, мұның
айта қаларлықтай әдістемелік және практикалық маңызы бар.
Біріншіден, бұл реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесінің
иерархиясын тәртіптеу үшін жағдайлар туғызады. Екіншіден, орын нормативтік
ұйғарымдардың кезектілігін де білдіреді, өйгкені кезектілік сақталмаса іс
жүргізу құбылыстарын түсінуде хаос тууы мүмкін (мәселен, қылмыстық іс
бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу туралы бөлім бірінші сатыдағы сотта іс
жүргізу туралы бөлімнің алдында болуға тиіс). Үшіншіден, қылмыстық іс
жүргізудің құқықтық қатынастарына қатысты нақты көріністердің ережелердің
жалпы жинағындағы орнын білу тікелей іс жүргізу қызметінде уәкілетті
органдардың қажетті ұйғарымдарды таңдау кезінде практикалық дұрыс бағдар
ұстануына көмектеседі.
А. М. Лариннің пікірі бойынша ҚІЖК-нің құрылымын ішкі және сыртқы
деп саралауға болады. Ішкі құрылым дегеніміз- ҚІЖК-нің Жалпы және Ерекше
бөлімдерінің арасындағы, сондай-ақ бөлімдердің, тараулардың, баптардың,
бөліктердің және баптардың тармақтары арасындағы қатынастар. ҚІЖК-нің
сыртқы құрылымы дегеніміз-басқа заңдармен және осы сала мен аралас
салаларға жататын заңға тәуелді нормативтік актілермен, сондай-ақ кешенді
заңдармен байланысты білдіреді. ҚІЖҚ—толып жатқан түрлі жақтарды, жай-
жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр
түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі
көзқарас-қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында
көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу
мақсатында қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу жөніндегі қызметті
реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіндіреді. Кеңестік кезеңдегі құқық
дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған саяды: қылмыстық іс жүргізу
құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта
қарауға байланысты қызметті, оның, тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық
саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық
қатынастары. Ал құқық саласы — өздері реттейтін бір тектес қоғамдық
қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың
ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы
іргелі салаға жатады. Құқықық реформа кезеңіндегі энциклопедиада қылмыстық
іс жүргізу құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін
және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының
қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта
қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі
деп белгіленген. Осы анықтамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар
әддебір жақты жеткілікті түрде терең ашып көрсетіп, басқа жай-жапсарларды
жанамалап қана өтеді, сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай
тең мәнді элементтерден қалыптасады: бұл дербес құқық саласы; іргелі сала,
яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып
табылады;
өз ішіңде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс
жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық, сот
ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осы
баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылымына тән қылмыстық
іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Осы сала
нысанасы деп мыналарды санау қажет:
өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол
қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген;
өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген
қызметі; олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың
барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты. ҚІЖҚ-
ғының өзге салалар жүйесіндегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен
және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады.
Ол үшін ең елеулі болып табылатындары: а) ҚІЖҚ –ғы мен
қылмыстық іс жүргізу заңының; ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу
құқығының; б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің
арақатынастары. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құкығының мәні мен
орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен,
криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен,
сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор
манызы бар. ҚІЖҚ-ғының ерекшелігі-адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына
байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады
және қайшылық феноменінің ықпалынан байқалады. ҚІЖҚ-ғы — өзге құқық
салаларымен міндеттер мен принциптер ортақтығы, ішкі үйлесімділік пен
ізгілікті бағыт біріктіретін біртұтас, өзара байланысты құқық жүйесі. ҚІЖҚ-
ғы өз жүйесі, оның өзара байланыстары мынадай: 1) құқық нормасының
элементтері арасында; 2) құқық институттарына біріккен нормалар арасында;
3) қылмыстық процесс кұқығы саласының институттары арасында; 4) ҚІЖҚ-ғы мен
құқықтың өзге де сабақтас салалары арасында. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу
құқығы құрылымы сыртқы қасиеттерді көрсетсе, жүйе оның мазмұнды жағын
бейнелейді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының іргелі салаларға жатқызылуы
олардың диалектикасындағы ішкі заңдылықтарды танып-білуге, іс жүргізу
нұсқаулары логикасының ғылыми тұрғыдан әзірленуіне, нақ соған тән әдістер
мен құралдар көмегімен құқық қолдану практикасының қажеттеріне ғана емес,
сондай-ақ нақты құқық қатынастарының даму дәрежесіне сай келетін іс жүргізу
новеллаларын конструкциялау мүмкіндігіне байланысты мақсаттар мен
міндеттердің болуымен айқындалады, бұл жердегі даму дәрежесі қоғамдық
қатынастардың даму дәрежесінің туындысы болып табылады. Қылмыстык процесті
қызмет түрі ретінде де, ғылым ретінде де, құқық саласы ретінде де дамытудың
басты бағыттарын таңдау өзіне негізделген қажетті теориялық база жасау
іргелі білімдер саласына жатады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесіндегі
өзара байланыстардың екінші және үшінші дәрежелеріне келетін болсақ, бұл
жерде негізгі орын қылмыстық іс жүргізу институты ұғымына берілген.
Қылмыстық іс жүргізу ннституты қатынастардың нақты саласын реттейтін, тек
сол қатынастарға тән ерекшеліктерді біріктіретін заң нормаларының жиынтығы
болып табылады.
Құқық институты — қоғамдық қатынастардың біршама дербес жиынтығын
немесе олардың әлдебір құрамдас бөліктерін, қасиеттерін реттейтін өзара
байланысты нормалар жүйесі екенін негізге алатын болсақ, онда қандай да
болсын институттың мәнін түсіну құқықтың сабақтас салаларынан ғана емес,
сондай-ақ білімнің сабақтас салаларынан (мысалы, философиядан,
саясаттанудан, социологиядан және т.б.) бастау алатын ұғымдарға жүгінуді
қажет етеді. Қылмыстық іс жүргізу институттары ішкі құрылымдары бойынша
қарапайым институттан көп сатылы институтқа дейін түрленеді. Құқық
институтының бірыңғай құрылымы жоқ және ондай құрылым орнатуға болмайды.
Сонымен бірге құқық саласының тұтастығы мен толықтығы, құқық нұсқамалары
жүйесінің ішкі қисындылығы мен үйлесімдігі туралы мәселенің шешімі құқық
институттарының қандай дәрежеде әзірленуіне байланысты, оның өзі сайып
келгенде құқық қолданудың тиімді болуына әсер етеді. Күрделі, көп сатылы
құрылымы бар қылмыстық іс жүргізу институттарына жататындары: қорғау,
азаматтық талап, айыптау институттары. Олар ұғым, категория сияқты шағын
элементтер жиынтығынан құралып қана қоймайды, сонымен бірге қарапайым
құрылымы бар өзге институттарды да қамтиды. Қарапайым құрылымы бар
институттарға жәбірленуші, сезікті, айыпкер, азаматтық талапкер, азаматтық
жауапкер, куә, сарапшы, маман институттары жатады. Осы институттардың
ерекшелігі — олар іс жүзінде іс жүргізу құқығы қатынастарын реттейді, ол
қатынастардың сипаты сот ісіне қатысушы ретінде сол тұлғалардың құқықтық
мәртебесін негізге ала отырып анықталады. Қылмыстық іс жүргізу
институттарының қарапайым және күрделі құрылымдарының арақатынасын мына
мысалдан байқауға болады құрылымы күрделі азаматтық талап институты өз
құрамына құрамдас элементтер ретінде азаматтық талап етуші институтын,
азаматтық жауап беруші институтын қамтиды, оларда, тиісті азаматтық талап
етуші мен азаматтық жауап берушілердің құқықтық мәртебесін айқындайтын
қарапайым құрылым бар. Мұнымен қатар азаматтық талап институты бірқатар
ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып іс-қимыл жасайды. Қылмыстық іс
жүргізу құқығы ғылымы реттелетін қатынастарды бөліп шығарып, іс жүргізу
институттарына жатқызуға мүмкіндік беретін өлшемдер белгілеген. Ондай
өлшемдер мыналар:
нормалар тобының мазмұны мен реттелетін қатынастар шеңберіндегі олардың
жалпы бағытының бірлігі;
іс жүргізу қатынастарының нақты саласын реттеудің аяқталғандығы, тұтастығы;
нақ осы қатынастарды реттеу үшін қолданылатын принциптердің, іс жүргізудің
ерекше әдістері мен құралдарының болуы;
—нормалардың бөлім, тарау не бірқатар баптарда берілген бөліктер түріндегі
(сиректеу — дербес құқықтық акті түріндегі) нормативтік-құқықтық акті
шеңберінде сырттай, құрылымдық жағынан жекеленуі.
Қылмыстық іс жүргізу институтын тек кең аукымды түсінік базасы
негізінде ғана ұғынуға, қабылдауға және дамытуға болады. Қылмыстық іс
жүргізу ұғымы -қылмыстық іс жүргізу институттарының мазмұнын құрайтын
элементтердің мәні туралы жинақталған ұғым беретін формула. ҚІЖК-нің 43
тармақтан тұратын 7-бабы негізгі ұғымдарға түсінік беруге арналған. Алайда
оның өзі қылмыстық іс жүргізу құқығыңда қылмыстық іс жүргізу
институттарының мәнін түсінуге көмектесетін 43 ұғым ғана бар екенін
білдірмейді. Ұғымдар әлдеқайда көп. Олардың ҚІЖК-нің басқа нормаларында
болуы мүмкін. Мысалы, іс жүргізушілік мәжбүрлеу институттарына байланысты
ұғымдар "Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары" деген 4-бөлімнің түрлі
баптарында берілген: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат
беру (144-бап), жеке кепілдік (145-бап), кепіл (148-бап), алып келу (158-
бап). Іс жүргізу құқығы ұғымы мен институтының қайсысы бастапқы екені
жөніндегі сұрақтың шешімі методологаялық құндылық болып табылады. Бұл
сұраққа бір мағыналы жауап жоқ. Институттардың бірі дамыған ұғымдар
негізінде қалыптасқан, сондықтан соңғыларына қосымша сипатта болады. Басқа
институттар, жан-жақты талдап жетілдірілгендіктен, жаңа ұғымдар тұжырымдау
үшін өздері негіз болады, өйткені дәстүрлі формулаларды түрлендіру
мақсаттарына қызмет етеді, бұл жағдайда олар ұғыммен салыстырғанда бірінпіі
орынға қойылады. Бұл деңгейдегі білім қылмыстық іс жүргізу проблемаларын
талдау кезінде перспективаны анықтау үшін қажет.[13]
Егер институт бастапқы болса, онда заңға еңгізу үшін ұсынылып отырған
ереже, әзірше болжам болғандықтан, міндетті түрде ресми мақұлдауды қажет
етеді. Яғни норманың тиімділігі өмірге икемділігі құқық колдану
тәжірибесінің жинақталуына қарай айқындалатын болады. Егер институт соңғы
болса, құқыққа енгізілетін ұғымды құқық қолдану практикасы өмірге әкелген
объективті қажеттілік деп ойлауға негіз бар. Мысалы, айып ұғымы бастапқы
болғандықтан, айыптау институтын қалыптастыруға негіз болды. Ал айыптау
институты, өз тарапынан, кінәлілік ұғымын дамыту мен одан әрі жетілдіруге
негіз болды. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйесіне сабақтас құқық
салаларының категорияльдық аппаратын тарту тән. Мысалы, азаматтық талап қою
институты азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы ұғымдарға сүйенеді.
Құқықтағы осы кірігу құбылысы объективті сипатта болып, ұлттық құқық
жүйесінің тұтастығын дәлелдейді, оның түрлі элементтері өзара ішкі
логикамен байланысты, бірін-бірі толықтырып, байытады, форма мен мазмұн
бірлігін сақтайды. ҚІЖҚ-ғы мен қылмыстық іс жүргізу заңы арасындағы
арақатынасты түсіну жалпы құқық пен заң арақатынасын түсінумен байланысты.
Егер құқық — мемлекет күшімен қорғалатын жалпыға міндетті
әлеуметтік нормалар жүйесі болса, заң осы "мемлекет күшінің" аса маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда заң, бір жағынан, нормативтік-
құқықтық актілердің түгелдей бәрі деп түсінілсе, екінші жағынан ол —
мемлекеттік өкіметтің ең жоғары өкілетті органы қабылдаған нормативтік
акті. Заңдар мемлекеттің құқық жүйесінің негізін қалайды. Заң—құқықтың
құрамдас бөлігі. Құқықпен заңның ажыратылуын жактаушылар құқық пен заң —
өзара байланысты, бірақ бір мағыналы емес құбылыстар екенін дәлелдеді.
Құқықты адамзат қоғамының бүкіл тарихы қалыптастырады, ал заң қоғамдық
дамудың нақты кезеңіндегі қоғамдық қатынастардың жайын норма түрінде
бейнелейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу құқығын тектік ұғымына, яғни
бірқатар құрамдас бөліктерден тұратын неғұрлым кең ауқымды ұғымға, ал
қылмыстық іс жүргізу заңын — көріністі, яған қылмыстық іс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылатын ұғымға жатқызу қажет.

1.2 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері.

Сотта қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттеріне
қол жеткізу үшін қылмыс белгілері анықталған әрбір оқиғаға орай: қылмыс
оқиғасын, қылмыс жасаған кінәлі адамдарды анықтау үшін заңда көзделген
барлық шараларды іске асыру, жазалау шараларын белгілеу; зандылықтың
мүлтіксіз орындалуын бақылау турасында қылмыстық істер қозғау жөніңде
билігі мен өкілеттіктері бар, кәсіптік тұрғыдан жақсы даярланған лауазымды
адамдар қажет. Сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын құзыретті
мемлекеттік органдарға осындай өкілеттіктер берілген. Оларға сот,
прокуратура, тергеу және анықтау органдар жатады. Сотта қылмыстық іс
жүргізудің міндеттері аталған барлық органдар үшін бірыңғай бола отырып,
олар қолданылатын, қосымша қызметтерінде өзгешеліктермен ерекшеленетін іс
жүргізу әдістері мен құралдарын бөлуді болжамдайды. Іс бойынша анықтау мен
тергеу ісін жүргізу анықтау мен тергеу органдары шешетін, сотта қылмыстық
іс жүргізудін жалпы міндетіне құрамдас ретінде кіретін жеке міндеттерге сай
келетін іс жүргізу әдістерімен және құралдарымен ғана жүргізілуі мүмкін.
Яғни тергеу мен анықтау қызметінің құралдық толықтырылуы олардың қосымша
функциясының мазмұнымен шектелген. Мұндай шектеулер прокуратура
органдарының істі мәніне қарай жүзеге асыру мен шешу жөніндегі қызметінде
де орын алады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі кең мағынада алғанда — ол
қылмыстық процестің қатысушылары соттың, прокуратураның, тергеу мен анықтау
органдарының, айыпталушы мен оның қорғаушысының, жәбірленуші мен оны
айыптаушының заңмен белгіленген іс жүргізу тәртібінде жасайтын
әрекеттерінің жиынтығы.[13]
Қылмыстық процесс тар (арнаулы) мағынада — ол анықтау, тергеу,
прокуратура және сот органдарының қылмыстық істерді заңмен белгіленген
нысанда қозғау, тергеу және шешу, сондай-ақ қылмысты тез және толық ашу
мақсатында жүзеге асырылатын сот шешімдерін орындауға қосу, кінәлілерді
анықтап, қылмыс жасаған әрбір адам әділ жазаға тартылатындай және ешкім де
жазықсыз жауапкершілікке тартылып, сотталмайтындай етіп заңның дұрыс
қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі заң жүзінде баянды етілген қызметі.
Қылмыстық процеске қатысуға өзге де адамдар тартылады. Бірақ бұл орайда
олардың қызметі іс бойынша сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын
мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет жасауына бағытталады немесе
бағыныңқы не жәрдемші сипат алады. Сөйтіп, қылмыстық іс жүргізу процесі кең
мағынада алғанда — ол іске қатысушы барлық адамдар әрекеттерінің жиынтығы
немесе жүйесі, олар мынадай қалыпта топтастырылуы мүмкін: а) анықтау,
тергеу, сот және прокуратура органдары; бұл органдар қылмыстық процеске
мемлекеттік саяси қызмет түрін береді ; ә) күдікті (айыпкер), оның
қорғаушысы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері;
бұл қатысушылар тобының қызметі жеке қылмыстық-құқықтық іс жүргізушілік,
азаматтық-құқықтық сипат алады және көбіне-көп қылмыстық процестің ағыны
мен нәтижесін айқындайды; б) іс бойынша сотта қылмыстық іс жүргізуді жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың қалыпты қызмет жасауын қамтамасыз ететін
куәгерлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар және басқа адамдар. Қылмыстық
процесті тұтастай қызмет түрі ретінде қарастыру қатысушылардың бұл
жүйесінде мемлекеттік органдардың қызметі ("а" тобы) басты орын алады деп
санауға мүмкіндік береді, бұлар құқық міндеттеуші, іс жүргізу қатынастары
нысаныңда қылмыстық істер бойыша сотта қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін,
сондай-ақ сот төрелігінің мақсаттары мен міндеттерін өмірге орнықтырады.
Яғни аталған мемлекеттік органдардың қарастырыльп отырған бөліктегі
қызметінің өзі де мемлекеттік қызметтің түрі ретіндегі қылмыстық процесс
болып табылады. Мемлекеттік қызметтің түрі ретіңдегі түсінілетін қылмыстық
процестің мазмұнына мыналар кіреді: а) тергеу, сот және прокуратура
органдарының танымдық-куәландыру немесе дәлелдеу қызметі; ә) бұл
органдардың құқық қолдану қызметі. Аталған органдардың танымдық-куәландыру
немесе дәлелдеу қызметінің мәні мынадай сәттермен айқындалады:
Бұл қызмет іс бойынша объективті шындықты белгілеу мақсатында
қылмыстың нақты жағдаяттарын зерттеуге бағытталған. КІЖК-нің 117-бабына
сәйкес осы бағыт мыналарды:
- оқиға мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамындағы белгілерді;
- қылмыс заңымен тыйым салынған әрекеттер жасаған адамды;
- қылмыс заңымен тыйым салынған әрекеттер жасаған адамның кінәлілігін, оның
кінәсінің нысанын, жасалған әрекеттің себептерін, заңдық және нақты
қателіктерді;
- айыпкердің жауапкершілігінің дәрежесі мен сипатына әсерін тигізетін
жағдаяттарды;
- айыпкердің жеке басын сипаттайтын жағдаяттарды;
- жасалған қылмыстық салдарларын;
- қылмыс келтірген зиянның сипаты мен мөлшерін;
- әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын жағдаяттарды;
- қылмыстық жауапкершілік пен жазалаудан босататын жағдаяттарды;
- қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды белгілеуді көздейді.
Бұл қызмет дәлелдерді жинау, тексеру мен бағалау жөніндегі
өкілеттіктер жүйесі, қажетті тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін
жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Өкілеттіктер жүйесі құзыретті
мемлекеттік органдар арасында анықтау, тергеу, прокуратура мен сот олар
іске асыратын функцияларға сәйкес қатаң түрде бөлінген. Танымдық-куәландыру
қызметі ерікті сипат алады. Бұл орайда өзінің құрылымы жағынан ерікті
тәртіп екі кезеңнен: 1) шешім қабылдаудан; 2) оны іске асырудан тұрады.
Қабылданған шешімнің сипаты мен бағыты қолданылып жүрген қылмыстық іс
жүргізу заңының шегінен шығып кетпейді. Әрекеттің еркіндігін қоспағанда,
шешім таңдаудағы кейбір еркіндікте заңдарда көзделген нұсқалармен
шектелген. Шешімді іске асыру нысаны үйлестірілген, яғни қылмыстық іс
жүргізу заңының нормаларымен айқындалып қойылған. Танымдық-куәландыру
бағыты бұл қызметке билік сипатын береді. Тергеу, сот пен прокуратура
органдарының заңға негізделген барлық талаптары мүлтіксіз орындауға жатады.
Танымдық-куәландыру қызметі жүзеге асыратын басты принцип істің
жағдаяттарын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципі болып
табылады. Қылмыстық іс жүргізу қызметі мазмұнының екінші элементі — ол
анықтау, тергеу, прокуратура мен сот органдарының құқық қолдану қызметі.
Сотта қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану қызметінің мәні
мынадай сәттермен айқындалады: Тергеу, прокуратура мен сот органдарының
құқық қолдану қызметі:
- қылмыс жасаған адамға қатысты белгіленген нақты жағдаяттарға қылмыстық
занды;
- егер қылмыспен материалдық зиян келтірілсе, азаматгық заңды;
- мәжбүрлеу іс жүргізу шараларын (алыпкелу, тінту, тұтқынға қамау, мүлікке
тыйым және т.б.) қолдану қажет болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу заңын
дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Құқык қолдану қызметі билік өкілеттіктеріне ие болған
құзыретті органдарға ғана тән. Мұндай органдар ретінде анықтау, тергеу,
прокуратура мен сот органдары қызмет жасайды. Құқық қызметін сипаттайтын
жалпы ережелер сотта қылмыстық іс жүргізуге толық көлемде қатысты. Анықтау,
тергеу, прокуратура мен сот атынан мемлекеттің уәкілетті органының билік
еркін білдіруі қатаң бір жақты сипат алады. Ерік білдірудің біржақтылығы
сотта қылмыстық іс жүргізу саласында заң қолдану процесінің өзгеше
кезеңдерінде көрінеді, олар қамтитын салалар мыналар: 1) істің нақты
жағдаяттарын зерделеу; 2) құқықтың тиісті нормасын таңдау; 3) норма
мәтінінің түпнұсқалылығын тексеру, оны зандылық, уақыт, кеңістік жағынан
және адамдар бойынша қолданылу тұрғысынан талдау; 4) қылмыстық іс жүргізу
нормасына түсінік беру; 5) құзыретті органның шешім шығаруы; 6) шешімнің
мазмұнын мүдделі адамдар мен ұйымдардың назарына жеткізу. Сотта, қылмыстық
іс жүргізу саласында құқық қолданудың ерекшелігі мынада: материалдық заңды
қылмыс жасаған адамға қолдану — бір жолғы қызмет; қылмыстық іс жүргізу
заңын қолдану — дамитын сипат алатын дүркіндік қызмет.
Материалдық заң тек қылмыс жасаған адамға ғана; іс жүргізу заңы
адамдардың анағұрльм кең тобына (куәгерді әкелу, сот отырысыньң тәртібін
бұзушыға ақшалай айып салу және т.б.) қолданылады. Сөйтіп, қылмыстық
процесс айрықша, ерекше міндеттерді шешуге бағытталған, жалпы да, арнайы да
сипат алатын мақсаттар кешеніне қол жеткізуге ықпалын тигізеді. Сот
төрелігінің мақсаттары мен міндеттерін шешу билігі және өкілеттіктері бар
мемлекеттік органдар жүйесінің болуын көздейді. Бұл жүйеге анықтау, тергеу,
сот пен прокуратура органдары кіреді. Олардың негізгі мақсаты — сотта
қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыру. ҚІЖҚ-ғы өз затына ие. Бұл орайда
қылмыстық іс жүргізу құқығының қызметі мен ғылым ретінде қылмыстық
қызметтің затында ерекшеліктер бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының
заты: сот, прокуратура мен тергеу органдарында қылмыстық істер бойынша іс
жүргізуді реттейтін қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу құқығының
нормалары; іс жүргізу заңына негізделген сот, прокуратура және тергеу
органдары қызметінің нақ өзі; сот, прокуратура және тергеу органдарының өз
функцияларын орындауына байланысты қылмыстық іске қатысушылар арасында
туындайтын қылмыстық іс жүргізу заңдары болып табылады. Қылмыстық процестің
түрі ретіндегі заты айыпкердің есінен айрылу кезінде жасаған әрекеті үшін
жауапкершілігі жөніндегі мәселе болып табылады. Я.О. Мотовиловкердің пікірі
бойынша, бұл кез келген қылмыстық процестің негізгі тақырыбы болып
табылады. Дербес сала ретіндегі қылмыстык іс жүргізу құқығының тақырыбы да
қызмет түрі ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процесс
ғылыми тақырыптарының жиынтығы.[9]
Сот, прокуратура мен тергеу органдарында қылмыстық істер бойынша
іс жүргізуді реттейтін қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларын
тақырып ретінде қабылдау құқықтың осы саласының шегінде: а) әрбір құқықты
органның дербес түрдегі де, өзара байланыстағы да қызметінің сипаты мен
бағытын айқындайтын принципті ережелері зерделеніп, қалыптасатынын; ә)
сотта қылмыстық іс жүргізу принциптері жүйесінің сақталуын қамтамасыз
ететін кепілдіктер әзірленетінін; б) сотта қылмыстық іс жүргізуді іске
асыру негізінде жатқан факторлар жүйесінде рәсімдік сәттерді орнықтыратын
нормалар түзіліп, жүйеленетінін көрсетеді. Іс жүргізу заңында негізделген
сот, прокуратура мен тергеу органы тікелей қызметінің тақырыптық сипаты
қылмыстық істерді қарау мен шешу кезінде: а) осы оргаңдардың жұмыс
практикасын зерделеу мен қорыту және олардың негізінде құқық қолдану
қызметінде жол берілетін әдеттегі қателіктерді жою жөнінде ұсынымдар
әзірлеуді; ә) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқық нормаларын
бірыңғай түсіну, түсіндіру мен қолдану түсініктемесі негіздемесі; б)
заңдарда, сондай-ақ практикалық қызметте орын алатын қайшылықтарды
анықтауды, заңдарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдауды; в)
жұмыстың оң тәжірибесін таратуды; г) құқықтың даму процесіндегі
тенденцияларды зерделеуді, олардың қылмыстық іс жүргізу құқығына қосымшасын
және іргелі-теориялық және жеке-қолданбалы міндеттер тұрғысынан сотта
қылмыстық іс жүргізудегі неғұрлым өткір, көкейкесті проблемаларды анықтауды
қамтиды. Сотта қылмыстық іс жүргізу құқығының тақырыбына соттың,
прокуратура мен тергеу органдарының өз функцияларын орындауына байланысты
туындайтын қылмыстық іс жүргізу қатынастарын енгізу. Ал сотта кылмыстық іс
жүргізудің қызмет түрі ретінде адамның есінен айрылған әрекеті үшін
қылмыстық жауапкершілігі жөніндегі мәселемен айқындалатын тақырыбына
келетін болсақ, онда бұл жақ: а) материалдық-құқықтық қатынастардың болуы
немесе болмауы; ә) дәлелдеу тақырыбы элементтері бойынша іс жүргізудің
қамтамасыз етілуі (ҚІЖК-нің 117-бабында көрсетілген); б) материалдық-
құқықтық қатынастардың соңғысының пайда болуының негіздерімен өзара
байланысы (мысалы, мүше-мүшесімен бөлінген мәйіттің табылуы Қылмыстық
кодекстің бұзақылықтан емес қасақана кісі өлтіру жөніндегі бабын қолдану
үшін негіз болып табылады); в) сотта іс жүргізудің "қосымша" заттарының
сипаты (мысалы, егер балалар 16 жасқа толмай, қадағалаусыз қалса, тұтқынға
қамалушының балаларын қамқоршылыққа беру жөніндегі мәселені шешу); г)
қылмыстық іс жүргізу мен процестің жеке-қолданбалы мақсаты тақырыбының
өзара байланысы арқылы тұжырымдалады (мысалы, кінәні анықтау кінәліні
әшкерелеу және оған заңды жаза белгілеу мақсатын қояды, ал кінәнің болмауын
белгілеу өзге мақсатты — жалған айыпталушының заңды құқытарын қалпына
келтіруді көздейді); д) сотта қылмыстық іс жүргізуді алып тастайтын
жағдаяттарды белгілеу (мысалы, мезгілдің өтіп кетуі қозғалған қылмыстық
істі тоқтатуға мұрындық болады); е) қылмыстық іс жүргізу жауапкершілігі
үшін негіздер белгілеу (мысалы, алдын алудың ала кетпеу туралы қолхат
сияқты осындай шарасы шартының бұзылуы шараны одан да қатаң тұтқынға
қамауға өзгертуі мүмкін, яғни адамның жағымсыз тәртібі оған қылмыстық іс
жүргізу жауапкершілігі шараларын қолдану қажеттігін туғызады); ж) есінен
айрылған адамның сотта қылмыстық іс жүргізудегі әрекеті мен функциялары
үшін қылмыстық жауапкершілігін белгілеудің өзара ерекшеленуі, сондай-ақ
белгілі қылмыстық қатынастар субъектілерінің заңды құқықтары мен қылмыстық
іс жүргізу құқығында көзделген мүдделерінің сақталу кепілдіктері арқылы
тұжырымдалады. Қызмет түрі ретінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаты
қылмыстық іс жүргізу құқығы мақсаттарының бір бөлігі болып табылады. ҚІЖК-
ін талдау көрсеткеніндей, сот ісін жүргізудің мақсатына арналған арнайы
нормалар жоқ.
Мұндай мақсат сот ісін жүргізу процесін жүзеге асыратын негізгі
функцияларды реттейтін басқа нормалардың мәнінен туындауы мүмкін. Атап
айтқанда, қылмыстық ізге түсу функциясы "қылмыстық заңмен тыйым салынған
әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін
анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-
құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы
жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі" (ҚІЖК-нің 7-бабы, 13-тармақ). Қорғау
функциясы "қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-
ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында" жүзеге
асырылады (ҚТЖК-нің 7-бабы, 19-тармақ). Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу
мақсаты мыналарды қамтиды:
- қылмыстық заң тыйым салған іс-әрекетті айқындау;
- осы әрекетті жасаған адамды айқындау, кінәлі адамға жазаның қолданылуын
қамтамасыз ету;
-қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылатын адамдардың құқықтары мен
мүдделерін қамтамасыз ету;
- заңсыз түрде қылмыстық ізге түсуге душар болған адамдарды ақтау;
- Істің жиынтық себептерін белгілеу;
- бұзылған құқықты қалпына келтіру;
- прокурордың сотта мемлекеттің мүдделерін білдіруі.
Мұның бәрі жиынтық түрінде сот әділдігі деп аталады. Яки қылмыстық іс
жүргізудің мақсаты — әділ соттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті іс
жүргізу жағдайларын туғызу болып табылады. Қылмыстық сот ісін жүргізу
саласындағы құқық мақсаттарының мәнін доктринальдық пайымдау (түсіндіру)
төмендегідей ұғымдарды:
- қылмыстық іс жүргізудің құқықтық шығармашылық және құқық қолдану қызметі
бағытының мазмұнын түсіндіруді;
- қылмыстық іс жүргізуді құқықтық реттеудің орны мен әлеуметтік құндылығын
айқындауды. Бұл орайда әлеуметтік құндылық сөзі құқықтың аталған саласының
қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарды реттеуде қоғамдық сұрау
салуларды қанағаттандыра алатындай қабілеттілігін білдіреді;
- қылмыстық іс жүргізу құқықтары мен оны жүзеге асырудың оңтайлы
тиімділігін қамтамасыз етуді;
- қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен оларға қол жеткізудің тәсілдері
арасында өзін ақтайтындай тепе-тендікті туғызуды қамтитындығын көрсетті.[5]
Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы мақсаты, қылмыстарды тергеу
нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеу, соттың қылмыстық
істі мәні бойынша қарауы және шешуі, соңдай-ақ осы қатынастардың тұлғаның
құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық кауіпсіздікті сақтауға,
конституциялық құрылысты қорғауға бағытталуын қамтамасыз ету болып
табылады. Бұл орайда қылмыстық іс жүргізу құқығының нақты нормалары
мақсатты бейнелеудің нысаны ретінде көрінеді. Жалпы мақсатқа міндеттерді
шешу жолымен қол жеткізіледі. Тергеу органдары үшін арнайы мақсаттар
мыналар болып табылады. Жалпы мақсаттарды айқындау арнайы және жеке
мақсаттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Арнайы мақсаттар — қылмыстық
сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті қылмыстық іс жүргізу құқықтық
қатынастары субъектілері қызметінің мазмұнын айқындайды:
- қылмыстың жасалуының жай-күйін айқындау және дәлелдеу;
- жасаған іс-әрекеті үшін нақты адамға кінә тағу.
Прокуратура органдары үшін арнайы мақсаттар ретінде мыналарды
тану керек:
- бұрын тағылған айыптауды прокурор қолдаған жағдайда айыптауды соттың
алдында негіздеу;
- тергеу қателігін тапқан жағдайда қылмыстық ізге түсуді тоқтатуды
негіздеу;
- ҚІЖ-ге қатысушылардың бәрінің де заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету.
Сот органдары үшін іс бойынша объективті шындыққа және әділ сотты жүзеге
асыруға қол жеткізу арнайы және бірден бір мақсат болып табылады.
Жеке мақсаттар кылмыстьтық сот ісін жүргізудің әрбір нақты іс жүргізу іс-
әрекетіне тән болып келеді. ҚІЖҚ-ғы мақсаттарының жалпы бағыты—құқықтың осы
саласының құрамдас бөліктерінің ішкі тұтастығына байланысты болады. Арнайы
және жеке мақсаттар ортақ мақсатпен өзара тығыз байланыста болады сөйтіп,
соңғысының мазмұнымен және бағытымен айқындалады.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының міңдеттері. Міндеттер іс жүргізу құқығы
құрылымының және жүйесінің элементтері мақсаттарының туындылары болып
табылады. Сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндетгері арасындағы тығыз
мағыналы өзара байланысы осымен түсіндіріледі. Міндеттерді шешу сот
әділдігі сияқты мақсаттарға қол жеткізудің негізіне алынады. Басқаша
айтсақ, міндетгер дегеніміз — мақсаттарға қол жеткізудің жолдары екен.
Қылмыстық іс жүргізу құқығында міндеттер үш деңгейге бөлінеді (ҚІЖК-нің 8-
бабы). Бірінші деңгей мынадай міндеттерді қамтиды: қылмысты тез және толық
ашу;
қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту;
әділ сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану.
Екінші деңгейдегі міндеттерге мыналар жатады: негізсіз айыптау мен
сотгаудан қорғауды қамтамасыз ету; адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету; заңсыз айыптау
немесе кінәсізді соттау жағдайында кідіріссіз және толық ақтауды қамтамасыз
ету.
Міндеттердің үшінші деңгейі зандылық пен құқық тәртібін
нығайтуға, қылмыстын алдын алуға, құқыққа деген құрметтеушілікті
қалыптастыруға жәрдем көрсету мәселелерін шешеді. Қылмыстық іс жүргізу
құқығының міндеттерін шешудің қолданылуы қылмыстық іс жүргізу заңында
көзделген әдістер мен тәсілдерге негізделеді. Өзгеше әдістер мен тәсілдерге
жол берілмейді. Керісінше жағдайда заңдылық пен құқық тәртібінің
бұзылғандығын сеніммен айтуға болады. Соңғысы қылмыстық сот ісін жүргізу
мақсатына қол жеткізіледі және әділ сот жүзеге аспады дегенді білдіреді.
Қылмысты тез және толық ашу. Тез деген сөз жасалған қылмыс пен оны
уәкілетті органдардың білуі арасындағы уақыт айырмашылығы мейлінше қысқа
болуға тиісті екендігін білдіреді. Анықтау және тергеу органдары қылмыстың
жағдайларын тергеуді неғұрлым ерте қолға алса, қылмыс жасаған адамның
кінәсі мен қылмыстық жауапкершілігі деңгейін кейінгі сот бағалауының
әділеттілігі мен заңдылығының ықтималдылығы соғұрлым жоғары болады.
Жасалған қылмыс үшін әділетті түрде жазалау неғұрлым ертерек орын алса,
соғұрлым әділ сот тиімділігі де жоғары болады. Қылмыс жасаған адамдарды
әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Әшекерелеуді нақты адамның
қылмыс жасау фактісін белгіленген іс жүргізу тәртібімен дәлелденуі деп
түсінген жөн. Әшкерелеу үшін қылмыстық істі дәлелдемелік негізбен
қамтамасыз ету қажет, дәлелдемелік негіз істе дәлелдердің пайда болуы,
олардың нақ осы қылмысқа қатысы, жекелеген дәлелдердің өзара қисынды
байланысы болсын, қай жағынан да, заңдылық көзқарасы тұрғысынан талас
тудырмауға тиіс.
Әділетті сот талқылауы және заңды дұрыс қолдану. Әділеттілік сот
талқылауын заң рәсімдері белгілегеніндей сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Әділеттілік дегеніміз — зерттелген істің жай-күйін бағалаған кезде соттың
әділдігін, объективтілігін білдіреді. Егер осы келтірілген шарттар
сақталса, онда заңды дұрыс қолдануға барлық негіздер болады. Іс жүргізу
құқығының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясы кепілдік беретін
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз
ететіндігі жолымен құрылған. Белгіленген ережелерден ауа жайылып кету,
оларды сақтамау осы құқықтар мен бостандықтарға қысым жасауға, яки сот
талқылауының әділетсіздігіне әкеліп соғады. Соңғысы әділетсіз, заңсыз
шешімді туғызады. ҚІЖҚ-на қатысты әділеттілік ұғымы заңдылық ұғымымен үндес
келеді. Негізсіз кінәлау мен айыптаудан қорғауды қамтамасыз ету.
Бұл міндет іс бойынша бүкіл қылмыстық іс жүргізудің өн бойында,
істі қозғаудан бастап сот үкім шығарғанға дейін шешіледі. Нақты адамға
катысты қылмыстық іс қозғау және одан әрі осы іс бойынша іс жүргізу
фактісінің өзі бұл адам қылмыстық тәртіппен қудаланатындығын және уәкілетті
органдар мен тұлғалар осы адам кінәлі деп танылып, жазалануы үшін заңның
барлық күшін қолдануға құқылы екендігін білдіреді Адамның және азаматгың
құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды қамтамасыз ету.
Қылмыстық іс жүргізуге тартылған адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын шектеу заңда тікелей көзделген шектеулерден асып түспеуге
немесе заңда жоқ шектеулер нысанында көрініс таппауға тиіс. Шектеудің
түрлері ҚІЖК-інде толық берілген және қандай да бір өзгеше шектеулер сот
ісін жүргізу барысында қолданыла алмайды. Кінәсізді заңсыз кінәлау немесе
айыптау жағдаійында оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету. Заңсыз
кінәлау мен айыптауды белгілеу адамның құқығы дөрекі түрде бұзылғандығын
білдіреді. Дереу, кідіріссіз сөзі — әділеттіліктің қалпына келтіру үшін бұл
әділетсіздікке қашан жол берілгендігінің маңызы жоқ екендігін, бірақ
әділетсіздікке жол берілу фактісі қашан айқындалғанының маңызды екендігін
білдіреді. Ақтау қылмыстық жауапкершілікке заңсыз түрде тартылған адамға
қатысты қылмыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
Ерекше талап қоюмен іс-жүргізудің түсінігі және мәні
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолдары
Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы ақпарат
Экологилық қылмыстың жалпы сипаттамасы
ҚР Еңбек кодексі, Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары
Құқықты қорғау қызметі
Баға жасау және инфляция
Пәндер