Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Жаңа технология ұғымы . . . 5

1. 2 Педагогикалық технологиялардың қызметтері . . . 15

1. 3 Тұтас педагогикалық процесс теориясы - педагогикалық технологияны пайдаланудың әдіснамалық негізі . . . 16

1. 4 Жаңа технологиялардың дәстүрлі технологиядан айырмашылығы және жаңа оқыту технологиялары . . . 18

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1. Зерттеу жағдайлары мен ортасына сипаттама . . . 28

2. 2 Зерттеу әдістері . . . 29

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

3. 1 Құрттар тарауын оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып сабақ өткізу жолдары . . . 30

3. 1. 1 Жалпақ құрттар типі. Ақ сұлама - емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі . . . 33

3. 1. 2 Сиыр цепені - жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі және паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыру . . . 35

3. 1. 3 «Сорғыш құрттар. Даму циклы және иелерін алмастыруы» тақырыбын оқыту бойынша сабақ жоспары . . . 37

3. 2. «Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы» тақырыбын оқыту бойынша сабақ жоспары . . . 40

3. 3 «Буылтық құрттардың көптүрлілігі. Шұбалшаң» тақырыбын оқыту . . . 46

3. 4. «Құрттар» тарауы бойынша жаңа сабақты бекіту мақсатында тесттік

тапсырмалар . . . 52

3. 5 «Құрттар» тарауын өткізуде пайдаланылған жаңа технологиялар негізінде туындаған нәтижелерге байланысты талдаулар . . . 54

3. 6 «Құрттар» тарауы бойынша электрондық оқу құралын пайдалану жолы және оны қолданудың тиімділігі . . . 56

ТҰЖЫРЫМДАР . . . 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі Қазақстанның білім беру жүйесінде көптеген өзгертулер мен жаңартулар батыл енгізілуде. Мұның өзі қоғамдық қатынастар мен білім беру технологиясының, соның ішінде заманға сай жаңа технологиялардың мүмкіндігінше көбірек пайдаланылуына қатысты болып отыр. Өзге пәндермен қатар биология пәнін оқытуда да жаңа технологияларды қолдану кеңінен пайдаланылуда. Осы тұрғыдан алғанда билология пәніні нақты бір тарауын ала отырып, аталған тарауды оқытуда жаңа технологияларды қалай пайдалану керектігін мысал ретінде шынайы көрсету өзекті мәселе деп білеміз. Сондықтан да дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Құрттар» тарауын оқытуда жаңа технолоияларды пайдалану» деп алып отырмыз және төмендегідей мақсат пен міндеттер белгіленді.

Зерттеу жұмысының мақсаты.

Орта мектептің 7 сыныбындағы биология курсының «Құрттар» тарауын оқытуда жаңа оқыту технологияларын қолдану жолдары қарастырылатын болады және аталған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттер белгіленді:

Зерттеу жұмыстың мақсатына жету үшін алға қойылған міндеттер.

- Оқытудың жаңа технологиялары туралы ұғымды жан- жақты алып қарастыру;

  • Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушылардың биология пәніне деген қызығушылғын, ынтасын арттырудың жолдарын айқындау;
  • Оқытудың жаңа технологиялары арқылы сабақ берудің дәстүрлі технологиядан қарағанда артықшылығын дәлелдеу;
  • «Құрттар» тарауы бойынша жаңа сабақты бекіту мақсатында тесттік

тапсырмалар құру;

  • «Құрттар» тарауы бойынша электрондық оқу құралын құрастыру.

Зерттеу жүргізілген орын. Ақмола облысы Ерейментау ауданының

Павловка орта мектебі.

Зерттеу нысаны. Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін

практикалық тұрғыда қарастыру.

Зерттеу пәні. Зерттеу жұмысының нәтижелерін орта мектеп мұғалімдері биология пәні бойынша қосымша материал ретінде қолданылуға болады.

Зерттеудің жұмыстың ғылыми жаңалығы. «Құрттар» тарауын оқыту бойынша электронды оқу құралы жасалғаны жаңа заманға сай ғылыми-технологиялық жаңалық болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе және үш бөлімнен, тұжырымнан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері баяндалған, зерттеу нысаны мен пәні көрсетілген, сонымен қатар зерттеудің ғылыми жаңалығы, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы айқындалған және дипломдық жұмыстың практикалық негізі, құрылымы көрсетіледі.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы.

Құрастырылған электрондық оқулықты жоғарғы оқу орындарында «Биология» мамандығы студенттері мен билогиялық бағыттағы мектеп оқушыларына «Зоология» пәнін оқытуда кеңінен пайдалана алады. Сонымен қатар жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері де көмекші құрал ретінде пайдалана алады.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1. 1 Жаңа технология ұғымы

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К. Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға қызмет ету оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестердің барысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауының негізгі себептерінің бірі - нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардың жоқтығы. Осыған байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайындау сапасын жоғарлату мақсатында қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердің оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді процесуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады [1] .

«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.

Айтылғандарды айқындау үшін өндіріс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен практикада да тұрақты бекітілген «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталамыз.

Технология сөзі (techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім) грек тілінен аударылғанда:

а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;

ә) өңдірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатка әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағнаны білдіреді [1] .

Екі түбірдің бірлігінен өңдірістік процестерді жүргізу құралдары мен тәсілдері жөніңдегі білімдер жиынтығы, шеберлік туралы ғылымды немесе ілімді білдіретін сөз құралады.

40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда, «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің педагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның қалыптасуы американдық психолог Б. Скиннер негізін қалаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде құрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдалақтары туралы білімді жоғарланудан тұрады. 70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ақпаратты өңдеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық. оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады [1] .

Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің қажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілеңдіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады. Соңдықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологияландыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты. Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдыңда да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туыңдаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады. Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады. Бұл орталық -бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен қарым-қатынас жасауға бағытталған [2] .

Қазіргі уақытта көптеген зерттеуішлер жаңа педагогикалық технологияларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдерік деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жаткан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б. Т. Лихачев, В. П. Беспалько, С. Сполдинг, В. В. Сериков, В. М. Монахов, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, П. И. Пидкасистый, В. В. Гузеев, Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген. Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.

В. П. Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды [1] .

В. М. Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология - мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы - оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады [3] .

П. И. Пидкасистыйдың пікірінше, оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі - оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады. Оқыту технологиясы дидактиканың алдын ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі [2] .

Технология - бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды талдау ережесі (В. В. Гузеев) [4] . В. В. Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді».

Педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г. Т. Хайрулиин) [5] . Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды талдау нәтижесі оның көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде берілгенін, педагог әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді, бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.

Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлаумен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті.

Осы тұрғыдан Н. Д. Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: Педагогикалық технологиялар-теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері 5 дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені [6] .

Шынында, педагогикалық технологиялар әрбір баланың даму тенденциясын алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс. Диагностика нәтижесі бойынша педагогикалық процестін әрбір бөлігіндегі іс-әрекет жобаланады. Сондықтан кері байланыс арқылы ақпарат алу диагностикамен болжауды байланыстыратын үздіксіз процесс болып табылады. Бұл процесс ғылымда мониторинг деп аталады, оны ағылшын тілінен аударғанда, «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық процесті үздіксіз және ұзақ байқау мен басқару педагог пен оқушыны арқылы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде педгогикалық лексикада «педагогикалық технология» ұғымын қолдану әр түрлі түсіндірілетін бастапқы теория, әдістер, әдістеме, технология, педагогикалық технология сияқты ұғымдарды саналы түсінуді, жете зерттеуді талап етеді. Практикада кейде технология ұғымы «әдістеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. Жалпы түрде теория біркелкі, тұтас құбылыстар немесе оның элементтері мен қызметтерінің жиынтығын сипаттайтын заңдар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесі ретінде қарастырылады [5] .

Теорияның өз бетімен ешнәрсені өзгерте алмайтыны, адамның практикалық іс-әрекетін реттеуші ретінде қатысатыны, тек адамның санасы арқылы нақты теорияны ақиқатқа айналдыруда күш пен энергияны жұмсауды қабылдаған жағдайда ғана материалды болып табылатыны белгілі. Демек, теория зерттелетін объектінің барлық тұтас және нақты жағынан терең байланыстарын айқындайтын, осы пән саласында құбылыстарды болжап түсіндіру әдістерін құрайтын, өзара байланысты пайымдаулар мен дәлелдемелер жүйесін көрсетеді.

Оқыту теориясы - педагогиканың оқыту процесінің заңдылықтары мен заңдарын зерттейтін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын және әдістерін, қағидаларын сипаттайтын, оқытудың мазмұны мен міңдеттерін ашып көрсететін құрамды бөлігі. Педагогикада оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. Дидактиканың негізін алғаш қалаған Я. А. Каменский болған [7] .

Теория үшін оның ережесіне кіретін дәлелдемелер, негіздемелер міндетті болып табылады: егер негіздеме жоқ болса, онда теорияда жоқ болады. Кез-келген теорияның соңғы тағайындалуы оның практикада жүзеге асырылуы болып саналады.

Әдіс кең мағынада, субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір нәрсеге жетудің жолы деп анықталады. Кез-келген ғылыми әдіс оның қажетті алғы шарты ретінде қарастырылатын, белгілі бір теория негізінде зерттеледі. Әдістің негізгі қызметі - іс-әрекетті ретеу және бағдарлау.

Оқыту әдістері педагогикада педагогикалық процеске қатысушылардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың тәсілі ретінде анықталады.

«Әдістеме» ұғымы адамның әрекетіне қатыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.

Оқыту әдістемесі - пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану болып табылады. Мысалы, «интеграл» ұғымын қалыптастыру әдістемесі математикалық ұғымдарды қалыптастыру теориясының талаптарын және «интеграл» ұғымының өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жете зерттеледі. Сондықтан әдістеменің мақсаты теориялық ережені нақты құбылыс тұрғысына қарай алмастырумен қорытындыланады [6] .

Теориялар, әдістер мен әдістемелер оқыту технологиясының айырмашылығы оқыту процесінің барлық байланыстылықтарын ұйымдастырушылықпен реттеуді, оның кезеңдерін құрастыруды, білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асыру жағдайларын бөліп көрсетуді талап етеді.

Соңдықтан оқыту технологиясы - оқыту процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.

Г. И. Саранцевтің пікірінше, осы пәнге оқыту теориясы оқытудың әдістемелік жүйесінің іске асу заңдылықтарын айқындайды, әдістеме оны қолдануды қарастырады, ал технология бұл жүйенін үлгісін (моделін) жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Бұл тұрғыда технологияның рөлі мақсаттарды диагностикалауға және шарттарды айқындауға (әдістер, формалар, құралдар, байланыстар), яғни белгіленген мақсатқа жетуге мүмкіндік беруді жүзеге асыратын жобалауға процесіне жүгінеді. Сондықтан технология теория мен әдістемені өзгертпейді, оларға негізделеді, оның тиімділігі олардың даму деңгейіне тәуелді болады. Ал педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын процестермен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады. Кез-келген педагогикалық технологияның негізгі түйіні соңғы нәтижені нақты анықтау және оның жетістігін бақылау болын табылады [7] .

Анықтамаларды салыстыру теория, әдіс, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технология ұғымдарының дербестілігін және сонымен бірге оқыту процесін сипаттау үпіін олардың өзара байланыстылығын, бір-бірімен толықтыратындығын көрсетеді.

Технологияларды процессуалды, сандық және есептік компоненттер көбірек ұсынылады. Әдістемелер мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативті-бағдарлык жақтары көрсетілді. Педагогикалық технологиялар оқыту әдістемесінен өзінің өңдірістілігімен, нәтижесінің тұрақтылығымен ажыратылады (А. М. Кушнир) [8] .

Оқыту әдістемесі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі әдістерін енгізеді, бірақ оларды белгілі бір логикалық тізбекке тұрғызбайды. Ал технология барлық уақытта тәсілдердің белгілі бір алгоритмін, логикасы, бірізділігін ұсынады.

Дәстүрлі әдістемелерде оқытудың мақсаттары бағдармалар талаптары бойынша жалпылама көмескі айқын емес болып келеді, онда білім алушылардың нақты жағдайлары, білім деңгейлері дұрыс ескерілмейді.

Басқаша айтқанда, педагогикалық технологиялар білім алушы тұлғасын дамыту құралы болып табылады және педагогикалық процестің ерекше сипаттамасын бейнелейді. Ғылыми негізделген технология педагог пен оқушының іс-әрекетінде оқыту теориясы мен әдістерінің проекциясы болып табылады. Теория деңгейінде оқыту әдісі туралы жазу жеткілікті, технология деңгейінде оның барлық компоненттерін ашып көрсету қажет. Технология әдістемеге қарағанда кеңірек. Әдістеме білім беру технологиясын пайдалану элементтеріне негізделген. Педагогикалық технология педагогикалық процеске қатысушылардың субъект-субъектілі өзара әрекеті арқылы оқытуға, тәрбиелеуге, дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі белсендендіруге бағытталған. Оқыту әдістемесі педагогтың тәжірибесіне сүйенеді, ол оның шығармашылына, әртістілігіне жақын. Технология «қаңқасы», ал әдістеме оның «қабығы» болып табылады [9] .

Бұл тұрғыда В. Зайцевтің көзқарасы қызығушылық тудырады: «Педагогикалық технология - әдістеме емес. Бұл кеңірек ұғым» жобалауға. Оның ойынша: педагогикалық технология 4 құрастырушыдан: нәтиже беретін белгіні бағалаудан, диагностикадан (негізгі факторды бөліл көрсету ретінде), әдістемеден (диагностика нәтижесін ескеріл құрастырылған) және оқытуды қарқындату құралынан тұрады.

Бүгінде білім беру мекемелері жұмыстарының теориясы мен практикасында педагогикалық технологиялардың алуан түрлі варианттары пайдаланылады. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселемен А. Я. Савельев, В. Безрукова, Г. Ю. Ксензова, Г. К. Селевко, В. В. Юдин және басқалар шұғылданған.

Қазіргі уақыттағы технологиялар екі үлкен түрге жіктеледі: өздерінің мақсаттық бағдарына қарай тармақталып, бөлінетін өндірістік, өнеркәсіптік және әлеуметтік-тұлғалық. Өндірістік технологиялар алдын ала берілген параметрлі материалды өңдеумен және өндіріспен байланысты. Ал әлеуметтік-тұлғалық технологияның объектісі адам болып табылады. Технология түрлері мен олардың тармақты бөліктерін көрнекілікпен қабылдау үшін 1-суреттегідей сызба-нұсқада көрсетуге болады. Қазіргі уакытта айқындық үшін макротехнологиялар мен микротехнологияларды бөліп қарастырады. Макротехнологияға көптеген авторлар педагогикалық процесс стратегиясы мен дамуын анықтайтын, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, ынтымақтастық, дамыта оқыту, тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологияларын, т. б. жатқызады. Микротехнологиялар педагогикалық әрекеттестік тактикасы, нақты тәсілдері ретінде қарастырылатын ойын технологияларын, пресс-конференция, диспут т. б. ұйымдастыру технологиялар жатқызады. Сонымен қатар кейбір ғалымдар (Д. Г. Левитес және т. б. ) педагогикалық технологиялар пәндік бағдардағы және тұлғалық-бағдардағы техникалар деп жіктеуді ұсынады [9] .

В. С. Безрукова [10] барлық педагогикалық технологияларды оларды құрастыру негізше жататын идеялары бойынша 4 топқа топтастырады:

1. 1. 1-сызбанұсқа. Технологиялар түрлері (Н. Д. Хмель)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Тіл дамыту және оның зерттелуі
Биологияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Табиғатты қорғаудан сынып жұмыстары
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz