Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік


Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстандағы орыс (еуропа) мәдениетінің ықпалы
1. 1 Қазақ және орыс әдебиеті
2 XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
2. 1 Мәшһүр - Жүсіп және орыс (еуропа) мәдениеті
2. 2 Мәшһүр - Жүсіп шығармаларынадағы орыс (еуропа) көркем әдеби тіл үлгілерінің қолданылу стилі
3 Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
3. 1 Мәшһүр - Жүсіп, Қошке Кемеңгеров, Пушкин, Лермонтов, Бунин шығармаларындағы үндестік
4 Мәшһүр-Жүсіп мысалдарының зерттелуі және орыс (еуропа) мысалдарымен үндестігі
Қорытынды
Әдебиеттер
Кіріспе
Оқу әдістеме құралының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының егемендігін алып, жаңғыру кезеңінде оның тілін, әдебиетін таным құралы ретінде зерттеудің маңызы ерекше. Себебі, қай ұлттың да өзіндік мәдениеті тілінде, әдебиетінде, тарихында көрініс тапқан. Бұл - қасиет қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармаларында айшықты түрде байқалады. Сондай тұлғалардың бірі - артында мол әдеби, тілдік, мәдени, этнографиялық, философиялық, тарихи мол мұра қалтырған М-Ж. Көпеев.
Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген дәуірі - ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алдыңғы қырық - отыз жылы. Бұл кезең әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан қандай қайшылықты болса, оның шығармашылық жолы да сондай көп иірімді күрделі болды. Ғұлама шешен М-Ж. Көпеевтің мұрасын жинап жариялау, зерттеп ғылыми айналымға ендіру, сөйтіп, халық игілігіне айналдыру жұмыстары еліміз егемендік алған соң ғана шындап қолға алынды. Біздің ойымызша, бұл мәселе - Мемлекеттік «Мәдени мұра» атты бағдарлама аясында жүзеге асырылуға тиіс ұлттық мәдениетін, сипатын көрсетіп, толықтыра түсетін маңызды зерттеу мұрасы, соның ішінде ұлттың ежелгі мәдениетін, әдебиетін, фольклорын, салт - дәстүрін зерттеудің біртұтас жүйесін жасап, бай әдеби мұрасын ежелгі шығыс әдебиетімен, қала берді орыс (еуропа) әдебиетімен тығыз байланыста зерттеу күн құрғатпайтын міндеттердің бірі болып табылады.
Оқу әдістеме құралының өзектілігі. Тақырып тегіннен - тегін қазақ және орыс (еуропа) әдебиеті байланысы (Мәшһүр - Жүсіп шығармалары бойынша) - деп алынып отырған жоқ. Оның да өзіндік себептері бар. Жуықта ғана Орыс елінің төрінде Мәскеудің нақ жүрегінде Абай ескерткіші орнатылды. Біздің елімізде Пушкин күндері басталды. Германияда, Гете туған жерде Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні екі тілде шырқалады. Осындайда Қалмұқан Исабаев ағамыздың ерлігі еске түседі. Әдебиетке шекара жоқтығы осындайда сезіледі екен. Елбасының да көксегені екі елдің тыныштығы, ежелгі достығы болып табылады. Қоғамдық формация бізді ежелден орыс ұлтымен жақындастырып, мәдениетіміз, әдебиетіміз біте қайнасып бірін - бірі байытты, дамытты. Мәшһүр Жүсіптің Ресей патшалығын сынағаны шығармаларынан белгілі. Ресей патшалығын сынай отырып, жақсы жақтарын (мәдениетін) да үйренуге шақырды. Демек, Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) мәдениетінің (әдебиеті) үндестігі осы - зерттеу жұмыста тұңғыш рет ғылыми жүйеге түсіп қаралып отыр. Тақырыптың қазақ орыс (еуропа) мәдениетіне, әдебиетіне, халықтар достығына қосар үлесі көп. Мәшһүр Жүсіп өз шығармаларында орыс тілі арқылы келген сөз үлгілерін де қолданғаны байқалады. Олай болса, тақырып осы жағынан да ұтымды. Ұлттар достығы - біздің «Алтын заңымызда» да айқындалған. Қазақстанда 130-дан астам ұлыс пен ұлттың өкілдері тұрады екен, соның бірі - орыс халқы. Олай болса, бұл - көтерілген мәселе өміршеңдігімен, ел мүддесінен шығады деген үміттеміз.
Екіншіден, орыс мәдениеті қазақ мәдениетін (көне түркі) ауыз әдебиеті арқылы білді. Одан кейін, шығыс әдебиетіне де ден қойды. Түркі мәдениеті де орыс (еуропа) зиялыларын, жиһангездерін бей - жай қалтырмағаны тарихтан бізге мәлім. Шығыс әдебиеті қазақ орыс әдебиетін (еуропа) екі ортадағы жалғастырып жатқан алтын көпір десе де болады. Тіпті, ағылшын әдебиеті өкілдері де шығысқа табынған. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арқау болған: бірінші - ауыз әдебиеті, екінші - шығыс мәдениеті, үшінші - орыс әдебиеті. Орыс (еуропа) әдебиетіне ықпалы зор болған шығыс мәдениетінің Мәшһүр Жүсіп шығармаларына әсерін де зерттеу тақырыптың өзектілігін айқындайтын болса керек.
М-Ж. Көпеевтің шығармалар жинағын, салыстырмалы мәліметтерді сипаттауға арналған қолжазбалардың мәтін деректерін, шығармаларда қолданылған орыс (еуропа) шығыс тілдік дереккөздерін, мәдени, әдеби жадығаттар, мысалдар зерттеудің негізгі нысаны болып табылады.
Оқу әдістеме құралының дереккөздері. М-Ж. Көпеевтің «Хал - ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі?», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» Казань. Книжный магазинъ. Н-въ. Хусаиновыхъ. Электоро типо-литографія шарафъ. Императорского университета. 1907 г; «Хал - ахуал» Частной русской типографія Б. Л. Домбровского. 1912 г; Қ. П. Жүсіп қолындағы «Әулеттік» мұрағаттар, М-Ж. Көпеевтің шығармалар жинағының Таңдамалы (Екі томдық жинағы) -А., Ғылым, 1990; (Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері) . -А., Ғылым, 1992; 1-9 томын, Мәшһүртану ғылыми - практикалық орталығындағы Мәшһүр Жүсіп, жиені Жолмұраттың, ұлы Мұхаметфазылдың, Иманғали Мәненов, Омар Иманбековтің қолжазбалары, Мәшһүртанушылар ф. ғ. д., профессор Қ. П. Жүсіп, А. Қ. Тұрышев, ф. ғ. д., профессор Н. Қ. Жүсіп, Г. Қ. Жүсіпова, Ертай Қ. Жүсіп, т. ғ. к., доценттер Л. Қ. Жүсіпова, Естай Қ. Жүсіп, ф. ғ. д., профессор С. Н. Сүтжанов монографиялары, ғылыми мақалалары, авторефераттары басшылыққа алынды. Ф. ғ. д., профессор С. Негімовтың теледидардан ақын жайында сөйлеген сөздері, мақалалары басшылыққа алынды. Орыс (еуропа) ақын - жазушыларының да еңбектері, мысалдары оқылып, керек жерінде тиісінше пайдаланылды.
Оқу әдістеме құралының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Мәшһүр Жүсіптің көркем шығармашылық лабораториясына дендеп ену арқылы оның шығармашылығының қалыптасу арналарын анықтау, орыс (еуропа), шығыс мәдениетінің үндестігін атап айтқанда, орыс әдебиетіне шығыс мәдениетінің әсерін де анықтау болып табылады. М-Ж. Көпеев шығармаларының орыс (еуропа) әдебиетімен үндестігі де қаралады. Оның ішінде: Пушкин, Бунин, Гете, Байрон, жерлесіміз Павел Васильев шығармаларына (қазақ) шығыс мәдениетінің ықпалы да зерттеледі. Бұл - мақсат мына төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Қазақстанға орыс (еуропа) мәдениетінің ықпалы;
- Қазақ және орыс (еуропа) әдебиетінің байланысы;
- Мәшһүр Жүсіп және орыс (еуропа) әдебиетінің үндестігі;
- Мәшһүр Жүсіп және Пушкин шығармаларының үндестігі;
- Мәшһүр Жүсіп және Лермонтов шығармаларының үндестігі;
- Мәшһүр Жүсіп және Бунин шығармаларының үндестігі;
Мәшһүр Жүсіп және шығыс (орыс) еуропа әдебиетінің үндестігі (Вильям Блейк, Байрон, Гете) ;
- Мәшһүр Жүсіп мысалдарының зерттелуі және орыс (еуропа) мысалдарымен үндестігі;
Оқу әдістеме құралының жаңалығы. Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы, ең алдымен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің артында қалған мол мұрасының әдеби тұрғыдан игеріліп, мәдени тілдік деректер белгілі бір жүйеге түсіп, арнайы орыс (еуропа) әдебиетінің үндестігі нақты дереккөздермен, мәліметтермен дәлелденді. Пушкин, Лермонтов, Бунин, Васильев, Байрон, Гете шығармаларымен Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ортақ тақырып (шығыс) болғаны, қазақ мәдениетімен орыс, еуропаны XIX ғасыр мен XX ғасырдың басында байланыстырып тұрған алтын көпір ежелгі «шығыс» мәдениеті де болғаны жаңалық ретінде тұңғыш рет ашылды. Осы - аты аталған ақын, жазушылардың өзекті ортақ тақырыптары да «пайғамбар» (пророк) екендігі мәлім болды.
Оқу әдістеме құралының теориялық маңызы. Тақырыптың теориялық маңызы зерттеудің өзектілігінен көрінеді. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар ең бірінші осындай зерттелімдердің әдебиеттік методологияның дұрыс қалыптасу сипатын айқындайды. Зерттеу анықтағандай әдебиеттегі бұндай тәсілдер ішін - ара Абай, Ыбырай, Шоқан шығармаларына қатысты айтылған еді. Оның өзінде Пушкин, Лермонтов, тіпті Бунин шығармасына байланысты шығыс әсері деген мүлдем айтылмады. Ал «пайғамбар» тақырыбы мүлдем жабық болды. Орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне әсері, ықпалы дегеннен әрі аспады. Шығыс әдебиетінің, мәдениетінің орыс (еуропа) әдебиетіне әсері деген сөзге (тақырыпқа) тоталитарлы режим кезінде тыйым салынды. Қазір белгілі болғандай Байрон (Восточных поэм), Пушкин (Недавно бедный мусульман), Лермонтов («Демон» восточная повесть) шығысқа табынды, мұсылмандарды, құранды насихаттады. Бұның сыртында «Демон» тақырыбын зерттеуге, оны қазақ әдебиетіндегі «Шайтан» тақырыбымен ұластыруға әкелер еді. Мәшһүр - Жүсіп те бұл - тақырыпқа бірнеше өлеңдерін «Шайтанның саудасы» т. б. дастандарын арнады. «Ангел» (періште) тақырыбы да өзекті. Ал Лермонтовтың «Казачья колыбельная песня» өлеңі қазақтың көне дәстүрінен сыр береді. Кейбір шығармалар сюжеті шығыс поэмасынан алынды. Осындай мазмұны сәйкес оқиғаларды Мәшһүр - Жүсіп шығармалары арқылы талдап, зерттеу жұмыстың теориялық маңызын, оның салмағын қаншалықты артылған жүгін көрсетер еді?
Оқу әдістеме құралының практикалық мәні. Оқу әдістеме құралының нәтижелерін кандидаттық диссертацияда әбден қолдануға болады. Екі аралықтағы шығыс тақырыбы өміршең екендігін байқатты. Диплом жұмысының нәтижесінде «Монография» шығаруға болады. Шығармаларына қолданған түрік сөздерін, шығыс оралымына тән ауыстыру, алмасу, троппен, фигураның түрлерін жинап, теріп картотекалық сөздік құруға болады. Монографияны жоғары оқу орындарында пайдалануға болатын оқу құралы ретінде шығарса артық етпейді.
Оқу әдістеме құралында қолданылған зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Оқу әдістеме құралында диахрондық-синхрондық салыстырмалы әдіс қолданылды. Тарихи деректерді екшеу әдісі де пайдаланылды. Әсіресе, әдеби зерттеуде кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі - түп нұсқадан (орысша, ағылшынша, қазақша) нақты мысалдарды іздеп тауып қолдану әдісі тиімді болды.
Оқу әдістеме құралы бойынша қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1) Қазақстанға орыс (еуропа) мәдениеті шыны керек орыс империясының отаршылдық әрекетінің нәтижесінде келгені анық, оны теріске шығаруға болмайды;
2) Қазақстандағы орыс (еуропа) мәдениеті жаман қылықтарымен қоса, жақсылықтарын да ала келді;
3) Бүгін өткенді ұмытып, тарихи шындық оқиғаларды бұрмалап көрсететін болды, еңбекте осы жағына баса назар аударылып, тарихи оқиғалар, деректер нақты мысалмен дәлелденді;
4) Орыс мәдениетімен қазақ мәдениеті келісейік - келіспейік қатар жарыса өмір сүргені шындық. Одан біз ешқайда қашып құтыла алмаймыз; Өткен тарихымыз бәрібір біздің тарихымыз болып табылады;
5) Абай, Ыбырай, Шоқан салған сара жол олар достасқан достық жалғасын әлі де табуда; Мәшһүр - Жүсіп бұл орайда, орыс империясын ашық сынау бақытына ие болды, бірақ, шығармаларында орыс халқының бәрін қаралаудан аулақ екендігі байқалды;
6) Қазақ әдебиеті де шығыстан нәр алды; Жасыратыны жоқ орыс (еуропа) әдебиетінен де үйренді; Абай: «Шығысым Батыс боп кетті» дегенде осындайдан айтты;
7) Орыс (еуропа) әдебиеті де шығысқа бой ұрды; Бұл - тақырып кеңес дәуірі кезінде зерттеушілерге жабық болды. Ұлы орыс шовинизмі қаймана бұратана қырғыз - қайсақтан, түріктен үйренді дегенге намыстары келді. Орыстың XII ғасырдағы эпосы: «Игор жорығы жайындағы сөз» туралы О. Сүлейменов «Аз и я-ны» жазып шығарғанда кейбір ұлтшылдары қылқынып, жыртылып қала жаздап ақынды соттата жаздады. Д. А. Қонаев алып қалды;
8) Шығыс әдебиеті орыс (еуропа) және қазақ әдебиетін ХIХ ғасырдан жалғастырып келе жатқан алтын көпір іспетті; «Пайғамбар» тақырыбы бәріне ортақ болды;
9) Мәшһүр Жүсіп шығармалары да орыс (еуропа) әдебиетімен үндесетіні анықталды.
10) Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) әдебиетінің тілдік үлгілері анықталды.
11) Мәшһүр - Жүсіптің кейбір мысалдарымен Крылов мысалдары үндестік табатыны байқалды.
Оқу әдістеме құралының құрылымы. Оқу әдістеме құралы кіріспе бөлімнен, 4 тараудан және қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қазақстандағы орыс (еуропа) мәдениетінің ықпалы
Қазақстанның жері мен табиғи байлықтарын орыс ғалымдарының келіп зерттеулері, Қазақстан тарихын зерттеудегі олардың алғашқы жасаған адымдары қазақ халқының экономикалық және мәдени тұрмысындағы бір маңызды оқиға болды.
Қазақстан жерін зерттеу жұмысы Каспий және Арал теңіздерінің карталарын жасаудан басталады. Бұл теңіздер жайлы мәліметтер ертедегі грек және араб жазушылары мен географтарының еңбектерінде бар еді. Алайда бұл мәліметтер, XVII ғасырдағы орыс географтарының материалдарымен, соның ішінде «Сибирь чертеж кітабында» басылып шыққан Семен Ремезевтің картасымен толықтырылғанның өзінде де, өлке жайында толық түсінік бере алмады.
XVIII ғасырдың бас кезінде патша үкіметінің тапсыруы бойынша капитан Е. Мейер Каспий теңізінің суретін түсіріп алып, жалпы суреттемесін жасады. Каспий теңізі, сондай-ақ Орта Азияны географиялық жағынан зерттеу ісіне А. Бекович-Черкасскийдің экспедициясы да бағалы материал берді; бұл экспедиция Амудария Каспий теңізіне құяды деген жалған түсінікті теріске шығарды.
А. Кожин мен В. Урусовтың түсірген суреттері Каспий теңізі жайында қосымша мәліметтер берді.
Табиғат зерттеуші ғалым және саяхатшы академик П. С. Паллас (1741-1811) Россия ғылым академиясының көп жерлерді, соның ішінде Батыс Қазақтанның бір бөлегін зерттеген үлкен бір экспедициясын бастады. Бұл экспедицияның жұмысынан кейін академик болған жас ғалымдар В. Зуев пен Н. Соколов та қатынасты.
XVIII ғасырдың 70-ші жылдарында атақты саяхатшы академик И. Георги (1729-1802) оңтүстік-шығыс Россияны, Алтайды, Байқал бойын, Орал тауларын және Поволжье бойын зерттеді. Георгидің еңбектерінде Қазақстанның жеке аудандарының географиялық суреттемесі ғана бар емес, сонымен қатар қазақ халқының тұрмысы мен тарихы жайында да мәліметтер келтіріледі. Осы кезде Қазақстан жайлы бағалы мәліметтерді академик И. Фальком да жинаған болатын.
Қазақстанды зерттеу үшін XIX ғасырдың алғашқы жартысында бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. 1848-1849 жылдары Арал теңізін капитан-лейтенант А. Бутаков бастаған экспедиция зерттеді. Бұл экспедиция Арал теңізінің жағаларын суретке түсіріп, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізді. Экспедицияның жинаған материалдары негізінде Арал теңізінің картасы жасалып, бастырылып шығарылды. Бутаков Арал теңізінде кеме жүрудің (1852) негізін салушы болды. 60-шы жылдарда ол Сырдария мен Амударияның төменгі салаларын зерттеді. Оның экспедициясына, бұл кезде Қазақстанда айдауда жүрген, ұлы украин ақыны Т. Г. Шевченко қатынасты.
Қазақстанның зерттеу ісіне П. И. Рычков (1719-1777) пен А. И. Левшин (1799-1879) едәуір үлес қосты. Қазақстан жайындғы бағалы тарихи-географиялық мәліметтерімен қатар П. Рычков Кіші жүз бен Орта жүздің Россияға қосылу тарихын толық баяндады. Бұл өлкенің тарихын, XVIII ғасырды - XIX ғысырдың алғашқы жартысын қоса алып, өз еңбектерінде А. Левшин де жазды.
Қазақстанның жерін, тарихын және этнографиясын зерттеу ісінде орыс саяхатшыларына қазақ тілмаштары мен жол көрсетушілері де қолынан келген көмегін көрсетіп, халықтың тарихы мен тұрмысы жайында ғалымдарға әңгіме айтып, бағалы географиялық мәліметтер беріп отырды. Олардың көмегімен жиналған орасан зор нақтылы материал өлке зерттеу ісін жеңілдетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар орыстың шығыс-зерттеу ғылымын жаңа мәліметтермен байытты [1, б. 383-384] .
1. 1 Қазақ және орыс әдебиеті
XIX ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан тақырыбы орыс әдебиетінде бірте-бірте көрнекті орын ала бастады. Егер патша үкіметі, орыстың помещиктері мен капиталистері қазақ халқын отар етіп езу мен құл етудің объектісі деп қана есептеген болса, орыстың алдыңғы қатарлы ғалымдары мен жазушылары қазақ халқының тұрмысын, салт-санасын, әдет-ғұрпын, оның бостандық сүйгіш ниетін сүйе зерттеді. Россияның езілген халықтарының праволарын қадірлеу, олардың тұрмысын әділ суреттеу алдыңғы қатарлы, демократиялық орыс мәдениетінің дәстүрі болып табылады. Бұл дәстүрді орыс әдебиетінің классиктері А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, ұлы сыншы-демократ, В. Г Белинский тамаша айқын бейнеледі.
Қазақстан тақырыбымен шұғылданған орыс жазушыларының шығармаларында екі бағыт: реакциялық-шовинистік және демократиялық-реалистік бағыттар болды Ф. Булгариннің «Иван Выжигин» (1829) деген повесті, И. Скоблевтің әңгімелері (1834) қазақ халқын қорлап, кемітеді. Бұларға қарама-қарсы А. С. Пушкин, В. И. Даль (Луганский), В. А. Ушаков және басқалары қазақ халқының ауыр тұрмысын, езілген жағдайын, оның арманын, орыс халқымен достық қарым-қатынастарының басталуын адамгершілік тұрғыдан суреттейді.
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин, Пугачев бастаған шаруалар соғысының тарихына байланысты материал жинау үшін 1833 жылы қасына жазушы В. И. Дальді ертіп Орынбор мен Оралда болды. Сөйтіп ол қазақ халқының өмірімен, тұрмысымен, ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерімен танысып, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» поэмасының сюжетін жазып алды. Баян мен Қозының өмірі, олардың терең сырлы махаббаты мен күйініштері ұлы ақынды өте қызықтырады. Өзінің Пугачев бастаған көтеріліс жайындағы еңбегінде және «Капитан қызы» деген повесінде ол қазақтар мен башқұрттардың көтеріліске қатысқанын, қазақ ханы Нұралының патша үкіметін қолдағанын көрсетеді.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Белинскийдің шығармалары кавказ бен Орта Азия халықтарының тұрмысынан алынған тақырыптарға жазған көптеген жазушылардың шығармаларына әсер етті. Бұл В. И. Даль мен В. А. Ушаков сияқты жазушылардың шығармаларынан айқын көрінеді.
Ушаков өзінің «Киргиз-қайсақ» («Қазақ») деген повесінде жасында құлдыққа сатылып кетіп, Виктор Славин аталған қазақтың жетім баласының ауыр жағдайын суреттейді. Орысша тәрбиеленіп, білім алсадағы, ол бәрібір көп қорлық көреді. Славин тек қазақ болғандығынан ғана орыстың дворянка қызы Софьяға үйлене алмайды. Софьяның әкесі, князь Любской, қызының тегі жағынан өзіне тең емес, жат ұлт адамына күйеуге шыққысы келуіне қатты ызаланып, келісімін беруден мүлде бас тартады.
Осы повесінде дворяндардың надандығын, олардың дүниеге көзқарастарының шектеулілігін батыл әшкерелей келіп, жазушы адамгершілікті қорғайды. Ол оқушыларының назарын қазақ кедейінің ауыр тұрмысына аударады: бұл жағдай жоқшылық пен аштықтың салдарынан өз баласын шешесінің еріксіз сатуынан өте-мөте айқын көрінеді.
1833-1841 жылдары Орынборда және Оралда чиновник болып істеген В. И. Даль қазақ ауылдарында жиі-жиі болып жүреді. Ол қазақтардың тұрмысы, дәстүрлері мен әдеттері жайында, ауыз әдебиеті жайында бірсыпыра очерктер мен әңгімелер, повестер жазады («Майна», «Түншіл», «Орал казагі», «Солдаттың бос уақыты», «Бекей мен Мауляна», т. б повестер жазады. Бұл шығармаларды Белинский, Добролюбов, Тургенев жоғары бағалайды.
«Бекей мен Мауляна» деген повесінде адал және ақпейіл қазақ жігіті Бекейдің ерлігі, оның орыстармен достығы, өзінің аса қатал әкесі, феодал Есенгелдіге және зұлым ағасы Жүнкүшікке қарсы батыл күресі өте көркемдікпен суреттеледі. Әсіресе өзінің сүйген қызына үйленуге рұқсат етпеген әкесі мен баласының шайқасуы және жігіттің өлуі жайындағы беттері есте қалғандай.
В. И. Даль қазақтың ақындарын, қазақтың талантты жастарын, қазақ пен орыс шаруаларының достығын қатты ұната көрсетіп, қазақ феодалдарының қаталдығын, деспотизмін әшкерелейді, көп қатын алушылықты мінейді. Қазақ қыздары Мауляна мен Майна қалаға қашып кетіп, орыс заңынан қорғаныс табуға, өздеріне бас бостандығын алуға тырысады; Хиуа хандарының шабуылына ұшыраған қазақтар да орыстардан келіп көмек сұрайды.
Өзінің жазысқан хаттары мен мақалаларында В. И. Даль қазақтың халық ауыз әдебиетінің байлығына үлкен маңыз беріп, орыс пен қазақ батырлар жырының арасындағы ұқсастықты көрсетеді. «Татаршылдық» деген мақаласында Даль патша чиновниктерінің озбырлығын әшкерелейді. В. И. Даль қазақ даласын ғылыми жағынан зерттеу жұмысына қатынасады, Орынборда алғашқы өлке зерттеу музейін ұйымдастыруға көмектеседі.
В. И. Дальдың ру мен ру арасындағы жер дауларын шешудегі әділеттілігі, қазақ әйелдерін әменгерлік дәстүрден қорғауы, ақындарға жақсы қарауы қазақ арасында оның беделін жоғары көтерді. Сондықтан да Исатай Тайманов Орынбор губернаторына жазған арыздарының бірінде онымен Жәңгір ханның арасындағы дауды тергеу жұмысы Дальге тапсырылуын сұрайды. Бірақ губернатор, әрине оған көнбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz