Қылмысқа қатысушылық нысаның түсінігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі

1. 1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігінің маңызы . . . 6

1. 2 Қылмысқа қатысуш ылықтың объективтік белгілері . . . 17

2 Қылмысқа қатысушылық нысаның түсінігі

2. 1 Қылмысқа қатысушылық нысаны . . . 23

2. 2 Қылмысқа қатысушылық нысаны жөніндегі теориялық

негізгі ағымдар . . . 27

2. 3 Қылмысқа қатысушылық нысанын топтастыру . . . 36

3 Қылмысқа қатысушылық нысанын талдау

3. 1 Топ адамдардың қылмыс жасауы . . . 48

3. 2 Әр түрлі рөлдер орындау арқылы қылмысқа қатысу . . . 52

Қорытынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 68

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Дипломдық жұмыста елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске асыру және барлық заңды мүдделері қорғау үшін қылмыстылықпен күрес шараларын күшейтуді қажет ететін мәселелер қарастырылған.

1995-ші жылы 30 сәуірде бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 1-ші бабында "Қазақстан Республикасы өзін демократиялык, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" дей отырып қоғамға, адамзатқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тікелей тыйым салады [1, 14бет] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды, әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар Президент өзінің мазмұңды баяндамасыңда "еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады", -деді [2, 7бет] .

Бұл бір жағынан заңды құбылыс ретінде бағаланды. Себебі қоғамның даму бағытын өзгертуі, ол елде алғашқы уақыттарда экономикалық-саяси дағдарыстың орын алуына соқтыра алды. Бұл мәселе туралы профессор Ү. С. Жекебаев "жаңа, әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайға бейімделудің күрделілігі, барлық күшіндегі заңдардың өзгертілуін талап етті. Бірақ 1994 жылғы сот-құқық реформасы айтарлықтай нәтиже бере алмады, оның объективтік және субъективтік себептері де болды"- деді [3, 12бет] .

Елімізде қылмыстылықпен күресуді күшейту, оның бағдарламасын жасау, құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Республика Президентінің бірнеше Жарлықтары мен Қаулылары шықты. Мемлекет басшысының осындай Жарлықтары мен қаулыларының ішінен атап айтар болсақ: "Коррупциямен және ұйымдасқан түрдегі қылмыстылықпен күресуді күшейтудің шаралары жөніндегі" 1992 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Кеңес құру туралы" 1994 жылғы 11 ақпандағы Президенттің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күресті күшейту туралы" 1994 ж. 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 ж. 9 маусымындағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, "Сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Республикалық комиссия кұру туралы" 1994 ж. 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы, "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" 1995 ж. 17 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1995 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша қылмысқа қатысушылық нысандары анықталып және алғашқы рет арнайы жеке бапта көрсетілді [6, 45бет] . Сондай-ақ көрнекті ғалымдар мен құқық қорғау органдарының жетекшілері ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу туралы арнайы заң қабылдау туралы ұсыныстар да білдіруде [7, 70 бет] . Бұған заңды негіз туындады. Себебі елдің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ұйымдасқан қылмыстылықтың әртүрлі көріністері пайда болып, қарқын ала бастады. Н. М. Әбдіров осы мәселе туралы "соңғы кезде ұйымдасқан және маманданған қылмыстылықтың нашақорлық және наркобизнес саласында өзінің бақылау жүргізуге тырысуы күшейгенін байқауға болады" деген болатын [8, 35 бет] .

1997 ж. 5-қарашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің "Ұлттық қауіпсіздікті күшейту, ұйымдасқан қылмыстылықпен және нашақорлықпен күресті ары қарай күшейту шаралары туралы" Жарлығында бұл қауіпті құбылыспен күресті қарқындатудың алғашқы кезектегі шаралары анықталған [9, 67бет] .

Тақырыптың жаңашылдығы: Қылмысты бірлесіп жасаушылық немесе қылмысқа қатысушылық қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзінде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде 1940 жылдардан бері даулы болып келе жатыр. Сондықтан қылмысқа қатысушылықтың теориялық мәселелеріне осы күнге дейін көптеген ғалымдардың арнайы монографиялық еңбектерінде зерттеу жасалынды.

Әйтсе де осы мәселені зерттеген ғалымдар бір тектес шешімдерден гөрі, әр түрлі немесе кейде бір-біріне қарама-қарсы пікірлерді көптеп келтіреді. Қылмысқа қатысушылық мәселесін зерттеушілер қанша ой, тіл шешендіктерімен қарастырса да қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, қоғамға қауіптілік дәрежесі, нысаны, түрлері, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы тәрізді мәселелері әлі де даулы болып қалып бара жатыр. Қылмыстық құқық теориясында қалыптасқан даулылықты қарастыру және оларға шешім табу үшін осы жұмыстың келесі беттерінде қылмысқа қатысушылықтың даулы деп танылатын мәселелеріне зерттеу жасалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - қылмысқа қатысушылықтың мәселелерін жетілдірудің жолдарын қарастыру болып табылады. Бұндай жағдай, менің ойымша әр бір Қазақстан Республикасының азаматын толғандыратын жайт деп ойлаймын. Себебі соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде ұйымдасқан түрде жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Ұйымдасқан түрде қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі.

Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттерді орындау қажет:

- қылмыс заңнамасына байланысты заңдар, нормативтік актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, мақалаларды т. б. деректердің барлық түрлерін жинап, салыстырып-саралау негізінде қылмысқа қатысушылықтың алатын орнын мүмкіндігінше нақты көрсету;

- қылмыс Заңы баптарының Конституцияға қайшы келетін тұстарын қатаң түрде қарастыру, бұрыс мағына беретін баптарды талқыға салу;

- Шет елдерінің қылмыс заңнамаларымен салыстыра отырып мұндағы жетістіктерді қарастырып назарға алу.

Дипломдық жұмыстың міндеті - қылмысқа қатысушылықтың негізін қарастыру болып табылады.

Зерттеу обектісі Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қатысушылықтың түсінігі қалыптасуы мен даму кезеңдері мен құрылымы.

Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасындағы қылмысқа қатысушылықтың түсінігі және оның қылмысқа қатысушылық нысанын талдау болып табылады.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізідері нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан республикасы және Ресей Федерациясының ғылыми әдебиеттерің қолдануынан көрініс тапты. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер қолданылды.

Дипломдық зерттеулер жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: аналитикалық, жалпы диалектикалық, салыстыру, тарихи, логикалық және қорытындылау әдістері.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы, автормен Қазақстан Республикасында қылмыс саласы саясатын қолдауға бағытталған негізгі шараларды ұсынуынан тұрады.

Диплом жұмысының құрылымы . Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде таңдалған жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен зерттеу пәні, зерттеу тәсілдері, ғылыми жаңашылдығы мен құрылымы көрсетілген.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында қылмысқа қатысушылықтың түсінігі, оның объективтік және субъективтік белгілері қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында қылмысқа қатысушылық нысаны қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында қылмысқа қатысушылық нысанын талдау жолдары қарастырылған.

1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігі

1. 1 Қылмысқа қатысушылықтың түсінігінің маңызы

Қылмысты бірнеше адамдардың бірлесіп жасауы және оларға жауапкершілік қолдану мәселесі, тарихта қазақ елінің заңдарында ғана емес, өзге де елдердің заңдарында қарастырылған кылмыстық құқықгық институттың бірі болып табылады. Ежелгі және орта ғасырларда қолданылған әр түрлі мемлекеттердің заңдарында қылмысқа қатысушылар және оларға жаза белгілеу қарастырылған. Қазақ халкының әдет-ғұрып құқығының бұл мәселені толық қамти алмағандығы байқалады. "Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмысқа қатысушылар қылмысты жасаған адаммен бірдей дәрежеде жауапкершілікке тартылған. Мұны қазақтардың мынандай кағидалық мақалымен дәлелдеуге болады: "Ұры серігімен, жортуыл жолдасымен" дейді. Кейінгі уақыттарда қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігі кінәнің дәрежесіне қарай біршама жекешеленеді. Негізінен жауапкершілікке жекешелей қарау, XIX ғасырдың екінші жартысына қарай Ресей қылмыстық зандарының әсерінің нәтижесінде аяқталған. XIX ғасырдың екінші жартысында Г. Загряжскийдің жарияланған қазақ әдеттік заңдарының жинағында: "Егер қылмыс жасауда бірнеше адам қатысса, онда тағылған айып қатысушылардың қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай бөлінеді" делінген [10, 38бет] .

Қазақ әдет-ғұрып құқығы туралы барлық материалдарда қылмысқа көмектесушілер мен жасалған қылмысты жасырушылар оны орындаған адаммен бірдей дәрежеде қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын келтірген. Бірақ билер сотында көмектесушілер мен қылмысты жасырушыларды жазалау сирек кездескен. Оның бір себебі қылмыстың ұйымдастырушысы, азғырушысы немесе көмектесушісі ру басылар тәрізді беделді адамдар болуына байланысты болуы мүмкін.

Күлтелеев М. Т. қазақ заңдарында қылмысқа қатысудың түсінігі қарастырылмаған, сол сияқты қазақ әдет-ғұрып құқығында қылмыс деген ұғым да болмаған. Оның орнына "жаман қылық" деген ұғым қолданылған. Бұл жаман қылықтардың түрлері қазіргіше ұғыммен алғанда қылмыстарды білдірген. Қазақ әдет-ғұрып зандарында қылмысты, яғни жаман қылықты бірнеше санатқа бөлу болған тәрізді. (себебі "өте жаман қылық" деген ұғым қолданылып, ол жеке адамға, хан, сұлтан, би, ру басылардың жеке басына, оньщ ішінде ар-намысқа, сонымен қатар отбасы иесі болып табылатын адамға қарсы әрекеттерді білдірген.

Т. М. Күлтелеев қазақтардағы қазіргі "қылмыс" термині "қылық жаман қылық"деген сөзден шыққан тәрізді қылмыс терминінінің шығу себебі басқаша да болуы мүмкін ''Қылмыс" сөзінің төркіні "жаман қылық қылма" деген сөздегі ''қылма" сөзіне байланысты болуы мүмкін. Яғни жаман қылық қылма сөз қылмас әрекеттер немесе қылмас жасамас деген мағынаға көшіп , бірақ қазақ тілінің айтылуы икемділігіне қарай "қылмыс" болып кетуі де мүмкін.

Қазақ әдет-ғұрып құқығында қылмысқа қатысушылықтың әртүрлі көріністеріне ұқсас іс-әрекеттер кездеседі. Мысалы, қылмысты хабарламау, өзге біреудің жұбайы немесе зайыбымен жьныстық қатынаста болу т. б. Ал жасалған қылмыс туралы үндемеу (умолчание) қылмыс деп есептелмеген] . Бұл "үндемеу" қылмысты хабарламауға ұқсас әрекет тәрізді, үндемеу ретінде қылмысқа жол берушілік айтылып отыруы мүмкін. Жалпы қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмысты топ адамдар болып жасау, жауапкершілікті ауырлататын жағдай ретінде бағаланған.

Қазақ елінің аумағында қылмысқа қатысушылық туралы алғашқы заңдар Ресей заңдарының күшімен 1845 жылғы орыс заңдарының Уложениесі негізінде пайда бола бастады. Бұл Уложение сол кездердегі Ресейдің қөрнекті ғалымдарының бағытына келетіндей нұсқада қылмысқа қатысушылықты екі түрге бөліп келтіреді.

Алдын ала келісімсіз қылмысқа қатысушылық.

Алдын ала келісіммен қылмысқа қатысушылық.

Бұл қылмысқа қатысу түрлерінің негізгі мағынасы осы ұғымдардың өз атауынан көрініп тұрғандай қылмыс жасалар алдындағы келісімнің болу немесе болмауына қарай ажыратылады. Сонымен қатар бұл заңның 15 бабы қылмысқа қатысушылардың да түрлерін келтіріп, оларды 1) қылмыстың қоздырушысы (зачинщик), 2) сыбайлас немесе қатысушы (сообщник), 3) үгіттеуші немесе азғырушы, 4) көмектесуші деп бөлген. Мұнымен қатар қылмысқа қатысушылардың бір түрі ретінде алдын ала келісім берген қылмысты жасырушьшық келтірілген [11, 71бет] Ал алдын ала келісіммен немесе келісімсіз түрде қылмысты хабарламау және қылмысқа қатысушылықтың нысандары немесе қылмысқа қатысушылықтың белгілері туралы бұл заңда айтылмаған. Дегенмен бұл ережелердің қазіргі қылмыстық заңмен ұқсастығын байқауға болады және бұл ұқсастыққа қарай отырып, қазіргі қылмысқа қатысу институтының пайда болуының алғашқы кезеңі болып табылады деп шамалауға болады.

Патшалы Ресейдің 1903 жылғы Қылмыстық қылмысқа қатысушылардың жауапкершілігін қылмыстың түріне сәйкес белгілеген болатын.

Кеңес билігінің 1917-1918 жылдардағы декреттерінде қылмысқа қатысушылықтың анықтамасы берілмеді. Ол декреттер контрреволюциялық ұйым, банда, сөз байласу, шайка сияқты қылмыстардың жоғары қауіптілігін ерекше атап көрсетіп, оларға жауаптылық қарастырды. Бірлескен қылмыстылық іс-әрекеттер үшін жауаптылыққа тартылатын адамдар ретінде қылмыстағы басты кінәлілер, яғни, ұйымдастырушылар мен орындаушылар, сонымен қатар айдап салушылар мен көмектесушілер жатқызылды. Қылмысқа қатысушылармен қатар қылмысқа қандай да бір қатысы болған адамдар да қылмысқа қатысушылар ретінде бағаланды және олардың нақты түрлерінің сипаттамасы көрсетілмеді [12, 141бет] . Сол уақыттардағы нормативтік актілерде қылмысқа қатысушылар мен басқа да осы қылмысқа қатысы бар адамдардың қылмыс жасаудағы немесе оны жасырудағы ролін ескере отырып, жауапкершілігін даралау идеясы келтірілді. Сонымен бірге кейбір аса қауіпті қылмыстар үшін олардың тең дәрежеде жазалануы белгіленді. Себебі бірлескен қылмыстық әрекеттер жаңа пайда болған кеңестік мемлекеттің өмір сүруі үшін жоғары қауіпті қылмыстар деп бағаланды.

Қылмысқа қатысушылықтың заң жүзінде қарастырылуын мұнан кейінгі де Кеңес үкіметі зандарынан кездестіруге болады. 1918 жылғы 30 шілдедегі «О набатном звоне» деп аталатын СНК деқретінің 2 тармағында «халыкты қозғалысқа ауызша, жазбаша немесе басылым құралдары арқылы шақырған әрекеттерді жасаған қатысушьшар, азғырушылар немесе көмектесушілер, тіпті байланыста болған адамдар революциялық трибунал алдында негізгі қінәлі адамдармен бірдей жауаптылыққа тартылады» делінген. Бірақ бұл заңда қылмысқа қатысушылықтың түсінігі немесе қатысушылар түрлерінің үғымы келтірілмеген.

1919 жылы 12 желтоқсанда қабылданған «Руководящая начала» деп аталатын РСФСР қылмыстық құқығының 5 тарауы «Қылмысқа катысу туралы» деп аталып, оның 27 бабыньщ 4-уі қылмысқа қатысушылыққа арналған еді. Мұнда қьлмысқа қатысудың, қатысушылар түрлерінің, яғни орындаушы, айдап салушы, көмектесушінің әрекеттеріне анықтама берілді, сонымен қатар олардың жауапкершілігі қылмысқа қатысу дәрежесімен емес, қылмыскер мен оның әрекетінің қауіптілік дәрежесімен анықталды. Қылмысқа қатысу дәрежесі ескерілмей, тек қылмыс жасаған адамның қауіптілігі ескерілетін қылмысқа қатысушылар анықтамасына осы тұрғыдан қарау Кеңестік қылмыстык құқықтық доктринада, сот-тергеу практикасымен қылмыстық заңның тіпті 50-ші жылдар аяғына дейін қылмысқа қатысу деп алдын ала уәде берілмеген қатысушылықты санауына әкеп соқтырды. Сондай-ақ, көп жағдайларда қылмыскердің жанұясының мүшелерін олардың жасалған қылмыс жайында хабардар еместігіне карамастан, тек қылмыскермен бірге тұрғанына негізделіп жазалау дұрыс деп санаған.

Қылмысқа қатысудың бірқатар мәселелеріне байланысты бұл Руководящая началоның шешімдерін сөзсіз дұрыс деп айта алмаймыз. Былай деуіміздің себебі, қьлмысқа катысушьшықтың анықтамасы анық берілмеді, айдап салушылыктың түсінігі тым кең айқындауды, өйткені айдап салушы болып, басқа адамды кылмысқа азғырмақшы болып, бірақ азғыра алмаған адам да саналған. Көмектесушілікті алдын ала уәде берілмеген қылмысты жасырушылықтан нақты айырып қараған жоқ еді.

РСФСР -дің 1922 жылғы Қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысудың белгілері одан әрі шектелді. Айдап салушылықтың анықтамасы тарылды, бірақ іске аспаған қылмысқа айдап салу алынып тасталды, қылмысқа қатысушылар жауапкершілігін даралау идеясы нақты қалыптаса бастады. Жазаға тарту үшін тек қылмыс қауіптілігінің дәрежесі мен кінәлі адамның жеке басын ғана емес, бірлескен қылмысқа қатысу деңгейін де ескеру талап етілді. 1922 жылғы РСФСР ҚК 15 бабында «әр қылмысқа қатысушыға жаза оның қылмысқа қатысу көлеміне, қылмыскердің қауіптілігіне, жасаған қылмысты әреқеттеріне қарай белгіленеді» деп көрсетілген. Бұл қылмыстық заңның 15, 16 баптарында қылмысқа қатысушылардың үш түрі келтірілген, яғни қылмыстың ұйымдастырушысынан басқа қылмысқа азғырушы, көмектесуші және орындаушылардың рольдеріне анықтама берілді және мағынасына қарағанда қалған қатысушылар орындаушымен бірдей жауаптылыққа тартылған [13, 52бет] .

1924 жылғы «Основное начало» деген атаумен қолданылған қылмыстық занда мұнан бұрынғы заңдардағыдай қылмысқа қатысушылықтың анықтамасы берілмеген және 1922 жылғы ҚК тәрізді қылмыстың азғырушысы, көмектесушісі тәрізді қатысушылар түрлерінің түсінігін берумен, оларға жауаптылық белгілеу мәселелерін шешумен ғана шектелген. Кеңес үкіметінің бұл 1922-1926 жылдардағы қылмыстық зандарының қылмысқа қатысушылыққа қатысты мәселелерді қарастырудағы негізгі жетістігі ретінде үш критерииге басым көңіл бөлгенін айтуға болады. Бұлар әр бір қылмысқа қатысушының қауіптілік дәрежесі

- қылмысқа қатысу дәрежесі

- жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесі

Жаза белгілеу мәселесінде негізінен осы белгілерге басым көңіл аударылған.

Қылмысқа қатысушылықтың анықтамасын алғаш рет 1938 жьлғы қылмыстық құқық оқулығынан қездестіруге болады. Бұл оқулықта «Кеңестік қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылық -бұл екі немесе одан көп адамдардың қасақана түрде қасақана қылмыстарды жасауы болып табылады» дей отырып анықталған. Бұл анықтаманың қазіргі қолданыстағы ҚК 27 бабындағы түсінікпен сәйкес белгілерін де және айырмашылықтарын да байқауға болады. Айырмашылығы және негізгі кемшілігі, сол кездердегі заңдардың қылмысқа қатысудың жалпы аныктамасын бермеуіне байланысты «іс-әрекеттерді бірлескен түрде орындау» белгісі бұл анықтамада келтірілмеді, яғни қылмыска қатысушылардың арасындағы обьективтік және субьективтік байланыстар ескерілмеді.

1922-1958 жылдар аралығындағы Кеңес республикаларының қыл-мыстық заңдарында қылмысқа қатысу шектері бірдей анықталған жоқ. РСФСР мен басқа көпшілік Кеңестік республикалардың Қылмыстық қодекстерінде қылмысқа қатысушыларға орындаушы, айдап салушы, қөмектесушімен қатар, қылмысты жасырушылықтың кез-келген түрлері де жатқызылды. Ал Украина және Грузия республикаларының Қылмыстық қодекстері бойынша алдын ала уәде берілмеген жасырушылық әрекет қылмысқа қатысушылар деп саналған жоқ.

КСРОдағы республикаларының қылмыстық зандарының негіздері және одақтас республикалардың заңдары қылмысқа қатысу институтына қөптеген өзгерістер енгізді. Сондай-ақ, барлық Кеңес республикалары үшін қатысушылардың жауапкершілігінің бірдей негіздері мен шектерін белгілеңді. Бұл қылмыстық заңның негізінде қылмысқа қатысу анықтамасы берілді және қатысушылықтьщ тек қасақана түрде ғана орын алатындығы көрсетілді, қылмысты ұйымдастырушының рөлі ерекше аталған және қатысушылар қатарынан күні бұрын уәде бермеген жасырушылық әрекет қылмысқа қатысушьшар қатарынан алынып тасталды.

Кеңестік қылмысқа қатысу жайындағы нормативтік ережелерінің елу жылдан астам даму процессі келесі теңденцияларды қамтьиды . Біртіндеп қатысушылар шеңбері мен олардың заңдағы сипаттамасы нақтыланды. Барлык Кеңестік республикалардьң зандары бойынша қылмысқа қатысу ұғымы мен қатысушылар түрлерін анықтаудың бірдей ортақ негіздері дамытылды. Біртіндеп анти-кеңестік ұйымдардың анықтамалары нақтыланды. Контрреволюциялык көтерілістер, сөз байласулар, аса қауіпті мемлекеттік қылмыстарды жасау арнайы мақсаты болып табылатын әр текті анти-кеңестік ұйымдар сияқты салыстырмалы кең ұғымдар жетілдірілді. Бандитизмнің түсінігі мен анықтамасы белгіленді.

Заңда қатысушыларға жаза тағайындаудың ерекше тәртіптері то-лықтырылып, бекітілді. Қылмысқа қатысудың ұйымдасқан нысандары бойынша қатысушының тек тікелей өзі дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін жауапкершілігі бекітілді.

Қаз КСР 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің 17-бабы қылмысқа қатысуға арналды және онда қылмысқа қатысудың анықтамасы берілді онда, «Екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады» - делінген. Бұл кодексте де қылмысқа қатысушылардың төрт түрі анықталып, орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушінің анықттамалары берілді. Бірақ бұл кодексте қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығына арналған арнайы бап болмады, тек 17-бапта «Сот жаза тағайындау кезінде әр қатысушының қылмыс жасауға қатысу дәрежесі мен сипатын ескеруі қажет» деп кана белгіленді.

Қылмыстық құқықта «қылмысқа қатысу» ұғымы қылмыстық әрекеттің ерекше нысаны ретінде қарастырылады. Өйткені қылмысты бұл нысанда істеудің жеке дара қылмыс жасаумен салыстырғанда қауіптілік дәрежесі, келтіретін залалы анағұрлым зор, сондай-ақ қылмыска қатысушылықтың негізгі мәселесі әдеттегідей қылмысты бір адам жасаумен және бір адамға жауаптылық белгілеумен салыстырғанда өзгеше қарастыруды қажет ететіндігіне немесе жеке адамның әрекеттеріне талдау жасағанға қарағанда бір неше адамның жасаған бір қылмыс уақиғасындағы қатысу сипаты мен дәрежесіне қарай өзгешелік орын алатындығына байланысты болып табылады.

1958 жылғы қылмыстық заңның 17 бабында заң жүзінде алғаш рет берілген қылмысқа қатысушылықтың анықтамасын жоғарыда аталған 1938 жылғы оқулықпен салыстырғанда бұл анықтымада екі немесе одан көп адамдардың бірлескен түрде әрекеттер жасау белгісі келтірілді және бұл белгі тек объективтік белгі ретінде ғана емес, субъективтік белгі түрінде де бағаланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс
Ұйымдасқан қылмыстық
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеке даралау
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Қылмысқа қатысудың түсiнiгi жəне оның белгiлерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz