VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР
1.1 Қазақстанның ежелгі қалалары және қалалар мен қоныстардың
саны, ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 VІ-ХІІ ғасырлардағы қалалар құрамындағы өзгерістер және қалалардың
архитектурасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
1.3 VІ-ХІІ ғасырлардағы Қалалардың құрылысы олардың маңызы ... ... ... .35
2 ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ
МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
2.1 Орта ғасырлық қалалардағы қолөнер мен сауданың
дамуы ... ... ... ... ... ... 51
2.2Қазақ тарихында ортағасырлық қалалар мәдениетінің
зерттелуі ... ... ... ... ... 67
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .83-84
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:
VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар
сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан
жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой
көтерді. Олардын котерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Ерте ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып,
байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігіндс басты және ірі
қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды.Оның толық сипаттамасын
әл-Макдиен берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол оның рабады (күзеті)
мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары
мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы,
Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар".
Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент
қалалары арқылы Таразға барған.
VІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған
Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа
жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол,
ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі
болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған
жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі
Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан
(Трабаи) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің
бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды
деректемелер. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар
дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға
дейін сақталғап. Отырар тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың
бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар
қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен
Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ
бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі
Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі -
Кедер ІХ-Х ғасырларда базистің астаналық орталық дәрежесіне дейін
көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға
бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып,
оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті
болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол
жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры
Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабұл осы
Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзаи
Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы
деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары сонымен қатар күйген
кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-
бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланың
безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпыпа
келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір
ескерткіші — Қарахан күмбезі.
Тақырыптың зерттелуі: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы
қалалар архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың
дамыған кезінде отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі
кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде
алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар
жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді.
Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана
бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс
өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында
орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің
сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын
тепкен. Ал Шауғар аймағында Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған.
Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент,
Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері –
Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала
мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс
Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты
ашылған.
Деректемелік базасы: Деректемелерде Қалалар тек саны жағынан
ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны
негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30
гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб,
Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға
дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар.
Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық ,
Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі.
Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының
санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни
орындардың орналасуына да байланысты.
X-XII ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір
ерекшелігі - бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның
орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен ,
Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің
бойындағы Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық
мәдениеттің дамуын көрсетеді.
Қала құрылысындағы өзгерістерде қалаларға жүргізілген
археологиялық
Зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат
береді.
Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-
Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл
қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде
болғандығын көрсетті. Көшелер онын екі жағына салынған үйлер, шаруаға
қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге шеберханалар аршылған.
Шеберханалар – қыш-құмыралардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау
салынатын болған. Жазба және археалогиялых деректерді салыстырғанда,
ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған
орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екі жарым есе
ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Отырар қаласын
қазған кезде сауда орны анықталған. Оған басты дәлел, бұл аумақта
жүріс-тұрыс көп болғандықтан , көшеге қыш-құмыралардың сынағы
төселген. Құмыршылардың шеберханасы қаланың оңтүстік жағында,
биіктеу жерге салынған. Қолөнер шеберлері шоғырланған қала
көшелелері сол негізгі кәсіп атымен (Зергерлер көшесі) аталған.
Зерттеудің әдіснамасы: Орта ғасырлардағы қалалардың мәдениеті және
ежелгі қалалардың өзара тығыз байланыста болуы және де бұл мәселені
зерттеуде әдіснамалық тәсілдерді қолдану зерттеу жолдарын анықтайды, оның
ерекшеліктері мен қойылған міндеттердің шешімін айқындайды. X-XII ғ.
Қалаларындағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала
құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты
мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің
тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен
шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы
басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су
қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму
дәрежесін көрсетеді.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері: VІ-ХІІ ғасырлардағы қалалар
құрамындағы өзгерістер және қалалардың архитектурасы. XIII-XVII
ғасырлардағы қалалардың құрылысы , осы ғасырлардағы қалалар санының
өсуі.т.б.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақстанның орта ғасырлардағы қалаларының
саны, олардың өсуі ,ежелгі қалалардың қоныстары мен қалдықтары, мәдениеті
жайында толық зерттеу. Орта ғасырлық қалалардағы қолөнер мен сауданың
дамуы. Қазақ тарихында ортағасырлық қалалар мәдениетінің зерттелуі жөнінде
толық мағлұмат беру.
Ежелгі қалалар саны. Орта ғасырлардағы қалалардағы қолөнер мен сауда-
саттық .5-ғасырлардан бастап 17 ғасырларға дейінгі қалалар санының өсуі
мен дамуы олардың гүлденуі жөнінде ашып зерттеу
Зертеудің ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған жұмыста Қазақстанның орта
ғасырлардағы қалалары. Зерттеу жұмыстарында қалалардың саны мен
бекінісітері жайлы да айтылады.. Сайрам, Сығанақ, Отырар,
Аспара, Шігілбалық,Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб
, Усбаникет т.б. қалаларының тарихы жайында толық мәлімет береді.
Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты
әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының
шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың
жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы
немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған.
Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі
құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың
отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің
жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.
Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде
Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер
болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар
көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша
сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің
неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы
бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның алдында тұрғын
маңызды міндеттерімен өатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы
айтқан Үндеумен тығыз байланысты. Осыған байланысты 2004 – 2006
жылдарға арналған Мәдени мұра атты мемлекетік бағдарлама жасалды.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы жазылуда, біздің
туған тарихымыз осылайша тірнектеп жинақталуда.
Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта
тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері
өшіп кеткен. Бізге дейіп жеткені тек оның суреті ғана.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды
бөлімнен, пайдаланылған деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАРДЫҢ САНЫ, ОЛАРДЫҢ
МАҢЫЗЫ
Жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде
анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік
Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды.
Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті
бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл
кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты
қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер
тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік
төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және
дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер,
сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік
Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның
жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари
Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде
Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10
ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған.
Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-
лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке
Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары
іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар)
өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде
аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек
Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар
қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында
8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған. Оңтүстік-Батыс
Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс
техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды.
8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана
бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен
жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын
салды.Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім
болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол
бойындағы Аспара, Шігілбалық,Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб
, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда
ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді.
Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім
өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына
бастаған. Іле өз бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл
қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды [1].
9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар
қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады.
Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс
жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен
отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды.
Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 –
12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен
Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың
қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған
құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері
салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар
көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға
дейін жетті.
Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті
ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан
асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1
(Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар),
Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15
га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15
га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал
(Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы
қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына
тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның
оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның
оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан
(дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер
орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер
мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде
мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі
немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол.
кешені пайдаланылады.
Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі
уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары
ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға
мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық
мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10
ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала
жұрттарымен сәйкестендірілді.
Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында
өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан
тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге
ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ
жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық
бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың
ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында
орналасқан.
Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш
қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен
15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан
өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті
құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен
топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде
қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб,
Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім,
Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа
топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше:
Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск
бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар:
Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское.
Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға
жатқызуға болады.
Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен
мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы
негізгі қалалар Жікіл,Балу,Шелже,Такабкет, Көл,Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус,
т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған.
Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым
ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда
болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-
шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-
ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке
дейін көбейген.
10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі
қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 –
13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар
аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын
үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе
дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық
жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.
Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары
Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы
жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек
сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп
саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық
қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған
үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар
деп саналады. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі
керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-
қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді.
Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа,
Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті
Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның
батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және
Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда
жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын
көрсетеді [2].
Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары
арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың
көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария
жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді
кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук
1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған
күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын,
олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады.
Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар –
Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 –
15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған
жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және
сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының
өмірінде маңызды рөл атқарды.
15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің
күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың
этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да
айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-
дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12
ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңтүстік
Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал
қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың
саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан,Аққорған, Үзкент сияқты қалалар
маңызды рөл атқара бастады.
Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ
хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы
болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді,
мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады.
Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет
Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол.
орталығына айналып, қауырт өсті.
Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб
кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт
салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-
дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық
есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға
тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып
жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал
қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500
адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны
осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180
адам тұрған.
Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам,
ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7
га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га),
Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін
тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.
Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты
баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 –
1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде
Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы
жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты.
Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық
мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.
Қалалар мен қалалы қоныстар
Жаңа археологиялық материалдың жинақталуы, бұрын белгісіз болып келген қала
жұрттарының ашылуы тарихи қартаға алдыңғы ортағасырлық қалаларды, қоныстар
мен басқа да елді мекендерді неғұрлым толық орналастыруға мүмкіндік
береді. Оңтүстік тау етегіндегі ең ірі қала Испиджаб саналады. Ол 629
жылы Сюань-Цзянның жылнамасында Ақ өзендегі қала атымен алғаш рет
аталады. Кейініректе Махмұд Қашғари былай дейді: Сайрам — ақ қаланың аты
(Эл-Мединат эл-Байда), олИспиджаб деп аталады. Оны Сайрам деп те айтады.
Сайрам деген атаумен қала осы кезге дейін жетті және оның аумағындағы
қираған қала жұртының орны орта ғасырлардағы Испиджабқа сәйкес келетініне
күмән жоқ.
Испиджабқа жақын жерде, одан Шашқа баратын жолдың бойында Газгрид қаласы
жатқан. Орта ғасырларда жол Тұрбат асуынан өтіп, Сайрамға барған.
Қазіргі Шарапхана ауылының аумағынан VII — X ғасырларда болған қаланың
жұрты табылды, оны Газгирд деуге болады. Ертедегі Газгирд топонимінің
қазіргі Қазығурт атауында сақталып қалған болуы
мүмкін.Ташкент пен Шымкент арасында ғы тау сілемдері солай деп аталады,
қаланың қираған жұрты соның етегінде жатыр. Испиджабтың шығыс жағында
Шаpan, Будухкет, Тамтаж, Абараж және Жувикант қалалары мен елді мекендері
болған. Алдыңғы екі қалаға арақашықтағы деректемелерде фарсах есебімен
(Сайрамнан және бір-бірінен шақырым есебімен) көрсетілген қала орындары
сәйкес келеді. Шарапқа — Терткөл Балықшы, Будухкетке, Қазатлық қалаларының
жұрты сай келеді. Тамтаж мен Абараж, керуен сарайлар болса керек.
Қазақстанның оңтүстігіндегі қала жұрттарына құрылымында арқа — ішкі қамал,
шахристан—дуалмен бекіндірілген қала және рабад - қала төңірегіндегі сауда-
қолөнер орны болатын топография тән.Шахристанда бай шонжарлардың, ірі
саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Алайда Орта
Азияға тән қалыптағы Пенджикенттегі археологиялық қазбалар қала өмірінің
бастапқы кезендерінде-ақ шахристанда шонжарлармен және көпестермен қатар
қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің де тұрғанын және алдыңғы орта
тасырлардың өзінде қала қолөнер мен сауданың қалыптасқан орталығы болғанын
көрсетті. Жазбаша деректемелердегі қалалармен, сол кезеңнің түсінігінде
қалыптасқан қала үлгісімен сәйкес келетін қала жұрттарын да қалалар
қатарына жатқызу керек. Оңтүстік Қазақстандағы мен Жетісудың алдыңғы орта
ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің
жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен
шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археологиялық кешені
пайдаланылады.
Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік
Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болады.
Алайда Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да
өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі
қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік
бере бермейді. Жетісудың оңтүстік-батысында, керісінше, бұған толық
мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда VII — X

жүрттарымен сәйкестендірілді [3].
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты
табылып, олардағы VII — IX ғасырлардың мәдени кабаттары анықталды. Қалалар
кейінгі кезге дейін емір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік
кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын орталық бөлік
ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы үш шақырымнан
ондаған шақырымға дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады.
Ұзын дуалды қалалардың орналасуында қатаң зандылық бар: Талас
аңғарында олар бір-бірінен 152—20 шақырым қашықтықта аңғарлардың ең қолайлы
жерлерінде, Таласқа ұсақтау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу
аңғарында қалалардың орналасу зандылығы одан да айқын— он үш қала тау
етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15—35
шақырым қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан
өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік жақтағы ішкі тізбекті
құрайды.
Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы
және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылды, нәтижесінде қалаларды үш
топқа бөлуге мүмкіндік болды. Бұлар: астаналық және ірі қалалар — Тараз,
Суяб, Невакет жоне Нузкет, олар Жетісудың оңтүстік-
батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылө зен және Шитөбе сияқты ірі қала
жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қаласының жұрты деп
саналатын Текабкет және тиісінше: Сус-Шалдовар, Мирки, Аспа ра, Жол- ,
Харранжуван Беловодск бекінісі.
Қала махалласы
Қалалардың шахристандары махаллаларға топтастырылып, үйлер тығыз салынған.
Қалалардың махаллаларға бөлінуі феодалдық қоғам үшін заңды болатын. Ол
туыстық дәнекермен, ортақ кәсіппен, дінмен топтасқан адамдардың сол қоғамға
тән топ болып тұйықталуына байланысты еді. X ғасырдагы автор Нершахидің
Бухара тарихы еңбегінде кужәне махала(махаллат) терминдері
кездеседі, олар махаллаларды білдірген. Орта ғасырлардағы қала жұрттарын
зерттеушілер махалла ұғымын кеңінен қолданады.
Алайда археологиялык әдебиетте махала кеңінен пайдаланылғанына қарамастан,
бұл ұғым осы кезге дейін бірыңғай түсінілмей келеді. Әдетте, махалла деп
қала құрылысының бүгінгі ұғымы айтылады, ал оның түп тамыры антик
дәстүрінде жатыр, ол кезде көшелердің тік бүрышты аумағы тұрақты
жоспарланған тұрғын үй алаптарымен үш тасып жатқан.
Қалалық тұрғын үй
Қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстанның ертедегі орта ғасырлардағы қалалық
тұрғын үйі туралы түсінік алуға мүмкіндік берді. VI-VII ғасырлардың бірінші
жартысына үйлердің екі үлгісі тән. Бірінші үлгідегі үй - бір бөлмелі, тік
бұрышты жоспармен салынған. Осындай көлемі 43 шаршы метр болатын үйлердің
бірінде ұзындығы 4 метрлік иілген дәліз бар. Кіреберісі тамбур пішіндес.
Батыс және солтүстік қабырғаларын бойлай ортасына қарай шығыңқы келген
сөрелі сөкілер орнатылған. Сәкілердің ені 1 м, шығыңқы жері — 1,2 м,
биіктігі 40-45 см. Кіреберістің қарсы алдынан ортаға ернеулері балшықпен
сыланған көлемі 1x1,5 м болатын тік бұрышты жер ошақ қазылған. Кіреберістің
сол жағында, тамбурда қалыңдығы 0,3 м қабырғада көлемі 0,2x0,2 м болатын
екі камин (қабырғадағы ошақ) орналасқан. Оңтүстік-шығыс бұрышы саз қалқамен
бөлінген, бұл - шаруашылық бөлімі, өзінше бір ас пісіретін алаң. Жайдың
еденінен тік бұрышты төрт шұңқыр — тіреуіш бағаналардың орны тазартылды.
Төбесінен, жарық түсетін әрі түтін шығатын тесік жасалған болса керек.
Сонымен бірге түтін есіктен де шыққан, сондықтан да ошақ пен каминдер
есікке жақын тұрды.
ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде
аршылған үйлердің құрылыс жүйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-
ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х
ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің
еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер
бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын
есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың
артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі
арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см,
беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды. Үйдің
төбесі бір немесе 3-тен 5 ке дейін белағаш қойылып немесе итарқа
етіліп жабылған. Үйдің төбесінің жабылуы оның көлеміне байланысты
болған.Тандыр ошақтың оң жақ бұрыш қабырғасында ыдыс-аяқ қоятын ұя-
тақта жасалады. Қабырғанын ортасында шырақ немесе әр түрлі ұсақ-
түйек құрал-саймандар қоятын ойықтар болады. Ал ошақтың алдында
күл түсетін шұңқырлары бар. ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері
құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын
қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер
аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп
атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың
сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады. Сәкілердің үстіне,
еденге орналасқан ашық ошақтар соқпақша, дөңгелек, таға тәрізді
болып келеді. Бөлмелердің көлемі әртүрлі болған. 30 шаршы метрден
40-50 шаршы метрге дейін жететіндері кездеседі. ХІІ ғасырдың
тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік – еденге орнатылған дөңгелек
немесе тік бұрышты темір ошақтар. Олар өсімдік және геометриялық
өрнектермен безендірілген. Бұл ошақтар Орта Азия тұрғын үйлері
бөлмесінің ортасындағы сандалдарға ұқсас. Бірақ тардың кигіз үй
ортасындағы ошақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мұндай ошақтардын
маңызы өте зор болған Олар үйге әрі жылу, әрі жарық берген.
Ошақ айналасына отырған отбасы мүшелері әңгіме-дүкен құрған, тәлім
тәрбие мәселелерін талқылаған [4].
ХІІ ғасырдағы және бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында
ташнау болған. Ташнау деген бүгінгі күнде көп қабатты үйлерде
пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі. Ол үшін ошақ
алдында терендігі екі үш метр шұқыр қазылып, оған түбі арнайы
тесілген күбі құбыр орнатылады. Тесіктін үстінен қалындығы 4 – 5
см, төрт бұрышты 30х30 см күдірілген кірпіштер төселіп, олардың
тесігінің астындағы күбі құбыр тесігінің тұсы ашық қалдырылады.
Кейбір ірі қалаларда ташнаудан арнайы қыш құмыралар тартылып,
қаланың сыртына қарай шығарылған.
Х – ХІІ ғасырлардағы Жетісу аймағындағы қалалардың үй
құрлыстарында өзіне тән жергілікті ерекшеліктері болды. Үй
бөлмөлері белгілі бір негізгі құрылыстың төңірегіне топтастырылып
салынады. Көлемі 500 – 600 шаршы метр келетін аумақ дуалмен қоршалып
, оның ішкі жағынан дуалға тақап жағалай тұрғын үйлер салынады
да, ортасы аула ретінде пайданылады. Мұндай тұрақжайлар кішігірім
қорған сияқты болған. Бөлмелері қатар – қатар орналасқан. Ортадағы
ашық аланаға мал қораланып, киіз үйлерде тігіледі. Мұндай жағдай
Жетісу қалаларында жиі кездеседі.

Қорғаныс құрлыстары
Әзірше олар да жеткіліксіз зерттелген. Оңтүстік
Қазақстанда Құйрықтөбе қамалының бекіністі дуалын зерттегенде оның
күйдірілген балшық блоктарынан қаланып, ені 2,7 м болғанын көрсетті. Оның
бұрыштарына ішкі жағында шағын орындары бар жартылай дөңгелендіріп
мұнаралар салынған.
Алдынғы орта ғасырлардағы замоктар мен қалалардың дуалдары қабырға ішінде
жоғарғы жағынан қалқалап жабылған алаң қайды алмастыратын галереялары жоқ
іргелі ғимараттар болған. Құйрықтөбе сарайындағы салтанат залының ішкі
көрінісі бейнеленген күйдіріп өрнектелген тақтада замок дуалы нақ солай
көрінеді. Жетісудың оңтүстік-батысындағы Қызылөзен қаласы орнының бекінісі
мейлінше ерекше. Шахристанға да, қамалға да, зиратқа да бекініс
тұрғызылған. Дуалдарға мұнаралар мен қақпалардың алдына құрылыстар
салынған. Шахристанды сыртқы жағынан ені 50 метрге дейін жететін ор қоршап
жатыр. Шахристанның бекініс дуалын көлденеңінен қазғанда мынадай құрылым
анықталды: сазбалшықты тұғырға биіктігі 2,5 м болатын күйдірілген балшық
блоктан дуал тұрғызылған. Оның ені - 2,5 м, биіктігі 5 м етіп қаланған жері
сақталған. Ішкі жақтағы бекіністі дуал алдында құрылыс салынбаған бос алаң
қалдырылған.
Қала зираттары
Қалалардың қасында зираттар болған. Бұл кездегі қабірлердің еңкөп
таралған түрі күйдірілген балшық кесектер мен шикі кірпіштен салынып,
төбесі күмбезделіп жабылған тік бұрышты құрылыстар болып келеді. Қазіргі
кезде олар обалар түрінде сақталған.
Қазақстанда мұндай құрылыс тұңғыш рет Арыстың орта ағысындағы Бөріжар
қорымынан табылды. Үйінділер астында басқа да құрылыстар - күйдірілген
балшық кесектерінен қаланған тік бұрышты қоршаулардың қалдықтары (төбесі
сақталмаған), ертедегі жер беті деңгейіне өзеннің малтатастары төселген, ал
кей жағдайда ыдыстардың сынықтары төселген қабірлер болды. Неғұрлым
ертеректе жерленгендері бір жаққа қарай ығыстырылып, кейін қайтыс
болғандарды бұрынғының қасына қойылып отырғандықтан бір қабірге бірнеше
кісі жерленген. Жерленгендер түрлі бағытта қойылған. Қорым обаларының
биіктігі 3-4 м болған жағдайда диаметрі 20 метрге дейін жеткен. Бұл
үлгідегі дағдылы қабірлер мына тұрғыда келеді: 32- обаның диаметрі 14—16,5
м және биіктігі 2 м сопақша үйінді түрінде болды. Оба үйіндісі астында тік
бұрышты шошақ төбелі төмпешік жатыр. Жерлеу лақатының көлемі 7,5 шаршы
метр. Оның ішіне ұзындығы 2,5 м, ал ені 0,75 м дәлізбен кіруге болады.
Лақаттың еденінен қаңқалардың шашылып жатқан қалдықтары кездесті. Адамды
жерлегенде қыш ыдыстар: шүмегі бар құмыралар, құятын ернеуі бар құмыралар,
сырты қызыл бояумен жылтыратылған сапты аяқтар қоса салынған. Сондай-ақ
сабы бар бір жүзді темір пышақтар, темір семсерлер табылды. Қару-жарақтар
ішінен жебелердің үш қанатты темір ұштарын атап көрсеткен жөн.
VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар

көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан

байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі
қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-
Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен
тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен
үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы,
Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар". Исфиджабта
шығысқа қарай т.б.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі -

(Трабан) деп те аталған.
IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадлибн Сахлдың басқаруымен
Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді
және Қарлұқ жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер VII-
VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл
дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Отырар
тоғыз жолдың торабында тұрған. Одан шыққан жолдың бір тармағы Шавгарға,
екінші тармағы Сырдариямен жоғары өрлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып
Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқұм арқылы Хорезм мен
Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін
болған [5].
ХIIғ. Жібек жолының бір бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың
үстімен жүрген,Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың
бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін

оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ыкпалы күшті
болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып
саналады.Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз.
Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры
Юстинианның елшісі Земарх Килликискийлі Батыс түрік кағаны Дизабул осы
Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан
таразды (далаесы) шеңбері 80-90лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда
орталығы деп сипаттайды. Олар көпестер қаласы деп аталған.
VII ғасырда Тараз Ұлы Жібек жолындағы ірі мекенге айналды. Оны
шапқыншылық кезінде түрік, қарлұқ, оғыз, тайпалары, араб және иран
жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи
мағлұматтар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген
кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған.Оған жақын жерде Айша-
бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып
безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қатты қирап тек батыс
жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына

ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың
басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып,
сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы
болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі
Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара,
Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп
жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз
сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі
Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы
саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала
діни орталыққа айналады. Сырдариядағы ірі қала Сығанақ. Қазақстаның
солтүстік мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында
орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір
Сығнақтың орнында Супақ-ата жұрты бар. Одан әрі Меркеге және Аспараға қарай
шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер
Шығыс Түркістанға барып жеткен [6].
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы
Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан
кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-
ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген
аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен
сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер
салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны,
асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып,
Қытайдан жібек, фар-фор, керамика әкелінген. Шеттен әкелінген бұйымдар
меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген
заттар табылды.Қалалардың өсуі, өркендеуі, сауданъщ дамуы, шаруашылығы
өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының
дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда
егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды.
Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс
өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына
келді екінші саласы Құйрық төбе, Алтын тебе, Жалпақ төбе, Марданкүйік
қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен
қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған.
Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы
Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас
жотасының тау баурайларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс,
Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.Жер кетпен тәрізді темір шоттар және
темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору
темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған.
Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен
және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың
төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы,
Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да
суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тар-тылған су
жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылыш, гүлдеп
тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер
кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп
соқты.
Құмыра хосаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ
жасаушылардың,ұсталардың,ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген
заттарына жоғары баға беріп арқа сүйеиді.Феодаддық тәуелді ("қара халық",
"қараша") деп аталды. Олар түрлі борыш, міндеттерді, оның ішінде ең
бастысы, әскери міндеті ("Қан салығы") өтеуге тиісті болды. Төуелді
тайпалар қағанға алым-салық төлеп тұрды. Үй немесе семья құлдары болды.
Батыс түрік қағандығындағы ішкі қырқыс оның әлсіреуіне әкелді. VII ғасырдың
аяғында Жетісуда қағаздықташ түркештер (шулық) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz