Қазақ балалар лирикасы (1970-1990 жж. )
Қазақ балалар лирикасы (1970-1990 жж.)
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Әдебиеттану саласында балалар әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы
ғылымның кенже де болса дамып келе жатқаны белгілі. Жалпы балалар
әдебиетінің мәселелері жайында: А.Байтұрсынов [1], Ж.Аймауытов [2],
М.Дулатов [3], М.Әуезов [4], Б.Сахариев [5], М.Иманжанов [6], Б.Кенжебаев
[7], А.Нұрқатов [8], С.Қирабаев [9], т.б. ғалымдардың әр түрлі кезеңдегі ой-
пікірлері осы саланы зерттеудің негізгі бастау іспетті. Ұлттық
әдебиетімізде балалар әдебиетін басты нысана етіп тұңғыш зерттеген ғалым -
Шеген Ахметов [10]. Соның негізінде оқулықтар да жазылды.
Балалар әдебиетін түбегейлі зерттеу үрдісі 1970 -2000 жылдар аралығында
кеңінен қолға алынды. Ізденушілер Г.Нұғыбаева [11], С.Өскенбаев [12],
Б.Ыбырайым [13], К.Матыжанов [14], Ә.Өтегенова [15], Б.Қапасова [16],
А.Ахтанова [17], Ж.Рүстемова [18], Г.Қажыбаевалардың [19] дисертациялық,
монографиялық зерттеулері соның айғағы.
Аударма - өркениеттерді байланыстырушы құбылыстардың ішіндегі ең
нәтижелісі екендігі дау туғызбайды. Сонымен қатар ол әдеби байланыстарды
қалыптастыратын, дамытатын пәрменді сала. Ол елдер мен елдерді
жақындастырып, бір күшке айналдырған тіл, мәдениетті жер бетіне таратуға
орасан зор қызмет етуші, ал оның тарихы адам өркениеті пайда болғаннан
басталды десек қателеспейміз.
Аударма - әдебиеттің, жалпы филология ғылымының үнемі өсіп, толығып
отыратын саласы десек, өзге тілге аударылған және өзге тілден аударылған
ерекше үздік үлгілерді, аударма мәтіндерді жүйелі түрде зерттеп, парықтап
отырудың маңызы зор. Бұл тектес жұмыстардың салыстырмалы әдебиеттануға,
жалпы әдебиетімізге, тілімізге де берері мол. Қазіргі кезеңде дүниежүзінде
аударма мәселелерінің қыр-сырына қатысты теориялық ой-пікірлер жылдан-жылға
мәнді, мағыналы жаңалықтармен өрістеп келе жатқандығы белгілі. Бұл кезекте
аударманың жалпы және жеке теориясы бағыттарында отандық зерттеушілеріміз
де жемісті еңбек етіп келеді. Дегенмен танысу барысында аударманың тарихи
кезеңдері жөнінде белгілі бір түсінік қалыптастыру қиындық тудыратыны да
рас. Алаш ұранды әдебиет өкілдерінің тәржімалаған жүйелі аудармалары ұлттық
әдебиетімізді әлем әдебиетінің көркем үлгілерімен таныстырған алғашқы
кәсіби аудармалар болды. Олардың аудармаға қатысты сын-пікірлері осы
саланың алғашқы теориялық негіздерін қалады. Осы еңбектерді зерттеп, сол
кезеңде қолданылған терминдер мен ұғымдарды жүйелі түрде ғылыми айналымға
енгізу аударма тарихын нақтылай түседі, әрі тәржімелік тәжірибенің түрлерін
кеңірек бағамдауға мүмкіндік береді. Аударма сөз өнерінің бір түрі және
шығарма түпнұсқаның образдылық, мақал-мәтелдер, афоризмдер, көркемдеуіш
құралдар мен әдемі айшықтар сияқты түрлі қасиеттерін толық та дәл беру үшін
әдебиеттану ғылымы жайында да жақсы білімі болып, әдеби формаларын сақтау
аудармашыға керекті дүние болуы тиіс. Шындығына келсек, аударма-әдебиеттану
мен тіл ғылымына, жалпы филологияға ортақ сала. Демек, қандай аудармашы
болсын, тәржіме мәселесімен айналысқанда әдебиет пен тілдік құбылыстарды
құстың қос қанатындай тең дәрежеде бірдей зейінінде ұстағаны дұрыс болады
деп ойлаймыз.
Жалпы, орыс балалар әдебиетінің қазақ тіліндегі кәсіби аудармалары 1920-
жылдардан басталады. Олардың аударылу бағыты, сапасы қазақ аударма
ғылымында біршама зерттелінген. Бүгінгі таңда қазақ тіліне орыс тілді
балалар шығармаларының көпшілігі аударылған болса, олардың біразы
әңгімелер, ал басым бөлігі өлеңдер жинағы. Атап айтқанда, 1970-90 жылдары
сынды қаламгерлердің туындылары аударылған. Бұларды жүйелеп зерттеудің
маңызы бар.
Алаш аудармашыларының еңбектерінің толық зерттелмеуімен және орыс-қазақ
тілдеріндегі мәтіндерін салыстырған зерттеулердің болмауымен де байланысты.
Бүгінде қазақ әдебиетінде орыс тіліндегі әдебиеттің де мол қазынасы
қорланып үлгерді, тікелей аударылған шығармалар да бар, бірақ санаулы.
Сонымен қатар, осы күні орыс тілінен ең кең көлемде аударылған жанр -
әңгімелердің аудармаларының сапасы жөнінде жазылған арнайы зерттеу еңбектер
жоқ. Сондықтан зерттелетін материалдың молдығы, аударма теориясындағы
жылдан-жылға толығып отыратын жаңа көзқарастар зерттеудің тың жұмыс болуына
негіз болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы зерттеу жұмысымызда біз отандық,
кейде салыстырмалы түрде шетел, орыс ғалымдарының пікірлерін жинақтай
отырып, қолдандық.
Қазақ және шетел балалар әдебиетінің байланыстары жөнінде Ш.Ахметов,
Ш.Қ.Сәтбаева, Н.Сағындықова сынды
зерттеушілеріміздің еңбектері бар. Олар қазақ-орыс әдеби байланыстарын,
поэзиялық аудармалар және орыс драматургиясының қазақша аудармалары туралы
құнды пікірлер айтқан. Дегенмен, бүгінгі күні қазақ әдебиетінде қорланып
қалған орыс тіліндегі шығармалардың аудармалары, оның ішінде 1970-1990
жылдардағы балалар поэзиясындағы аударма туындылар арнайы зерттеу нысаны
бола қойған жоқ. Көркем шығармалардың аудармалары ұлттық әдебиеттің даму
тарихына елеулі әсер етті. Әсіресе бұл құбылыс ХХ ғасырдың соңында жасалған
аудармалардың саны, сапасы, ареалы, оларға айтылған пікірлерден анық
байқалады. Аталмыш жанр аудармалары аударманың теориялық негіздерін дамытты
десек қателеспейміз. Осы ерекшеліктерін ескере отырып, әңгіме жанрының
аудармалары арнайы зерттеуді қажет етеді деген пікірдеміз.
Соңғы жылдары орыс әдебиетінен жасалған аудармаларға көңіл бөлініп
келеді. Мысалы, орыс әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы жөнінде жазылған Б.
Дуанинаның зерттеуінде көркем шығарманың аудармасына байланысты қазіргі
заманғы аударматанудың теориялық пікірлері кеңінен қолданылады. Жалпы
аударманың ерекшеліктері жөнінде сөз қозғалатындықтан, поэзия жанрын
аударуға байланысты арнайы пікірлер айтылмайды.
Бұған қоса қазақ аудармасының тарихы жөнінде орнықты пікірлер С.
Талжанов, С. Қирабаев, Ә. Сатыбалдиев, Қ. Нұрмаханов, Сағындықова,
Қ.Алпысбаев, З.Бисенғалиев, Ж.Жақыпов еңбектерінде айтылғанымен, поэзия
жанрын аударудың арнайы теориясына байланысты мәселе қозғалмаған.
Н.Сағындықованың жалпы жанрлық ерекшеліктердің аудармада ескерілуін
қуаттайтын пікірі назар аударарлық.
Отандық зерттеушілердің пікірлерін орыс тіліндегі поэзия жанры туралы
теориялық еңбектермен салыстыра зерттеуде екі әдебиеттегі поэзия жанрының
ұқсастықтары мен ерекшеліктері, ортақ заңдылықтарын ашу барысында сияқты
авторлардың пікірлерін келтірдік. Зерттеу жұмысымызда бұдан өзге де
жекелеген теориялық мәселелерге қатысты басқа да ғалымдардың зерттеулері
қарастырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
қазақ балар лирикасының көркемдік даму барысы, қазақ тіліне аударылған
мәтіндердің стилін анықтау, орыс тілді және қазақ тілді өлең табиғатындағы
ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындау. Мысал өлең жанрының қазақ тіліне
аударылу тарихы мен теориясы - қазақ көркем аудармасында әлі терең
зерттеуді қажет ететін дүние. Сонымен қатар аударма стилінің дамуын
қарастыру да бүгінгі қазақ стилистикасының зерттеуді қажет ететін
мәселелері қатарын құрайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Балалар лирикасы, поэзиясының көркемдік даму барысы, бастаулары, оның
даму деңгейі нысанаға алынады;
- орыс тілінен қазақша сөзбе-сөз аудару тәсілінің ұстанымдары, өзіндік
ерекшеліктері сараланды;
- көркем шығармаларды аударудағы стильдік, бейнелілік тәсілдер
айқындалды.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысанасына қазақ және орыс
ақын-жазушылары шығармаларының төл нұсқасы мен аудармалары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Еңбекте отандық
және шетелдік ғалымдардың балалар әдебиетінің тарихы мен теориясына
байланысты еңбектері, балалар поэзиясының поэтикасына, жанрлық
ерекшеліктеріне арналған зерттеулер негіз болды. Атап айтқанда,
А.Байтұрсынов, М.Әуезов, З.Ахметов, З.Қабдолов, Ш.Ахметов, С.Қирабаев,
Р.Нұрғали, С.Қасқабасов, Қ.Ергөбеков, Б.Ыбырайым, А.Ақтанова, Г.Қажыбаева
және т.б. отандық көрнекті зерттеушілердің еңбектеріндегі ғылыми-теориялық
қағидалар, сондай-ақ, бала психологиясы (Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев,
Л.Першина), педагогика (М.Жұмабаев) салаларына арналған зерттеулер
басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында негізінен салыстырмалы,
талдау, жүйелеу, жинақтау, тұжырым жасау әдістері және стилистикалық талдау
қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық құндылығы. Жұмыстың
нәтижелері мен тұжырымдары қазақ, орыс халықтары әдебиеттерінің ортақ
тарихын негізге ала жазылып жатқан зерттеулерге септігін тигізеді. Зерттеу
жұмысының материалдары орта және орта арнаулы білім беретін мектептердегі,
орта оқу орындарындағы әдебиеттану бағдарындағы арнаулы пән үшін көмекші
құрал бола алады. Сонымен бірге, орыс пен қазақ халықтары арасындағы
мәдени, көршілестік қарым-қатынастарды нығайту жолындағы іс-шаралар үшін де
тәлім-тәрбиелік пайдасы бар.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Жұмыс Ш.Уәлиханов
атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы
кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспе мен қорытындыдан, екі үлкен тараудан тұрады.
Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1. БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРКЕМ АУДАРМА МӘСЕЛЕСІ
Балалар лирикасының 1970-90 жылдардан бергі даму үрдісін, басты
тенденцияларын, көркемдік шеберлігін, аударма мәселесі, ғылыми нысанаға
алынып зерделенуі кезек күттірмейтін жағдайлардың бірі.
1970-1990 жылдардағы балалар поэзиясының стильдік даму сипатын анықтау
үшін өткенге көз жүгірткен дұрыс. Ақын-жазушыларымыздың аударма жасау
барысында ұлттық таным мен түсінікке лайықтап, этностың танымына сай сөз
қолданыстарын пайдаланғандығын зерттеу барысында аңғаруға болады.
Фразеологизмдерді ақындар өлең тіліне образды, бейнелі рең беру үшін,
эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыру мақсатында, яғни белгілі бір
стильдік мақсатта қолданады.
Қазақ балалар поэзиясындағы аудару мәселесін қарастырғанда, ең алдымен
көркем шығарманың түпнұсқасы тілін аудару қиындық туғызатынын айта кету
жөн. Әсіресе, қазіргі кездегі ақындардың өлеңдерін аударған кезде
аудармашылар келесідей қиындықтарға тап болады: поэзиялық шығарманың мәнін
қалай сақтау, олардың мазмұнын қалай дұрыс жеткізу, түпнұсқаның өлең
құрылысын қалай сақтап қалу және т.б.
Көркем аударма - ұлтпен бірге жасай беретін өнер. Аударма әдебиеттің
өскендігінің белгісі. Рухани байлығымыздың дәнекері. Кез-келген көркем
шығарманың тілімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен негізделген
ұлттық ерекшелігі болады. Аудармашы басқа тілде түпнұсқаның ұлттық нәрін
беруге тырысады. Сонымен қатар түпнұсқаның әр сөзіне мән беруі керек. Сонда
ғана аудармашының жұмысы бағалы да, жемісті болады. Егер ол сөздің
мағынасына тереңірек үңілетін болса, онда ол сөздің мағынасын, оған қосымша
шығарманың мазмұнын, ұлттық сипатын, әлеуметтік қырын түпнұсқаның бүкіл
сөзін аудармай-ақ толық бере алады. Аударманың шебері С.Талжановтың сөзімен
айтқанда: "Аударма - қазіргі кездегі көлденең адамның кәсіпшілік ететін
ермегі емес, мемлекет ісінің бірі, ұлттық мәдениетті жасаудың құралы"
[20,106]. Жақсы аудармахалқымыздың дүниетанымын, ой санасын кеңейтеді.
Мұндай аударма арқылы халқымыз басқа елдерге де танылады. Сондықтан да
аударма көркем шығарма сатысына жетуі тиіс.
Аударма тарихының тамыры тереңде жатыр. Ол ой қорытындысының, сөз
өнерінің қажетті қадір-қасиетін жинақтаған қазына. Дүние жүзінің атақты
ғалымдары, ақын-жазушылары, данышпан-даналары аударма өнеріне ерекше көңіл
бөлді. Олар бір халықтың екінші халықпен қарым-қатынас жасауы, мәдениеті
мен дәстүрі, әдет-ғұрпымен танысуы, сондай-ақ өз елдерінің ой-санасын,
дүниетану өрісін өркендетудің бірден бір тірегі аударма екенін сол кезде-ақ
ұққан болатын. Аудармашылық - нағыз шығармашылық өнер. Ол әркімнің қолынан
келе беретін іс емес. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар, әр ақын,
әрі жазушы, әрі ғалым болуы тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне,
жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты болады.
Аударма өнері - сөз, тіл өнері. Бір тілден бір тілге жұмыстары, оның
ішінде әдеби аударма әрбір тілдің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін,
бейнелеу қабілетін арттырыады, сөздік қорын байытады. Аудару үстінде жеке
сөздерге балама іздеу арқылы кез-келген тілдің әдеби көркем қазынасы
толығып, тіл қазынасының қалтарыстарындағы небір байырғы сөздер, ұмытылып
бара жатқан атаулар әдеби тілдің жаңа элементтеріне айналады.
Аударманың қазақ әдеби тілінің дамуындағы мәні де айрықша зор. Өйткені
аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың
өкілдері сусындай алады. Қазір жер жүзі әдебиетінің көптеген тамаша
туындылары қазақ жазушыларының туындылары, керісінше әлем әдебиетінің
жауһарлары төл тілімізге аударылып келеді. Аударма арқылы әдеби байланыстар
нығайып, байи түседі. Аударма біздің әдебиетіміздің ең күрделі және мол
жанрлы саласына айналып отыр, сонымен қатар аударманың стильдік дамуы қазақ
стилистикасының ілгерлеу жолдарын байқатады.
Аударма қазақ әдебиетінің өзіндік жеке құбылысы деп қаралды. Аудармаға
қойылған шарттың ең бастысы деп қазақ әдебиетінің нормасы мен канондарына
сай келуін, оның жеңіл және оңай оқылуын айтуға болады.
Қазір көркем аударманың белгілі дәрежеде қалыптасқан дәстүрі, тамаша
үлгілері бар. Нағыз көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, стильдік
ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның идеялық-көркемдік қасиеттерін
толық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы принциптерді
ұстанғанда ғана аударма мәдениеті де барған сайын өсіп, шеберлігі арта
түспек.
Туындыны түгелдей сөзбе-сөз тәржімалау мүмкін бола бермейді, поэзиялық
шығарманың аудармасында кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Өйткені бір
тілдегі қалыптасқан сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер көшіріп, сол
түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізуге келе бермейді. Басқа тілде айтылған
ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау,
бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл келтіру әлдеқайда қиын. Ал
онсыз көркемдік ой-сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды. Түгелдей
алғанда, сөздердің мағынасын, көркемдік қуат, бейнелілік әсерін неғұрлым
толық жеткізу мақсат етіледі. Көркем аударманың қасиетін арттырып,
түпнұсқаның мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін,
көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын, қайта туғызатын-
суреткерлік шеберлік.
Ал аударма саласындағы көптеген міндеттер нақтылы түрде, түп нұсқаның
түрлі қасиеттерін толық беру үшін аудармашы қолданған құрал-тәсілдерді
зерттеумен анықталады, ол қасиеттерге: интонация, ырғақ, образдылық
(синонимдердің, идиомдардың, мақал-мәтелдердің түрліше астарларымен бірге)
секілді элементтер жатады және бұған ұлттық форманың әрқилы өзгешеліктері,
тарихи сипаттары да келіп қосылады.
Кез келген баланың жаттауына оңай, ұғымына жеңіл тиетін ойнақы өлең
түрін ана, әже, бала, тақырыптары арқылы дамытқан ақын - Мағжан Жұмабаев.
Ауыз әдебиетінің әдеби-эстетикалық байлығынан кеңінен пайдалану романтик
ақынның балаларға арналған туындыларында табиғи, айшықты көрініске ие
болған. Бесік жыры, Бөбектің тілегі, Жұбату, Ана мен бала тағы да
басқа бүлдіршіндер үшін жазылған өлеңдерінде ауыз әдебиетінің бейнелеу
құралдары молынан кездеседі [21,42]. М.Жұмабаевтың тек 1990-жылдары
жарияланған Әже, Немере мен әжесі өлеңдері әже мен немере арасындағы
диалогке құрылғанымен, отбасы суретін сол кезең жағдайымен байланыстыра
беруімен ерекшеленеді. Үйде ұршық айналдырып, жүн түткен, арасында ертегі
айтқан әже мен ертек тыңдап, ақырында сілекейі ағып шаршап ұйықтап қалған
немеренің тірлігін, немересінің көп сұрағына жауап бере алмай қиналған
әженің ақыр соңында: Тек! - деп ем ғой, - тентек, тентек, мұны айтатын
мектеп, мектеп! - деп құтылып кетуі кезең суреттері фонында берілуімен
өзгеше.
Розовые пальчики устами
Мать ласкает, с мальшом играя...
Все мечты землею, прахом стали.
Проклиная руки-так устали.
Сын, из рук кайла не выпуская, От тяжелых, мрачных дум сгорает. Розовые
пальчики устами
Мать ласкает, мальшом играя. (Мать и сын.
Ақынның балаларға арналған өлеңдері Балаларға тарту (1927) жинағында
топтастырылған. Мысалы, Аққала өлеңінде ақ қардан аққала соққан
балалардың көңіл ауанын автор шебер жеткізген. Шеберлік кілті - бала қам-
қарекетінің дәл бейнеленуінде. Өлеңде іске деген құлшыныс (топырлап,
шулап, соқтыға, тоғытқан бейне тоқтыдай, жапырласты шөпірлеп), аққала
соғуға деген талас(Мен оям! - деп біреуі, Мен оям! - деп біреуі
терезеге таласты), істің нәтижелі аяқталуы(Күліп жүріп көп бала, салып
қойды аққала) бар.
Фольклорлық дәстүрде жазылған Ана, Сылдырмақ, Сал-сал білек, сал
білек, Бөбектің тілегі, Сұр құлын өлеңдерінде айшықты тіл, уату-
алдарқату, мәпелеу жырлары балалар тақпағын еске салады. Ана өлеңінде
сырқат бөбегінің басында жанын қоярға жер таппаған ана қасіреті беріледі.
Ақын бұл өлеңде ананың балаға деген махаббатының өлшеусіздігін көрсеткен.
Сылдырмақ - бала мінезіне құрылған өлең. Бөбек пен ағасы Әлімжан мінезі
табиғи қалпында сипатталады:
Бөбектің егер қолынан Түсе қалса сылдырмақ, Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты сыйдырмақ, Ең болмаса байқаусыз Басып кетіп сындырмақ. Сал,
сал білек, сал білек өлеңінде баланың мектепке барып, білім алуын, адам
болуын аңсаған тілек айтылады. Халық өлеңінде: Ал білек, ал білек, атаң
тілін ал білек, мал ішіне бар білек десе, М.Жұмабаев: Сал, білек, сал
білек, балдан тәтті бал білек, мектепке бар бір мезгіл, әжеңнің тілін ал
білек дейді. Салыстыра салмақтасақ шығарманың орысша аудармасы түпнұсқадан
алшақ кетпеген:
Ребенок этот с личика Свежей, чем земляничка.
Два лопоухих ушка, В ручонках-погемушка. И голос у ребенка, Как
погремушка, звонкий. То смех, то крик, замрет на миг, И снова резв, и прыг
да прыг!
Ақынның Сұр құлын өлеңінде жаз бойы сүліктей сұр құлынын сылап-
сипаған Әлжанның қыс түсіп, арада біраз уақыт өткен соң құлыншағын көруге
келгендегі мінезі сипатталады:
Сұр құлын жоқ, алдында -
Жалбыраған жабағы. Томпиды аузы Әлжанның Салбырады қабағы. Сұр құлын
- бала қылығына құрылған өлеңнің тамаша бір үлгісі болып табылады. Осы
шығарманың орысша аудармасы мынандай:
Выбежал Альжан и ждет Жеребенка масти нежной. А пришел совсем не тот,
Жеребенок, да не прежний.
Бажайлап қарасақ, еркін аударма үлгісінде жасалынған орысша нұсқасы
біршама дұрыс шыққан. Аудармашы автордың ойын жеткізу мақсатында аударманың
бұл түрін таңдауы оң нәтиже берген.
Аудармашылар алдында ұлттық реңкті білдірумен байланысты болған
қиындықтар мәтіндегі жекелеген нақты детальдарды аударудан емес, оның
барлық компоненттерін аударудан туындайды: формасы мен мазмұны.
Айта кететін бір жайт, көркем аудармада туындының терең мазмұнына, оның
формасына көбірек көңіл бөлу қажет. Көптеген отандық және шетел ғалымдары
түпнұсқаның ұлттық реңкін сақтау мәселесін көп қарастырып жүр.
1970-1990 жж. қазіргі қазақ балалар поэзиясының көркем аудармасы
мәселесі базалық категориялардың: принциптердің, қызметтердің,
ерекшеліктердің, аударманың негізгі критерийлерінің мазмұны мен мәнін
анықтаумен байланысты поэзиялық аударма туралы теориялық ережені терең және
мұқият қараусыз мүмкін емес. М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырза-Әли,
Ф.Оңғарсынова, М.Жаманбалиновтың және т.б. балаларға арналған поэзиялық
шығармаларын орыс тіліне аудару мәселесін қарастыру үшін әлемдік және
отандық авторлардың көркем аударма негіздерінің теориясы алынды.
2. Поэзиялық аударманың басты ерекшілігі - өлең аудармасын жасаған
кезде ұйқас жүйесін дұрыс құру.
3. "Реалистік әдіс", "ұйқас", "ырғақ", "метр", "өлшем", "интонация"
және т.б. түсініктерді зерттеу барысында түпнұсқаның ерекшелігін дәл беруді
көркем аударманың тек реалистік әдісі ғана қамтамасыз етеді деген
қорытындыға келдік.
4.Орыс аудармашы-профессионалдары В.Суслов, В.Краснер, Р.Фархади,
Ю.Кушаков, Т.Ровицкой, И.Мазнин, Т.Фроловской және т.б. аударған қазақ
балалар поэзиясының әрқырлы жанрларының аудармалары: баллада, лирикалық
өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар және т.б. жоғары сапалы болып табылады: онда
өлеңнің идеялық-көркемдік жағы дәл беріледі. Аудармалар терең ойлы және
сезімге толы, сол арқылы қазақ балалар поэзиясы терең, толық, бай мазмұнға
ие болады.
Шығармашылық ізденістің нәтижесінде, бала психологиясын түсіну
мақсатында қазақ балалар поэзиясының авторлары ортаның түрлі өзгерулеріне,
ересектер мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі, өсіп
келе жатқан ұрпақтың отбасы мен мектептегі қалыптасуын жаңадан бейнелейді,
мектеп ұжымының күрделі әсер етуін, балалардың адамгершілік қасиеттерін
көрсетеді.
5. Түпнұсқа мен аудармаларды салыстырма-талдамалы түрде қарастыру
С.Рыбаков, В.Макарова, Р.Тамарина, В.Киктенко сияқты орыс аудармашыларының
жіберген қателерін жүйелеуге және сапалы аудармалардың шығуына әкелді. Орыс
аудармашылары көпсөзділікке тап болып, кейбір жағдайда сәтсіз және сапасыз
аудармалар жасайды, аударылып жатқан шығарманың ішкі мазмұнына көңіл
бөлмейді. Бұл әрине балалардың осындай шығармаларды қиын меңгеруіне әкеп
соқтырады. Бұл мәселерді шешу үшін аудармашы аударма теориясын меңгеріп
алуы қажет: қазақ тілін, халықтың тарихын, салт-дәстүрін жақсы білуі шарт.
Қазақ балалар поэзиясын орыс тіліне білікті аудару оқырманды ірі сөз
шеберлері М.Әлімбаев, А.Дүйсенбиев, Қ.Мырза-Әли, М.Жаманбалинов,
Ф.Оңғарсынова және т.б. шығармаларына жақындатады.
6. Аудармашы шетел адамдарының біздің мемлекетімізге, халқымызға,
рухани мәдениетімізге, адамгершілік және эстетикалық мұратымызға қатынасын
анықтауды қажет ететіндей етіп жоғары сапалы аудармалар жасау үшін
поэзиялық аударманың ерекшеліктерін білуі және мазмұн, мағына, идея, көркем
образды дәл беруі; түпнұсқаның интонациясы, ырғағы, ұйқасы, композиция мен
құрылысына біраз жақын болуы; ұлттық реңкті дұрыс беруі қажет.
Балаларға арналған поэзияның басты бөлігі оқушылардың өмірін көрсететін
шығармалар болып табылады. Авторлар балалардың жасы, қызығушылықтарын
ескере отырып, ойынмен, оқумен және жақын адамдармен байланысты
тақырыптарды ашуға тырысады. Балаларға арналған шығармалардың жалпы идеясы
ересектер мен балалардың қарам-қатынасында құрылады.
Кейіпкерлердің образдары қазақ балалар поэзиясында бір-біріне
ұқсамайтын жеке қасиеттердің пайда болуына әкеледі. Олар өмірде өз орнын
табуға тырысады. Кім боламын? Қандай боламын? Не істеу керек? Балалар
өмірдің негізі - еңбек және еңбекті сүю адамның негізгі және басты қасиеті
екенін түсінеді.
Қазақ балалар поэзиясы құқық мәселелерін, яғни ойнауға, демалуға, өмір
сүруге, еңбек етуге құқылы болу сияқты мәселелерді де көтереді.
Фантастикалық шығармалардың пайда болуы балалар поэзиясының новаторлық
сипатын білдіреді. Қазақ балалар поэзиясының ерекшелігі ретінде онда ғылыми-
техникалық революция кезінде жаңа түсініктердің, күрделі психологиялық
жағдайлардың, жаңа кейіпкерлердің пайда болуы болып табылады. Олар бұрын
жасалған балалар образының галереясын жалғастырады. Бала тұлғасының рухани
дамуына зор ықпалын тигізетін 1970-1990 жж. қазақ балалар поэзиясының орыс
аудармаларындағы орны ерекше.
Жас өспірімдерге арнап көптеген шығармалар жазған Ө.Тұрманжановтың
жинағына енген Пеш үстінде күн жатыр, Ақ ешкіні баптап бақ деген
өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор болумен қатар, көркемдік-эстетикалық маңызы
да біршама жоғары. Мысалы:
Далада - қыс, үйде - жаз, Пеш үстінде күн жатыр, Отпен ойнап бала мәз,
Тыста тентек қыс батыр. Тісін қайрап, тістеніп, Долданады ысқырып, Кетпесін
деп ішке еніп Ақ найзалы үскірік. Ана есігін қымтайды, Тиегін тартып
бекітіп. Шоғын шағып ұнтайды, Сексеуілдің екі түп... Кіргіз үйге, кіргіз!
- деп, Кимелейді қыс батыр. Тыста әмірің жүргіз! - деп, Пеш үстінде күн
жатыр.
(Пеш үстінде күн жатыр) Шығармаға арқау болған балаларды еңбекке
баулу мәселесі аудармада да мағынасы бұзылмай дұрыс жеткізілген:
На дворе злой Мороз Ждет, кого бсхватить за нос,
Где бы щелочку найти, Чтобы в комнату войти. Дом - такое местечко, Где
не в небе, а в печке Солнце жаркое горит. Оттого Мороз сердит
И зубами скрипит: Напустил бы холоду, Да двери на щеколдах...
А Солнце Морозу Вдруг из печки грозно: - В декабре и январе Ты,
владыка, во дворе. Ну, а я хозяин здесь, Так что лучше не лезь. Уходи
подобру. Я согрею дервору. Пусть они играют И тебя не знают. ( Солнце в
печке) Енді ақынның Ақ ешкіні баптап бақ өлеңін орысшасымен салыстырып
көрелік:
Жеймін десең ақ қаймақ, Кием десең ақ қолғап, Ақ ешкіні баптап бақ!
(Ақ ешкіні баптап бақ) Бұл өлеңдерді орысша тәржімалаған А.Коренев еркін
аударма түрін қолданып, барынша шығарманың мазмұнын сақтауға тырысқан.
Сметана белая вкусна, От белой козочки она. Раз любишь ты сметану пить,
Ты должен козочку любить. Здесь дело главное твоё: Беречь её, кормить её.
(Белая козочка) Осы іспетті шығармалардың әуелде орыс балалар поэзиясының
көрнекті өкілдері - С.Маршак, К.Чуковский, А.Барто, С.Михалковтарда да
кездесетін-ді. Мұндай шығармашылық шеберлік пен әдіс-тәсіл әсерінің
көрінісін осы тұста байқаймыз. Мәселен, Корней Чуковскийдің Майский
праздник (Май мейрамы) деген өлеңінде былайша көрініс тапқан:
На деревьях к маю распустились почки.
Мама красный бантик завязала дочке. По Москве весенней улицей зеленой
Все несут на площадь красные знамена. Ребятишки в школу не пошли учиться И
поют сегодня, как весною птицы.
Бажайлап қарасақ, орыс пен қазақ ақындарының шығармаларында тақырыптық
жағынан өзгешелік болғанмен, мазмұндық жағынан ұқсастық бары рас. Қазақ
ақыны жасөспірімнің киімін шиемен байланыстырса, орыс ақыны қызыл бантик
пен қызыл жалауды шендестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналып жазылатын шығармалардың, соның
ішінде өлең кітаптарының өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім. Басты
ерекшелік - кітапшадағы өлеңдердің суреттермен берілуі. Бұл балдырғандар
психологиясы, олардың затты, дүниені суретпен тануға табиғи ұмтылу
ерекшеліктерін ескеруден туатын қажеттілік болып табылады. Осы
айтылғандарды ескергенде Төрт түрдің ұтқан жақтары елеулі. Бұл кітапшада
ішкі мазмұн-оқиғадан өрбіген жиырмаға тарта суреттер бар. Осының өзі
балалардың өлеңді қабылдауын жеңілдетеді. Аталған жылдары, әсіресе, ғасыр
соңында қазақ кеңес балалар поэзиясы жаңа даму жолына түсті.
Жалпы балалар әдебиетінің бұл кезеңде қамтыған ең күрделі де маңызды
тақырыптары бала тәрбиесіндегі отбасы мен білім ордасы болған мектеп ролін
көрсету, айқындау болды. Өскелең жастың патриоттық, моральдық рухын
көтеріп, оларды еңбек тәрбиесіне баулу сынды жауапты да маңызды мақсат
нысанаға алынды. Сонымен қатар бала тәрбиесінің негізгі ордасы болған
мектеп өмірін шынайы қоғамдық жағдайлармен байланыста қарастыру көзделді.
Осындай талаптарға орай соғыстан кейінгі жылдары жазылған шығармалар мен
туындыларда мектеп өмірін суреттеу басым болды. Бұл ретте орыс пен қазақ
және басқа да одақтас республикалардың қалам иелері шығармашылық негізде
үндестік тауып жатты. Орталықта, яғни Мәскеуде ашылып жатқан баспаханалар
мен онда жарық көріп жақтан сериялық басылымдар және жасөспірімдерге
арналған кітаптар күрт өсті. Детская литература баспасынан мыңдаған
данамен балаларға арналған кітаптар жарық көріп жатты. Ол басылымдарда біз
жоғарыда сөз қылған мәселелер қозғалып, кеңестік идеология ықпалы айқын
байқалды. Мәселен, С.Маршактың мына өлеңі (Пионерам -вожатым октябрят)
мектеп оқушыларын кеңестік заман рухында тәрбиелеуге орай жазылғаны
сезіледі:
...Я бы тоже стал вожатым
Октябрят.
Это дело интересней Всяких дел. На досуге я бы песни С ними пел...
...Не боюсь, что трудно сбросить Столько лет.
Смыть с волос густую проседь Средства нет.
Я пишу стихи ребятам, Но навряд
Суждено мне стать вожатым Октябрят!
Мәселен, ақын С.Михалков Кеңестер Одағының батыры В.Чкаловтың халыққа
беріле істеген жан қиярлық ісін, яғни батырлығын үлгі етіп ұсынады:
...Чтобы стать героем, Нужно быть отважным, Честным в деле каждом,
Скромным в слове каждом,
Как Валерий Чкалов -Честным, скромным, смелым, Преданным народу Мыслями
и делом.
Что такое орден? Орден - это слава, На любовь народа Дорогое право.
Автор өз ойын балаларға ойнақы әрі жатап, жадында сақтау оңай, жеңіл
тілмен жеткізеді. Қазақ балалар ақындары да өздерінің үзеңгіліс орыс
достарына қарап, көшін түзеп, дұрыс жүруге тырысты.
Сыншы- ғалым С.Қирабаев соңғы жылдары жарияланған кітаптардың идеялық-
көркемдік сапасының әр түрлі деңгейде болғандығын да ескеріп өтеді.
Сыншының: Балаларға араналған шығармалардың басты геройы бала болуы
міндетті емес, тіпті бір де бала қатыстырмай балаларға арнап шығарма жазуға
болады [22,100]
, - деген пікірі Русская литература для детей атты оқулықтағы:
Литература для детей нигде и никогда не была плодом усилий только детских
писателей. Ж.Ж.Руссо когда-то обьявил, что Робинзон Крузо - лучшая
детская книга, хотя она не была написана именно для детей. Юные читатели
приняли книгу, потому что она отвечала их потребностям открывать мир, самих
себя, испытывать свои возможности, воображая, переживая иллюзию участия в
необычайной ситуации [23,4], - деп келетін Лермонтовтың тұжырыммен үндесіп
жатыр.
Меніңше, балаларға арналған өлеңдердің тілінің жатық, идеясының анық
берілуі өз алдына (бұл бүкіл поэзияға керек қасиет қой), онда гипербола,
дыбыс үнділігі, сөзді ойната білу, қызықты ұйқастарды қайталау керек пе
деймін [24,18, 103], - дегенде, ғалым З.Серікқалив Маяковскийдің балаларға
арналған өлеңдерін, С.Маршак, А.Барто, С.Михалков, К.Чуковский туындыларын
үлгі тұтады. Мысалы, С.Маршактың Книжка про книжки өлеңін қарастырып
көрелік:
У Скворцова Гришки Жили-были Книжки -
...Горько Плакали.
Дрался Гришка с Машкой Замахнулся книжкой Дал разок по голове Вместо
книжки стало две.
...Он давно уже не Гришка, А известный инженер. У него растет сынишка,
Очень умный пионер.
Побывал у них я дома, Видел полку над столом. Пятьдесят четыре тома Там
стояли за стеклом.
В переплетах - в куртках новых,
Дружно выстроившись в ряд,
Блещут книги двух Скворцовых,
Точно вышли на парад. Автор шығармаға қызықты да ойнақы сюжет желісін
арқау етіп, аздаған юмормен бала қылығын баяндайды. Өлеңдегі түйінді ойдан
жас жеткіншектер үлкен тағлым-тәрбие алары сөзсіз.
Дәуір алға тартқан маңызы зор әлеуметтік-тарихи талаптар мен міндеттер
қазақ пен орыс ақын-жазушыларын өзара ықпал-әсер етуге, тығыз байланыс
жасауға итермеледі.
Сайып келгенде, орыс ақыны мен сыншы-ғалымдарымыздың балалар
қаламгерлерінен нақтылық пен қатар шынайы көркемдікті де талап ететіні
бесенеден белгілі. Мәселен, мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп
жасындағы балаларға арналған әдебиетке қойылатын талаптар туралы С.Қирабаев
былай деп жазады: Балаларға арналған кітаптың ерекшелігі - оның мейлінше
қарапайым, нақтылы, әдеби образға бөлеп жазылуымен байланысты. Бөбектердің
кітабы оқушыны әрі көңілдендіретін, қуанышқа бөлейтін, жеңіл оқылатын, оның
үстіне баланың санасын оятарлықтай ойға құрылуы керек. Көркем әдебиеттің
басқа саласы сияқты ол да қайнаған өмірден алынып, образды түрде жазылуға
тиіс. Әрине, бұл жерде жазушының көркемдік суреттеушілік құралы
үлкендердікінен өзгешерек болады [22,104].
1970-90 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің жай-күйі сол жылдары жарық
көрген ғылыми еңбектерден де көрініс тапты. 1960 жылы Ш.Ахметовтің Балалар
әдебиетінің очеркі, 1963 жылы Қазақ совет балалар әдебиеті еңбектері
жарыққа шықты. Осы еңбекке қатысты С.Мұқанов былай деп жазады: Өткен
жылдармен, әсіресе, революциядан бұрынғы жылдармен салыстырғанда советтік
дәуірде балалар әдебиеті қазақ тілінде де орасан өсуі, жылдан жыл биіктеп,
салмақтанып, көркемденіп келе жатуы мәлім. Бұл жөнінде әр кезде жазылған
мақалалар аз емес. Шеген Ахметовтің оқушыларға ұсынып отырған мына кітабы -
сол мақалалардың биік өркеші сияқты еңбек [25,3]. Әр кезде жазылған сол
мақалалардың қатарында С.Қирабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, А.Нұрқатовтың,
С.Ордалиевтің, З.Серікқалиевтің мақалалары бары анық. Бұлардан өзге
авторлардың да, атап айтқанда, С.Сейітовтің, Ә.Дербісалиннің,
Б.Сахариевтің, Н.Ғабдулиннің қазақ балалар әдебиеті мәселелеріне арналған
мақалаларын Ш.Ахметов кітап кіріспесінде атап көрсетеді: Бұлардан басқа да
балалар әдебиеті жайында жазылған ірілі-уақты жиырма шақты мақалалар
кездесті. Осы аталған игі еңбектердің бәрінде де қазақ совет балалар
әдебиеті жайында айтылған өрелі ойлар мен құнды пікірлер бар. Оны жақсарту,
көркемдігін арттыру мәселесі жайында да елеулі ұсыныстар жасалған [26,8],
- деген. Ш.Ахметов осы отандық және орыс сыншы, ғалымдарының өрелі ойлары
мен пікірлерін басшылыққа ала отырып, тың тұжырымдар жасаған. Мәселен,
ғалым балалар әдебиетінің алты түрлі ерекшелігін атайды. Олар - оқиға мен
көркем образдың нақтылығы, лиризмнің болуы, суреттеудің динамикалылығы,
пейзаждық суреттің қажеттілігі, шығарма мазмұнының белсенділікке шақыруы
және шығарма тілінің ойнақылығы, жеңілдігі мен бейнелілігі. Балалар
әдебиетінің бұлардан өзге де өзгешеліктері жоқ емес. Жалпы, балалар
әдебиетінің ерекшелігі жайындағы мәселе 20 жылдары да, одан кейін де талай
рет талас өзегіне айналды. Көбінесе бір-біріне кереғар пікірлер легі
толастамады. Ақын-жазушы, сыншы және педагогтардың кейбірі балалар
әдебиетінің басты ерекшелігі - оның тематикасында, екіншілері - оның
ұғынықтылығында, үшіншілері - оның балаларға лайықталған ерекше тілінде деп
түсіндірді. Бірқатары балалар әдебиетінің ерекшелігі бала оқырманның жас
ерекшелігін есепке алуда деді.
Тікелей балалар үшін арнап жазған қаламгерлер 1980 жылдардан былайғы
кезеңде пайда бола бастады. Мәселен, Қабдыкәрім Ыдырысовтың Өмір гүлдері
[27,51] атты жинағы, Ә.Дүйсенбиевтің Парадта жинағы осы жылдары жарық
көрді. [28,52] Қ.Ыдырысовтың жинағына аудармаларынан басқа отызға жуық
өлеңдері енген.Ақынның бірсыпыра өлеңдері баланың ұғымына сай, тілі жеңіл,
оқиғасы қызықты, тартымды болып шыққан. Мысалы Бурыл тай өлеңінде асау
тайдың үстінде қорқынышын қуанышы жеңіп мәз-мейрам болған балдырғанды
көреміз. Ал Көшеде атты өлеңінде елеусіз бір құбылысты суреттеу арқылы
ұтымды қорытынды жасап, оқырманын баурап алады. Өлеңде ойнап жүрген екі
бала допқа таласып, төбелесе кетеді. Екеуінің де аузы-мұрны қанайды.
Достары ажыратып жібергеннен кейін біріне-бірі қарауға ұялып үнсіз тұрады.
Албырт та аңғырт ақ көңілді балалардың абайсызда жасаған ағат қылығын
осылайша суреттей келіп:
Доссың, жолдас, замандассың,
Ең қымбатты - достық жастың.
Балдай тәтті дос боп жүріп,
Қалай келер жанжалдасқың , -деп, ақылға сыйымды, көңілге қонымды түйін
жасайды.
Кейбір жырларында автор саяси мәнді күрделі тақырыпты да қарапайым
тілмен жас балалардың түсінігіне, ой-санасына лайық сөздермен баяндайды:
Жарқырады жанымызға
Күндей жылы достық ізгі.
Ұйып нұры қанымызға
Адал достық қосты бізді.
Келіңдер, құстар өлеңінде баланың еңбекке қатынасын олардың
түсінігіне, қызығуына лайық тәсілмен суреттей отырып, көктемгі көңілді
шақты, жан-жануарға деген сәбидің қамқорлығын көрсетеді
Сонымен, біріншіден, 20 ғасырдың екінші жартысында қазақ балалар
поэзиясындағы Абай, Ыбырай бастаған,Ахмет,Мағжан,т.б. жалғастырған аударма
дәстүрі қалыптасып,дамыды.Екіншіден, орыс әдебиетімен идеялық сабақтастық,
тақырыптық үндестік тапты. Үшіншіден,қазақ және орыс балалар ақындарының
бейнелеу құралдары мен көркемдік әдіс-тәсілдерін қолданудағы ұқсастығы мен
өзгешелігі шығармашылық шеберлік тұрғысынан байқалды.
Балалар поэзиясын аудару басқа да көркем шығармаларды жазу сынды өте
күрделі жұмыс. Қазақ аудармашыларының міндеті -балалар поэзиясын орыс
тіліне аудурудың әлеуметтік-тарихи, ұлттық-этникалық, қоғамдық-саяси, әдеби-
лингвистикалық заңнамалықтарын сақтау. Және поэзиялық аударма туралы
теориялық ережелер аса маңызды да өзекті болып табылады.
Түйіндей айтқанда, аталған жылдары қазақ балалар әдебиеті тақырыптық
тұрғыда да, идеалық әрі көркемдік негізде де біршама өсіп, өркендеді. Бұған
себеп болған факторлар деп мыналарды атар едік. Біріншіден, қазақ балалар
әдебиетінің негізін қалаған Ыбырай, Абайлардың ақындық әрі аудармашылық
дәстүрлері игілікті түрде жалғастық тапты. Екіншіден, әдеби байланыс
тұрғысындағы орыс және тағы басқа көршілес әрі одақтас елдер әдебиетінің
белгілі дәрежедегі ықпал-әсерлерінің төл сөз өнеріміздің бұл саласының
дамуына орасан зор пайдасы тиді. Үшіншіден, осы жылдары қазақ балалар
әдебиетінің қоры әлемдік әдебиет пен орыс классик әдебиетінен аударылған
туындылар негізінде молайды.
Қорытындылай отырып, қазақ әдебиетінің көрнекті зерттеушісі Серік
Қирабаевтың сөзін келтіруді жөн көріп отырмыз: Саяси-қоғамдық дамудың ең
бір күрделі жылдарында өмір сүрген Азаматтарымыздың бүкіл шығармашылық
еңбегін қазақ халқын азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыстыра
білген қымбат. Олар ескішілдікке қарсы күресті, қараңғыда қамсыз ұйықтап
жатқан халқын ояту үшін бірі маса болып ызыңдап, бірі Оян, қазақ! деп
жар салды. Өлең тілімен, өнер тілімен халқына үгіт айтып, оларды білім-
ғылым, ағарту жолына үндеді. ... Әлем әдебиетінен аударма жасап, оларды
өздерінің ағартушылық идеясына, азаттық жолындағы күресіне пайдаланды
[29,5].
Екінші тарау
БАЛАЛАР ЛИРИКАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМ АУДАРМАНЫҢ СТИЛЬДІК СИПАТЫ
Қазақ балалар поэзиясын аудару мәселесін қарастырғанда, ең алдымен

формасына көбірек көңіл бөлу қажет.
Қ.Мырза-Әли өз өлеңдерінде көрсеткен халық психологиясы, қазақтардың
философиялық ойлауын И.Фоняков өзінің орыс аудармаларында бейнелеуге
тырысады. Мысал ретінде Қ.Мырза-Әлидің "Аударыспақ" өлеңін алуға болады.
Өлеңде автор ұлттық ойынның барысы мен екі жігіттің ешбір қарусыз жекпе-
жекке шығатынын суреттейді. Ереже бойынша кім бірінші қарсыласын аттан
түсірсе, сол жеңеді.
Қазақ мәтінінде қос сөздер кездеседі: "тілеу-тілектер" -аудармада
"суждения и советы", "туыс-жақындар" - "болельщики"; эпитеттер: "болат
білектер" - "стальные руки", "құрыш тақымдар" -"колени как тески". Бұл
бейнелеуіш сөздер қазақ тіліне тән ерекшелікті көрсетеді. Өлеңнің орыс
нұсқасына аудармашы түпнұсқадағы ұлттық реңкті беретін "қазақ", "жігіт",
"дастархан", "көкпар", "қыз қуу", "батыр", "шапан" сөздерін өзгертпей, сол
қалпында қолданады. Аударылатын өлеңнің нәзік табиғатын сезе отырып, өзінен
"чабан", "аргамак", "тұлпар", "очаг" сөздерін қосады. "Күй" сөзін "поет и
веселиться" етістіктерімен, "той - думансыз оты дұрыс жанбайтын" жолын "без
радости очаг домашний свой не разожжет он" деп аударады. Яғни аудармашы
контекстік өзгеріс жасайды. Талдау көрсетіп тұрғандай, И.Фоняков негізінен
өзінің эстетикалық және танымдық функцияларын атқарады, сонымен қатар
аудармашы алдына қойған мақсатына жетеді: қазақ балалар ақынының өлеңдерін
басқа ұлт өкілдеріне жақын және түсінікті болатындай етіп аударады.
Осыған байланысты атақты француз теоретигі Жорж Муненнің сөзін
келтіруге болады: "Аудармашыға тек жақсы лингвист болу аз, ол тек тіл
туралы ғана емес, сондай-ақ сол тілде сөйлейтін халық туралы да білуі
қажет, яғни озат этнограф болуы шарт. Сонда ғана шынайы шебер болады". Бұл
И.Фоняковтың аудармашылық қызметіне қатысты айтылған сөздер.
Қ.Мырза-Әлидің қазақ халқының тұрмысын, тарихын, мәдениетін және өмірін
бейнелейтін ұлттық салт-дәстүрлер туралы шығармаларын ақын-аудармашы
И.Фоняков аударған кезде орыс оқырманы басқа мәдениетті, өзіне таныс емес
әлемді түсіну үшін аудармаларына шыншылдықты көбірек береді. Яғни аудармашы
мен ақын арасында тығыз байланысты көреміз.
А.Кушнер де Қ.Мырза-Әли шығармаларын аударады. Өлеңнің соңында аталмыш
ұлттық ойынның мәнін ашатын сілтеме беріледі. Сонда көркем аударманың
танымдық функциясы сақталады. А.Кушнер аударманың парафразалық типін
қолданады. Алайда аудармада дәстүрлі қазақ ұлттық ойындары өткізілетін
кезеңге сай келмейтін "тың игеру" ("целина") сөзі кездеседі.
Аудармада кейіпкерлер аттары аталмайды, тек жалпылама түрде қыз бен
жігіт деп алынады. Әрине, аудармада Аудармада шығарманың түпнұсқасында
көрсетілген қыз бен жігіт арасындағы әрекет, тіпті махаббат сезімі толық
берілмейді. Аудармашы дәл бере алмайды. Ол түпнұсқаның мазмұнын ашамын деп
өлеңге ұлттық реңк беріп тұрған поэзилық бейнелілікті қолданбайды.
Аудармашы "әнші дала" сөз тіркесін "степняк" деп сәтсіз аударады.
Кейбір жерлерде "әнші" және "енші" сөздері тіпті кездеспейді, аудармайды.
"Енші" сөзін қалдырып, соңында сілтеме беруге болушы еді. Аудармада "әнші
дала" және "енші" сөздерін бермеуі өлеңнің орыс тіліндегі нұсқасының ұлттық
нақышын төмендетіп тұр.
Жоғарыда айтылғандардан аудармада түпнұсқадағы ұлттық реңктің негізгі
элементтері сақталмаған деген түйінге келеміз. Орыс оқырманына түпнұсқаны
жақындату үшін аудармада төмендегілерді көрсету қажет деп ойлаймыз:
-кейіпкерлердің нақты аттарын (Сара мен Сағит); -қазақ халқының тарихы мен
мәдениетімен, салт-дәстүрімен, оның тұрмыс-тіршілігімен байланысты сөздерді
(киіз, енші, әнші дала);
-ұлттық реңктің компонеттерін, ұлттық ерекшелікті көрсететін сөздер мен
сөз тіркестерін ("қара басу", "адуын атынан да көңілі озық", "арқасы
бейшараның киіз бе еді", "ерінін қызыл шоққа күйдірмейді").
Мысал ретінде А.Кушнердің тағы бір аудармасын алуға болады. Ол Қ.Мырза-
Әлидің "Табиғат тазалығы" ("Чистота природы") деген өлеңін аударады.
Түпнұсқада "тазалық" қасиеттің, құдіреттің символы ретінде алынған. Бұл
аса маңызды мәселеге аудармашы көңілін бөлмеген. Сонымен қатар, аудармада
мағыналық сәйкеспеушілік орын алады. Мысалы, түпнұсқаның жолма-жол
аудармасында кездеседі. "Бір ақсақал қой сойып" - "зарезал бородатый
старик"; "Кір шалады қанатын аққулардың" - "лебедой белоснежных испачканы
крылья" деп аударады. Бұл жолдар түпнұсқаның ұлттық реңкін бұрмалайды.
"Аққу" ("лебедь") сөзін "лебеда" деп аударады. "Лебеда" -үйректерге беретін
шөптің атауы. Мүмкін бұл жаңылыс жазудан кеткен қате шығар. Осылай, аударма
мүлдем басқа нақышқа ие. Аудармашы өзінің түпнұсқа тілін нашар білетінін
және жұмысқа енжар қарағанын көрсетті. Оның аудармасы теріс нәтижеге ие
болды. Бұл қателер оны сапасыз аудармаларға әкелді.
Қазақ балалар әдебиеті дамуындағы 1980-1990 жылдар алдыңғы кезеңнің
дәстүрлерін жалғастырды. Отызыншы жылдары БК(б) ІІ Орталық комитеті
мектептер мен пионер ұйымдарын жақсарту және балалар әдебиетін көптеп
бастырып шығару жайлы бірнеше қаулылар қабылдаған еді. Партия балалар
әдебиетінің коммунистік тәрбие берудің қуатты құралына айналып, жас
жеткіншек ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуін талап етті. Осылайша
саясат жетегінде кетушілік балалар әдебиетіне де салқынын тигізбей қоймады.
Балдырғандардың түйсігі мен түсінігі үшін қоғам мен әдебиет -ойын мен
ойыншық секілді біртұтас ұғым. Балалар қоршаған ортадағы әр құбылысты,
олардың сыры мен сипатын аса сезімтал оқырман ретінде әдебиеттен іздейді.
Осы тұрғыдан алғанда, өткен ғасырдың 60-жылдарына дейінгі балалар әдебиеті,
жалпылай алғанда, үгітшілдік, жалаң дидактика жағынан айқын басымдылығымен
көрінгені де рас. Шығарма кейіпкерлері көркемдік тұрғысынан да,
психологиялық иірімдерінің ашылуы тұрғысынан да бір-біріне соншама ұқсас
күйде, біріңғай саяси сипатта суреттелді. Балаларға арналған өлеңдерде де
партияшылдық, тапшылдық, жадағай ұран бой көрсетті. Дегенмен, 1970-90
жылдардағы балалар әдебиетін жалпы балалар әдебиетінің тарихынан сызып
тастауға әсте болмайды. Себебі осы кезеңде Т.Жароков, Ә.Сәрсенбаев,
Д.Әбілев, А.Тоқмағамбетов,
Қ.Жармағамбетов, Ө.Тұрманжанов, Ф.Дінисламов, Қ.Боранбаев,
Ә.Дүйсенбиев, Ә.Табылдиев және т.б. ақындар ересектермен қатар балаларға
арналған шығармалар жазды. Аталмыш ақындардың балалар үшін жазған
туындыларының көркемдік деңгейі әр қилы болғанымен, балалар поэзиясындағы
өзіндік орнын жоққа шығаруға болмас.
Қазақ әдебиетінің тарихын бағдарласақ, балаларға арнап өлең жазбаған
қаламгер кемде-кем. Мұның өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпақ тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді.
Әлбетте, қазақ әдебиеті дербес түрде ұлттық әдебиет ретінде қалыптасып,
дамыды десек, оның бұл деңгейден көрінуіне басқа ұлт әдебиетінің, әсіресе,
орыс әдебиетінің әсері мол болғанын сезінеміз. Бұл секілді озық әдебиеттен
үйрену - төл сөз өнеріміздің өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануына, жаңа
қыры менсырын танытуына, сөйтіп соны сипат, тың сапа табуына жағдай жасады.
Орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне шығармашылық ықпалы дегенді барған
сайын ұлғая, дами түсетін әдеби үдеріс, ерекше бір құбылыс деп білген жөн.
Кеңестік республикалардың одақтас болуы ұлттық әдебиеттердің өзара тығыз
байланыс жасап, барынша өркендеуіне пайдасы тиді. Бұл ретте орыс әдебиеті,
өте-мөте оның көрнекті өкілдері басқа ұлт әдебиеттеріне, оның ішінде қазақ
әдебиетіне қай тұрғыдан болса да ерекше эсер етті.
Жалпы алғанда, 1960-1990 жылдары балалар поэзиясындағы тақырыптар
кеңестік дэуірдің барлық көкейкесті мэселелерін тұтас қамтыды деуге болады.
Оларды бөліп-бөліп қарастырар болсақ, басты-басты мынандай тақырыптарды
саралауға болады: Коммунизм құрылысшыларының моральдық Кодексінен
туындайтын кеңестік идеологияға негізделген мэселелелер; халық бастан
кешкен тарихи кезеңдер (Қазан төңкерісі, Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы
т.б.); мектеп өмірі; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz