Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Камышева Гүлзат Қалымбекқызы
Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы : 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекші: аға оқыт. Нұржаксина М. Қ.
Ғылыми сарапшы:
Көкшетау 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы : 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындады: Камышева Г. Қ.
(қолы)
Жетекші: фил. маг., оқыт. Нұржаксина М. Қ.
(қолы)
«Қорғауға жіберілді» « » 2014 жыл
Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. к., проф. м. а.
Көкшетау 2014
Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
МАЗМҰНЫ . . .
КІРІСПЕ . . .
І Тарихи романдағы тарихи шындық . . .
- Қазақ әдебиетіндегі тарихи романның сипаты
ІІ Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы ұлттық бейне . . .
2. 1. Хан-билердің бейнесі . . .
2. 2. Романдағы батырлардың бейнесі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ әдебиеті тарихының қалыптасу кезеңіндегі тарихи шығармаларда қоғамдағы жекелеген тарихи тұлғалардың бейнеленуі маңызды орын алып келеді.
Соңғы кездегі табылған деректер қазақ халқының көшпелі тұрмысымен қатар дамыған қала мәдениеті, мемлекеттік құрылымдары да болғанын айғақтайды. Оның бұлтартпас дәлелі - еліміздің әр аймағынан табылған мемлекеттіліктің басты белгісі болып табылатын өте жоғары дәрежедегі билік басындағы тақта отырған «алтын адамдар». Ал берідегі қазақтың төл атымен белгілі XV ғасырдан басталатын кезеңінің тарихы да ауыз толтырып айтарлық. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен халқымыз, оны бастаған тарихи қайраткерлеріміз, еңселі тұлғаларымыз болды. Бірақ кеңес дәуірі кезінде ұлы державалық саясат салқыны еліміздің тарихи шежіресі, тарихта ізі қалған тарихи тұлғаларымыздың өмірі туралы ел аузындағы, халық жадындағы, көркем туындылардағы деректерге бір жағынан сенімсіздік білдіріп, жазба деректермен дәлелденбеген деген желеумен тарихи зерттеулерге оң қабақ танытпады. Осындай жағдайға көңілі толмаған халықтың көзқарасы көрнекті ақын Ғафу Қайырбеков өлеңінде: «Өзге жұрттың хандары жақсы болып, Біздің хандар өалайша жаман болған?» [Қайырбеков Ғ. Көкшетау сені сағындым // Көнсандық: Өлеңдер мен дастандар. - Алматы: Атамұра, 2003. - 192 б. , 85] - деген сұрақ түрінде көрініс тапқан.
Сол кездегі қоғамның дамуына, тарихқа таптық көзқарас тұрғысынан қарау салдарынан тарихи тұлғаларымыздың рөлі төмендетіліп, хан болса - ел қанаушысы, батыр болса - есер, би болса - әділетсіз, ханның сойылын соғушылар деп танылып, тарихи шындықтан өзгеше, бұрмаланып көрсетілді немесе әдейі ұмыттыру мақсатымен тарихи зерттеулерде айналып өтіп, оқулықтардан алыстатылды.
Ал ақиқатына жүгінсек, ежелгі тарихымыз, көне дәуірлерден келе жатқан әдебиетіміз, мемлекеттігіміз, ел билігі тұтқасын ұстаған тарихи тұлғаларымыз туралы деректер бұрыннан да жеткілікті.
Қазақ тарихи тұлғаларының ішінде ел тарихында терең із қалдырған, қоғам өміріне ерекше ықпал жасаған, мемлекеттігіміздің басты белгілері - хандар мен билер, батырлар мен жыраулар. Солардың әдебиеттегі тұл, алық бейнесі тарихи деректермен салыстыра отырып жинақталып, өмірінің, қызметінің, дәуірінің танымдық маңызын ашу, халқымызды, әсіресе жастарды елшілдік пен отаншылдыққа тәрбиелеу, тұлғалық қасиеттерінің үлкен қуат күшін көрсету - осы тақырыптың әдебиеттану ғылымында өзекті мәселесі екендігін көрсетеді. Бұл осы тақырыптың көкейтестілігін, зәрулігін анықтайды.
Тақырыбы: «Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы тарихи тұлғалардың көрінуі».
Зерттеудің мақсаты: Өмірде болған тарихи тұлғалардың (хан, батыр, билердің) көркем шығармада бейнесін ашу;
Зерттеудің міндеті:
- Көркем шығармадағы дерекпен тарихи деректерді салыстыру; Қоғамдағы, тарихтағы жеке тарихи тұлға мен халықтың ара қатынасы, әрқайсысының рөлі туралы түсңнңк-танымды айқындау. Көркем әдебиеттегі бұрмалаусыз, объективті тарихи тұлғалар туралы ұғымды байыптау; Көркем шығариадағы тарихи тұлға бейнесін қалыптастыруға саясат пен идеологияның тигізер ықпалын пайымдап, образ арқылы туындының, автордың қоғамдық көзқарасын, дүниетанымын, философиясын таныту.
Зерттеу нысаны: Қабдеш Жұмаділовтың 2 томдық «Дарабоз» тарихи роман-дилогиясы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» тарихи роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың алғаш рет дипломдық жұмыс деңгейінде зерттеу нысанына алынып, оның шығарма тақырыбы, образдар жасалымы, көркемдік, композициялық құрылымындағы мәні ғылыми тұрғыдан зерделенді;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Көркем әдебиеттегі образ сомдау, характер жасау қағидаттары зерттеуде әдебиеттануға байланысты теориялық еңбектер басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыста әдебиеттану саласында белгілі орнв бар тарихи дерек көздері мен әдебиет туындыларындағы бейне, образ жасауға қатысты тарихи-салыстырмалы тәсіл, талдау, жүйелеу әдістемелері қолданылды.
Тарихи тұлға бейнесін жасау үдерісіне саяси-әлеуметтік орта мен қоғамдық жағдайды салыстыра қарау әдісіне қатысты зерттеулер әдіснама ретінде пайдаланылды. Сипаты осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан зерттеу жұмысында мәліметтерді, деректерді саралай отыра, бұл үдерістің тиімді жолдарын табу көзделеді;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелеріндегі ой қорытындылары мен тұжырымдарын жоғары оқу орындарында әдебиет тарихы бойынша жүргізілген арнаулы курстарда пайдалануға болады. Ізденушілер және басқа да әдебиетсүйер көпшілік қауым қазақ әдебиетіндегі хандар, билер, батырлар тұлғасы, оның көркем бейнесі жайлы өздерін толғандырып жүрген мәселелеріне жауап табуы мүмкін.
Дипломның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттерді зерттеп саралау, мәтін анализы.
І Тарихи романдағы тарихи шындық
- Қазақ әдебиетіндегі тарихи романның сипаты
Тарих адамзат санасында екі жағдайда есте қалады. Алғашқысы тарихшылар міндетіндегі басты мәселе болып табылатын шежіретізбек (хронология) болса, екіншісі тарихи оқиғаларға байланысты ой топшылау, пікір орнықтыру. Осыдан келіп тарих пен уақытқа қатысты кезеңдеу (переодизация) пайда болады. Кезеңдеу дегеніміз - тұтас құбылыстың үзіктілігін, бөліктерін беру әрі олардың арасындағы сабақтастықты айқындау. Осы тарихи кезеңдерді сұрыптаған кезде олардың ең маңыздысы алғаш еске оралады.
Тарихилық - қандай да бір тарихи дәуір келбетін жанды суреттер, нақты адам тағдырлары мен мінез-сипаттары арқылы танытатын көркем әдебиеттің басты белгілерінің бірі. Тарихилық кең мағынасында өз заманын немесе ерте дәуірді суреттеген барша көркем шығармаларға тән. Мұны шығармада бейнеленген кезеңінің түрлі ерекшеліктерінің сақталуы әрі бұл әр дәуірдің көркем туындыларына ортақ деп түсінеміз. Қазіргі әдебиетте тарихи тұлғаны таныту, оның өмір кезеңдерін, қоршаған ортасын, жеке мінез-болмысын суреттеуге деген қызығушылық өсті. Оның басты себебі тәуелсіздік алғаннан кейін еңсемізді тіктеп, тарихқа қайта үңіліп, бар-жоғымызды түгендедік. Ақтаңдақтар ақиқаты ашылып, көмескі мәселелер айқындалды. Әдебиетте тарих шындығы түрлі жанрларында шынайы адам болмысын жасау өрістеп, бұл әсіресе, тарихи романдарда, мемуарлық-өмірбаяндық, публицистикалық салада белең алды.
Тарихи шындық дегеніміз - өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. Тарихтың, халық өмірінің шынайы болмысын елестету арқылы өткеннің сипаты танылады. Алайда әдеби шығармадағы тарихи шындық - көркем бейнелеу тәсілімен берілетін өмір шындығы, яғни көркемдік шындық. (Қазақ ұлттық энциклопедиясы)
Орыс филология ғылымдарының кандидаты Р. Б. Татаеваның «Исторический роман: система взглядов на историческую действительность» атты еңбегінде : «Тарихи шындықтағы тарихи әңгіме өнерде алдыңғы орында тұр. Себебі, тарихтағы өткеніміз туралы білу қазіргі кездің заманында саналы бағыт-бағдар жасау үшін және заманауи рухани үдерістерге жауап беріп оларды ұстануда үлкен көмек атқарады», - деп тарихи әңгіме мәселесін қозғайды. Аталған еңбегінде реалистік роман жанрының пайда болуы - ХІХ ғасырдың көркем әдебиет тарихындағы үлкен жаңалық екендігін де айтып кеткен болатын. Оны орыс ғалымдары В. Борщукованың «Исторический роман», В. Ивашеваның «Почерки новой эпохи», Г. Бабаеваның «Из истории русского романа ХІХ века», С. Петрова «Исторический роман в русской литературе» атты еңбектерінде көруге болады.
Сол сияқты Х. Гусейнова «Помни имя свое» атты еңбегінде: «Человек без исторической памяти - это мир без будущего, толпа одиночек, это сон разума, порождающий чудовищ и ведущий к гибели цивилизации».
Қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқы қазақ теоретигі саналатын Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде тарихи әңгіме туралы: «Тарих жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін әуезелер - тарихи әңгіме деп аталады. Тарихи әңгіме лақап әңгімеден мазмұнның шындығымен айрылады. Жұрт ағыз қылып айтып жүрген әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих асасына сүйенетін шын әңгіме болады» деген анықтама беріп, «Қазақ» газетінде басылған «Әзірет Сұлтан», «Тұрғанбай датқа» турасындағы әңгімелер тарихи әңгіме болады деп атап көрсетеді.
Роман дегеніміз - (11-12 ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар атауынан шыққан) - күрделі және дамыған сюжетті, көбінесе қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады.
Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, ХVI-XVIII ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің «Дон Кихот», француз жазушысы Лесаждың «Ақсақ шайтан» романдары мысал бола алады.
19-ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г. Флобер, А. Стендаль, О. Бальзак, Ж. Занд, Англияда В. Скотт, Ч. Диккенс, Ресейде кеңес заманында орыс ғалымдарының ішінен М. Горький, А. Толстой, М. Шолохов, А. Фадеев, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. С. Тургенев, Л. Н. Толстой, Ф. М. Достоевский, И. Я. Гончаров секілді суреткерлер тудырған романдар, АҚШ-та М. Твен, Дж. Лондон, Германияда Т. Манн, Г. Манн тағы басқа жасады.
(Қазақ адебиеті анықтамалық энциклопедиясы) .
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған романдар жарық көрді. Кеңес дәуірі кезінде шынайы айтылмай, бұра тартылған тақырып арнасы бұл кезеңде тереңдей ашыла түсті. Қазақ жазушыларынан алғашқы үлгілерін М. Дулатов, С. Көбеев, С. Торайғыров тудырған бұл жанр Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров қаламымен ұшталып, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мустафин талантымен биікке көтерілсе, Ғ. Сланов, Х. Есенжанов, З. Шашкин, І. Есенберлин, Т. Ахтанов, Ә. Нұрпейісов, Б. Соқпақбаев, С. Жансүгіров, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Ә. Сарай, Қ. Жұмаділов, С. Сматаев еңбектерімен кең өріске шығып, әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Сондай туындылардың қатарында Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Қалмұқан Исабаевтың «Серт», «Шоң би», Кәдірбек Сегізбаевтың «Бел асқан», Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз», Софы Сматаевтың «Жарылғап батыр» (өлеңмен жазылған роман), Ұзақпай Доспамбетовтың «Қызыл жолбарыс», Хасен Адыбаевтың «Отырар ойраны», Әнес Сарайдың «Еділ-Жайық», Тұрсынхан Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Жанат Ахмадидың «Шарғалаң» тағы басқа романдарын атауға болады.
Жазушы Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романы 1999 жылы жарық көрді. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған роман - хамсасында жазушы ақын өмірінің барлығын қамтып, туғаннан бастап дүниеден өткен шағына дейін уақыт кеңістігінде, тұтас бір дәуір панорамасын толық көрсетуді мақсат еткен.
Автордың бұл роман-хамсасы бірнеше бөлімнен тұрады, алғашқы кітап «Толғақ», екінші кітап «Жұлдыз құрбандық», үшінші кітап «Қызғаныш», тқртінші кітап «Хақиқат мекені», бесінші кітап «Нұрсипат» деп аталып, Абайдың балалық, жасөспірім шағынан өмірінің соңғы кезеңдеріне дейін толық бейнелейді. Осы тарау аттарының өзі романның тұтастығын сақтай отырып, дербес қабылдауға жетелейді. Абай жас шағында-ақ ірі істерге қатысарлық сана-парасаты жетілген, жас жігіттің кемелденгенге дейінгі өмір оқиғалары, естіген, көргендері, өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі, елеулі болмыс-бітімі іріктеліп, шығарма желісіне өрілген.
Тарихи шығармаларға тән сипат өткенге үңілу мен қатар, көне дәстүр салттың сұлбасын, ескіліктің әңгімесін жаңғыртып отыру. Яғни, тарихи роман қашан да замана ділгірлігінен, оның қалай дамып бара жатқанын ойлау тұңғиығынан туындайды.
Қаламгер Шерхан Мұртазаны ең құлашты эпик жазушы ретінде танытқан шығармасы - «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы. Жазушы мемлекет әрі қоғам қайраткері, тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметін, ХХ ғасыр басындағы өтпелі кезеңнің қасіретті де тартысты шындығын осы романдарына арқау етті.
Ш. Мұртазаның «Жұлдыз көпір» романы «Қызыл жебенің» заңды жалғасы. Мұндағы орталық кейіпкер - Тұрар Рысқұлов. Шығармада Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасының 1917-1920 жылдарындағы оқиғалар, Тұрардың жеке өмірі, әлеуметтік майдандағы қайраткерлігі көрсетілген. Халқының азаттығы жолындағы күрескер Тұрардың адамгершілік қасиеті үнемі іс үстінде көрінеді.
Тарихи романдар - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын туындылар. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
Орыс ғалымы В. И. Борщукова «Роман исторический - это масштабность и значительность изображающихся в нем событий» -деген анықтама берген.
Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық қайта құрылымы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық тұжырымдамасы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек.
ХХ ғасырда туып, қалыптасып, дамыған қазақ романы ұлтымыздың сан ғасырлық әлеуметтік, рухани өмірін жан-жақты, терең, көркемдік қуатпен бейнелеп берген аса жемісті жанрлық форма ретінде танылды.
Тектік түрі жөнінен қазақ романын: реалистік, тарихи, психологиялық, ғұмырнамалық, мемуарлық, саяси, деректі, фантастикалық шытырман оқиғалы, эпикалық, драмалық, лирикалы, роман-эссе, роман-дерек, роман-дилогия, роман-трилогия, роман-тетрология, роман-хроника, цикл роман, тағы басқа салаларға бөліп қарауға болады.
(Қазақтың жүз романы, Рымғали Нұрғали Астана: Фолиант, 2004)
Соның ішіндегі ел бірлігі, ұлт бірлігі 70-80 жылдардағы қазақ тарихи романдарының басты тақырыбына айналды және таптық, революцияшылдық ағымдағы әдебиеттен өзгеше аңғар танытты. Қазақ елінің сан ғасырлық тарихын байлар мен кедей таптардың қырқысуында көрсет деген тоталитарлық саясаттан бұра тартып, басқаша сарында бағыт алды. Бүкіл қазақ даласы көркем шығарманың негізгі эпикалық өрісі болғанда, сол даланың ұлт-азаттық идеясын ту етіп көтерген қазақ тарихы қаһармандары оның бас кейіпкеріне айналды.
Тәуелсіздік жылдары Қабдеш Жұмаділов - қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосып, қаламының қарымы тіптен асқақ естілді. Тәуелсіздіктен бергі кезеңде оның әр жылдары жазған қанша әңгіме, повестерімен бірге «Саржайлау», «Көкейтесті», «Тағдыр», «Атамекен», «Соңғы көш», «Прометей алауы», «Қылкөпірі» және «Дарабоз» роман-дилогиясы және тағы басқа көлемді шығармалары жарық көрді. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары белгілі жазушы туған тарихымыздың өткеніне назар аударып, ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ қатынастарына көркемдік таным тұрғысынан қалам тартып, біздің көңіл-көкжиегімізді анағұрлым кеңейтті.
90-жылдары қазақ елі ежелгі арманы тәуелсіздікке қол артқанда тарихи роман тың серпін танытып, бұның алдындағы туындыларда жеріне жеткізе қазылмаған, аршылмаған көк-көп жаңалық ақиқаттарды бүкпелемей, сыздықтатпай бар дауыспен, ашық айтып береді. Бұл ретте алдымен ауызға алынатын шығарма - жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» роман-дилогиясы деп бағаланған «Дарабоз» романындағы ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының болмысы шынайы суреттеледі де, халық тарихында қалған батыр тұлғаларымен байланыстырылады. Ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ер Қабанбай батырлық пен қаһармандықтың бейнесіндей. Ол қолына қару ұстаған батыр, кеудесінде ұлтын сүйген жүрегі атқақтай соққан ер. Автордың мақсаты «ұзақ жылдар архивтің шаңын қаға отырып, тарих жасаушылардың бұрмалаған фактілерін орын-орына қойып, белгілі бір жүйемен баяндау». Туынды тарихи оқиғаны эпикалық сипатта кеңінен қозғай отырып, көркем тілмен сенімді баяндайды.
Дәл осы кезең жайлы төл тарихымызда бірен-саран «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама», «Аңырақай шайқасы» секілді шағын оқиғалар туралы аз-кем ғана білетінбіз.
Жазушының «Дарабоз» роман-дилогиясы осы олқылықтың орнын толтырған көркем туынды. Көркем әрі тарихи роман жанрында жазылған шығарма сол кезеңдегі қазақ елінің хандары мен сұлтандары, батырлары мен билері, халықтың тұрмысы жайлы танымы мол мағлұматтар береді. Туған тарихымыздың тамыры терең әрі мығым болғандығын айқын сездіреді.
Жазушы Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз» роман-дилогиясында осынау Қаракерей Қабанбай батыр жайлы көркем әрі тарихи құнды туынды болғандықтан шығармаға «Қаракерей Қабанбай батыр туралы тарихи роман» деген қосалқы ат та қойылған.
Жалпы, роман екі кітаптан тұрады. Бірінші кітап - «Толас» және «Аттаныс» деген екі бөлімнен тұрса, екіншісі - «Шүркіт шапқан», «Алаш туы астында» және «Ақырғы айқас» дейтін үш бөлімнен бас құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz