Қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыру

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . . 3

І Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының дамуы мен қонақжайлылық индустриясының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы . . .

1. 2. Қонақ үйдің негізгі қызметтері және оларға сипаттама . . .

1. 3 Шетелдік қонақ үй кәсіпорындарының негізгі тәжірибесі . . .

ІІ «HOTEL PLAZA» мейрамхана -қонақ үй кешенінің экономикалық-қаржылық жағдайына талдау

2. 1 «HOTEL PLAZA» мейрамхана -қонақ үй кешеніне жалпы сипаттама . . .

2. 2 «HOTEL PLAZA» мейрамхана -қонақ үй кешенінің қаржылық-экономикалық жағдайына талдау . . .

2. 3 Қазақстан Республикасы бойынша қонақ үй шаруашылығымен көрсетілген қызмет көрсеткіштерін талдау . . .

ІІІ Қонақ үй шаруашылығындағы қызметті ұйымдастыруды дамыту жолдары

3. 1 Қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту . . .

3. 2 «HOTEL PLAZA» мейрамхана -қонақ үй кешенінде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары

3. 3 Қонақ үй қызметінің экономикалық тиімділігін көтеру жолдары . . .

Қорытынды . . .

Қосымша . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі - арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй нарығын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары - арзан сегменттегілер. Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.

Дегенмен, елімізде қонақ үй құрылысы қарқын алып келеді. Осыған сай Астанадағы бірқатар қолжетімді қонақ үйлерді қайта жаңғырту есебінен нөмірлік қор қысқарды. Нәтижесінде экономикалық жоғары классты қонақ үйлерге сұраныс көбейді, ал онда қызмет көрсету құны аса қымбат.

Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді.

Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер - диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

Зерттеу жұмысының мақсаты- Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек :

- қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

- «Hotel Plaza» мейрамхана-қонақ үй кешенінің қаржылық жағдайына талдау жүргізу;

- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

- қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.

Зерттеу нысаны - Көкшетау қаласындағы «Hotel Plaza» мейрамхана-қонақ үй кешені

Зерттеу пәні- қонақтарды орналастыру орнындарындағы қызмет көрсету

Зерттеудің нормативтік-ақпараттық базасы мен мәселелерді әзірлеу деңгейі. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Астана қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары, «Hotel Plaza» АҚ жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған - ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар - қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы - бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

  • мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;
  • теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;
  • қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы) : Диплом жұмысы қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға енгізумен қамтамасыз етілді.

Диплом жұмының әдіснамалық және теориялық негіздері: Диплом жұмына А. С. Манап, К. И. Ахметова, Ә. Сәрсенбаев, Ю. Ф. Волков, Ж. С. Рахимбекова, Л. П. Шматько, А. Т. Бейжанов, Е. Я. Морозова, Э. Д. Тихонова, Г. А. Папирян, Н. И. Кабушкин, Г. А. Бондаренко, А. Д. Чудновский, А. А. Романов, В. Г. Гуляев, О. Л. Волкова, Е. А. Соболева, О. В. Ефимова тәрізді зерттеуші ғалымдардың ғылыми еңбектері мен жекелеген мақалаларының негізгі теориялық тұжырымдары тірек болды.

Жұмыс құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс көлемі - бет.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы, қонақ үй қызметін ұйымдастыру, қонақ үйдегі негізгі қызмет түрлері мен шетелдік тәжірбиеге де сипаттама берілген.

Диплом жұмысының екінші бөлімінде «Hotel Plaza» мейрамхана-қонақ үй кешенінің экономикалық қаржылық жағдайына талдау жасалды. Бұдан бөлек, кәсіпорынға жалпы сипаттама беріліп, барлық бөлімдегі қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне сай атқаратын жұмыстары атап көрсетілді. Кәсіпорындағы еңбек персоналдары - негізгі ресурс көзі. Қонақ үйге келетін кірістің барлығы осылар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан «Hotel Plaza» мейрамхана-қонақ үй кешенінің мейманханасындағы қызметшілерге қойылатын талаптың жоғары болуы - заңдылық.

Үшінші бөлімде қонақ үй қызметін дамыту ісі баяндалады. Сондай -ақ «HOTEL PLAZA» мейрамхана -қонақ үй кешенінде қызмет көрсетуді ұйымдастыруды оңтайландыру жолдары бойынша ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты өзге де материалдар үлгілері ұсынылды.

І Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының дамуы мен қонақжайлылық индустриясының теориялық негіздері

1. 1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындардың эволюциясы

Адам баласының негізгі мекені - жеке үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз шаңырағында өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос-жарандарымызға барып, кешкісін үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысына, іссапарларға және өзге де себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар аялдайтын бірден-бір орын - мейманхана.

Қаланы саяхаттай жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар, мейрамханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі. Керісінше қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Осы ретте қаланың нақ ортасынан да, қала маңынан да алдымен байқалатын бір ғимарат - мейманхана. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындарға кенде емеспіз. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.

Тұтынушылардың көзқарасынша мейманхана - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.

Қонақ үй шаруашылығының шығуы және дамып жетілуі қоғамымыздың даму тарихымен тікелей астасып жатыр. Ең алғашқы мейманханалық мекемелер - ежелгі Шығыстың өркениетті елдерінде саяхат жасаушы адамдарға қызмет көрсету мақсатында біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдай бұрын пайда болған.

Ерте дәуірлерден-ақ римдіктер мемлекет мұқтаждықтарына қарай саяхат жасаушыларға арнайы ғимараттар тұрғыза бастапты. Жол бойында ерекше сән түзеген бұл ғимараттар бір қарағанда сарай секілді. Меймандостық мекемелерін құру жолында Шығыс, Азия және Кавказ елдеріндегі сауда байланыстарының дамуы үлкен роль атқарды. Аталған аймақтардың территориясы арқылы алып сауда жолдары қалыптасты. Осылайша тауар жүктеген керуендер көші басталды.

Саяхат жасаушыларды түнету мақсатында сауда жолдарын жағалай керуендерді жайғастыратын орындар құрылды. Ұлы қабырғамен айнала қорғалған сарайлар кезінде керуеншілерді қолайсыз ауа-райынан, сондай-ақ түрлі жол азабынан сақтады.

Орта ғасырлардағы қонақжай орындарын дамытудың діни дәстүрлерге де ықпалы болды.

Қонақ үй шаруашылығын дамытудағы тағы бір елеулі кезең Еуропадағы ат күшімен атқарылатын пошта және көлік қатынасының орнауымен байланысты бекеттер. Пошта жолы бойында мемлекеттік тасымалдауға, сондай-ақ демалыс орындарына қызмет көрсететін пошта бекеттері пайда болды.

ХV ғасырларда тұрғын сарайлар пошта бекеттеріне біріктірілді. Оларға мейманхана деген атау тағылды. Осыдан соң кейбір ірі қалаларда қонақжай орындарының қатары біртіндеп көбейе бастады. Бірақ, бұлар - өзгеше сипатта. Мұндағы ерекшелік - жолаушы-жүргіншілердің орналасып, тамақтануымен қатар, олардың коммерциялық құрылымдарын жетілдіруіне жол ашылғандығы. Осыған орай, қонақ үйлерде жабдық бөлмелер, сауда қатарлары, дүкендер, қоймалар құрылды.

«Отель» сөзі ХVІІІ ғасырда қолданысқа енді. Кезінде Францияда көп пәтерлі ғимараттарды отель деп атаған. Мұндай пәтерлер негізінен бір күнге, бір аптаға не бір айға жалға берілетін. Көп ұзамай бұл терминді Америка Құрама Штаттарының тұрғындары қабыл алды. О бастан-ақ алпауыт Америка - мейманханаларды техникалық жарақтандыру ісіндегі жаңа ережелердің, жаңа енгізілімдердің Отаны. Бұл елдерде мейманханаға деген сұраныс қашан да жоғары. Өйткені, мұнда уақытша қоныстануға бел байлаған эмигранттар жиі барып тоқтайтын. Әлемнің алпауыт мемлекеттерін жаулап алған қонақ үй бизнесі көп ұзамай қазақ даласында да дәуірледі.

Кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан саланың бiрi - туризм. Бұл өз кезегінде экономикамыздың едәуiр пайда әкелетiн тармағына айналуымен қатар қонақ үй саласын ілгерілетуге септігін тигізіп келеді.

ҚР Үкіметінің «Экономиканың басымдық секторындағы пилотты кластерді құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қаулысында қазіргі таңда туристік бизнес жандана түскендігі сөз етілген. Қазақстан алдағы 3-4 жыл ағымында елімізге келетін туристерді 10 есеге ұлғайтуды көздеп отыр.

Халықаралық консалтингтік IPK компаниясы келтірген деректер бойынша еліміздегі туризмді дамытуда бес облыс алда тұр. Олар: Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Алматы, сондай-ақ Алматы қаласы. Мұндай өсім жоғарыда аталған облыс аймақтарынан ірі орталықтар құруға сеп. Осы сынды қадам қонақ үй бизнесін екпінді дамытуға, туристерге бағытталған орта деңгейлі мейманханалар құрылысын салуға жол ашады.

Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  • көне;
  • жаңа кезең;
  • қазіргі кезең.

Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады - қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту - таверналар - біздің эрамызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде бар.

Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай - керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады.

Керуен сарай жүйесінің кең тармақталуы Рим империясының аймақтарында жасалды. Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол жағаларында бір-бірінен 25 миль (40, 225 км. ) шамада орналасты.

Рим мемлекетіндегі қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен әсер көрсетті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшылары мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік хатшылар жанына орналастырылмаған. Осы жағдай керуен сарайдың сапасына әсер етті. Аристократ өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Марко Поло «Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады» деген.

Таверна мен керуен сарайларда төмеңгі сословиялы азаматтарға арналған түнеу мен демалу қызметтері мимнималды болған. Мысалы, өте көп жол жүретін саяхатшы сабанның үстінде ұйықтаған, ал тоңбау үшін атының жылы бүйіріне қысылып жатқан. Басқа қосымша комфорт туралы әңгіме болмаған.

Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен роль көрсеткен, ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланысының дамуы. Осы аймақтардан ұзын керуендер жылжитын ірі сауда жолдары өткен. Керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру үшін - сауда жолдарының жағаларында арнайы орналасатын пункттер құрылған, адамдарға және аттар мен түйелерге жайлар құрылған. Осының бәрі табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан қорғайтын дуалдармен қоршалды.

Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742-814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған үйлер ұйымдастырды.

Осындай үйлердің бірі, Ронсельваль шатқалында монастырлер өз қақпаларының алдында кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қызметтерін ұсынды.

Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең тарауы жеке кәсіпорындарының дамуын тоқтатты. Англиядағы керуен сарайлардың және таверналардың дамуы орта ғасыр кезеңіне берілді, әсіресе Реформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастырлердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді елкезушінің еш қайсысыда монастырдың тегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар - алғашқы қонақ үйлер Ресейде пайда болды. Ол кезде олар, «Ям» деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қаласында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олар орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізуіне мүмкіндігімен ерекшеленетін. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары бар, бөлмелері жиһаздармен толтырылған. Қонақ сарайларында шетелдіктер ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV - XVІІ ғасырларда Новгородта «неміс» және «голландиялық» қонақ сарайлары болды, ал Мәскеуде - «аглицкий», «грек», «армян» және т. б. қонақ үй сарайлары болды.

ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында болды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде болды.

Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруы болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.

Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады.

Америка континентіне келген Еуропалық көшкіндер өздерімен қонақ сарайлардың құрылысы мен басқарудың тәжірибесін алып келді.

Сәулетшілердің көзқарасымен қарағанда, американдық қонақ үйлер еуропалықтарға ұқсас келіп, кішкене ғана ерекшеленді. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары коммерциялық бағытта болды, пайда табу мақсатында құрылды.

Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй Нью-Йорк Бродвейіндегі 70 бөлмелі «Сити-отель» болды. Бұл мәнді оқиға 1794 жылы болды. 1829 жылы Бостонда «Тремонт» отелі ашылды - АҚШ-тағы алғашқы классты отель - коридорлы, тіркелетін орнымен, әр нөмірде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Бұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығыс, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларға жайылды.

ХІХ- ғасырдың аяғында бұд жерде қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кейбіреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық шедевірлі болды. Басқалары - төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген.

1898 жылы Лондонда «Савай» отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц (қазіргі уақытта Ритц-Карлтон отельдері оның атымен аталған) .

Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр елінің 4700 қонақ үйдің иелерімен бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің бірлестігі ұйымдастырылды.

Ресейде 1910 жылы қонақ үй сарайлары мен нөмірлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Ең атақты қонақ үй «Метрополь» қонақ үйі, ол Мәскеуде 1897-1907 жылдары Петербургтік акционерлік қоғамымен құрылған «Люкс» қонақ үйі (Филиппов мәскеулік науайшы - негізшісі), Шевальдышев қонақ үйлері «Еуропа», «Париж» және тағы басқалар [25] .

Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясын келесілерді айтуға болады:

  1. Қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі;
  2. Халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
  3. Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
  4. Жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығындағы қызмет түсінігі
Сапаның екінші элементі - қажеттілік
Айқын шығындардың түрлері
Қонақ үй бизнесі
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық - техникалық база туралы ақпарат
Қонақ үй шаруашылығындағы материалдық техникалық база.
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Қонақ үйдің материалдық техникалық базасының жаңартылуы
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Қонақ уйдегі қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz