Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Айдос Нұргүл
« Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни
бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері »
Дипломдық жұмыс
050301 «Заңтану» мамандығы
Көкшетау 2013
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көкше» академиясы
Қорғауға жіберілді
«» 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі
з. ғ. к. Сыздықова Ғ. И.
(қолы)
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: “ Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері ”
050301 «Заңтану» мамандығы бойынша
Орындаған Айдос Н.
Ғылыми жетекшісі Кушумбаев
Жетекшінің ТАЖ ғылыми атағы, қызметі
Көкшетау 2013
«Көкше» академиясы
департаменті
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(тегі, аты-жөні)
ТобыМамандығы
Дипломдық жұмыстың тақырыбы
ЖОО бұйрығымен бекітілген №__ "__" 20__ж.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі "___" 20__ж.
Орындалған жұмысы туралы мағлұмат
Дипломдық жұмысына туындаған сұрақтар немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны :
а)
ә)
б)
Графикалық материалдардың тізбесі
Негізгі әдебиеттер
Жұмыс бойынша не оның бөлімдеріне қатысты белгіленген кеңестер
Тапсырманың берілген күні
Департамент директоры // Тегі, аты-жөні, қолы
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі// тегі, аты-жөні, қолы
Тапсырманы орындауға алған
студент // Тегі, аты-жөні, қолы
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР, CИМBОЛДАР МЕН АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕРДІҢ
ТІЗІМДЕМЕСІ
КІРІСПЕ 5
1. ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН
ҚЫЗМЕТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8
1. 1 ҚР көп партиялық жүйенің қалыптасуы 8
1. 2 Қоғамдық бірлестіктердің конституциялық құқықтық мәртебесі 12
1. 3 Діни бірлестіктер және олардың мемлекетпен қатынасы 15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 20
2. 1 Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің құрылуы
және олардың құқықтары мен міндеттері 25
2. 2 Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметінің жүзеге
асырылу тәртібі 35
2. 3 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің негіздері 36
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 37
3. 1 Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн
жауапкершiлiк 40
3. 2 Діни бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру 43
3. 3 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар жұмысының
белсенділігін арттыру мәселелері 45
ҚОРЫТЫНДЫ 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60
КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы . Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттерінің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Бұған сай Қазақстан Республикасының Конституциясынын 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары одан ешкім айыра алмайды деп көрсетілген. Осыған орай адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың маңызы ерекше болып табылады. Қазақстан мемлекті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік жане басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық жан-жақты көрініс табуы болып табылады.
Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген Конституцияның 1-бабының 2-тармағында. Яғни «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (Конституцияның 12-бабының 3-тармағы) . Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5 -тармақ) [1] .
Бірлесуге бостандық құқығы адам және азаматтардың аса маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Заң бойынша Конституцияға, мемлекет заңдарына қайшы келмейтін, олардың ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп аталады. Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, белсенділігі мен өзіндік қызметін дамыту, кәсіби және өзі құмартқан мүдделерін, қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларға қатысу, мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын өткізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, патриоттық және гуманистік тәрбие, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және басқа мақсаттарда құрылып, жұмыс істейді. Бірлесу құқығы жүзеге асырудың сипатына қарай жеке және ұжымдық құқыққа бөлінеді.
Азаматтардың саяси, әлеуметтік және басқа да құқықтарына қарсы қылмыстық жауаптылық нормалары қылмыстық кодекстің төртінші тарауында көрсетілген. Бұл қылмыстық заң нормалары азаматтардың конституциялық осы құқықтары мен бостандықтарын қорғауда аса маңызды рөл атқарады.
Айтылып отырған қылмыстың топтық объектісі болып азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары саналады.
Азаматтарға ерекше құқықтар мен бостандықтар бере отырып, оларды қорғау мәселесі өз жөнін табуы орынды болып табылады. Сондықтан да аталмыш тақырыптың маңыздылығы сол, мемлекеттің өз азаматтарына берілген және оларға табиғи тұрғыдан тумысынан жазылған құқықтарын қорғау, олардың мемлекеттің саяси өміріне араласуына кепілдіктер бере отырып оны қалыпты жағдайда жүзеге асыруын қадағалау маңызды болып табылатыны белгілі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі. Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы оның бостандықтары мен құқықтарына зиян келтіру мен шеттетуден туындайтын қылмыстарды саралау мәселесіне байланысты теориялық және тәжірибелік негіздемелері мен шарттары талқыланып, қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметі құқықтық негіздерін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді қарастырамыз:
- ҚР көп партиялық жүйенің қалыптасуы;
- Қоғамдық бірлестіктердің конституциялық құқықтық мәртебесі;
- Діни бірлестіктер және олардың мемлекетпен қатынасы;
- Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің құрылуы және олардың құқықтары мен міндеттері;
- Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметінің жүзеге асырылу тәртібі;
- Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің негіздері;
- Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
- Діни бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру;
- Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар жұмысының белсенділігін арттыру мәселелері;
Демократиялық қоғамда саяси жүйе, саяси әр алуаңдылық пен адамдардың ойлары мен мүдделерін көздейтін әр түрлі қарама-қайшы партиялық күштер негізінде жұмыс істейді. Ондай көріністерді сайлау науқаны кезінде сезілетінін білеміз. Бірақ, қалай да болса, саяси жүйе ешқашанда заң шеңберінен шыға алмайды, оның іс-әрекеттері тек заңның нысандарына сай болуы қажет. Қазақстанда демократизация барысында саяси әр алуандылық, көппартиялық қалыптаса бастады. Әдетте мемлекет қоғамдық бірлестіктердің және қоғамдық бірлестіктер мемлекет істеріне заңсыз араласпайды. Бірақ бұдан келіп мемлекет қоғамдық бірлестіктерді құруға және оның кейбір мәселесін шешуге мүлдем араласпайды деген жалған ой тумауы керек. Тек заңды реттерде ғана, қоғамдык бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жасауына, олармен келісімдерге келуге әбден болады, тіпті белгілі бір жүмыстарды орындаудары да мүмкін.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктердің қызметін жүзеге асыруы мәселесіне байланысты теориялық және тәжірибелік мәліметтер жан - жақты талқыланып, қарастырылды.
Зерттеу объектісі: Қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктердің қызметінің құқықтық негіздерін саралау болып табылады.
Зерттеу пәні: Қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктердің қызметінің ұйымдастырылуы, олардың құқықтары мен міндеттері, діни бірлестіктерді, саяси партияларды құру, қайта құру, тарату, тіркеу олардың мемлекетпен байланысы және қазіргі уақыттағы қызметін жүзеге асыру жағдайы мен ахуалына, заң алдындағы жауапкершілігі мен міндетіне байланысты қатынастар саналады.
Зерттеу тәсілдері: Жалпы диалектикалық, салыстырмалы құқықтану, жүйесі - құрылымды, саралау тәсілдері қолданылады.
Ғылыми жаңалығы: Қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктердің қызметін реттеудің теориялық негіздемесі ретінде негізгі шешілу жолдары көрсетілген, практикада қолдануға ұсыныстар берілген.
Зерттеудің практикалық негіздемесі болып - қоғамдық бірлестіктер мен діни бірлестіктердің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдаушылармен құқықтық реттеу механизім жетілдіру.
Зерттеу жұмысының құрылысы:
Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеті, зерттеу объектісі, пәні, мәні, ғылыми жаңалығы, әдістемелік негізі, зерттеу деңгейі және жұмыстың құрылысы қарастырылған.
Бірінші бөлімде, қоғамдық бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық негіздері, ҚР көп партиялық жүйенің қалыптасуы, қоғамдық бірлестіктердің конституциялық құқықтық мәртебесі, діни бірлестіктер және олардың мемлекетпен қатынасы қарастырылды.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінің құқықтық негіздері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктердің құрылуы және олардың құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер қызметінің жүзеге асырылу тәртібі, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар қызметінің негіздері талқыланған.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру мен жетілдіру жолдары, қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк, діни бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру, Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар жұмысының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланған. Жұмыстың соңында қорытынды жасалып, қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.
1 ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 ҚР көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
ҚР Конституциясы идеологиялық және саяси көпқырлылықты жақтайды. Идеологиялық көпқырлылық дегеніміз әр түрлі, тіпті, бір-бірімен қарама-қарсыға дейінгі идеологиялық көзқарастар мен ағымдардың өмірде орын алып, әрекет етуіне жол ашылуын білдіреді.
Саяси көпқырлылық әр түрлі саяси партиялар мен ұйымдардың, сондай-ақ негізгі саяси партиялар мен ұйымдардың өзара әрекеттері мен тепе-теңдігіне негізделкген билік жүйелерінің өмір сүретіндігін білдіреді .
Саяси және идеологилық көпқырлылық бір - бірімен өзара байланысты құбылыс. Саясатты адамның, таптардың, көпшілік пен тұтас қоғамның санасынан, олардың мүдделерінен, қажеті мен дүниетанымынан бөліп алуға болмайды, сондықтан идеология мен саясат тікелей сіңісіп кетеді. Нақты саясатты әдетте идеологияның қолдаушысы саяси партиялар жүзеге асырады.
ҚР саяси партиялар туралы ұғым заңда берілген. Яғни саяси партиялар деп - ҚР азаматтарының мемлекеттік билікті жезеге асыруда олардың саяси еркін белдіріп, жариялауға өздерінің өкілдерін қатыстыру арқылы ықпал ететін ерікті түрдегі бірігу танылады. Саяси партиялар қоғамның саяси өміріне қатысу, азаматтардың саяси еркін қалыптастырып, жүзеге асыруға және заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік билік органдарын қалыптастыруға қатысу үшін құрылады. [2]
Конституцияның 5-бабы саяси партиялардың негізгі қағидаларына арналған.
1. Идеологиялық және саяси әралуандылықты тану әр түрлі идеологияға негізделген әр түрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіздердің жасалғандығын білдіреді.
2. Саяси партиялар мемлекеттік органдардан тәуелсіз жұмыс істейді. Мемлекет пен саяси партияларджың қосылып кетуіне жол бермеу үшін конституция мемлекеттік органдарда саяси партиялар ұйымдарын құруға тыйым салады.
3. Конституция барлық саяси партиялардың заң алдындағы теңдігін белгілейді. Барлық партиялар конституцияны және саяси партиялар туралы заңдарды сақтауы тиіс.
4. Конституция мемлекеттің саяси партиялардың ісіне араласуына тыйм салады.
5. Саяси партияларға мемлекеттік органдар қызметін жүктеуге жол берілмейді.
6. Сасяи партияларды мемлекеттік қаржыландыруға тыйм салынады. Саяси партиялар шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардан, шет мемлекеттер мен хылықаралық ұйымдардан қаржылай құралдарын алмауы тиіс. ол мемлекеттің егемендігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
7. Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық алауыздықты қоздыруға бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметіне тыйм салады.
8. ҚР -да басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол берілмейді.
9. Діни негіздегі саяси партияларға тыйм салынады.
ҚР 1996 жылғы екінші шілдедегі «Саяси партиялар туралы» заңы партияларды құрудың құқықтық негіздерін, олардың құқықтары мен міндеттерін, қызмет кепілдігін белгілейді, олардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейді.
Азаматтардың заңға сәйкес партияға бірігу құқығы мынадай жағдайлардан тұрады.
1. Азаматтардың партияларға еркін бірігуге және еркін шығуға құқығы бар. 18 жасқа толған ҚР азаматы партияға мүші бола алады. Шетел азаматтары, азаматтығы жоқтарға ұжымдық мүшелікке жол берілмейді. Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар партияның мүшелігіне қабылданбайды. Президент саяси партияның қатарында болса, өзінің өкілеттігін жүзеге асырған кезде партиядағы өз қызметін тоқтата тұрады.
2. ҚР азаматы тек бір партияға ғана мүше бола алады.
3. Саяси партияның мүшесі болу азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмайды.
4. Кез келген азамат өзінің қай партияға жататынын және жатпайтынын көрсетуге құқылы. [3]
Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың кепілі қызметін атқарады. Ол барлық партияны қорғауға тиіс. Өйткені барлық партия заң алдында бірдей.
Партиялар өз мүшелерінің еріктілігі мен теңқұқықтылығы, есептесушілігі, жариялылық пен заңдылық, өзін-өзі басқару және өзін - өзі қаржыландыру принципі негізінде құрылады және әрекет етеді. Партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрыллады.
Партиялар қызметінің өрісі кең. Олар: өздерінің қызметі туралы ақпараттарды таратуға, өздерінің мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға (оқу процесінде емес) ; еріктілік негізде ассоциацияларға (одақтарға), сайлау блоктарына бірігуге; ҚР Президенттігіне, Мәжіліс және маслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынуға; өз өкілдері арқылы Сенат депутаттығына кандидаттар ұсынуға; БАҚ құрылтайшылығына; баспа қызметін жүзеге асыруға; жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер, бой көрсетулер өткізуге және басқаларына құқылы.
1. 2 Қоғамдық бірлестіктердің конституциялық құқықтық мәртебесі.
Бірлесуге бостандық құқығы адам және азаматтардың аса маңызды конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Заң бойынша Конституцияға, мемлекет заңдарына қайшы келмейтін, олардың ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін құрылған саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп аталады.
Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, белсенділігі мен өзіндік қызметін дамыту, кәсіби және өзі құмартқан мүдделерін, қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларға қатысу, мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын өткізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, патриоттық және гуманистік тәрбие, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және басқа мақсаттарда құрылып, жұмыс істейді. Бірлесу құқығы жүзеге асырудың сипатына қарай жеке және ұжымдық құқыққа бөлінеді. [4]
Бірлесу құқығын жеке жүзеге асыру:
1) азаматтың қызмет етуші бірлестіктерге кіруі;
2) азаматтардың жаңа қоғамдық бірлестіктер құруға қатысуы;
3) азаматтардың қоғамдық бірлестіктерден еркін шығуы;
4) қоғамдық бірлестіктің өз ішінде белгілі бір мәртекбені иелену жолымен жүргізіледі.
Ұжымдық жезеге асуы оның қызмет процесінде өтеді. Олар қызмет саласының ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) саяси бірлестіктер;
2) саяси емес қоғамдық бірлестіктер;
3) діни бірлестіктер.
Қоғамдық бірлестіктердің оларды бір топқа біріктіруге мүмкіндік беретін ортақ қырлары бар:
1. Олардың барлығы коммерциялық емес бірлестіктер болып табылады. Қоғамдық бірлестіктердің ақшалай қаражаты ұйымға кіру және мүшелік жарналардан, қайырымдылық жасаудан, жарғыға сәйкес лекциялар өткізуден түскен қаражаттардан, өндірістік немесе өзге де шаруашылық қызмет табысынан, заң тыйм салмаған басқа да түсімдерден құралады.
2. Барлық қоғамдық бірлестіктерді құру мен оның қызмет ету принципі ортақ принцип болып табылады.
3. Барлық қоғамдық бірлестіктер өз қызметін Конституцияға және басқа да заң актілерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. Олар заң нормаларын бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
4. қоғамдық бірлестіктер еректілік, мүшелерінің тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, есептесу және қызметінің жариялылығы негізінде құрылады және әрекет етеді.
5. Азаматтың қоғамдық бірлестікке қатысуы немесе қатыспауы оның конституциялық құқығы болып табылады.
6. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекет ісіне заңсыз араласуға құқығы жоқ.
Жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қоғамдық бірлестіктер ҚР заңдарыныда белгіленген тәртіппен:
- өз қызметі туралы ақпарат таратуға;
- соттар мен басқа да мемлекеттік органдарда, өзге де қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
- БАҚ құруға; жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізуге; баспа қызметін жүзеге асыруға;
- халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктерге кіруге;
- ҚР заңдарына қайшы келмейтін өзге де өкілеттіктерді жүзене асыруға құқылы.
Барлық қоғамдық бірлестіктердің міндеттері де ортақ:
ҚР заңдары мен жарғыда көрсетілген нормаларды сақтау;
өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және шешімдермен танысуын қамтамасыз етуге т. б. міндетті.
Мемлекет егемендігін, қауіпсіздігін, азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажеттігіне орай мемлекет белгілі бір қоғамдық бірлестіктерді құруға және қызмет етуіне тыйым сала алады.
Мақсаты мен іс-әрекеті ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға, сондай-ақ заңда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға бағытталған қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастыруға және олардың қызметіне тыйым салынады. [5]
Қоғамдық бірлестіктердің қүқықтық мәртебесінің негіздері.
1. Демократиялық қоғамда саяси жүйе, саяси әр алуаңдылық пен адамдардың ойлары мен мүдделерін көздейтін әр түрлі қарама-қайшы партиялық күштер негізінде жұмыс істейді. Ондай көріністерді сайлау науқаны кезінде сезілетінін білеміз. Бірақ, қалай да болса, саяси жүйе ешқашанда заң шеңберінен шыға алмайды, оның іс-әрекеттері тек заңның нысандарына сай болуы қажет. Қазақстанда демократизация барысында саяси әр алуандылық, көппартиялық қалыптаса бастады. Партиялар әр түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып жұмыс істеп жүр. Парламенттің өзінде депутаттық топтар бірігіп қызмет етуде. Әдетте мемлекет қоғамдық бірлестіктердің және қоғамдық бірлестіктер мемлекет істеріне заңсыз араласпайды. Бірақ бұдан келіп мемлекет қоғамдық бірлестіктерді құруға және оның кейбір мәселесін шешуге мүлдем араласпайды деген жалған ой тумауы керек. Тек заңды реттерде ғана, қоғамдык бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жасауына, олармен келісімдерге келуге әбден болады, тіпті белгілі бір жүмыстарды орындаудары да мүмкін. Мысалы, қоғамдық бірлестіктердің мүдделерін қозғайтын мәселе-лерді олармен келісе отырып мемлекеттік органдар шешеді және қүқықтык нормалардың орындалуын үнемі бақылап, қадағалап отырады.
2. Қоғамдық бірлестіктер туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Конституциясьшан және 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан көруге болады. Бұл занда КР азаматтары-ның бірлесу бостандығы құқығы, қоғамдық бірлестіктердің мәртебесі оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату құқыктары мен міндеттері және т. б. сөз етіледі. Қоғамдық ұйымдардың әр түріне бағытталған бұдан да баска зандар бар, мысалы, 2002 жылғы 15 шілдедегі "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Кәсіптік одақтар туралы заң және т. с. с.
3. Қоғамдық бірлестіктер үғымы және оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары (формалары) . Жоғарыда айтылған заңда қоғамдық бірлестіктер ұғымына түсінік береді. Онда: "Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, зандарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады және олар коммерциялық емес ұйымдар қатарына жатады", - делінген. Қоғамдык бірлестіктер қызметі оның мүшелері мен қатысушылар арқылы атқарылады, олар жеке адам не занды тұлға түрінде болуы да мүмкін. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы сол, егер мүшелікке жеке адамның арызы арқылы алынса, онда қатысушылар қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің санын есептеу қажеттілігінен туындайтын құжаттарда белгіленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz