Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 5
1. Қоғамдағы кітапхананың алатын ролі
1. 1 Қазіргі кездегі кітапханалардың қоғамдағы ролі . . . 7
1. 2 Кітапхананың негізгі бағыттары мен міндеттері . . . 18
2. Сапалы кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету
2. 1 Қазіргі заман жағдайында оқырмандарға кітапханалық - библиографиялық қызмет көрсетудің мүмкіндіктері . . . 26
2. 2 Пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту . . . 37
3. Кітапхананы жаңа технологиялармен қамтамасыз ету
3. 1 Кітапхана жұмысының үдірісіне инновациялық ақпараттық технологияларды енгізу . . . 51
3. 2 Кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру . . . 59
Қорытынды . . . 74
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 76
ҚОСЫМША: А
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады.
ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Барлық білімнің қайнар көзі - кітапханада екені баршамызға анық.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.
Кітапхана қызметін дамытуда көпшілік кітапханалардың және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет-ақ.
Елімізде соңғы жылдары электрондық кітапханаларды құру қызметінің кең қанат жайып келе жатқанына орай кітапханаларда электрондық кітапханаларды құруға байланысты бірқатар шешілуі тиіс мәселелер бар. Көптеген кітапхана басшылары мен кітапханашылар электрондық кітапхананың не екенін; электрондық құжаттардың не екенін; электрондық кітапханаға электрондық құжаттың қай түрлерін енгізуі тиіс екені; дәстүрлі кітапхана технологияларының электрондық құжаттың өзгешелігіне қай дәрежде сәйкес келетіні; электрондық құжат кеңістігінің субъектілерінің қатынасы қалай құрылуы тиіс екені туралы анық түсінік кейде жетпей жатады.
Республикалық кітапханаларда электрондық-ақпараттық ортаны дамыту мақсатында деректер базасын қалыптастыру, қашықтағы пайдаланушылардың әралуан ақпарат ресурстарына еркін, жедел енуді ұсыну, сервис сапасын дамыту және инновациялық ақпараттық технология негізінде ақпараттық қызметтің тізбесін көбейту, жоғарғы оқу орындары бойынша тақырыптық деректер базаларын, қызметкерлердің еңбектерінің библиографиялық деректер базасын жасау жүргізу міндеттеледі.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Заман талабына сай қызмет көрсетудің мәнін, мазмұнын айқындайтын тәжірибелер арқылы зерттеу.
- Кітапханалық қызмет көрсету жолдары арқылы ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.
Диплом жұмысының міндеттері:
- қазіргі кездегі кітапханалардың қоғамдағы ролі;
- кітапханалық қызмет көрсетудің міндеттері;
- кітапханалық қызмет көрсету мен ресурстардың қолжетімді болуы;
- пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту;
- қазір заманғы кәсіби технологиялар мен қызметтерді игеру;
- кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру.
Зертеу объектісі: Кітапхана жұмысының үдірісіне инновациялық ақпараттық технологияларды енгізу.
Зерттеудің нысаны: Қазіргі таңда пайдаланушыларға сапалы автоматтандырылған кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсету.
Теориялық -методологиялық негізі: Дипломдық жұмысты жазуда
З. К. Қосуакова, А. Шапошников, В. К. Клюев, Т. Ф. Берестова, М. Я. Дворкина сияқты беделді кітапхана ісінің жанашырларының еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: Сауалнамалар жүргізілді, Республикамыздың алдыңғы қатардағы кітапханаларының модернизациялау кезеңдерінен тың деректер, негіздер келтірілді.
Ғылыми жаңашылдығы: Технологиялық үдірістерді модернизациялау негізінде кітапхана жұмысының мазмұнды аспектілеріне де өзгерістер енгізілуде. Интернет-ресурстарды игеру, жаңа ақпараттық технологияларға өту, кітапханаларды қазіргі заманғы ақпараттық мекемеге айналдыру, заманауи талаптарға сәйкес ақпараттық қызмет көрсету сапасын көтеруге ықпал ету.
Теориялық құндылығы:
- кітапханаларда жаңа технологияны пайдалана отырып сапалы қызмет көрсетудің көкейтесті мәселелері;
- кітапхана қызметінің қазіргі қоғамдағы ролі;
- кітапхана қызметіне заман талабына сай үдірістер енгізу ерекшелігі;
- компьютерлік технологияларды кітапханалық қызмет көрсетуде дұрыс пайдалану;
Практикалық құндылығы: Көркем әдебиетті оқу мәселесіне арналған жедел сауалнамаға аудандық кітапхананың 41 қызметкерлері қатыстырылды. Кітапханашылармен кітапхана жетекшілерімен сұхбаттасу сияқты нақты әлеуметтік зерттеулер мен кітапхана ісін бақылаудың дәстүрлі әдістемелері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, деректі көздері, тәжірибелері енгізілуі баяндалады.
Қорытындыда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін тілге тиек ете отырып: «Қазақстан ел болашағы - жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл - мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі . Болашақта білімді де, қабілетті, ел үшін аянбай еңбектеніп, Қазақстанның даңқын асыратынына, мәртебесін асқақтататына мен сенемін ». Қазіргі кезде адамдардың өскелең талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір бола тұра мүмкіндігінше жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуді көздеу.
1. Қоғамдағы кітапхананың алатын ролі
1. 1 Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың қоғамдағы ролі
Көк туымыз желбіреп егеменді ел атандық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекетіміз ТМД елдеріне ғана белгілі болса, қазір экономикалық және саяси жетістіктері нәтижесінде Қазақстан бар әлемге танымал. Аймақтық көшбасшылыққа ұмтылған Қазақстан, енді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Сол мақсатқа жету үшін, республикамыздың түрлі саласын дамыту бағыттары белгіленіп отыр. Солардың бірі мәдениет саласындағы кітапхана ісі жүйесі.
Барлық ғылым мен ілім бір ұрпақ ауысуында тоқырайды, ал оны қалпына келуіне жүздеген жылдар қажет [1, google. kz] .
Кітапхана ақпарат сақтаушы, адамдардың біліктілігін, білімділігін арттырушы мекеме болып табылады. Бүгінгі таңда кітапханашылар ақпараттандырылған қоғам тәрбиелеуде үлкен рөл атқаруда.
ХХІ ғасырдағы технологиялар дамуына қарамастан Қазақстанда кітапханаларды жаңа технологиямен қамтамасыз ету әлеуметтік - мәдени саланы және қоғамды ақпараттандырудың жаңа талабына сәйкес, кітапханаларды дамытудағы тұжырымдамаларды, стратегияларды ұзақ мерзімді бағдарламалармен жобалар жасау ғылыми әдістемелік негіздері мәселелерін шешу әлі де өзектілігін жоғалтпай отыр. Бір сәт шегініс жасасақ кеңестер дәуірінде мемлекеттің басты саяси деңгейіне дейін көтеріліп, ұрпақ тәрбиесінде қоғамдық - тарихи қажеттілігін дәлелдеген кітапханалар әлеуметтік тәрбие мекемесі ретіндегі рөлі толық құнсыздану жағдайына дейін құлдырап кетті.
Қазіргі ақпараттық қоғамның дамуы пайдаланушының орасан зор ақпараттық мәліметтерге кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етумен анықталады. Интернеттің қарқынды дамуы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету жүйесіне маңызды өзгерістерді енгізуде [2, 20] .
Әрине, жаһандық ақпараттандыру кітапхана қызметкерлерін де, оның іскерлік қабілеттеріне деген талаптарды да өзгертті. Электрондық қорларды ілгері жылжыту үшін пайдаланушыны ғана емес, сонымен қатар кітапханашыны да электрондық қорларды іздеуге және пайдалануға үйрету керек болып отыр.
Ақпараттық қоғамды құрудың әлемдік тенденциясы барлық деңгейдегі кітапханалардың тыныс-тіршілігіне, кітапханалық үрдіске де өз әсерін тигізбей қоймайды. Ақпараттық қоғамға батыл қадам жасап, ақпараттар ағынында алтын көпірдей болып, ақпарат пен пайдаланушының арасын жалғап тұрған маңызды тетік болып табылатын кітапханалар - ақпарат көзі, ақпаратты таратуды ұйымдастырушы, ақпараттық-кітапханалық мәдениетті тәрбиелеу орталығы, сауатты пайдаланушыны қалыптастыру орындарының бірі [3, 105] .
Ғаламдық ақпараттар қорының көзі болып табылатын ақпараттық жаңа технологиялар мен Интернет жүйесі дамыған біздің ғасырымызда оқырмандарға дәстүрлі түрде қызмет көрсету жеткіліксіз болып отыр. Осыған орай кітапханалар алдына жаңа міндеттер қойылуда және олардың арасында кітапхана қорын ақпаратты электрондық тасығыштармен және компьютермен жабдықтау, оқырмандарға оны ұсыну, оқырмандарға ғаламтор қорын пайдалану ерекше орын алады. Алайда оған қыруар қаражат пен уақыт керек. Кітапханалардың көкейтесті проблемалары: материалдық-техникалық базаны нығайту, заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықтау, кітапханашылардың ғаламтормен жұмыс істей алмауы.
Кітапханашылар мамандығындағы әлеуметтік дағдарыс, рефлекциялық мәдениеттің төмендеуі, кәсіби тәжірибе стереотиптерінің ауысуы, кәсіби сананы қайта құру, тіпті өз мамандық шеңберін өзгертпейтін, бірақ кәсіби қызметінің жаңа жағдайында жұмыс істеу бәсекелестігін туғыза білуде кітапханашыларымыз жаңа заман талабымен таласа алмады [4, 182] .
Тәуелсіздік мұраты жаңа ұрпақты жаңа санада, қазіргі қоғамдық өмірге бейім, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр. Бұл талаптардың жүзеге асыруда кітапханалар көптеген түйінді мәселелерге кезігіп отыр.
Кеңес дәуірінде адамның қабілеті бірдей, бір-бірінен айырмасы жоқ деген теңгермешілік, жансақ ұстаным кітапхана жүйесінде де орын алды. Кітапханашы қадірсіз мамандыққа айналып өзінің жеке тұлға ретінде дамуы дәрменсіз жағдайға ұшырады.
Көп жылдар бойы кітапханашылардың қызметтік моралдық іскерлік қасиеттерін зерделеу мен бағалау жүйесі дағдарысқа ұшырағандықтан бүгінде ауыл жағдайында өз білімін тереңдетуге қабілетті, басқару ғылымын меңгерген, психологиялық - кітапханалық білімдерді игерген, жаңа кәсіптік қасиеттері бар кітапханашылар сирек. Бұған кітапханашыларға еңбекақы төлеудің қазіргі жәй -күйі бойынша еңбек бағасымен іс жүзіндегі құнының арасындағы елеулі алшақтықтар да әсерін тигізіп отыр [5, 52] .
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті экономика қалыптастырып, өзге елдер өркениетімен мәдениетінен еш қалыспайтын білім жүйесін дамыту қажеттігі ескертілген. Осы орайда кітапхана мамандарын оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеруде жалпылама оқытудан гөрі ғылыми техниканың жаңа жетістіктерін игерген маман даярлау қолға алынуы қажет.
Сондықтан алдағы уақытта кітапханашылар дайындайтын жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік тапсырысты көбейту мәселелерін қою орынды. Өйткені кітапхана білім ошағы ғана емес, ол сол мекеннің мәдени және рухани ахуалын көрсететін құрметті орын.
Қазіргі кезде кітапханатану саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер, түрлі ынталы бастамаларға кең жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда оқырман тәрбиелеумен айналысатын кітапханашылық қызметтің тиімділігін арттыру оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі өзінен-өзі туындап отыр. Бұл үшін кітапханашыларымыз кітапхана қызметіндегі инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруді мақсат етуі тиіс.
Кітапхана саласындағы ізденістер, инновациялық жұмыстар ауылға қаншалықты тиімділік әкеліп жатыр? Кітапхана ғылымының өркендеуі үшін не істеу қажет? Әсіресе жас кітапханашылардың болашақта кітапхана мамандығын көптеп таңдауы үшін нендей шешімдер керек? Кітапханашының білімі мен біліктілігі, рухани әлеуеті, құқықтық және саяси мәдениеті қандай деңгейде болуы керек? Кітапханаларды түбегейлі автоматтандыру мәселесі қай ғасырда шешілетіні де күмән туғызады? [6, 99] .
Бүгінгідей ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған кезеңде теледидар мен интернет алғашқы орында. Интернетті пайдалануда ауыл оқырмандарының мүмкіндігі өте шектеулі. Ал отандық және әлемдік әдебиет байлықтарын оқығысы келетін оқырмандарымызға кітап қорларының 50 пайызы /мазмұны ескірген/ кітапхана қорлары оқырман сұраныстарын өтей алмайды.
Кітапханаларды осы күнге дейін оқырмандар тарту жоспарларымен, әртүрлі кітапхана саласын дамытуға арналған оқулықтармен, қосымша әдістемелік құралдармен қамту мәселесі шешімін таппай келеді. Жаңа стандарттар бойынша кітапханалық жұмыстың әдістемелік құралдары, жаңа оқыту технологиялары әбден керек-ақ. Қазіргі таңда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары аясында, жабылған кітапханалар мен мәдениет мекемелерін қайтадан ашу мәселелері күн тәртібіне қойыла бастады. Бір қатар игі шаралар да атқарылуда [7, 36] .
Кітапханалар тұрғындардың ақпараттық сұранысын қанағаттандыратын рухани орталық ретінде жұмыс атқаруда.
Кітапханаларда дәстүрлі интернет залдары оқырмандарға кешенді түрде ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Интернет қызметі, электрондық пошта, ақпараттық тасымалдау құралдарына деген оқырмандар сұранысы күннен күнге өсуде.
Оқырмандарының ақпараттық мәдениетін көтеруді жүзеге асыру үшін кітапханашылар әрбір өткізілген іс-шараларда жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Кітапханашылардың оқырмандармен жұмыс істеу әдістемесін жетілдіру, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Кітапханашылардың мәртебесін көтерудегі көкейтесті мәселелер және оны шешудің жолдары» сияқты семинар кеңестер өткізіледі [8, 42. ] .
Қазіргі күні кітапханалардың ең көкейтесті мәселесі кітапхана жұмысын жаңа сапада ұйымдастыру болып отыр. Кітапхана жұмысының формалары мен әдістерінде оқырман тартудың жаңа әдістемелік жобалары, жоғарғы оқу орындары жанынан кітапханашыларға көмек беретін ғылыми - әдістемелік құрылым, кітапханашылар үшін арнаулы курстық бағдарламалар ашылуы қажет.
Кітапхана жаздырып алатын бұқаралық ақпарат құралдары оқырманның санасына әсер етіп әлеуметтік ортаны қалыптастыратыны сөзсіз. Ондағы сөз болған мәселелер арқылы қоғамда маңызды саяси проблемалар талқыланады, ұлттық құндылық, мәдениет қалыптасып дамиды. Алайда кітапханалардың баспасөз құралдарына жазылу мәселесі де қаржыға келіп тіреледі. Бұл қазіргі кітапханалардың көкейтесті мәселесі жаңа ақпараттық технологиялармен түбірлі жабдықталуы болып табылады.
Дамыған елдер тәжірибесіндегі өңірлердегі рухани даму мәселелерін мемлекет пен бизнес қауымдастығы өзара бірігу арқылы шешу заңдылық негіздері бар. Осыған сәйкес экономикалық жағынан тұрақты Қазақстандағы әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорацияларының жұмысын мәдени жобаларға бағыттап әлеуметтік даму мәселесін шешу қағидаты бойынша жұмыс істеу принципі жүзеге асырылса, ауыл мәдениет орындарының біршама дамуына жол ашылар еді [1, google. kz] .
Елімізде жүріп жатқан барлық саладағы өзгерістер кітапхана ісіндегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін алға тартып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік -экономикалық жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын жасөспірімдер тәрбиесінде қиыншылықтар көбейе түсуде. Қазіргі кітапханашының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы жеке бас қызметінің мәдениеттілігі, яғни имиджі, өзін-өзі басқару шеберлігі, әдеби, сөйлеу шеберлігі және т. б. оқырмандармен қарым-қатынасының тәрбие жұмысында нәтижелі болуымен сипатталады.
Жалпы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау, қабілеттерінің ашылуына оңтайлы жағдай жасау;
Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру;
Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырмандардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде кітапхана ғылымында тәрбиені бірнеше бағытқа бөледі. Олар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, зерде мәдениеті, рухани адамгершілік, салауатты өмір салты, экономикалық, экологиялық, талғам және отбасылық өмір мәдениетіне тәрбиелеу. Көп жылғы кітапханалық тәжірибемізден байқап жүрміз, жоғарыда аталған тәрбие жүйесімен көптеген ұрпақтар тәрбиеленді. Алайда оқырмандарға тәрбие беру ісінің осы бір жүйесін қазіргі заманға лайықтап қайта жасау керектігі мәселесі туып отыр. Қазіргі кезеңде кітапханалық білім - тәрбие беру жүйесінің ең басты мәселесі - кітапханалық қызмет көрсетуді халықаралық деңгейге жуықтату.
Ол үшін кітапханаға заман талабына сай білім және тәрбие стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, ғылыми - әдістемелік бағытқа ынталандыру. Ауыл кітапханаларында бұрыннан қалыптасқан бағдарламалармен жұмыс істеу стилі ескірген. Кітапхана барлық тұлғасымен жаңа оқуға жаңа жұмыстар қызметіне бейімделуі тиіс [3, 221] .
Бүгінгі таңда кітапханалық білім беру саласының басты міндеттерінің бірі келешек ұрпақтарының дүние танымын дұрыс қалыптастыру. Соған сәйкес кітапханадағы оқу тәрбие жұмысында бұл міндет ерекше назарда болуы тиіс. Оқырмандар дүниетанымын қалыптастыруға әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың ішінде адамның өмір сүру ортасы, материалдық жағдайлары, ақпаратты алу құралдары, оқыту және тәрбиелеу бар. Біздің ауылымыздағы жастар мен жасөспірімдердің биік азаматтығын, олардың еңбек ету, білім алу, кәсіби дайындықтарын жетілдірумен әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыруда жергілікті атқарушы органдармен байланыс сабақтастық жүйесі әлсіздігін көрсетіп отыр. Жастардың осы бағыттағы іс әрекетіне практикалық бағыт-бағдар жеткіліксіз болғандықтан, ақпараттық құқықтық тәрбие беру деңгейі төмен.
Кітапханалардың тұрақты оқырмандары болып саналатын 18 - 29 аралығындағы жастардың құқықтық білім алудағы, өзін-өзі еңбекпен қамтудағы толық ақпаратқа ие болу, кәсіби білімін жетілдіру, күрделі шаруашылық және әлеуметтік мәселелерін құқықтық тұрғыда шешу, жаңа заманның ғылыми - техникалық жаңалықтарын дер кезінде пайдалануда ауыл жағдайында көптеген шешілмеген проблемалар бар. Жастар тәрбиесімен түбегейлі айналысып жүрген мамандар да мұны жоққа шығармайды [9, 234] .
Жылдан жылға күрделеніп бара жатқан жастар арасындағы тәлім тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жаңа жүйеге бейімдеу мақсатында өткізіліп жүрген алқалы жиындардың да оңды нәтижеге қол жеткізбей, жәй әңгіме деңгейінен аса алмай қалатындығы жасырын емес.
Кітапханашыларымызды әлеуметтендіру кітапхана мамандығы бойынша қайта бейімдеу жүйесінің жұмысы сын көтермейді. Республикамызда кітапханашылардың маман тұрғысында қалыптасу, жан-жақты білім алу, еңбек және медициналық, психологиялық - педагогикалық, құқықтық- ақпараттық қызметтермен қамтамасыз етілуде, олардың әлеуметтік бейімделуіне және оңалуына жәрдемдесетін жүйелердің мүмкіндігі өте аз.
Кітапханалар рухани тәрбие беруде қазіргі оқырманның сұранысын қанағаттандыру, оқу материалдарын игерудің сан түрлі әдістерімен жұмыс істеуде жаңа технологияның жоқтығынан қауқарсыз отыр. Өйткені қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің нақты азаматтық позициясында дүдәмалдық басым. Жастардағы әлеуметтік белсенділік әлсіреп, патриоттық сезім төмендеп кеткен. Мұндай жағдай жас ұрпақ дүниетанымына өзгеріс жасап жалпы тәлім-тәрбие ісі жағдайына кері ықпалын тигізуде [1, google. kz] .
Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздыққа қарсы күрес жүргізілгеніндей, компьютерлік сауаттандыру жөніндегі ауқымды іске барлық мемлекеттік қызметкерлер сияқты кітапханашылар да тартылуы қажет. Кітапханашы компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс. Осыған байланысты ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін кітапхана саласында төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс:
Кітапханашылар: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желіні, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиалық, электрондық оқулықтарды кітапхана ісіне тиімді пайдалану арқылы;
Казіргі заман кітапханашысының терең білімді, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болуды талап ету;
Кітапханашының шығармашылық әлеуетін дамыту бұл оның өзін-өзі дамыту үрдісі шығармашылық әрекет арқылы кітапханалық білім берудің сан түрлі әдістерін шеше білу;
Тұлғалық және интеллектуалдық дамуға жол ашу, осыған сәйкес кітапханашы өзінің кітапханалық қызмет көрсету әрекетіне баға бермейінше, оның кәсіби шығармашылық әлеуетінің дамуы жайлы сөз етуі де артық болады [1, yandex. ru. ] .
Сондықтан кітапхана ісін дамытуда кітапханашылардың кәсіби шығармашылық қызметінің құрамында мақсаткерлік, оның әдістері, өзін-өзі бағалау, жаңа нәтижелерге жету, әрі қарай өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік болса, ақпараттық әлеуметтік қызметтің тұтас сапалы кадрлық жүйесі құрылады. Оқырмандардың осы заманғы ақпараттарды алудағы шектеусіз әлемдік рынокқа шығуын, әлемдік біліммен ақпараттың негізгі ортасына өз ауылынан қосылу, бүкіл әлеммен еркін байланысқа түсу мүмкіндігін қамтамасыз етуде жоғарыдағы аталған кітапхана ісіндегі іс қимыл әрекеттері нақты өмірге керек.
Кітапхана мамандарының кәсіби дайындықтарын жетілдірудегі шеберліктерінің шыңдалуы, олардың Конституциялық құқықтарын қорғау мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды өз қызметінде пайдалану арқылы кітапханашылардың тыныс тіршілігінде өмір сүруге қабілеттілік, біліктілік мотивтері қалыптасады [1, google. kz] .
Кітапхана мамандарын жаңа деңгейде қайта дайындау кітапхана ісінің кәсіби саласын жоғары деңгейге көтеріп, кітапхана жұмысының жаңа сапалық тетігі іске қосылып, жүйелі, үздіксіз кітапханалық қызметті жүзеге асырудың нақты қажеттілігі туады.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияларды қолдану - кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, рухани құндылықтарымызды қолжетімді деңгейде пайдалануына игі ықпалы болары анық. Заман талабы да осыны міндеттейді.
Соңғы жылдарда кітапханалық қызмет көрсетуде компьютерлерді, сандық жүйелер мен ғаламторды қолдануымен байланысты маңызды өзгерістер пайда болды. Ешқашан да кітапхана қорлары қазіргі күнде сияқты ашық болған емес. Жаңа технологиялар сұранымды жіберу, ақпаратты алу мен жеткізу процесстерін жеңілдетеді [6, 98] . Дегенмен, электрондық қорларын пайдаланудың өсуімен кітапханалардың келімі төмендеп барады. Қазіргі ұрпақ компьютерлермен бірге бой жетіп барады және виртуальдық ақиқатта өздерін еркін сезеді. Ол үшін Web - тек ақпарат дерекнамасы ғана емес, сонымен бірге араласу, істестік пен өз ойын білдіру орыны болып табылады. Бұл кітапханаларды қызмет көрсету үшін инновациялық шешім табуға және оқырман үшін қолайлы тәсілдерді пайдаланып қызмет көрсетуге мәжбүр етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz