ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ


МАЗМҰНЫ
КІРСІПЕ 4
1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ
ҰҒЫМЫ
1. 1 Қылмыстың ұғымы және белгілері 7
1. 2 Қылмыстық жауаптылықтың негіздері 17
1. 3 Қылмыс істеу сатыларының ұғымы 31
2 ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ 37
2. 1 Қылмыс істеуге дайындалу, оның негізгі белгілері 37
2. 2 Қылмыс істеуге оқталудың құқықтық табиғаты 42
2. 3 Аяқталған қылмыс және қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту 48
3 ҚЫЛМЫС ІСТЕУ САТЫЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІНЕ ҚАРАЙ
ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ 56
3. 1 Дайындық сатысындағы қылмыстардың жауаптылығы мен саралануы 56
3. 2 Қылмысқа оқталу сатысындағы жауаптылық 60
3. 3 Аяқталған қылмыс үшін жаза тағайындау 65
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қасақана қылмыс істеу сатылары деп қылмысқа дайындалу, оқталудан аяқталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Олар қылмыстың объективтік жағы мен кінәлінің қасақаналық ниетін жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп, ажыратылады. Көрсетілген сатыларды анықтау, аяқталған қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және жаза тағайындау үшін өте қажет.
Қылмыс істеу сатыларын құрайтын іс-әрекеттер қоғамға қауіптіліктің түрлі дәрежелерімен сипатталады. Тұлғаның жасаған қылмыстық іс-әрекеті қылмыстың аяғына жақындаған сайын қоғамға қауіптірек болып табылады және ол жаза тағайындау кезінде ескерілуі тиіс.
ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыс істеу сатыларын үшке бөледі:
1. Қылмыс істеуге дайындалу.
2. Қылмыс істеуге оқталу.
3. Аяқталған қылмыс.
Қылмыс істеуге дайындалу қылмысты жасау үшін қасақана жағдай туғызудың кез-келген түрлерін құрайды.
Қылмыс істеуге оқталу деп тұлғаның қылмыс істеуге тікелей іс-әрекет жасағанымен, қайсыбір себептермен қылмыс іс жүзіне асырылмаған жағдайды айтамыз.
Аяқталған қылмыс деп тұлғаның жасаған әрекетінде нақты қылмыс құрамының барлық белгілері бар қылмысты айтамыз.
Алғашқы екі саты аяқталмаған қылмыс ретінде біріктіріліп түсіндіріледі және олар қылмыстық құқық теориясында қылмыстық іс-әрекеттің бастапқы сатысы деп қарастырылады. Қылмыстық заң қылмыстық ойдың ашылуын сатыларына қоспайды, демек, қылмыстық жауаптылық көзделмейді
Қылмыстық ойдың ашылуы деп қылмыс істеуді ойлаған адамның өз ойын басқа бір адамға ауызша және жазбаша түрде айтуын айтамыз.
Жалпы норма бойынша қылмыс істеу туралы ойдың ашылуы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық заң кімді болмасын, тек сөзбен, хат арқылы немесе басқа жолдармен қылмыс істеу туралы пікірі болғанын білдіргені үшін жазалауға қоспайды. Өйткені мұндай жалаң ой қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келтірмейді және зиян келтіру қаупін туғызбайды. Сонымен қатар қылмыстық ойдың ашылуында қылмыстың негізгі белгісінің бірі қоғамға қауіптілік жоқ. Қылмыстық ойдың ашылуын қорқыту арқылы жасалынатын қылмыстармен шатастыруға болмайды.
Қылмыс істеу сатыларының үшке бөлінуі әрбір қылмыс өзінің көрсетілген сатысында дамуы керектігін айтпайды. Мысалы, кейбір жағдайларда қылмыс бірінші сатыдан өтіп кетіп ешқандай дайындықсыз әрекеттермен жасалады. Қылмыс барлық сатыдан өтсе де, өзіндік қылмыстық-құқықтық маңызы тек соңғы сатыны ғана иеленеді. Сондықтан да сот тәжірибесінде әрбір алдыңғы сатылар соңғы сатылармен қамтылады. Демек, қылмысқа оқталу, қылмысқа дайындалу сатысын өзіне сіңіреді, ал аяқталған қылмыс жоғарыда айтылған екі сатыны да қамтиды (оқталу, дайындалу) . Осыған сәйкес қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу сатылары, қылмыстық әрекет бірінші немесе екінші сатылармен шектелгенде ғана өзіндік қылмыстық құқықтық мәнге ие бола алады. Осыған байланысты ҚК жаза тағайындау тек аяқталған қылмыс үшін ғана емес, сонымен бірге алдын ала қылмыстық іс-әрекетке дайындалғаны үшін, аяқталмаған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізін құрайды.
Қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу қасақана жасалған әрекеттерінде анықталғандықтан аяқталмаған қылмыс сатыларының субъективтік жағы тек қасақана жасалған қылмыстарда болады
Қылмыс істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезіңдерін айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу және қылмысты аяқтау.
Кез келген қылмысты істеу үшін адам өзін соған итермелейтін қоғамға зиянды мүдделерді, қажеттіліктерді, зұлымдық пиғылдарды басшылыққа алады. Яғни, адам қылмыс істеу үшін ең алдымен өзінің психологиялық ой-ниетін қалыптастырады. Бұл адамның ішкі сезімін, ойын, ниетін білдіреді. Бірақ, осы сезім, ой-ниет адамның нақты мінез-құлқы, қимылы, әрекеті арқылы сырттай көрініс бемеуі де мүмкін. Соңдықтан да адамның мұндай сыртқа шықпаған ішкі жан-дүниесінің белгілі бір іс-әрекет арқылы сырттай көрініс бермеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Яғни, мұндай психологиялық сана-сезім, жалаң ой, қиял, қылмыстық құқық нормасынан тысқары болады, ол үшін қылмыстық жауатпылық жоқ.
Дипломдық жұмыстың зерттеу деңгейі - Қылмыстық құқықтағы қылмыс істеу сатылары ұғымы мен оның әлеуметтік мәні, қылмыс істеу сатыларының көздері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс істеуге дайындалу, оның негізгі белгілері, қылмыс істеуге оқталудың құқықтық табиғаты, аяқталған қылмыс және қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту мәселесіне байланысты теориялық және тәжірибелік мәліметтер жан - жақты талқыланып, қарастырылады.
Жұмысты жазу барысында қазақстандық ғалымдармен қоса шетелдік осы мәселені зерттеуші ғалымдардың еңбектері де қолданылды. Жалпы жұмысты жазу барысында еңбектері қолданылған мынадай авторларды атап көрсетуге болады Ағыбаев А. Н., Алауханов А. А., Дулатбеков Н. О., Бажанов М. И., Наумов А. В., Бұғыбай Б. т. б.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қылмыстық құқықтағы қылмыс істеу сатылары ұғымын, міндеттері мен жүйесін, оның әлеуметтік мәні мен маңызын, қылмыстың түсінігі мен белігілерін, қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс істеуге дайындалу, оның негізгі белгілерін, қылмыс істеуге оқталудың құқықтық табиғатын, аяқталған қылмыс және қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуды, дайындық сатысындағы қылмыстардың жауаптылығы мен саралануын, қылмысқа оқталу сатысындағы жауаптылықты, аяқталған қылмыс үшін жаза тағайындаудың негіздерін қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесідей міндеттерді алға қою мен шешу:
- қылмыс істеу сатылары ұғымын, міндеттері мен жүйесін, оның әлеуметтік мәні мен маңызын көрсету;
- қылмыстың түсінігі мен беліглерін, қылмыстық жауаптылықтың негіздерін ашу;
- қылмыс істеуге дайындалу, оның негізгі белгілерін айқындау;
- қылмыс істеуге оқталудың құқықтық табиғатын негіздеп көрсету;
- аяқталған қылмыс және қылмыс істеуден өз еркімен бас тартудың мәнін ашу;
- дайындық сатысындағы қылмыстардың жауаптылығы мен саралануын көрсету;
- қылмысқа оқталу сатысындағы жауаптылықтың негіздерін ашу;
- аяқталған қылмыс үшін жаза тағайындаудың негіздерін анықтап көрсету.
Аяќталған ќылмыстармен аяќталмаған ќылмыстардың басты айырмашылығы, ол аяќталмаған ќылмысты әрекеттерде ќылмыстыќ ќұќыќта бейнеленген ќылмыс ќұрамы белгілерінің толыќ болмауы болып табылады. Аяќталмаѓан ќылмыстарда ќұрам элементтерін сипаттайтын белгілердің ішінен тек ќылмыс объектісі ғана емес, сонымен бірге субъективтік белгілерден ќылмыстыњ маќсаты мен ниеті, ал объективтік белгілердіњ ішінен көпшілік жаѓдайларда ќылмыстың орындалуын білдіретін әрекет немесе әрекетсіздік және материальдыќ ќұрамдар бойынша ќылмыстың зардабы орын алмайды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекісі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары мен ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және т. б. ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
Зерттеу обьектісі ҚР қылмыстық құқығындағы қылмыс істеу сатыларының түсінігін және оның әлеуметтік мәнін саралау болып табылады.
Зерттеу пәні ҚР қылмыстық құқығындағы қылмыс істеу сатыларының түсінігін және оның әлеуметтік мәнін, негіздері мен жүйесін, олардың түрлері мен ерекшеліктерін, мәні мен маңызын анықтауға, аяқталмаған қылмыстардың ерекшеліктеріне қарай жауаптылықтың туындау негіздерін саралауға байланысты қатынастар саналады.
Дипломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қылмыстың ұғымы және белгілері
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адаммен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады[1] . Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамнын заң нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы құбылыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде (5-бап) : «Қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. 1922 жылғы Қылмыстық кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен тұжырымдалады[11] .
1924 жылы одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ- 1926 жылғы Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет деп көрсетіледі (1-бап) . Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың негізінде «Қылмыстық заңмен көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) . сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген[12] . Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, оның ішінде 1959 жылғы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді.
1997 жылғы жаңа Қылмыстық Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап) . Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екеңдігі көрініп тұр[13] .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан[14] .
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда керсетілғен соған ұқсас. жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конститупиясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Сурет 1. - қылмыстың белгілері
Адамның қылмыстық құқылық нормасы бойынша тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіңдік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылық белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттер мен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себетгті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын білдіреді. Қоғамға қауіптілік - қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады.
Қылмыстық кодекстің 2-бабында қоғамға қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны Істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар) не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (288-бап 1 -бөлігі) . Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады (335-бап) . Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік силатына ие болады[15] .
Қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады. Объектілердін тізбегі қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша тарауларға бөлінеді. Яғни, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері топтық объектілерінің маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға қауіптіліктің сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып табылады. Материалдық, моралъдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық - жалпыға қауіпті және зорлықпен жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі кінәнің нысандары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда қоғамға қауілтілік сипаты едәуір ауыр.
Қылмыстың коғамға қауітілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша да анықталады. Мәні жөнінен екі қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау, сол қылмыста берілген белгіленген санкцияларды салыстыру қажет. Ауырырақ жаза белгіленген қьзмет түрінің қоғамға қауіптілігі дәрежесі де жоғары болып табылады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі бойьшша қоғамға қауіптілік сипаты бірдей қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға болады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын объектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық занда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істеген адам ғана тартылады. Кінәсіз қылмыстық жауаптылық туралы сөз болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық занда қасақаналық (тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады[16] .
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайлы қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап) .
Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады (21-бап) .
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды. Яғни кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ.
Қылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннін өзі, қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес, тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатынын көрсетеді. Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі туралы түсініктерді шатастыруға болмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz