ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
Токубаева Адэль
«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Мамандығы (050114 ) Тарих
Специальность
Көкшетау 2014
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Кокшетауский государственный университет им. Ш. Уалиханова
Қазақстан тарихы кафедрасы
Кафедра Истории Казахстана
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ДИПЛОМНАЯ РАБОТА
Тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанда парламентаризм институтының қалыптасуы»
На тему:
Мамандығы (050114) Тарих
Специальность
Орындады:
Выполнил : Токубаева Адэль
Жетекші
Руководитель Шапкенов А. А.
«Қорғауға жіберілді»
«Допускается к защите»
Кафедра меңгерушісі
Зав. Кафедрой Каженова Г. Т.
Кокшетау 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . …4
I ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1. Парламентаризмнің қалыптасу тарихы. . . . …9
1. 2 Кеңестік және посткеңестік дәуірдегі парламентаризм . . . 25
II. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТАРИЗМІ 1991 - 2014 жж.
2. 1 Қазіргі Қазақстанның парламент институтының қалыптасуы35
2. 2 Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган . . . . 45
3 Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен «Тәуелсіз Қазақстанда парламентаризм институтының қалыптасуы» тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары . . . 58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
ҚОСЫМША . . . . 68
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі келесі тжырымдармен айқындалады. Заң шығарушы билік, өкілетті органдар жүзеге асыратын билікті бөлу жүйесінде өте маңызды орынды алады. . Заң шығарушы органдардың қызметтері мен ұйымдастыру міселелері әрдайым саяси тәжірибенің орталығында және конституциялық-құқықтық ілімдердің негізгі зерттеуінің назарында. Қоғамдық өмірді және мемлекеттік құрылымды демократизациялау тенденциясы өкілетті демократия институттарын, парламентаризмді дамытуда айқын байқалады. Парламент - бұл ел тұрғындары сайлаған өкілетті орган, заң шығарушы билігі бар, демократиялық мемлекеттік құрылыстың маңызды институты.
Жаңа қазақстандық мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуы парламентаризм идеясы және тәжірибесімен тығыз байланысты. Парламентаризм деп құрылымдық және қызметі тұрғысынан билікті бөлу принципіне негізделген, парламенттің алдыңғы ролімен заңнық жоғары тұруы, әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық тәртіпті орнату және дамыту мақсатымен мемлекеттік билікті ұйымдастырудың ерекше жүйесін түсінеміз. Парламентаризмді басқаша да анықтайды: «бұл қоғамды парламенттің дәрежесінің жоғарлығымен еңбектің, заң шығарушы және орындаушылық бөліну сипатындағы мемлекеттік басқарудың ерекше жүйесі»; «бұл парламенттің дәрежесінің жоғарлығымен заң шығарушы және орындаушылық бөліну сипатындағы буржуазияның жоғарғы мемлекеттік билігін ұйымдастырушы және қызмет ету жүйесі».
Парламентаризм, күрделі саяси-құқықтық және әлеуметті мәдени феномен ретінде бірнеше тәртіптердің мәніне ие. Ол үш негізгі деңгейде құрылған: парламенттік, яғни елдің ең ортаңғы заң шығарушы орган деңгейінде, оның басқа мемлекеттік институттардың өзара ықпалдасу деңгейінде және алдымен саяси, ққықтық кең жобада сол қоғамның жалпы мәдениетімен, ұлттың рухани өмірімен. Бөлінген деңгейлер фундаментальді блоктарды немесе парламентаризм деп аталатын конструкцияның бөлімшелері болып табылады.
Қазақстанның қазіргі парламентаризмі өзінің дамуын тек жуық арада бастады - 1990-шы жылдардан. Қазіргі уақытта ғылыми басылымдарда құқықтық, демократиялық, конституциялық мемлекеттің теориялары дамуда, парламент қызметінің нақты мәселелері зерттелуде.
Парламент қызметімен байланысты мәселелердің теоретикалық және тәжірибелік маңыздылығының күштілігі соншалық, мамандардың назарын қазір көп аударады. Қазіргі Қазақстан жағдайында парламентаризм институтының дамуы екі фактордың ықпалымен жүзеге асады: бір жағынан отандық мемлекетіміздің революцияға дейінгі жинақталған тәжірибеге назар аударылады, ал екінші жағынан парламентік құрылыстың дамуының шетелдік (алдымен батыстық) саяси-құқықтық ілімдеріне және тәжірибесінің жетістіктеріне басты назар аударылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (ст. 94) өзінің заң шығарушы және өкілетті орган-парламенті бар. Мемлекеттік-құқықтық институт ретінде өзінің тарихы бар. Алғашқы паламенттер XIV-XV ғғ. пайда болған. Бірақта қазіргі парламенттің тарихы феодализм уақытының сословиелік өкілетті органдарынан айырмашылығы бар жалпыұлттық өкілетті мекеме ретінде ХХ ғасырдың басында парламент мемлекеттің маңызды органына айналғанда басталды. Міне, дәл сол уақытта парламентаризм мен мемлекеттік және атқарушы жүйе ретінде парламенттің саяси және идеологиялық ролі қалыптасты және тарала бастады.
Парламент және парламентаризм - өзара байланысқан ұғымдар, бірақта бірдей тең емес. Парламентаризм парламентсіз өмір сүре алмайды. Ал парламент парламентаризмнің маңызды элементтерінсіз өміре сүре алмайды, алайда олардан айырылуы мүмкін. Осы маңызды элеметтердің қатарына алдымен биліктің бөлінуі жатады, өкілеттілік және заңдылық.
Ерекше өкілеттілік атап өтуге болады, себебі тек қана халықтың өзін өзі демократиялық айқындау жағдайында ғана парламент демократиялық заңды халық жиналысы сипатына ие болады, кейінгі кезеңнің өкілетті корпоративті сословиелік және феодалдың сюзерендік кеңесшілер коллегиясынан және социалистік мемлекеттің өкілетті мекемелерінен терең айырмашылығы осында. Мұндай халықтық жиналыстың болуы парламенттік демократияның халықтың егемендігі принципіне негізделген мемлекет түрі ретінде айтуға болады. .
ҚР қазіргі парламентаризмнің жағдайы уақытпен, яғни қазақстандық парламент өскен және дамыған тарихи кезеңдер барысымен анықталған. Сондықтан осы дамуды зерттеу менің пікірімше өте маңызды. Өйткені қазақстандық парламентаризмнің мәнін, оның негізі мен принциптерін анықтау үшін, тарихқа жүгіну қажет, яғни неден басталды, ескі мен жаңаның арасындағы себеп-салдар байланысын бақылау қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан мен оның халқына парламент өте зор маңызға ие болды, өйткені ел тұрғындары үшін тек соның ғана көмегімен билікті жүзеге асыратын және өзінің мәселелерін шешетін жалғыз орган болып табылады. Алайда осылай әрқашан болмаған. Парламентаризмнің жаңа ғана қалыптасқан дәуірінде оның қазіргідей статусы болмаған және жоғарғы билікке ғана бағынған, яғни көмекші орган ғана болған. Мұндай айырмашылық сол уақытпен байланысты. Монархияның болуы, нарықтық қатынастардың дамымауы, адам құқығы мен еркіндіктерінің айқындалмағаны, әрине сол заманның мемлекеттік жағдайларына соның ішінде парламентке де ықпал еткен. Бірақ уақыт орнында тұрмайды, жыл сайын біртіндеп парламенттің жағдайы өзгеріп тұрды, органның құрылымы, оның жұмыс тәртібі жетілдірілді, қызметінің мақсаты мен негіздері өзгерді, ал сонымен бірге елдің өмірінің өзі және бұқара халық өзгеріп отырған.
Қазақстан парламентаризмінің тарихы көлемі жағынан шексіз мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстандық ғылыми әдебиетте қазақстандық парламентаризмнің даму мәселесі, диссертацияларда, мақалаларда және монографияларда қарастырылады. Оқу әдебиетінде бұл мәселе тек жұқалап қана зерттеледі, негізінен тарихи, мемлекет және құқық теориясы пәндерінде ғана.
Өкілетті органдардың құқықтық статусы мәселесін зерттеушілердің алғашқыларының ішінде XIX ғ. аяғы - XX ғ. басындағы келесі атақты мемлекеттанушы ғалымдарды атап өтуге болады: Н. П. Дружинин, М. М. Ковалевский, С. А. Котляревский, Б. Н. Чичерин. Бұл авторлардың еңбектері өте зор ғылыми потенциалға ие және қазіргі уақытта да өзекті. Олардың көпшілігі парламентаризмді жақтаған.
Кеңестік парламентаризм толығырақ және өте жақсы Коржихин Т. П., Сениннің А. С. «Ресей мемлекеттелігінің тарихы» монографиясында қарастырылған, онда КСРО заң шығарушы жоғары органының ерекшеліктері жәйлі айтылған. Қазіргі парламентаризмнің негізі О. Е. Кутафиннің «Конституциялық құқық пәні» монографиясында жазылған, автор бұл тақырыпқа толық бір бөлімін арнаған. где автор посвящает этой теме целый раздел. Бұл аталған авторлардың еңбектерінің құндылығы өкілетті заң шығарушы органдардың құқықтық статусына ғылыми қоғамдастықтың қызығушылығы толығымен жойылған деп айтуға болмайды. Ақырғы жылдардағы демократиялық қайта құрулар парламентаризмге деген қоғамдық жағымсыз пікірді позитивті көзқарастарға өзгертті.
Зерттеу жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының парламентаризмінің уақытта дамуын қарастыру, қазіргі Қазақстанның парламентаризмі қандай негізде өзінің қызметін атқаратын түсіну, парламентаризм тарихының әр кезеңін сипаттау.
Аталған мақсаттармен сәйкес қазақстандық парламентаризмінің дамуының динамикасын ашу үшін келесі міндеттер қойылған:
- Ресей империализмінің, оның құрамында болған Дала өлкесінде ертедегі парламентаризмнің негізін қарастыру және оны сипаттау;
- кеңестік паламентаризмнің ерекшеліктерін зерттеу және оның мәнісін түсіндіру;
- қазіргі ҚР парламентаризмінің негізін, оның элементі ретінде парламентті ашу, оның маңызын айқындау;
- Қазақстандық парламентаризмнің болашақтағы даму алғышарттарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы: Жұмысты жазу барысында қолданылған әдістердің ішінде аса маңызға ие болғандар: қазіргі парламентаризмнің жағдайын және оның қатынастарын қарастыратын нақты әлеуметтанушылық; парламентаризмді ертедегі тарихи кезеңдерде зерттеген тарихи және «ескі» және «жаңа» парламентаризмді салыстыратын, ұқсастық пен айырмашылықтарды табатын салыстырмалы -құқықтық. Логикалық тәсілдердің ішінен көп қолданылғандар: парламентаризмнің құрылымын көрсететін сараптамалық; парламентаризм жәйлі мәліметтерді жалпылайтын синтездеу; парламентаризмнің жеке жақтарын танытатын индукция; парламентаризмнің жалпы заңдылықтарын танытатын дедукция және парламентаризмнің дамуы жәйлі болжам жасайтын гипотеза.
Зерттеудің деректемелік базасы. Дипломдық жұмыста қолданылды: әртүрлі құжаттар жинағында, анықтамаларда жарияланған деректер. Жұмысты жазу барысында қомақты археографиялық деңгейде дайындалған аналитикалық жұмыстар пайдаланылды, сондай-ақ Қазақстан парламентінің құжаттары мен материалдары, интернет ресурстары қолданылған.
Жұмыстың ғылымдық жаңалығы және тәжірибелік маңызы сонда, оның нәтижелері отандық парламентаризмнің мәселелерін зерттеуде теориялық білімдерді толықтыра түседі. Саяси модернизация үдерістерінің институционалдық «өлшеу» әдістерін қолдану қазақстандық парламентаризм тәжірибесін зерттеуде жаңа бағыттарды құрастыру мүмкіндігін береді. Одан басқа зерттеу жұмысының нәтижелері посткеңестік Қазақстанның саяси модернизациясының одан әрі болашағына сараптама жасауға жағдай жасайды.
Бұл жұмыстың нәтижелерін саяси институттардың қызметтерінің мәселелерімен айналысатын ұйымдар мен сараптамашылар, сондай-ақ аналитикалық материал ретінде заң шығарушы билік органдары қолдана алады. Зерттеудің нәтижелері «Саясаттану» бағытында арнайы курстарды дайындауда, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі отандық тарих курсын оқытуда қолдануға болады.
Зерттеу обьектісі Қазақстандық парламент және оның тарихи қалыптасу кезеңдері.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде Қазақстанда парламентаризмнің қалыптасуын және дамуын, Қазақстандық парламентаризмнің тарихын, ХХ ғасырдың басындағы жаңа парламенттік кезеңді, кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі парламентаризм қарастырылған.
Екінші бөлімде қазіргі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасу үдерісі және Қазақстан Республикасының парламенті қарастырылған.
Қорытындыда зерттеу жұмысы бойынша негізгі қорытындылар жасалған.
I ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1. Парламентаризмнің қалыптасу тарихы
Парламенттің мемлекеттік - құқықтық институт ретінде көп ғасырлық тарихы бар. Әлем тарихында алғашқы парламент 1265 жылы Англияда құрылды (кейбір деректер бойынша - 1264 жылы), ал бірқатар саясаттанушылар заң қабылдаушы ұйым ретінде «төрт жүздік үкімет» (ертедегі гректердің басқарушысы Солонның заңы бойынша) және «бес жүздік үкімет» болғандығына сүйеніп, парламенттің тарихы осы заңдардан бастау алады деп есептейді. Алайда өз заманының және қазіргі кезеңдегі өте инновациялық мемлекеттік-құқықтық институт ретінде ағылшын парламентаризміне толығырақ тоқтаған жөн. Тарихтан белгілі болғандай II Генрих өлгеннен кейін оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылды. Оның үстіне елде феодалдар бүлігі күшейді. 1215 жылы корольге қарсы көтеріліс болды. Көтерілісшілер 1215 жылғы 15 маусымда корольді «Еріктіліктің ұлы хартиясы» деген құжатқа қол коюға мәжбүр етті. Ол құжат бойынша король халыққа біраз жеңілдіктер берді. Шетел көпестерінің Англияға емін-еркін келіп-кетулеріне рұқсат берілді.
1216-1272 жылдары Англияда III Генрих билік құрды. 1258 жылы ол Италияға қарсы соғыс ашып, барондардан барлық табыстарының 1/3-ін өзіне беруді талап етті. Бұл талапқа барондар наразылық білдірді. Барондар өкімет билігін бақылайтын Кеңес құрды. Ол кеңестің келісімінсіз король ешқандай шешім қабылдай алмайтын болды. 1259 жылы III Генрих Кеңеспен санасудан бас тартты. 1263 жылы Англияда король мен барондардың арасында басталған соғыс нәтижесінде барондар жеңіске жетті. 1265 жылы олар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. Ол жиналыс ағылшын парламентінің (фр. parle - «сөйлеу» деген сөзінен шыққан) бастамасы болды. Парламент екі палатадан тұрды. Бірінші палата лордтар палатасы деп аталды. Оған ірі жер иелерінің өкілдері - герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар мен барондар, епископтар сайланды. Екінші палата қауымдар палатасы деп аталды. Оған рыцарьлар мен халық бұқарасының өкілдері сайланатын. Парламенттің мемлекеттік орган ретінде бекітілуі 35-40 жылдай уақытты қамтыды.
Сонымен, 1265 жылы Англиядағы арнайы мемлекеттік ұйым, испандық кортестер, француздардың штаты және басқа да заң шығарушы ұйымдар ортақ атауға ие болып - парламент деп аталған заң шығарушы органдар пайда болды. «Pariamehtum» латын сөзі сол кезеңде «монахтардың түстен кейінгі әңгімесі» деген мағынаны білдірді. Бұл терминді ХІІ-ХІІІ ғасырларда монахтардың жиналысын белгілеу үшін қолданды. Англияда алғашында «parlamehtum» сөзі әртүрлі кеңестерді белгілеу үшін пайдаланылды. Ресейде бірінші «парламент» ұғымы өкілетті ұйым ретінде мемлекеттік думаға қатысты қолданылды. Большевиктердің билік басына келуінен кейін парламенттік түрдегі заң шығарушы ұйымдардың белсенділігі байқалды.
Бүгінгі таңда парламент өкілетті ұйымның атауы ретінде барлық дамыған елдерде қолданылады. [3, 6б] .
Парламентаризм- белгілі бір билік жүйесі мен мемлекеттік құрылыстағы тиісті шешімдер қабылдауға құқы мен құзыреті бар сайлау арқылы құрылатын халықтың өкілді органының жұмыс әдісі. Парламенттік демократия дегеніміз - осы өкілді билікті парламенттің өз қызметінде жүзеге асыруының реті мен тәртібін анықтайтын қатынастар жиынтығы.
Парламентаризм - парламенттің басқа мемлекеттік органдармен өзара қатынасының қалыптасқан пәрменді жүйесі, мемлекеттік билік тетіктерінде оның орны мен рөлін, тиісті мәртебесін қамтамасыз етуші өкілді демократияның қызмет жасауы мен ұйымдастырылуының негізгі тәсілі.
Парламентаризм - мемлекеттік биліктің формасы емес, оны жүзеге асырудың әдісі. Әр мемлекеттегі заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы байланыстардың негізінде парламент - шешуші рөл атқаратын демократиялық тәртіп. Парламентаризм қызметі, ең алдымен, сол елдің тарихи, саяси, демократиялық дәстүріне байланысты. Сондықтан бүгінде барлық елдерде еуропалық немесе ұлыбританиялық үлгідегі парламентаризмнің болуы немесе соларды талап ету негізсіз болар еді. Парламент және парламентаризм өзара сабақтас, өзара байланысты түсініктер, алайда олар пара-пар емес, олардың арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. [4, 8] .
Парламентаризмнің қалыптасып, қызмет жасап, дамуының басты және негізгі шарты - пәрменді парламенттің болуы. Парламентаризмге тән негізгі белгілер: оның құзіреттері мен өкілдіктері, заң шығарушы және атқарушы биліктер арасындағы еңбек бөлінісі, парламенттің алдында Үкіметтің есеп беруі мен жауапкершілігі. Мемлекеттік билік жүйесінде парламентаризм талаптарын түбегейлі орындау нәтижесінде парламент атқарушы билікке тежеме тепе-теңдік болып табылады да, оның бұл негізгі функциясы әлемдік парламенттік тәжірибеде үш түрлі бағытта жүзеге асырылады:
а) мемлекеттік қаржының жұмсалуына жария бақылау жасау;
б) үкімет қызметінің заңнамалық негіздерін анықтау және Конституция мен заңнамаларда анықталған өкілеттіктер негізінде жария бақылауды жүзеге асыру, реттеу;
в) үкіметтің нақты құрамының қызметін заңнамаға сәйкес жария ағымдағы бақылаудаумен жүзеге асыру.
Парламентаризмді тек биліктердің ажыратылуымен шектеуге болмайды. Бұл жердегі ең маңызды және мәнді мәселе - заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері арасындағы мемлекеттік функциялардың аражігінің айқын да сындарлы анықталуы
Сондықтан жалпы парламентаризмнің даму жолын, тарихын анықтау дүниежүзілік парламентаризмнің теориялық негізімен, даму жолдарымен әр мемлекеттегі парламенттік жүйенің үлгілерімен тығыз байланысты.
Парламент тек заңдарды қабылдайтын өкілдікті орган емес, ол сонымен бірге халық қалаулылары талқылаулар мен пікір таласы арқылы мемлекеттің, ұлттың мүддесіне сәйкес келетін саясатты белгілейді. Парламент демократиялық жүйесі қалыптасқан елдерде тек мемлекеттің бір тармағы ғана емес, сонымен бірге мәнді де маңызды жоспарларды асыратын, елдің дамуына қажетті құрал.
Классикалық парламентаризмнің үлгісі Ұлыбританияда пайда болып, қалыптасқаны белгілі. Еуропаның көптеген елінде парламентаризмнің дәл британдық үлгісі қайталанды деген пікір ғылыми әдебиеттерде жиі кездеседі. Бұл елде пайда болған парламентаризмнің негізгі элементтері тек парламенттік монархияларда ғана емес, сонымен бірге парламенттік республикаларда да орын алды.
Парламентттің қызметтері: 1) қаржылық: корольге жаңа салықтар мен субсидияларға келісімін беру (субсидия мен салықтарға байланысты бірде бір мәселе корольдің парламенттің қатысуынсыз шешілмеген) . 2) Заңды біргіп қабылдау. 1382 жылдан бастап заңдарды талқылауда, жоғарғы палатадан басқа қоғамдар палатасы да қатыса бастады. Король мен сословиелердің біріккен қаулылары статуттар деп атала бастады корольдің парламенттен тыс бұйрықтары- ордонанстардан, заң жобалары биллдер деп аталды.
Англия парламенті өзінің барлық тарихында үнемі өзінің монархымен күресумен болған. Көптеген монархтар маңызды шешімдер мен нормативті актілерді парламенттің келісімінсіз қабылдауға тырысқан; парламент бірнеше рет таратылған, оның құрылымы реформаланған, бірақта мемалекеттік құқықтық институт ретінде ешқашанда жойылмаған. Қазіргі кезең термин ұғымындағы парламентаризм принциптері Англияда ХҮІІІ ғ. қалыптасты. Ақырғы рет қоғамдық палатадан тыс елді басқаруға 1783-1784 жж. Кіші Пит ұмтылды, бірақта ол әрекетінен түк шыққан жоқ. Францияда парламентаризмнің үстемдігі нақты тек 1875 ж. орнықты; Италия парламентаризмді Пьемонттан мұраға алды, онда бұл институт 1848 ж. келеді; Бельгияда ол 1831 ж. басталады.
Россияда алғашқы рет үнемі қызмет жасайтын өкілетті органды құрастыруды ХІХ ғ. басында Сперанский бастады. Оның жобасы бойынша екі палаталы парламент құрастыру қарастырылған, жоғарғы палатасы Мемлекеттік кеңес, ал төменгі -Мемлекеттік дума болуы керек еді. Мемлекеттік кеңесті Россия Императоры құрастыратын болды, ал Мемлекеттік дума - халықтың дауыс беру жолымен, Сперанскийдің жобасы бойынша сайлау құқығына тек жылжымайтын мүлкі бар еркектерге ғана берілген. Алайда бұл реформалар жобасы өз заманына тым либеральді бодды, сондықтан тек кей бөліктері ғана Мемлекеттік кеңес құрылады деп ойластырылған бөлігі ғана жүзеге асты. Мемлекеттік кеңес 1810 жылы құрастырылды және тек Патша тұсында ғана заңды -кеңестік орган болды.
Алайда феодализм дәуіріндегі өкілетті сословиелік мекемеден айырмашылығы бар, қазіргі парламентаризмнің өкілетті жалпыұлттық мекеме ретіндегі тарихы, буржуазиялық революциялар жеңісі дәуірінен кейін, парламент мемлекеттің маңызды органы болып қалыптасқаннан кейін басталады. Міне дәл сол кезде парламентаризмнің қоғамды мемлекеттік басқарудың ерекше жүйесі болып, парламенттің саяси және идеологиялық ролін заңды және атқарушы еңбекті бөлуді сипаттаушы ретінде қалыптасуы мен таралуы басталды.
Қазақстан парламентаризмі, қазіргі кезеңді қосқанда, үш ірі қалыптасу кезеңдерінен өтті:
1) кеңестік дәуірге дейін (конституциялық-монархиялық) ;
2) кеңестік дәуір;
3) посткеңестік дәуір (протодемократиялық) .
ХХ ғасырдың басы - Қазақстан парламентаризмінің жаңа дәуірі болды, себебі Ресей империясында абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға, парламенттік мекемелерді құруға, сйлауларды өткізу жолына түскен еді. Бұл жолдың басты кезеңі 1905 ж. 6 тамызда Мемлекеттік думаны құру туралы Манифесті, Мемлекеттік думаны құру туралы Заңды және Думаға сайлау тәртіптерін қабылдаумен байланысты [6, 17] . Манифест «Мемлекеттік дума заң ұсыныстарын негізгі заңдарға сай алдын ала талқылау және құрастыру, Мемлекеттік Кеңес арқылы өткізіп Ұлы мәртебелі билікке ұсыну үшін құрылады (п. 1) » деп жариялады. Сонымен Ресейде самодержавиелік билікті сақтай отыра, заңды кеңесіп жасайтын Мемлекеттік дума құрылды. Келесі қадам 1905 ж. 17 қазанда «Мемлекеттік тәртіпті жетілдіру туралы» Манифесті қабылдау болды. 1905 ж. 6 тамыздағы Заң бойынша Дума кеңестік органнан заң шығарушыға органға айналды.
1906 ж. 20 ақпанда қабылданған Мемлекеттік кеңес мекемесін өзгерту және Мемлекеттік думаны қайтадан қарастыру Манифестің, Мемлекеттік кеңесті қайтадан құру туралы Жарлықтың және Мемлекеттік думаны құру туралы Жарлықтың сипаты контрреформалы болды. Оларға байланысты Мемлекеттік думаның құзырынан өзінің жеке ықтиярымен негізгі заңдарды қайтадан қарастыру алынды; думаның заңдарына билеушінің және Мемлекеттік кеңестің вето тиым салуы енгізілді; Дума заң шығарушы процесстің жеке заң шығарушы палатасы ретінде емес, тек қатысушысы ретінде қарастырылды.
1906 ж. 23 сәуірде патша бекіткен 20 ақпандағы актілер Негізгі мемлекеттік заңдарда бекітілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz