Қырғыз Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру барысындағы Кирревкомның атқарушылық және ұйымдастырушылық әрекеттері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Қырғыз революциялық комитетін ұйымдастыру . . . 8
- Кирревкомды ұйымдастыру барысындағы дайындық
әрекеттері . . . 8
- Қырғыз революциялық комитетінің саяси-заңдылық
статусы және құрылымдық қалпы . . . 11
ІІ тарау. Қырғыз Автономиялық Советтік Социалистік
Республикасын құру барысындағы Кирревкомның
атқарушылық және ұйымдастырушылық
әрекеттері . . . 18
2. 1. Қырғыз АССР-ын құрудағы Кирревкомның бүкіл қырғыз
құрылтайын өткізуге дайындығы . . . 18
2. 2. Қазақстан жер көлемі мен шекарасын реттеудегі
Кирревкомның атқарған жұмысы . . . 23
3 тарау. Қырғыз революциялық комитетінің ішкі саясаттағы
іс-әрекеттерінің бағыттары . . . 32
3. 1. Жергілікті атқару кеңестерін құру және нығайту
мәселелерін іске асыру . . . 32
3. 2. Қырғыз революциялық комитетінің экономикалық
стратегиясы мен тактикасы . . . 39
3. 3. Қырғыз революциялық комитеті практикасындағы
мәдени құрылыс проблемалары . . . 47
3. 4. Әскери ұйымдастырудың сұрақтары және Алаш
Орданың батыс бөліміне Қырғыз ревкомының
қатынасы . . . 52
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Қазақ елі өзінің егемендігін және тәуелсіздігін алғаннан кейін өз алдына дербес мемлекет ьолып, көптеген қиындықтарды бастан атқаруда. Тәй-тәй басқан мемлекет алдында тұрған жаңа міндеттерді жүзеге асыру үшін, бұрынғы Совет заманы кезі дәуіріндегі жақсы жақтарын да алғаны жөн. Алдымыздағы күрделі еңбек- қазақ халқының өз алдына дербес мемлекет болуында алғашқы қадамын Совет құрылымының бірінші органы Қырғыз революциялық комитетінен бастайды. Қырғыз революциялық комитеті не себептен құрылды? Сол кездегі РСФСР-ң халықтық ұлттар комиссариаты және Халық Комиссарлар Советі В. И. Лениннің басқаруымен Алаш Орда басшыларының дербес Қазақ мемлекетін құрамыз деген сауалына қарсы Қырғыз Совет автономиясын құруға бастаған алғашқы қадамы болды, яғни әр халық өз алдына дербес мемлекет болады деген алғашқы қағидасына қарсы кері саясат жүргізілді.
Қырғыз революциялық комитеті Октябрь революциясынан кейін Қазақстан бойынша күрделі де, өзінің саяси құрылымы мен де, тарих жылнамасын бастан кешірген кезеңінің бастамасы болды.
Яғни 70 жылдан бері қарай сол кездегі Лениндік доктрина мен коммунистік бағдарламаның қалыптасуын бағдарлайтын терең тексеріс көзқарас қажет етеді. Қазақ Совет мемлекетінің құрылымының қалыптасу тарихын бағдарлауда алғашқы болып Сапарғалиев М. С. -монографиясын айтамыз. Бұл еңбекте қырғыз революциялық комитетіне айрықша орын беріледі, еңбекте (монографияда) РСФСР ХКС-ің 10 шілде 1919 ж. Қырғыз ревком құру жәнінде декрет қабылданған және бір отырысы Түркомиссия ВЦИК пен ХКС мүшелерінің қатысуымен 27 қазан 1919 ж. Орынбор қаласында өткізілген (36, 88-89, 95) қырғыз революциялық комитетінің жұмысын терең зерттеген еңбек қарарының алғашқысының бірі Мұқтаров А. -еңбегі, басқа да монографиялық ізденіс еңбектерінің ішінде Елагин А. С., Зиманов С. З., Покровский С. Н. еңбектерін атаған жөн. А. С. Елагиннің «Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920ж. ) Қазақстанда социализм құру» деп аталатын еңбегінде Қазақстандағы сол кездегі облыс, уез, болыс құрылымын тексеру мол қамтылған, бұл еңбек сол кезеңді қамту кезіндегі бірден-бір құнды еңбектің қатарына жатады. Ұлы еңбекте Қырғыз революциялық комитеті туралы, мәселелерге 2-ші тарауындағы бір параграф арналған (29) .
С. Бейсенбаевтың « Ленин және Қазақстан (1897-1924) » (25) еңбегінде ЦК РКП(б) оның саяси бюросы Лениннің қазақ еліндегі саясаты қазақ жеріне жан-жақты көмек көрсетті делінген, яғни бұл кітапта Лениннің жеке басын дәріптеу және Ленинді бүкіл езілген халықтың көсемі ретінде көрсеткен.
С. Н. Покровскийдің «Қазақстандағы ішкі контреволюциялық жаулаушыларды талқандау» атты 1967 ж. Алматыдағы басылымында Қырғыз революциялық комитетіне аз көңіл бөлген С. З. Зимановтың « В. И. Ленин және Қазақстандағы советтік ұлттық мемлекет» атты шығармасы (30) - партиялық құрылымда жазылған, бұл еңбекте документальды құнды материалдар жан-жақты қамтылған. С. М. Кенжебаевтың « Қазақстанда Советтердің социализмқұру күресі (1917-1937) деген жұмысы- құнды еңбектің бірі (32) . Бұл еңбекте Қырғыз ревком Советтерді сайлау және сайлану жағынан қамтылған К. Нүрпейісовтың «1917-1929 ж. Қазақстанның шаруалар
Советтері» (40) еңбегінде 1917-1929 ж. аралығындағы Қазақстандағы шаруалар Советтерін құру барысы және Кирревкомның бүкіл Қырғыз сьезінің сайлау барысындағы жұмыстары қамтылған.
20 ғасырдың 80 жылына дейін Қырғыз революциялық комитеті жөнінде ізденіс пен тексеріс кішігірім статья және параграф көлемінде Қазақстан тарихын зерттеуде аздаған материалдарда қамтылды, тек 1981 ж. С. З. Зимановтың « Қазақ революциялық комитеті»(31) атты көлемді еңбегінде - Кирревкомның -Советтік Қазақстанның - саяси мемлекет болып қалыптасуына тигізген әсері жан жақты қамтылды. Дегенменде көптеген Кирревком жұмысын зерттеудегі материалдар нақты жүргізілген жұмыстарға - материалдық ізденіс жұмыстарында кейбір авторлардың еңбегінде айырмашылық бой көрсетті. Бұл дипломдық жұмыста қолданылған тарихи ақпарат материалдарды 3 топқа бөлуге болады.
1-топ-партия, мемлекеттік органдардың қаулы-қарарлары, декреттері мен шешімдері.
2-топ- басылымға шыққан документтер мен материалдардың мұрағаттан алынған жинақтары.
3-топ- сол кезеңге арналған ғалымдардың саяси қызметкерлердің мемуарлары, естеліктері.
«Орталық Азия мен Қазақстандағы Сыртқы интервенттердің ашқан соғысы» атты (24) жинақта Қазақстан территориясында Қызыл Армияның жауға тойтарыс беруі және Совет өкіметін Қазақстан жерінде құру барысында Кирревкомның - жұмысын біршама қамтиды. Бұл жинақ сол кездегі Қазақстандағы саяси соғыс жайында кең мағұлмат береді.
Бұл еңбектің жазылуына « Қазақ ССР-ың құрылуы»(23) «Ислам апиынының құрсауынан шығу» (19), «Совет өкіметінің Декреттері»(5) жинақтарынан материалдар алынды. Кирревком жөнінде «1917-1920 ж. аралығындағы Қазақстандағы ревком мен Советтер» (21) жинағындағы қаулы қарар, шешімдер, бұйрықтар, есептер, өзгертпелер сьезд шешімдері, партия органдарының жұмысы-ісі, партия органдарының -губерния, облыс және төменгі құрылымдардың саяси атқарған жұмыстары, сол кезеңде Совет өкіметін жаппай қолдау және жан-жақты көмектесуде жұмысшылар митингілері жалпы жиналыс шешімдері, ауылдағы жиналыс қорытындылары енген.
Көптеген қызық материалдар « 1919-1920 жылдардағы Қазақ өлкесін басқарудағы ревкомның протоколдары» (20) деген жинақта кездеседі. Бұл еңбекте Қырғыз революциялық комитетініңқұрылуы оның төрағасы С. С. Петковский және оның орынбасарлары А. Байтұрсынов, С. Мендешев туралы олардың еңбек жолдары жазылған. Бұл еңбектегі қаулылар комиссариатының сол кездегі саяси-экономиканы, сол 20 жылдардағы әлеуметті сипаттаған. Мысалы, тек 1920 жылдары барлық ревком отырысы «соғыс коммунизмі»- саясатын енгізу ісін жүзеге асыру барысында көп салалы экономиканы жүзеге асыру әлеуметтік дамуда сырт қала берген.
Кирревком протоколдары шешімдері сол кезде - өлкелік құрылымның құралуына бағытталған 1920 жылдан бастап ревком бұйрық бере бастаған. 1919 жылы ревкомның 2 отырысы болса, 1920 жылы 50 отырыс жасаған., мазмұндары негізінде «тыңдалды» және қаулы етедімен шектелген. Документтер толық түп нұсқасымен реттеліп, тігіліп сақталған.
Алаш Орда (1) жинағында документтердің түп - нұсқасы сақталған, саяси көзқарасы, құрылымы, программасы, тактикасы т. т. 1919-1920 жылдарындағы Қазақстандағы саяси жағдайы Алаш Орданың құрылуы мен толық тарауын қамтиды.
Біраз деректер сол кезеңдегі Ұлы Октябрь революциясы және Қазақстандағы азамат соғысы жөнінде келтірілген . Бұл тұрғысында С. С. Пестковский және В. А. Радус-Зенкович сияқты Кирревкомның әр кезеңдегі төрағаларының атқарған жұмыстары және Кирревкомның мүшелері - А. Т. Жангелдин, А. Байтұрсынов, С. Мендешевтің қызметері қамтылған.
Қырғызревкомы - Қырғыз ревкомы болып қалай аталған деген сауал іздеу орынды. РСФСР халық комиссарлары Советінің 1919 жылдың 10 шілдедегі «Қырғыз өлкесін басқарудағы революциялық комитеттің уақытша бағдарламасы » атты декретінде «Революциялық комитет» деген сөз пайдаланылған, ал ВЦИК және СНК РСФСР -дың 1920 ж. 2 тамызда « Қырғыз Советтік Социалистік Республикасы құрылымы» декретінде « Кирревком» деген мазмұн бірнеше рет айтылған.
Қазақстанда Совет мемлекетінің құрылуы туралы бірінші монографияның авторы М. С. Сапарғалиев «Казревком» терминін пайдаланған. Ал А. Мұқтаров әрдайым « Қырғыз революциялық комитеті», «Кирревком» және «Қырғызсоғысревком» деп келген.
П. Тайманов «Совет мемлекетінің құрылымының Қазақстандағы өркендеуі» атты кітабында екі термин қолданған-бірі «Қырғыз өлкесін басқарудағы революциялық комитет» және «Қазақ революциялық комитеті».
С. Зиманов, С. Дәулетов, М. Исмагуловтардың біріккен еңбегінде «Қырғыз революциялық комитеті»- терминін пайдаланған. Еңбегінде «Қырғыз революциялықкомитеті»-қазақ халқының өз алдына дербес халық ретінде қабылданған арнайы қаулысынан кейін өз күшін жоғалтты деп есептеген. «Қазақ ССР тарихы»-ның 5 томында Кирревком деп атаған.
Біз өз жұмысымызда «Қырғыз революциялық комитеті»-деген терминді қолдануды жөн көреміз. Яғни, сол кезеңдегі саяси- әлеуметтік құрылымда аталған тарихи терминді өзгертпеу керек деп есептедік.
Біздің жұмыстың негізгі міндеті «Қырғыз революциялық комитетін» -атқарған жұмысын жан-жақты сараптау. Осы сараптауды мына топтарға бөлдік:
- Кирревкомның саяси заңдылық статусы.
- Құрылымы.
- Кадр саясаты.
- Жергілікті Совет органдарын басқару, жетілдіру.
- Ішкі саясат құрамы.
- Жалпы қырғыз құрылтайын шақыруға дайындық және Қазақ ССР-ын құру.
Жұмыстың структурасы Кіріспе, үш тарау және әдебиет тізімінен құралады.
1 тарау. Қырғыз революциялық комитетін ұйымдастыру.
- Кирревкомды ұйымдастыру барысындағы дайындық әрекеттері.
Советтердің Бүкілқырғыздық құрылтайын азамат соғысының қайнап тұрған шағында Советтер мемлекетінің алдында Кирревком құру жөнінде ой 1919 жылы болжамдалды.
1918 жылдың аяғы 1919 ж. басында СХК мен РСФСР халық комиссариаты «Алаш» және «Алаш Орда» басшыларының қозғалысынан қауіптеніп Қырғыз Совет Автономиясын құруға жан-жақты дайындықтар жүргізді, бұл сол кездегі Алаш автономиясына кере-қарыс ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Біріншісі- Қырғыз Совет автономиясының құрылым жобасы.
Екіншісі- Бүкіл Қырғыз құрылтай Советтерін өткізуге дайындық.
Біріншісі-орталықта дайындалып іске асырылса, екіншісі - жергілікті Совет органдарында жүргізілмек болды.
1919 жылы азамат соғысы барысында Қазақстанда саяси ахуал өте қиындай бастады. Наурыз айының басында жалпы шабуылға шықты, осы аралықта ақ казактар Орал мен Орынбор облыстарында Қызыл әскерге қарсы шабуылдарын үдете түсті. Сәтті шабуылдардың арқасында Солтүстік және Орталық Қазақстан жерлерін Омск, Петропавловск, Ақмола, Семей, Көкшетау қалаларымен қатар 10 апрельде Қостанай қаласын, 18 апрельде Ақтөбе (31, 195) қаласын басып алды. Фронт шекарасы Орынборға жақындап ақ гвардияшылар Орал қаласын қыспаққа алды.
Қазақ тұрғындарының басым көпшілігі Совет және ревкомның жұмысына немқұрайлы қарап көбінесе Алаш Орда басшыларын жақтады. Орал төңірегінде Алаш Орда өкіметінің жасақтары жүрді, орталығы Жамбейіті қаласы болды. Дәл осындай қалыптасып отырған жағдайда Бүкіл Қырғыз Советінің құрылтайын өткізуге мүмкіншілік болмады., бұл өтпелі кезеңде Қырғыз Совет автономиялық мемлекетін құра алмады.
Осы қалыптасқан жағдайды дала аймағының төтенше комиссары Әліби Жангелдин Қырғыз революциялық комитетін құру барысын былай суреттейді. 1919 жылдың көктемінде мені сол кездегі ұлт қатынасы жөніндегі халық комиссары И. В. Сталин қабылдады. Пікірлескеннен кейін Сталин маған барлық ой пікірімді Ленинге жеткізгенімді қажет деп санады. Владимир Ильич мені өте жылы қабақпен қабылдады. Барлық жағдаймен танысқаннан кейін мені қайтадан Сталинге жіберді. Сталинге мен бізде Қырғыз соғыс комиссариатын құру оның атқаратын жұмысы төңірегінде ой қозғадым, ол менің Москвада қала тұруымды қалады. Екінші күні И. В. Сталиннің төрағалғымен отырыс өтті, оған мен де қатынастым. Отырыс Қырғыз соғыс комиссариатын құруға шешім қабылдады. Бұл отырыс 1919 жылы мамыр айында өтті(8, 366-367) .
1919 ж. мамыр-шілде айларында Москвада көптеген камиссиялар отырысы болды, комиссиялар Қырғыз ревкомын құруда құрылым қалай болу керектігі төңірегінде жан-жақты жұмыс-іс атқарды. Комиссия отырысында көз қарастар, пікірлер біртұтас болмай бөлініп жатты. Өсіресе жер көлеміне ревкомның өкілеттілігімен атқаратын жұмысы жөнінде . Кирревком бағдарламасын ХСК отырысында қарауға шешім қабылдады. Бұл отырыс В. И. Лениннің басқаруымен 12 маусымда өтті. 1919 ж. 25 маусымда «Қырғыз өлкесінің бағдарламасын анықтауға -орталық ведомствалық» комиссия шақырылды. Бұл шақырылымды- ұлт аралық қатынас комиссариатынан С. Пестковский, В. Лукашов; Қазақ бөлімінен - Ә. Жангелдин, М. Тұнғаншин, Х. Бекентаев т. б. жер комиссариатынан- Н. Березин, Бүкіл Россиялық бас штабтан - Стрельбицкий, Түркістан өкілдері- Шәкіров, Тоболин, ішкі іс халық комиссариатынан- Арсений Грачев, сыртқы іс халық комиссариатынан- Вознесенский. Комиссия жер шекарасын жан-жақты қарап Қырғыз ревкомының декретінің жобасын қабылдады. 1919 ж. 28 маусымда Қазақстан, Түркістан, кішібұқарлар, ауғандар қатынасқан Қазақстан мен Түркістан ара қатынасы қаралды, бұл жиын халық комиссарлар комитетінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Қырғыз революциялық комитетінің бағдарламасы мен жобасын комитеттер сараптағаннан кейін оны ұлт қатынасы халық комиссарлары қарап, 1919 ж. 10 шілдеде халық комиссарлар советінің В. И. Ленин төрағалық еткен отырысында толық бекітті. Сол күні В. И. Ленин «Қырғыз өлкесін комитеті»- Декретіне қол қойды, сонымен қатар Түркістан өлкесінің өкіметі құрылуымен Кирревком құрылды. Бұл декретте Кирревком -«Жалпы қырғыз құрылтайы ұйымдастырылғанша Қазақстанды басқарады» - деген ұйғарым алынды (26, 15) . «Уақытша жағдай»-документінде біріншіден Қазақстанның жер көлемінің аумағы қаралды:» Қазақстанның жер көлемі Түркістан Республикасы, Қырғыз құрылтайы және Совет өкіметінің орталық органдарының келісімі болғанша, Кирревком қол астына Астрахан губерниясы мен облыстары, Орал, Торғай, Ақмола, Семей өлкелерінің жері кіреді», -делінген (21, 103) . Екіншіден- бағдарламада қырғыз өлкесін басқаруда Кирревкомның өкілеттілігіне мына төмендегі жайттар нақты көрсетілді:
А) Қырғыз өлкесінде Совет өкіметінің өкілеттілігін жүзеге асырады;
Б) Совет өкіметінің орталық органдарынан шыққан қаулы-қарарларын жергілікті тұрғындардың салт-сана дәстүріне сәйкес жүзеге асырады;
В) Жергілікті Советтердің жұмыстарын қадағалайды;
Г) Қырғыз өлкесінде халықтық шаруашылық, мәдениет аралық қатынасының қалыптасуын реттеу;
Д) Жергілікті жердегі барлық шешуін табатын сұрақтарды шешу;
Е) Бүкіл қырғыздық құрылтай жиынына Қырғыз автономиясының бағдарламасын дайындау, бекіту;
Ж) РСФСР және Түркістан Совет Республикасының Қырғыз өлкесімен арақатынасын реттеу (21, 103-104)
Яғни, Кирсоғысревкомы- Қазақстан территориясындағы совет өкіметінің құқылы өкіметі. ХСК (халық совет комиссариатының) -декретімен Қазақстандағы Кирревком -Қазақстанда Совет өкіметін орнату- Алаш Орда өкіметінің түбегейлі халық арасында ықпалын жүргізбеуін пәрменді қолға алуындағы большевиктердің ұстаған саяси органы болды.
- Қырғыз революциялық комитетінің саяси-заңдылық статусы және құрылымдық қалыпы.
Кирревкомның саяси-заңдылық статусы РСФСР халық комиссарлар Советінің 1919 ж. 10 шілдедегі декретінде белгіленді. Онда айтылған ревком «ең жоғарғы соғыс-азаматтық өлкелік меңгеру құрылымы», -деп атаған. Яғни, қоғамдық жағдайда -Кирревком Совет өкіметінің сол кездегі қырғыз (қазақ) өлкесіндегі ең жоғарғы басқару органы болды.
Кирревкомның саяси-әкімшілік жағдайы сол кезде-бүкіл қырғыз құрылтай жиынының алдындағы уақытша атқарушы орган болды. Совет үкіметінің ұйғарымы Кирревком өзіне-өзі келешекте Қырғық Совет автономиясын құруға жоба жасап, оны бүкіл Қырғыз құрылтай жиынына ұсынады деп есептеді.
Кирревкомның уақытша жарғысының 4-ші параграфында -«ревкомға жергілікті жердегі барлық совет және атқару органдары түгелдей бағынады және Ревком олардың құрылымын өзгерте алады» делінген (20, 14) .
Қырғыз соғысревкомының құрылуы арқасында Халық Комиссариатында құрылған Қырғыз ұлттық бөлімі мен Бөкей Ордасындағы бүкіл Қазақстандық құрылтайды ұйымдастырып шақыру комиссиясы қысқартылды. Орнына
А) Бүкіл Россиялық Орталық атқару Комитетіне Қырғыз өлкесінен 3 адамнан тұратын (төраға және 2 мүшесі) бар уәкілдер өкілеті;
Б) Жергілікті жерде Совет өкіметін құруға бүкіл Қазақстан сьезін ұйымдастыру үшін бөлімдер құрылды.
Кирревкомның жағдайы айқындалғаннан кейін, оныңқұрылымы қалыптаса бастады. Кирревкомның отырықшы орны болып Орынбор қаласы белгіленді. 1919 ж. 7 тамызда С. Пестковскийдің төрағалығымен оның мүшелері аталмыш қалаға келді, сол күні С, Пестковский Партия Орталық Комитетіне, Совет халық комиссариатына, халық ұлттық комиссариатына телеграмма жолдап Кирревкомның Орынбор қаласына келгенін хабарлады (31, 58-59) . Бұл күні Кирревкомның Қазақстандағы алғашқы жұмыс бастаған күні деп есептеуге болады.
РСФСР Совет Халық Комиссариатының «Кирревкомның уақытша өкілеттігі туралы» деген жарлығында Ревком 7 адамнан құралып, оларды тек Ресей өкіметі сайлайды және құрамын жергілікті жерлен біріктіріледі делінген. Ревкомның бірінші құрамына - С. Пестковский- төраға мүшелері болып- А. Байтұрсынов, Ә. Жангелдин, Б. Қаратаев, В. Лукашов, С. Мендешев, М. Тұнғаншин енді(42) .
Қазақстанды басқаруда Кирревкомның 12 қыркүйек күні алғашқы ұйымдастыру отырысы болды. Ашық дауыс сайлау қорытындысы бойынша басым көпшілік дауыспен А. Байтұрсынов Ревком төрағасының орынбасары болып сайланды, соғыс комиссары болып М. Тұнғаншин, бөлім меңгерушілері болып-ішкі істер бөліміне А. Байтұрсынов; шаруашылық-қаржылану бөліміне -Алексеев, халық оқу ісі ағарту бөліміне -С. Мендешев, азық-түлік бөліміне -Князев, әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне-Лукашов сайланды (20, 22) . Кейінде Кирревком құрылымының жүйесінде -сот, мекемелер жүйесі, жер игеру, денсаулық сақтау, еңбек қорғау, советтік халық шаруашылық, ақпараттық, баспалық, жалпы кеңселік, сонымен қатар тексеру комиссиясы, өлкелік соғыс трибуналы құрылды.
1919 ж. аяғында Кирревком аппаратында, яғни жоғары атап өткен құрылымдарда 138 адам еңбек атқарды (36, 62) . Кирревком, оның басшылары және оның мүшелері өлшемсіз билікке ие болды. 1919 ж. 23 қарашасында ревком төрағасының орынбасары С. Мендешевке берілген мандатта өкілеттілігі былай айқындалған:
- Қырғыз өлкесіндегі барлық совет мекемелерінің және соғыс ревкомының шешімдері мен қаулы-қарарларын толық бекітеді, не толық алып тастап, не толық өзгертуге ұүұылы.
- Қырғыз өлкесінде кім болмасын кез келген жауапты басшы қызметкерді орнынан босатады.
- Соғысревкомның ақшалай қаражатын қалай қай жағына жұмсауға құқылы.
- Тікелей телефон байланысымен соғыс телеграммасын беруге құқылы (33, 153) .
Кирревкомның барлық шешімдері, қаулы-қарарлары, бұйрықтары, өкімдері нұсқамалары кімге арналса да бұлжытылмай орындалды. Қасарысқан орындамаған органдарға өте қатаң талап қойылды.
Соғыс өрті саулап тұрған өлкеде «жеке-дара тәртібі» өте қажет болды, әсіресе Ревком аппаратында және басқа мекемелерде. Осыған орай өлкелік ревком төрағасы С. Пестковскийдің мына бұйрығын айта кеткен жөн. »Келешекте өз атқарып жүрген жұмыстарыңда жіберген кемшілік, олқылықтар қоғам ортасына орны толмас өкініш әкелетін болса, менің тарапымнан өте қатал талап қойылады, өз еркімен қызметке алынған азаматтар жұмыстан шығарылса, келешекте совет мекемелерінің ешқайсысына жұмысқа алынбайды, Қызыл әскер құрамынан жіберілген дәрігерлер және басқа да әскери міндетті азаматтар Революциялық трибунал сотына беріледі»-делінген (8, 398) . Яғни төтенше тәртіп қойылған.
Кирревком өлкеде халық-шаруашылық, мәдени-ағартушылық және өлкелік саясаттандыру жұмыстарын атқарды, бұл жұмыстар облыстық ревком, облыстық атқару комитетімен, әскери құрылым басшыларымен бірігіп жүргізіп отырды. Сонымен қатар Ревком жергілікті жердегі ауылдық советтің, губерниялық, облыстық, уездік құрылымдарының шешімін қаулы-қарарларын өзгертуге құқылы болды (20, 15), егер олардың іс жоспарлары Советтер өкіметінің заңына қайшы келген жағдайда.
Ресми құжаттарға сүйенсек Кирревком қызметі екі тарапта жүргізілген:саяси және ұйымдастыру жүйесінде.
Саяси бағдарламасында РСФСР ХСК-ың декретінде белгіленгендей облыс және уезд құрылымдарын бір орталыққа топтастырып Кирревкомның басқаруына беріп, саяси бағдарламаларын белгілеп Ревкомды ең жоғары билік органы ретінде белгілеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz