ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ . . . 6

1. 1. Қылмыстың түсінігі мен белгілері . . . 6

1. 2. Қылмысты санаттаудың мәні мен маңызы . . . 15

1. 3. Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу мәселесі . . . 18

2. ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ . . . 22

2. 1. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы . . . 22

2. 2. Прокуратураның кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық iстер бойынша сотқа қатысуы.
2. 3. Кәмелетке толмағандардың жеке басының психологиялық және физиологиялық дамуына қарсы қылмыстар олардың құрамы . . . 23

2. 4. Отбасына қарсы қылмыстардың саралануы . . . 33

3. ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ОРЫН АЛУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ . . . 39

3. 1. Қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар . . . 39

3. 2. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін Қылмыстық кодексте көзделген жазалау шараларының мәні . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 57

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген. Осы келелі міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізде заң шығару процессін жетілдіру, қабылданған заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, өмірдің барлық салаларында құқық ережелерін қатаң сақтап, тәртіп бұзушылықпен қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажет.

Қылмыспен қарсы күрес саласында, құқық ғылымы, оның ішінде қылмыстық құқық ғылымының рөлі ерекше. Өйткені, еліміздің өмірінде болып жатқан сан-салалы әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес келетін қылмыстық құқық нормаларын дер кезінде осы өзгерістерге сәйкес әзірлеуде осы ғылым саласының міндетті. Өйткені, елімізде орын алған әр түрлі өзгерістерге сәйкес орын алатын қылмыстардың саны, деңгейі, ерекшелігі де болады. Еліміз бойынша тіркелген қылмыстардың саны жылма жыл арта түсуде. Бұл мєселеге байланысты Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев 2004 жылы мамыр айында облыс әкімдерінің республикалық жиынында ерекше мән беріп, ұлғайып келе жатқан ұймдасқан жемқорлық қылмыстарына, экономика саласындағы қылмысқа қарсы пәрменді күрес жүргізу міндеттерін алға қойды. Осы мєселеге байланысты елімізде 1992 жылы 7 наурызда Республика Президентінің «Жемқорлықпен ұйымдасқан қылмыстың нысандарына күресті күшейту шаралары туралы», 1998 жылы 2 маусымда «Жемқорлықпен қарсы күрес туралы», 1999 жылы 23 шілдеде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар қабылдады. Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізгі бағыты қылмыстың сан алуан түрлерімен түбегейлі күрес жүргізу, олардың қарқынын тежеу, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Көпшілікке аян болып отырғандай көптеген қылмыстар ресми құжаттарды пайдалану, оны қолдан жасау, оған тиісінше өзгерістер енгізу арқылы алдау жолымен жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды лауазымды адамдарды да, жеке тұлғаларда істейтіні белгілі.

Жұмыстың мақсаты - негізгі мәселелердің бірі отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың ұғымын анықтау, оған қылмыстық құқықтық баға беру. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекетің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.

Осы жұмыс бірнеше міндеттерден тұрады. Біріншіден, аталмыш қылмыстың белгілерін қарастыру және ашып көрсету. Екіншіден, Қазақстан Реаспубликасының жаңа Қылмыстық кодексіндегі отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдарының көрнісін анықтап, саралауды жүзеге асыру. Үшіншіден, Аталған қылмыстардың жазалану шаралары және осы қылмыстардың орын алуына итермелейтін себеп салдарды ашып көрсету болып табылады. Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әректсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылады. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.

1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті єрекет қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан.

Осыған сәйкес отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар обьектісінің маңыздылығына қарай кодекстің екінші бөлімінде орналастырылған. Бұл қылмыстардың маңыздылығы сол кәмелетке толмағандардың дамып жетілуіне жеке психологиялық және физиологиялық қалыптасуына қарсы әсерін тигізетіндігімен және отбасындағы қарым-қатынастарды бұзатындағымен ерекшеленеді.

Сондықтан бұл жұмысты жазу барысында тақырып төмендегідей тарауларға бөлінді:

I-тарау. Қылмыстың ұғымы мен мәні

II-тарау. Отбасы және кәмелекте толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі және оларды жеке құрамдарға бөлу мәселесі.

III-тарау. Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың орын алу себептері және олардың алдын алу жолдары.

Соңында қорытынды жасалып пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілді.

1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МӘНІ

1. 1. Қылмыстың түсінігі мен белгілері.

Қылмыстың түсінігі Казақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 9-бабында берілген. Осы бапқа сәйкес қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. Осы анықтамадан қылмыстың бірқатар міндетті белгілермен сипатталатындығы көрініп тұр. Бұлар әрекеттің: Қоғамға қауіптілігі, құқыққа қайшылығы, кінәлігі, жазаланушылығы. Тек осы белгілердің жиынтығы болғанда ғана әрекет қылмыс болып табылуы мүмкін. Қылмыстың бірінші белгісі- оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік- қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты қауіп төндіретін немесе зиян келтіретін қылмыстың объективті белгісі (әрекет немесе әрекетсіздік) . Қоғамға қауіптілік қылмыстың нақты түрдегі сапалық белгісі болып табылады, яғни заң шығарушы қылмытыњ тек осы- қоғамға қауіптілік белгісін ғана анықтаумен әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын, жатпайтындығын дәлелдеп көрсетеді. Қоғамға қауіптілік әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіріліуі немесе зиян келтіру қаупін туғызуы белгілерімен сипатталады. Заң шығарушы қандай да болмасын бір әрекетке қылмыстық заңда тыйым салуды қажет деп тапқан кездің өзінде нақты әрекет немесе әрекетсіздік әрқашан да қылмыс деп таныла бермейді. Қылмыстық кодекстің 9-бабының екінші бөлігінде «Осы кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген жєне зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды делінген». Қоғамға қауіптілікті тек қылмысқа ғана қатысты деп айтуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық та жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірілуі мүмкін. Алайда олардыњ қоғамға қауіптілігі едәуір төмен. Заң шығарушы қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырып көрсету үшін, қол сұғушылықтың нәтижесінде болатын зардаптардын белгілерін сипаттайтын белгілерді Қылмыстық кодекстін Ерекше бөлімі баптарының диспозициясында. Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды әрекеттік өзінің тікелей ерекшелігіне, яғни оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде не тыйым салынған андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылуы, Қылмыстық кодексінде 296-бабы, бірінші бөлігі бойынша меникалық көлік құралдарын жүргізуші адамды жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзуы, абайсызда адамның денсаулығының ауыр немесе орташа ауырлықтары зиян келтіруі. Осы бап бойынша, егер адамның денсаулығына зиян орташа ауырлықтан төмен болған жағдайда жауыптылық әкімшілік ретпен қарастырылады. Қылмыстың міндетті белгілерінің бірі болып құқыққа қайшылық- яғни қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Қылмыстың формальді және материалды белгілері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Адамныњ қылмыстық құқылық норма бойынша тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін құқыққаа қайшы деп табуға болады. Құқыққаа қайшылық- қылмыстың формальді белгісі. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Қылмыстың болуы туралы сөз тек қана, егер қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет бұзылса ғана болуы керек. Мысалы: Қазақстан Республикасы территориясында шетел валютасымен мәміле жасауға, валютаны қадағалау заңымен тыйым салынған, бірақ мұндай әрекет Қылмыстық кодексте қарастырылмаған. Сондықтан бұл қылмыс болып табылмайды. Заң шығарушы қылмыстың формальді белгісінің өсуіне байланысты қазіргі кезеңде Қылмыстық кодексінде 9- бабы бірінші бөлігіне конституция нормасын енгізген (Конституцияныњ 77- бабы, 3- бөлігі 10- тармағы) қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі. Басқаша айтқанда конституциялық деңгейде белгіленген қағида заңда белгіленіп көрсетілмесе қылмыс жоқ. Құқыққа қайшылықпен қатар онымен байланысты қылмыстың екі белгісі кінәлілік жєне жазалылық болып табылады. Қылмыстық кодексінде 19- бабы екінші бөлігіне сәйкес, объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауыптылыққа жол берілмейді. Осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес, қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстың қаншалықты міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қылмыстың қаншалықты зардабы болғанына қарамастан, егер оны істген адамның әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауыптылыққа, жазаға тартылмайды. Кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетті мен оның қасақаналық және абайсыздық түріндегі салдарына психикалық қатынасы. Қылмыстық заңға сәйкес, кінә - бұл әрқашан не қасақаналық, не абайсыздық. ҚР Қылмыстық кодексінің 19- бабының 3- бөлімі бойынша қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған адам ғана кінәлі деп танылады. Қасақаналық та, абайсыздық та жасалған іс-әрекетпен оның салдарына кінәлі психикалық қатынастың нысандары болып табылады. Бұл- олардың ұқсастығы. Ал, айырмашылығы- қасақана және абайсыз кінәні құрайтын интеллектуалдық жєне еркіне қарай сәттердің ерекше, өзіне ғана тән мазмұны мен ара қатынасында. Қылмыстың жасалуына байланысты кінә (қасақанылық та, абайсыздық та) заң қолданушының (сот, тергеуші) санасынан тыс орын алады. Ол - алдын ала тергеу жұмысын жүргізу мен сотта істі қарау кезінде дәлелденетін затқа жатады. Ол - іс бойынша анықталған дәлелдерді саралау кезінде жүзеге асады. Қылмыстық заң, қылмыстық жауыптылықты тұлғаның өзі жасаған іс-әрекетті мен оның салдарына психикалық қатынасының кез келген түрінен емес тек ғана қасақаналық пен абайсыздық сияқты белгілі түрімен ғана байланыстыру бекер емес. Психикалық қатынастың дәл осы түрдегі, кінәлінің қылмыстық заңмен қорғалаьтын мүдделерге, яғни жеке бастын, қоғам қарсы (қасақана жасалған қылмыстарда) немесе немқұрайлы (абайсыздан жасалған қылмыстарда) қатынасын білдіреді. Сондықтан, кінә- тұлғанын қылмыстық қастандылықтан заңмен қорғалатын мүдделерге теріс қатынасын көрсететін өзінін жасаған қылмысты әрекеті немесе әрекетсіздігінен туындаған зиянды салдарға психикалық қатынасы.

Қылмыстың тағы бір міндетті белгісі - қылмыстық жазаланушылық болып табылады. Қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни жазалау қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі болады. Адам нақты бір қоғамға қауіпті әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Кейбір жағдайларда жазалау қатерімен тыйым салынған қылмыстық жазалау іске аспай қалуы да мүмкін. (Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, рақымшылық ету т. б. ) бірақ бұл жағдайлардан жасалған єрекет қылмыс екендігін жоғалтпайды.

Отандық ғылымда қылмыс ұғымы проблемасын теориялық зерттеу ісінде осы мәселеге арнайы монография жарияланған Н. Д. Дурмановтың рөлі айтарлықтай 1 . Қылмыстың формалды нышаны «заңда ол туралы көрсетілмесе қылмыс та жоқ» деген қағиданың заң шығарушылық сипатын білдіреді. Бұл ресейлік қылмыстық құқық бойынша қылмыстық заңды ұқсастыққа орай қолдануға жол берілмейді деген сөз. Құқық қолданушы органдар қандай да бір себеппен заң шығарушының назарынан тыс қалған сондықтан қылмыстық жазалауға жатпайды деп танылған қоғамдық қауіпті әрекеттерді табуы мүмкін. Оның үстіне әрекеттің қоғамдық қауіптілігі бар уақыттарда бірдей шегеленіп қалған жағдай емес. Бұгін қоғамға қауіпті болып түрған жағдай ертен бұндай болмауы күдік және керісінше қылмыстық заңмен жаңа әрекеттерге тыйым салу қажеттілігі туындауы мүмкін. Бірақ, мұндай кем-кетік жерлерді толықтыру заң шығарушының өз құзырына беріледі. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы қылмыстық зерттеу ауқымынан сырқары жатқан әрекеттерге қылмыстық құқықтық баға беруге құқылы емес. Қоғамды қауіпті әрекеттердің жаңа түрі табылған жағдайдағы құқық қолданатын органның міндеті - оларға заңдылық тұрғысынан тыйым салу жөнінде, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық тағайындау тұрғысында мәселе қою. [1, 122б]

Қылмыстық бұл нышаны қылмыстық заңда қарастырылған әрекетпен қылмыстық заң құрайтын объектілерге едәуір зиян келтірерліктей мүмкіндігімен айқындалады. Қоғамидық қауіптілік алдында атап

1 А. В. Наумов «Ќылмыстыќ ќ±ќыѓы». Астана, 2001ж.

көрсетілгендей, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік болмысын айғақтайтын материалдық нышан болып табылады. Бұл - қылмыстың за шығағрушының еркіне бағынбайтын объективті қасиеті. Батыс Еуропа елдерінің қылмыстық заңдарында, әдетте, қылмыстың материалдық нышаны деген ескерілмейді. Мысалы, айталық, Германия Федеративтік Республикасының ҚК-нде қылмысқа «бас босандығынан бір жылға және одан да көп уақытқа айыру мен жазаланатын құқыққа қарсы әрекет» деген анықтама берген. Осыған орай біздің отандық қылмыстық-құқықтық ғылымда да қылмыстың материалдық анықтамасынан бас тартып, оның формалдық анықтамасына қайтып оралу туралы ұсыныстар қойылып жүр 1 .

Мәселе тек қана батыстық қылмыстық-құқықтық ғылымның қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік нысанына тойтарыс беруінде ғана емес, сондай-ақ бұл жерде заң шығарудың дәстүрлі түрлері де басымдылық көрсетеді. Қылмысқа заң шығарушылық тұрғыдан анықтама беру Германияның қылмыстық кодексінде өткен ғасырдың өзінде пайда болған, ал бұл кез қылмыстық құқықтық теория әрекеттің қоғамдық қауіптілік нышанын жасай қоймаған, әрі қылмыстық құқықтағы классикалық бағыттың өктемдік жүргізіліп тұрған тұсысы болатын. Әрекеттің қоғамдық қауіптілігі жайлы ілім кеңестік қылмыстық құқық аясында туындап, дамыған жоқ, тек қылмыстық құқықтық әлеуметтік мектебі дейтін ағым өкілдерінің теориялық туындыларында бой көрсетті. Бұл бағыттың біздің заң шығарушылық үрдісімізде шындығында орын тепкендігі- өзге жағдай. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігін батыстағы елдер қылмыстық құқығының қазіргі теориясы да мойындайды. Мәселен, АҚШ- қоғамның мүдделеріне елеулі кесірін тигізетін немесе осындай кесір тигізуге қоқан- лоқы жасайтын тәртіп деген анықтама берілген. Бәлкім, жеке адам мен қоғамның мүдделеріне елулі кесір әкелу, сайып келгенде, әрекеттің қоғамдық қауіптілігі нысанының синонимі шығар. Бір айтарлығы, ¦үлгілі қылмыстыққ кодексте көрсетілген бұл ереже АҚШ- тағы бірқатар штаттар ҚК-терінде қылмыстық задылық тұрѓыдағы анықтамасының негізгі бөлігіне айналды. Мысалы, Нъю- Йорк штатының ҚК- інде қылмыстық заңының мақсаттарынын тізбелеген кезде бірінші орынға «жеке бастың немесе көпшіліктің мүдделеріне айтарлықтай кесірін тигізетін тәртіпке тыйып салу» қойылған. өткен ғасырдағы және осы ғасырдың басындағы ресейлік қылмыстық заңдарда қылмыстық формальді анықтамасы берілсе де, орыстың аса ірі криминалист-ғалымы Н. С. Таганцев өзінің атақты Қылмыстық құқық курсында қылмыстың материалдық түрінен айындалуына өте жақындап келген. Оның дәлелдеуінше, қылмыстық тұрғыдан жазаланатын әрекет деп заңдылық шамаға, оның нақты болмысына қастық қылатын, заңмен тыйым салынған жерде жасалған немесе аталмыш елдегі тіршілікке едәуір қастық қылатын және де басқа шаралардыњң жеткіліксіздігінен жазалаумен қорқытатын іс- әрекет саналады. қоғамдық қауіптілік қылмыстың ішкі объективті мінездемесі болып табылады. Және де бұл мінездемеден немесе бұл нысаннан бас тарту «астаудағы баланы сумен бірге төгіп тастаумен» барабар: бұл нысансыз қылмыстың анықтамасы толық айтылмаған болып табылады. қайтсе- дағы, неге кейбір белгілі әрекеттерге қылмыстық жазалаумен қорқыту арқылы тыйым салынатындығы түсініксіз болады. Егер кеңестік қылмыстық құқық ғылымына дәстүрлі қылмыстың анықтамысында материалды және формальды нысандардың өзара ара салмағын өзгертуге тура келсе, онда сөз басқа. Шындығында, анықтаманың негізіне материалдық нысан қоғамдық қауіптілік салынып, ал формальды нысан қылмыстық жауыптылы одан туындаған жағдай болып жарияланатын түсіндірмеден бас тартқан жөн сияқты. Бәлкім, құқықтық мемлекетте бірінші орынды құқыққа қарсылық нысаны алатын шығар.

Қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің алдын алушылық дегеніміз бұл жайында тек мәлімдеме жасап қоя салу емес, сонымен қатар оны істегені үшін тиісті жазаның міндетті түрде қолдануын меңзейді.

Кейбір авторлар, мәселен, А. А. Герцензон қылмыстың бесінші нысанын - оның имансыздығын жеке қарастырады 1 .

Құқыққа қарсылық және имансыздық нышандарының, моральдік жєне қылмыстық - құқықтық факторлардың ара салмағы мәселесі революцияға дейінгі ресейлік жєне кеңестік қылмыстық құқық теориясында - мүлде әрқилы тұрғыдан болса да - ұдайы талқыланып келеді. Революцияға дейінгі ресейлік криминалистер әдетте қылмыстың анықтамасына және баға берілуде моральдік аспектінің енгізілуіне қатты қарсы болды. Мәселен, Н. С. Таганцев былайша түйіндеген болатын: «Қылмысты үрдіс өнегесіздікпен теңдестірілуге жатпайды және олай етілуі мүмкін де емес:мұндай теңгеру тарихтың ащы сабақтары куә болғандай, сот төрелігін жалған жолға салып жібереді - мұның өзі мемлекеттің жазалаушылық қызметіне идеяны, сенімдерді, кемістіктер мен құмарлықтарды қуындауды кіргізді: жердегі сот төрелігіне аспандағы сот төрелігінің бөлінбес ќасиеттерін иеленуге мәжбүрледі».

Кеңестік әділет ғылымында қылмыстық - құқықтық және моральдық шамалардың ара қатынасына түбірлі түрлі көзқарас біржақты жария етілді:қылмыс - бір сәтке қылмыстық заңды моральды (имандылықты) бұзу деген сөз. Айталық, Н. Ф. Кузнецова былай деп есептейді: «Қылмыс атаулылары бастан - аяққ имансыздықпен айғақталады дуге болады» дейді де, «олардың имансыздық ауқымымен жанасуы әрқилы », -деген уәж айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Кәмелет жасына толмағандардың қылмыстарын тергеу ерекшеліктері
Отбасы және кәмелетке толмағандаға қарсы қылмыстардың орын алуы
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түрлері
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz